"Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы N 1672 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 131 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 16.02.2015 № 100 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 4 желтоқсандағы, "Экологиялық қауіпті технологияларды, техниканы және жабдықтарды әкелуді реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы N 207-ө бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген N 4844, 2007 жылғы 17 тамыздағы N 126 (1329) "Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу ережелерінде:
      2-тармақтағы және барлық мәтін бойынша "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік)" деген сөздер "Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      барлық мәтін бойынша "Министрліктің", "Министрлікте", "аумақтық органдардың", "аумақтық органдармен", "аумақтық органдар", "аумақтық органның", деген сөздер "уәкілетті органның", "уәкілетті органда", "аумақтық бөлімшелердің", "аумақтық бөлімшелермен", "аумақтық бөлімшелер", "аумақтық бөлімшенің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақтағы "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органының - қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы - Министрліктің," деген сөздер алынып тасталсын;
      10-тармақ мынадай редакцияда баяндалсын:
      "10. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы мыналар жүзеге асырады:
      1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері – I санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу бөлігінде;
      Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санаттағы объектілерді уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы N 449 қаулысымен бекітілген критерийлерге сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен белгіленеді.
      2) жергілікті атқарушы органдар – II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама ұйымдастыру және жүргізу бөлігінде.";
      11-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда баяндалсын:
      "11) технологияларды, техниканы және жабдықтарды, соның ішінде Қазақстан Республикасына әкелінетіндерді, қолдану бойынша құжаттама;";
      12-тармақтың:
      1) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      "жобаның, ластаушы заттардың жер бетінің жақын қабатына шашырауын есептеудің, эмиссия мөлшерін негіздеудің электрондық нұсқасы "Excel" форматында;";
      4) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда баяндалсын:
      "су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекция (суды қорғау аумақтарында объектілерді орналастыру немесе қызметті жүзеге асыру кезінде);";
      4) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда баяндалсын:
      "орман шаруашылығы, жануарлар дүниесінің өсiмiн молайтуды және пайдалануды қорғау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган;";
      16-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда баяндалсын:
      "3) жобалық құжаттаманы уәкілетті органда қарастырған жағдайда – мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысына ұсыныстар мен ескертулер тиісті аумақтық органнан.";
      17-тармақ мынадай редакцияда баяндалсын:
      "17. Көлік құралдарын қоспағанда технологияларды, техниканы және жабдықтарды, соның ішінде Қазақстан Республикасына әкелінетіндерді қолдану бойынша құжаттамада:
      1) қоршаған ортаға әсерін бағалауы;
      2) ұйым стандарты (техникалық шарттар);
      3) қолдану бойынша нұсқаулығы (бар болған жағдайда);
      4) алдын ала өткізілген сынақтар (зерттеулер) жөніндегі материалдар (хаттамалар, анықтамалар, есептер);
      5) сәйкестілік сертификаттары;
      6) көлік құралдарын қоспағанда технологиялардың, техниканың және жабдықтардың, соның ішінде Қазақстан Республикасына әкелінетіндердің, технологиялық үрдістің сипаттамасы;
      7) Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы, қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі және техникалық реттеу салаларындағы уәкілетті органдармен келісу болуы тиіс.";
      мынадай мазмұндағы 17-1-тармағымен толықтырылсын:
      "17-1. Істен шыққан ұқсас техниканы, жабдықтарды ауыстыру үшін алынған техника, жабдық мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатпайды.";
      26-тармақтағы "қорытынды жобасына" деген сөздер "қорытындыға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      31-тармақ мынадай редакцияда баяндалсын:
      "31. Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысына қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның сараптау бөлімшелерінің, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары тиісті аумақтарда немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының сараптау бөлімшелерінің басшылары өз құзыреті шегінде қол қояды.";
      38-тармақ алынып тасталсын.
      2. Экологиялық реттеу және бақылау комитеті осы бұйрықты аумақтық бөлімшелердің, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мәліметіне жеткізсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Қоршаған ортаны қорғау министрі                   Н. Әшімов

      Келісілді:
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылық министрі
      __________ А. Күрішбаев
      2009 жылғы 15 қазан

      Келісілді:
      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрі
      __________ Ж. Досқалиев
      2009 жылғы 03 қазан

      Келісілді:
      Қазақстан Республикасы
      Жер ресурстарын басқару
      Агенттігінің Төрағасы
      __________ Ө. Өзбеков
      2009 жылғы 27 қазан

      Келісілді:
      Қазақстан Республикасы
      Энергетика және минералдық
      ресурстар министрі
      __________ С. Мыңбаев
      2009 жылғы 26 қазан