"Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2105 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 113 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 № 113 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.28 № 197 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-115-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.02.28 № 197 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.28 № 197 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2009 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 2105 қаулысымен    
бекітілген       

«Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет
СТАНДАРТЫ

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.02.28 № 197 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Ескерту. Тақырыпта және мәтінінде «көрсету» деген сөз алып тасталды - ҚР 2011.03.31 N 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – ІІМ) көші-қон полициясының бөлімшелері және мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттерінің көші-қон полициясы басқармалары (бұдан әрі – ІІД КҚПБ) көрсетеді.
      Мемлекеттік қызмет «Электрондық үкіметтің»: www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы да ұсынылады.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 734 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 734 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Мемлекеттік қызмет:
      1) «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 68948-баптары;
      2) «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 2122-баптары;
      3) «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 9-тармағы;
      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімінің 8-тармағы негізінде көрсетіледі.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 734 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызмет стандарты туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) интернет-ресурсында: www.mvd.kz тізбесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген облыстардың, Астана, Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі - ІІД-нің) «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімде, сондай-ақ көші-қон полициясы бөлімшелерінде орналасқан ресми ақпарат көздері мен стенділерде орналастырылады.
      5. Көші-қон карточкасының «тіркеу» бағанын толтыру не қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәйекті жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
      Электрондық поштаға немесе жеке не заңды тұлғаның жеке кабинетіне веб-портал арқылы электрондық нысанда өтініш білдірілген кезде байланыс арналары арқылы паспортқа тұтынушыны тіркеу туралы жапсырма қағаз, ол ақпаратты қағаз тасымалдағышқа түсірудің кез келген құралында басып шығарылады не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жолданады.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 734 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап бір жұмыс күні;
      2) тұтынушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минуттан аспайды;
      3) жүгінген күні тұтынушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минуттан аспайды;
      4) мемлекеттік қызмет алу үшін веб-портал арқылы электрондық сұрау салу берген сәттен бастап – бір жұмыс күні.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 734 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. Мемлекеттік қызмет тегін болып табылады.
      9. Мемлекеттік қызмет демалыс күндерінен басқа, аптасына алты күн (дүйсенбі - жұма сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліс, сенбіде сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін) ұсынылады. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      Веб-портал арқылы өтініш білдірілген кезде мемлекеттік қызмет тәулік бойы көрсетіледі.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 734 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      10. Осы мемлекеттік қызметті көрсететін көші-қон полициясы бөлімшелерінің үй-жайлары ғимараттың бірінші қабатында орналасады, ішкі істер органдарының басқа бөлімшелерінен бөлек, физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустары бар кіретін есігі, күту залы, құжаттарды толтыруға арналған орындары болады, қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стенділермен жарақталады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін шетелдікті не азаматтығы жоқ адамды қабылдайтын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген санаттардың біріне жататын шетелдіктер:
      1) Қазақстан Республикасына келуге және болуға визасы бар шетелдіктің не азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын жарамды құжатты ұсынады, осы стандартқа 3-қосымшада көрсетілген елдердің азаматтары үшін виза талап етілмейді;
      2) мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің лауазымды адамдары беретін шекарадан өткені туралы белгісі бар көші-қон карточкасын;
      3) тіркеу туралы өтінішті ұсынады.
      Қазақстан Республикасында уақытша болуы 6 айдан астам мерзімді құрайтын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу үшін қосымша:
      1) толтырылған екі мекенжайлық келу парағын;
      2) келу парағына толтырылған статистикалық есепке алу талонын;
      3) 35х45 мм мөлшердегі бір фотосурет ұсынылады.
      Веб-портал арқылы мемлекеттік қызмет алу үшін жеке немесе заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы пайдаланыла отырып, веб-порталда электрондық нысанда сауалнама толтырылады.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 734 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      12. Тіркеу туралы өтініштердің бланкілерін (осы заңды тұлғаның ресми бланкілерінде ресімделетін заңды тұлғалардың өтініштерін қоспағанда) көші-қон полициясы бөлімшелерінің қызметкерлері береді, сондай-ақ осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес интернет-ресурстарда көрсетілген.
      13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар тұтынушының болатын жері бойынша осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес көші-қон полициясы бөлімшелеріне өткізіледі.
      14. Барлық құжаттарды қабылдағаннан кейін көші-қон полициясы бөлімшелерінің қызметкері тұтынушыға осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін күнін көрсете отырып, құжаттарды қабылдағаны туралы талон береді.
      15. Уақытша болатын жері бойынша тіркеу туралы белгісі бар көші-қон карточкасын және жеке басын куәландыратын құжатты шетелдік, азаматтығы жоқ адам өзі өтініш білдірген жері бойынша алады. Тіркеу шетелдіктің не азаматтығы жоқ адамның бірінші жүгінген жері бойынша ғана ресімделеді.
      16. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды толық көлемде бермеу мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Көші-қон полициясы бөлімшелерінің қызметі сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, құжаттардың сақталуын, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты қорғауды және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Көші-қон полициясы бөлімшелерінің жұмыс нәтижелері осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Көші-қон полициясы бөлімшелерінің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын ІІМ-нің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Электрондық мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген ІІД, IІM хатшылығының қызметкері уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіреді және шағым дайындауға көмек көрсетеді.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 734 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      21. Шағымдар электрондық мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген ІІД, IІM басшылығына демалыс күндерінен басқа, жұмыс күндері сағат 9-00-ден бастап 18-00-ге дейін, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сондай-ақ сенбіде сағат 9-00-ден бастап 13-00-ге дейін беріледі.
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 734 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      22. Дөрекі қызмет көрсетілгені туралы шағымдар пошталық және электрондық мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген ІІД, IІM басшылығына демалыс күндерінен басқа, жұмыс күндері сағат 9-00-ден бастап 18-00-ге дейін, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сондай-ақ сенбіде сағат 9-00-ден бастап 13-00-ге дейін заңнамада белгіленген тәртіппен беріледі.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 734 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
      24. Шағым еркін нысанда жазбаша түрде пошта, электрондық пошта арқылы не ІІД, ІІМ хатшылығы арқылы қолма-қол қабылданады.
      Жеке адамның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға тұтынушы қол қояды.
      Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 734 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      25. Қабылданған шағым ішкі істер органдарының ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі. Шағымның қабылданған күні мен уақыты, оны қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, сондай-ақ берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.
      Шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіппен қаралады.
      26. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 1/1, ІІМ мекенжайы бойынша, ІІМ-нің www.mvd.kz интернет-ресурсында «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде, қабылдау бөлмесінің телефоны 8 (7172) 71-51-31, осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес ІІД-лерде алуға болады.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 734 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
2009 жылғы 14 желтоқсандағы 
№ 2105 қаулысымен      
бекітілген мемлекеттік   
қызмет стандартына     
1-қосымша        

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.03.31 N 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Р/с

Ішкі істер департаменттері

Заңды мекенжайы

Интернет-ресурс

Ішкі істер департаменттері хатшылығының телефондары

Көші-қон полициясы бөлімшелерінің телефондары

1

2

3

4

5

6

1.

Астана қаласының Ішкі істер департаменті

Астана қаласы, Сейфуллин көшесі, 29

www.ast.dvd.mvd.kz

71-61-98,
71-61-99

71-61-70,
71-60-18,
71-63-66

1)

«Алматы» ауданының Ішкі істер басқармасы

Астана қаласы, Жансүгіров көшесі, 2



71-68-63

71-67-37

2)

«Сарыарқа» ауданының Ішкі істер басқармасы

Астана қаласы, Есенберлин көшесі, 1



71-66-32

71-66-46

3)

«Есіл» ауданының Ішкі істер басқармасы

Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 21



79-88-02,
79-88-10

79-88-02

2.

Ақмола облысының Ішкі істер департаменті

Көкшетау қаласы, Горький көшесі, 35

www.akmdvd.online.kz

29-11-24,
29-11-25

25-66-62,
25-57-01

1)

Көкшетау қаласының Ішкі істер басқармасы

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 121



25-78-05,
29-96-79

23-03-49

2)

Степногор қаласының ішкі істер басқармасы

Степногор қаласы, 5-шағын аудан, 49



5-82-02

5-82-02

3)

Ақкөл ауданының ішкі істер бөлімі

Ақкөл қаласы, Октябрь көшесі, 2



2-10-02

2-10-02

4)

Аршалы ауданының ішкі істер бөлімі

Аршалы ауылы, Ташенов көшесі, 47



2-17-44

2-17-44

5)

Астрахань ауданының ішкі істер бөлімі

Астрахань ауылы, Байтұрсынов көшесі, 16



2-13-02

2-13-02

6)

Атбасар ауданының ішкі істер бөлімі

Атбасар қаласы, Урицк көшесі, 38



4-37-40

4-37-40

7)

Бұланды ауданының ішкі істер бөлімі

Макинск қаласы, Сейфуллин көшесі, 135



2-10-02

2-10-02

8)

Егіндікөл ауданының ішкі істер бөлімі

Егіндікөл ауылы, Бейбітшілік көшесі, 8



2-14-85

2-14-85

9)

Еңбекшілдер ауданының ішкі істер бөлімі

Степняк қаласы, Ленин көшесі, 79



2-30-40

2-30-40

10)

Ерейментау ауданының ішкі істер бөлімі

Ерейментау қаласы, Бөгенбай көшесі, 79



3-32-68

3-32-68

11)

Есіл ауданының ішкі істер бөлімі

Есіл қаласы, Әуезов көшесі, 63



2-12-02

2-12-02

12)

Жақсы ауданының ішкі істер бөлімі

Жақсы ауылы, Тұрлыбаев көшесі, 34



2-12-89

2-12-89

13)

Жарқайың ауданының ішкі істер бөлімі

Державинск қаласы, Захаров көшесі, 33



9-63-33

9-63-33

14)

Зеренді ауданының ішкі істер бөлімі

Зеренді ауылы, Ілиясов көшесі, 42



3-44-02

3-44-02

15)

Қорғалжын ауданының ішкі істер бөлімі

Қорғалжын ауылы, Болғанбаев көшесі, 8



2-14-35

2-14-35

16)

Сандықтау ауданының ішкі істер бөлімі

Балкашино ауылы, Абай көшесі, 101



5-00-02

5-00-02

17)

Целиноград ауданының ішкі істер бөлімі

Ақмол ауылы



92-4-18

92-4-18

18)

Шортанды ауданының ішкі істер бөлімі

Шортанды ауылы, Советская көшесі, 21



2-75-02

2-75-02

3.

Алматы қаласының Ішкі істер департаменті

Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 109а

www.almaty.police.kz

254-41-55,
254-42-24

254-40-14,
254-40-34,
254-40-33

1)

Алатау ауданының Ішкі істер басқармасы

Алматы қаласы, Өтеген батыр көшесі, 78



298-54-85

298-54-88

2)

Алмалы ауданының Ішкі істер басқармасы

Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 109



254-46-29

254-46-22

3)

Әуезов ауданының Ішкі істер басқармасы

Алматы қаласы, Өтеген батыр көшесі, 76



298-53-53

221-09-86

4)

Бостандық ауданының Ішкі істер басқармасы

Алматы қаласы, Радостовец көшесі, 205



254-47-34

395-05-43

5)

Жетісу ауданының Ішкі істер басқармасы

Алматы қаласы, Райымбек көшесі, 158a



279-96-88

233-69-18

6)

Медеу ауданының Ішкі істер басқармасы

Алматы қаласы, Зенков көшесі, 37



254-48-18

254-48-15

7)

Түріксіб ауданының Ішкі істер басқармасы

Алматы қаласы, Рихард Зорге көшесі, 14



298-54-09

298-54-45

4.

Ақтөбе облысының Ішкі істер департаменті

Ақтөбе қаласы, 312 Атқыштар дивизиясы даңғылы, 5А

www.aktobepolice.kz

51-27-55,
93-03-03

22-10-52,
22-14-75

1)

Ақтөбе қаласының ішкі істер басқармасы

Ақтөбе қаласы, Әйтеке би көшесі, 21



21-23-38,
40-41-08

97-08-77,
97-08-70

2)

Әйтеке би ауданының ішкі істер бөлімі

Комсомол ауылы, Ардагер көшесі, 7



2-14-29

2-17-75

3)

Алға ауданының ішкі істер бөлімі

Алға қаласы, Мұқамбетов көшесі, 28



3-11-02

3-37-02

4)

Байғанин ауданының ішкі істер бөлімі

Байғанин ауылы, Советтер көшесі, 15



22-1-74

22-6-82

5)

Ырғыз ауданының ішкі істер бөлімі

Ырғыз ауылы, Ленин көшесі, 14



2-12-27

2-12-03

6)

Қарғалы ауданының ішкі істер бөлімі

Бадамша ауылы, Пацаев көшесі, 9



23-6-31

22-8-57

7)

Мәртөк ауданының ішкі істер бөлімі

Мәртөк ауылы, Ленин көшесі, 45



2-14-04

2-14-90

8)

Мұғалжар ауданының ішкі істер бөлімі

Қандыағаш қаласы, Жамбыл көшесі, 74а



3-66-08

3-66-08

9)

Темір ауданының ішкі істер бөлімі

Шұбар құдық ауылы, Желтоқсан көшесі, 1



2-23-60

2-32-02

10)

Ойыл ауданының ішкі істер бөлімі

Ойыл ауылы, Қойшығұлов көшесі, 42



2-18-98

2-17-17

11)

Қобда ауданының ішкі істер бөлімі

Қобда ауылы, Астана көшесі, 97



2-16-92

2-16-95

12)

Хромтау ауданының ішкі істер бөлімі

Хромтау қаласы, Абай даңғылы, 10



2-12-37

2-16-24

13)

Шалқар ауданының ішкі істер бөлімі

Шалқар қаласы, Есет Көтібарұлы көшесі, 88



2-14-61

2-14-63

5.

Алматы облысының Ішкі істер департаменті

Талдықорған қаласы Жансүгіров көшесі, 91/95

www.jetisu-police.kz

60-02-11,
60-01-54

60-00-79,
60-00-57

1)

Талдықорған қаласының Ішкі істер басқармасы

Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 249



60-86-04

24-42-00

2)

Еңбекшіқазақ ауданының Ішкі істер басқармасы

Есік қаласы, Тоқатаев көшесі, 105



4-48-89

4-48-89

3)

Іле ауданының Ішкі істер басқармасы

Өтеген батыр ауылы, Батталханов көшесі



51-72-14

51-72-14

4)

Қарасай ауданының Ішкі істер басқармасы

Қаскелең қаласы, Абылайхан көшесі, 90



98-34-22

2-28-06

5)

Талғар ауданының ішкі істер басқармасы

Талғар қаласы, Абылай хан көшесі, 120



295-61-05

295-61-05

6)

Қапшағай қаласының ішкі істер бөлімі

Қапшағай қаласы, Қонаев көшесі, 4



4-17-98

4-10-98

7)

Текелі қаласының ішкі істер бөлімі

Текелі қаласы, Қонаев көшесі, 104



4-51-18

4-51-18

8)

Ақсу ауданының ішкі істер бөлімі

Жансүгіров кенті, Жекебаев көшесі, 104



2-15-95

2-15-95

9)

Алакөл ауданының ішкі істер бөлімі

Үшарал қаласы, Қонаев көшесі, 9



2-12-84

2-22-14

10)

Балқаш ауданының ішкі істер бөлімі

Бақанас ауылы, Сейфуллин көшесі, 1



91-4-01

91-4-01

11)

Ескелді ауданының ішкі істер бөлімі

Қарабұлақ кенті, Оразбеков көшесі, 10



3-01-02

3-01-02

12)

Жамбыл ауданының ішкі істер бөлімі

Ұзынағаш ауылы, Рысқұлов көшесі, 78



2-12-45

2-15-45

13)

Қаратал ауданының ішкі істер бөлімі

Үштөбе қаласы, Төле би көшесі, 63



2-10-02

2-11-57

14)

Кербұлақ ауданының ішкі істер бөлімі

Сарыөзек ауылы, Момышұлы көшесі, 32



31-8-55

31-8-55

15)

Көксу ауданының ішкі істер бөлімі

Балпық би ауылы, Исабаев көшесі, 122



2-02-18

2-06-46

16)

Панфилов ауданының ішкі істер бөлімі

Жаркент қаласы, Жансүгіров көшесі, 102



5-12-02

5-12-02

17)

Райымбек ауданының ішкі істер бөлімі

Бөген ауылы, Жамбыл көшесі, 9



2-13-98

2-15-59

18)

Сарқанд ауданының ішкі істер бөлімі

Сарқанд қаласы, Жамбыл көшесі, 42



2-10-02

2-11-54

19)

Ұйғыр ауданының ішкі істер бөлімі

Шонжы ауылы, Исламов көшесі, 51



2-15-97

2-15-97

6.

Атырау облысының Ішкі істер департаменті

Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 85

www.dvd-atyrau.kz

98-21-17,
98-20-57

98-20-23,
98-20-77

1)

Атырау қаласының Ішкі істер басқармасы

Атырау қаласы, Молдағұлова көшесі, 247



98-15-72

98-15-14

2)

Жылыой ауданының ішкі істер бөлімі

Құлсары қаласы, Дүйсенбеков көшесі, 54



5-17-22

5-17-22

3)

Индер ауданының ішкі істер бөлімі

Индер кенті, Нысанбаев көшесі, 9



2-13-65

2-13-65

4)

Исатай ауданының ішкі істер бөлімі

Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 11



2-02-02

2-06-97

5)

Қызылқоға ауданының ішкі істер бөлімі

Миялы ауылы, Абай көшесі, 8



2-12-06

2-12-01

6)

Құрманғазы ауданының ішкі істер бөлімі

Ганюшкино ауылы, Абай көшесі, 37



2-11-89

2-11-20

7)

Мақат ауданының ішкі істер бөлімі

Мақат ауылы, Газовик көшесі, 13



3-09-60

3-09-60

8)

Махамбет ауданының ішкі істер бөлімі

Махамбет ауылы, Абай көшесі, 13



2-23-67

2-23-67

7.

Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер департаменті

Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 1

www.02vko.kz

23-43-17,
23-42-11,
23-43-21

23-42-17,
23-42-56

1)

Өскемен қаласының Ішкі істер басқармасы

Өскемен қаласы, Пролетарская көшесі, 152



23-27-11,
23-27-12,
23-26-22

23-27-25,
23-27-86,
23-27-16

2)

Семей қаласының Ішкі істер басқармасы

Семей қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 17



56-97-56

56-93-90

3)

Аягөз қаласының және Аягөз ауданының ішкі істер бөлімі

Аягөз қаласы, Тәңірберген көшесі, 68



3-33-43,
3-14-88

3-33-43,
3-14-88

4)

Зырян қаласының және Зырян ауданының ішкі істер бөлімі

Зырян қаласы, Горький көшесі, 34



4-19-31,
3-10-08

4-19-31,
3-10-08

5)

Риддер қаласының ішкі істер бөлімі

Риддер қаласы, Тоқтаров көшесі, 8



4-47-41,
4-22-50

4-52-13

6)

Абай ауданының ішкі істер бөлімі

Қарауыл ауылы, Молдағалиев көшесі, 13



9-13-26

9-13-26

7)

Бесқарағай ауданының ішкі істер бөлімі

Бесқарағай ауылы, Әуезов көшесі, 45



9-14-63,
9-18-61

9-14-63,
9-18-61

8)

Бородулиха ауданының ішкі істер бөлімі

Бородулиха ауылы, Бейбітшілік даңылы, 16



2-10-27

2-15-63

9)

Глубокое ауданының ішкі істер бөлімі

Глубокое ауылы, Попович көшесі, 44



2-18-80,
2-26-77

2-29-75

10)

Жарма ауданының ішкі істер бөлімі

Қалбатау ауылы, Бабатайұлы көшесі, 36



6-57-54

2-66-40

11)

Зайсан ауданының ішкі істер бөлімі

Зайсан қаласы, Сәтпаев көшесі, 14



2-12-02,
2-13-06

2-12-02,
2-13-06

12)

Катон-Қарағай ауданының ішкі істер бөлімі

Үлкен Нарын ауылы, Абай көшесі, 1



2-13-02

2-13-02

13)

Көкпекті ауданының ішкі істер бөлімі

Көкпекті ауылы, Астана көшесі, 33



2-17-94,
2-19-49

2-17-94,
2-19-49

14)

Күршім ауданының ішкі істер бөлімі

Күршім ауылы, Новая көшесі, 10



3-17-76,
3-21-58

3-17-76,
3-21-58

15)

Тарбағатай ауданының ішкі істер бөлімі

Ақсуат ауылы, Қабанбай ауылы, 1



2-18-03

2-18-03

16)

Ұлан ауданының ішкі істер бөлімі

Молодежное кенті, 5-үй



2-74-33

2-74-33

17)

Үржар ауданының ішкі істер бөлімі

Үржар ауылы, Абылайхан көшесі, 171



2-10-02

2-10-02

18)

Шемонаиха ауданының ішкі істер бөлімі

Шемонаиха қаласы, Интернациональный көшесі, 2



2-15-66

2-15-71

19)

Курчатов қаласының полиция бөлімі

Курчатов қаласы, Абай көшесі, 10



2-55-01

2-37-82

8.

Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті

Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 80

www.tarazpolice.kz

43-39-44

43-37-31,
43-34-82

1)

Тараз қаласының Ішкі істер басқармасы

Тараз қаласы, Рысбек батыр көшесі, 5а



34-36-23

34-36-23

2)

Байзақ ауданының ішкі істер бөлімі

Сарыкемер ауылы, Орынқұлов көшесі, 9а



2-10-81

2-16-80

3)

Жамбыл ауданының ішкі істер бөлімі

Аса ауылы, Төле би көшесі, 178



2-15-63

2-15-63

4)

Жуалы ауданының ішкі істер бөлімі

Б. Момышұлы ауылы, Рысбек батыр көшесі, 84



2-16-20

2-16-20

5)

Қордай ауданының ішкі істер бөлімі

Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі, 326


2-20-02

2-20-02

6)

Мерке ауданының ішкі істер бөлімі

Мерке ауылы, Ысмайылов көшесі, 230



2-25-40

2-49-30

7)

Мойынқұм ауданының ішкі істер бөлімі

Мойынқұм ауылы, Амангелді көшесі, 69



2-44-45

2-44-45

8)

Сарысу ауданының ішкі істер бөлімі

Жаңатас қаласы, Әулие ата көшесі, 3



6-29-13

6-32-70

9)

Талас ауданының ішкі істер бөлімі

Қаратау қаласы, Қонаев көшесі, 20



6-27-14

6-27-14

10)

Тұрар Рысқұлов ауданының ішкі істер бөлімі

Күлпан ауылы, Жібек жолы көшесі, 57



2-14-50

2-14-50

11)

Шу ауданының ішкі істер бөлімі

Шу қаласы, Сәтпаев көшесі, 130



2-48-02

2-48-02

9.

Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті

Орал қаласы, Пугачев көшесі, 45

www.dvdzko.kz,
www.Sokolur@mail.ru

98-40-30

98-45-17
98-40-17

1)

Орал қаласының Ішкі істер басқармасы

Орал қаласы, Космическая көшесі, 10



92-18-33

92-18-14

2)

Ақжайық ауданының ішкі істер бөлімі

Чапаев ауылы, Қазақстан көшесі, 71



91-2-02

91-0-66

3)

Бөкейорда ауданының ішкі істер бөлімі

Сайхин кенті, Әбілқайыр хан к-сі, 21



21-5-68

21-5-61

4)

Бөрлі ауданының ішкі істер бөлімі

Ақсай қаласы, 2-шағын аудан, 28



9-39-17

9-39-46

5)

Жаңақала ауданының ішкі істер бөлімі

Жаңақала ауылы, Халық Достығы, 53



2-19-20

2-19-21

6)

Жәнібек ауданының ішкі істер бөлімі

Жәнібек ауылы, Қазақстан көшесі, 45



21-5-03

21-1-05

7)

Зеленов ауданының ішкі істер бөлімі

Переметный ауылы, Достық көшесі, 64



22-0-02

22-2-61

8)

Қазталов ауданының ішкі істер бөлімі

Қазталов ауылы, С. Датов көшесі, 21



31-0-08

31-1-02

9)

Қаратөбе ауданының ішкі істер бөлімі

Қаратөбе ауылы, С. Датов көшесі, 16



31-3-25

31-7-02

10)

Сырым ауданының ішкі істер бөлімі

Сырым ауылы, Қазақстан көшесі, 7



31-1-37

21-5-45

11)

Тасқала ауданының ішкі істер бөлімі

Тасқала ауылы, Мирная көшесі 9



21-1-86

21-8-45

12)

Теректі ауданының ішкі істер бөлімі

Федоровка ауылы, Юбилейный көшесі, н/ж



23-2-66

21-1-86

13)

Шыңғырлау ауданының ішкі істер бөлімі

Шыңғырлау ауылы, Қазақстан көшесі, 7



33-6-39

33-2-39

10.

Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті

Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, 118

www.krgdvd.kz

42-90-19,
42-91-69

44-20-07,
44-70-27

1)

Қарағанды қаласының Ішкі істер басқармасы

Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, 118



40-71-97

56-42-51,
74-22-56,
44-51-69,
46-30-31

2)

Жезқазған қаласының Ішкі істер басқармасы

Жезқазған қаласы, Сейфулин көшесі, 35



76-13-68

76-43-98

3)

Теміртау қаласының Ішкі істер басқармасы

Теміртау қаласы, Мичурин көшесі, 8



98-43-15

5-43-15

4)

Абай ауданының Ішкі істер басқармасы

Абай қаласы, К. Маркс көшесі, 42а



4-46-66

4-46-66

5)

Бұхар жырау ауданының Ішкі істер басқармасы

Ботақара кенті, Бұхар жырау көшесі, 4



2-11-78

2-16-55

6)

Балқаш қаласындағы ішкі істер бөлімі

Балқаш қаласы, Бөкейхан көшесі, 22



4-03-72

4-46-72

7)

Қаражал қаласының ішкі істер бөлімі

Қаражал қаласы, Тойымбек көшесі, 8



4-16-30

4-16-30

8)

Саран қаласының ішкі істер бөлімі

Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 60



2-52-02

2-67-12

9)

Сәтпаев қаласының ішкі істер бөлімі

Сәтпаев қаласы, Абай көшесі, 6а



3-44-83

2-31-63

10)

Шахтинск қаласының ішкі істер бөлімі

Шахтинск қаласы, К. Маркс көшесі, 42а



4-04-07

4-23-70

11)

Ақтоғай ауданының ішкі істер бөлімі

Ақтоғай ауылы, Абай көшесі, 3



2-16-90

2-16-90

12)

Жаңаарқа ауданының ішкі істер бөлімі

Атасу ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 10



2-64-70

2-64-70

13)

Қарқаралы ауданының ішкі істер бөлімі

Қарқалы қаласы, М. Әуезов көшесі, 31



3-12-02

3-10-86

14)

Нұра ауданының ішкі істер бөлімі

Киевка кенті, Талжанов көшесі, 5



2-12-88

2-29-01

15)

Осакаровка ауданының ішкі істер бөлімі

Осакаровка ауылы, Литвиновская көшесі, 9



4-16-55

4-13-82

16)

Ұлытау ауданының ішкі істер бөлімі

Ұлытау ауылы



2-11-02

2-11-02

17)

Шет ауданының ішкі істер бөлімі

Ақсу-Аюлы кенті, Шортанбай көшесі, 16



2-12-02

2-12-02

11.

Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті

Қызылорда қаласы, Төлебаев көшесі, 39A

www.dvdkzo.kz

27-44-10

6-11-32,
7-09-58

1)

Қызылорда қаласының Ішкі істер басқармасы

Қызылорда қаласы, Төле би көшесі, 136



27-45-47

29-71-10

2)

Арал ауданының ішкі істер бөлімі

Арал қаласы, Бақтыбай батыр к-сі, 27



2-10-01

2-21-02

3)

Жалағаш ауданының ішкі істер бөлімі

Жалағаш ауылы, Желтоқсан көшесі, 1



3-16-92

3-10-82

4)

Жаңақорған ауданының ішкі істер бөлімі

Жаңақорған ауылы, Кожанов көшесі, н/ж



24-1-25

24-1-03

5)

Қазалы ауданының ішкі істер бөлімі

Кент Әйтеке би ауылы, Біржан caл көшесі, 86



2-16-40

2-14-93

6)

Қармақшы ауданының ішкі істер бөлімі

Жосалы кенті, Көшербаев көшесі, 39



2-10-03

2-11-81

7)

Сырдария ауданының ішкі істер бөлімі

Тереңөзек ауылы, Амангелді көшесі, 47



21-2-82

3-10-87

8)

Шиелі ауданының ішкі істер бөлімі

Шиелі кенті, М. Шоқай көшесі, 7



4-21-60

4-20-56

12.

Қостанай облысының Ішкі істер департаменті

Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесі, 197

www.kostanaypolice.kz

52-60-19,
52-63-13

52-60-15,
52-60-36

1)

Арқалық қаласының Ішкі істер басқармасы

Арқалық қаласы, Байтұрсынов көшесі, 16



7-10-17

7-27-45

2)

Жітіқара қаласының және Жітіқара ауданының ішкі істер бөлімі

Жітіқара қаласы, 5 в-шағын ауданы, 18



2-09-09

2-09-22

3)

Қостанай қаласының ішкі істер басқармасы

Қостанай қаласы, Таран көшесі, 36



52-68-00

52-68-37

4)

Лисаковск қаласының ішкі істер бөлімі

Лисаковск қаласы, 1 а-шағын ауданы



3-38-51

3-48-07

5)

Рудный қаласының ішкі істер бөлімі

Рудный қаласы, Горняк көшесі, 7



4-55-10

2-84-39

6)

Алтынсарин ауданының ішкі істер бөлімі

Силантьевка кенті, Ленин көшесі, 51



2-12-55

2-15-13

7)

Амангелді ауданының ішкі істер бөлімі

Амангелді кенті, Дүйсенбин көшесі, 16



2-11-33

2-11-33

8)

Әулиекөл ауданының ішкі істер бөлімі

Әуликөл ауылы, Ленин көшесі, 34



2-10-35

2-10-38

9)

Денисов ауданының ішкі істер бөлімі

Денисовка кенті, Ленин көшесі, 16



9-11-72

9-17-51 

10)

Жангелдин ауданының ішкі істер бөлімі

Торғай кенті, Алтынсарин көшесі, 7



2-14-00

2-14-00

11)

Қамысты ауданының ішкі істер бөлімі

Қамысты кенті, Ержанов көшесі, 87



2-14-01

2-20-55

12)

Қарабалық ауданының ішкі істер бөлімі

Қарабалық кенті, Нечепуренко көшесі, 2



3-30-33

3-38-53

13)

Қарасу ауданының ішкі істер бөлімі

Қарасу ауылы, Исаков көшесі, 80



2-12-68

2-18-42

14)

Қостанай ауданының ішкі істер бөлімі

Затабол кенті, Калинин көшесі, 78



2-31-61

2-31-62

15)

Меңдіқара ауданының ішкі істер бөлімі

Боровское кенті, Ленин көшесі, 7



2-13-97

2-15-39

16)

Наурызым ауданының ішкі істер бөлімі

Қарамеңді кенті, Абылай хан көшесі, 24



2-14-45

2-14-45

17)

Сарыкөл ауданының ішкі істер бөлімі

Сарыкөл кенті, Пушкин көшесі, 102



2-13-68

2-18-22

18)

Таран ауданының ішкі істер бөлімі

Таран ауылы, Советская көшесі, 10



3-61-01

3-61-01

19)

Ұзынкөл ауданының ішкі істер бөлімі

Ұзынкөл ауылы Абылайхан көшесі, 34



2-15-53

2-12-03

20)

Федоров ауданының ішкі істер бөлімі

Федоров ауылы Ленин көшесі, 10



2-24-67

2-11-87

13.

Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті

Ақтау қаласы, 12-шағын аудан

www.mdvd.kz
www.ubd_mang@mail.kz

43-08-76

50-43-72,
50-56-96

1)

Ақтау қаласының ішкі істер басқармасы

Ақтау қаласы, 3-шағын ауданы, 123



47-48-79

47-48-89

2)

Жаңаөзен қаласының ішкі істер басқармасы

Жаңаөзен қаласы, Спортивная көшесі, 6



31-5-85

31-3-59

3)

Бейнеу ауданының ішкі істер бөлімі

Бейнеу кенті, Досан батыр к-сі, 2



2-25-89

2-25-89

4)

Қарақия ауданының ішкі істер бөлімі

Құрық кенті, 1-шағын ауданы, 1



21-2-99

21-2-77

5)

Маңғыстау ауданының ішкі істер бөлімі

Шетпе кенті, Б. Момышұлы көшесі, 15



21-2-48

21-4-00

6)

Мұнайлы ауданының ішкі істер бөлімі

Мұнайлы кенті, Рысқұлов көшесі, 11



46-63-73

46-63-87

7)

Түпқараған ауданының ішкі істер бөлімі

Форт-Шевченко қаласы, Оңалбаев көшесі, 4



22-7-54

22-4-64

14.

Павлодар облысының Ішкі істер департаменті

Павлодар қаласы, Торайғыров көшесі, 70/1

www.dvdpavlodar.kz

32-04-52,
39-11-15

32-04-08,
39-11-50

1)

Павлодар қаласының ішкі істер басқармасы

Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі, 51/1



32-76-81,
32-81-92

37-76-35,
32-69-54

2)

Ақсу қаласының ішкі істер бөлімі

Ақсу қаласы, Дөнентаев көшесі, 5



39-19-02,
39-19-01

39-19-02

3)

Екібастұз қаласының ішкі істер басқармасы

Екібастұз қаласы Ленин көшесі, 98



34-09-27

34-91-42

4)

Ақтоғай ауданының ішкі істер бөлімі

Ақтоғай ауылы, Қайырбай көшесі, 48



2-12-87,
39-19-06

21-4-54

5)

Баянауыл ауданының ішкі істер бөлімі

Баянауыл ауылы, Сәтпаев көшесі, 28



9-12-53

9-12-53

6)

Железин ауданының ішкі істер бөлімі

Железин ауылы, Пушкин көшесі, 9



39-19-10

39-19-10

7)

Ертіс ауданының ішкі істер бөлімі

Ертіс ауылы, Искаков көшесі, 95



2-13-41

39-19-12

8)

Қашыр ауданының ішкі істер бөлімі

Тереңкөл ауылы, Сейфуллин көшесі, 58



21-2-05

21-2-02

9)

Лебяжі ауданының ішкі істер бөлімі

Аққу ауылы, Амангелді көшесі, 69



39-19-15

2-15-79

10)

Май ауданының ішкі істер бөлімі

Көктөте ауылы, Абылайхан көшесі, 43



39-19-17

39-19-18

11)

Павлодар ауданының ішкі істер бөлімі

Павлодар қаласы, Суворов көшесі, 20



39-19-20

39-19-19

12)

Успенск ауданының ішкі істер бөлімі

Успенск ауылы, Терешкова көшесі, 30



39-19-22,
91-7-02,
92-7-02

91-9-67

13)

Шарбақты ауданының ішкі істер бөлімі

Шарбақты ауылы, Совет көшесі, 59



39-19-24

39-19-23

15.

Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті

Петропавл қаласы, Жұмабаев к-сі, 118

www.police.sko.kz

39-40-20,
39-41-63

49-43-53,
49-44-33

1)

Петропавл қаласының ішкі істер басқармасы

Петропавл қаласы, М. Жұмабаев көшесі, 118



39-48-39,
39-48-28

39-48-66

2)

Айыртау ауданының ішкі істер бөлімі

Саумалкөл ауылы, Ш. Уәлиханов көшесі, 24



39-21-03

39-21-03

3)

Ақжар ауданының ішкі істер бөлімі

Талшық ауылы, Абылай хан көшесі, 9



39-20-97,
2-15-72

2-15-72

4)

Аққайың ауданының ішкі істер бөлімі

Смирнов кенті, Труд көшесі, 6



39-20-98

39-20-98

5)

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ішкі істер бөлімі

Новоишимский ауылы, Әуелбеков көшесі, 54



39-21-09

39-21-09

6)

Есіл ауданының ішкі істер бөлімі

Явленка ауылы, Ибраев көшесі, 13



39-21-01,
2-13-90

2-13-90

7)

Жамбыл ауданының ішкі істер бөлімі

Пресновка ауылы,
Достық көшесі, 17



39-21-02,
2-14-35

2-14-35

8)

Қызылжар ауданының ішкі істер бөлімі

Бескөл кенті, Гагарин көшесі, 8



39-13-14,
2-10-32

2-10-32

9)

Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі істер бөлімі

Булаево кенті, Юбилейная көшесі, 54



39-20-99,
2-11-63

2-11-63

10)

Мамлют ауданының ішкі істер бөлімі

Мамлютка кенті, Ленин көшесі, 3 және 45



39-21-04

39-21-04

11)

Тайынша ауданының ішкі істер бөлімі

Тайынша кенті, Центральный тұйық көшесі, 20



39-21-06

39-21-06

12)

Тимирязев ауданының ішкі істер бөлімі

Тимирязев кенті, Плетнева көшесі, 15



39-21-07

39-21-07

13)

Уәлиханов ауданының ішкі істер бөлімі

Кішкенекөл кенті, Ш. Уәлиханов көшесі, 88



39-21-08

39-21-08

14)

Шал ақын ауданының ішкі істер бөлімі

Сергеевка кенті, Шал ақын көшесі, 14



39-21-05,
2-09-10

2-09-10

16.

Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті

Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 13

www.dvd-uko.kz

97-66-26,
97-65-85,
97-65-90

97-67-41,
97-67-67

1)

Түркістан қаласының Ішкі істер басқармасы

Түркістан қаласы, Ерубаев көшесі, н/ж



4-15-02

4-12-73

2)

Шымкент қаласының Ішкі істер басқармасы
Еңбекші ауданы ІІБ
Абай ауданының ІІБ
Әл-Фараби ауданының ІІБ

Шымкент қаласы,
Қалдаяқов көшесі, 5,
Желтоқсан көшесі, 3,
Елшібек батыр көшесі, 110А



56-02-61,
97-64-13,
57-27-50,
98-06-21

98-07-42,
97-64-38,
98-06-31

3)

Мақтаарал ауданының Ішкі істер басқармасы

Жетісай қаласы, М. Әуезов көшесі, н/ж



6-70-20

6-70-20

4)

Сайрам ауданының Ішкі істер басқармасы

Ақсукент қаласы, Жібек жолы көшесі, н/ж



2-12-90

2-12-90

5)

Сарыағаш ауданының Ішкі істер басқармасы

Сарыағаш қаласы, Тасбалтаев көшесі, 39



2-15-73

2-15-73

6)

Кентау қаласының ішкі істер бөлімі

Кентау қаласы, Жамбыл көшесі, 29



3-34-61

3-34-61

7)

Арыс ауданының ішкі істер бөлімі

Арыс қаласы, Аймауытов көшесі, 35



2-14-02

2-14-02

8)

Бәйдібек ауданының ішкі істер бөлімі

Шаян ауылы, Бәйдібек көшесі, н/ж



2-10-76

2-10-76

9)

Қазығұрт ауданының ішкі істер бөлімі

Қазығұрт ауылы, Қонаев көшесі, н/ж



2-12-46

2-12-46

10)

Ордабасы ауданының ішкі істер бөлімі

Темірлан ауылы, Т. Рысқұлов көшесі, 3



2-14-13

2-14-13

11)

Отырар ауданының ішкі істер бөлімі

Шәуілдір ауылы, Сәрсенбаев көшесі, 5



2-12-59

2-12-59

12)

Созақ ауданының ішкі істер бөлімі

Шолақ Қорған ауылы, Жібек жолы көшесі, 75



4-14-02

4-14-02

13)

Төле би ауданының ішкі істер бөлімі

Леңгір қаласы, Жамбыл көшесі, н/ж



6-16-02

6-16-02

14)

Түлкібас ауданының ішкі істер бөлімі

Т. Рысқұлов ауылы, Рысқұлов көшесі, 198



5-18-14

5-18-14

15)

Шардара ауданының ішкі істер бөлімі

Шардара қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 16



2-23-82

2-23-82

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2009 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 2101 қаулысымен      
бекітілген мемлекеттік   
қызмет стандартына     
2-қосымша         

Тіркелуі жеке өтініші бойынша жүзеге асырылатын
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың санаты

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 734 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 734 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. «Туристік» санаттағы визалардың иелері;
      3. Қазақстан Республикасына жұбайларымен, балаларымен немесе ата-аналарымен - шетел азаматтарымен бірге келген шетелдіктер;
      4. Қазақстан Республикасымен байланысын растайтын құжаттардың иелері (ұлттық паспорттағы баған немесе Қазақстан Республикасында туғаны туралы куәлік, Қазақстан Республикасында жақын туысының жерленгені туралы құжаттың көшірмесі, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы анықтаманың көшірмесі);
      5. Қазақ диаспорасының өкілдері - шетелдіктер.

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2009 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 2105 қаулысымен     
бекітілген мемлекеттік   
қызмет стандартына     
3-қосымша         

Азаматтары Қазақстан Республикасына визасыз
тәртіппен келетін мемлекеттердің тізбесі

      1. Әзірбайжан Республикасы
      2. Армения Республикасы — бір айға дейінгі мерзімге
      3. Беларусь Республикасы
      4. Грузия Республикасы - 90 тәулікке дейінгі мерзімге
      5. Қырғыз Республикасы
      6. Молдова Республикасы - 90 тәулікке дейінгі мерзімге
      7. Монғолия - 90 тәулікке дейінгі мерзімге
      8. Ресей Федерациясы
      9. Тәжікстан Республикасы
      10. Өзбекстан Республикасы
      11. Түрік Республикасы - бір айға дейінгі мерзімге
      12. Украина - 90 тәулікке дейінгі мерзімге

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2009 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 2105 қаулысымен     
бекітілген мемлекеттік   
қызмет стандартына     
4-қосымша         

Мемлекеттік қызмет көрсетуге
___________________________________________________
(тұтынушының Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)

құжаттар қабылдау туралы
№_ТАЛОН

Қабылданған құжаттардың тізбесі:
1. __________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________
4. __________________________________________________________________
5. __________________________________________________________________
6. __________________________________________________________________
7. __________________________________________________________________
8. __________________________________________________________________
9. __________________________________________________________________

Қабылдаған:
____________________________________/ ________/ _____________________
(ІІД КҚПБ қызметкерінің лауазымы)      (қолы)         (Т.А.Ә.)

______ ж. «___» ___________________

Берілген күні және уақыты: ___ж. «___» ___сағат ____минут

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2009 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 2105 қаулысымен     
бекітілген мемлекеттік   
қызмет стандартына     
5-қосымша         

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің нысаналы келесі жылдағы мәні

Есепті жылдағы көрсеткіштің ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап қызметті белгіленген мерзімде ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)




2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




3. Қол жетімділігі

3.1. Қызмет көрсету сапасы мен оны көрсету туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




3.2. Ақпаратына электрондық форматта қол жеткізуге болатын қызметтердің %-ы (үлесі)




4. Шағымдану үдерісі

4.1. Қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізді шағымдардың %-ы (үлесі)




5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесі)




Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2009 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 2105 қаулысымен     
бекітілген мемлекеттік  
қызмет стандартына    
6-қосымша        

Талон
______________________________________________________________
(субъектінің атауы) Өтініш қабылдаған _______________________________________________
                             (маманның Т.А.Ә) 20_____ жылғы "___"______ сағ._____ мин._____

(өлшемі 75 мм х 55 мм)