Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 7 қазандағы № 89-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 152-ө өкімімен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің 29.11.2018 № 152-ө өкімімен.

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 19-бабының 8) тармақшасына сәйкес:

      1. Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөнінде комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Комиссияның құрамы;

      2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  ҚазақстанРеспубликасы
Премьер-Министрінің
2015 жылғы 7 қазандағы
№ 89-ө өкімімен
бекітілген

Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның құрамы

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы, хатшы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Хатшылығының меңгерушісі (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Бас прокурорының аға көмекшісі – Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкіл (келісім бойынша)

      "Нұр Отан" партиясы төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша)

      "Қазақ тілі" халықаралық қоғамының президенті (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының халықаралық қатынастар факультеті түркітану кафедрасының меңгерушісі (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" республикалық мемлекеттік кәсіпорны философия кафедрасының меңгерушісі

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры

      "Қазақ гуманитарлық заң университеті" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филолигия факультеті қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы

      "Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы" республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті (келісім бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2015 жылғы 7 қазандағы
№ 89-ө өкімімен
бекітілген

Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия туралы ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 25.06.2018 № 75-ө өкімімен.

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссия қызметінің мақсаты мемлекеттік тіл саясатын іске асыру, мемлекеттік тілді енгізу тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту. және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      5. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет өткізіледі.

2. Комиссияның міндеттері

      6. Комиссияның негізгі міндеттері:

      1) мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;

      2) мемлекеттік тіл саясатын және тілдік құрылыстың іске асырылу тетіктерін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      3) мемлекеттік тілді кешенді және жүйелі дамыту мен енгізу, елде орыс тілін білуді сақтап қалу, ағылшын тілін тереңірек және қарқынды үйрену жүйесін құру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      4) тілдерді дамыту мен қолдануға бағытталған нысаналы мемлекеттік бағдарламалар мен жоспарлардың жобалары бойынша ұсынымдар әзірлеу;

      5) бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтің ақпараттық, әдістемелік қамтамасыз етілуі бойынша ұсынымдар әзірлеу.

3. Комиссия жұмысының ұйымдастырылуы және тәртібі

      7. Комиссия жұмысының ұйымдастырылуы және тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.