"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен, медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттарды сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі N 632 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 25, 298-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі N 632 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы N 448 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., N 17, 150-құжат).
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 қазандағы
N 1729 қаулысымен
бекітілген
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық
(иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық
техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру
және өткізу ережесі
1-бөлім. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық
(иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық
техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алудың негізгі
ережелері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 6-бабының 12) тармақшасына, 10-бабының 7) тармақшасына және 77-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды не мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлардың Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған, қызметінің негізгі мәні медициналық техниканы кейіннен қаржылық лизинг шарттарында денсаулық сақтау ұйымдарына беру үшін сатып алуды ұйымдастыру және өткізу болып табылатын ұйым (бұдан әрі – лизинг беруші) қаражатының есебінен денсаулық сақтау ұйымдарының қаржылық лизинг шарттарында сатып алуын ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.08 № 1415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының немесе бірыңғай дистрибьютордың аффилиирленген тұлғасы - (берілген өкілдіктерінің шеңберінде оның қызметін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) шешімдерді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютор қабылдайтын шешімдерге ықпал етуге, оның ішінде шартқа орай мүмкіндігі бар тұлға, сондай-ақ, оған қатысты тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының немесе бірыңғай дистрибьютордың сондай құқығы бар кез келген тұлға;
2) әлеуетті өнім берушінің аффилиирленген тұлғасы - шешімдерді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) осы әлеуетті өнім беруші қабылдайтын шешімдерге ықпал етуге, оның ішінде шартқа немесе өзге мәмілеге орай құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ оған қатысты аталған әлеуетті өнім берушінің сондай құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға;
3) тапсырыс берушілер – денсаулық сақтау саласының бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар және ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды және олармен аффилиирленген заңды тұлғаларды қоспағанда, осы Ережеге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тауарлар мен қызметтер сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
4) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютор (бұдан әрі - бірыңғай дистрибьютор) - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде сатып алуды ұйымдастыруды, оның нәтижелері бойынша өнім берушілермен өнім беру шарттарын жасасуды, сондай-ақ дәрілік заттармен қамтамасыз етуді, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тапсырыс берушілерге жеткізіп беру жөніндегі қызметтер ұсынуды жүзеге асыратын заңды тұлға;
5) сатып алу - тапсырыс берушінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді осы Ережеде белгіленген тәртіппен және тәсілдермен өз иелігіндегі ақшаның есебінен сатып алуы немесе осы Ережеде белгіленген тәртіппен және тәсілдермен дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды бірыңғай дистрибьютордың сатып алуы не Қазақстан Республикасының қаржылық лизинг туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен медициналық техниканы қаржылық лизинг шарттарында сатып алу;
6) дәрілік заттар - аурулардың профилактикасына, диагностикасына және оларды емдеуге, сондай-ақ ағзаның жай-күйі мен функцияларын өзгертуге арналған фармакологиялық белсенді заттарды білдіретін немесе оларды қамтитын заттар: дәрілік субстанция, табиғи шығу тегі бар дәрілік шикізат, дәрілік ангро- және балк- өнімдер, дәрілік препараттар, медициналық иммундық-биологиялық препараттар, парафармацевтикалар;
7) медициналық иммундық-биологиялық препараттар - инфекциялық және иммундық (аллергиялықты қоса алғанда) аурулардың өзіндік ерекшелігі бар профилактикасына, оларды диагностикалау мен емдеуге, басқа да аурулар мен физиологиялық жай-күйлерді иммунологиялық әдістердің көмегімен диагностикалауға, сыртқы орта объектілерінде инфекциялық агенттер мен олардың антигендерін индикациялауға арналған препараттар, иммундық жүйе арқылы емдік және профилактикалық әсерін тигізетін қан (алу тәсіліне қарамастан) препараттары;
7-1) медициналық техника – аурулардың профилактикасы, диагностикасы, емдеу, оңалту, медициналық сипаттағы ғылыми зерттеулер үшін медициналық мақсаттарда жеке, кешендерде немесе жүйелерде қолданылатын аппараттар, аспаптар және жабдық;
7-2) медициналық мақсаттағы бұйымдар – профилактикалық, диагностикалық және емдеу іс-шараларын жүргізу үшін пайдаланылатын бұйымдар мен материалдар: медициналық құрал-саймандар, стоматологиялық, шығыc, таңу және тігу материалдары, бекітетін таңғыштар мен құрылғылар, медициналық оптика бұйымдары;
8) біртектес тауарлар мен қызметтер – бірдей болмаса да, ұқсас сипаттамасы бар және ұқсас құрамдауыштардан тұратын тауарлар мен қызметтер, бұл оларға бірдей функцияларды орындауға және оларды өзара алмастыруға мүмкіндік береді;
9) биосимиляр - сапасы, қауіпсіздігі және тиімділігі бойынша бұрын тіркелген эталондық инновациялық биологиялық дәрілік затқа ұқсас деп мәлімделген және соған ұқсас халықаралық патенттелмеген атауы бар түрлендірілген биологиялық дәрілік зат;
10) әлеуетті өнім беруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға немесе сатып алу үдерісіне қатысатын заңды тұлға;
11) жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесі – біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат берген, сатып алудың жеңімпаздары деп танылған жағдайда шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушілер, шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған, сот шешімімен бұзушылық жіберген деп танылған, жосықсыз әлеуетті өнім берушілер тізбесіне осындай заңды тұлғаларды кіргізуге негіз болып табылған өнім берушілер туралы сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютер қалыптастыратын мәліметтер;
12) өнім беруші - осы Ережеге сәйкес жеткізу шартын жасасқан не Қазақстан Республикасының қаржылық лизинг туралы заңнамалық актілеріне сәйкес қаржылық лизинг шартын жасасқан заңды тұлға немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;
13) тендер - әлеуетті өнім берушілер арасында ашық бәсекелестікті көздейтін және сатып алу туралы шарттың неғұрлым тиімді талаптарын айқындауға бағдарланған сатып алу тәсілі;
14) екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер - сатып алудың неғұрлым темен бағасын айқындау рәсімдерін өткізу жолымен әлеуетті өнім берушілер арасында ашық бәсекелестікті көздейтін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды бірыңғай дистрибьютердың сатып алу тәсілі;
15) тендерлік құжаттама - әлеуетті өнім берушіге тендерлік өтінімді дайындау үшін тендерді ұйымдастырушы ұсынатын тендер өткізудің шарттары мен тәртібін қамтитын құжат;
16) тендерлік өтінім - әлеуетті өнім берушінің тендерлік құжаттамаға немесе осы Ереженің 10-тарауының ережелеріне сәйкес жасалған ұсынысы;
17) сатып алуды ұйымдастырушы – тапсырыс беруші немесе осы Ереженің 88-1-тармағына сәйкес сатып алуды ұйымдастыру үшін тапсырыс беруші немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тұлға;
18) отандық тауар өндіруші - Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын және "СТ-КZ" ішкі айналымы үшін тауардың шығарылған жері туралы сертификатты беру жөніндегі уәкілетті орган растаған жеткілікті қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес толығымен Қазақстан Республикасында өндірілген немесе қайта өңделген, тұтынуға (қолдануға) дайын тауарларды өндіретін заңды тұлға немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;
18-1) шетелдік өндіруші (дайындаушы зауыт) – шет мемлекеттің заңнамасы бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының резиденті емес және толығымен Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде өндірілген немесе қайта өңделген, белгіленген тәртіппен тауардың шығу тегі туралы сертификаттармен расталған тұтынуға (қолдануға) дайын тауарларды өндіретін шетелдік заңды тұлға;
19) тек бірыңғай дистрибьютордан сатып алуға жататын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімі (бұдан әрі – бірыңғай дистрибьютордың тізімі) – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жыл сайын әзірлейтін және бекітетін, дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атауларын немесе құрамын, медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауларын, сондай-ақ техникалық сипаттамаларын, жасалған ұзақ мерзімді жеткізу шарттарының болуы туралы ақпаратты қамтитын құжат. Бірыңғай дистрибьютордың тізіміне республикалық бюджет қаражатының есебінен сатып алынатын медициналық мақсаттағы бұйымдар енгізіледі;
19-1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган – индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласында басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
20) Қазақстан Республикасының резиденттері - Қазақстан Республикасының азаматтық және салық заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлғалар немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар;
20-1) Қазақстан Республикасының резидент еместері – Қазақстан Республикасының азаматтық және салық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын шетелдік жеке және заңды тұлғалар;
21) белгіленген баға - бірыңғай дистрибьютор өткізетін, өнім беруші бірыңғай дистрибьюторға дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізуге міндеттенетін сатып алу нәтижелері бойынша белгіленген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың құны;
22) фармацевтикалық қызмет - дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру, дайындау (медициналық техниканы қоспағанда), көтерме және бөлшек саудада өткізу бойынша денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылатын, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алуға (алуға), сақтауға, әкелуге, әкетуге, сапасын бақылауға, ресімдеуге, таратуға, пайдалануға және жоюға, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын қамтамасыз етуге байланысты қызмет;
23) босату бағасы - бір әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) шегінде фармацевтикалық қызметтерді сатып алу нәтижелері бойынша белгіленген дәрілік заттарды, мамандандырылған емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды босату бағасы;
24) шығындарды өтеу - облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті мемлекеттік органдарының (бұдан әрі - денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдары) өнім берушіге фармацевтикалық қызметтің құнын өтеу мөлшері;
25) ұзақ мерзiмдi жеткiзу шарты – осы Ережеде белгiленген тәртiппен тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету шеңберiнде бiрыңғай дистрибьютор Қазақстан Республикасының аумағында тиiстi өндiрiстiк практика стандарттарына сәйкес дәрiлiк заттардың, ISO стандарттарына сәйкес медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндiрісін құруға ниетi бар заңды тұлғамен жеті жылға дейiнгi мерзiмге жасайтын дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізуге арналған азаматтық-құқықтық шарт;
26) кепілдік берілген сервистік қызмет көрсету – шығыс материалдары мен тозатын тораптарды қоспағанда, жеткізілген медициналық техниканы тиісінше пайдалану және сақтау шартымен сатып алу шартында және қаржылық лизинг шартында келісілген мерзімге өнім беруші (дайындаушы, орындаушы) ұсынатын оны жарамды жай-күйде ұстау жөніндегі қызметтер кешені, ол техникалық қызмет көрсетудің, техникалық диагностикалаудың және жабдықты дефектациялаудың, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының, техникалық консультациялар мен оқытудың кез келген түрлерін қамтиды;
27) қаржылық лизинг шарты – лизинг беруші белгілі бір өнім берушіден мүлікті өз меншігіне сатып алуға және осы мүлікті лизинг алушыға уақытша иеленуге және пайдалануға ақылы түрде беруге міндеттенетін шарт, оның ішінде лизинг нысанасын сақтандыруды көздейді;
28) сатып алу туралы шарт – осы Ережеге және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес лизинг беруші/Тапсырыс беруші және өнім беруші арасында жасалған, жазбаша нысанда тіркелген, барлық қосымшаларымен және оған толықтырулармен, сондай-ақ шартта сілтемесі бар барлық құжаттамалармен бірге тараптар қол қойған шарт;
29) клиникалық-техникалық негіздеме – сұрау салынған медициналық техниканың қажеттілігі және оны қолдануға денсаулық сақтау ұйымдарының әзірлігі туралы ақпаратты қамтитын құжат;
30) лизинг бepуші – тартылған ақша және (немесе) өз ақшасы есебiнен лизинг нысанасын меншiгіне сатып алатын және оны лизинг алушыға қаржылық лизинг шартының талаптарымен беретiн лизинг мәмiлесiне қатысушы;
31) лизинг алушы – қаржылық лизинг шартының талаптарына орай лизинг нысанасын қабылдайтын денсаулық сақтау ұйымы (лизинг мәмiлесiне қатысушы);
32) лизинг төлемдері – қаржылық лизинг шартын жасасқан сәттегi баға бойынша лизинг нысанасының бүкіл құнының өтелуiн ескере отырып есептелуге тиiс және қаржылық лизинг шартының қолданылу мерзiмiне жүзеге асырылатын, қаржылық лизинг шарты қолданылатын мерзiмге қаржылық лизинг шарты бойынша төлемдердiң жалпы сомасын бiлдiретiн мерзiмдiк төлемдер, олар:
қаржылық лизинг шартына сәйкес лизинг берушiге лизинг нысанасын сатып алуға жұмсалған шығындарды және лизинг нысанасын сатып алуға, жеткiзуге және мақсаты бойынша пайдалану үшiн оны жұмыс iстейтiн күйге келтiруге тiкелей байланысты кез келген басқа шығыстарды өтеуді;
лизинг бойынша сыйақыны қамтиды;
33) біріздендіруді талап ететін медициналық техника – облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі медицина ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражатының есебінен сатып алынатын, біртекті медициналық қызметтерді көрсету үшін денсаулық сақтау ұйымдары сатып алатын бір үлгідегі техникалық сипаттамалары бар медициналық техника;
34) лизинг мерзiмi – қаржылық лизинг шартына сәйкес лизинг алушыға лизинг нысанасы уақытша иеленуге және пайдалануға берiлетiн мерзiм. Бұл ретте лизинг нысанасына лизинг берушінің меншік құқығын сақтай отырып, қаржылық лизинг шартын мерізімнен бұрын бұзу лизинг мерзімін өзгертуге әкеп соқтырмайды.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.05.26 № 474 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2011.02.22 N 163, 2011.04.07 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.08.31 № 983 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.05.16 № 629 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.11.08 № 1415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
2-тарау. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық
(иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және
медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді
сатып алудың принциптері мен тәсілдері
3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алу:
1) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы әрі тиімді жұмсау;
2) әлеуетті өнім берушілерге сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;
3) әлеуетті өнім берушілер арасында әділетті бәсекелестік;
4) сатып алу үдерісінің жариялылығы мен ашықтығы;
5) отандық тауар өндірушілерді қолдау принциптерін сақтай отырып жүргізіледі.
4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген - көлемін көрсетуге арналған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу үшін бөлінетін бюджет қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында дәрілік заттар уәкілетті орган белгілеген бағадан аспайтын бағамен сатып алынады.
5. Тендерді ұйымдастырушының жұмыскерлеріне, сондай-ақ аффилиирленген тұлғаларына, оның ішінде бірыңғай дистрибьютордың аффилиирленген тұлғаларына осы ережеде реттелетін сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға тыйым салынады.
Әлеуетті өнім берушінің және оның аффилиирленген тұлғасының бір лотқа қатысуға құқығы жоқ.
6. Сатып алуды ұйымдастырушының немесе бірыңғай дистрибьютордың жұмыскері, егер ол әлеуетті өнім берушінің лауазымды немесе сенімді тұлғасының жақын туысы (ата-анасы, жұбайы, ағалары, әпкелері, балалары) болып табылса не сатып алу нәтижелеріне басқалай жеке мүдделі болса, сатып алумен байланысты міндеттерді орындай алмайды;
7. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сатып алуды жүзеге асыру:
1) тапсырыс берушілердің және сатып алуды ұйымдастырушылардың сатып алуды жүзеге асыруы кезінде:
тендер өткізу;
баға ұсыныстарын сұрату;
бір көзден сатып алу;
бірыңғай дистрибьютордан сатып алынуы тиіс дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімі бойынша сатып алу;
2) бірыңғай дистрибьютор сатып алуды жүзеге асырған кезде:
екі кезеңдік рәсімді қолдану арқылы тендер өткізу;
бір көзден сатып алу;
жұқпалы және паразиттік аурулардың туындауы мен таралуының алдын алу, төтенше жағдайлардың салдарын болғызбау және жою үшін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі;
дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұзақ мерзімді жеткізу шарты бойынша сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі;
3) медициналық техниканы сатып алуды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тұлға ұйымдастырған кезде:
екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып тендер өткізу;
бір көзден сатып алу;
4) мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының қаржылық лизинг туралы заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен, денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық техниканы қаржылық лизинг шарттарымен сатып алуы тәсілдерімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.25 № 122, 2010.07.14 N 716, 2011.02.22 N 163, 2011.04.07 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.11.08 № 1415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
3-тарау. Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары
8. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы осы ереженің 7-тармағының 4) тармақшасында көзделген тәсілді қоспағанда, 7-тармағында көрсетілген тәсілдермен сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім беруші мынадай біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс:
1) фармацевтикалық қызметпен айналысуға лицензиясы болуы;
2) кәсіби біліктілікті меңгеру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының фармацевтика нарығында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуы (бұл талап өндірушілерге қолданылмайды);
3) жасасқан шарттар бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажет қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарының болуы;
4) шарттар жасасу үшін азаматтық құқықтық қабілеттілікті меңгеру;
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес сатып алуды өткізу сәтіне төлем төлеуге қабілетті болу, таратылуға жатқызылмауға тиіс, оның қаржы-шаруашылық қызметі тоқтатылмауға тиіс;
6) бірыңғай дистрибьютордың сатып алуды жүзеге асыруы кезінде жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесінде болмауы.
7) дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың әлеуетті өнім берушісінің сатып алу ұсынылатын дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы өндіруші не ресми өкіл мәртебесі болуы тиіс;
8) үш айдан асатын мерзімде салық берешегі болмауы тиіс.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.25 № 122, 2011.04.07 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
8-1. Дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндірушінің ресми өкілі мәртебесі бар дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың әлеуетті өнім берушісі тендердің бір лоты бойынша дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың бір ғана өндірушісін білдіреді.
Сатып алынатын негізгі медициналық техникамен жиынтықта бірге пайдалану үшін медициналық техника және/немесе медициналық мақсаттағы бұйым қосымша талап етілген жағдайда тендердің бір лоты бойынша медициналық техниканың әлеуетті өнім берушісінің екі және одан да көп өндірушілерді ұсынуға құқығы бар.
Ескерту. Ереже 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.02.25 № 122 Қаулысымен, жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.08 № 1415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
8-2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім берушіге қойылатын осы Ереженің 8-тармағында, 7) тармақшасын қоспағанда, 8-1, 10-тармақтарында көзделген талаптар инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу, төтенше жағдайларды болдырмау және олардың салдарын жою үшін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібіне қолданылмайды.
Ескерту. 3-тарау 8-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.07.14 N 716 Қаулысымен, өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.22 N 163 Қаулысымен.
9. Фармацевтикалық қызметтерді сатып алу кезінде әлеуетті өнім беруші мынадай біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс:
1) өткізу объектілеріне қосымшаларымен фармацевтикалық қызметпен айналысуға, оның ішінде өткізу объектілеріне қосымшаларымен есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметке лицензиясының болуы (құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттардың әлеуетті өнім берушілері ұсынады);
2) фармацевтика нарығында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуы (заңды тұлғаны қайта тіркеуге дейінгі тәжірибені қоса алғанда);
3) шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарының, оның ішінде дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада өткізу пункттерінің, білікті қызметкерлер (арнайы білімі, фармацевтика нарығында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі бар) амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді есепке алудың автоматтандырылған жүйесін жүргізу үшін компьютерлік техника және телекоммуникацияның байланыс құралдарының болуы;
4) шарттар жасасу үшін азаматтық құқықтық қабілеттілігі болуы;
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес сатып алуды өткізу сәтіне төлем төлеуге қабілетті болып табылуы, таратылуға жатқызылмауға, оның мүлкіне тыйым салынбауға, оның қаржы-шаруашылық қызметі тоқтатылмауға тиіс;
6) амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді есепке алудың автоматтандырылған жүйесін жүргізу үшін компьютерлік техника және телекоммуникацияның байланыс құралдарының болуы;
7) соттың заңды күшіне енген шешімінің негізінде фармацевтикалық қызметтерді сатып алу туралы соңғы екі жыл ішінде жасасқан шарттар бойынша өзінің міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылмаған болуы тиіс.
10. Әлеуетті өнім беруші өзінің кәсіби біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін сатып алуды ұйымдастырушыға, бірыңғай дистрибьюторға осы Ережеде көрсетілген құжаттарды ұсынады.
11. Сатып алуды ұйымдастырушы және бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушіге осы 3-тарауда көзделмеген біліктілік талаптарын қоюға құқығы жоқ.
4-тарау. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін
көрсету бойынша сатып алынатын және (фармацевтикалық қызметті
сатып алу кезінде) босатылатын дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық,
дезинфекциялық) препараттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар
мен медициналық техникаға қойылатын талаптар
12. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша сатып алынатын және (фармацевтикалық қызметті сатып алған жағдайда) босатылатын дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға мынадай талаптар қойылады:
1) Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды осы Ереженің 11-1-тарауында айқындалған ерекше тәртіппен сатып алу жағдайларын қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен органдық препараттардан басқа, дәрілік заттар, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар Қазақстан Республикасында тіркелген болуы және Кодекске және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік тіркеу тәртібіне сәйкес қолдануға дайын болуы тиіс;
2) төмен температураларда сақтауды және мұзданудан сақтауды талап ететін дәрілік заттар, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар тиеу пунктінен тұтынушының соңғы пунктіне дейін сақтауды қамтамасыз етуге арналған арнайы ыдыстарда сақталуы және тасымалдануы тиіс;
3) дәрілік заттар, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттар, медициналық мақсаттағы бұйымдарын таңбалау, тұтынушылық қаптамалау және қолдану жөніндегі нұсқаулық Кодекстің және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіптің талаптарына сәйкес болуы тиіс;
4) кемінде екі жыл жалпы жарамдылық мерзімі бар дәрілік заттар, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін жеткізу сәтіне жарамдылықтың қалған мерзімі жалпы жарамдылық мерзімінің кемінде елу пайызын құрауы тиіс (жарамдылықтың қалған мерзімі жеткізу сәтіне жалпы жарамдылық мерзімінің кемінде алпыс пайызын құрауы тиіс, кемінде екі жыл жалпы жарамдылық мерзімі бар дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін бірыңғай дистрибьюторға жеткізуді қоспағанда). Кемінде екі жыл жарамдылық мерзімі бар дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін жеткізу сәтіне жарамдылықтың қалған мерзімі кемінде он екі ай болуы тиіс (жарамдылықтың қалған мерзімі жеткізу сәтіне кемінде он төрт айды құрауы тиіс, кемінде екі жыл жарамдылық мерзімі бар дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін бірыңғай дистрибьюторға жеткізуді қоспағанда);
екі жылдан кем жарамдылық мерзімі бар, бірыңғай дистрибьютордың қоймасына өнім берушіден бұдан бұрын қабылданған тауардың ауыспалы қалдығы болып табылатын, тапсырыс берушіге жеткізілетін дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың жеткізу сәтіне жарамдылығының қалған мерзімі жалпы жарамдылық мерзімінің елу пайызынан кем болуы мүмкін, ал кемінде екі жыл жарамдылық мерзімі бар тауардың жарамдылық мерзімі жеткізу сәтіне өндіруші көрсеткен жалпы жарамдылық мерзімінен он екі айдан кем болуы мүмкін;
5) Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды осы Ереженің 11-1-тарауында айқындалған ерекше тәртіппен сатып алу жағдайларын қоспағанда, медициналық иммундық-биологиялық препараттардың өндіруші елде клиникалық немесе биобаламалылығы сыналғаны және Қазақстан Республикасында және (немесе) ТМД елдерінде кемінде бір жыл қолданылу тәжірибесі туралы дәйекті деректер болуы тиіс (бұл талаптар тендерді ұйымдастырушының және (немесе) бірыңғай дистрибьютордың қарауы бойынша белгіленеді);
6) Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды осы Ереженің 11-1-тарауында айқындалған ерекше тәртіппен сатып алу жағдайларын қоспағанда, биосимилярлардың дәрілік заттар айналымы саласындағы уәкілетті орган растаған сәйкестігі, клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі туралы деректері болуы тиіс.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.14 N 716; 2010.08.27 N 844 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.
13. Сатып алынатын медициналық техникаға мынадай талаптар қойылады:
1) медициналық техника Кодекске және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасында тіркелуі немесе Кодексте көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының аумағына уәкілетті органның рұқсатымен мемлекеттік тіркеусіз, жеткізілу сәтіне растау құжаттары ұсыныла отырып, әкелінуі тиіс;
2) медициналық техниканы таңбалау, тұтынушылық қаптамалау және қолдану жөніндегі нұсқаулық Кодекстің және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіптің талаптарына сәйкес болуы тиіс;
3) медициналық техника жаңа және бұрын пайдаланылмаған болуы тиіс;
4) өлшеу құралдарына жататын медициналық техника Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілуі тиіс не өнім беруші растау құжаттарын ұсына отырып, жеткізу сәтіне мұндай медициналық техниканы аталған тізілімге енгізу жөнінде міндеттеме қабылдауға міндетті.
14. Сатып алуды ұйымдастырушы және бірыңғай дистрибьютор сатып алынатын және босатылатын дәрілік заттар, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға осы тарауда көзделмеген талаптарды қоюға құқығы жоқ.
2-бөлім. Тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
Ескерту. 2-бөлімнің тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.25 № 122 Қаулысымен.
5-тарау. Тендер өткізу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру
тәртібі
1. Тендерді ұйымдастыру
15. Тендерді ұйымдастырушы алда болатын дәрілік затттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алу туралы тендерлік өтініштерді қабылдау аяқталатын күнге дейін кемінде күнтізбелік 20 күн бұрын аптасына үш реттен сиретпей шығарылатын және Қазақстан Республикасының аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялау және ақпаратты сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастыру жолымен әлеуетті өнім берушілерді хабардар етеді.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.08 № 1415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
16. Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың аяқталуы мен тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу үдерісінің басталуы арасындағы уақыт ұзақтығы екі сағаттан аспауы тиіс.
17. Осы ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарияланатын дәрілік заттарға, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға тендер өткізу туралы хабарландыруда мынадай мәліметтер болуы тиіс:
1) тендерді ұйымдастырушының атауы мен мекен-жайы;
2) сатып алынатын дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың халықаралық патенттелмеген атауы, сатып алынатын медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың тізбесі, сатып алу көлемі, жеткізу орны, әрбір лот бойынша сатып алу үшін бөлінген сомалар;
3) жеткізудің талап етілетін мерзімдері мен шарттары;
4) тендерлік құжаттаманы алу тәсілі және орны;
5) құжаттарды ұсыну орны және тендерлік өтінімдерді берудің соңғы мерзімі;
6) тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күні, уақыты және орны.
18. Осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарияланатын фармацевтикалық қызметті сатып алуды өткізу туралы хабарландыруда мынадай мәліметтер болуы тиіс:
1) тендерді ұйымдастырушының атауы мен почталық мекен-жайы;
2) сатып алынатын қызметтердің атауы;
3) қызметтерді көрсету мерзімі;
4) шарт жасасу үшін тендерлік құжаттаманы алу орны мен тәсілдері;
5) құжаттарды ұсыну орны мен өтінім берудің соңғы мерзімі;
6) тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күні, уақыты және орны.
19. Тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін оны ұйымдастырушы әрбір тендерге жеке тендерлік комиссия құрады және оның құрамын бекітеді.
20. Тендерлік комиссияның құрамына төраға, төрағаның орынбасары және тендерлік комиссияның мүшелері кіреді. Тендерлік комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ саннан тұруы және үш адамнан кем болмауы тиіс. Тендерлік комиссияның хатшысы тендерлік комиссияның мүшесі болып табылмайды және тендерлік комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды.
Тендерлік комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күнінен бастап сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейін жұмыс істейді.
Егер тендер өтпей қалды деп танылған немесе оның қорытындылары күшін жойған жағдайда, тендерлік комиссия өзінің қызметін тоқтатады.
21. Тендерлік комиссияның құрамына тендерді ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшылары немесе олардың орынбасарлары, сондай-ақ тендерді ұйымдастырушының және тапсырыс берушінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен мамандары кіреді.
22. Тендерлік комиссияның төрағасы тендерді ұйымдастырушы басшының орынбасарынан төмен емес тұлға болып табылады, ол комиссияның қызметін басқарады, комиссия отырыстарына төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды және оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады.
23. Тендерлік комиссияның хатшысы тендерді ұйымдастырушының қызметкері болып табылады. Тендерлік комиссияның хатшысы әлеуетті өнім берушілерге тендерлік құжаттаманы береді, әлеуетті өнім берушілерден тендерлік өтінімдер салынған конверттерді қабылдайды, тендерлік комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды және материалдарды дайындайды, комиссия отырыстарын өткізгеннен кейін оның хаттамаларын ресімдейді, түскен тендерлік өтінімдерді және тендерлік өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілердің ұсынған уақыты мен күні, әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (тендерлік өтінімдер салынған конвертті берген және конверттерді ашу рәсімінде қатысатын тұлғалар) көрсетілген конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімдеріне қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналын жүргізеді. Түскен тендерлік өтінімдерді және конверттерді ашу рәсімдеріне қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналы тігілуі, беттері нөмірленуі және соңғы беті тендерді ұйымдастырушының мөрімен бекітілуі тиіс.
24. Қажет болған жағдайда тендерді ұйымдастырушы клиникалық фармакологтар мен денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарынан немесе дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптауды жүзеге асыруға аккредиттелген ұйымдардың сарапшыларынан тұратын сараптама комиссиясын құрады.
25. Сарапшылар (құрылған жағдайда сараптама комиссиясы) әлеуетті өнім берушілер ұсынатын дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың тендерлік құжаттаманың талаптарына сәйкестігі бойынша сараптамалық қорытынды береді және тендерлік комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды. Сарапшылардың (сараптама комиссиясының) сараптама қорытындысын, егер ол тендерлік құжаттамада көзделген талаптар шегінде жасалған болса ғана тендерге ұсынылған тендерлік өтінімдерді бағалау және салыстыру және тендер жеңімпазын анықтау кезінде ескеріледі. Сараптама қорытындысы жазбаша түрде ресімделеді, оған сарапшылар (сараптама комиссиясының мүшелері) қол қояды және конкурсқа қатысуға рұқсат туралы хаттамаға қоса беріледі.
26. Тендерлік комиссияның отырысы тендерлік комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде өткізіледі. Тендерлік комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және егер отырысқа қатысып отырған тендерлік комиссия мүшелерінің жалпы санының басым бөлігі ол үшін дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы немесе ол болмаған кезде оның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
27. Тендерлік комиссия мүшелерінің бірі өндірістік немесе басқа себепен қатыспаған жағдайда тендерлік комиссия отырысының хаттамасында оның қатыспау себебі және осы фактіні растайтын құжатқа сілтеме көрсетіледі.
Егер тендерлік комиссия мүшелерінің қажетті саны болмауы себебінен белгіленген күні мен уақытында тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі тендерлік комиссия отырысы болмай қалған жағдайда, тендерлік комиссияның хатшысы тендерге ұсынылған тендерлік өтінімдер салынған конверттердің сақталуын қамтамасыз етеді және хабарланған мерзімнен 24 сағаттан кешіктірмей конверттерді ашуды өткізудің күні мен уақыты туралы хабарлайды. Бұл ретте жаңадан ұсынылған өтінімдер қабылданбайды.
Егер хатшы хабарлаған уақытта тендерлік комиссия мүшелерінің қажетті саны болмаған жағдайда, тендерді ұйымдастырушы тендерлік комиссияның қатыспаған мүшелерін ауыстыру бойынша, ауыстыру себебін көрсете отырып, өзгеріс енгізеді.
28. Тендерлік комиссия отырысының хаттамасына тендерлік комиссияның қатысқан барлық мүшелері, төраға, оның орынбасары және хатшысы қол қояды.
29. Тендерді ұйымдастырушы тендерлік құжаттаманы әзірлейді және бекітеді, бұл бюджеттік бағдарлама әкімшісінің интернет-ресурсында орналастырылуы тиіс және онда мыналар болуы тиіс:
1) тендерлік құжаттаманның құрамы, осы Ереженің 3, 4-тарауларының талаптарына сәйкестігін растау үшін әлеуетті өнім беруші ұсынуы тиіс құжаттардың тізбесі;
2) сатып алынатын дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сипаттамасы, техникалық өзіндік ерешеліктерді қоса алғанда, олардың қажетті техникалық және сапалық сипаттамалары;
3) сатып алынатын дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың саны (көлемі), әрбір лот бойынша сатып алуға бөлінген сома;
4) жеткізуде талап етілетін мерзімдер мен шарттар, орны;
5) төлем шарты және сатып алу туралы шарттың жобасы;
6) бағада тасымалдауға және сақтандыруға шығыстарды, кедендік баждарын, салықтарды, алымдарды және тауарлардың құнынан басқа өзге де төлемдерге шығыстар сияқты элементтердің қамтылуына қатысты нұсқауларды қоса алғанда, тендерлік өтінімнің бағасын есептеу тәсілдері мен әдістемесі;
7) тендерлік өтінімнің бағасы көрсетілуі тиіс валюта немесе валюталар, тендерлік өтінімдер бағаларын оларды салыстыру және бағалау мақсатында бірыңғай валютаға келтіру үшін қолданылатын курс;
8) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес тендерлік өтінімді, сатып алу туралы шарттарды құру және ұсыну тіліне қойылатын талаптар;
9) тендерлік өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар;
10) тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді енгізу тәртібі, нысаны, мерзімдері;
11) тендерлік өтінімді ұсынудың аяқталу мерзіміне дейін тендерлік өтінімді өзгертуге немесе қайтарып алуға өнім берушінің мүмкіндігін көрсету;
12) тендерлік өтінімді ұсынудың орны мен соңғы мерзімі және олардың қолданылу мерзімі;
13) тендерлік құжаттаманың мазмұны бойынша әлеуетті өнім берушілер түсініктеме сұрай алатын тәсілдер, сондай-ақ аталған кезеңде тендерді ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушілермен ашық нысанда өтетін және хаттамаланатын кездесу өткізуге ниеті туралы хабарлама;
14) тендерлік өтінімдерімен коверттерді ашу орны, күні және уақыты;
15) тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу және тендерлік өтінімдерді қарау кезінде пайдаланылатын рәсімдер;
16) әлеуетті өнім берушілер - отандық тауар өндірушілерге басымдық беру туралы шарт;
17) сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді енгізу шарты, нысаны, көлемі мен тәсілі.
30. Сатып алуды жүзеге асыру кезінде тендерді ұйымдастырушы бір текті тауарларды оларды жеткізу орны бойынша лоттарға бөле алады.
Бір текті тауарлардың бірнеше түрлерін сатып алуды жүзеге асыру кезінде тендерді ұйымдастырушы тауарлардың бір текті түрлері бойынша және (немесе) оларды жеткізу орны бойынша оларды лоттарға бөле алады.
31. Әлеуетті өнім беруші тендерді ұйымдастырушыдан тендерлік өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей тендерлік құжаттамаға түсініктеме сұрауға құқылы. Тендерді ұйымдастырушы өтінімді алған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей сұраным жасаған авторды көрсетпей тендерлік құжаттама берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге тиісті түсініктеме жіберуі тиіс.
32. Тендерді ұйымдастырушы тендерлік өтінімді ұсынудың соңғы мерзіміне дейін жеті күнтізбелік күннен кешіктірмей жеке бастамасымен немесе әлеуетті өнім берушілердің сұранымына жауапқа тендерлік құжаттамаға өзгерістер енгізуге құқылы.
Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және олар туралы тендерлік, құжаттама берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге дереу хабарланады. Бұл ретте тендерді ұйымдастырушы тендерлік өтінімдердегі осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімін кемінде бес жұмыс күніне ұзартады.
33. Тендерді ұйымдастырушы тендер шарттарын түсіндіру үшін тендерлік құжаттамада көрсетілген белгіленген орында және белгіленген уақытта әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізуге құқылы.
Көрсетілген кездесуді өткізу кезінде мазмұнында кездесу барысында тендер шарттарын түсіндіру бойынша берілген сұрақтар мен жауаптар бар хаттама жасалады, бұл кездесу қорытындысы бойынша тендерлік құжаттама ұсынылған барлық әлеуетті өнім берушілерге дереу жіберіледі.
34. Фармацевтикалық қызметтерді сатып алу үшін тендерді ұйымдастырушы тендерлік құжаттаманы әзірлейді және бекітеді, онда мынадай ақпаратты көрсетеді:
1) тегін босатылатын, халықаралық патенттелмеген атауларымен дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі мен көлемдері;
2) өтеу коэффициенті көрсетіле отырып, жеңілдік шарттармен босатылатын, халықаралық патенттелмеген атауларымен дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі мен көлемдері;
3) фармацевтикалық қызметтерді ұсыну қажет елді мекендер пункттерінің тізбесі;
4) осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген қызметтердің өнім берушілеріне қойылатын талаптар;
5) мамандардың біліктілігін, мамандығы бойынша жұмыс өтілін көрсете отырып, олардың саны туралы мәліметтер;
6) амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді есепке алудың автоматтандырылған жүйесін жүргізу үшін компьютерлік техника және телекоммуникацияның байланыс құралдарының болуы туралы мәлімет;
7) осы Ереженің 4-тарауында көрсетілген, босатылатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға қойылатын талаптар;
8) осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған қызметтердің өнім берушілерімен шарттың үлгі нысаны;
9) конверттерді ашу орны, күні мен мерзімі.
35. Сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютор құрған жосықсыз әлеуетті өнім берушілер тізбесі бірыңғай тізбе құру үшін және оның интернет-ресурсында орналастыру үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.31 № 983 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Тендерлік өтінімдердің қолданылу мерзімі, мазмұны, оларды ұсыну, өзгерту және қайтарып алу
36. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін тендерлік құжаттамаға сәйкес жасалған тендерлік өтінімді мөрленген түрде тендерді ұйымдастырушыға ұсынады.
37. Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін ұсынылған тендерлік өтінімдер ашылмайды және оны ұсынған әлеуетті өнім берушіге қайтарылады.
38. Тендерге қатысу үшін әлеуетті өнім беруші ұсынған тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімі қырық бес күнтізбелік күннен кем болмауы тиіс.
Қолданылу мерзімі тендер шартында көрсетілген мерзімнен қысқа тендерлік өтінім қайтарылады.
39. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімі мыналарды қамтуы тиіс:
1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес тендерге қатысуға өтінім. Осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізімдемесі электрондық нұсқада міндетті түрде беріледі;
2) әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар:
дәрілік заттарды, Диммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіруге және/немесе көтерме, бөлшек саудада өткізуге әлеуетті өнім берушінің құқығын растайтын лицензиялардың нотариаттық куәландырылған көшірмелері;
тиісті мемлекеттік орган (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін) берген, заңды тұлғаның білімінсіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың нотариаттық куәландырылған көшірмесі;
бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлік баланстың түсіндірме жазбасымен бірге түпнұсқасы немесе нотариаттық куәландырылған көшірмесі. Егер конверттерді ашу ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде жүргізілген жағдайда, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы бухгалтерлік баланстың түсіндірме жазбасымен бірге түпнұсқасы немесе нотариаттық куәландырылған көшірмесі ұсынылады;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті аудит жүргізу белгіленген заңды тұлғалардың соңғы қаржы жылындағы аудиторлық есебінің түпнұсқасы немесе нотариаттық куәландырылған көшірмесі. Егер конверттерді ашу ағымдағы жылдың 1 маусымына дейінгі мерзімде жүргізілген жағдайда, соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы аудиторлық есептің түпнұсқасы нотариаттық куәландырылған көшірмесі ұсынылады;
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің нотариаттық куәландырылған көшірмесі, жеке куәлігінің немесе төлқұжатының көшірмесі (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін);
заңды тұлға үшін Жарғының нотариаттық куәландырылған көшірмесі (егер Жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмеген жағдайда, акцияларды ұстаушылардың тізілімінен үзінді көшірме немесе құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді көшірме немесе құрылтай шартының нотариаттық куәландырылған көшірмесі);
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес төлем мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірілмей берілген, үш айдан асқан Қазақстан Республикасы бойынша салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқтығы (болуы) туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының салық органы басшысының не орынбасарының қолымен және аталған салық органының мөрімен бекітілген түпнұсқасы;
әлеуетті өнім беруге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолы және мөрі бар әлеуетті өнім берушінің осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші бірнеше банктің немесе банк филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылған жағдайда, бұл анықтама осындай банктердің немесе банк фидиалдарының әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама тендірлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірмей берлуі тиіс. Анықтамаға қол қойған лауазымды тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың болмауы осындай әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп тану үшін негіздеме болып табылмайды;
біліктілігі, мамандығы бойынша жұмыс өтілі көрсетіле отырып, мамандардың болуы және саны туралы мәлімет,;
егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының салық органынан осы әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының резиденті еместігі және салық есебіне тұрмайтыны туралы анықтаманың түпнұсқасы немесе нотариаттық куәландырылған көшірмесі беріледі;
3) осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес жеткізілетін дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың, қосалқы қызметтердің құнын қоса алғанда, түпкі бағасын құрайтын, әлеуетті өнім берушінің барлық нақты шығындары қамтылуға тиіс әлеуетті өнім беруші ұсынатын баға кестесі;
4) техникалық өзіндік ерекшеліктер doc* форматындағы қағаз және электрондық түрде;
5) ұсынылатын қосалқы қызметтер;
6) тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді енгізуді растайтын құжаттардың түпнұсқасы;
7) ұсынылатын дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың, фармацевтикалық қызметтердің осы Ережеде көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар;
7-1) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары берген «суыту тізбегі» болуы қажет болған жағдайда дәрілік заттар айналымы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері берген дәрілік заттарды сақтау мен тасымалдау үшін жағдайдың бар-жоғын тексеру актісі (актілер өтінімдер салынған конверттерді ашу күніне дейін бір жылдан кешіктірілмей берілуі тиіс);
8) тендерлік құжаттамаға сәйкес ұсыну үшін қажетті басқа да құжаттар.
Ескерту. 39-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.05. 26 № 474 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2010.08.27 N 844 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2011.02.22 N 163, 2011.08.31 № 983 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.11.08 № 1415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
40. Осы Ереженің 39-тармағында көзделген құжаттардан басқа, дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымдардың әлеуетті өнім берушісінің тендерлік өтінімінде мынадай құжаттар болуы тиіс:
1) дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндірушілермен не өндірушінің ресми өкілдерімен (дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың көлемдері мен тізбесі көрсетілген) шарттардың нотариаттық куәландырылған көшірмелері.
Ескерту. 40-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.08.27 N 844 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
40-1. Осы Ереженің 39-тармағында көзделген құжаттардан басқа, медициналық техниканың әлеуетті өнім берушісінің тендерлік өтінімінде өндірушінің не сатып алу ұсынылатын медициналық техниканы өндірушінің ресми өкілінің мәртебесін растайтын құжаттың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі болуы тиіс.
Ескерту. Ереже 40-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.02.25 № 122 Қаулысымен.
41. Әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімді ұсынудың мерзімі аяқталғанға дейін өзінің тендерлік өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы. Бұл ретте ол өзінің тендерлік өтінімінің кепілдік қамтамасыз етілуін қайтарып алуға құқылы.
Әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімді қайтарып алу туралы хабарламасы тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімінен кешіктірілмей, сатып алуды ұйымдастырушыға жазбаша түрде жіберілуі тиіс.
42. Тендерлік өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін тендерлік өтінімдерге өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
43. Тендерлік өтінімді әлеуетті өнім беруші беттері нөмірленген тігілген түрде ұсынады және соңғы беті мөрімен куәландырылады.
Тендерлік өтінімнің техникалық өзіндік ерекшелігі (тігілген түрде, беттері нөмірленген, соңғы беті заңды тұлғаның немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның қолымен және мөрімен бекітілген болуы тиіс), кепілдікті қамтамасыз етудің түпнұсқасы тендерлік өтінімге жеке қоса беріледі және осы Ереженің 46-тармағына сәйкес ресімделген тендерлік өтініммен бір конвертке салынып, жабылады.
Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.16 № 629 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
44. Тендерлік өтінім басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы тиіс.
45. Тендерлік өтінімде әлеуетті өнім берушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауы тиіс.
46. Әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуға өтінімді конвертке желімдейді. Конвертте әлеуетті өнім берушінің атауы мен заңды мекен-жайы көрсетілуі тиіс. Конверт Тендерлік құжаттамада көрсетілген мекен-жай бойынша тендерді ұйымдастырушыға жіберілуі және мынадай жазулар болуы тиіс: "____________________ сатып алу жөніндегі тендер (тендердің атауы көрсетіледі)" және "________________ дейін ашпаңыз" (тендерлік құжаттамада көрсетілген конверттерді ашу күні және уақыты көрсетіледі)".
3. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз өту
47. Әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімді берген кезде сатып алынатын дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алу үшін бөлінген сомадан үш пайыз мөлшерінде екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, тендерді өткізу туралы хабарландыруда көзделген шарттарда оның тендерлік өтінімінде ұсынылған лоттар бойынша бір мезгілде кепілді міндеттеме енгізеді.
Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.31 № 983 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
48.Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету:
1) банкте орналастырылатын ақшалай кепілдік;
2) сатып алуды ұйымдастырушыға осы Ережеге 6 немесе 6-1-қосымшаларға сәйкес осы Ереженің 88-1-тармағына сәйкес бірыңғай дистрибьютерге немесе сатып алуды ұйымдастырушыға банктік кепілдік.
Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді әлеуетті өнім беруші ақшалай кепілдік түрінде тендерді ұйымдастырушының тиісті шотына енгізеді.
Ескерту. 48-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.08.31 № 983 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
49. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімінен кем болмауы тиіс.
50. Тендерді ұйымдастырушы тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді бес жұмыс күні ішінде туындаған мынадай жағдайларда:
1) тендер жеңімпазын қоспағанда, тендерлік өтінімнің мерзімі асқан;
2) әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін тендерлік өтінімді кері қайтарып алған;
3) тендерлік өтінім тендерлік құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп қабылдамаған;
4) басқа өнім беруші тендер жеңімпазы деп танылған кезде;
5) тендер жеңімпазы анықталмастан, сатып алу рәсімдері тоқтатылған;
6) сатып алу туралы шарттың күшіне енуі және тендерлік құжаттамада көзделген сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді тендер жеңімпазының енгізу сәтінен бастап кері қайтарады.
51. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету тендерлік өтінімді ұсынған және оны қамтамасыз ету, егер әлеуетті өнім беруші:
1) тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі асқаннан кейін тендерлік өтінімді кері қайтарып алса немесе өзгертсе;
2) тендер жеңімпазы болып анықталса, бірақ сатып алу туралы уақтылы шарт жасаспаған жағдайларда әлеуетті өнім берушіге қайтарылмайды.
52. Тендерлік өтінімді ұсынған кезде бір мезгілде шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын әлеуетті өнім берушілер сатып алынатын дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасының, фармацевтикалық қызметтер құнының бір жарым пайызы мөлшерінде тендерлік құжаттамада көзделген тәсілімен және шарттарда оның тендерлік өтінімінде ұсынылған нысанда тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді енгізеді.
4. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу
53. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді тендерлік комиссия тендерлік құжаттамада көрсетілген уақытта, мерзімде және орында ашады.
Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері қатысуға құқылы.
54. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде тендерлік комиссияның хатшысы қатысушы тұлғаларға тендерге қатысушы әлеуетті өнім берушілердің атауы мен мекен-жайын, олардың ұсынған бағаларын, жеткізу және төлеу шарттарын, егер құжатта көрсетілген болса өтінімдерін кері қайтару және өзгерістер, тендерлік өтінімді құрайтын құжаттардың болуы туралы ақпаратты хабарлайды және аталған ақпаратты тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасына тіркейді.
5. Тендерлік өтінімдерді бағалау және салыстыру
55. Тендерлік өтінімдерді бағалау және салыстыру кезінде:
1) тендерлік комиссия әлеуетті өнім берушілерден олардың тендерлік өтінімдеріне байланысты тендерге қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін түсіндірулерді сұратуға құқылы;
2) біліктілік талаптары мен тендерлік құжаттаманың талаптарына сай келмейтін тендерлік өтінімдерді осы талаптарға сәйкес келтіру үшін сұратуларға, ұсыныстарға немесе толықтыруларға жол берілмейді.
56. Тендерлік комиссия, егер:
1) әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
2) тендерлік құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді енгізбесе;
3) осы тендерлік өтінім тендерлік құжаттаманың талаптарына сәйкес келмесе;
4) әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерінің бағасы сатып алу үшін бөлінген сомадан артық болса, тендерлік өтінімді қабылдамайды;
57. Тендерлік комиссия мынадай жағдайларда:
1) осы Ережеде көзделген жағдайларды қоспағанда, тендерге қатысу үшін біліктілік талаптарын қанағаттандырған екіден кем әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінім бергенде;
2) барлық ұсынылған тендерлік өтінімдер тендерлік құжаттаманың талаптарына сай келмейді деп қабылдамағанда;
3) тендерге қатысуға тек бір әлеуетті өнім беруші ғана өтінім берсе, тендерді тұтастай немесе оның қандай да бір лоты өтпей қалды деп таниды.
Ескерту. 57-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.08.27 N 844 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
58. Егер тендер тұтастай немесе оның қандай да бір лоты өтпей қалды деп танылса, тендерді ұйымдастырушы қажет болған жағдайда тендердің шарттарын өзгертеді және тендерді қайта өткізеді.
59. Тендерлік комиссия тендерге қатысу үшін қабылданған тендерлік өтінімдерді бағалайды және салыстырады әрі ең төмен баға негізінде жеңімпаз өтінімді айқындайды.
60. Тендерлік комиссия тендерлік өтінімдер салынған конверттер ашылған күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде тендер қорытындысының хаттамасын ресімдеу жолымен тендер қорытындысын шығарады.
61. Тендерге қатысқан әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тендер қорытындысына шағым жасай алады.
6. Тендер қорытындылары туралы хаттама
62. Дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы және фармацевтикалық қызметтерді тендер тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде тендерлік комиссия тендер қорытындылары туралы хаттама ресімдейді, онда мынадай ақпараттар қамтылуға тиіс:
1) сатып алынатын дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық- биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың, фармацевтикалық қызметтердің атауы және қысқаша сипаттамасы;
2) сатып алу үшін бөлінген сома;
3) тендерлік өтінім берген әлеуетті өнім берушілердің атауы және орналасқан жері;
4) тендерлік өтінім ұсынған әлеуетті өнім берушілердің біліктілік деректері;
5) тендерлік құжаттамаға сәйкес әрбір тендерлік өтінімнің бағасы және басқа шарттары;
6) тендерлік өтінімдерді бағалауды және салыстыруды баяндау;
7) тендерлік өтінімдер қабылданбаған жағдайда - оларды қабылдамау негіздемесі;
8) әрбір лот бойынша тендер жеңімпазының атауы мен орналасқан жері және олар бойынша жеңімпаз белгіленген шарттар;
9) әрбір лот бойынша жеңімпаз ұсынысынан кейін ұсынысының артықшылығы екінші болып табылатын тендерге қатысушының атауы мен орналасқан жері;
10) егер тендердің нәтижесінде жеңімпаз анықталмаған болса - тендерлік комиссияның осындай шешім қабылдауының негіздемесі;
11) сатып алу туралы шарт жасалуы тиіс (бірақ тендердің жеңімпазы хаттама қорытындысын алған сәттен бастап он күнтізбелік күннен аспайтын) мерзім;
12) сараптама комиссиясын тарту туралы ақпарат.
63. Тендерді ұйымдастырушы тендердің қорытындылары шыққан күнінен бастап үш күнтізбелік күн ішінде әлеуетті өнім берушілерге хабарлама және хаттама қорытындысының көшірмесін жіберу жолымен тендерге қатысқан барлық әлеуетті өнім берушілерді жазбаша хабардар етеді.
7. Сатып алу туралы шарт жасасу тәртібі
64. Тендерді ұйымдастырушы тендердің қорытындылары шыққан күнінен бастап бес күнтізбелік күн ішінде әлеуетті - өнім берушіге осы Ережеге 7 және 9-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жасалатын сатып алу туралы қол қойылған шартты жібереді.
65. Сатып алу туралы шарт, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, оған тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған сәтінен бастап күшіне енеді.
66. Тендердің жеңімпазы қол қойылған сатып алу туралы шартты алған сәттен бастап он жұмыс күнінің ішінде қол қояды немесе тендерді ұйымдастырушыны келіспеушіліктері туралы немесе шартқа қол қоюдан бас тартатындығы туралы жазбаша хабардар етеді.
67. Егер тендердің жеңімпазы болып танылған әлеуетті өнім беруші тендерді ұйымдастырушыны келіспеушіліктері туралы хабарламай, осы Ереженің 66-тармағында белгіленген мерзімде сатып алу туралы шартқа қол қоймаса, тендерді ұйымдастырушы жеңімпаз ұсынысынан кейін ұсынысының артықшылығы екінші болып табылатын тендердің басқа қатысушысымен сатып алу туралы шарт жасасуға құқылы, бұл тендердің қорытындысы туралы хаттамамен расталады.
68. Өнім берушіні таңдауға негіз болған (баға, сапа) ұсыныстар мазмұнын өзгерте алатын сатып алу шартының жобасына немесе қол қойылған сатып алу туралы шартқа немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шартқа қандай да бір өзгерістер және (немесе) жаңа талаптар (бағаны азайтуды қоспағанда) енгізуге жол берілмейді.
Өнім берушіні таңдау үшін негіз болған баға мен сапасын өзгертпеген жағдайда және басқа жағдайларда сатып алу туралы шарттың жобасына немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарттың жобасына немесе қол қойылған сатып алу туралы шартқа немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шартқа сатып алу көлемін өзгерту бөлігінде өзгерістер енгізуге жол беріледі.
69. Тендерді ұйымдастырушы сатып алу туралы шартқа қол қойылғанға дейін шарт сомасын азайту мақсатында тендердің жеңімпазы деп танылған әлеуетті өнім берушімен келіссөз жүргізуге құқылы. Әлеуетті өнім беруші мұндай азайтуға келіспеуге құқылы, бұл ретте тендерді ұйымдастырушының дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алу бойынша тендердің жеңімпазы деп танылған әлеуетті өнім берушімен шартқа қол қоюдан бас тартуға құқығы жоқ.
Егер сатып алу туралы шартты орындау үдерісінде осыған ұқсас сатып алынатын дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың бағалары азаю жағына өзгерген жағдайда тендерді ұйымдастырушы мен өнім берушінің өзара келісімі бойынша сатып алу туралы шартқа осы тармақтың ережелері ескеріле отырып, тиісті өзгерістер енгізілуі мүмкін.
8. Сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізу тәртібі
70. Сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету мынадай түрде ұсынылуы мүмкін:
1) банкте орналастырылатын ақшалай кепілдік;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес берілген банк кепілдігі.
Ақшалай кепілдік түрінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді әлеуетті өнім беруші тендерді ұйымдастырушының тиісті шотына салады.
Сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету мөлшері шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайды.
Егер шарттың сомасы тиісті қаржы жылына екі мың есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспаған жағдайда, шартты орындауды қамтамасыз ету енгізілмейді.
71. Егер тендерлік құжаттамада тендерді ұйымдастырушы мемлекеттік мекеменің атынан шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ақшалай кепілдік түрінде енгізуді көздесе, онда олар тендерлік құжаттамада көрсетілген тендерді ұйымдастырушының тиісті табыс кодына салынады.
72. Шартты орындауды қамтамасыз етудің мазмұнын, нысаны мен енгізу шартын осы Ережеге сәйкес тендерді ұйымдастырушы айқындайды, тендерлік құжаттамада көрсетіледі және сатып алу туралы шартта ескеріледі.
73. Өнім беруші сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді егер осы шартта өзгеше көзделмесе, өнім беруші шарт күшіне енгеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде енгізеді.
9. Фармацевтикалық қызметтердің өнім берушілеріне шығындарды
өтеу тәртібі
74. Денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдары бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларында көзделген қаражаттың шегінде берілген рецептілер тізілімін салыстыру негізінде орындалған жұмыстардың актілеріне сәйкес нақты көрсетілген қызметтер үшін фармацевтикалық қызметтердің өнім берушілеріне ай сайын шығындарын өтейді.
75. Фармацевтикалық қызметтердің өнім берушілеріне өтеу сомасын денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдары Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар халықты тегін немесе жеңілдікпен-берілетін дәрілік заттармен және арнайы емдік өнімдермен қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган бекіткен дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесіне сәйкес төлейді. Шарт сомасы нақты көрсетілген қызметтердің көлемі ескеріле отырып түзетілуі мүмкін.
6-тарау. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге
асыру тәртібі
76. Егер бірыңғай дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алудың жылдық көлемі құндық тұрғыдан тиісті қаржы жылына заңнамамен белгіленген екі мың есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспаса, баға ұсыныстарын сұратумен сатып алу пайдаланылуы мүмкін.
77. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды қолдану мақсатында бірыңғай дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алудың жылдық көлемін қаржы жылының ішінде бөліктерге ұсақтауға жол берілмейді.
77-1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.02.04 № 66 (2010.03.10 бастап қолданыста болады) Қаулысымен.
77-2. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды уәкілетті орган белгілеген мөлшерден аспайтын баға бойынша отыз күнге дейінгі қажеттілік кезеңіне сатып алуға дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың атаулары бойынша жеткізу мерзімдерін Бірыңғай дистрибьютордың бұзуына байланысты тегін медициналық көмектің (жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек) кепілдік берілген көлемін уақтылы көрсету үшін тапсырыс берушілерде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қалдықтары болмаған жағдайда жол беріледі.
Ескерту. Ереже 77-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.26 № 474 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен, жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.31 № 983 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
78. Тапсырыс беруші осы Ережеге 5-қосымшада көрсетілген нысан бойынша өзара аффилиирленбеген кемінде екі әлеуетті өнім берушіден баға ұсыныстарын сұратады және түскен барлық ұсыныстарды қарайды.
Әрбір әлеуетті өнім беруші жазбаша түрде ресімделген тек бір ғана баға ұсынысты береді.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу кезінде қойылатын біліктілік талаптарына ең темен баға ұсынған әлеуетті өнім берушінің сәйкестігін растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
1) әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар:
дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагаостикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіруге және/немесе көтерме, бөлшек саудада өткізуге әлеуетті өнім берушінің құқығын растайтын лицензиялардың нотариаттық куәландырылған көшірмелері;
тиісті мемлекеттік орган (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін) берген, заңды тұлғаны құрусыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың нотариаттық куәландырылған көшірмесі;
бірінші басшының немесе оның міндетін атқарушының қолы қойылған соңғы қаржы жылдың бухгалтерлік баланстың нотариаттық куәландырылған көшірмесі;
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің нотариаттық куәландырылған көшірмесі, жеке куәлігінің немесе төлқұжатының көшірмесі (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін);
заңды тұлға үшін Жарғының нотариаттық куәландырылған көшірмесі (егер Жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмеген жағдайда, акцияларды ұстаушылардың тізілімінен үзінді көшірме немесе құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді көшірме немесе құрылтай шартының нотариаттық куәландырылған көшірмесі);
Қазақстан Республикасы бойынша салық төлеушінің салық қарызының, міндетті зейнетақы және әлеуметтік бөліп шығару қарызының жоқтығы (бары) туралы анықтаманың түпнұсқасы;
әлеуетті өнім беруге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолы және мөрі бар әлеуетті өнім берушінің осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші бірнеше банктің немесе банк филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылған жағдайда, бұл анықтама осындай банктердің немесе банк филиалдарының әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама тендірлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірмей берлуі тиіс. Анықтамаға қол қойған лауазымды тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың болмауы осындай әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп тану үшін негіздеме болып табылмайды;
біліктілігі, мамандығы бойынша жұмыс өтілі көрсетіле отырып, мамандардың болуы және саны туралы мәлімет;
егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының салық органынан осы әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының резиденті еместігі және салық есебіне тұрмайтыны туралы анықтаманың түпнұсқасы немесе нотариаттық куәландырылған көшірмесі беріледі;
2) ілеспелі қызметтер құнын қосқанда жеткізілетін дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың соңғы бағасын құраушы әлеуетті өнім берушінің барлық нақты шығындары құрамына енгізілген әлеуетті өнім беруші ұсынып отырған бағалар кестесі;
3) техникалық ерекшелік;
4) ұсынылатын ілеспелі қызметтер;
5) ұсынылып отырған дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың, фармацевтикалық қызметтердің осы Ережеде көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар.
Ескерту. 78-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.08.27 N 844 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2011.02.22 N 163, 2011.04.07 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.05.16 № 629 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.11.08 № 1415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
7-тарау. Бір көзден сатып алу және оны қолдану шарттары
79. Бір көзден сатып алу - бұл мынадай жағдайларда:
1) тендер жарамсыз деп танылған жағдайларды қоспағанда тендер өтпей қалды деп танылғанда;
2) балама болмаған кезде дәрілік заттар, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар немесе медициналық техника тек бір өнім берушіде ғана бар болғанда;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте төтенше жағдайларды хабарлау салдарынан осы дәрілік заттарға және медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға жедел қажеттілік туындайды, бұл тендерлер өткізу мүмкіндігін болдырмағанда;
4) қалдық жоқ болған кезде, тендердің қорытындысы шыққанға дейінгі кезеңге ағымдағы қажеттіліктегі дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен фармацевтикалық қызметті сатып алуды жүзеге асырудағы қажеттілік болғанда жүргізілетін сатып алу тәсілі.
Ескерту. 79-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.08.31 № 983 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
80. Бір көзден сатып алуды жүзеге асыру кезінде сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіден:
1) баға ұсыныстарына;
2) әлеуетті өнім берушінің осы Ереженің 8-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарға;
3) ұсынылатын дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың осы Ережеде көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарға сұрау салады.
81. Бір көзден сатып алуды жүзеге асыру кезінде сатып алуды ұйымдастырушы мынадай ақпараттан тұратын хаттаманы жасауы тиіс:
1) бір көзден сатып алу тәсілін қолдану негіздемесі;
2) сатып алынатын дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың, фармацевтикалық қызметінің қысқаша сипаттамасы;
3) сатып алу туралы шарт жасалатын өнім берушінің атауы мен орналасқан жері және осындай шарттың бағасы.
Осы Ереженің 5-тарауы 7-бөлігінің талаптарын ескере отырып, тапсырыс беруші сатып алу туралы шарт жасасады.
8-тарау. Бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша сатып алу
82. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардан тұруы тиіс бірыңғай дистрибьютордың тізімін жыл сайын тиісті қаржы жылының бірінші шілдесінен кешіктірмей келесі күнтізбелік жылға бекітеді.
Бірыңғай дистрибьютордың тізімін уәкілетті орган дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атауын немесе құрамын, медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауын, сондай-ақ техникалық сипаттамасын, жасалған ұзақ мерзімді жеткізу шарттары туралы ақпаратты көрсете отырып, бірыңғай дистрибьюторға жолдайды.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу үшін бөлінетін бюджет қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар осы Ереженің 11-1-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган бекіткен бағадан аспайтын бағалар бойынша сатып алынады.
Ескерту. 82-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.08 № 1415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
83. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.05.26 № 474 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
84. Тапсырыс берушілер бірыңғай дистрибьютор тізімі бекітілген күнінен бастап күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей бірыңғай дистрибьюторға келесі күнтізбелік жылға алдын ала өтінімді ұсынады, онда мыналар қамтылуы тиіс:
1) дәрілік заттар (халықаралық патенттелмеген атауларымен) мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауы;
2) алдыңғы аяқталған күнтізбелік жылы пайдаланылған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың нақты саны;
3) тапсырыс берушілердің толық атауы, олардың деректемелері, мекен-жайы (почта және заңды), байланыс телефондары, факстары, электрондық почтасының мекен-жайы, бірінші басшының немесе оны ауыстыратын адамның лауазымы және Т.А.Ә., сатып алуды жүзеге асыруға жауапты адамның Т.А.Ә., бағдарламаның, кіші бағдарламаның, ерекшеліктің атауы шеңберінде сатып алу жоспарланады;
4) алдыңғы жылғы нақты тұтынуды және келесі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына болжамды қалдықты ескере отырып, дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрқайсысының атауы бойынша келесі жылға қажеттілік есебі.
Ескерту. 84-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.08.31 № 983 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
85. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды жүргізу рәсімдерін бірыңғай дистрибьютор осы Ереженің 3-бөлімінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.
86. Бірыңғай дистрибьютор сатып алуды өткізгеннен кейін және келесі күнтізбелік жылға өнім берушілерді айқындағаннан кейін тапсырыс берушілерге тиісті күнтізбелік жылға бюджетті қалыптастыру (түзету) үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрқайсысының атауы бойынша бағасы мен ең аз қаптамадағы санын ұсынады.
Бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушілерге Бірыңғай дистрибьютор белгілеген өзінің үстеме бағасын ескере отырып, белгіленген бағаға 10%-дан аспайтын мөлшердегі бағаларды ұсынады. Сонымен бірге үстеме баға сомасы орфандық препараттарға арналған қаптамаға төрт айлық есептік көрсеткіш сомасынан аспауы тиіс.
Үстеме баға саясатын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша Бірыңғай дистрибьютор анықтайды.
Ескерту. 86-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.31 № 983 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
87. Тапсырыс берушілер жыл сайын тиісті қаржы жылына арналған бюджет бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей бірыңғай дистрибьюторға бірыңғай дистрибьютордың тізімінде көзделген келесі күнтізбелік жылға арналған дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға түпкілікті өтінімді береді, онда мыналар қамтылуы тиіс:
1) дәрілік заттардың атауы мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі;
2) бекітілген бюджетке және ай сайынғы қажеттілікке сәйкес дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың саны.
Бұл ретте, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың саны ай сайын ең аз қаптамаға дейін дөңгелектенеді;
3) тапсырыс берушілердің толық атауы, тапсырыс берушілердің толық деректемелері, мекен-жайы (почта және заңды), байланыс телефондары, факстары, электрондық почтасының мекенжайы, бірінші басшының немесе оны ауыстыратын адамның лауазымы және Т.А.Ә., сатып алуды жүзеге асыруға жауапты адамның Т.А.Ә., бағдарламаның, кіші бағдарламаның, ерекшеліктің атауы шеңберінде сатып алу жоспарланады.
Соңғы өтінімдерді қалыптастыру кезінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың саны алдын ала өтінімде көрсетілген санынан кемінде 25 %-ға (жиырма бес пайызға) арттырылуы немесе азаю жағына қарай өзгертілуі мүмкін.
Соңғы өтінімді қалыптастыру кезінде тапсырыс беруші сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың санын олардың сапасын сақтау мақсатында осы Ереженің 86-тармағына сәйкес ең аз қаптамаға дейін жинақтайды.
Ескерту. 87-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.08.31 № 983 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.11.08 № 1415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
87-1. Бірыңғай дистрибьютор сатып алуды қорытындылаған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде сатып алынатын дәрілік заттардың атауларының нақты бағасын көрсете отырып, белгіленген нысан бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға нәтижелері туралы есеп береді.
Ескерту. Ереже 87-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.08.31 № 983 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
87-2. Бірыңғай дистрибьютор ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сатып алу және жеткізу мониторингін жүргізеді және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша есеп береді.
Ескерту. Ереже 87-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.08.31 № 983 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.16 № 629 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
88. Тапсырыс берушілер осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс берушінің арасындағы дәрілік заттарды сатып алу үлгі шартына сәйкес әзірленген және жасалған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың соңғы өтінімдері мен сатып алу шарттарының (бұдан әрі - сатып алу шарты) негізінде бірыңғай дистрибьютордан дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырады.
Бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушілерден соңғы өтінімді алған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде сатып алу шартын қабылдау-беру актісі бойынша тапсырыс берушілерге қол қоюға береді.
Тапсырыс берушілер бірыңғай дистрибьютордан сатып алу шартын алған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей толық көлемде оларға қол қоюға міндетті.
8-1-тарау. Медициналық техниканы сатып алуды жоспарлау және ұйымдастыру
Ескерту. 2-бөлім 8-1-тараумен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.02.22 N 163 Қаулысымен, жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.08 № 1415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
88-1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде құны 5 000 000 (бес миллион) теңгеге дейінгі медициналық техниканы сатып алу:
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарымен, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен;
2) жергілікті атқарушы органдарға бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарымен, денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдарымен;
3) «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамымен «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамының еншілес ұйымдарымен келісілген клиникалық-техникалық негіздеменің және техникалық ерекшеліктің негізінде осы Ереженің 7-тармағының 1) тармақшасында көзделген әдіспен жүзеге асырылады.
88-2. Құны 5 000 000 (бес миллион) теңгеден бастап 50 000 000 (елу миллион) теңгеге дейінгі медициналық техника қаржылық лизинг шарттарында және осы Ережеге сәйкес сатып алынады.
88-3. Құны 50 000 000 (елу милион) теңгеден жоғары, сондай-ақ біріздендіруді талап ететін медициналық техниканы, медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы, осы Ереженің 8-2-тарауына сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі медицина ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражатының есебінен сатып алады. Сұрау салынған медициналық техниканың клиникалық-техникалық негіздемесіне, техникалық сипаттамасына және құнына сараптаманы лизинг беруші жүргізеді.
8-2-тарау. Үкімет айқындаған тұлғаның медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыруы
Ескерту. 2-бөлім 8-2-тараумен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.08 № 1415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
88-4. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі медицина ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражатының есебінен сатып алатын медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болады (бұдан әрі – 8-2-тарауда СҚ-Фармация).
Денсаулық сақтау ұйымдарына қаржылық лизинг шартында кейіннен беру үшін лизинг беруші қаражаты есебінен сатып алынатын медициналық техника үшін сатып алуды ұйымдастырушы лизинг беруші болады, ал СҚ-Фармация осы Ереженің 3-бөлімінің 10 және 11-тарауларына сәйкес өнім берушілерді іріктеу бойынша тендер өткізеді.
Ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 5-күніне дейiн СҚ-Фармация мен лизинг беруші облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі медицина ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражатының есебінен сатып алатын және лизинг берушінің қаражаты есебінен сатып алатын медициналық техниканы сатып алу және жеткiзу мониторингiн жүргiзедi және денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органға денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша есеп бередi.
88-5. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі медицина ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражатының есебінен сатып алатын медициналық техниканы сатып алуды дайындау және ұйымдастыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган құрамында тізбесі, клиникалық-техникалық негіздемесі, техникалық өзіндік ерекшелігі, саны, мерзімі, жеткізу шарты мен орны, медициналық техниканың әрбір атауы бойынша сатып алу үшін бөлінген сомасы бар тапсырыс берушілерден алған ақпаратты лизинг берушіге ұсынады.
Лизинг беруші денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпаратты ұсынған сәттен бастап күнтізбелік қырық күн ішінде әрбір атауы бойынша медициналық техниканың клиникалық-техникалық негіздемесі, техникалық өзіндік ерекшелігі (техникалық сипаттамасы) және құны бөлігінде сараптама жүргізеді және сараптама қорытындысын шығарады.
Ұсынылған ақпараттың толықтығы мен дұрыстығы бұзылған жағдайда лизинг беруші ақпаратты денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға қарамай қайтарады.
Лизинг беруші сараптама қортындысы шыққан сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны сатып алынатын медициналық техниканың техникалық өзіндік ерекшелігімен қоса ескертулерді жою, қарау және бекіту үшін тапсырыс берушілерге жібереді.
Тапсырыс берушілер он жұмыс күні ішінде ескертулерді жояды, сатып алынатын медициналық техниканың техникалық өзіндік ерекшелігін қарайды және жазбаша түрде бекітеді, оның әрбір бетіне тапсырыс берушінің басшысы қол қояды, мөрмен бекітеді және лизинг берушіге ұсынады.
Тапсырыс берушiлер сатып алынатын медициналық техниканың техникалық өзіндік ерекшелігіне тапсырыс берушiнiң толық атауын, банктiк деректемелерiн, мекенжайын (пошталық және заңды), байланыс телефонының/факсiнiң нөмiрiн, электрондық поштасының мекенжайын, тапсырыс беруші басшысының лауазымын және Т.А.Ә., сатып алынатын медициналық техниканы техникалық пайдалану жағдайын, сатып алынатын медициналық техниканы пайдалануға арналған мамандар туралы мәліметті қоса береді.
Тапсырыс берушінің осы медициналық техникаға қажеттілігін және тапсырыс берушінің осы медициналық техниканы пайдалануға беру дайындығын белгілеу мақсатында лизинг беруші тапсырыс берушіден сараптама қорытындысымен қоса техникалық өзіндік ерекшелікті және осы Ереженің 88-5-тармағының алтыншы бөлігінде көрсетілген ақпаратты алған сәттен бастап оларды үш жұмыс күні ішінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді.
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган лизинг берушіден медициналық техниканың техникалық өзіндік ерекшелігін, сараптама қорытындысын және осы Ереженің 88-5 тармағының алтыншы бөлігінде көрсетілген ақпаратты алған сәттен бастап он бес жұмыс күн ішінде тендер өткізу үшін СҚ-Фармацияға жібереді.
88-6. Денсаулық сақтау ұйымы қаржылық лизинг шартында сатып алынатын медициналық техниканың техникалық сипаттасыманың (техникалық өзіндік ерекшеліктерінің) оңтайлы параметрлерін анықтау үшін клиникалық-техникалық негіздемені, техникалық өзіндік ерекшелікті және техникалық, ұйымдастырушылық сараптаманы және құн сараптамасын, сондай-ақ қаржылық лизинг шарттары мен талаптарына сәйкестікті жүргізу үшін лизинг беруші айқындаған құжаттар тізбесіне сәйкес тәртіппен басқа да құжаттарды ұсынады.
Лизинг беруші техникалық, ұйымдастырушылық сараптаманы және құн сараптамасын, сондай-ақ қаржылық лизинг шарттары мен талаптарына сәйкестікті жүргізгеннен кейін он жұмыс күні ішінде сатып алуға жоспарланған медициналық техниканың тізбесін әзірлейді, оны алған сәттен бастап он бес жұмыс күн ішінде медициналық техниканың тізбесін келісуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жібереді.
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісілген медициналық техниканың тізбесін лизинг беруші он бес жұмыс күні ішінде екі кезеңдік рәсімді және бір көзден сатып алуды пайдалана отырып, медициналық техниканың өнім берушілерін іріктеу бойынша тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін СҚ-Фармацияға жібереді. Тендер өткізгеннен кейін СҚ-Фармация лизинг берушіге он жұмыс күні ішінде жеңімпаз деп анықталған өнім берушілердің тізбесін жібереді.
Өнім берушілерді айқындау қорытындысы бойынша лизинг беруші он бес жұмыс күн ішінде денсаулық сақтау ұйымдарымен қаржылық лизинг шартын жасасады, одан кейін он бес жұмыс күні ішінде өнім берушілермен медициналық техниканы сатып алу туралы шарт жасасады.
Лизинг беруші мен өнім беруші арасында сатып алу туралы шарт жасалғаннан кейін соңғысы денсаулық сақтау ұйымына лизинг нысанасын, сатып алу шарттарында көрсетілген, бірақ отыз жеті айдан кем емес мерзімге қосу-жөндеу жұмыстарын, персоналдарды оқытуды және сатып алу туралы шартта көрсетілген кезеңге медициналық техникаға кепілдік берілген сервистік қызмет көрсетуді ұсынады.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы абзац 2013.01.01 дейін қолданыста болады - ҚР Үкіметінің 2012.11.08 № 1415 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
88-7. Жобаланған және салынып жатқан денсаулық сақтау объектілеріне медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыру мақсатында СҚ-Фармация құрамында тізбесі, техникалық сипаттамасы, денсаулық сақтау объектілері бөлімшелерінің бөлінісінде әрбір атауы бойынша медициналық техниканы сатып алу үшін бөлінген сомасы мен саны болуы тиіс, жобаланған және салынып жатқан денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ұсынған ақпарат бойынша техникалық сипаттама мен оның құны бөлігінде сараптама жүргізеді.
РҚАО-ның ескертпесі!
Абзацтармен толықтыру көзделген - ҚР Үкіметінің 2012.11.08 № 1415 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
88-8. СҚ-Фармация денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органнан ақпарат алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жобаланған және салынып жатқан денсаулық сақтау объектілеріне сатып алынуға тиiс медициналық техниканың техникалық сипаттасыманың оңтайлы параметрлерін айқындау үшін сұратылатын медициналық техниканың үлгілерінен тұратын бейін бойынша мамандардан, ұйымдардың сарапшыларынан, медициналық техниканы сараптауды жүзеге асыратын аккредиттелген сарапшылардан, лизинг беруші өкілдерінен (келісім бойынша) құрылған сараптама комиссиясын құрады. Сараптама комиссиясының құрамы медициналық техниканы сатып алу бейіні бойынша сарапшылар тобынан құрылуы тиіс. Сараптама комиссиясының және/немесе сараптама тобының мүшелерінің жалпы саны тақ саннан немесе кемінде үш адамнан тұруы тиіс.
Сараптама комиссиясы денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган берген ақпараттың негiзiнде үш жұмыс күнi iшiнде жобаланған және салынып жатқан денсаулық сақтау объектілеріне сатып алынуға тиiс медициналық техниканың техникалық сипаттамаларының (техникалық өзiндiк ерекшелiгiнiң) оңтайлы параметрлерін айқындайды. Сараптамалық қорытынды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгіленген түрде жазбаша ресiмделедi, оның әрбiр бетiне қол қойылып, ал соңғы бетiне сараптама комиссиясының немесе сараптама тобының мүшелерi қол қояды және сараптама комиссиясы отырысының хаттамасы қоса берiледi.
Сараптама комиссиясы өзінің қызметін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органда сараптама қорытындысы шығарылғаннан кейін тоқтатады.
88-9. СҚ-Фармация бес жұмыс күнi iшiнде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісілген тапсырыс берушiлер ұсынған сатып алынатын медициналық техника тiзiмдерiнiң және/немесе осы Ереженiң 88-7-тармағының бірінші бөлігінде, ал 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 88-7-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде көрсетiлген ақпараттың негiзiнде әрбiр атауы бойынша медициналық техниканың тiзбесi, саны, жеткiзу мерзiмi, шарттары мен орны, бағасы және сатып алу үшiн бөлiнген сома, техникалық сипаттама (техникалық өзiндiк ерекшелiк) қамтылған сатып алынатын медициналық техниканың әрбiр атауы бойынша сатып алынатын медициналық техниканың жиынтық тізімін қалыптастырады және тендер жариялайды және осы Ереженің 3 бөлімінің 10 және 11-тарауларында көзделген тәртіппен өнім берушілерді таңдауды жүргізеді.
9-тарау. Отандық тауар өндірушіні қолдау
89. Егер осы Ереженің 7-тармағы 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көзделген тәсілдермен дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алған жағдайда әлеуетті өнім берушілер ретінде бір және тек сол лот бойынша екі және одан көп отандық тауар өндірушілер қатысса, онда тапсырыс беруші осы лот бойынша тек отандық тауар өндірушілердің баға ұсыныстарын қарайды.
90. Егер тендерде қандай да бір лот бойынша отандық тауар өндіруші болып табылатын әлеуетті өнім берушінің осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін бір өтінімі берілсе немесе әлеуетті өнім берушінің екі және одан көп өтінімі берілсе, оның біреуі - отандық тауар өндіруші болып табылатын әлеуетті өнім берушінің осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін өтінімі болса, онда комиссия тендерді бұл лот бойынша өтпеген деп жариялайды (өтініш берілген көлем шеңберінде), ал тендерді ұйымдастырушы бір көзден сатып алу тәсілімен отандық тауар өндіруші болып табылатын осы әлеуетті өнім берушіден сатып алуға көшеді.
Ескерту. 90-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.08.27 N 844 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
3-бөлім. Бірыңғай дистрибьютордың дәрілік заттарды және
медициналық мақсаттағы бұйымдарды, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының Үкіметі айқындаған тұлғаның медициналық
техниканы сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
Ескерту. 3-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.02.22 N 163 Қаулысымен.
10-тарау. Екі кезеңді рәсімдерді пайдалану арқылы тендер
өткізу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
91. Екі кезеңді рәсімдерді пайдалану арқылы тендер тәсілімен сатып алу мынадай реттік кезеңдердің жиынтығын білдіреді:
1) бірінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
бірыңғай дистрибьютордың немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының комиссия құруы;
бiрыңғай дистрибьютордың немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының сараптама комиссиясын құруы;
екі кезеңді рәсімдерді пайдалану арқылы тендер өткізу туралы хабарландыру;
әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қабылдау, ашу және қарау;
әлеуетті өнім берушілердің қосымша өтінімдерін қабылдау, ашу және қарау;
әлеуетті өнім берушілерге ең төмен бағаны айқындау рәсіміне рұқсатнама;
2) екінші кезеңде ең төмен бағаны айқындау бойынша іс-шаралар жүзеге асырылады.
Ескерту. 91-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.22 N 163, 2011.08.31 № 983 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
1. Екі кезеңді рәсімдерді пайдалану арқылы тендер
өткізуді ұйымдастыру
92. Екі кезеңді рәсімдерді пайдалану арқылы тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы тендерлік комиссиясын (бұдан әрі – комиссия) құрады және оның құрамын әр тендерге жеке бекітеді.
Ескерту. 92-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.22 N 163 Қаулысымен.
93. Комиссия құрамына төраға, төрағаның орынбасары және комиссия мүшелері кіреді. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ сан болуы тиіс және үш адамнан кем болмауы тиіс. Комиссияның хатшысы комиссияның мүшесі болып табылмайды және тендерлік комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы болмайды.
Комиссия оны құру туралы шешім қабылданған сәттен бастап сатып алу туралы шарты күшіне енгенге дейін жұмыс істейді.
Егер тендер өтпей қалды деп танылса немесе оның нәтижелері жойылса, онда комиссия өзінің қызметін тоқтатады.
94. Комиссияның құрамына бірыңғай дистрибьютордың немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе ол өкілеттік берген тұлға, қызметкерлері, тапсырыс берушілердің өкілдері және/немесе тапсырыс берушілердің мемлекеттік басқару органының, Лизинг берушінің өкілдері енгізіледі.
Ескерту. 94-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.31 № 983 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
95. Комиссияның төрағасы бірыңғай дистрибьютордың құрылымдық бөлімшесінің немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының басшысынан төмен емес, оның қызметін басқаратын, комиссия отырыстарында төрағалық ететін, жұмысты жоспарлайтын және оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асыратын адам болып табылады.
Ескерту. 95-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.22 N 163 Қаулысымен.
96. Комиссияның хатшысы бірыңғай дистрибьютордың немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының қызметкері болып табылады. Комиссияның хатшысы әлеуетті өнім берушілерден тендерлік өтінімдермен конверттерді қабылдайды, комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды және материалдарды дайындайды, комиссияның отырысы өткізілгеннен кейін хаттамаларды ресімдейді, түскен тендерлік өтінімдерді және ашық тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуеттік өнім берушілерді, әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (тендерлік өтініммен конвертті ұсынған және конверттерді ашу рәсімдері кезінде қатысқан адамдар), әлеуетті өнім берушілер ұсынған конверттердің уақыты мен күні көрсетілген тіркеу журналдарын жүргізеді. Келіп түскен тендерлік өтінімдерді және ашық тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналдары тігілген, парақтары нөмірленген болуы тиіс, соңғы парағы бірыңғай дистрьюбитердің немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының мөрімен куәландырылған болуы тиіс.
Ескерту. 96-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.22 N 163 Қаулысымен.
97. Комиссияның отырысы комиссия мүшелерінің жалпы санынан кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда ғана өткізіледі. Комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және қатысқан комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілігі дауыс бергенде ғана қабылданды деп есептеледі.
98. Комиссия мүшелерінің біреуі өндірістік немесе басқа себепке байланысты болмаған жағдайда комиссия отырысының хаттамасында оның болмау себебі және осы фактіні дәлелдейтін құжатқа сілтеме көрсетіледі.
Егер комиссияның жұмыс регламентінде оның төрағасы немесе төрағасының орынбасары бекіткен (бұдан әрі - Регламент) көрсетілген уақытта комиссия мүшелерінің қажетті саны болмаса, онда бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы комиссияның құрамына мұндай ауыстыру себебін көрсете отырып комиссияның жоқ мүшелерін ауыстыру бөлігінде өзгерістер енгізеді.
Ескерту. 98-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.22 N 163 Қаулысымен.
99. Комиссия отырысының хаттамасына қатысқан барлық комиссияның мүшелері, оның төрағасы, орынбасары және хатшысы қол қояды.
100. Қажет болған жағдайда бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы клиникалық фармакологтардан және/немесе медициналық техниканың сұратылған үлгісінің бейіні бойынша мамандардан және/немесе денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарынан не дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға және медициналық техникаға сараптаманы жүзеге асыруға аккредиттелген ұйымдардың сарапшыларынан тұратын сараптама комиссиясын құра алады.
Ескерту. 100-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.02.22 N 163 Қаулысымен.
101. Сарапшылар (сараптама комиссиясы, оны құрған жағдайда) әлеуетті өнім берушілер ұсынатын дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар бірыңғай дистрибьютордың тізіміне сәйкес не медициналық техниканың техникалық сипаттамасының талаптарына сатып алынатын медициналық техниканың жиынтық тізіміне сәйкес сараптама қорытындысын береді және комиссия шешім қабылдау кезінде дауыс құқығы жоқ. Сараптама қорытындысы жазбаша түрде ресімделеді, сарапшылар (сараптама комиссиясының мүшелері) қол қояды және комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі. Сарапшылардың (сараптама комиссиясының) сараптама қорытындысын ең төменгі бағаны айқындау рәсіміне әлеуетті өнім берушінің өтінімін жіберу туралы мәселені шешу кезінде комиссия қарайды.
Ескерту. 101-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.31 № 983 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
102. Екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен тендер өткізу туралы әлеуетті өнім берушілер өтінімдерді қабылдауды аяқтау күніне дейін жиырма күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі хабарландыруды республикалық мерзімдік баспа басылымдарында және (немесе) медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсында жариялау жолымен хабарланады.
Ескерту. 102-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.31 № 983 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
103. Екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен тендерді өткізу туралы хабарландыруда мынадай мәліметтер қамтылуы тиіс:
1) бірыңғай дистрибьютордың немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының атауы, мекенжайы және банк деректемелері;
2) дәрілік заттардың (халықаралық патенттелмеген атауларымен), медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың атауы;
3) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың техникалық сипаттамасы (техникалық сипаттамалар туралы мәліметтер көлемі ауқымды болған жағдайда бірыңғай дистрибьютордың немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсында ғана орналастырылуы мүмкін);
4) Тапсырыс берушілердің соңғы өтінімдерін ескере отырып, қажеттілікке қарай дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың көлеміне түзетулер енгізілуі мүмкін;
5) жеткізу шарттары;
6) жеткізу сәтінде сатып алынатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың қалған жарамдылық мерзімдері;
7) ашық тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдауды тоқтату күні, уақыты және орны;
8) ашық тендерді өткізуді бастау күні, уақыты және орны;
9) әрбір лот бойынша сатып алу үшін бөлінген сома.
Әрбір лот бойынша сатып алу үшін бөлінген соманы есептеу кезінде бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушілердің алдын ала өтінімдеріне сәйкес уәкілетті орган анықтаған дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың шектік бағаларын он пайызға азайтады.
Ескерту. 103-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.22 N 163, 2011.08.31 № 983 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
2. Тендерлік өтінімдердің қолданылу мерзімі, мазмұны, ұсынылуы,
өзгерту және кері қайтару
104. Екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін бірыңғай дистрибьюторға немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушыға екі Кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерге қатысуға тендерлік өтінімді ұсынады.
Ескерту. 104-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.22 N 163 Қаулысымен.
105. Тендерлік өтінімдердің қолданылу мерзімі, мазмұны, ұсыну тәртібі, өзгерту және тендерлік өтінімдерді кері қайтару ұсынылмаған бағалар кестесін қоспағанда, осы Ереженің 5-тарауының 2-бөлігінде белгіленген тәртіпке ұқсас.
105-1. Бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы тендерлік құжаттама әзірлемейді. Әлеуетті өнім берушілер тендерлік өтінімді осы Ережеге сәйкес қалыптастырады.
Ескерту. 10-тарау 105-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.08 № 1415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
3. Кепілдікті қамтамасыз ету
106. Әлеуетті өнім беруші осы Ереженің 5-тарауында айқындалған тәртіппен тендерлік өтінімнің кепілдікті қамтамасыз етуін енгізеді.
Әлеуетті өнім беруші екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып тендер өткізу туралы хабарландыруда көзделген шарттарда оның тендерлік өтінімінде ұсынылған лоттар бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алу үшін бөлінген соманың үш пайызы мөлшерінде кепілдікті қамтамасыз етуді енгізеді.
Ескерту. 106-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.02.25 № 122 Қаулысымен, өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.08.31 № 983 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
107. Егер әлеуетті өнім беруші:
1) тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін тендерлік өтінімді кері қайтарып алған немесе өзгерткен (тендерлік өтінімге өзгерістер осы Ережеге сәйкес бірыңғай дистрибьютордың/сатып алуды ұйымдастырушының ескертулері негізінде енгізілетін жағдайларды қоспағанда);
2) екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендердің жеңімпазы деп танылса, бірақ жеткізу шартын уақтылы жасамаса;
3) өнім беру шартын жасап, шартты орындауды кепілдікті қамтамасыз ету бойынша талаптарды орындамаса немесе уақтылы орындамаса, тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы қайтармайды.
Ескерту. 107-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.08 № 1415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
108. Бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушінің жазбаша өтініші бойынша оған тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуге берілген 5 (бес) жұмыс күні ішінде мынадай жағдайлардың бірі болғанда қайтарады:
1) осы әлеуетті өнім беруші өзінің тендерлік өтінімін өтінімдерді қабылдау мерзімінің соңғы мерзіміне дейін кері қайтарып алса;
2) екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендердің қорытындысы туралы хаттамаға қол қойса (көрсетілген жағдай жеңімпаз белгілеген екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерге қатысушыға қолданылмайды);
3) жеткізу шартының күшіне енуі және екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер жеңімпазының жеткізу шартының орындалуын қамтамасыз ету рәсімдерін енгізуі;
4) әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімінің қолданылу мерзімінің аяқталуы.
Ескерту. 108-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.22 N 163 Қаулысымен.
4. Тендерлік өтінімдерді ашу және қарау
109. Комиссия әлеуеті өнім берушілердің тендерлік өтінімдері салынған конверттерді екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерді өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген уақытта, мерзімде және орында ашады.
Комиссия конверттерді ашу кезінде осы Ереженің 113 - 115 және 120-тармақтарына сәйкес рәсімдерді өткізу орны, уақыты мен күні көрсетіле отырып, әлеуетті өнім берушілердің назарына Регламент жеткізіледі. Регламент бірыңғай дистрибьютордың немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсында да орналастырылады.
Ескерту. 109-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.22 N 163 Қаулысымен.
110. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатысуға құқылы.
111. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде комиссияның хатшысы барлық қатысушы адамдарға ашық тендерге қатысушы әлеуетті өнім берушілердің атауын және мекенжайын, өтінімдерді құрайтын ұсынылған құжаттар туралы ақпаратты хабарлайды. Бұл ақпарат тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасында көрсетіледі.
112. Комиссия тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашқан сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушілердің ұсынған тендерлік өтінімдерінің біліктілік талаптарына және осы Ереженің талаптарына сәйкестігін қарайды.
113. Комиссия Регламентке сай күні мен уақытына сәйкес тендерлік өтінімдерді қараудың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей ашу хаттамасын (отырыс өткізу және бірыңғай дистрибьютордың немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастыру жолымен) әлеуетті өнім берушілердің назарына ұсынады, онда мынадай ақпарат көрсетілуі тиіс:
1) әлеуетті өнім берушілердің әрқайсысы қатысатын лоттардың нөмірлерін көрсете отырып, тендерлік өтінімдерді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атауы;
2) әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерінің мазмұны;
3) тендерлік өтінімдері толықтырулар мен өзгерістерді қажет етпейтін әлеуетті өнім берушілердің атауы;
4) тендерлік өтінімдеріне ескертулер бар әлеуетті өнім берушілердің атауы;
5) комиссия көрсеткен ескертулерді жою үшін толықтырулар енгізу мерзімі ашу хаттамасын хабарлау күнін қоспағанда 3 (үш) жұмыс күнін құрауға тиіс;
6) екіден аз тендерлік өтінім ұсынылған лоттардың нөмірі;
7) отандық тауар өндірушілер ұсынған тендерлік өтінімдер лоттарының нөмірі.
Ескерту. 113-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.22 N 163 Қаулысымен.
114. Ескертулер жойылғаннан кейін тендерлік өтінім беру кезінде қойылған талаптарға сәйкес ресімделген толықтыру түріндегі өзгертілген тендерлік өтінім ашу хаттамасында көрсетілген өзгерістерді енгізу мерзімінің соңғы жұмыс күнінің 15 сағатына дейін комиссияның хатшысына ұсынылады.
115. Толықтырулары бар конверттерді ашу өзгерістер енгізу мерзімінің аяқталу күнінде 15 сағат 30 минутта комиссия жүзеге асырады. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері тендерлік өтінімдерге толықтырулар салынған конверттерді ашу кезінде қатысуға құқылы.
116. Өзгерістер енгізуге ұсынылған тендерлік өтінімдердің толықтыруларын зерделегеннен кейін комиссия Регламентке сәйкес күні мен уақытында, бірақ толықтырулар салынған конверттерді ашу күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей, ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін хабарлайды.
117. Әлеуетті өнім берушілерді ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне рұқсат беру хаттамасына комиссия ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін хабарлау күні қол қоюы тиіс. Рұқсат беру хаттамасын бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған күнінен 3 (үш) жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында орналастырады. Рұқсат беру хаттамасы мынадай ақпараттан тұруы тиіс:
1) тендерлік өтінімдерді ұсынған әрбір әлеуетті өнім берушілердің әрқайсысы қатысатын лоттардың нөмірлері көрсетілген әлеуетті өнім берушілердің атауы;
2) әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерінің мазмұны;
3) тендерлік өтінімдеріне ескертулер болмаған әлеуетті өнім берушілердің атауы;
4) тендерлік өтінімдеріне комиссияның ескертулері болған әлеуетті өнім берушілердің атауы, сондай-ақ өтінімдерге толықтырулар ұсыну туралы ақпарат;
5) отандық тауар өндірушілердің тендерлік өтінімдері ұсынылған лоттардың нөмірлері;
6) ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне әлеуетті өнім берушілерді қатыстыру туралы комиссияның шешімі.
Ескерту. 117-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.22 N 163 Қаулысымен.
118. Егер екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерде, оның ішінде екі және одан да көп отандық тауар өндірушілер бір лот бойынша қатысатын болса және осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін болса, комиссия осы лот бойынша ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне қатысуға тек қана отандық тауар өндірушілерді қатыстырады (өтінім берілген көлемдер бойынша).
Егер екі кезеңді рәсімдерді пайдаланылатын тендерде қандай да бір лот бойынша отандық өндіруші болып табылатын әлеуетті өнім берушінің осы Ереженің талаптарына сәйкес тек бір өтінімі берілсе немесе әлеуетті өнім берушінің екі немесе одан көп өтінімі берілсе оның біреуі - отандық тауар өндіруші болып табылатын әлеуетті өнім берушінің осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін өтінімі болса, онда комиссия тендерді бұл лот бойынша өтпеген деп жариялайды (өтініш берілген көлем шеңберінде), ал бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы бір көзден сатып алу тәсілімен отандық тауар өндіруші болып табылатын осы әлеуетті өнім берушіден сатып алуға көшеді.
Осы тармақтың талаптары әлеуетті өнім берушінің өтініш берілген оның өндірістік қуаттылығынан шығатын көлемге қолданылады.
Ескерту. 118-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.08.27 N 844 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2011.02.22 N 163 Қаулыларымен.
119. Комиссия ұсынылған өзгерістерді зерделегеннен кейін тендерлік өтінімді тұтастай не лоттар бойынша, егер:
1) әлеуетті өнім беруші осы Ережеде көзделген нысанда, көлемде және жағдайларда өтінімдерді кепілдікті қамтамасыз етуді енгізбесе;
2) әлеуетті өнім беруші осы Ереженің 8 және 8-1-тармақтарында көзделген талаптарға сай келмесе;
3) әлеуетті өнім беруші ұсынатын дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника осы Ереженің 12 және 13-тармақтарының талаптарына және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгіленген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканың мемлекеттік тіркеу тәртібіне сай келмесе;
4) әлеуетті өнім беруші жосықсыз өнім берушілердің тізбесіне енгізілсе;
5) осы Ереженің 118, 123-тармақтарында көзделген жағдайларда;
6) тендерлік өтінім осы Ереженің 38, 39, 40, 40-1, 43, 49-тармақтарының талаптарына сәйкес келмейді деп танылған жағдайда;
7) сараптама комиссиясы әлеуетті өнім беруші ұсынған дәрілік заттарды, профилактикалық (иммуннобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың техникалық сипаттамаларына (техникалық өзіндік ерекшеліктеріне) қойылатын талаптарға сәйкес келмейді деп танылған жағдайда қарамайды.
Ескерту. 119-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.16 № 629 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
5. Ең төменгі бағаны анықтау
120. Рұқсат беру хаттамасына қол қойылған күнінен кейінгі жұмыс күні сағат 10-да (Астана қаласының уақытымен) комиссия ең төменгі бағаны анықтауға қатысатын әлеуетті өнім берушілерден баға ұсыныстарын қабылдауды бастайды.
121. Бастапқы баға ұсыныстарын қабылдау уақыты 5 минутты құрайды. Әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарын беруге уәкілетті тұлғаның қатысуын қамтамасыз етеді.
Ескерту. 121-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.25 № 122 Қаулысымен.
122. Осы Ереженің 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің бастапқы баға ұсыныстары лот бойынша әлеуетті өнім берушінің мөрімен бекітілген және бірінші басшының немесе мұндай баға ұсынысына қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолы қойылған бағалар көрсетіле отырып, жазбаша ұсынылады.
Әлеуетті өнім беруші тендердің қандай да бір лоты бойынша бастапқы баға ұсынысын ұсынбаған жағдайда әлеуетті өнім беруші осы лот бойынша түпкілікті баға ұсынысын ұсыну мүмкіндігінен айырылады және тендердің жеке лоты бойынша ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне қатысудан шеттетіледі.
Ескерту. 122-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.25 № 122, 2012.11.08 № 1415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
123. Егер баға ұсынысы лот бойынша сатып алу үшін бөлінген сомадан асатын болса комиссия оны, қарамайды және осы лот бойынша мұндай баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімін қарамайды. Бұл ретте, егер осы лот бойынша ең төмен бағаны анықтау рәсіміне қатысуға екіден аз тендерлік өтінім қалса, комиссия лот бойынша екі кезеңдік рәсімді пайдаланылатын тендерді өткізілмеді деп таниды.
Ескерту. 123-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.08 № 1415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
124. Комиссия хатшысы әлеуетті өнім берушілердің барлық ұсынылған баға ұсыныстарын, оның ішінде лот бойынша ең төмен баға ұсыныстарын жариялайды және оларға бастапқы ұсынылған баға ұсыныстарын азайтуды ұсынады.
Түпкілікті баға ұсыныстарын қабылдау уақыты осындай ұсыныстарды қабылдаудың басталуы туралы комиссия хатшысы хабарлаған сәттен бастап бес минутқа дейін болады. Егер бастапқы баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім беруші түпкілікті баға ұсынысын ұсынбаған жағдайда комиссия оның бастапқы ұсынған баға ұсынысын түпкілікті ұсыныс ретінде қабылдайды.
Ең төменгі баға ұсынысы біреу ғана болған жағдайда ең төменгі бағаны анықтау рәсімі түпкілікті болып табылады.
Ең төменгі түпкілікті баға ұсыныстарының екі немесе одан да көбі бірдей болған кезде ең төменгі баға ұсынысын анықтау үшін үшінші баға ұсынысын ұсынуға болады.
Ескерту. 124-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.11.08 № 1415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
125. Баға ұсынысы басқа баға ұсыныстарына қарағанда ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім беруші екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер жеңімпазы болып танылады.
126. Егер бірдей ең төменгі баға ұсыныстарын берген әлеуетті өнім берушілер өздерінің лот бойынша бұрын берген баға ұсыныстарын азайтудан бас тартқан жағдайда, осы лот бойынша екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер өтпей қалды деп танылады.
Ескерту. 126-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.22 N 163 Қаулысымен.
127. Екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен өткізілген тендер нәтижесі бойынша комиссия үш жұмыс күнінің ішінде екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен өткізілген тендер қорытындысы жөнінде хаттамаға қол қояды, онда мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:
1) ең төменгі бағаны анықтау рәсімінің күні, басталу және аяқтау уақыты;
2) комиссияның құрамы;
3) ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне қатысқан әлеуетті өнім берушілердің атауы және орналасқан жері;
4) лоттардың атауы және қысқаша сипаттамасы;
5) екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер қорытындысы бойынша анықталған ең төменгі баға;
6) әр лот бойынша екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер жеңімпаздарының атауы және орналасқан жері;
7) егер екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер нәтижесінде жеңімпаз анықталмаса - Комиссияның мұндай шешім қабылдау негіздемесі;
8) жеткізу шартына қол қойылуы тиіс мерзім.
Ескерту. 127-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.08.31 № 983 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
128. Ең төменгі бағаны анықтау рәсімінің аяқталу сәтінен бір жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы лот бойынша екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер жеңімпазының атауын интернет-ресурста жариялайды.
Ескерту. 128-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.22 N 163 Қаулысымен.
129. Екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерге қатысқан әлеуетті өнім берушінің жазбаша талабы бойынша оған екі кезеңді рәсімдерді пайдаланатын тендер қорытындысы туралы хаттаманың көшірмесі беріледі.
129-1. Медициналық техниканы сатып алу бойынша екі кезеңді рәсімдер пайдаланылған тендер қорытындылары туралы хаттаманың нотариалды куәландырылған көшірмелерін техникалық өзіндік ерекшеліктердің көшірмелерімен қоса қағаз және doc*форматындағы электрондық түрде тендердің қорытындысы шығарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушілердің тендер жеңімпаздарымен осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес жасалған медициналық техниканы сатып алу шарттарын (бұдан әрі - сатып алу шарты) жасасуы үшін қабылдау-беру актісі бойынша тапсырыс берушілерге беруге тиіс
Ескерту. 129-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.16 № 629 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
129-2. Тапсырыс берушілер медициналық техниканы сатып алу бойынша екі кезеңді рәсімдерді пайдаланылған тендер қорытындылары туралы хаттаманың нотариалды куәландырылған көшірмелерін алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей тендер жеңімпаздарымен медициналық техниканы сатып алу шарттарын жасасуға тиіс.
Ескерту. 10-тарау 129-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.02.22 N 163 Қаулысымен.
130. Комиссия екі кезеңді рәсімдерді пайдаланатын тендерді, егер:
1) осы Ережеде белгіленген жағдайларды қоспағанда, ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне қатысуға жіберілген кемінде екі әлеуетті өнім берушінің екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерге қатысуға тендерлік өтінімдерін берген;
2) барлық берілген өтінімдер қабылданбаған;
3) осы Ережеде 123 және 126-тармақтарында көзделген жағдайда тұтастай немесе қандай да бір лот бойынша өтпей қалды деп таниды.
Екі кезеңді рәсімдерді пайдаланатын тендер нәтижесі бойынша жеткізу шарты осы Ереженің 12-тарауының талаптарын ескере отырып, бірыңғай дистрибьютормен жасалады.
130-1. Егер сатып алу осы Ереженің 7-тармағының З) тармақшасында көзделген тәсілдермен жүргізілген жағдайда сатып алуды ұйымдастырушы медициналық техниканы жеткізушіні айқындамаса, құндық мәндегі жылдық көлемі бір айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын медициналық техниканы сатып алуды Ережеге сәйкес тапсырыс берушілер жүзеге асырады.
Ескерту. 10-тарау 130-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.05.16 № 629 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
11-тарау. Бір көзден сатып алу және оны қолдану шарттары
131. Бір көзден сатып алуды бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайларда жүзеге асырады:
1) екі кезеңді рәсімдерді тұтасымен пайдаланып немесе оның қандай да бір болмаған лоты бойынша тендерді тану кезінде;
2) тендерде қандай да бір лот бойынша отандық тауар өндіруші болып табылатын осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушінің бір өтінімі ғана берілгенде не әлеуетті өнім берушілер олардың біреуі – отандық тауар өндіруші болып табылатын әлеуетті өнім беруші осы Ереже талаптарына сәйкес келетін екі және одан көп өтінім берілгенде. Бұл жағдайда бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы аталған отандық тауар өндірушілерден бір көзден сатып алуды жүзеге асырады;
3) дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар көлемін көбейтуге қатысты сол қаржы жылында тапсырыс берушінің қосымша өтінімі түскен кезде. Бұл жағдайда бірыңғай дистрибьютор белгіленген баға бойынша өнім берушілерден бір көзден сатып алуды жүзеге асырады;
4) екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер жеңімпазы болып табылған әлеуетті өнім беруші бірыңғай дистрибьюторға немесе тапсырыс берушіге келіспеушіліктердің болғаны туралы хабарламай, осы Ереженің 135-тармағында белгіленген мерзімде жеткізу шартына немесе сатып алу шартына қол қоймаған жағдайда. Бұл жағдайда бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы ашық тендер жеңімпазының бағасынан аспайтын бағамен осы Ереженің біліктілік талаптарына сәйкес келетін заңды тұлғадан немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғадан бір көзден сатып алуды жүзеге асыруға құқылы. Аталған тармақтың талаптары, егер тендер жеңімпазы отандық тауар өндіруші болып белгіленген жағдайда, қолданылмайды;
5) өнім беруші жеткізу шартының немесе сатып алу шартының талаптарын орындамағандықтан, тиісінше орындамағандықтан жеткізу шарты немесе сатып алу шарты бұзылғанда. Бұл жағдайда бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы бұзылған жеткізу шартының немесе сатып алу шартының белгіленген бағасынан аспайтын баға бойынша дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың қалдық көлеміне осы Ереженің біліктілік талаптарына сәйкес келетін заңды тұлғадан немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғадан бір көзден сатып алуды жүзеге асыруға құқылы. Аталған тармақтың талаптары, егер тендер жеңімпазы отандық тауар өндіруші болып белгіленген жағдайда, қолданылмайды;
6) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.11.08 № 1415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;
7) Қазақстан Республикасында тек бір ғана:
халықаралық патенттелмеген атау бойынша аналогтары жоқ шетелдік өндірушінің дәрілік заты;
аналогтары жоқ медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника тіркелгенде.
Ескерту. 131-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.25 № 122, 2011.02.22 N 163, 2011.08.31 № 983 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.05.16 № 629 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.11.08 № 1415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
132. Бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы осы Ереженің 131-тармағының 1)- 5) тармақшаларына сәйкес бір көзден сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушіден (осы Ереженің 131-тармағының 7) тармақшасына, 11-2-тарауына сәйкес шарт жасалған өнім берушілерді қоспағанда) мыналарды сұратады:
1) баға ұсынысы;
2) әлеуетті өнім берушінің осы Ереженің 8-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар. Осы Ереженің 131-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес бір көзден сатып алуды жүзеге асырған кезде, бұдан бұрын осы Ереженің талаптарына сәйкес тендерлік өтінімді ұсынған әлеуетті өнім беруші бірыңғай дистрибьютор мен медициналық техниканы ұйымдастырушыға осы Ереженің 8-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынбайды;
3) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың осы Ереженің 4-тарауында көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар.
Ескерту. 132-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.08 № 1415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
132-1. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.11.08 № 1415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
132-2. Осы Ереженің 131-тармағының 7) тармақшасына сәйкес бір көзден сатып алуды жүзеге асыру кезінде 3 жылға дейінгі мерзіммен азаматтық-құқықтық шарт мынадай жағдайларда жасалады:
1) Қазақстан Республикасында халықаралық патенттелмеген атау бойынша аналогтары жоқ тек бір ғана дәрілік зат тіркелгенде;
2) Қазақстан Республикасында аналогтары жоқ тек бір ғана медициналық мақсаттағы бұйым және/немесе медициналық техника тіркелгенде.
Азаматтық-құқықтық, шарт мынадай жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасында халықаралық патенттелмеген атау бойынша дәрілік заттың аналогтары тіркелгенде;
2) Қазақстан Республикасында медициналық мақсаттағы бұйымдардың және/немесе медициналық техниканың аналогы тіркелгенде;
3) дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды бірыңғай дистрибьютордың сатып алу тізімінен, сондай-ақ уәкілетті орган айқындайтын медициналық техниканы сатып алу тізбесінен алып тастағанда;
4) дәрілік затты, медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасында тіркеудің қолданылу мерзімі тоқтатылғанда бұзылуға жатады.
Ескерту. Ереже 132-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.05.16 № 629 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
132-3. Осы Ереженің 131-тармағының 7) тармақшасына сәйкес бір көзден сатып алуды жүзеге асырған кезде бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім беруші – шетелдік өндірушіден (дайындаушы зауыттан) мыналарды сұратады:
1) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасы бойынша ұсыныс;
2) осы Ереженің 12, 13-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкестікті растайтын құжаттар;
3) шетелдік өндірушінің (дайындаушы зауыттың) шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы бар заңдастырылған немесе апостильденген құжат.
Егер шетелдік өндірушінің (дайындаушы зауыттың) Қазақстан Республикасының аумағында өкілдігі/филиалы болса, өкілдікті/филиалды есептік тіркеу туралы куәлік, өкілдік/филиал туралы Ереже ғана ұсынылады;
4) нотариалды куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасы бар дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіруге және/немесе көтерме, бөлшек саудада сатуға шетелдік өндіруші (дайындаушы зауыт) құқығын растайтын құжаттың заңдастырылған немесе апостильденген көшірмесі.
Ескерту. Ереже 132-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.08 № 1415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
133. Бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы бір көзден сатып алуды жүзеге асыру кезінде мынадай ақпараттан тұратын хаттама толтырады:
1) бір көзден сатып алу тәсілін қолданудың негіздемесі;
2) сатып алынатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қысқаша сипаттамасы;
3) жеткізу шарты немесе сатып алу шарты жасалатын әлеуетті өнім берушінің атауы және орналасқан жері және мұндай шарттың бағасы.
Жеткізу шарты немесе сатып алу шарты бір көзден сатып алу тәсілін пайдалану нәтижесі бойынша осы Ереженің 12-тарауының талаптарын ескере отырып, бірыңғай дистрибьютормен немесе тапсырыс берушімен жасалады.
Ескерту. 133-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.22 N 163 Қаулысымен.
11-1-тарау. Инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда
болуы мен таралуының алдын алу, төтенше жағдайларды болдырмау
және олардың салдарын жою үшін дәрілік заттарды, медициналық
мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырудың ерекше
тәртібі
Ескерту. 3-бөлім 11-1-тарамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.07.14 N 716 Қаулысымен.
133-1. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алудың ерекше тәртібін бірыңғай дистрибьютор:
1) инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу қажет болған;
2) төтенше жағдайларды болдырмау және олардың салдарын жою қажет болған жағдайларда жүзеге асырады.
133-2. Сатып алудың ерекше тәртібі Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар (келісімдер), сондай-ақ оларды іске асыру үшін қол қойылған халықаралық шарттар негізінде қолданылады.
133-3. Инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу, төтенше жағдайларды болдырмау және олардың салдарын жою үшін дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен уақтылы қамтамасыз ету және ерекше тәртіппен сатып алуды жүзеге асыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган:
1) сатып алынуға тиіс дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін (тізімін) және санын;
2) кедендік тазарту бойынша шығыстарды қоса алғанда, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың болжамды құнын (бағасын);
3) қаржыландыру көзін айқындайды.
133-4. Әлеуетті өнім беруші ретінде ерекше тәртіппен сатып алуға қатысу үшін Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар (келісімдер), сондай-ақ оларды іске асыру үшін қол қойылған халықаралық шарттар негізінде шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдарға рұқсат беріледі.
133-5. Ерекше тәртіппен сатып алуды жүзеге асыру кезінде бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушіден:
1) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасы бойынша ұсынысты;
2) Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу жағдайларын қоспағанда, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың Қазақстан Республикасында тіркелгенін және олардың осы Ереженің 12-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды сұрайды.
133-6. Ерекше тәртіппен жүзеге асырылған Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу туралы шартты (келісімді) осы тараудың талаптарын есепке ала отырып, бірыңғай дистрибьютор жасайды.
133-7. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарт шеңберінде жасалған шарттарда (келісімдерде) шарт сомасының 100 пайызы мөлшеріндегі аванстық (алдын ала) төлемге жол беріледі.
11-2-тарау. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұзақ мерзімді шарт бойынша сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі
Ескерту. 3-бөлім 11-2-тараумен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.08 № 1415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
133-8. Ұзақ мерзiмдi жеткiзу шарты бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу:
1) бірыңғай дистрибьютордың бастамасымен;
2) әлеуетті өнім берушінің бірыңғай дистрибьюторға атауын (халықаралық патенттелмеген атауы немесе дәрілік заттардың құрамы немесе медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауы) және дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың техникалық сипаттамасын көрсете отырып ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасау туралы өтініші бойынша жүзеге асырылады.
133-9. Бірыңғай дистрибьютор бұрын жасалған ұзақ мерзімді жеткізу шарттары бойынша талдау жүргізеді және бұрын жасалған жеткізу шарттары болмаған жағдайда ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасау мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды.
133-10. Ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасау мүмкіндігі туралы шешім қабылдағаннан кейін бірыңғай дистрибьютор денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органнан он бес жұмыс күн ішінде дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тиісті атаулары бойынша ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасаудың орындылығы туралы қорытындыны сұратады.
133-11. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бірыңғай дистрибьютор өтініш берген сәттен бастап он жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьюторға халықаралық патенттелмеген атауы немесе дәрілік заттың құрамы және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымның атауы, техникалық өзіндік ерекшелігі және ұзақ мерзiмдi жеткiзу шарты бойынша дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың әрбір атауы бойынша жеткізу кезеңінің ұзақтығы көрсетілген ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасасудың орындылығы туралы қорытындыны ұсынады.
133-12. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органнан ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасасудың орындынсыздығы туралы қорытынды алған жағдайда бірыңғай дистрибьютор ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасау жөнінде конкурс жарияламайды.
133-13. Бірыңғай дистрибьютор уәкілетті органнан қорытындыда көрсетілген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар атаулары бойынша қорытынды алған сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде ұзақ мерзімді өнім беруші шартын жасасуға конкурс жариялайды.
133-14. Ұзақ мерзiмдi жеткiзу шарттарын жасауға конкурстарды ұйымдастыру мен жүргізу үшін бірыңғай дистрибьютор конкурстық комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады және оның құрамын бекітеді.
Комиссия сондай-ақ ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын өзгерту және/немесе бұзу мәселелерін бірыңғай дистрибьютордың бастамасымен қарайды, оның нәтижесі бойынша хаттама әзірлейді.
133-15. Комиссия құрамына бірыңғай дистрибьютордың бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам, бәсекелестікті қорғау жөніндегі уәкілетті органның басшы немесе ол уәкілеттік берген адам, бірыңғай дистрибьютордың қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері (келісім бойынша), үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері (келісім бойынша), аккредиттелген бейінді қауымдастық өкілдері (келісім бойынша) кіреді.
133-16. Комиссия құрамына төраға, төрағаның орынбасары және комиссия мүшелері кіреді. Комиссияның жалпы саны тақ болуы және тоғыз адамнан кем болмауы тиіс. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды.
133-17. Комиссия оны құру туралы шешім қабылдаған сәттен бастап тұрақты негізде әрекет етеді.
133-18. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, комиссия отырыстарында төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды және оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның қызметін орынбасары атқарады.
133-19. Комиссия хатшысы бірыңғай дистрибьютордың қызметкері болып табылады. Комиссия хатшысы әлеуетті өнім берушілерден конкурстық өтінімдерді қабылдайды, комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттар мен материалдарды әзірлейді, комиссия отырысы өткеннен кейін хаттаманы ресімдейді, келіп түскен конкурстық өтінімдерді тіркеу журналын жүргізеді, онда әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерді ұсынған уақыты мен күндері, әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі. Келіп түскен конкурстық өтінімдерді тіркеу журналы тігілген, беттері нөмірленген болуы тиіс, соңғы парағы бірыңғай дистрибьютордың мөрімен расталған болуы тиіс.
133-20. Конкурстық комиссияның отырысы конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екі қатысқан жағдайда өткізіледі. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және егер оған конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген болса, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
133-21. Конкурстық комиссияның қандай да бір мүшесі болмаған жағдайда конкурстық комиссия отырысының хаттамасында аталған фактіні растайтын құжатты қоса бере отырып, оның болмау себебі көрсетіледі.
133-22. Комиссия мүшелерінің қажетті саны болмаған жағдайда, онда бірыңғай дистрибьютор комиссия құрамына комиссияның жоқ мүшелерін ауыстыру бөлігінде оларды ауыстырудың себебін көрсете отырып өзгеріс енгізеді.
133-23. Комиссия отырысының хаттамасына комиссияның барлық қатысқан мүшелері, оның төрағасы, оның орынбасары және хатшысы қол қояды.
133-24. Ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасасу үшін конкурс өткізу туралы әлеуетті өнім берушілерге конкурстық өтінімдерді қабылдау күні аяқталуына дейін күнтізбелік 15 (он бес) күн қалғанда республикалық кезеңдік басылымдарды және (немесе) бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсында хабарландыруды мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялау арқылы хабарланады.
133-25. Ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасасу үшін конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерден тұрады:
1) бірыңғай дистрибьютордың атауы, мекенжайы және банктік деректемелері;
2) дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауы немесе құрамы және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауы;
3) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың техникалық сипаттамасы (техникалық сипаттама туралы мәліметтердің көлемі қомақты болған кезде бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсында ғана орналасуы мүмкін);
4) конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдауды аяқтау күні, уақыты және орны.
133-26. Ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасасу бойынша конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілер мынадай құжаттар тізбесіне сәйкес өтінім береді:
1) ерікті түрдегі конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған соңғы қаржы жылына арналған қаржылық есептіліктің түпнұсқасы немесе нотариаттық расталған көшірмесі;
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариаттық расталған көшірмесі;
4) заңды тұлғалар үшін жарғының нотариаттық расталған көшірмесі (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмеген, сондай-ақ акцияны ұстаушылардың тіркелімінен үзінді немесе құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді немесе құрылтай шартының нотариаттық куәландырылған көшірмесін ұсынады);
5) техникалық-экономикалық негіздеме және/немесе бизнес-жоспар (дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісін құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мерзімі, жеткізу кезеңінің басталу күні, кезеңдері және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісін құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру кестесі көрсетілген);
6) жобаны іске асыру үшін тартылатын біліктілігі, мамандықтары бойынша жұмыс өтілдері, ұқсас жобаларға қатысқандары жөнінде мәліметтері көрсетілген мамандардың болуы және саны туралы мәлімет;
7) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісін құру жөніндегі инвестициялық жобаны қаржыландыру көздері туралы құжат;
8) дәрiлiк заттар үшін тиiстi өндiрiстiк практиканың стандарттарын немесе медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін ISO стандарттарын енгізу жөніндегі әлеуетті өнім берушінің кепілдік хаты;
9) жұмыс және инновациялық құрамдаушы тәжірибесінің болуы/болмауы туралы хат.
133-27. Әлеуетті өнім беруші конкурстық өтінімнің нөмірленген беттері бар, түпнұсқалары мен көшірмелері, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың нақты мекенжайлары көрсетілген жеке тігілген түрде түпнұсқасы мен көшірмесін ұсынады, соңғы парағы мөрмен расталады.
133-28. Ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасасуға арналған конкурс әрбір лот бойынша бағалау мен салыстырудың мынадай критерийлері пайдаланыла отырып жүзеге асырылады:
1) жұмыс тәжірибесінің болуы;
2) қаржылық орнықтылық;
3) инновациялық құрамдастың болуы;
4) активтердің болуы;
5) дәрiлiк заттар үшін тиiстi өндiрiстiк практиканың стандарттарын немесе медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін ISO стандарттарын енгізу бойынша міндеттер;
6) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісін құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру кезеңдері мен кестесі;
7) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісін құру жөніндегі инвестициялық жобаның пысықталуы;
8) құзыретті персоналдың болуы;
9) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісін құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мерзімдері бойынша міндеттемелері және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізудің басталуы.
133-29. Комиссия хатшысы конкурстық өтінімнің көшірмесін инвестициялық жобаны іске асырудың орындылығы туралы салалық қорытындыны алу үшін индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға жібереді.
133-30. Құрамында, оның ішінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрбір атауы бойынша басымдық берілетін анағұрлым әлеуетті өнім беруші туралы ақпарат бар индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның салалық қорытындысы он жұмыс күні ішінде комиссияға ұсынылады.
133-31. Комиссия конкурстық өтінімнен мынадай:
1) конкурстық өтінім осы Ереженің 133-26 және 133-27-тармақтарына сәйкес ұсынылмаған;
2) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органнан инвестициялық жобаны іске асырудың орынсыздығы туралы салалық қорытынды алынған жағдайда бас тартады.
133-32. Егер ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасасу жөніндегі конкурс немесе тиісті лот:
1) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тиісті атауы бойынша бірде бір конкурстық өтінімдер ұсынылмаған жағдайда;
2) лотқа сәйкес барлық конкурстық өтінімдер тоқтатылғанда өткізілмеді деп танылады.
133-33. Жеңімпазды комиссия осы Ереженің 133-28-тармағында көрсетілген бағалау мен салыстыру критерийлерінің негізінде қатысушы комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен айқындайды.
133-34. Комиссия индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органнан салалық қорытындыны алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделетін шешім қабылдайды.
133-35. Хаттамада мыналар:
1) жеңімпаздың атауы;
2) ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасау үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың номенклатурасы және техникалық сипаттамасы;
3) ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасау үшін ұсынылған дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу көлемінің үлесі;
4) инвестициялық жобаны іске асыру мерзімі;
5) жеткізу кезеңінің басталған күні;
6) өтінімдерінен бас тартылған негіздемесі көрсетілген әлеуетті жеткізушілердің атауы көрсетіледі.
133-36. Бірыңғай дистрибьютор хаттамаға қол қойылған сәттен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде хаттама негізінде ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасасады.
133-37. Ұзақ мерзiмдi жеткiзу шарттары бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізу басталғанға дейін бірыңғай дистрибьютор оларды осы Ереженің 10, 11-тарауларына сәйкес сатып алады.
12-тарау. Жеткізу шартын жасасу және орындау
134. Тендер жеңімпазы екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, тендердің қорытындысын шығарғаннан күннен кейін бес жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьюторға дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізудің өндіруші зауыт бекіткен, жеткізу көлемдері, мерзімдері және шарттары көрсетілген кестесін ұсынады.
Бірыңғай дистрибьютор тендер жеңімпазынан дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізудің өндіруші зауыт бекіткен кестесін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушіге осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалатын, қол қойылған жеткізу шартын жолдайды.
Егер тендер жеңімпазы бірыңғай дистрибьюторға дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізудің өндіруші зауыт бекіткен кестесін осы тармақта көрсетілген мерзімде ұсынбаса, онда бірыңғай дистрибьютор онымен жасасатын шартқа қол қоюдан бас тартуға құқықты.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, жеткізу шарты оған тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған сәтінен бастап күшіне енеді.
Ескерту. 134-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.08.27 N 844 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
135. Екі кезеңді рәсімдер пайдаланатын тендердің жеңімпазы қол қойылған жеткізу шартын алған сәтінен бастап он жұмыс күні ішінде қол қояды немесе бірыңғай дистрибьюторды болған келіспеушіліктер немесе шартқа қол қоюдан бас тарту туралы жазбаша хабарлайды.
135-1. Осы Ереженің 134-тармағының екінші абзацында көзделген жеткізу шартын жасасуға қойылатын талаптар осы Ереженің 131-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген жағдайда бір көзден сатып алу тәсілін қолдану нәтижелері бойынша шетелдік өндірушімен (дайындаушы зауытпен) жасалған жеткізу шарттарына қолданылады.
Ескерту. 12-тарау 135-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.02.22 N 163 Қаулысымен.
136. Өнім берушіні таңдауға негіз болған (баға, сапа) ұсыныстар мазмұнын өзгерте алатын жеткізу шартының жобасына немесе қол қойылған жеткізу шартына қандай да бір өзгерістер және (немесе) жаңа талаптар (бағаны азайтуды қоспағанда) енгізуге жол берілмейді.
Өнім берушіні таңдау үшін негіз болған баға мен сапасын өзгертпеген жағдайда және басқа жағдайларда сатып алу туралы шарттың жобасына немесе қол қойылған сатып алу туралы шартқа сатып алу көлемін өзгерту бойынша өзгерістер енгізуге жол беріледі.
137. Бірыңғай дистрибьютор жеткізу шартына қол қойғанға дейін екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендердің жеңімпазы болып танылған әлеуетті өнім берушімен келіссөздер жүргізуге құқылы. Әлеуетті өнім беруші мұндай азайтуға келіспеуге құқылы, бұл ретте бірыңғай дистрибьютор екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендердің жеңімпазы болып танылған әлеуетті өнім берушімен шартқа қол қоюдан бас тартуға құқығы жоқ.
138. Заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттерді бекіткеннен кейін бірыңғай дистрибьюторға тапсырыс берушілердің соңғы өтінімінде ұсынған сатып алынатын дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар көлемі азайған жағдайда жеткізу шартына жеткізу көлемін тиісті азайту бойынша және шарт сомасының қосалқы мөлшеріне өзгерістер енгізіледі.
Ескерту. 138-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.22 N 163 Қаулысымен.
139. Жеңімпаз болып белгіленген әлеуетті өнім беруші жеткізу шартына қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьюторға осы Ереженің 12-қосымшаға сәйкес осы Ереженің 5-тарауында белгіленген тәртіппен жеткізу шарты немесе сатып алу шарты құнының 3 %-ы мөлшерінде жеткізу шартын немесе сатып алу шартын әлеуетті өнім берушінің сапалы және уақтылы орындауын кепілдікпен қамтамасыз етуді енгізуді растайтын құжаттың түпнұсқасын береді.
Ескерту. 139-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.02.22 N 163 Қаулысымен.
4-бөлім. Қорытынды ережелер
140. Сатып алу туралы шартты орындау үшін салынған қамтамасыз ету (жеткізу шарты) шартта көрсетілген мерзімде осы шарт бойынша өз міндеттемелерін өнім берушілер толық және тиісінше орындағаннан кейін, егер шартта бұл мерзім көрсетілмесе немесе өнім беруші міндеттемелерді толық орындаған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өнім берушіге қайтарылады.
141. Бірыңғай дистрибьютор немесе сатып алуды ұйымдастырушы егер өнім беруші:
1) шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаса және шартта көзделген айыппұл санкцияларын төлемесе;
2) шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындамаса (өнім беру мерзімінің бұзылуы, сапасыз дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы беру, басқа да шарт талаптарын бұзу) және шартта көзделген айыппұл санкцияларын төлемесе, өнім берушінің енгізген шартты орындауды қамтамасыз етуді ұстап қалады.
Ескерту. 141-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.08 № 1415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
142. Сатып алуды өткізу кезінде бұзушылықтар анықталған жағдайда, сатып алуды ұйымдастырушының (бірыңғай дистрибьютордың) басшысы мұндай сатып алуды тұтастай немесе тиісті лоттар бойынша жарамсыз деп тануға құқылы.
Ескерту. 142-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.08 № 1415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
142-1. Лизинг беруші өнім беруші техникалық өзіндік ерекшелігінен ақауы бар медициналық техниканы ұсынған және/немесе осы медициналық техниканың бейіні, бағыты және жеткізілуі жоспарланған денсаулық сақтау ұйымының қызмет түріне сәйкес келмеген жағдайда тендер жеңімпазымен сатып алу туралы шарт жасасудан бас тартуға құқығы бар. Бұл жағдайда лизинг беруші лизинг шарттарында медициналық техниканы сатып алатын денсаулық сақтау ұйымының жазбаша хабарламасы негізінде сатып алуды ұйымдастырушыға және тендер жеңімпазына сатып алу туралы шарт жасасудан бас тартатыны туралы хабарлайды.
Ескерту. 4-бөлім 142-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.08 № 1415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
143. Ашылған тендерлік өтінімдер әлеуетті өнім берушілерге қайтарылмайды. Ерекшелік ретінде банк кепілдігінің түпнұсқасы болуы мүмкін, бұл ретте тендерді ұйымдастырушы (бірыңғай дистрибьютордың) тендерді ұйымдастырушы (бірыңғай дистрибьютордың) растаған осы құжаттың көшірмесін сақтауға міндетті.
144. Өткізілген сатып алу материалдары сатып алуды ұйымдастырушының (бірыңғай дистрибьютордың) тиісті іс номенклатурасында белгілеген тәртіппен сақталады.
145. Бірыңғай дистрибьютор тізіміне өзгерістер енгізілген жағдайда дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу осы Ереженің 10-тарауында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 145-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.02.25 № 122 Қаулысымен, өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.08.31 № 983 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілетін көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу
ережесіне 1-қосымша
Алдағы тендер туралы хабарландыру нысаны
_______________________________________________
(тендерді ұйымдастырушының атауы)
мынадай тауарларды сатып алу бойынша тендер жүргізу туралы хабарлайды: ________________________________________________________
(тауарлардың қысқаша сипаты және олардың саны (көлемі, сатып алу үшін бөлінетін сома)); (тендерді ұйымдастырушы сатып алынатын тауарлардың толық тізбесі, олардың саны мен егжей-тегжейлі өзіндік ерекшеліктер тендерлік құжаттамада көрсетілгеніне сілтеме жасауға құқылы).
Тауар жеткізілуі тиіс: (тауарларды беру орнын көрсету).
Тауарларды берудің талап етілетін мерзімі ____________________
Тендерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 200 _ жылғы " " ____ N ____ қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілетін көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінің 8-9-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарға сай келетін барлық әлеуетті өнім берушілер жіберіледі.
Тендерлік құжаттама пакетті ____ жылғы "___" _________ дейінгі мерзімді қоса алғанда (тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашқанға дейін 24 сағат бұрын уақыт пен күні көрсетілген) мына мекен-жай бойынша: _______, бөлме N _____ сағат____ -дан_____ -ге дейін және/немесе мекен-жай бойынша ______ электрондық почтамен алуға болады.
Тендерлік өтінімдерді берудің соңғы мерзімі___ (уақыты мен күні) дейін.
Тендерлік өтінімдер салынған конверттер _______________ (уақыты мен күні көрсетілсін) мына мекенжай бойынша ашылады: (толық мекенжайы, бөлменің N көрсетілсін).
Әлеуетті өнім берушілерге тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатысуына болады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: (қаланың коды мен телефон нөмірі көрсетілсін).
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілетін көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу
ережесіне 2-қосымша
Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
2011.02.22 N 163 Қаулысымен.
(Кімге)
_________________________________________________________________
(тендерді ұйымдастырушының атауы)
(Кімнен)
_________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
Тендерге қатысуға өтінім
(кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар және заңды
тұлғалар үшін)
___________________________________________ тендерді жүргізу бойынша
(тендердің атауы) тендерлік құжаттаманы қарап,
осы арқылы алуды куәландыратын __________________________________
_________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
мына лоттар бойынша тендерлік құжаттамаға сәйкес тауарларды беруі жүзеге асыруды ұсынады: _____
_________________________________________________________________
(тауарларды егжей-тегжейлі сипаттау)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Осы тендерлік етінім мыналарды қамтиды:
1. ________________________________________________________
2. ________________________________________________________
3. ________________________________________________________
4. ________________________________________________________
5. ________________________________________________________
6. ________________________________________________________
7. ________________________________________________________
8. ________________________________________________________
9. ________________________________________________________
10.________________________________________________________
Мен (біз) егер менің (біздің) тендерлік өтінімім(із) ұтты деп танылған жағдайда, шартқа қол қойылған күнінен бастап _______ күн ішінде (толық жазу) тауарларды беруді бастауды және осы тендерлік өтінімде көрсетілген барлық тауарларды ________________ дейін (толық жазу) (күні көрсетілсін) беруді аяқтауды міндетіме аламын (мыз).
Егер менің (біздің) тендерлік өтінімім(із) ұтты деп танылған жағдайда, мен (біз) келісімдегі жалпы соманың _____________ пайызын құрайтын сомада сатып алу туралы шартты* орындауды қамтамасыз етемін (міз).
Осы тендерлік өтінім тендерлік өтінім салынған конверттерді ашқан күннен бастап _____________ күн ішінде (толық жазу) жарамды.
Сатып алу туралы шарт жасасқан сәттен бастап осы тендерлік өтінім оны ұтып алды деп тану туралы сіздің хабарламаңызбен бірге арамыздағы міндетті шарттың қызметі орындалатын болады.
__________ ___________________________________
(қолы, күні) (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
МО
_________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы) атынан және тапсырмасы бойынша тендерлік өтінімге қол қоюға барлық өкілеттілігі бар
*егер шартты орындауды қамтамасыз ету тендерлік құжаттамада көзделген болса көрсетіледі.
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілетін көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу
ережесіне 3-қосымша
Әлеуетті өнім берушінің өтініміне қоса берілетін құжаттардың
тізімін толтыру нысаны
N |
Құжаттың атауы |
Күні және нөмірі |
Қысқаша мазмұны |
Құжатқа кім қол қойды |
Түпнұсқа, Көшірме, Нотариалды расталған көшірме |
Тегін медициналық көмектің кепілдік
берілетін көлемін көрсету бойынша дәрілік
заттарды, профилактикалық (иммундық-
биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу ережесіне
4-қосымша
Берешектің жоқтығы туралы анықтама
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.08 № 1415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Банк/банк филиалы (атауы) _________________ жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамдағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарына сәйкес осы банкте/банк филиалында қызмет көрсетілетін (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның толық атауы, мекенжайы, СТН, БСК және т.б. көрсету қажет) банк алдында анықтама берілген айдың алдыңғы үш айдан созылған мерзімі өткен берешегінің жоқ екендігін растайды.
Күні
Қолы
М.О.
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілетін көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу
ережесіне 5-қосымша
Әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінім
бағасының кестесі
(әлеуетті өнім берушінің атауы, әрбір лотқа жеке толтырылады)
N |
Мазмұны |
Тауарлардың атауы |
1 |
2 |
3 |
1. |
Қысқаша сипаты |
|
2. |
Шығарылған елі |
|
3. |
Жасаушы зауыт |
|
4. |
Өлшем бірлігі |
|
5. |
Баға____ бірлікке _______ |
|
6. |
Саны (көлемі) |
|
7. |
Барлық бағасы = ______ |
|
8. |
Жалпы бағасы,_________ ИНКОТЕРМС 2000 шарттары бойынша __________ белгіленген пункті, әлеуетті өнім берушінің тасымалдауға арналған, кеден бажын, ҚҚС және басқа төлемдер мен алымдарды, жинақтаушы бөлшектер мен міндетті қосалқы бөлшектер бағасын, бір өлшем бірлігіне пайдаланудың бастапқы мерзімі ішінде қызмет көрсетуге арналған барлық шығыстарды қоса алғанда, басқа да шығыстар. |
|
9. |
Жеңілдіктер берілген жағдайда оларды ұсыну мөлшері |
Мен (Біз) Сіздердің тендерлік құжаттамада айтылған төлем шарттарыңызға келісе(мін) (міз). Төлемнің мынадай балама шарттарын ұсынамыз
____________________________________________________________
(егер олар болса)
____________________________________________________________
(төлемнің балама шарттары көрсетіледі)
немесе басқа шарттар (санамалау қажет:___________ __________)
бұл ретте__________________ мөлшерде жеңілдіктер ұсынамыз
____________________________________________________________
(ақшалай мәнде жазбаша түрде көрсету қажет)
_________________________________ __________
(лауазымы, тегі, әкесінің аты) (Қолы)
М.О.
Ескертпе: әлеуетті өнім беруші 8-жолда көрсетілген жалпы бағаның құрауыш бөліктерін көрсетпеуі де мүмкін, бұл ретте осы жолда көрсетілген бағаны әлеуетті өнім берушінің барлық шығындарын ескере отырып тендерлік комиссия қарайды және қайта қарауға жатпайды.
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілетін көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу
ережесіне 6-қосымша
Банктік кепілдік
Банктің атауы:___________________________________________________
(банктің атауы мен деректемелері)
Кімге:___________________________________________________________
(сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен деректемелері)
N__________ кепілдік міндеттеме
____________________________ ___ жылғы "____" _________
(орналасқан жері)
Біз бұдан әрі "Өнім беруші" деп аталатын,_________________,
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
___________________________________ ұйымдастырған _______________
(сатып алуды ұйымдастырушының атауы)
сатып алу жөніндегі тендерге қатысатындығынан және жалпы сомасы __________ теңгеге ______________________________________________
(жазумен) (тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің атауы мен көлемі)
беруді (жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді) жүзеге асыруға дайындығынан хабардармыз.
_________ жылғы "___" ________________ жоғарыда аталған сатып алуды өткізу жөніндегі тендерлік құжаттамада/баға ұсыныстарға сұрау салу тәсілімен сатып алу шарттарында әлеуетті өнім берушілердің банктік кепілдік түрінде тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді енгізуі көзделген.
Осыған байланысты біз ____________________ осымен өзімізге
(банктің атауы)
Сіздің талап өтуіңіз бойынша Сіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды, сондай-ақ Өнім беруші:
тендерлік өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі өткеннен кейін тендерлік өтінімді кері қайтарып алғандығын немесе өзгерткендігін;
белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қоймағандығын;
тендерлік құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылғаннан кейін мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбегендігін жазбаша растауды алғаннан кейін ____________________________________
(сомасы цифрмен және жазумен)
тең соманы төлеуге қайтарымсыз міндеттемені өзімізге аламыз.
Бұл кепілдік міндеттеме тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашқан күннен бастап күшіне енеді.
Бұл кепілдік міндеттеме Өнім берушінің тендерге қатысуға тендерлік өтінімінің қолданылуының соңғы мерзіміне дейін қолданылады және, егер Сіздің жазбаша талабыңызды біз __________ аяғына дейін алмасақ, осы құжат бізге қайтарылатыңдығына немесе қайтарылмайтындығына қарамастан, толық және автоматты түрде күшін жояды. Егер тендерлік өтінімнің мерзімі ұзартылған болса, онда бұл кепілдік міндеттеме сондай мерзімге ұзартылады.
Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттемелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Кепілгердің қолы және мөрі Күні және мекен-жайы
«Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемін көрсету
бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммундық-
биологиялық, диагностикалық,
дезинфекциялық) препараттарды,
медициналық мақсаттағы бұйымдар
мен медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді
сатып алуды ұйымдастыру және
өткізу ережесіне 6-1-қосымша
Ескерту. Ереже 6-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.08.31 № 983 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.11.08 № 1415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Банк кепілдігі
(тендер өтінімін қамтамасыз ету нысаны)
Банктің атауы:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
(банктің атауы мен деректемелері)
Кімге:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
(көрсетілген Ереженің 88-1-тармағына сәйкес бірыңғай дистрибьютордың немесе сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен деректемелері)
№___ кепілдік міндеттеме
___________________ ____ ж. «__»________
(орналасқан жері)
Бізге _________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
бұдан әрі «Өнім беруші»,_________________________________________
(бірыңғай дистрибьютордың немесе сатып алуды ұйымдастырушының атауы)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________ жалпы
сомасы ___________________________________________________ теңгеге
(жазумен)
___________________________________________________________________
(тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің атауы мен көлемі)
сатып алу бойынша екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, тендерге қатысатыны туралы хабарлайды.
Екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер тәсілімен сатып алу шарттарына сәйкес банктік кепілдеме түрінде тендер өтінімін қамтамасыз етуді әлеуетті өнім берушілердің енгізуі көзделген.
Осыған байланысты _________________________ (банктің атауы) біз Сіздің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу Ережесінің 107-тармағында көзделген негіздер бойынша ақы төлеуге жазбаша талабыңызды алғаннан кейін Сіздің талабыңыз бойынша
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(сомасы цифрмен және жазумен)
тең соманы Сізге төлеуге бұлтартпас міндеттеме аламыз.
Осы кепілдік міндеттеме тендер өтінімі бар конверттерді ашу күнінен бастап күшіне енеді.
Осы кепілдік міндеттеме Өнім берушінің тендерге қатысуға тендер өтінімінің соңғы мерзіміне дейін қолданылады және егер Сіздің жазбаша талабыңызды біз тендер өтінімінің соңғы мерзіміне «__»________________алмайтын болсақ, бұл құжаттың бізге қайтарылғанына немесе қайтарылмағанына қарамастан толық және автоматты түрде мерзімі өтеді. Егер тендер өтінімінің қолданылу мерзімі ұзартылса, онда осы кепілдік міндеттеме осындай мерзімге ұзартылады.
Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттемелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Кепілдік берушілердің қолы мен мөрі Күні және мекенжайы
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілетін көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу
ережесіне 7-қосымша
Сатып алу туралы үлгілік шарт
Ескерту. 7-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.11.08 № 1415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
____________________ _____ жылғы "___" ___________
(Орналасқан жері)
Бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын __________________
(тапсырыс берушінің
толық атауы)
атынан,_________________________________________________________,
(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
бір тараптан және бұдан әрі "Өнім беруші" деп аталатын,
___________________________________________________________
(өнім беруші - тендер жеңімпазының толық атауы)
атынан ___________________________________ негізінде әрекет ететін
(Жарғы, Ереже және т.с.с.)
___________________________________________________________
(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
екінші тараптан, Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесі және ___ жылғы "__" ________ өткен (затты сатып алу) сатып алу __________________________ (тәсіл көрсетілсін) тәсілмен сатып алу қорытындысы туралы N_____ хаттамасының негізінде сатып алу туралы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты және мына төмендегі келісімге келді:
1. Өнім беруші Шарттың талаптарына сәйкес тауарды осы Шарттың қосымшаларында анықталған санда және сапада беруді, ал Тапсырыс беруші оны қабылдауды және Шарттың талаптарына сәйкес төлеуді міндетіне алады.
2. Тауарлардың жалпы құны (ММ үшін бюджеттік бағдарламаға/ерекшелігіне сәйкес тауарлардың атауы көрсетілсін) (сома санмен цифрмен және жазумен көрсетілсін) (бұдан әрі - шарттың жалпы сомасы) құрайды.
3. Осы Шартта төменде санамаланған ұғымдарға мынадай түсінік беріледі:
1) "Шарт" - Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету үшін дәрілік заттарды сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесіне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалған, жазбаша нысанда тіркелген, тараптар оған барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ шартта сілтеме бар барлық құжаттамамен бірге қол қойған азаматтық-құқықтық акт;
2) Шарттың бағасы тапсырыс беруші Шарттың шеңберінде Өнім берушіге өзінің шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін төленуге тиіс соманы білдіреді;
3) тауарлар - өнім беруші Тапсырыс берушіге Шарт шеңберінде жеткізуі тиіс тауарлар және ілеспе көрсетілетін қызметтер;
4) ілеспе көрсетілетін қызметтер - тауарларды беруді қамтамасыз ететін қызметтерді, мәселен, тасымалдау және сақтандыру және мәселен, монтаждау, іске қосу, техникалық жәрдем көрсету, оқыту қамтылатын кез келген басқа да көмекші қызметтер және Өнім берушінің осы Шартта көзделген басқа да осыған ұқсас міндеттерін білдіреді;
5) Тапсырыс беруші - акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ олармен аффилиирленген заңды тұлғалар;
6) Өнім беруші - шартта көрсетілген шарттарда тауарларды беруді жүзеге асыратын және тапсырыс берушімен сатып алу туралы жасасқан шартта оның агенті ретінде әрекет ететін заңды және жеке тұлға.
4. Төменде санамаланған құжаттар және оларда баяндалған талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:
1) осы Шарт;
2) сатып алынатын тауарлардың тізбесі;
3) техникалық ерекшелігі;
4) Шарттың орындалуын қамтамасыз ету (бұл тармақша егер тендерлік құжаттамада көрсетілсе, шартты орындауды қамтамасыз ету көзделеді).
5. Төлем нысаны ___________________________________________
(қолма-қол есептесулер үшін ақша аударулар, акредиттер және т.б.)
6. Төлем мерзімі
_________________________________________________________________
(мысалы: % белгіленген пунктте тауарды қабылдау немесе алдын ала
төлеу және т.б.)
7. Алдағы төлемде қажетті құжаттар:
________________________________________________________________
(шот-фактура немесе қабылдау-тапсыру акті немесе т.б.)
8. Осы Шарт шеңберінде берілетін тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес келуге немесе олардан жоғары болуға тиіс.
9. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын адамға Шарттың мазмұнын немесе оның қандай да бір ережелерін, сондай-ақ тапсырыс беруші немесе осы Шартты орындау үшін өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, оның атынан басқа адам берген техникалық құжаттаманы, жоспарларды, сызбаларды, модельдерді, үлгілерді немесе ақпаратты ашпауға тиіс. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындау үшін қажетті шамада берілуге тиіс.
10. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын жоғарыда санамаланған құжаттарды немесе ақпаратты Шартты іске асыру мақсатынан басқа, пайдаланбауға тиіс.
11. Өнім беруші Тендерлік құжаттамаға 1-қосымшада көрсетілген белгіленген соңғы пунктке тасымалдау уақытына олардың бұзылуын немесе бүлінуін болдырмауы, тауардың қаптамасын қамтамасыз етуі тиіс. Қаптама қандай да болмасын шектеулерсіз қарқынды көтергіш-көлік өңдеуіне және тасымалдау кезіндегі өзгермелі температураның, тұз бен жауын-шашынның, сондай-ақ ашық сақтаудың әсеріне төзуге тиіс. Оралған жәшіктердің габаритін және олардың салмағын анықтау кезінде жеткізу пунктінің алыстығы және тауарларды алып жүрудің барлық пункттерінде қуатты жүк көтергіш құралдардың болуы ескерілуі қажет.
12. Жәшіктерді орау мен таңбалау, сондай-ақ ішінен және сыртынан құжаттамалау Тапсырыс беруші белгілеген арнайы талаптарға қатаң сәйкес келуге тиіс.
13. Тауарларды беруді Өнім беруші сатып алынатын тауарлардың тізбесінде айтылған Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес (1-қосымша) жүзеге асырады.
14. Өнім беруші Тендерлік құжаттамаға 1-қосымшада көрсетілген белгіленген пунктке дейін тауарды беруі тиіс. Осы тауарларды белгіленген пунктке дейін тасымалдау жүзеге асырылады және өнім беруші төлейді, ал осымен байланысты шығыстар шарттың бағасына енеді.
15. Осы Шарттың шеңберінде Өнім беруші тендерлік құжаттамада көрсетілген қызметтерді ұсынуы тиіс.
16. Ілеспе қызметтерге арналған бағалар Шарттың бағасына енгізілуі тиіс.
17. Тапсырыс беруші Өнім берушіден өнім беруші дайындайтын немесе сататын қосалқы бөлшектер туралы ақпаратты ұсынуды, атап айтқанда Тапсырыс беруші Өнім берушіден сатып алу үшін таңдап алатын және кепілдік берілген мерзімнен кейін оларды пайдаланатын қосалқы бөлшектердің құны және номенклатурасын талап етуі мүмкін.
18. Өнім беруші оларға қосалқы бөлшектерді шығаруды тоқтатқан жағдайда:
а) Тапсырыс берушіні оған қажетті санда қажетті сатып алуды жүргізе алуына мүмкіндік беру үшін өндірістің алдағы уақыттағы тоқтауы туралы алдын ала хабарлауға;
б) қажет болған жағдайда өндіріс тоқтағаннан кейін артынша Тапсырыс берушіге қосалқы бөліктерге жоспарларды, сызбалар мен техникалық құжаттаманы тегін беруге тиіс.
19. Өнім беруші Шарт шеңберінде берілген Тауарлар, егер Шартта өзгеше көзделмесе, жаңа, пайдаланылмаған, конструкциялар мен материалдардың барлық соңғы түрленулері көрсетілген жаңа не сериялық модель болып табылатындығына кепілдік береді. Өнім беруші, бұдан әрі, осы Шарт бойынша берілген Тауарлар Тапсырыс берушінің елі үшін әдетте қолайлы жағдайларда берілген Тауарларды қалыпты пайдаланған кезде конструкцияларына, материалдары мен жұмысына байланысты ақаулары болмайтындығына бұдан әрі кепілдік береді. Тапсырыс беруші берген техникалық ерекшелікке қатаң сәйкестікте Өнім беруші дайындаған конструкцияларда, материалдарда ақау пайда болған жағдайда Өнім беруші Тапсырыс берушінің оның (Тапсырыс берушінің) техникалық ерекшелігінде жіберген қателігі үшін жауап бермейді.
20. Бұл кепілдік Тауарлардың бүкіл партиясын немесе оның бөлігін нақтылы жағдайға және оларды Шартта көрсетілген тағайындалған нақты пунктіне қабылдағанға орай ___________________________________
(кепілдіктің талап етілетін мерзімі көрсетілсін) ішінде жарамды.
21. Тапсырыс беруші Өнім берушіні осы кепілдікке байланысты барлық талап қоюлар туралы жазбаша түрде жедел хабардар етуге міндетті.
22. Тауардың істен шыққаны туралы хабарлама алғаннан кейін әлеуетті өнім беруші хабарлама алған сәттен бастап 72 (жетпіс екі) сағаттан аспайтын мерзімде болжамды жөндеу жұмыстарының себептерін, мерзімдерін айқындау үшін білікті мамандарды жергілікті жерге жіберуді қамтамасыз етеді. Өнім беруші дайындаушы-зауыт өндірген қосалқы бөлшектерді және тораптарды пайдалана отырып жөндеу жұмысын немесе бір ай ішінде тапсырыс берушінің тарапынан қандай да бір шығыстарсыз ақауы бар тауарды немесе оның бөлшектерін ауыстыруды жүргізуге тиіс.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.08 № 1415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
23. Егер Өнім беруші хабарлама алып, Тапсырыс беруші талап еткен мерзімде ақауды(ларды) жөндемесе, Тапсырыс беруші Өнім беруші есебінен және Тапсырыс беруші Өнім берушіге қатысты Шарт бойынша иеленуі мүмкін басқа да құқықтарға қандай да болмасын залалсыз ақауларды жөндеу жөніндегі қажетті санкциялар мен шараларды қолдана алады.
24. Өнім берушіге берілген Тауарларға ақы төлеу осы Шарттың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген нысанда және мерзімде жүргізілетін болады.
25. Тапсырыс беруші Шартта көрсеткен баға Тапсырыс берушінің тендерлік өтінімінде ол көрсеткен бағаға сәйкес келуге тиіс.
26. Екі тарап қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда, Шарттың құжаттарына ешқандай ауытқуларға немесе өзгерістерге (сызбалар, жобалар немесе техникалық ерекшеліктер, тиеу, орау әдістері, жеткізу орны немесе өнім беруші көрсететін қызметтер және т.б.) жол жіберілмейді.
27. Егер кез келген өзгеріс Өнім берушіге Шарт бойынша тауарлардың кез келген бөлігін беру үшін қажетті құнның немесе мерзімнің азаюына әкелетін болса, Шарттың бағасы немесе беру кестесі немесе сол немесе өзгелері тиісті түрде түзетіледі, ал Шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Осы бап шеңберінде Өнім берушінің түзету жүргізуге барлық сауалдары Өнім беруші Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкім алған күнінен бастап 30 (отыз) күн ішінде көрсетілуге тиіс.
28. Өнім беруші қандай да болмасын біреуге осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз не толық не ішінара бермеуге тиіс.
29. Тауарларды беруді және Қызметтерді көрсетуді Өнім беруші бағалар кестесінде көрсетілген кестеге сәйкес жүзеге асыруға тиіс.
30. Өнім беруші тарапынан өнім беруді орындауды кешіктіру шартты орындауды қамтамасыз етуді ұстап қалуға және тұрақсыздық айыппұлын төлеуге әкеп соқтырады.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.08 № 1415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
31. Егер Шартты орындау кезеңінде Өнім беруші немесе оның қосалқы мердігері (лері) кез келген сәтте тауарларды уақтылы беруге және қызметтерді көрсетуге кедергі келтіретін жағдайларға тап болса, Өнім беруші Тапсырыс берушіге тез арада кешігу фактісі, оның шамамен ұзақтығы және себебі (тері) туралы жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Өнім берушіден хабарлама алғаннан кейін Тапсырыс беруші жағдайды бағалауға тиіс және өзінің қалауы бойынша Өнім берушінің Шартты орындау мерзімін ұзарта алады: бұл жағдайда мұндай ұзартуды тараптар Шарттың мәтініне түзетулер енгізу жолымен ратификациялануы тиіс.
32. Форс-мажор жағдайларын қоспағанда, егер Өнім беруші тауарларды Шартта көзделген мерзімде бере алмайтын не қызметтерді көрсете алмайтын болса, Тапсырыс беруші өзінің басқа құқықтарына зиян келтірместен, Шарт шеңберінде әрбір мерзімі өткен күн үшін Шарттың бағасынан 0,1 % соманы тұрақсыздық айыбы түрінде шегеріп тастайды.
Ескерту. 32-тармақта қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - ҚР Үкіметінің 2012.11.08 № 1415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
33. Өнім беруші, егер Шартты орындауды кешіктіру форс-мажор жағдайларының нәтижесі болса, өзінің Шартты орындауды қамтамасыз етуден айырылмайды және Шарттың талаптарын орындамауына орай тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе оны бұзуға жауапкершілік жүктемейді.
34. Осы Шарттың мақсаты үшін "форс-мажор" Өнім берушінің есебіне және салақтығына байланысты емес және күтпеген сипаттағы Өнім беруші тарапынан бақылауға бағынбайтын оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар әскери іс-қимылдар, табиғи немесе зілзала апаттары, індет, карантин мен тауарларды беруге эмбарго сияқты іс-қимылдарды қамтуы мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.
35. Форс-мажор жағдайлары туындаған кезде Өнім беруші Тапсырыс берушіге мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы тез арада жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер Тапсырыс берушіден өзгеше жазбаша нұсқаулықтар түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауды ол орынды болғанынша жалғастырады және форс-мажор жағдайларына байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін жүргізеді.
36. Тапсырыс беруші, егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, Шартты бұза алады. Бұл жағдайда бұзу тез арада жүзеге асады және Тапсырыс беруші, егер Шартты бұзу іс-әрекеттерді жасауға немесе Тапсырыс берушіге қойылған немесе қойылатын санкцияларды қолдануға залал әкелмесе немесе қандай да болмасын құқықтарды қозғамаса Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндеттемелер жүктемейді.
37. Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, оның бұдан әрі орындалуының орынсыздығына орай кез келген уақытта Шартты бұза алады. Хабарламада Шартты бұзудың себебі көрсетілуге тиіс, күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ Шарттың бұзылуы күшіне енген күн айтылуға тиіс.
38. Шарт жойылған кезде, өнім беруші Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күнгі іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы талап етуге құқылы. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші тікелей келіссөздер процесінде олардың арасында Шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешуге бар күш-жігерін жұмсауға тиіс.
39. Егер осындай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауды шеше алмаса, тараптардың кез келгені осы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.
40. Шарт мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде жасалады. Егер екінші тарап шетел ұйымы болса, онда екінші дана Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңнамасына сәйкес тілге аударылуы мүмкін. Шартты төрелікте қарау қажет болған жағдайда, Шарттың мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі данасы қаралады. Шартқа қатысты барлық хат алмасу немесе тараптар алмасатын басқа құжаттама осы талаптарға сәйкес келуге тиіс.
41. Шартқа сәйкес тараптардың бірі екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама кейіннен түпнұсқасын бере отырып, хат, жеделхат, телекс немесе факс түрінде жіберіледі.
42. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне ену көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе) күшіне енеді, ол бұл күндердің қайсысы кеш болатындығына байланысты.
43. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленуге тиіс.
44. Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді тендерлік құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда енгізуге міндетті.
45. Осы Шарт оны Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық аумақтық органында тіркелген күнінен бастап (мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер үшін) және Өнім беруші Шартты қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін күшіне енеді.
46. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері:
Аумақтық қазыналық органда тіркелген күні (мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер үшін) _________________________________
Осы Сатып алу туралы шарт Тапсырыс берушінің дәрілік заттарды, медициналық мақсаттығы бұйымдарды және медициналық техниканы сатып алуды жүзеге асыруы үдерісінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді. Осы Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына, тапсырыс берушінің тендерлік құжаттамасына, өнім берушінің тендерлік өтініміне және тендердің қорытындысы туралы хаттамаға сәйкес болуы тиіс. Осы Шартта курсивпен бояп көрсетілген түсіндірмелерді Тапсырыс беруші толтыруға тиіс.
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілетін көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу
ережесіне 8-қосымша
Фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған үлгі шарт
__________________ _____ ж. "___" ______________
(Орналасқан жері)
бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын
____________________________________________________________ атынан,
(бюджеттік бағдарлама әкімшісінің толық атауы)
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің, " " ______ жылы өткізілген фармацевтикалық қызметтерді сатып алу қорытындылары, әкімдіктің қаулысымен бекітілген департамент (басқарма) туралы Ереже негізінде әрекет ететін
__________________________________________________________________
(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
бір тараптан және бұдан әрі "Өнім беруші" деп аталатын,
____________________________________________________________ атынан
_________________________________________________________________
(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________________ негізінде әрекет ететін
(Жарғының, Ереженің және т.б.)
_________________________________________________________________
(өнім берушінің атауы меншік нысанына қарамастан)
екінші тараптан мына төмендегілер туралы, осы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты:
Шарттың мәні
1. Өнім беруші Шартқа 1-қосымшада көрсетілген елді мекендерде фармацевтикалық қызмет көрсетеді.
2. Тапсырыс беруші осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес тарифтер бойынша Өнім берушінің шығындарының орнын толтырады.
Есептеу тәртібі
3. Шарттың сомасы ___________ жылға ________________ теңгені құрайды.
4. Тапсырыс беруші Өнім берушінің іс жүзінде көрсетілген қызметтерінің шығындарын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларында көзделген қаражат шегінде өтейді.
5. Қызметтерді өтеу ай сайын, орындалған жұмыс актілеріне сәйкес, ұсынылған рецептер тізілімін салыстыру негізінде жүргізіледі.
6. Өнім берушіге Шарттың жалпы сомасынан 30 %-ы мөлшерінде аванс беруге рұқсат етіледі.
7. Шарттың сомасы көрсетілген фармацевтикалық қызметтерді ескере отырып түзетілуі тиіс.
Тараптардың міндеттері мен құқықтары
8. Өнім беруші:
азаматтарға Тапсырыс беруші белгілеген тізбе бойынша елді мекендерде фармацевтикалық қызметтер көрсетуге;
азаматтарға ауру түрлерінің тізбесі және амбулаториялық емдеген кезде дәрілік заттар мен арнайы емдік тағамдар ақысыз және жеңілдікті шарттармен берілетін азаматтардың жекелеген санаттары туралы, сатылатын бағасы мен дәрілік заттардың құнын өтеу сомалары туралы көрнекі ақпарат беруге;
амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету бойынша деректер базасына деректер енгізуге;
Тапсырыс берушіге ай сайын осы Шартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәрілік заттарды босату жүзеге асырылған рецептер тізілімін қағаз түрінде және электрондық нұсқада беруге;
Тапсырыс берушіге осы Шарттың орындалуына тексеру жүргізу үшін қажетті барлық құжаттаманы беруге міндетті.
9. Тапсырыс беруші:
көрсетілген фармацевтикалық қызмет үшін Өнім берушінің шығындарын уақтылы өтеуге;
Өнім берушіні ақысыз және жеңілдікті шарттармен рецепттер беруді жүзеге асыратын дәрігерлер мен емдеу-профилактикалық ұйымдары туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге;
Қазақстан Республикасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету мәселелері жөнінде халықты ақпараттандыруға бағытталған қажетті ұйымдастыру іс-шараларын өткізуге міндеттенеді.
Тараптардың жауапкершілігі
10. Өнім беруші:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халыққа фармацевтикалық қызмет көрсету бойынша жіберілген бұзушылық жағдайлары (Тапсырыс беруші белгілеген дәрілік заттармен қамтамасыз етуден бас тарту, сапасыз препарттарды босату) үшін;
дәрілік заттарды өткізуге рұқсаты (құқығы) жоқ объектілерден дәрілік заттардың өткізілгені үшін;
заңнамада белгіленген тәртіппен Тапсырыс берушіден алынған қаражатты мақсатсыз пайдаланғаны үшін;
амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету бойынша деректер базасына енгізілетін деректердің дұрыстығы үшін;
Тапсырыс берушіге ай сайын дәрілік заттарды босату жүзеге асырылған рецепттер тізілімін беруге жауапты болады.
11. Тапсырыс беруші:
Өнім берушіні ақысыз және жеңілдікті шарттармен рецепттер беруді жүзеге асыратын дәрігерлер мен емдеу-профилактикалық ұйымдары туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылған рецептер тізілімін салыстыру негізінде Өнім берушінің іс жүзінде көрсеткен медициналық көмектің көлемі үшін шығындарды өтеуге ақша қаражатын уақтылы аударуға;
амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету бойынша автоматтандырылған деректер базасын жүргізуге жауапты болады.
12. Өнім берушінің тарапынан Фармацевтикалық қызмет көрсету жөніндегі шарттың талаптарын бұзу мынадай санкцияларға әкелуі мүмкін: Шартты жоюға немесе орындалмаған не тиісті орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,01 %-ы мөлшерінде тұрақсыздық төлемін төлеуге әкелуі мүмкін.
Шартты өзгерту және бұзу
13. Осы Шарттың талаптары тараптардың жазбаша келісімі бойынша өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін.
14. Шартты мерзімінен бұрын тоқтату ниеті туралы тараптар Шартты тоқтатудың болжанған күніне дейін кемінде 30 күн бұрын бірін-бірі хабардар етуге міндетті.
15. Шарттың талаптарын бұзғаны үшін Тапсырыс беруші міндеттемелерді орындамағаны туралы Өнім берушіге жазбаша хабарлама жолдай отырып, осы Шартты бір жақты тәртіппен бұза алады.
Форс-мажор
16. Форс-мажор мән-жайлары туындаған кезде Өнім беруші Тапсырыс берушіге кідіртпей осы мән-жайлар мен олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жіберуі тиіс.
17. "Форс-мажор" мән-жайларына Өнім беруші тарапынан бақылауға бағынбайтын, оның жаңсақтығына немесе салақтығына байланысты емес және күтпеген сипаттағы жағдайлар жатады. Мұндай оқиғаларға соғыс қимылдары, табиғи немесе дүлей зілзалалар, індет, карантин сияқты мән-жайларды жатқызуға болады, бірақ іс-қимылдармен шектелмейді.
Қорытынды ережелер
18. Тараптардың ешқайсысының екінші тараптың жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін үшінші тарапқа беруге құқығы жоқ.
19. Осы Шарт бірдей заңды күші бар екі данада жасалған, бір дана Тапсырыс берушіде, екіншісі Өнім берушіде болады.
20. Осы Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің аумақтық органында тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 200__ жылғы "___" ________ дейін қолданылады.
Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері:
Фармацевтикалық қызметтер
көрсетуге арналған
үлгі шартқа
1-қосымша
Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді жүзеге асыратын дәрілік
заттарды бөлшек саудада сату объектілерінің тізбесі
Елді мекеннің атауы |
Бөлшек саудада сату объектісінің атауы (дәріхана, дәріхана пункті, дәріхана |
Мекен-жайы |
Фармацевтикалық қызметтер
көрсетуге арналған
үлгі шартқа
2-қосымша
________ жылы амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде халықты белгілі бір аурулармен (жағдайлармен) және арнайы емдік өнімдермен тегін қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбесі
р/с |
Ауру түрлері немесе азаматтардың жекелеген санаттары |
Дәрілік заттардың атауы |
Шығару дозасы мен нысаны |
Босату бағасы, теңге |
Құнын өтеу сомасы, теңге |
_________ жылы амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде халықты белгілі бір аурулармен (жағдайлармен) және арнайы емдік өнімдермен жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбесі
р/с |
Ауру түрлері немесе азаматтардың жекелеген санаттары |
Дәрілік заттардың атауы |
Шығару дозасы мен нысаны |
Босату бағасы, теңге |
Құнын өтеу коэффициентін есепке алғандағы құнын өтеу сомасы, теңге |
Фармацевтикалық қызметтер
көрсетуге арналған
үлгі шартқа
3-қосымша
___________________ тапсырыс беруші бойынша
200__ жылғы___________ бастап 200_____________ дейінгі кезеңдегі
амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету бойынша рецепттердің жиынтық
тізілімі
Рецептердің |
Тегін және (немесе) жеңілдікті шарттармен рецептер жазып берген медициналық ұйымның атауы |
Дәрілік заттардың атауы |
Шығару дозасы мен нысаны |
Саны |
Босату бағасы |
Құнын өтеу сомасы |
Құрастырды:
Басшы 200________ ж. "___" _________
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілетін көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу
ережесіне 9-қосымша
Ескерту. 9-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
2011.02.22 N 163 Қаулысымен.
Бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс беруші арасындағы
дәрілік заттарды сатып алу шарты
____________________ жылғы «_______-____»
_________________________________________________________________
Бұдан әрі «Бірыңғай дистрибьютер» деп аталатын__________________,
негізінде әрекет өтетін бір тараптан ___________________________
бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталатын,___________________________
негізінде әрекет ететін екінші тараптан
Бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталып, Бірыңғай дистрибьютор мен Тапсырыс беруші арасында төмендегідей дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.31 № 983 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
1-тарау. Шартта қолданылатын терминдер
1. Осы Шартта төменде санамаланған ұғымдар төмендегіше түсіндіріледі:
1) Шарт - Тапсырыс беруші мен Бірыңғай дистрибьютор арасында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалған, жазбаша нысанда тіркелген, тараптар оған барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ шартта сілтеме бар барлық құжаттамамен бірге қол қойған азаматтық-құқықтық акт;
2) Шарттың сомасы - Тапсырыс беруші Шарттың шеңберінде Бірыңғай дистрибьюторға өзінің шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін төленуге тиіс сомасы;
3) Тауарлар - Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушіге Шарт шеңберінде жеткізуі тиіс дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және ілеспе қызметтер (сақтау, тасымалдау және басқа да осыған ұқсас қызметтер);
4) Тапсырыс беруші - Осы Ережеге сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын денсаулық сақтау және денсаулық сақтау ұйымдарының республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламаларының әкімшіліктері;
5) дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және қамтамасыз ету жөніндегі Бірыңғай дистрибьютор (бұдан әрі - Бірыңғай дистрибьютор) - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде сатып алуды, оның нәтижелері бойынша өнім берушілермен жеткізу шарттарын жасауды, сондай-ақ дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және Тапсырыс берушіге жеткізу бойынша қызметтерді қамтамасыз етуді ұйымдастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға.
2-тарау. Шарттың мәні
2. Төменде санамаланған құжаттар және оларда келісілген талаптар Осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:
1) Осы Шарт;
2) сатып алынатын тауарлардың ерекшеліктері (Шартқа 1-қосымша);
3) беру кестесі (Шартқа 2-қосымша).
Бірыңғай дистрибьютор осы Шартқа қосымшаларға сәйкес тауарды жеткізуді (ММ үшін бюджеттік бағдарламаларға/ерекшеліктерге сәйкес тауарлардың атауы көрсетілсін), ал Тапсырыс беруші оны қабылдауды және Шартта белгіленген шартқа сәйкес төлеуді міндетіне алады.
Тараптар осы Шартта жасау және орындау үшін барлық өкілеттілікке ие екендігін, үшінші тұлғаның талаптары қиын соқпайтынын және кейіннен үшінші тұлға тарапынан даулар туындаған жағдайда оларды өздігінен реттейтіндігін хабарлайды және кепілдік береді.
3-тарау. Тараптардың міндеттері
3. Бірыңғай дистрибьютор:
Тауарды Тапсырыс берушінің өтініміне сәйкес санда және сапада және Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын (Шартқа 1-қосымша) сатып алынатын тауарлардың ерекшеліктерінде көзделген баға бойынша беруге;
Тауарды Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын (Шартқа 2-қосымша) беру кестесіне сәйкес беруге. Кестеде беру тізімі және әрбір атаудың саны көрсетілуі тиіс.
Тапсырыс берушіге тауар партиясымен бірге Бірыңғай дистрибьютордың мөрімен бекітілген, тауардың шығу тегі мен сапасын растайтын құжаттың көшірмесін беруге;
Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушінің келісімі бойынша тауарды уақытынан бұрын беруді жүзеге асыруға міндетті.
Тапсырыс беруші:
Берілген тауарды Тапсырыс берушінің өтініміне сәйкес санда және сапада қабылдауға;
Берілген тауарды беру кестесіне сәйкес қабылдауға;
Тауарға осы Шартта көрсетілген шарттарға сәйкес төлем жүргізуге;
Бірыңғай дистрибьюторға берілген тауардың сәйкес еместігі анықталғаннан кейін 24 сағаттан кешіктірмей алынған тауардың сапасына байланысты барлық дауларды жазбаша түрде шұғыл хабарлауға міндетті.
4-тарау. Шарттың сомасы және төлемі
4. Шарттың сомасы____теңгені құрайды.
Осы шарт бойынша тауардың төлемі мынадай жолмен жүргізіледі:
1) Шарт күшіне енген күнінен бастап 10 банктік күні ішінде Тапсырыс беруші Шарт бағасының 50 %-на (елу пайыз) дейінгі мөлшерінде алдын ала төлем жүргізеді.
2) одан кейінгі төлемдер Бірыңғай дистрибьютор шот-фактураны беруі негізінде 10 банктік күні ішінде беру фактісі бойынша Шарт бағасының 50 %-на (елу пайыз) дейінгі мөлшерінде жүргізіледі.
Салықтар және басқа да міндетті төлемдерді бюджетке Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес тиісті Тараптар - салық төлеушілер төлеуі тиіс.
Осы Шарт бойынша сома сатып алу үшін бөлінген сомаға тең немесе одан артық болмайды.
5-тарау. Тауарды беру және қабылдау шарттары
5. Тауарды беру оның белгіленген соңғы пунктке тасымалдау уақытына олардың бұзылуын немесе бүлінуін болдырмауы, тауардың қаптамасын қамтамасыз етуі тиіс. Қаптама қандай да бір шектеулерсіз қарқынды көтергіш көлік өңдеуіне және тасымалдау кезіндегі экстремалды температураның, тұз бен жауын-шашынның, сондай-ақ ашық сақтаудың әсеріне төзуге тиіс.
Қаптама және ыдыстарды таңбалау, сондай-ақ құжаттаманың іші және сырты Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамамен анықталған арнайы талаптарға сәйкес болуы тиіс.
Тауарды саны және сапасы бойынша қабылдауды Тапсырыс берушінің және Бірыңғай дистрибьютор өкілдері берген сәтте жүргізеді, қабылдау нәтижелері тауарды қабылдау-тапсыру актісі бойынша ресімделеді. Беру күні тауарды қабылдау-тапсыру актісін толтыру күні болып саналады. Шарт бойынша берілетін тауар мыналар бойынша Бірыңғай дистрибьютор тапсырды және Тапсырыс беруші қабылдады деп саналады:
- саны бойынша: тауарды қабылдау-тапсыру актісінде көрсетілгенге сәйкес;
- сапасы бойынша: техникалық ерекшелікте көрсетілген (Шартқа 1-қосымша) және егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды ұсыну міндетті болса тауардың шыққан жерін және сапасын растайтын Бірыңғай дистрибьютордың мөрімен бекітілген құжаттардың көшірмелеріне сәйкес.
Тауарды саны және сапасы бойынша қабылдауды Тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілінен оны қабылдау сәтінде жүргізеді. Тауарды беру күні Тараптардың өкілдері тауардың саны мен сапасын тексеруі тиіс.
Жеткізілген тауардың саны мен сапасы, ілеспе құжаттары бойынша сәйкессіздік анықталған жағдайда, бұл сәйкессіздіктер қабылдау-тапсыру актісінде көрсетіледі, осындай анықталған мезеттен бастап 24 сағаттан кешіктірілмей ол туралы осы Шарттың 8-тармағына сәйкес қабылдау-тапсыру актісінің көшірмесін қоса отырып, Бірыңғай дистрибьюторға хабарлама жіберіледі. Бұл ретте Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушінің берілген тауарға барлық ескертулерін 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жоюға міндеттенеді, олай болмаған жағдайда осы Шарттың 6-тармағына сәйкес Тапсырыс беруші Бірыңғай дистрибьютордың әрекетін тауарды уақтылы жеткізбеу ретінде бағалайтын болады.
Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушінің хабарламасын алғаннан кейін келесі күннен кешіктірмей (егер хабарламада өзге мерзім көрсетілмесе) тауардың саны мен сапасын тексеруге қатысу үшін өзінің өкілін жіберуге тиіс.
Берілетін тауарды немесе оның бөлшектерін саны мен сапасын жақсарту, сондай-ақ бағасын, көлемін және осындай тауарды беру мерзімін сақтай отырып тауардың басқа атауымен алмастыруға рұқсат етіледі.
Тапсырыс беруші тауарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда, тауарды қабылдаудан бас тарту туралы акті жасалады, мұндай жағдайда тауарды беру күні тауар құжаттамасында көрсетілген күн болып саналады. Бұл ретте Тапсырыс беруші берілген тауардың барлық көлеміне, оның ішінде Тапсырыс беруші қабылдамаған тауарға ақы төлеуге міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші тауарға ақы төлеуден бас тартқан жағдайда, Тараптар осы Шарттың 8-тармағының ережелерін басшылыққа алатын болады.
Егер Шартты орындау барысында Бірыңғай дистрибьютор кез-келген мезетте тауарды уақтылы беруге кедергі келтіретін жағдайларға тап болатын болса, Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушіге жедел кідірту фактісі, оның болжалды ұзақтығы мен себебі (тері) туралы жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Бірыңғай дистрибьютордан хабарлама алғаннан кейін Тапсырыс беруші 5 жұмыс күні ішінде ахуалды бағалауы тиіс және Бірыңғай дистрибьютордың міндеттемелерді орындау мерзімін ұзартуы тиіс; мұндай жағдайда осындай ұзартуды Тараптар қосымша келісімге қол қою жолымен ресімдеуге тиіс.
Жалпы жарамдылық мерзімі кемінде екі жыл болатын тауарды беру сәтіне қалдық жарамдылық мерзімі беру сәтіндегі жалпы жарамдылық мерзімінің кемінде отыз пайызын құрауы тиіс. Жарамдылық мерзімі екі жылдан кем емес тауар үшін беру сәтіндегі қалдық жарамдылық мерзімі кемінде сегіз айды құрауы тиіс.
Тапсырыс берушіге жеткізілетін, тауардың ауыспалы қалдығы болып табылатын, өнім берушіден бірыңғай дистрибьютордың қоймасына бұрын қабылданған қалдық жарамдылық мерзімі бар тауарды жеткізуге жол беріледі. Бұл ретте ауыспалы қалдық болып табылатын жеткізілген тауардың жарамдылық мерзімі аяқталған жағдайда бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушінің бірінші жазбаша талабы бойынша тауарды қалдық жарамдылық мерзімі бар ұқсасына алмастыруды өтеусіз жүргізеді:
1) жарамдылық мерзімі екі жылдан кем болса - өндіруші көрсеткен жеткізу сәтінде жарамдылықтың жалпы мерзімінің отыз пайызынан кем емес;
2) жарамдылық мерзімі кемінде екі жыл болса - өндіруші көрсеткен жеткізу сәтінде жарамдылықтың жалпы мерзімінің сегіз айынан кем емес.
Тапсырыс беруші вакциналар және басқа иммундық-биологиялық препараттарды қоспағанда, барлық жеткізілетін тауар көлемін қабылдауға және оны бірыңғай дистрибьюторға өтеусіз негізде жауапты сақтауға тапсыруға міндеттенеді. Бірыңғай дистрибьютор жауапты сақтаудағы тауарды Шартқа 2-қосымшаға орай жеткізу кестесіне сәйкес немесе Шартта көрсетілген мерзімдерде босатады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.25 № 122; 2010.08.27 N 844 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2012.05.16 № 629 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
6. Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
Тараптар жауапкершіліктен еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда босатылады (форс-мажор мән-жайлары).
Осы Шарттың мақсаттары үшін форс-мажор Тараптар жағынан бақылауға бағынбайтын, Тараптардың жаңсақтығына немесе салақтығына байланысты емес және күтпеген сипаттағы жағдайды білдіреді. Бұндай жағдайлар әскери іс-қимылдарды, табиғи және дүлей зілзалаларды, індеттерді, тауарды беруге карантинді және эмбаргоны қамтуы мүмкін, бірақ осындай әрекеттермен шектелуі мүмкін емес.
Форс-мажор мән-жайлары пайда болған кезде, осы жағдай туындаған Тарап басқа Тарапқа осындай мән-жайлар және олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жібереді және форс-мажор мән-жайлары пайда болған сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде олардың туындауын тиісті құжаттармен растайды. Мұндай жағдайда Шарттың әрекеті форс-мажор мән-жайлары аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады және Шарттың қолданылу мерзімі форс-мажор мән-жайлары әрекетінің мерзіміне сай ұзартылады. Хабарламау немесе уақтылы хабарламау Тарапты Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде жоғарыда көрсетілген кез келген мән-жайларға сүйену құқығынан айырады.
Егер форс-мажор мән-жайлары күнтізбелік бір айдан асатын болса, Тараптар бұл туралы жазбаша келісім жасау жолымен Шарттың қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы. Бұл ретте Тараптар нақты берілген тауарға ғана өзара есеп жүргізеді.
Форс-мажор жағдайларын қоспағанда, егер Бірыңғай дистрибьютор тауарды беру кестесін сақтамаған болса, Тапсырыс беруші Бірыңғай дистрибьюторды жазбаша нысанда хабардар еткеннен кейін Шарт шеңберінде кешіктірілген әр бір күн үшін Шарт сомасынан уақтылы берілмеген тауар сомасының 0,2% мөлшерінде аспайтын соманы бірақ уақтылы берілмеген тауар құнының 5%-нан тұрақсыздық төлемі ретінде шегеруге құқылы.
Егер тапсырыс беруші Шарттың 4-тармағында көзделген тауарға ақы төлеу тәртібін бұзса, Бірыңғай дистрибьютор Шарттың шеңберінде басқа құқықтарға залал келтірмей, Шарттың сомасынан Шарт бойынша уақтылы төленбеген соманың 0,02 %-ы, бірақ Шарт бойынша уақтылы төленбеген соманың 0,5 %-ынан аспайтын мөлшерде тұрақсыздық төлемі түрінде соманы шегеруге құқылы.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.05.26 № 474 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2011.02.22 N 163, 2011.08.31 № 983 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
7-тарау. Өтпелі ережелер
7. Тараптардың басқа Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз Шарттың немесе оның ережелерінің кез-келгенінің мазмұнын, сондай-ақ Тараптар немесе олардың атынан басқа тұлғалар ұсынған ақпаратты, осы Шартты орындау үшін Тараптар тартқан қызметкерлерді қоспағанда, біреуге ашуға құқығы жоқ. Көрсетілген ақпарат осы қызметкерге құпия және Шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті мөлшерде ұсынылуы тиіс.
8-тарау. Қорытынды ережелер
8. Осы Шарт қол қойылған күнінен бастап не қажет болған жағдайда Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде міндетті түрде тіркегеннен кейін күшіне енеді.
Шарт өз күшін мынадай жағдайларда жояды:
1) Шарттың қолданылу мерзімінің өтуі;
2) Тараптардың бірінің банкрот болып танылуы.
Тапсырыс беруші мен Бірыңғай дистрибьютор олардың арасындағы Шарт бойынша немесе онымен байланысты пайда болатын барлық келіспеушіліктер мен дауларды тікелей келіссөздер процесінде шешуге күш салуға тиіс. Барлық келіссөздер жазбаша хаттамалармен ресімделеді.
Егер мұндай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен Бірыңғай дистрибьютор Шарт бойынша дауларды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы мәселенің шешімін талап ете алады.
Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады. Шарттың сотта қаралу қажеттілігі жағдайында Шарттың орыс тіліндегі данасы қаралады. Шартқа қатысты барлық хат алмасулар мен Тараптар алмасатын басқа да құжаттама осы шарттарға сәйкес келуі тиіс.
Шарт бойынша қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларымен реттеледі.
Шартқа сәйкес бір Тарап екінші Тарапқа жолдайтын кез келген хабарлама кейіннен түпнұсқасын беру арқылы хат, жедел хат, телекс немесе факс түрінде жолданады.
Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне енетіні көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілген болса) осы күндердің қайсысы кейінірек келетініне байланысты күшіне енеді.
Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері:
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.08.31 № 983 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Бірыңғай дистрибьютор мен
Тапсырыс беруші арасындағы
дәрілік заттарды сатып алу шартына
1-қосымша
Сатып алынатын тауарлардың ерекшеліктері
р/с |
Халықаралық патенттелмеген атауы |
Саудадағы атауы |
Шығарылу нысаны |
Өлшем бірлігі |
Бағасы |
Саны |
Сомасы |
Барлығы: |
Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері:
Бірыңғай дистрибьютор мен
Тапсырыс беруші арасындағы
дәрілік заттарды сатып алу шартына
2-қосымша
Беру кестесі
р/с |
Саудадағы атауы |
Өлшем бірлігі |
Жалпы саны |
Ай сайынғы қажеттілік * |
|||||||||||
қаңтар |
ақпан |
наурыз |
сәуір |
мамыр |
маусым |
шілде |
тамыз |
қыркүйек |
қазан |
қараша |
желтоқсан |
*- беру басталатын күнге байланысты толтырылады. Беру жоспарланбаған графаларда "0" немесе "-" қойылады.
Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері:
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілетін көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу
ережесіне 10-қосымша
Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысының нысаны
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
(әр лотқа жеке толтырылады)
Лот N__
р/с |
Мазмұны |
|
1. |
Дәрілік заттың қысқаша сипаты (халықаралық патенттелмеген атауы және саудадағы атауы) |
|
2. |
Шығарылған елі, медициналық мақсаттағы бұйым |
|
3. |
Жасаушы - зауыт |
|
4. |
Өлшем бірлігі |
|
5. |
Баға ________ бірлікке ________ DDP ИНКОТЕРМС 2000 шарттары бойынша ________ (белгіленген пункті) |
|
6. |
Саны (көлем) |
|
7. |
Жалпы бағасы, ___________ DDP ИНКОТЕРМС 2000 шарттары бойынша _____________, белгіленген пункті, әлеуетті өнім берушінің тасымалдауға, сақтандыруға, кеден бажын, ҚҚС және басқа салықтарды, төлемдер мен алымдарды төлеуге арналған барлық шығыстарды қоса алғанда, басқа да шығыстар |
_________________ М.О. __________________________
(қолы) (лауазымы, А.Т.Ә.)
Ескертпе: әлеуетті өнім беруші жалпы бағаның құрамдас бөліктерін көрсетпеуіне болады, бұл ретте осы жолда көрсетілген бағаны Комиссия әлеуетті өнім беруші барлық шығындарды ескере отырып анықтаған баға ретінде қарайды.
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілетін көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу
ережесіне 11-қосымша
Беру үлгі шарты
Ескерту. 11-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.11.08 № 1415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
_________ қ. N_________ 20__ жылғы "__" ______________
Бұдан әрі "Сатып алушы" деп аталатын ________________________ атынан,
_____________________________________________ негізінде әрекет ететін
_________________________________________________________________
бір тараптан және бұдан әрі "Өнім беруші" деп аталатын
_____________________________________________________________ атынан,
_____________________________________________ негізінде әрекет ететін
_____________________________________________ екінші тараптан, бұдан
әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатын төмендегі туралы осы беру шартты
(бұдан әрі - Шарт) жасасты:
1. Шарттың мәні
Өнім беруші Сатып алушыға Шартқа 1-қосымшада көрсетілген саны, бағасы бойынша, қабылдау орны мен мерзімінде тізбеге сәйкес дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы өнімдерді (бұдан әрі - өнім) жеткізіп беруге міндеттенеді және Сатып алушы Шарттың талаптарына қарай өнімді қабылдауға және құнын төлеуге міндеттенеді.
2. Шарттың құны
1. Шарттың құны ____ теңгені құрайды. Осы Шарт бойынша жеткізілетін өнім бірлігінің құны теңгемен Шартқа 1-қосымшада көрсетілген.
2. Шарттың құнына салықтар, алымдар және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да міндетті төлемдер, өнімді орауға және таңбалауға арналған шығындар, сондай-ақ Өнім берушінің өнімді Сатып алушыға беруге байланысты барлық шығыстары жатады.
3. Шарттың құны мен өнімнің бір бірлігінің құны белгіленіп қойылады және Тараптардың Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанына дейін көбейту жағына қарай өзгертуге жатпайды.
3. Төлем тәртібі
Ескерту. 3-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.25 № 122 Қаулысымен.
4. Шарт бойынша жеткізілген өнім үшін төлемді Сатып алушы теңгемен жүргізеді. Өнімнің әр партиясы үшін төлем мерзімі осы Шарттың 2-тармағының 3-бөлігінде көрсетілген құжаттар алынған және қол қойылған күнінен бастап 90 (тоқсан) банк күнінен аспауы тиіс.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.08.27 N 844 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
5. Шарт бойынша төлем Сатып алушыға өнімді жеткізгенін растайтын мына құжаттардың тиісті ресімделген (Шартқа міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс) түпнұсқаларын уақтылы тапсырған кезде жүргізіледі:
Өнім берушінің салық шот фактуралары;
Сатып алушының немесе оның заңды өкілінің саны мен сапасы бойынша енімді қабылдағаны туралы белгісі бар Өнім берушінің тауар көлік құжаттамасы;
Сатып алушының немесе оның заңды өкілінің саны мен сапасы бойынша өнімді қабылдағаны туралы белгісі бар Өнім берушінің қаптама қағаздары;
Өнімнің сапа сертификаты;
Өнімнің тіркеу куәлігі (нотариалды куәландырылған көшірмесі);
қабылдау-беру орнында жасалған Тараптардың немесе олардың заңды өкілдерінің белгілері бар қабылдау-тапсыру актілері;
Сатып алушы Өнім беруші алдындағы расталған берешекті төлеуге міндетті мерзім көрсетіле отырып Тараптар қол қойған өзара есеп айырысуды салыстыру актісі (осы құжатты Өнім беруші өнімнің соңғы партиясымен бірге береді).
4. Өнімді орау және таңбалау
Ескерту. 4-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.25 № 122 Қаулысымен.
6. Тиеуді қоса алғанда, өнім сатып алушыға оны тиеу, темір жол және/немесе автомобиль көлігі арқылы тасымалдау, ауыстырып, түсіру кезінде өнімді бүлінуден сақтауды қамтамасыз ететін паллеттерде, тиісті қаптамада жеткізілуі тиіс.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.08 № 1415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
7. Өнімді орау және таңбалау шарттары Шартқа 2-қосымшаның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
5. Ерекше жағдайлар
Ескерту. 5-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.25 № 122 Қаулысымен.
8. Шартты орындауды қамтамасыз ету мақсатында Өнім беруші Сатып алушыға 1-тармақтың 2-бөлігінде белгіленген Шарттың құнынан 3 %-ы мөлшерінде Шарт бойынша өз міндеттемелерін сапалы және уақтылы орындауға осы Шартқа қол қойылған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде кепілдік қамтамасыз етуді ұсынады.
9. Өнім беруші күн сайын Сатып алушыға қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылғанға дейін осы Шарттың барлық орындалу сатылары (өндіру, сақтау, тиеу) туралы ақпарат беріп отыруға міндетті.
10. Өнімді тиеуді бастауға 24 сағат қалғанда Өнім беруші Сатып алушыға мынаны көрсете отырып, жазбаша түрде факс немесе телекс арқылы алдағы тиеу туралы ақпарат беруге міндетті:
Шарттың нөмірі мен күнін;
берілетін Өнімнің атауын;
көліктің нөмірін (вагонның, контейнердің);
тиеу күнін;
орындар саны мен салмағын;
тиелген өнімнің құнын.
11. Өнім тиелгеннен кейін үш күнтізбелік күннен кешіктірмей Өнім беруші Сатып алушыға Шарттың 2-тармағындағы 3-бөлікте көрсетілген тиеуге қатысты құжаттарды толық көлемде ұсынуға міндетті.
12. Өнімді беру күні болып Шартқа 1-қосымшада көрсетілген жеткізу орнында Тараптар арасында қабылдау актісі жасалған күн болып саналады.
13. Шарт бойынша жеткізілетін өнім Өнім беруші тапсырған және Сатып алушы қабылдаған болып саналады:
Екі тарап қол қойған Өнімді қабылдау-тапсыру актісінде көрсетілген саны бойынша;
өндірушінің сапа сертификатында және шығарылу сертификатында көрсетілген сапаға сай сапасы бойынша, егер оны ұсыну Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген сәйкестік сертификаты бар болғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сай міндетті болса.
14. Сатып алушы немесе оның заңды өкілі өнімнің жетіспеушілігін, жиынының толық еместігін немесе тиісті сапасының болмауын анықтаған жағдайда, анықталған сәттен бастап 24 сағаттан кешіктірмей Өнім берушіге өнімнің санын, жиынының толықтығын және сапасын тексеруге қатысу үшін өзінің өкілін жіберуді ұсынып факсимильді байланыспен хабарлама жіберуге тиіс.
15. Өнім беруші Сатып алушының шақыруын алғаннан кейін Шарттың 7-тармағындағы 5-бөлікте көзделген келесі күннен кешіктірмей (егер хабарламада басқа мерзім көрсетілмесе) өнімнің санын, жиынының толықтығын және сапасын тексеруге қатысу үшін өзінің өкілін жіберуге міндетті. Өнімнің жетіспеушілігін, жиынының толық еместігін және тиісті сапасының болмауын бірлесіп тексеру нәтижесі бойынша ескертулерді жою үшін мерзімдері (15 күнтізбелік күннен артық емес) көрсетіле отырып, екі Тарап қол қоятын тексеру актісі жасалады.
16. Шарттың 7-тармағының 5-бөлігінде белгіленген мерзімде Өнім берушінің уәкілетті өкілі келмеген жағдайда, Сатып алушы Шарттың 10-тармағында белгіленген тәртіппен кейіннен оны Өнім берушіге жіберу арқылы ескертулерді жою үшін мерзімдерін (15 күнтізбелік күннен артық емес) көрсете отырып, Өнімнің жетіспеушілігін, жиынының толық еместігін және тиісті сапасының болмауын бір жақты тексеру актісін жасайды. Өнім беруші Шарттың 8-тармағында көзделген, актіде көрсетілген ескертулерді жоймаған жағдайда, Сатып алушы Шарттың 1-тармағының 7-бөлігіне сәйкес Өнім берушінің әрекетін өнімді уақтылы жеткізбеу ретінде бағалайтын болады.
17. Бұрын Тараптар қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған, Сатып алушы немесе оның заңды өкілі сақтау орнына қабылдап алған өнімде ақаулар анықталған жағдайда Сатып алушы немесе оның заңды өкілдері 3 жұмыс күні ішінде Өнім берушіге жазбаша хабарлауы тиіс және Өнім беруші өкілінің өнімді сақтау орнына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуі тиіс.
18. Сатып алушы немесе оның заңды өкілі өнімде ақауларды анықтаған жағдайда, егер осы алмастыру өнімнің сапасы мен басқа техникалық сипаттамасының төмендеуіне алып келмейтін болса және техникалық әзірлемелерге сай келетін болса Өнім беруші бұзылған және/немесе ақаулы өнімді тегін алмастыруы тиіс. Өнім беруші өз еркімен ақау анықталған күнінен бастап 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей, Өнім қабылданған сақтау орнынан барлық ақауы бар өнімді толығымен алуды (қайтаруды) қамтамасыз етуге міндетті.
19. Өнім беруші Сатып алушының жеткізілген өнімге жасаған ескертулерін 15 күнтізбелік күн ішінде жоюға міндеттенеді, олай болмаған жағдайда осы Шарттың 1-тармағының 7-бөлігіне сәйкес Сатып алушы өнім берушінің әрекетін тауарды уақтылы жеткізбеу ретінде бағалайтын болады.
6. Өнімге берілетін кепілдіктер
Ескерту. 6-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.25 № 122 Қаулысымен.
20. Өнім беруші өнімге берілетін таңбаға немесе өзге де танып айыратын деректеріне сай оның жарамдылық мерзімі ішінде өнімнің барлық көлеміне кепілдік береді.
21. Кепілдік мерзімі шеңберінде Өнім беруші өз есебінен және тәуекелінен Сатып алушыдан кепілдік міндеттемелерін орындау жағдайының туындағаны туралы жазбаша хабарлама алған сәттен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде денсаулық сақтау ұйымындағы сапасыз өнімді алмастыруды жүзеге асыруға міндеттенеді.
22. Жеткізілетін өнімнің сапасы МЕМСТ-қа, ОСТ-қа, өнімге берілетін техникалық шарттарға сәйкес келуі және тиісті құжаттамамен расталуы тиіс.
23. Өнім беруші Сатып алушыға өзі жеткізген өнімнің үшінші бір тұлғалардың кез келген құқығынан және тәуелдіктерінен еркін екеніне және еркін болатынына кепілдік береді.
24. Жарамдылық мерзімі кемінде екі жыл тауарды беру сәтіне қалдық жарамдылық мерзімі беру сәтіне жалпы жарамдылық мерзімінен кемінде алпыс пайызды құрауы тиіс. Жарамдылық мерзімі екі жылдан артық өнім үшін беру сәтіне қалдық жарамдылық мерзімі кемінде он төрт айды құрауы тиіс.
7. Міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілік
Ескерту. 7-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.25 № 122 Қаулысымен.
25. Өнім беруші беру, жеткізілген өнімді алмастыру мерзімін немесе ескертулерді жою мерзімін бұзған жағдайда, Өнім беруші мерзімі өткен әр күн үшін мерзімінде жеткізілмеген өнім сомасының 0,2 %-ы мөлшерінде, бірақ өнімнің құнынан 20 % артық емес өсімақы төлейді. Өсімақыны төлеу Өнім беруші Сатып алушыдан тиісті шотты алған сәттен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
Ескерту. 25-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.05.26 № 474 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
26. Өнім беруші барлық өнімді немесе бір бөлігін беруден бас тартқан жағдайда, ол Сатып алушыға осы Шарттың сомасының 10 %-ы мөлшерінде бір реттік айыппұл төлеуге міндетті. Сатып алушы бір реттік айыппұл төлеуге шотты Шартқа 1-қосымшада көрсетілген өнімді берудің соңғы күнінен кейін 10 (он) күнтізбелік күн ішінде өнімді беру орындалмаған жағдайда берілуі мүмкін.
27. Сатып алушы Өнім берушіге өсімақы және/немесе айыппұл төлеу үшін берген шот, өсімақы және/немесе айыппұл төлеу және жеткізілген өнімге төлем жасау бойынша біртектес екі жақты талаптарды есептеуді жүргізу мақсатында өзара есеп айырысуды салыстыру актісіне енгізілуі мүмкін.
28. Сатып алушы осы Шарттың 8-тармағына сәйкес шартты орындауды қамтамасыз ету сомасын Шарттың 25 және 26-тармақтарына сәйкес өсімпұл және/немесе айыппұл сомалары бойынша Өнім берушінің міндеттемелерін өтеу шотына ұстауға құқылы.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.31 № 983 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
29. Егер:
1) өнім жеткізуді кідірту күнтізбелік 30 (отыз) күннен асса және/немесе өсімақы және/немесе айыппұл төлеуді кідірту күнтізбелік 15 (он бес) күннен асса;
2) өнім беруші Ереженің 139-тармағының талаптарын бұза отырып
шартты орындауды қамтамасыз етуді ұсынса, сатып алушы бір жақты тәртіппен өнім берушіге кез келген шығыстары мен шығындарын өтеместен шартты бұзуға құқылы.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.16 № 629 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
30. Жеткізілген өнімге төлемді негізсіз кідірткен жағдайда, Сатып алушы Өнім берушінің жазбаша хабарламасының негізінде Өнім берушіге кешіктірілген әр күні үшін берешек сомасының 0,1% мөлшерінде, бірақ берешек сомасының 5%-ынан аспайтын өсімпұл төлейді.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.31 № 983 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
31. Өсімақы немесе айыппұл төлеу Тараптарды Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
32. Өнім беруші Шарттың 1-тармағының 5-бөлігінде белгіленген міндеттемелерді уақтылы немесе толық орындамаған жағдайда, Сатып алушы Шартты бір жақты тәртіппен бұзуға құқылы. Бұл ретте осылай бұзу туралы әлдебір қосымша келісімнің бар болуы талап етілмейді.
32-1. Өнім беруші сақтау орнынан өнімнің ақауы бар барлық партиясын ауыстыру және/немесе толық алып кою (қайтару) жөніндегі міндеттемелерін бұзған жағдайда, өнім беруші сатып алушыға осы шарт бойынша сақтау орнынан өнімнің сапасыз (зақымданған және/немесе ақауы бар) барлық партиясын ауыстыру және/немесе толық алып қою (қайтару) жөніндегі міндеттемелерін бұзған әр күні үшін ауыстыруға, алып қоюға (қайтаруға) жататын өнімнің құнының 1%-ы мөлшерінде өсімақы төлейді.
Ескерту. 7-тарау 32-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.05.16 № 629 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
8. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары (форс-мажор)
Ескерту. 8-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.25 № 122 Қаулысымен.
33. Тараптар Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін толықтай немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады, егер бұл еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдарынан болса (топан су, жер сілкіну, тыйым салатын не қандай да бір себептерден жұмыстың орындалуына кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың нормативтік актілерінің немесе өкімдерінің шығуы), бұл мән-жайлар кез келген Тараптардың Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауына мүмкіндік бермесе.
34. Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш мән-жайлары әрекет еткен, сондай-ақ осы мән-жайлардан туындаған жағдайлар болатын уақытқа дейін ұзартылады.
35. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары пайда болған кезде осындай жағдай туындаған кез келген Тарап басқа Тарапқа 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде осы мән-жайлар туралы жазбаша хабарлама жібереді. Осы мән-жайлар Қазақстан Республикасының мемлекеттік уәкілетті органымен немесе Қазақстан Республикасының Сауда палатасымен расталуы тиіс.
36. Хабарламау немесе уақтылы хабарламау Тарапты Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде жоғарыда көрсетілген кез келген мән-жайларға сүйену құқығынан айырады.
37. Егер Тараптардың міндеттемелерін толықтай немесе ішінара орындай алмау мүмкіндігі 2 (екі) айдан артық болса, онда Тараптар Шартты бұзуға және өзара есеп айырысуға құқылы.
9. Дауларды шешу тәртібі
Ескерту. 9-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.25 № 122 Қаулысымен.
38. Тараптар арасында туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер Шарт бойынша келіссөздер жолымен шешіледі.
39. Тараптар арасындағы даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда, кез келген Тарап осы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сатып алушының орналасқан орны бойынша шешуді талап ете алады.
40. Осы Шартпен реттелмеген Тараптардың өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
10. Хат-хабарлар
Ескерту. 10-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.25 № 122 Қаулысымен.
41. Шарт бойынша барлық коммуникативтік құжаттарда Шарттың нөмірі көрсетілген Тараптардың деректемелері болуы тиіс.
42. Шарт бойынша Тараптардан талап етілетін кез келген хабарлама немесе мәлімдеме жазбаша түрде беріледі және тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен жіберіледі. Жедел болған жағдайда көрсетілген хат-хабар кейіннен оны міндетті түрде тапсырыс хат немесе курьер қызметінің көмегімен жіберу арқылы, оның жеткізілгенін тіркеуді қарастыратын факс, электрондық почта немесе басқа да телекоммуникациялық байланыс құралдары арқылы берілуі мүмкін.
43. Шарт бойынша хат-хабар Тараптарға немесе олардың заңды өкілдеріне Шартқа 3-қосымшада көрсетілген деректемелер бойынша жіберілуі тиіс.
44. Тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен жіберілген хат-хабар екінші Тарапта почта бөлімшесінің немесе курьер қызметінің оны жеткізгенін растайтын мөртабаны бар хабарламасы болса, хат-хабар жіберілген Тарап оны алған күні (сағатта) жеткізілген болып саналады. Хат-хабардың жеткізілуін тіркеуді қарастыратын факс, электрондық почта немесе өзге де телекоммуникациялық байланыс құралдары арқылы жіберілген хат-хабар Шарттың 2-тармағы 10-бөлігінің талаптары сақталған жағдайда, Тарапқа оның берілген күнінде (сағатта) жеткізілген болып саналады.
11. Өзге де жағдайлар
Ескерту. 11-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.25 № 122 Қаулысымен.
45. Егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, онда Сатып алушы Өнім берушіге тиісті хабарлама жіберу арқылы Шартты бір жақты тәртіппен бұзуға құқылы.
46. Сатып алушы болжалды бұзу күнінен 30 күнтізбелік күн бұрын Өнім берушіге тиісті хабарлама жіберу арқылы Шартты бір жақты тәртіппен бұзуға құқылы. Хабарламада Шартты бұзу себебі, күшін жойған шарттық міндеттемелердің көлемі жазылуы тиіс, сондай-ақ Шартты бұзудың күшіне енетін күні көрсетілуі тиіс.
47. Сатып алушы Шарттың 2-тармағы 11-бөлігінің талаптарын сақтаған жағдайда, Өнім беруші Шартты бұзуға байланысты іс жүзіндегі шығыстар үшін ақы төлеуді ол бұзылған күні талап етуге құқылы.
Шарттың ажырамас бөлігі:
1) N 1-қосымша - жеткізілетін өнім тізбесі;
2) N 2-қосымша - өнімнің қаптамасына және таңбасына қойылатын талаптар;
3) N 3-қосымша - Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі Сатып алушының заңды өкілдерінің тізімі.
48. Шартқа жасалған барлық өзгерістер мен толықтырулар, егер олар жазбаша нысанда, Тараптардың осыған уәкілетті өкілдерінің қолы қойылса, және Тараптардың мөрлерімен куәландырылса олардың күші болады.
49. Тараптардың заңды құқық иеленушісін қоспағанда, Өнім беруші Сатып алушының оған алдын ала жазбаша келісімі болмаса, өзінің Шарт бойынша міндеттерін үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
50. Кез келген Тараптың заңды мекен-жайлары және басқа да деректемелері өзгерген жағдайда, ол осындай өзгерістер сәтінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде екінші Тарапты бұл туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.
51. Шарт Өнім берушіге және Сатып алушыға бір данадан 2 данада жасалды.
52. Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 200__ жылғы 31 желтоқсанға дейін, өзара есеп айырысу бөлігінде оларды Тараптар толық орындағанға дейін қолданылады.
12. Заңды мекен-жайлары, банк деректемелері
және Тараптардың қолдары
Беру үлгі шартына
1-қосымша
Жеткізілетін өнімнің тізбесі
N |
Атауы |
Өлшем бірлігі |
Саны |
Бағасы |
Сомасы |
Жеткізу орны |
Жеткізу мерзімі |
Ерекше жағдайлар:
1.______________
2.______________
3.______________
Беру үлгі шартына
2-қосымша
Өнімнің қаптамасына және таңбасына қойылатын талаптар
1. Әрбір жәшіктің немесе қаптаманың сыртқы жағында қаптама қағазының көшірмесі бар су өткізбейтін қағаздан жасалған конверт жапсырылады. Конверт жәшікке бекітілетін метал пластинкамен жабылуы тиіс. Қаптама қағаздың екінші көшірмесі өнім салынған жәшікке салынуы тиіс. Егер өнім қаптамасыз жіберілетін болса, онда конверт өнімнің тікелей жұмыс істемейтін бөліктеріне бекітіледі.
2. Егер техникалық құжаттама көзделген болса, атап айтқанда өнімді пайдалану жөніндегі нұсқаулар өнім салынған жәшікке немесе қаптамаға қажет жеріне салынады.
3. Таңба өнімі бар әрбір жәшіктің немесе қаптаманың үш жағынан (әр жәшіктің қақпағына, алдыңғы және сол жағына) жуылмайтын бояумен орыс тілінде жазылады. Өнімі бар әрбір жәшік мынадай үлгіде таңбалануы тиіс:
Жіберушінің атауы - ____________________
Алушының атауы - хххххххххххх
- шарт N
- брутто салмағы - _____________________
- таза салмағы - _______________________
- жәшік немесе қаптама N __________________________
Беру үлгі шартына
3-қосымша
Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі
Сатып алушының заңды өкілдерінің тізімі
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемін
көрсету бойынша дәрілік
заттарды, профилактикалық
(иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді
сатып алуды ұйымдастыру және
өткізу ережесіне
12-қосымша
Ескерту. Ереже 12-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің
2011.02.22 N 163 Қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.11.08 № 1415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Банк кепілдігі
(жеткізу шартын/сатып алу шартын орындауды қамтамасыз ету нысаны)
Банктің атауы:
________________________________________________________________
(банктің атауы мен деректемелері)
Кімге:
________________________________________________________________
(тапсырыс берушінің атауы мен деректемелері)
№___ кепілдік міндеттеме
___________________ ___ ж. «__»________
(орналасқан жері)
«Өнім беруші» ____________________________________________
(өнім берушінің атауы)
тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасындағы______ж. №_________
_________________________________________________________________
(тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің сипаттамасы)
жеткізуге (орындауға, көрсетуге) медициналық техниканы сатып алу шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасқанын (жасасатынын)*
және Сіз Шартта Өнім беруші жалпы сомасы _________
теңге______________________ банктік кепілдеме түрінде оның орындалуын
(банктің атауы)
қамтамасыз етуді енгізетінін көздегеніңізді назарға ала отырып, осымен жоғарыда көрсетілген Шарт бойынша кепілдік беруші болып табылатынымызды растаймыз және Сіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды, сондай-ақ Өнім беруші Шарт бойынша өзінің міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны туралы жазбаша растауыңызды алғаннан кейін Сізге сіздің талабыңыз бойынша_________соманы төлеуге өзімізге кері қайтарылмайтын міндеттеме аламыз.
(сандармен және жазбаша жазылған сома)
Осы кепілдік міндеттеме оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындаған сәтке дейін қолданылады.
Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындаған барлық құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Кепілдік берушілердің қолы мен мөрі Күні және мекенжайы