Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 309 қаулысы.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 921 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 921 қаулысымен.

      2. Орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері, сондай-ақ Жоспарды орындауға жауапты мүдделі ұйымдар:

      1) Жоспарды іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын;

      2) жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке) Жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 921; 29.12.2018 № 930 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 13.12.2019 № 925 қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (келісу бойынша) есепті жылдан кейінгі 15 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспардың "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл" бөлімі бойынша іс-шараларының орындалуына жүргізілген мониторинг және бағалау туралы жиынтық ақпарат берсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 13.12.2019 № 925 қаулысымен.
      4. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 921 қаулысымен.

      5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі есепті жылдан кейінгі 15 наурыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жылдың қорытындысы бойынша Жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 921 қаулысымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 31 мамырдағы
№ 309 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 921.
      Ескерту. Жоспарға өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 921; 29.12.2018 № 930 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 13.12.2019 № 925 қаулыларымен.

Р/с

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімдері

Болжанатын шығыстар (мың теңге)

Қаржыландыру көздері


1

2

3

4

5

6

7

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл" бөлімі

Нәтиженің көрсеткіші: халықтың сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдауы 2018 жылы – 69 %, 2019 жылы – 67 %, 2020 жылы – 65 % құрайды

Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

1.

Қаржылық бақылауға жататын адамдардың кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын бақылау рәсімдерінің тиімділігін жоғарылату бойынша шараларды пысықтау

бұйрық

Қаржымині

2018 жылғы
2-тоқсан

талап етілмейді


2.

Автомобиль көлігі туралы заңнаманы:
1) әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактілерін және көліктік бақылау органдары қызметкерлерінің әрекеттерін тіркеу үшін техникалық құралдарды (бейнежетондарды) пайдалану;
2) уәкілетті органның лауазымды тұлғаларының автокөлік құралдарын тоқтату негіздерінің тізбесін белгілеу бөлігінде жетілдіру

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

ИДМ

2018 жылғы
2-тоқсан

талап етілмейді


3.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты, импорты және транзиті құқығына рұқсаттар беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы бойынша тексерулер жүргізудің тиімділігі мен нәтижелігін арттыру бойынша шаралар қабылдау

бұйрық

АШМ (жинақтау), Қаржымині

2018 жылғы
4-тоқсан

талап етілмейді


4.

Көліктік бақылау бекеттерінің таразы жабдықтарынан ИДМ Ахуалдық орталығына деректерді "нақты уақыт" режимінде беруді автоматтандыру

қабылдап алу-беру акті

ИДМ

2018 жылғы
4-тоқсан

28127 мың теңге

001 бюджеттік бағдарлама шеңберінде республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде

5.

Ауыл шаруашылығы, табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау, техникалық реттеу, экология, сәулет және қала құрылысы салаларында бақылау функцияларын жүзеге асыру кезінде процестерді оңтайландыру және жеңілдету бойынша шаралар қабылдау

ПӘ-ге ұсыныс

МҚІСҚА (келісім бойынша, жинақтау),
ҰКП (келісім бойынша), АШМ, ҰЭМ, ИДМ, ЭМ

2018 жылғы
4-тоқсан

талап етілмейді


6.

"Тұрмыстық" сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бойынша пилоттық жобаны іске асыруды қамтамасыз ету

пилоттық жоба

МҚІСҚА (келісім бойынша)

2018 жыл

талап етілмейді


7.

Кедендік әкімшілендіру жүйесінің бағдарламалық жасақтамасын жетілдіру және ақпараттық жүйенің аттестаттаудан өтуі

сынақ
хаттамасы

Қаржымині

2019 жылғы
1-тоқсан

талап етілмейді


8.

Экспорт-импорт операциялары бойынша "Бірыңғай терезені" енгізуді қамтамасыз ету (мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылы)

пайдалануға беру актісі

Қаржымині

2019 жылғы
1-тоқсан

талап етілмейді


9.

Заңнамалық актілерді:
жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезектіліктің бірыңғай тізілімін енгізу;
жер участкелерінің нысаналы мақсаттарын өзгерту рәсімдерін оңтайландыру бөлігінде жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы

АШМ (жинақтау), ЖАО
 

2019 жылғы
2-тоқсан

талап етілмейді


10.

Заңнамалық актілерді:
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу шараларын күшейту;
қарамағындағы адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін тікелей басшылардың тәртіптік жауапкершілігін енгізу;
еңбекақы төлеу жүйесі арқылы мемлекеттік қызметшілерді адал еңбекке ынталандыру;
қызметтік міндеттерін орындауымен байланысты сыйлықтар қабылдау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бірегейлендіру
бөлігінде жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы

СҚА, МҚІА (келісім бойынша)

2019 жылғы
3-тоқсан

талап етілмейді


11.

Қолданыстағы кеден және өзге де заңнаманың құқық қолдану практикасына талдау жүргізу және оны жетілдіру бойынша, оның ішінде:
1) кедендік бақылау жүйесін жетілдіруге;
2) кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар, оның ішінде тәркілеу мәселелері бойынша жауапкершілікті ізгілендіруге бағытталған ұсыныстар әзірлеу

ҰЭМ ұсыныстары

Қаржымині

2019 жылғы
4-тоқсан

талап етілмейді


12.

Мемлекеттік кірістер органдарының кеден қызметі бөлімшелерінің қызметкерлерін портативтік бейнетіркеуіштермен жарақтандыруды қамтамасыз ету

орындалған жұмыстардың актісі

Қаржымині
 

2019 жылғы
4-тоқсан

талап етіледі

001 бюджеттік бағдарлама шеңберінде республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде

13.

Әкімшілік кедергілерді, оның ішінде:
жеке және заңды тұлғаларға орынсыз сұратылатын құжаттарды, ақпаратты және басқа деректерді ұсыну міндеттемесін жүктеуді;
мемлекеттік қызметтерді тез арада ұсыну мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну мерзімдерінің ұзақтығын;
жеке және заңды тұлғаларға заңмен негізделмеген қосымша міндеттерді жүктеуді;
азаматтар мен ұйымдарға анықталмаған, қиын орындалатын талаптарды белгілеуді алып тастауға бағытталған қоғамдық тыңдаулар өткізу

қоғамдық тыңдаулар
 

МҚІА (келісім бойынша, жинақтау), мемлекеттік органдар

2019 жылғы
4-тоқсан

талап етілмейді


14.

Қазақстан Республикасының шегінде қызметтік іссапарларға жiберiлетiн мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне шығыстарды өтеудің тәртiбi мен шарттарын оңтайландыру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2019 жылғы
4-тоқсан

талап етілмейді


15.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға кедергі жасайтын құқық бұзушылықтар үшін лауазымды тұлғалардың жауаптылығын күшейту мәселесін қарау

ПӘ-ге ұсыныстар
 

СҚА, МҚІА
(келісім бойынша, жинақтау), БП (келісім бойынша),
ҰКП (келісім бойынша)

2020 жылғы
1-тоқсан

талап етілмейді


16.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдаудың заманауи әдістерін енгізу және жетілдіру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

СҚА (келісім бойынша)

2020 жылғы
3-тоқсан

талап етілмейді


17.

Салық заңнамасын жетілдіру бойынша, оның ішінде:
1) салық органдары қызметкерлерінің салық төлеушілермен тікелей байланыстарын барынша азайтуға, электрондық құжат айналымын кеңейтуге, қашықтықтан қызмет көрсету жүйесіне көшуге;
2) есептілік нысандарының санын қысқартуға, салық есептілігі бойынша құжаттарды беру рәсімдерін жеңілдетуге;
3) салық төлеушіні заңға мойынсынушылық мінез-құлыққа ынталандыруға бағдарланған ТБЖ-сін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Қаржымині
 

2020 жылғы
4-тоқсан

талап етілмейді


18.

Мыналарды:
лауазымды тұлғаға қандай да бір шешімді қабылдау шарттарын нақты анықтамастан шешімдердің екі немесе бірнеше нұсқасының (оң немесе теріс) арасынан таңдау құқығының берілуін;
лауазымды тұлғаға нормативтік құқықтық актінің орындалу тәсілін өз қалауы бойынша айқындау, сондай-ақ заңды деректі бағалау, ықпал ету шарасын таңдау және актілерді шығару мүмкіндігінің берілуін көздейтін дискрециялық өкілеттіктерге талдау жүргізу және оларды болдырмау бойынша ұсыныстар әзірлеу

ПӘ-ге ұсыныс

СҚА (келісім бойынша, жинақтау), мемлекеттік органдар

жыл сайын, 20 желтоқсаннан кешіктірмей

талап етілмейді


19.

Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы және шектеулер мәселелері бойынша талаптардың сақталуына мониторинг жүргізу және кейіннен мүдделер қақтығысы мен этикалық бұзушылықтарды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және реттеу бойынша практикалық оқу құралдарын әзірлеу

практикалық оқу құралдары

СҚА, МҚІА (келісім бойынша, жинақтау), мемлекеттік органдар, ЖАО

жыл сайын,
20 желтоқсаннан кешіктірмей

талап етілмейді


20.

Жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі консультативтiк-кеңесшi органдарының отырыстарында сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім салалардың (құқықтық статистика деректері және әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері бойынша) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын тыңдау
 

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі консультативтік-кеңесші органдар отырыстарының хаттамалары

ЖАО

жыл сайын,
жарты жылда 1 рет

талап етілмейді


Қоғамдық бақылау институтын енгізу

21.

Жоғары оқу орындарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияларының құрамына студенттік және ҮЕҰ өкілдерін қосу арқылы олардың жұмысының ашықтығын, толықтығын және өзектілігін қамтамасыз ету

комиссия құрамын кеңейту туралы бұйрықтар

БҒМ

2018 жылғы
3-тоқсан
 

талап етілмейді


22.

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен ашық мәліметтерін одан әрі жетілдіру үшін олардың ашықтығына, қолжетімділігіне және интеграциясына талдау жүргізу

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияға ұсыныстар

МҚІСҚА
(келісім бойынша, жинақтау), ҰКП (келісім бойынша)
 

2018 жылғы
4-тоқсан
 

талап етілмейді


23.

Мемлекеттік қызметшілердің клиентке бағдарлануын бағалау бойынша әлеуметтанушылық зерттеу жүргізу

әлеуметтанушылық зерттеу

МҚІСҚА
(келісім бойынша, жинақтау), ҰКП (келісім бойынша)

2018 жылғы
4-тоқсан
 

талап етілмейді


24.

"Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының құқық қолдану практикасына талдау жүргізу және Стамбул сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі
іс-қимыл жоспарының ұсынымдарын ескере отырып, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу

Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның қарауына ұсыныстар енгізу

АКМ
 

2018 жылғы
4-тоқсан

талап етілмейді


25.

Әдістемелік ұсынымдарды әзірлей отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуына мониторинг жүргізу

әдістемелік ұсынымдар

ҚДМ (жинақтау), ЖАО

2019 – 2020 жылдардағы 1-тоқсан

талап етілмейді


26.

"Ашық үкімет" порталын және оның:
қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қоспағанда, мемлекеттік ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етуге;
азаматтық бюджет шеңберінде бюджеттік процестердің халық үшін ашықтығы мен қолжетімділігіне;
мемлекеттік шешімдерді қабылдауда азаматтардың қатысу белсенділігінің деңгейін арттыруға;
мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалауды жетілдіруге бағытталған компоненттерін одан әрі жетілдіру бойынша шаралар қабылдау

Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі
комиссияның қарауына ұсыныстар енгізу

АКМ (жинақтау),
ҰЭМ, Қаржымині

2019 жылғы
2-тоқсан

талап етілмейді


27.

Қоғамдық кеңестер қызметі саласындағы заңнамалық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы

ҚДМ (жинақтау), Қаржымині, ҰЭМ

2019 жылғы
2-тоқсан

талап етілмейді


28.

"Ашық үкімет" порталында Үкіметтің және орталық мемлекеттік органдардың алқалары отырыстары трансляцияларының жазбаларын орналастыруды қамтамасыз ету

отырыстар
трансляцияларының жазбаларын орналастыру

АКМ
 

2020 жылғы
2-тоқсан

талап етілмейді


29.

Орта білім беру ұйымдары басшыларының оқушылардың ата-аналары ұжымының алдында, оның ішінде орта білім беру ұйымдарын ұстау үшін бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы жөнінде есеп беру кездесулерін өткізу

есеп беру кездесулері

БҒМ (жинақтау),
ЖАО

жыл сайын,
15 мамырдан кешіктірмей

талап етілмейді


30.

ҮЕҰ арасында қоғамдық бақылауды күшейтуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру

мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру

СҚА
(келісім бойынша, жинақтау), ЖАО
 

жыл сайын,
15 мамырдан кешіктірмей

112500 мың теңге

001 бюджеттік бағдарлама шеңберінде республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде

Квазимемлекеттік және жеке секторлардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

31.

Заңнамалық актілерді азаматтық қызметке кіру рәсімдерінің ашықтығын жоғарылату бөлігінде жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы

Еңбекмині

2018 жылғы
2-тоқсан

талап етілмейді


32.

Азаматтық қызметшілердің әдеп кодексін енгізу мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы

Еңбекмині

2018 жылғы
2-тоқсан

талап етілмейді


33.

Мыналар:
1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу рәсімдерін автоматтандыру;
2) мемлекеттік білім беру гранттарын, оның ішінде білім алу процесінде босағандарын бөлу рәсімдерінің ашықтығын арттыру бойынша шаралар қабылдау

бұйрықтар

БҒМ

2019 жылғы
2-тоқсан

талап етілмейді


34.

"Емдеуге жатқызу бюросы" порталын пациентті емдеуге жатқызу күнін автоматты түрде белгілеу бөлігін жетілдіру бойынша шаралар қабылдау

тест өткізу хаттамасы

ДСМ

2019 жылғы 2-тоқсан

талап етіледі

001 бюджеттік бағдарлама шеңберінде республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде

35.

Атқарушылық іс жүргізу процестерін:
атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған жүйесімен интеграцияланған төлем жүйелері арқылы берешекті төлеу;
атқарушылық іс жүргізуді тоқтату және Қазақстан Республикасынан тысқары жерге шығуды уақытша шектеуді алу;
"Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен" алып тастау;
тыйым салынған мүлікті "Бірыңғай электрондық сауда алаңынан" автоматты түрде кері қайтару және екінші деңгейдегі банк шоттарынан тыйым салуды алып тастау кезінде автоматтандыру мәселелерін пысықтау

ПӘ-ге ақпарат

Әділетмині

2019 жылғы
2-тоқсан

талап етілмейді


36.

Ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау рәсімдерін жетілдіру

бұйрық
 

АШМ

2019 жылғы
2-тоқсан

талап етілмейді


Соттарда және құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

37.

Соттардың қызметін мониторингтеу және бақылау бойынша Сот органдарының ахуалдық орталығының тұжырымдамасын әзірлеу

бұйрық
 

ЖС (келісім бойынша)

2018 жылғы 2-тоқсан

талап етілмейді


38.

Судьялардың:
заң техникасы қағидаларының бұзылуымен;
тілінің анық еместігі және қолданылатын терминдердің түсініксіздігі;
бағалау сипатында қолданылатын санаттарды еркін түсіндіру мүмкіндігімен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында процесс тараптарына сот шешімдерін түсіндіру тәжірибесін енгізу

ЖС нормативтік қаулысы

ЖС (келісім бойынша)

2018 жылғы
4-тоқсан

талап етілмейді
 


39.

Сот органдарының электрондық сервистерін:
"Төрелік" автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесіндегі сот істерін автоматты түрде бөлу;
"Сот кабинеті" интернет-сервисі мүмкіндіктерін кеңейту бөлігінде жетілдіру

атқарылған жұмыс актілері

ЖС (келісім бойынша)

2019 жылғы
2-тоқсан

талап етіледі
 

001 бюджеттік бағдарлама шеңберінде республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде

40.

Құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу

әдістемелік ұсынымдар

СҚА (келісім бойынша), БП (келісім бойынша)

2019 жылғы 4-тоқсан

талап етілмейді


41.

Құқық қорғау органдарында лауазымға орналасу, тағайындалу, қызмет бойынша орын ауыстыру және жоғарылау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жасау және оларды жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу

БП-ға ұсыныстар

СҚА, МҚІА (келісім бойынша)

2020 жылғы
1-тоқсан

талап етілмейді


42.

Бірыңғай құқық қолдану тәжірибесін және сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мақсатында шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға құқық беру, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру, тағайындалған жаза мерзімін қысқарту рәсімдерін жетілдіру

ЖС нормативтік қаулысы

ЖС (келісім бойынша)

2020 жылғы
1-тоқсан

талап етілмейді
 


43.

Заңнамалық актілерді құқық қорғау органдарындағы кадр саясатының тұрақтылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету бөлігінде жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы

БП (келісім бойынша, жинақтау), СҚА (келісім бойынша), ІІМ, Қаржымині

2020 жылғы
4-тоқсан

талап етілмейді
 


44.

Құқық бұзушылықтарды бекітетін техникалық құралдардың қолданылуына талдау жүргізу және олардың пайдаланылуын жетілдіру бойынша шаралар қабылдау
 

талдау анықтамасы

ІІМ

жыл сайын

талап етілмейді


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру

45.

Мемлекеттік жоғары оқу орындарында Академиялық адалдық кодексін әзірлеуді және енгізуді қамтамасыз ету

әдістемелік ұсынымдар

БҒМ

2018 жылғы
2-тоқсан

талап етілмейді
 


46.

Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпы білім беру стандартының жалпы білім беру пәндері циклін таңдау бойынша компонентінде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері" пәнін көздеу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ (жинақтау), МҚІСҚА (келісім бойынша)

2018 жылғы
2-тоқсан

талап етілмейді
 


47.

Жастар ұйымдарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиенің оқу-тәрбие процесіне тарта және қоса отырып, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспарын бекіту

жұмыс жоспары

ҚДМ (жинақтау), БҒМ, МҚІСҚА (келісім бойынша), ЖАО

2018 жылғы
3-тоқсан

талап етілмейді
 


48.

Дербес компьютерлер мен смартфондар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта ақпараттық бағдарлама әзірлеу мәселесін пысықтау

ақпараттық бағдарлама

МҚІСҚА (келісім бойынша, жинақтау), "ҚазГЮУ" университеті" АҚ (келісім бойынша)

2018 жылғы
3-тоқсан

талап етілмейді


49.

Бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерін, орталық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдарының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың білім беру бағдармаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта арнайы курстарды көздеу

арнайы курстар

МҚІСҚА (келісім бойынша, жинақтау), БП (келісім бойынша), ІІМ, Еңбекмині, ДСМ, БҒМ

2018 жылғы
3-тоқсан

талап етілмейді


50.

Жоғары оқу орындарында академиялық адалдық жағдайына мониторинг жүргізу

әлеуметтанушылық зерттеулер

БҒМ

2019 – 2020 жылдар
 
 

талап етіледі

бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне көзделген қаражаттың жалпы көлемі шегінде

51.

Көрнекті ғалымдардың, мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, қоғамдастықтың басшылары мен өкілдерінің сөз сөйлеулерін көздей отырып, сондай-ақ олардың сыбайлас жемқорлық профилактикасы және оған қарсы күрес мәселелері бойынша брифингтерге, интернет-конференцияларға, телевизиялық бағдарламаларға және "тікелей желілерге" қатысуын қамтамасыз ете отырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында БАҚ-та кең ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру

ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру жөніндегі жоспар,
БАҚ-та мақалалар, сұхбаттар жариялау, теле-, радиосюжеттерді эфирге шығару

СҚА (келісім бойынша, жинақтау), ЖАО

2018 – 2020 жылдардағы
2-тоқсан

талап етілмейді


52.

"Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубтарының өңірлік слеттерін өткізу

өңірлік слеттер

ЖАО

2018 – 2020 жылдардағы
3-тоқсан

талап етілмейді


53.

БАҚ өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта үздік журналистік жарияланымдарға конкурстар өткізу

конкурс

СҚА (келісім бойынша, жинақтау), ЖАО

жыл сайын,
20 шілдеден кешіктірмей

2700 мың теңге

001 бюджеттік бағдарлама шеңберінде республикалық бюджетте көзделген қаражат
шегінде

54.

Сыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей қабылдамауды қалыптастыруға бағытталған фильмдер шығаруды ұйымдастыру

фильм

МСМ (жинақтау), СҚА (келісім бойынша)

жыл сайын

талап етіледі

033 бюджеттік бағдарлама шеңберінде республикалық бюджетте көзделген қаражат
шегінде

55.

Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында және жоғары оқу орындарында "Таза сессия" акциясын өткізу

акциялар

БҒМ

жыл сайын

талап етілмейді


56.

Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша әлеуметтік аудио-, бейнероликтерді әзірлеуді көздеу және оны трансляциялауды қамтамасыз ету

аудиоджинглдерді және
бейнероликтерді әзірлеу және трансляциялау
 

СҚА (келісім бойынша, жинақтау), ЖАО

жыл сайын

158562 мың теңге

001 бюджеттік бағдарлама шеңберінде республикалық бюджетте көзделген қаражат
шегінде

57.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік деңгейін айқындау бойынша әлеуметтанушылық зерттеулерді жүргізу

әлеуметтанушылық зерттеулер
 

СҚА (келісім бойынша, жинақтау), ЖАО

жыл сайын

51228 мың теңге

001 бюджеттік бағдарлама шеңберінде республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту

58.

Шет елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволары, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық конференцияларды, семинарларды, дөңгелек үстелдерді және басқа да
іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру

тиісті іс-шараларды өткізу

СҚА (келісім бойынша, жинақтау), СІМ

2018 – 2020 жылдардағы
4-тоқсан

15543 мың теңге

001 бюджеттік бағдарлама шеңберінде республикалық бюджетте көзделген қаражат
шегінде
 

59.

Активтерді және сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды қайтаруды қамтамасыз ететін екіжақты келісімдер шеңберінде Қазақстан Республикасының басқа елдермен ынтымақтастығын кеңейту бойынша ұсыныстарды дайындау

ПӘ-ге ұсыныстар

БП (келісім бойынша, жинақтау), МҚІСҚА (келісім бойынша), Қаржымині

2018 жылғы
2-тоқсан

талап етілмейді


60.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Стамбул сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ic-қимыл жоспарының ұсынымдарын орындау бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету

ведомстволық жоспар

МҚІСҚА
(келісім бойынша)

2018 жылғы
3-тоқсан

талап етілмейді


61.

"Ашық үкімет әріптестігі" халықаралық бастамасына қосылудың орындылығы мәселесін пысықтау

ПӘ-ге ұсыныстар

АКМ

2018 жылғы
4-тоқсан

талап етілмейді


62.

Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтингтерін бағалау мен оны ұсынуды жүзеге асыратын халықаралық ұйымдармен тұрақты негізде өзара іс-қимылды қамтамасыз ету

халықаралық ұйымдарға тиісті ақпарат жіберу

СҚА (келісім бойынша, жинақтау),
СІМ

жыл сайын,
20 желтоқсаннан кешіктірмей

талап етілмейді


63.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Қазақстанда қабылданып жатқан шаралар туралы арнайы материалдарды шетелдік БАҚ-та жариялауды ұйымдастыру

БАҚ-та жарияланымдар

СҚА (келісім бойынша, жинақтау), СІМ

жыл сайын,
20 желтоқсаннан кешіктірмей

талап етілмейді


Стратегияны іске асыруды бағалау және мониторингтеу

64.

Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2018 – 2020 жылдарға ведомстволық және өңірлік жоспарлар әзірлеу және бекіту

ведомстволық және өңірлік жоспарлар

МҚІСҚА (келісім бойынша, жинақтау), мемлекеттік органдар, ЖАО

2018 жылғы
2-тоқсан

талап етілмейді


65.

Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына мониторинг жүргізуді және бағалауды қамтамасыз ету

мониторинг жүргізу

СҚА (келісім бойынша)

жыл қорытындысы бойынша жыл сайын,
15 ақпаннан кешіктірмей

талап етілмейді


66.

Арнайы мониторингтік тобының Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жүргізуін қамтамасыз ету

талдау жүргізу

СҚА (келісім бойынша, жинақтау), мемлекеттік органдар, ЖАО

жыл қорытындысы бойынша жыл сайын,
15 ақпаннан кешіктірмей

талап етілмейді


67.

Халық тарапынан сыртқы бағалауды алу және қоғам пікірін есепке алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылу барысы туралы есептерді БАҚ-та, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның сайтында жариялау

жарияланымдар

СҚА (келісім бойынша, жинақтау), ЖАО

жыл қорытындысы бойынша жыл сайын,
15 сәуірден кешіктірмей

талап етілмейді



      аббревиатуралардың толық жазылуы:


      ПӘ – Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi

      ЖС – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

      БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

      МҚІСҚА – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

      ҚДМ – Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі

      СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

      ҚДМ – Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

      Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

      ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

      МСМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

      АКМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

      ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

      ҚДМ – Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі

      АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

      Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      ЖАО – жергілікті атқарушы органдар

      АҚ – акционерлік қоғам

      "Атамекен" ҰКП – "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы

      БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары

      ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйымдар

      ТБЖ – тәуекелдерді басқару жүйесі

      МҚІА – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі;

      СҚА – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)