Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 816 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 592 қаулысымен

      «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 ақпандағы Заңының 16-бабының 1-тармағына және «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес, таратушы газ құбырларын пайдалану жөніндегі бірыңғай оператор құру және тұтынушыларды газбен жабдықтау кезінде делдалдық құрылымдарды жою мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Арқагаз» акционерлік қоғамының 100% мөлшеріндегі акцияларының мемлекеттік пакеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігінен республикалық меншікке қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген іс-шаралар аяқталғаннан кейін «Арқагаз» акционерлік қоғамының 100% мөлшеріндегі акцияларының мемлекеттік пакетінің «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілуін қамтамасыз етсін.
      2) Батыс Қазақстан облысының әкімдігімен және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К.Мәсімов