Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 Қаулысы

Жаңартылған

      «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидалары;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бір ай мерзімде осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің   
2011 жылғы 1 желтоқсандағы
№ 1427 қаулысымен
бекітілген

Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықтың көшi-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу тәртібін айқындайды.
      Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шартта осы Қағидаларда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:
      1) ішкі көшіп-қонушы – тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында қоныс аударушы немесе Қазақстан Республикасының ішінде өз бетінше қоныс аударушы адам;
      2) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өз құзыреті шегінде көші-қон процестерін реттеуді және халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      3) азаматтарды тіркеу кітабы – азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тіркелуін немесе тіркеуден шығарылуын растайтын құжат. Азаматтарды тіркеу кітабын ресімдеу және беру тәртібін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі белгілейді;
      4) жақын туыстары – ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынған, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілер мен апа-сіңлілері, қарындастары, атасы, әжесі, немерелері.

2. Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу тәртібі

      3. Ішкі көшіп-қонушыларды тұрғылықты жері бойынша тіркеуді не тұрғылықты жерін ауыстырған кезде тіркеуден шығаруды жеке басты куәландыратын құжаттар бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асырады.
      Ішкі көшіп-қонушы тіркелген жер оның заңды мекенжайы болып табылады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 343 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      4. Ішкі көшіп-қонушының тұрғылықты жерiн тiркеу олардың белгiленген тәртiппен тұрғын үйдi жеке меншiкке сатып алғанын растайтын не оны пайдалануға, оның iшiнде жалға алу мен жалға алу шарты бойынша да алғанын куәландыратын, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негiздер бойынша тұрғын үйге қоныстануға құқық беретiн құжаттардың негiзiнде, сондай-ақ тұрғын үйдiң меншiк иесiнiң (жалға берушінің) жазбаша келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.
      Ішкі көшіп-қонушыларды тiркеу тұрғын үйлерде, пәтерлерде, бау-бақша серiктестiктерi мен кооперативтерiнiң саяжай құрылыстарында, жатақханаларда, қонақ үйлерде, демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, профилакторийлерде, емдеу мекемелерiнде, интернат-үйлерiнде, пансионаттарда, қарттар үйлерiнде, қызметтік ғимараттар мен үй-жайларда жүзеге асырылады.
      5. Тұрғылықты жерi бойынша тiркеуге:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында мемлекет ішінде қоныс аударушы, сондай-ақ шет елдерден тұрақты тұруға келген Қазақстан Республикасының азаматтары;
      2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар;
      3) шетелдiктер және босқын мәртебесiн алған азаматтығы жоқ адамдар жатады.
      6. Босқындарды қоспағанда, тіркеуге жататын ішкі көшіп-қонушылар бұрынғы тіркеу орнынан есептен шыққан күннен бастап он күн мерзімде халыққа қызмет көрсету орталықтарына мынадай құжаттарды:
      1) уәкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтiнiштi;
      2) бұрынғы тұрғылықты жерiнен тiркеуден шыққанын растайтын құжатты;
      3) жеке басын куәландыратын құжатты;
      4) әскери басқарманың жергiлiктi органдарының әскери есепке алу немесе одан шығару туралы белгiсi бар әскери билетiн (әскерге шақырылатындар үшiн тiркеу куәлiгi) ұсынады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 343 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      7. Босқындар уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшелерінде тiркелу үшiн бес күндік мерзiмде мынадай құжаттарды:
      1) босқындар мәселелерi жөнiндегi қатынастарды реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган берген тiркеуге жолдаманы;
      2) уәкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтiнiшті;
      3) жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.
      8. Тұрғылықты жерi бойынша тiркеу кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде мемлекеттiк баж алынады.
      9. Тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығаруға мынадай ішкі көшіп-қонушылар:
      1) басқа тұрғылықты жерге қоныс аударушылар;
      2) сот үкiмiнiң негiзiнде бас бостандығынан айыруға сотталғандар;
      3) сот шешiмiмен тұрғын үйді пайдалану құқығынан айырылған деп танылғандар;
      4) қайтыс болған адамдар жатады.
      Тiркеуден шығару жеке меншiк құқығындағы тұрғын үй иесiнiң өз бастамасы бойынша тiркеуден шығарылатын адамның жеке өтiнiшiн және оның жеке басын куәландыратын құжатты ұсынбастан ресiмделуi мүмкiн.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 343 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      10. Тiркелген және тiркеуден шығарылған ішкі көшіп-қонушыларды есепке алуды Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi белгiлеген  тәртiппен ішкi iстер органдары жүзеге асырады.
      Тiркеу және тiркеуден шығару азаматтарды тiркеу кiтабына мөртаңба басу және жазба жасау арқылы жүзеге асырылады, оны тiркеудi жүзеге асыратын органдар тұрғын үйдiң меншiк иелерiне (жалға берушілерге) және иелігінде ғимараттар мен үй-жайлар бар өзге де адамдарға бередi.
      Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу және тіркеуден шығару "Халықты құжаттандыру және тіркеу" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесіне мәліметтер енгізу жолымен жүзеге асырылады.
      Азаматтарды тіркеу кітабы не мекенжай анықтамасы ішкі көшіп-қонушылардың тіркелген жерін растайтын құжат болып табылады.
      Заңнамалық актілерде белгiленген жағдайларда азаматтарды тiркеу кiтабы немесе оның көшiрмесi не мекенжай анықтамасы мүдделi органдарға ұсынылады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 343 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      11. Егер тiркеу немесе тiркеуден шығару кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға жол берілсе, тiркеу немесе тiркеуден шығару туралы шешiмдi ресiмдеген уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшесі, сондай-ақ жоғары тұрған iшкi iстер органы немесе сот оның күшін жояды.
      Мүдделi заңды немесе жеке тұлғалар тұрғылықты жерi бойынша тiркеудiң күшiн жою немесе оны қалпына келтiру туралы талапты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмдерде мәлiмдейді.
      12. Тұрғылықты жері бойынша тіркеу және тіркеуден шығару үшін қажетті азаматтарды тіркеу кітабының, мекенжай анықтамасыныңмөртабандардың және бланкілердiң нысандарын Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi белгiлейдi және береді.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 343 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      13. Үш айдан астам мерзiмге уақытша тұруға келген ішкі көшіп-қонушыларды iшкi iстер органдары уақытша тұратын жерi бойынша есепке алады.
      Есепке қою азаматтардың өтiнiштерi немесе уақытша және тұрақты болу негiзiн растайтын өзге де құжат бойынша жүзеге асырылады.
      14. Қазақстан Республикасына уақытша келетiн шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркеледi.
      15. Ішкі көшіп-қонушыларды тұрғылықты жері бойынша тіркеу жеке басты куәландыратын құжаттар бойынша, ал Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің Қарулы Күштерiнiң әскери қызметшiлерiн – паспорттар мен әскери билеттер бойынша жүзеге асырылады.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 343 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      16. Ұлттық қауiпсiздiк пен қоғамдық тәртiптi сақтау, заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының жекелеген жергілікті жерлерiнде тұрғылықты жерді таңдауда және жүріп-тұру бостандығына шектеулер белгiленеді. Өзге шектеулер белгілеуге жол берiлмейдi.
      Ерекше режим жағдайындағы елді мекендерде (жабық әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдарда) тұрақты тұратын немесе уақытша болатын жерге келген ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу үшін белгіленген тәртіппен құзыретті органдар беретін рұқсат ұсынылады. Бұл ретте уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшелері шекара аймағы аумағында тұрақты тұратын адамдарға паспорттарына, жеке куәлiктерiне олардың шекара аймағында тұратынын растайтын құжат береді.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 343  (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      17. Тұрғылықты жерiн таңдауда шектеу белгiленген жергілікті жерлерде жақын туыстарына тұрақты тұруға келген, уақытша болмаған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған (егер олар сотталғанға дейiн осы жерде тұрса) адамдарды тiркеуден бас тартылмайды.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2011 жылғы 1 желтоқсандағы
№ 1427 қаулысына 
қосымша  

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. «Жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдаланудың тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі № 1292 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 44, 401-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдалану тәртібі туралы» нұсқаулықта:
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алуды тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
      Есепке қою үшін тұрғын үйге мұқтаж азаматтар жергілікті органдарға:
      1) атқарушы органдар белгілейтін нысан бойынша есепке қою туралы өтініш;
      2) өтініш берушінің тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және (немесе) ауылдық округ әкiмінiң анықтамасын);
      3) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес басқа адамдарды отбасы мүшелері деп тану туралы жергілікті атқарушы органдардың анықтамасын;
      4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі аумақтық органының (өтініш берушінің және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің меншік құқығында оларға тиесілі үй-жайдың жоқ екені туралы) анықтамасын;
      5) өтініш берушінің (отбасының) әлеуметтік қорғалатын азаматтарға тиесілілігін растайтын анықтамасын не мемлекеттік қызметшінің, бюджеттік ұйым қызметкерінің, әскери қызметшінің жұмыс орнынан (қызметінен) анықтама ұсынады.
      Қажет болған жағдайда өтініш беруші қосымша тұрғын бөлмеге құқық беретін мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесінің отбасында ауыр сырқат түрімен ауыратын адам бар екені туралы анықтамасын ұсынады.».
      2. «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 29, 359-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру қағидаларын бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру қағидалары бекітілсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесінде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру қағидалары»;
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Конситуциясының, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы, «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі, «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы, «Босқындар туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы, «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы заңдарының, басқа да нормативтік құқықтық актілерінің нормаларына негізделген және Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру тәртібін айқындайды.»;
      3-тарау алынып тасталсын;
      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Халықты құжаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілік»;
      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «41. Халықты құжаттандыру қағидаларын сақтау үшін жауапкершілік өздеріне қатысты бөлігінде жеке басты куәландыратын құжаттардың иелеріне жүктеледі.».
      3. «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 51-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу ережесінде:
      4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) өтініш берушінің (отбасы мүшелерінің) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы)».
      4. «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 750 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 391-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесінде:
      11-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын). Адамды түзеу мекемесінде немесе тергеу изоляторында ұстау фактісін растайтын анықтама (еркін нысанда);».
      5. «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 20 шiлдедегi № 754 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 392-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедектердi протездiк-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету ережесінде:
      36-тармақта:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) жеке куәлiгiн, мүгедек балалар үшiн - туу туралы куәлiктi;»;
      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын) ұсынады.»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну ережесiнде:
      5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын).».
      6. «Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 17, 157-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ережесінде:
      62-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) әскери билетке әскери есептен шығару туралы белгі қойылады;»
      66-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) ұйымдардың жеке карточкаларын аулалар бойынша аралап тексеру жолымен әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың нақты болуымен салыстыра тексереді;».
      7. «Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеудi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 33, 355-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеудi жүзеге асыру ережесінде:
      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);».
      8. «Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының арнайы атақтар берiлген және Қазақстан Республикасының заңнамасында iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын қызметкерлерiне зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн және мемлекеттік базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындау мен төлеудi жүзеге асыру ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 ақпандағы № 138 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 5, 68-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының арнайы атақтар берiлген және Қазақстан Республикасының заңнамасында iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын қызметкерлерiне зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн және мемлекеттік базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындау мен төлеудi жүзеге асыру ережесінде:
      5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);».
      9. «Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйлерді сату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі № 711 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 10-11, 134-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйлерді сату ережесінде:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Құжаттарды қабылдауды бастау белгіленген күннен бастап Қазақстан Республикасының азаматтары уәкілетті органға осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініш және мынадай құжаттарды береді:
      1) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
      2) мемлекеттік қызмет өтілін, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мекемедегі немесе мемлекеттік кәсіпорындағы жұмыс өтілін көрсете отырып, өтініш берушінің (ерінің/жұбайының) осы елді мекендегі жұмыс орнынан анықтама;
      3) некеге тұру (некені бұзу, ерінің/жұбайының қайтыс болғаны туралы куәліктің) және балаларының тууы туралы куәліктердің (мұндайлар бар болған жағдайда) нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      4) кадр қызметі растаған еңбек кітапшасының көшірмесі немесе қызметтік тізімінен үзінді көшірмесі;
      5) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);
      6) құжаттар тапсырылған айдың алдындағы соңғы 12 айдағы қарыз алушының (бірлесіп қарыз алушының) жұмыс орнынан жалақы туралы анықтама;
      7) құжаттар тапсырылған айдың алдындағы соңғы 12 айдағы жеке шот бойынша ақшаның қозғалысы туралы анықтама (мүшелері мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік органдардың, мекемелердің немесе мемлекеттік кәсіпорынның қызметкерлері болып табылмайтын жас отбасы санаты үшін);
      8) жүктілігі туралы анықтама (қажет болған жағдайда);
      9) мүгедектігі туралы анықтама (қажет болған жағдайда);
      10) сот орындау парақтары және банктік қарыздар бойынша міндеттемелері болған кезде қарыз шартының және (немесе) сот шешімінің көшірмелері.
      Осы құжаттар тізбесі жеткілікті болып табылады.».
      10. «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 73-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесінде:
      6-тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);».
      11. «Мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғын үй берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі № 1482 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 40, 391-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру ережесінде:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою үшін мемлекеттік кәсіпорынның қызметкерлері мемлекеттік кәсіпорын әкімшілігіне:
      1) мемлекеттік кәсіпорын әкімшілігі белгілейтін нысан бойынша есепке қою туралы өтініш;
      2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
      3) өтініш берушінің (жұбайының/жарының) сол елді мекендегі жұмыс орнынан анықтаманы;
      4) некеге тұру туралы (некені бұзу, жұбайының/жарының қайтыс болуы туралы куәліктің) және балалардың тууы туралы (болған жағдайда) куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін;
      5) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органының (өтініш берушінің және онымен ұдайы бірге тұратын отбасы мүшелерінің меншік құқығында оларға тиесілі үй-жайдың жоқтығы туралы) анықтамасын;
      6) еңбек кітапшасының кадр қызметі растаған көшірмесін немесе қызметтік тізімінен үзіндіні;
      7) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын) ұсынады.
      Қажет болған жағдайда өтініш беруші мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесінің отбасында ауыр сырқат түрімен ауыратын адамның болуы туралы анықтамасында тапсырады, бұл қосымша тұрғын бөлмеге құқық береді.».
      12. «Ауыл шаруашылығы министрлігі беретін куәліктерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1671 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 45, 431-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы министрлігі беретін куәліктерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
      11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) тіркеу іс-қимылдарын жасау үшін жүгінген адамның жеке басын куәландыратын құжат;».
      13. «Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1672 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 46, 432-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
      11-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) тіркеу іс-қимылдарын жасау үшін жүгінген адамның жеке басын куәландыратын құжат;».
      14. «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 5, 60-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінде:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      3) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);
      4) отбасының табысын растайтын құжаттар;
      5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
      6) жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшының қолымен расталған кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
      7) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
      8) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      9) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.».
      15. «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органында мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою» мемлекеттiк қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 76 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 11-12, 120-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органында мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою» мемлекеттiк қызмет стандартында:
      12-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын) тапсырады.».
      16. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 140 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 19, 148-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Кәмелетке толмаған балаларға тиесілі тұрғын үй алаңын айырбастауға немесе сатуға рұқсат беру үшін нотариалды кеңсеге анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
      11-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) жылжымайтын мүлік құжаттарының түпнұсқалары мен көшірмелері (пәтер, үй, саяжай, жер учаскесі және т.б. (шарт, жылжымайтын мүлік құқықтарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, мүліктің техникалық паспорты, тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандартында:
      11-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);»;
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген «Кәмелетке толмаған балаға тиесілі тұрғын үй кепілдігімен несие ресімдеу үшін банктерге рұқсаттар беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
      11-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) жылжымайтын мүлік құжаттарының түпнұсқалары мен көшірмелері (пәтер, үй, саяжай, жер учаскесі және т.б. (шарт, жылжымайтын мүлік құқықтарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, мүліктің техникалық паспорты, тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);»;
      4) көрсетілген қаулымен бекітілген «Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
      11-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) пәтер құжаттарының түпнұсқалары мен көшірмелері (келісімшарт, жылжымайтын мүлік құқықтарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, пәтердің техникалық паспорты, тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);».
      17. «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 51 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 16, 187-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету шараларын ұсыну» мемлекеттік қызмет стандартында:
      11-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);».
      18. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 393 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 31, 389-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартында:
      11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартында:
      11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);»;
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген «Мүгедектігі бойынша асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартында:
      11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды тапсырады:
      1) мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін:
      жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;
      тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);
      әлеуметтік жеке код беру туралы куәліктің көшірмесі;
      салық төлеушіні тіркеу нөмірі куәлігінің көшірмесі;
      тиісті банк операцияларының түрлеріне лицензиясы бар ұйымның есеп шот не түзеу мекемелерінің арнайы шот нөмірі туралы мәліметтер;
      Комитеттің аумақтық органдарының медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері беретін белгіленген нысандағы анықтама.
      Бұған қоса, олардың болуына қарай, мынадай құжаттар ұсынылады:
      радиациялық әсерге ұшыраған адамдар ауруларының, мүгедектігінің себепті байланысын анықтау жөніндегі Ведомствоаралық сараптама кеңесі шешімінің көшірмесі;
      Орталық әскери-дәрігерлік комиссия шешімінің көшірмесі;
      госпиталь берген ауруы туралы куәліктің көшірмесі не әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы;
      16 жасқа дейінгі мүгедек баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
      2) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау үшін:
      жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;
      тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы);
      әлеуметтік жеке код беру туралы куәліктің көшірмесі;
      салық төлеушіні тіркеу нөмірі куәлігінің көшірмесі;
      тиісті банк операцияларының түрлеріне лицензиясы бар ұйымның есеп шот не түзеу мекемелерінің арнайы шот нөмірі туралы мәліметтер;
      асыраушының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі не соттың адамды хабарсыз кетті немесе қайтыс болды деп тану туралы шешімі.
      Бұған қоса, олардың болуына қарай, мынадай құжаттар ұсынылады:
      қайтыс болған адаммен туысқандық қатынастарды растайтын құжаттың көшірмесі (туу туралы, неке туралы, некені бұзу, әкелікті (аналықты) анықтау туралы куәліктер, жеке куәлігі және басқалары);
      егер туу туралы куәлікте әкесі туралы мәліметтер анасының айтуы бойынша жазылған болса, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі органдарының белгіленген нысандағы анықтамасы;
      қамқорлықты (қамқоршылықты) растайтын құжаттың көшірмесі;
      оқу орнының 18-ден 23 жасқа дейінгі адамдар күндізгі оқу нысанының оқушылары болып табылатыны туралы анықтамасы;
      қаза тапқан (қайтыс болған) адамның әскери билетінің көшірмесі не әскери қызметті өткеруі туралы анықтама;
      әскери қызметшiнiң, iшкi iстер органдарының және Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi қызметкерiнiң қазасы немесе өлімі қызметтік міндеттерін атқару немесе әскери қызметiн өткеру кезiнде жарақат алу, контузияға ұшырау, мертiгу, ауру салдарынан болғанын растайтын анықтама.
      Қайтыс болған адамның сегiз жасқа толмаған балаларын, iнiлерiн, қарындастарын немесе немерелерiн бағып-күтумен айналысатын азаматтар қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:
      еңбек кiтапшасының еңбек қызметінің тоқтатылғанын растайтын көшiрмесi (көшiрмесі еңбек кiтапшасының түпнұсқасымен жыл сайын тексеріліп отырады);
      салық органының тұлға дара кәсiпкер ретiнде тiркелмегенi туралы анықтамасы (жыл сайын жаңартылып отырады);
      3) жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау үшін өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
      жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі мен салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы:
      тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);
      әлеуметтік жеке код беру туралы куәліктің көшірмесі;
      салық төлеушіні тіркеу куәлігінің көшірмесі;
      зейнетақы және жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті органдағы есеп шот не түзеу мекемелерінің арнайы шот нөмірі туралы мәліметтер.»;
      4) көрсетілген қаулымен бекітілген «Мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартында:
      11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);»;
      5) көрсетілген қаулымен бекітілген «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартында:
      11-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық округ әкiмдерiнің анықтамасын);».
      19. «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 32, 391-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандартында:
      11-тармақтың 5-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Тұрғын үймен қамтамасыз ету көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартында:
      11-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);»;
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген «Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандартында:
      11-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);»;
      4) көрсетілген қаулымен бекітілген «Жалғызiлiктi, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандартында:
      11-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);»;
      5) көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартында:
      11-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);».
      20. «Қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдердi жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдердi жүзеге асыру қағидасында:
      3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);».
      21. «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесудi және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсетудi ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесудi және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсетудi ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында:
      7-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);».
      22. «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуды мемлекеттiк қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 816 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуды мемлекеттiк қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында:
      6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы);»;
      Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуды мемлекеттiк қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына 1-қосымшада:
      бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);».
      23. «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсету қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 18 шiлдедегi № 817 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсету қағидасында:
      10-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);»;
      Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсету қағидасына 1-қосымшада:
      алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);».
      24. «Халықты әлеуметтiк қорғау саласында арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 28 қазандағы № 1222 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Халықты әлеуметтiк қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандартында:
      12-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы);».