Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасының орталық құзыретті органын және ұзыретті орган

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 мамырдағы № 231 қаулысы.

      2005 жылғы 25 қарашада Мәскеуде жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімнің 3-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚAУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Келісім бойынша Қазақстан Республикасынан:
     Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі орталық құзыретті орган;
       құзыретті органдар - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (келісу бойынша), Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (келісу бойынша), Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Экономикалық тергеу қызметі құзыретті органдар болып айқындалсын.
     Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 03.04.2019 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.12.2019 № 925; 26.02.2021 № 98 қаулыларымен.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Aтқарушы комитетін қабылданған шешім туралы хабардар етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі        Б.Сағынтаев