Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйлерді сату ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі N 711 Қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 № 970 қаулысымен.

      Ескерту. Тақырыбындағы және мәтініндегі "Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен" деген сөздер "Халықаралық рейтингтік агенттіктермен" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.10. N 1341 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының инвестициялық имиджін арттыру үшін Қазақстан Республикасының халықаралық рейтингтік агенттіктермен тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия туралы ереже;

      2) Халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2008 жылғы 17 шілдедегі
N 688 қаулысымен  
бекітілген    

Халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимылды
жақсарту жөніндегі комиссияның
құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329  қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, төраға
      Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, төрағаның орынбасары
      Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Халықаралық экономикалық интеграция департаменті директорының орынбасары, хатшы
      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі
      Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
      «Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамының атқарушы директоры (келісім бойынша)
      «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2008 жылғы 17 шілдедегі
N 688 қаулысымен   
бекітілген      

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.09.10.  N 1341Қаулысымен.

Халықаралық рейтинтік агенттіктермен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) туралы ереже Комиссияның мақсаттарын, міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды.
      2. Комиссияның басты мақсаты халықаралық рейтингтік агенттіктермен тұрақты негізде қажетті келісілген ақпаратты оларға ұсыну жолымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне ұқсас егемен кредиттік рейтингтері бар елдер тобында болуын қамтамасыз ету болып табылады.

2. Комиссияның негізгі міндеттері мен өкілеттіктері

      3. Комиссияның міндеттері:
      халықаралық рейтингтік агенттіктермен ынтымақтастықтың тиімді нысанын айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      халықаралық рейтингтік агенттіктерге ақпарат беру стандарттары бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      Халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады.
      4. Комиссия өз құзыреті шегінде өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін:
      халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, үйлестіру және жетілдіру үшін қажетті іс-қимыл жасауға;
      сараптамалар мен консультациялар жүргізу үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардан тиісті бейіндегі мамандарды тартуға, сондай-ақ қажет болған жағдайда қойылған міндеттерді шешу үшін сарапшы топтарды ұйымдастыруға;
      мемлекеттік органдар мен ұйымдардан Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен ақпарат сұратуға және алуға;
      өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеуге және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен мүдделі мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізуге құқылы.

3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      5. Комиссияны оның төрағасы басқарады.
      6. Комиссияның төрағасы оның жұмысын ұйымдастырады, төраға болмаған жағдайда Комиссияның отырысын төраға орынбасарларының бірі өткізеді.
      7. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгi Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      Комиссияның жұмыс органы комиссияның жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014  N 329қаулысымен.
      8. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін Комиссия хатшысы хаттама ресімдейді.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014  N 329қаулысымен.
      9. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
      Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiр білдіруге құқығы бар, оны бiлдiрген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиiс.
      Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
      Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.
      Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не келіспеу туралы себептерін негіздей отырып жауап береді.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014  N 329қаулысымен.
      10. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
      Ескерту. Ереже 10-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

                                            Қазақстан Республикасы
                                                  Үкіметінің
                                            2008 жылғы 17 шілдедегі
                                               N 688 қаулысымен
                                                  бекітілген

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Жоспарға өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.18 № 612 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

Халықаралық рейтинтік агенттіктермен өзара іс-қимылды
жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары

      Ескерту. Жоспар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.09.10. N 1341, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.06.24 № 705, 17.06.2013  N 607Қаулыларымен.

Р/с
N

Іс-шаралардың атауы

Аяқталу нысаны

Орындалуына жауаптылар

Іске асырылу мерзімі

Болжамды шығыстар

1

2

3

4

5

6

1.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы келісілген формат бойынша ағылшын тілінде халықаралық рейтингтік агенттіктерге таныстыру ақпаратын ұсыну

Stаdаrd& Poor's, Moody's Investors Service, Fitch Rаtings Ltd-ға таныстыру

ЭБЖМ (жинақтау), ҰБ, Қаржымині, СА, ИСМ, ҚҚҚ (келісім бойынша)

Тоқсан сайын

Талап етілмейді

2.

Халықаралық рейтингтік агенттіктердің талдаушыларына олардың сұрауы бойынша қызықтыратын ақпарат беру

Stаdаrd& Poor's, Moody's Investors Service, Fitch Rаtings Ltd-ға ақпарат

ЭБЖМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар

Тұрақты негізде

Талап етілмейді

3.

Stаdаrd& Poor's, Moody's  Fitch талдаушыларының Қазақстанға жыл сайынғы сапарларын жоғары деңгейде ұйымдастыру

Stаdаrd& Poor's, Moody's Investors Service, Fitch Rаtings Ltd.талдаушыларының сапары

ЭБЖМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар

Жылына 3 рет

Республикалық бюджет 010 "Қазақстан Республикасының егемен кредиттік рейтингін қайта қарау мәселелері бойынша халықаралық рейтингілік агенттіктерімен өзара іс-қимыл" республикалық бюджеттік бағдарламасы

4.

Талдаушылармен және агенттіктердің өзге де тұлғаларымен көкейкесті мәселелерді талқылау бойынша Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының және өзге де ұйымдарының қатысуымен Конференц-саll ұйымдастыру

Конференц-саll

ЭБЖМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдары, ҚҚҚ (келісім бойынша)

Ай сайын

Талап етілмейді

5.

Халықаралық рейтингтік агенттіктердің алдын ала баспасөз-релиздерін талдау, қажет болған жағдайда талдаушыларға дау туғызатын ақпарат жіберу

Талдамалық жазба

ЭБЖМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар

Жылына 3 рет

Талап етілмейді

6.

Қазақстан Республикасының экономика саласындағы барлық оң үрдістер мен жаңалықтар туралы халықаралық рейтингтік агенттіктерге ақпараттық анықтама жіберу

Ақпараттық анықтама

ЭБЖМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, ҚҚҚ (келісім бойынша)

Тұрақты негізде

Талап етілмейді

7.

Дағдарыстық жағдайларға ерте ден қою жүйесін құру шеңберінде кейіннен жұмыста пайдалану үшін талдаушылардың болжамдарын мүдделі мемлекеттік органдарға жіберу

Ақпараттық анықтама

ЭБЖМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, ҚҚҚ (келісім бойынша)

Рейтинг тік агенттіктер талдаушыларының болжамдарын беруіне қарай

Талап етілмейді

8.

Шет елдердің рейтингтеріне мониторинг, басқа елдер бойынша талдаушылардың ұстанымдары, оларды Қазақстан бойынша деректермен салыстыру

Талдамалық ақпарат

ЭБЖМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, ҚҚҚ (келісім бойынша)

Жарты жылда 1 рет

Талап етілмейді

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

СА             - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
ҚҚҚ            - Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы
ИСМ            - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
                 министрлігі
Қаржымині      - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ЭБЖМ           - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
                 жоспарлау министрлігі
ҰБ             - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі