"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен, медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттарды сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі N 632 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 25, 298-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі N 632 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы N 448 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., N 17, 150-құжат).
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 қазандағы
N 1729 қаулысымен
бекітілген
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық
(иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық
техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру
және өткізу ережесі
1-бөлім. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық
(иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық
техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алудың негізгі
ережелері
1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 6-бабының 12) тармақшасына, 10-бабының 7) тармақшасына және 77-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының немесе бірыңғай дистрибьютордың аффилиирленген тұлғасы - (берілген өкілдіктерінің шеңберінде оның қызметін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) шешімдерді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютор қабылдайтын шешімдерге ықпал етуге, оның ішінде шартқа орай мүмкіндігі бар тұлға, сондай-ақ, оған қатысты тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының немесе бірыңғай дистрибьютордың сондай құқығы бар кез келген тұлға;
2) әлеуетті өнім берушінің аффилиирленген тұлғасы - шешімдерді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) осы әлеуетті өнім беруші қабылдайтын шешімдерге ықпал етуге, оның ішінде шартқа немесе өзге мәмілеге орай құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ оған қатысты аталған әлеуетті өнім берушінің сондай құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға;
3) тапсырыс берушілер - осы Ережеге сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын республикалық және жергілікті бюджеттік денсаулық сақтау бағдарламаларының әкімшілері мен денсаулық сақтау ұйымдары;
4) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютор (бұдан әрі - бірыңғай дистрибьютор) - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде сатып алуды ұйымдастыруды, оның нәтижелері бойынша өнім берушілермен өнім беру шарттарын жасасуды, сондай-ақ дәрілік заттармен қамтамасыз етуді, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тапсырыс берушілерге жеткізіп беру жөніндегі қызметтер ұсынуды жүзеге асыратын заңды тұлға;
5) сатып алу - тапсырыс берушінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді осы Ережеде белгіленген тәртіппен және тәсілдермен өз иелігіндегі ақшаның есебінен сатып алуы немесе осы Ережеде белгіленген тәртіппен және тәсілдермен дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды бірыңғай дистрибьютордың сатып алуы;
6) дәрілік заттар - аурулардың профилактикасына, диагностикасына және оларды емдеуге, сондай-ақ ағзаның жай-күйі мен функцияларын өзгертуге арналған фармакологиялық белсенді заттарды білдіретін немесе оларды қамтитын заттар: дәрілік субстанция, табиғи шығу тегі бар дәрілік шикізат, дәрілік ангро- және балк- өнімдер, дәрілік препараттар, медициналық иммундық-биологиялық препараттар, парафармацевтикалар;
7) медициналық иммундық-биологиялық препараттар - инфекциялық және иммундық (аллергиялықты қоса алғанда) аурулардың өзіндік ерекшелігі бар профилактикасына, оларды диагностикалау мен емдеуге, басқа да аурулар мен физиологиялық жай-күйлерді иммунологиялық әдістердің көмегімен диагностикалауға, сыртқы орта объектілерінде инфекциялық агенттер мен олардың антигендерін индикациялауға арналған препараттар, иммундық жүйе арқылы емдік және профилактикалық әсерін тигізетін қан (алу тәсіліне қарамастан) препараттары;
8) бір тектес дәрілік заттар - фармакологиялық әрекеттері бірдей, құрамында ұқсас әсер ететін заттар немесе ұқсас құрам бар өзара алмасатын дәрілік заттар;
9) биосимиляр - сапасы, қауіпсіздігі және тиімділігі бойынша бұрын тіркелген эталондық инновациялық биологиялық дәрілік затқа ұқсас деп мәлімделген және соған ұқсас халықаралық патенттелмеген атауы бар түрлендірілген биологиялық дәрілік зат;
10) әлеуетті өнім беруші - сатып алуды ұйымдастырушы не бірыңғай дистрибьютор өткізетін сатып алу үдерісіне қатысатын заңды тұлға немесе дара кәсіпкер;
11) жосықсыз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) тізбесі - бірыңғай дистрибьютордың тендеріне қатысуға біліктілік талаптары, өтінімдерді салыстырудың міндетті өлшемдері бойынша дәйексіз ақпарат берген, сатып алу жеңімпазы болып танылған жағдайда жеткізу шартын жасасудан жалтарған, бірыңғай дистрибьютор белгілейтін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың жосықсыз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушісінің) тізбесін қалыптастыру және жүргізу тәртібіне сәйкес дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізу шарты бойынша өзінің міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше орындамаған тұлғалар туралы бірыңғай дистрибьютор қалыптастыратын мәліметтер;
12) өнім беруші - осы Ережеге сәйкес жеткізу шартын жасасқан заңды тұлға немесе дара кәсіпкер;
13) тендер - әлеуетті өнім берушілер арасында ашық бәсекелестікті көздейтін және сатып алу туралы шарттың неғұрлым тиімді талаптарын айқындауға бағдарланған сатып алу тәсілі;
14) екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер - сатып алудың неғұрлым темен бағасын айқындау рәсімдерін өткізу жолымен әлеуетті өнім берушілер арасында ашық бәсекелестікті көздейтін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды бірыңғай дистрибьютердың сатып алу тәсілі;
15) тендерлік құжаттама - әлеуетті өнім берушіге тендерлік өтінімді дайындау үшін тендерді ұйымдастырушы ұсынатын тендер өткізудің шарттары мен тәртібін қамтитын құжат;
16) тендерлік өтінім - әлеуетті өнім берушінің тендерлік құжаттамаға немесе осы Ереженің 11-тарауының ережелеріне сәйкес жасалған ұсынысы;
17) сатып алуды ұйымдастырушы - тапсырыс беруші (немесе сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін тапсырыс беруші белгілеген тұлға);
18) отандық тауар өндіруші - Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын және "СТ-КZ" ішкі айналымы үшін тауардың шығарылған жері туралы сертификатты беру жөніндегі уәкілетті орган растаған жеткілікті қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес толығымен Қазақстан Республикасында өндірілген немесе қайта өңделген, тұтынуға (қолдануға) дайын тауарларды өндіретін заңды тұлға немесе дара кәсіпкер;
19) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютордан сатып алуға жататын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімі (бұдан әрі - бірыңғай дистрибьютордың тізімі) - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жыл сайын әзірлейтін және бекітетін, сатып алынатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың халықаралық патенттелмеген атаулары мен техникалық сипаттамасы бар құжат;
20) Қазақстан Республикасының резиденттері - Қазақстан Республикасының азаматтық және салық заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлғалар немесе дара кәсіпкерлер;
21) белгіленген баға - бірыңғай дистрибьютор өткізетін, өнім беруші бірыңғай дистрибьюторға дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізуге міндеттенетін сатып алу нәтижелері бойынша белгіленген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың құны;
22) фармацевтикалық қызмет - дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру, дайындау (медициналық техниканы қоспағанда), көтерме және бөлшек саудада өткізу бойынша денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылатын, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алуға (алуға), сақтауға, әкелуге, әкетуге, сапасын бақылауға, ресімдеуге, таратуға, пайдалануға және жоюға, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын қамтамасыз етуге байланысты қызмет;
23) босату бағасы - бір әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) шегінде фармацевтикалық қызметтерді сатып алу нәтижелері бойынша белгіленген дәрілік заттарды, мамандандырылған емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды босату бағасы;
24) шығындарды өтеу - облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті мемлекеттік органдарының (бұдан әрі - денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдары) өнім берушіге фармацевтикалық қызметтің құнын өтеу мөлшері;
25) ұзақ мерзімді жеткізу шарты - осы ережеде белгіленген тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету шеңберінде бірыңғай дистрибьютор Қазақстан Республикасының аумағында тиісті өндірістік практиканың стандарттарына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндірудің толық циклын құруға ниеті бар заңды тұлғамен дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізуге жеті жылға дейінгі мерзімге жасалатын азаматтық-құқықтық шарт.
2-тарау. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық
(иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және
медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді
сатып алудың принциптері мен тәсілдері
3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алу:
1) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы әрі тиімді жұмсау;
2) әлеуетті өнім берушілерге сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;
3) әлеуетті өнім берушілер арасында әділетті бәсекелестік;
4) сатып алу үдерісінің жариялылығы мен ашықтығы;
5) отандық тауар өндірушілерді қолдау принциптерін сақтай отырып жүргізіледі.
4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген - көлемін көрсетуге арналған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу үшін бөлінетін бюджет қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында дәрілік заттар уәкілетті орган белгілеген бағадан аспайтын бағамен сатып алынады.
5. Тендерді ұйымдастырушының жұмыскерлеріне, сондай-ақ аффилиирленген тұлғаларына, оның ішінде бірыңғай дистрибьютордың аффилиирленген тұлғаларына осы ережеде реттелетін сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға тыйым салынады.
Әлеуетті өнім берушінің және оның аффилиирленген тұлғасының бір лотқа қатысуға құқығы жоқ.
6. Сатып алуды ұйымдастырушының немесе бірыңғай дистрибьютордың жұмыскері, егер ол әлеуетті өнім берушінің лауазымды немесе сенімді тұлғасының жақын туысы (ата-анасы, жұбайы, ағалары, әпкелері, балалары) болып табылса не сатып алу нәтижелеріне басқалай жеке мүдделі болса, сатып алумен байланысты міндеттерді орындай алмайды;
7. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сатып алуды жүзеге асыру:
1) тапсырыс берушілердің және сатып алуды ұйымдастырушылардың сатып алуды жүзеге асыруы кезінде:
тендер өткізу;
баға ұсыныстарын сұрату;
бір көзден сатып алу;
бірыңғай дистрибьютордан сатып алынуы тиіс дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімі бойынша сатып алу;
2) бірыңғай дистрибьютордың сатып алуды жүзеге асыруы кезінде:
екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер өткізу;
бір көзден сатып алу тәсілдерімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.25 № 122 Қаулысымен.
3-тарау. Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары
8. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы осы ереженің 7-тармағында көрсетілген тәсілдермен сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім беруші мынадай біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс:
1) фармацевтикалық қызметпен айналысуға лицензиясы болуы;
2) кәсіби біліктілікті меңгеру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының фармацевтика нарығында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуы (бұл талап өндірушілерге қолданылмайды);
3) жасасқан шарттар бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажет қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарының болуы;
4) шарттар жасасу үшін азаматтық құқықтық қабілеттілікті меңгеру;
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес сатып алуды өткізу сәтіне төлем төлеуге қабілетті болу, таратылуға жатқызылмауға тиіс, оның қаржы-шаруашылық қызметі тоқтатылмауға тиіс;
6) бірыңғай дистрибьютордың сатып алуды жүзеге асыруы кезінде жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесінде болмауы.
7) дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың әлеуетті өнім берушісінің сатып алу ұсынылатын дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы өндіруші не ресми өкіл мәртебесі болуы тиіс;
8) үш айдан асатын мерзімде салық берешегі болмауы тиіс.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.25 № 122 Қаулысымен.
8-1. Дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндірушінің ресми өкілі мәртебесі бар дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдардың әлеуетті өнім берушісі тендердің бір лоты бойынша дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдардың бір ғана өндірушісін білдіреді.
Ескерту. Ереже 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.02.25 № 122 Қаулысымен.
9. Фармацевтикалық қызметтерді сатып алу кезінде әлеуетті өнім беруші мынадай біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс:
1) өткізу объектілеріне қосымшаларымен фармацевтикалық қызметпен айналысуға, оның ішінде өткізу объектілеріне қосымшаларымен есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметке лицензиясының болуы (құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттардың әлеуетті өнім берушілері ұсынады);
2) фармацевтика нарығында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуы (заңды тұлғаны қайта тіркеуге дейінгі тәжірибені қоса алғанда);
3) шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарының, оның ішінде дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада өткізу пункттерінің, білікті қызметкерлер (арнайы білімі, фармацевтика нарығында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі бар) амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді есепке алудың автоматтандырылған жүйесін жүргізу үшін компьютерлік техника және телекоммуникацияның байланыс құралдарының болуы;
4) шарттар жасасу үшін азаматтық құқықтық қабілеттілігі болуы;
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес сатып алуды өткізу сәтіне төлем төлеуге қабілетті болып табылуы, таратылуға жатқызылмауға, оның мүлкіне тыйым салынбауға, оның қаржы-шаруашылық қызметі тоқтатылмауға тиіс;
6) амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді есепке алудың автоматтандырылған жүйесін жүргізу үшін компьютерлік техника және телекоммуникацияның байланыс құралдарының болуы;
7) соттың заңды күшіне енген шешімінің негізінде фармацевтикалық қызметтерді сатып алу туралы соңғы екі жыл ішінде жасасқан шарттар бойынша өзінің міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылмаған болуы тиіс.
10. Әлеуетті өнім беруші өзінің кәсіби біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін сатып алуды ұйымдастырушыға, бірыңғай дистрибьюторға осы Ережеде көрсетілген құжаттарды ұсынады.
11. Сатып алуды ұйымдастырушы және бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушіге осы 3-тарауда көзделмеген біліктілік талаптарын қоюға құқығы жоқ.
4-тарау. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін
көрсету бойынша сатып алынатын және (фармацевтикалық қызметті
сатып алу кезінде) босатылатын дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық,
дезинфекциялық) препараттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар
мен медициналық техникаға қойылатын талаптар
12. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша сатып алынатын және (фармацевтикалық қызметті сатып алған жағдайда) босатылатын дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға мынадай талаптар қойылады:
1) дәрілік заттар, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар Қазақстан Республикасында тіркелген болуы және Кодекске және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік тіркеу тәртібіне сәйкес қолдануға дайын болуы тиіс;
2) төмен температураларда сақтауды және мұзданудан сақтауды талап ететін дәрілік заттар, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар тиеу пунктінен тұтынушының соңғы пунктіне дейін сақтауды қамтамасыз етуге арналған арнайы ыдыстарда сақталуы және тасымалдануы тиіс;
3) дәрілік заттар, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттар, медициналық мақсаттағы бұйымдарын таңбалау, тұтынушылық қаптамалау және қолдану жөніндегі нұсқаулық Кодекстің және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіптің талаптарына сәйкес болуы тиіс;
4) кемінде екі жыл жалпы жарамдылық мерзімі бар дәрілік заттар, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін жеткізу сәтіне жарамдылықтың қалған мерзімі жалпы жарамдылық мерзімінің кемінде елу пайызын құрауы тиіс (жарамдылықтың қалған мерзімі жеткізу сәтіне жалпы жарамдылық мерзімінің кемінде алпыс пайызын құрауы тиіс, кемінде екі жыл жалпы жарамдылық мерзімі бар дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін бірыңғай дистрибьюторға жеткізуді қоспағанда). Кемінде екі жыл жарамдылық мерзімі бар дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін жеткізу сәтіне жарамдылықтың қалған мерзімі кемінде он екі ай болуы тиіс (жарамдылықтың қалған мерзімі жеткізу сәтіне кемінде он төрт айды құрауы тиіс, кемінде екі жыл жарамдылық мерзімі бар дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін бірыңғай дистрибьюторға жеткізуді қоспағанда);
5) медициналық иммундық-биологиялық препараттардың өндіруші елде клиникалық немесе биобаламалылығы сыналғаны және Қазақстан Республикасында және (немесе) ТМД елдерінде кемінде бір жыл қолданылу тәжірибесі туралы дәйекті деректер болуы тиіс (бұл талаптар тендерді ұйымдастырушының және (немесе) бірыңғай дистрибьютордың қарауы бойынша белгіленеді);
6) биосимилярлардың дәрілік заттар айналымы саласындағы уәкілетті орган растаған сәйкестігі, клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі туралы деректері болуы тиіс.
13. Сатып алынатын медициналық техникаға мынадай талаптар қойылады:
1) медициналық техника Кодекске және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасында тіркелуі немесе Кодексте көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының аумағына уәкілетті органның рұқсатымен мемлекеттік тіркеусіз, жеткізілу сәтіне растау құжаттары ұсыныла отырып, әкелінуі тиіс;
2) медициналық техниканы таңбалау, тұтынушылық қаптамалау және қолдану жөніндегі нұсқаулық Кодекстің және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіптің талаптарына сәйкес болуы тиіс;
3) медициналық техника жаңа және бұрын пайдаланылмаған болуы тиіс;
4) өлшеу құралдарына жататын медициналық техника Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілуі тиіс не өнім беруші растау құжаттарын ұсына отырып, жеткізу сәтіне мұндай медициналық техниканы аталған тізілімге енгізу жөнінде міндеттеме қабылдауға міндетті.
14. Сатып алуды ұйымдастырушы және бірыңғай дистрибьютор сатып алынатын және босатылатын дәрілік заттар, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға осы тарауда көзделмеген талаптарды қоюға құқығы жоқ.
2-бөлім. Тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
Ескерту. 2-бөлімнің тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.25 № 122 Қаулысымен.
5-тарау. Тендер өткізу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру
тәртібі
15. Тендерді ұйымдастырушы алда болатын фармацевтикалық қызметтерді сатып алу туралы тендерлік өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталу күніне дейін кемінде 20 күнтізбелік күн бұрын аптасына үш реттен сиретпей шығарылатын және кемінде Қазақстан Республикасының аумағында таралатын мерзімдік баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялау және ақпаратты денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру жолымен әлеуетті өнім берушілерді хабардар етеді.
16. Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың аяқталуы мен тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу үдерісінің басталуы арасындағы уақыт ұзақтығы екі сағаттан аспауы тиіс.
17. Осы ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарияланатын дәрілік заттарға, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға тендер өткізу туралы хабарландыруда мынадай мәліметтер болуы тиіс:
1) тендерді ұйымдастырушының атауы мен мекен-жайы;
2) сатып алынатын дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың халықаралық патенттелмеген атауы, сатып алынатын медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың тізбесі, сатып алу көлемі, жеткізу орны, әрбір лот бойынша сатып алу үшін бөлінген сомалар;
3) жеткізудің талап етілетін мерзімдері мен шарттары;
4) тендерлік құжаттаманы алу тәсілі және орны;
5) құжаттарды ұсыну орны және тендерлік өтінімдерді берудің соңғы мерзімі;
6) тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күні, уақыты және орны.
18. Осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарияланатын фармацевтикалық қызметті сатып алуды өткізу туралы хабарландыруда мынадай мәліметтер болуы тиіс:
1) тендерді ұйымдастырушының атауы мен почталық мекен-жайы;
2) сатып алынатын қызметтердің атауы;
3) қызметтерді көрсету мерзімі;
4) шарт жасасу үшін тендерлік құжаттаманы алу орны мен тәсілдері;
5) құжаттарды ұсыну орны мен өтінім берудің соңғы мерзімі;
6) тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күні, уақыты және орны.
19. Тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін оны ұйымдастырушы әрбір тендерге жеке тендерлік комиссия құрады және оның құрамын бекітеді.
20. Тендерлік комиссияның құрамына төраға, төрағаның орынбасары және тендерлік комиссияның мүшелері кіреді. Тендерлік комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ саннан тұруы және үш адамнан кем болмауы тиіс. Тендерлік комиссияның хатшысы тендерлік комиссияның мүшесі болып табылмайды және тендерлік комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды.
Тендерлік комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күнінен бастап сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейін жұмыс істейді.
Егер тендер өтпей қалды деп танылған немесе оның қорытындылары күшін жойған жағдайда, тендерлік комиссия өзінің қызметін тоқтатады.
21. Тендерлік комиссияның құрамына тендерді ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшылары немесе олардың орынбасарлары, сондай-ақ тендерді ұйымдастырушының және тапсырыс берушінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен мамандары кіреді.
22. Тендерлік комиссияның төрағасы тендерді ұйымдастырушы басшының орынбасарынан төмен емес тұлға болып табылады, ол комиссияның қызметін басқарады, комиссия отырыстарына төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды және оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады.
23. Тендерлік комиссияның хатшысы тендерді ұйымдастырушының қызметкері болып табылады. Тендерлік комиссияның хатшысы әлеуетті өнім берушілерге тендерлік құжаттаманы береді, әлеуетті өнім берушілерден тендерлік өтінімдер салынған конверттерді қабылдайды, тендерлік комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды және материалдарды дайындайды, комиссия отырыстарын өткізгеннен кейін оның хаттамаларын ресімдейді, түскен тендерлік өтінімдерді және тендерлік өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілердің ұсынған уақыты мен күні, әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (тендерлік өтінімдер салынған конвертті берген және конверттерді ашу рәсімінде қатысатын тұлғалар) көрсетілген конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімдеріне қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналын жүргізеді. Түскен тендерлік өтінімдерді және конверттерді ашу рәсімдеріне қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналы тігілуі, беттері нөмірленуі және соңғы беті тендерді ұйымдастырушының мөрімен бекітілуі тиіс.
24. Қажет болған жағдайда тендерді ұйымдастырушы клиникалық фармакологтар мен денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарынан немесе дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптауды жүзеге асыруға аккредиттелген ұйымдардың сарапшыларынан тұратын сараптама комиссиясын құрады.
25. Сарапшылар (құрылған жағдайда сараптама комиссиясы) әлеуетті өнім берушілер ұсынатын дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың тендерлік құжаттаманың талаптарына сәйкестігі бойынша сараптамалық қорытынды береді және тендерлік комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды. Сарапшылардың (сараптама комиссиясының) сараптама қорытындысын, егер ол тендерлік құжаттамада көзделген талаптар шегінде жасалған болса ғана тендерге ұсынылған тендерлік өтінімдерді бағалау және салыстыру және тендер жеңімпазын анықтау кезінде ескеріледі. Сараптама қорытындысы жазбаша түрде ресімделеді, оған сарапшылар (сараптама комиссиясының мүшелері) қол қояды және конкурсқа қатысуға рұқсат туралы хаттамаға қоса беріледі.
26. Тендерлік комиссияның отырысы тендерлік комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде өткізіледі. Тендерлік комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және егер отырысқа қатысып отырған тендерлік комиссия мүшелерінің жалпы санының басым бөлігі ол үшін дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы немесе ол болмаған кезде оның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
27. Тендерлік комиссия мүшелерінің бірі өндірістік немесе басқа себепен қатыспаған жағдайда тендерлік комиссия отырысының хаттамасында оның қатыспау себебі және осы фактіні растайтын құжатқа сілтеме көрсетіледі.
Егер тендерлік комиссия мүшелерінің қажетті саны болмауы себебінен белгіленген күні мен уақытында тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі тендерлік комиссия отырысы болмай қалған жағдайда, тендерлік комиссияның хатшысы тендерге ұсынылған тендерлік өтінімдер салынған конверттердің сақталуын қамтамасыз етеді және хабарланған мерзімнен 24 сағаттан кешіктірмей конверттерді ашуды өткізудің күні мен уақыты туралы хабарлайды. Бұл ретте жаңадан ұсынылған өтінімдер қабылданбайды.
Егер хатшы хабарлаған уақытта тендерлік комиссия мүшелерінің қажетті саны болмаған жағдайда, тендерді ұйымдастырушы тендерлік комиссияның қатыспаған мүшелерін ауыстыру бойынша, ауыстыру себебін көрсете отырып, өзгеріс енгізеді.
28. Тендерлік комиссия отырысының хаттамасына тендерлік комиссияның қатысқан барлық мүшелері, төраға, оның орынбасары және хатшысы қол қояды.
29. Тендерді ұйымдастырушы тендерлік құжаттаманы әзірлейді және бекітеді, бұл бюджеттік бағдарлама әкімшісінің интернет-ресурсында орналастырылуы тиіс және онда мыналар болуы тиіс:
1) тендерлік құжаттаманның құрамы, осы Ереженің 3, 4-тарауларының талаптарына сәйкестігін растау үшін әлеуетті өнім беруші ұсынуы тиіс құжаттардың тізбесі;
2) сатып алынатын дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сипаттамасы, техникалық өзіндік ерешеліктерді қоса алғанда, олардың қажетті техникалық және сапалық сипаттамалары;
3) сатып алынатын дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың саны (көлемі), әрбір лот бойынша сатып алуға бөлінген сома;
4) жеткізуде талап етілетін мерзімдер мен шарттар, орны;
5) төлем шарты және сатып алу туралы шарттың жобасы;
6) бағада тасымалдауға және сақтандыруға шығыстарды, кедендік баждарын, салықтарды, алымдарды және тауарлардың құнынан басқа өзге де төлемдерге шығыстар сияқты элементтердің қамтылуына қатысты нұсқауларды қоса алғанда, тендерлік өтінімнің бағасын есептеу тәсілдері мен әдістемесі;
7) тендерлік өтінімнің бағасы көрсетілуі тиіс валюта немесе валюталар, тендерлік өтінімдер бағаларын оларды салыстыру және бағалау мақсатында бірыңғай валютаға келтіру үшін қолданылатын курс;
8) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес тендерлік өтінімді, сатып алу туралы шарттарды құру және ұсыну тіліне қойылатын талаптар;
9) тендерлік өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар;
10) тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді енгізу тәртібі, нысаны, мерзімдері;
11) тендерлік өтінімді ұсынудың аяқталу мерзіміне дейін тендерлік өтінімді өзгертуге немесе қайтарып алуға өнім берушінің мүмкіндігін көрсету;
12) тендерлік өтінімді ұсынудың орны мен соңғы мерзімі және олардың қолданылу мерзімі;
13) тендерлік құжаттаманың мазмұны бойынша әлеуетті өнім берушілер түсініктеме сұрай алатын тәсілдер, сондай-ақ аталған кезеңде тендерді ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушілермен ашық нысанда өтетін және хаттамаланатын кездесу өткізуге ниеті туралы хабарлама;
14) тендерлік өтінімдерімен коверттерді ашу орны, күні және уақыты;
15) тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу және тендерлік өтінімдерді қарау кезінде пайдаланылатын рәсімдер;
16) әлеуетті өнім берушілер - отандық тауар өндірушілерге басымдық беру туралы шарт;
17) сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді енгізу шарты, нысаны, көлемі мен тәсілі.
30. Сатып алуды жүзеге асыру кезінде тендерді ұйымдастырушы бір текті тауарларды оларды жеткізу орны бойынша лоттарға бөле алады.
Бір текті тауарлардың бірнеше түрлерін сатып алуды жүзеге асыру кезінде тендерді ұйымдастырушы тауарлардың бір текті түрлері бойынша және (немесе) оларды жеткізу орны бойынша оларды лоттарға бөле алады.
31. Әлеуетті өнім беруші тендерді ұйымдастырушыдан тендерлік өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей тендерлік құжаттамаға түсініктеме сұрауға құқылы. Тендерді ұйымдастырушы өтінімді алған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей сұраным жасаған авторды көрсетпей тендерлік құжаттама берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге тиісті түсініктеме жіберуі тиіс.
32. Тендерді ұйымдастырушы тендерлік өтінімді ұсынудың соңғы мерзіміне дейін жеті күнтізбелік күннен кешіктірмей жеке бастамасымен немесе әлеуетті өнім берушілердің сұранымына жауапқа тендерлік құжаттамаға өзгерістер енгізуге құқылы.
Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және олар туралы тендерлік, құжаттама берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге дереу хабарланады. Бұл ретте тендерді ұйымдастырушы тендерлік өтінімдердегі осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімін кемінде бес жұмыс күніне ұзартады.
33. Тендерді ұйымдастырушы тендер шарттарын түсіндіру үшін тендерлік құжаттамада көрсетілген белгіленген орында және белгіленген уақытта әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізуге құқылы.
Көрсетілген кездесуді өткізу кезінде мазмұнында кездесу барысында тендер шарттарын түсіндіру бойынша берілген сұрақтар мен жауаптар бар хаттама жасалады, бұл кездесу қорытындысы бойынша тендерлік құжаттама ұсынылған барлық әлеуетті өнім берушілерге дереу жіберіледі.
34. Фармацевтикалық қызметтерді сатып алу үшін тендерді ұйымдастырушы тендерлік құжаттаманы әзірлейді және бекітеді, онда мынадай ақпаратты көрсетеді:
1) тегін босатылатын, халықаралық патенттелмеген атауларымен дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі мен көлемдері;
2) өтеу коэффициенті көрсетіле отырып, жеңілдік шарттармен босатылатын, халықаралық патенттелмеген атауларымен дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі мен көлемдері;
3) фармацевтикалық қызметтерді ұсыну қажет елді мекендер пункттерінің тізбесі;
4) осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген қызметтердің өнім берушілеріне қойылатын талаптар;
5) мамандардың біліктілігін, мамандығы бойынша жұмыс өтілін көрсете отырып, олардың саны туралы мәліметтер;
6) амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді есепке алудың автоматтандырылған жүйесін жүргізу үшін компьютерлік техника және телекоммуникацияның байланыс құралдарының болуы туралы мәлімет;
7) осы Ереженің 4-тарауында көрсетілген, босатылатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға қойылатын талаптар;
8) осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған қызметтердің өнім берушілерімен шарттың үлгі нысаны;
9) конверттерді ашу орны, күні мен мерзімі.
35. Талаптар бойынша дәйексіз ақпарат берген әлеуетті өнім берушілер туралы, сондай-ақ соңғы екі жыл ішінде фармацевтикалық қызметтерді сатып алу туралы жасасқан шарттар бойынша өздерінің міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін соттың заңды күшіне енген шешімінің негізінде жауапкершілікке тартылған әлеуетті өнім берушілер туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.
2. Тендерлік өтінімдердің қолданылу мерзімі, мазмұны, оларды ұсыну, өзгерту және қайтарып алу
36. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін тендерлік құжаттамаға сәйкес жасалған тендерлік өтінімді мөрленген түрде тендерді ұйымдастырушыға ұсынады.
37. Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін ұсынылған тендерлік өтінімдер ашылмайды және оны ұсынған әлеуетті өнім берушіге қайтарылады.
38. Тендерге қатысу үшін әлеуетті өнім беруші ұсынған тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімі қырық бес күнтізбелік күннен кем болмауы тиіс.
Қолданылу мерзімі тендер шартында көрсетілген мерзімнен қысқа тендерлік өтінім қайтарылады.
39. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімі мыналарды қамтуы тиіс:
1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес тендерге қатысуға өтінім. Осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізімдемесі электрондық нұсқада міндетті түрде беріледі;
2) әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар:
дәрілік заттарды, Диммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіруге және/немесе көтерме, бөлшек саудада өткізуге әлеуетті өнім берушінің құқығын растайтын лицензиялардың нотариаттық куәландырылған көшірмелері;
тиісті мемлекеттік орган (дара кәсіпкер үшін) берген, заңды тұлғаның білімінсіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың нотариаттық куәландырылған көшірмесі;
"Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған соңғы қаржы жылындағы міндетті қаржылық есептіліктің түпнұсқасы немесе нотариаттық куәландырылған көшірмесі. Егер конверттерді ашу ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде жүргізілген жағдайда, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы міндетті қаржылық есептіліктің түпнұсқасы немесе нотариаттық куәландырылған көшірмесі ұсынылады;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті аудит жүргізу белгіленген заңды тұлғалардың соңғы қаржы жылындағы аудиторлық есебінің түпнұсқасы немесе нотариаттық куәландырылған көшірмесі. Егер конверттерді ашу ағымдағы жылдың 1 маусымына дейінгі мерзімде жүргізілген жағдайда, соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы аудиторлық есептің түпнұсқасы нотариаттық куәландырылған көшірмесі ұсынылады;
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің нотариаттық куәландырылған көшірмесі, жеке куәлігінің немесе төлқұжатының көшірмесі (дара кәсіпкерлер үшін);
статистикалық карточканың нотариаттық куәландырылған көшірмесі (егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған жағдайда, онда статистикалық карточканың нотариаттық куәландырылған көшірмесін беру талап етілмейді);
заңды тұлға үшін Жарғының нотариаттық куәландырылған көшірмесі (егер Жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмеген жағдайда, акцияларды ұстаушылардың тізілімінен үзінді көшірме немесе құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді көшірме немесе құрылтай шартының нотариаттық куәландырылған көшірмесі);
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес төлем мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірілмей берілген, Қазақстан Республикасы бойынша салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқтығы (болуы) туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының салық органы басшысының не орынбасарының қолымен және аталған салық органының мөрімен бекітілген түпнұсқасы;
осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірмей берілген, әлеуетті өнім берушінің банктің (банктердің) алдында мерзімі асқан берешегінің жоқтығы туралы банктің (банктердің) бірінші басшысының немесе расталуы болғанда оны алмастыратын тұлғаның және бас бухгалтердің қолы қойылған банктің (банктардың) мөрі соғылған анықтамасының түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылған жағдайда, бұл анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады).
біліктілігі, мамандығы бойынша жұмыс өтілі көрсетіле отырып, мамандардың болуы және саны туралы мәлімет,;
егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының салық органынан осы әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының резиденті еместігі және салық есебіне тұрмайтыны туралы анықтаманың түпнұсқасы немесе нотариаттық куәландырылған көшірмесі беріледі;
3) осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес жеткізілетін дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың, қосалқы қызметтердің құнын қоса алғанда, түпкі бағасын құрайтын, әлеуетті өнім берушінің барлық нақты шығындары қамтылуға тиіс әлеуетті өнім беруші ұсынатын баға кестесі;
4) техникалық өзіндік ерекшеліктер;
5) ұсынылатын қосалқы қызметтер;
6) тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді енгізуді растайтын құжаттардың түпнұсқасы;
7) ұсынылатын дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың, фармацевтикалық қызметтердің осы Ережеде көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар;
8) тендерлік құжаттамаға сәйкес ұсыну үшін қажетті басқа да құжаттар.
40. Осы Ереженің 39-тармағында көзделген құжаттардан басқа, дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымдардың, фармацевтикалық қызметтердің әлеуетті өнім берушісінің тендерлік өтінімінде мынадай құжаттар болуы тиіс:
1) дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндірушілермен не өндірушінің ресми өкілдерімен (дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың көлемдері мен тізбесі көрсетілген) шарттардың нотариаттық куәландырылған көшірмелері;
2) дәрілік заттар айналымы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері берген дәрілік заттарды сақтау мен тасымалдау үшін жағдайдың болуын тексеру актісі, қажет болған кезде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары берген "суықтық тізбегінің" болуы (актілер өтінімдер салынған конверттерді ашу күніне дейін бір жылдан кешіктірілмей берілуі тиіс).
40-1. Осы Ереженің 39-тармағында көзделген құжаттардан басқа, медициналық техниканың әлеуетті өнім берушісінің тендерлік өтінімінде өндірушінің не сатып алу ұсынылатын медициналық техниканы өндірушінің ресми өкілінің мәртебесін растайтын құжаттың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі болуы тиіс.
Ескерту. Ереже 40-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.02.25 № 122 Қаулысымен.
41. Әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімді ұсынудың мерзімі аяқталғанға дейін өзінің тендерлік өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы. Бұл ретте ол өзінің тендерлік өтінімінің кепілдік қамтамасыз етілуін қайтарып алуға құқылы.
Әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімді қайтарып алу туралы хабарламасы тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімінен кешіктірілмей, сатып алуды ұйымдастырушыға жазбаша түрде жіберілуі тиіс.
42. Тендерлік өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін тендерлік өтінімдерге өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
43. Тендерлік өтінімді әлеуетті өнім беруші сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттерімен ұсынады және соңғы беті мөрмен куәландырылады.
Тендерлік өтінімнің техникалық өзіндік ерекшелігі (тігілген түрде, нөмірленген беттерімен, соңғы беті заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің қолымен және мөрімен бекітілген болуы тиіс) және кепілдікті қамтамасыз етудің түпнұсқасы тендерлік өтінімге жеке қоса беріледі.
44. Тендерлік өтінім басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы тиіс.
45. Тендерлік өтінімде әлеуетті өнім берушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауы тиіс.
46. Әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуға өтінімді конвертке желімдейді. Конвертте әлеуетті өнім берушінің атауы мен заңды мекен-жайы көрсетілуі тиіс. Конверт Тендерлік құжаттамада көрсетілген мекен-жай бойынша тендерді ұйымдастырушыға жіберілуі және мынадай жазулар болуы тиіс: "____________________ сатып алу жөніндегі тендер (тендердің атауы көрсетіледі)" және "________________ дейін ашпаңыз" (тендерлік құжаттамада көрсетілген конверттерді ашу күні және уақыты көрсетіледі)".
3. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз өту
47. Әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімді берген кезде сатып алынатын дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника құнының үш пайызы мөлшерінде тендерлік құжаттамада көзделген тәсілімен және шарттарда өзінің тендерлік өтінімінде ұсынылған нысанда кепілдікті қамтамасыз етуді бір мезгілде енгізеді.
48.Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету:
1) банкте орналастырылатын ақшалай кепілдік;
2) осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік түрінде ұсынылуы мүмкін.
Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді әлеуетті өнім беруші ақшалай кепілдік түрінде тендерді ұйымдастырушының тиісті шотына енгізеді.
49. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімінен кем болмауы тиіс.
50. Тендерді ұйымдастырушы тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді бес жұмыс күні ішінде туындаған мынадай жағдайларда:
1) тендер жеңімпазын қоспағанда, тендерлік өтінімнің мерзімі асқан;
2) әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін тендерлік өтінімді кері қайтарып алған;
3) тендерлік өтінім тендерлік құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп қабылдамаған;
4) басқа өнім беруші тендер жеңімпазы деп танылған кезде;
5) тендер жеңімпазы анықталмастан, сатып алу рәсімдері тоқтатылған;
6) сатып алу туралы шарттың күшіне енуі және тендерлік құжаттамада көзделген сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді тендер жеңімпазының енгізу сәтінен бастап кері қайтарады.
51. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету тендерлік өтінімді ұсынған және оны қамтамасыз ету, егер әлеуетті өнім беруші:
1) тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі асқаннан кейін тендерлік өтінімді кері қайтарып алса немесе өзгертсе;
2) тендер жеңімпазы болып анықталса, бірақ сатып алу туралы уақтылы шарт жасаспаған жағдайларда әлеуетті өнім берушіге қайтарылмайды.
52. Тендерлік өтінімді ұсынған кезде бір мезгілде шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын әлеуетті өнім берушілер сатып алынатын дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасының, фармацевтикалық қызметтер құнының бір жарым пайызы мөлшерінде тендерлік құжаттамада көзделген тәсілімен және шарттарда оның тендерлік өтінімінде ұсынылған нысанда тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді енгізеді.
4. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу
53. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді тендерлік комиссия тендерлік құжаттамада көрсетілген уақытта, мерзімде және орында ашады.
Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері қатысуға құқылы.
54. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде тендерлік комиссияның хатшысы қатысушы тұлғаларға тендерге қатысушы әлеуетті өнім берушілердің атауы мен мекен-жайын, олардың ұсынған бағаларын, жеткізу және төлеу шарттарын, егер құжатта көрсетілген болса өтінімдерін кері қайтару және өзгерістер, тендерлік өтінімді құрайтын құжаттардың болуы туралы ақпаратты хабарлайды және аталған ақпаратты тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасына тіркейді.
5. Тендерлік өтінімдерді бағалау және салыстыру
55. Тендерлік өтінімдерді бағалау және салыстыру кезінде:
1) тендерлік комиссия әлеуетті өнім берушілерден олардың тендерлік өтінімдеріне байланысты тендерге қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін түсіндірулерді сұратуға құқылы;
2) біліктілік талаптары мен тендерлік құжаттаманың талаптарына сай келмейтін тендерлік өтінімдерді осы талаптарға сәйкес келтіру үшін сұратуларға, ұсыныстарға немесе толықтыруларға жол берілмейді.
56. Тендерлік комиссия, егер:
1) әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
2) тендерлік құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді енгізбесе;
3) осы тендерлік өтінім тендерлік құжаттаманың талаптарына сәйкес келмесе;
4) әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерінің бағасы сатып алу үшін бөлінген сомадан артық болса, тендерлік өтінімді қабылдамайды;
57. Тендерлік комиссия мынадай жағдайларда:
1) тендерге қатысу үшін біліктілік талаптарын қанағаттандырған екіден кем әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінім бергенде;
2) барлық ұсынылған тендерлік өтінімдер тендерлік құжаттаманың талаптарына сай келмейді деп қабылдамағанда;
3) тендерге қатысуға тек бір әлеуетті өнім беруші ғана өтінім берсе, тендерді тұтастай немесе оның қандай да бір лоты өтпей қалды деп таниды.
58. Егер тендер тұтастай немесе оның қандай да бір лоты өтпей қалды деп танылса, тендерді ұйымдастырушы қажет болған жағдайда тендердің шарттарын өзгертеді және тендерді қайта өткізеді.
59. Тендерлік комиссия тендерге қатысу үшін қабылданған тендерлік өтінімдерді бағалайды және салыстырады әрі ең төмен баға негізінде жеңімпаз өтінімді айқындайды.
60. Тендерлік комиссия тендерлік өтінімдер салынған конверттер ашылған күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде тендер қорытындысының хаттамасын ресімдеу жолымен тендер қорытындысын шығарады.
61. Тендерге қатысқан әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тендер қорытындысына шағым жасай алады.
6. Тендер қорытындылары туралы хаттама
62. Дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы және фармацевтикалық қызметтерді тендер тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде тендерлік комиссия тендер қорытындылары туралы хаттама ресімдейді, онда мынадай ақпараттар қамтылуға тиіс:
1) сатып алынатын дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық- биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың, фармацевтикалық қызметтердің атауы және қысқаша сипаттамасы;
2) сатып алу үшін бөлінген сома;
3) тендерлік өтінім берген әлеуетті өнім берушілердің атауы және орналасқан жері;
4) тендерлік өтінім ұсынған әлеуетті өнім берушілердің біліктілік деректері;
5) тендерлік құжаттамаға сәйкес әрбір тендерлік өтінімнің бағасы және басқа шарттары;
6) тендерлік өтінімдерді бағалауды және салыстыруды баяндау;
7) тендерлік өтінімдер қабылданбаған жағдайда - оларды қабылдамау негіздемесі;
8) әрбір лот бойынша тендер жеңімпазының атауы мен орналасқан жері және олар бойынша жеңімпаз белгіленген шарттар;
9) әрбір лот бойынша жеңімпаз ұсынысынан кейін ұсынысының артықшылығы екінші болып табылатын тендерге қатысушының атауы мен орналасқан жері;
10) егер тендердің нәтижесінде жеңімпаз анықталмаған болса - тендерлік комиссияның осындай шешім қабылдауының негіздемесі;
11) сатып алу туралы шарт жасалуы тиіс (бірақ тендердің жеңімпазы хаттама қорытындысын алған сәттен бастап он күнтізбелік күннен аспайтын) мерзім;
12) сараптама комиссиясын тарту туралы ақпарат.
63. Тендерді ұйымдастырушы тендердің қорытындылары шыққан күнінен бастап үш күнтізбелік күн ішінде әлеуетті өнім берушілерге хабарлама және хаттама қорытындысының көшірмесін жіберу жолымен тендерге қатысқан барлық әлеуетті өнім берушілерді жазбаша хабардар етеді.
7. Сатып алу туралы шарт жасасу тәртібі
64. Тендерді ұйымдастырушы тендердің қорытындылары шыққан күнінен бастап бес күнтізбелік күн ішінде әлеуетті - өнім берушіге осы Ережеге 7 және 9-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жасалатын сатып алу туралы қол қойылған шартты жібереді.
65. Сатып алу туралы шарт, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, оған тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған сәтінен бастап күшіне енеді.
66. Тендердің жеңімпазы қол қойылған сатып алу туралы шартты алған сәттен бастап он жұмыс күнінің ішінде қол қояды немесе тендерді ұйымдастырушыны келіспеушіліктері туралы немесе шартқа қол қоюдан бас тартатындығы туралы жазбаша хабардар етеді.
67. Егер тендердің жеңімпазы болып танылған әлеуетті өнім беруші тендерді ұйымдастырушыны келіспеушіліктері туралы хабарламай, осы Ереженің 66-тармағында белгіленген мерзімде сатып алу туралы шартқа қол қоймаса, тендерді ұйымдастырушы жеңімпаз ұсынысынан кейін ұсынысының артықшылығы екінші болып табылатын тендердің басқа қатысушысымен сатып алу туралы шарт жасасуға құқылы, бұл тендердің қорытындысы туралы хаттамамен расталады.
68. Өнім берушіні таңдауға негіз болған (баға, сапа) ұсыныстар мазмұнын өзгерте алатын сатып алу шартының жобасына немесе қол қойылған сатып алу туралы шартқа немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шартқа қандай да бір өзгерістер және (немесе) жаңа талаптар (бағаны азайтуды қоспағанда) енгізуге жол берілмейді.
Өнім берушіні таңдау үшін негіз болған баға мен сапасын өзгертпеген жағдайда және басқа жағдайларда сатып алу туралы шарттың жобасына немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарттың жобасына немесе қол қойылған сатып алу туралы шартқа немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шартқа сатып алу көлемін өзгерту бөлігінде өзгерістер енгізуге жол беріледі.
69. Тендерді ұйымдастырушы сатып алу туралы шартқа қол қойылғанға дейін шарт сомасын азайту мақсатында тендердің жеңімпазы деп танылған әлеуетті өнім берушімен келіссөз жүргізуге құқылы. Әлеуетті өнім беруші мұндай азайтуға келіспеуге құқылы, бұл ретте тендерді ұйымдастырушының дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алу бойынша тендердің жеңімпазы деп танылған әлеуетті өнім берушімен шартқа қол қоюдан бас тартуға құқығы жоқ.
Егер сатып алу туралы шартты орындау үдерісінде осыған ұқсас сатып алынатын дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың бағалары азаю жағына өзгерген жағдайда тендерді ұйымдастырушы мен өнім берушінің өзара келісімі бойынша сатып алу туралы шартқа осы тармақтың ережелері ескеріле отырып, тиісті өзгерістер енгізілуі мүмкін.
8. Сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізу тәртібі
70. Сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету мынадай түрде ұсынылуы мүмкін:
1) банкте орналастырылатын ақшалай кепілдік;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес берілген банк кепілдігі.
Ақшалай кепілдік түрінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді әлеуетті өнім беруші тендерді ұйымдастырушының тиісті шотына салады.
Сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету мөлшері шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайды.
Егер шарттың сомасы тиісті қаржы жылына екі мың есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспаған жағдайда, шартты орындауды қамтамасыз ету енгізілмейді.
71. Егер тендерлік құжаттамада тендерді ұйымдастырушы мемлекеттік мекеменің атынан шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ақшалай кепілдік түрінде енгізуді көздесе, онда олар тендерлік құжаттамада көрсетілген тендерді ұйымдастырушының тиісті табыс кодына салынады.
72. Шартты орындауды қамтамасыз етудің мазмұнын, нысаны мен енгізу шартын осы Ережеге сәйкес тендерді ұйымдастырушы айқындайды, тендерлік құжаттамада көрсетіледі және сатып алу туралы шартта ескеріледі.
73. Өнім беруші сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді егер осы шартта өзгеше көзделмесе, өнім беруші шарт күшіне енгеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде енгізеді.
9. Фармацевтикалық қызметтердің өнім берушілеріне шығындарды
өтеу тәртібі
74. Денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдары бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларында көзделген қаражаттың шегінде берілген рецептілер тізілімін салыстыру негізінде орындалған жұмыстардың актілеріне сәйкес нақты көрсетілген қызметтер үшін фармацевтикалық қызметтердің өнім берушілеріне ай сайын шығындарын өтейді.
75. Фармацевтикалық қызметтердің өнім берушілеріне өтеу сомасын денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдары Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар халықты тегін немесе жеңілдікпен-берілетін дәрілік заттармен және арнайы емдік өнімдермен қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган бекіткен дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесіне сәйкес төлейді. Шарт сомасы нақты көрсетілген қызметтердің көлемі ескеріле отырып түзетілуі мүмкін.
6-тарау. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге
асыру тәртібі
76. Егер бірыңғай дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алудың жылдық көлемі құндық тұрғыдан тиісті қаржы жылына заңнамамен белгіленген екі мың есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспаса, баға ұсыныстарын сұратумен сатып алу пайдаланылуы мүмкін.
77. Осы Ереженің 77-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды қолдану мақсатында бірыңғай дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алудың жылдық көлемін қаржы жылының ішінде бөліктерге ұсақтауға жол берілмейді.
Ескерту. 77-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.04 № 66 (2010 жылғы 10 наурызға дейін қолданылады) Қаулысымен.
77-1. Дәрілік заттар айналымы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері растаған тегін медициналық көмектің (жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек) кепілдік берілген көлемін уақтылы көрсету үшін тапсырыс берушілерде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қалдықтары болмаған жағдайда дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды уәкілетті орган белгілеген бағадан аспайтын отыз күндік қажеттілік кезеңіне сатып алуға жол беріледі.
Ескерту. Ереже 77-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.02.04 № 66 (2010 жылғы 10 наурызға дейін қолданылады) Қаулысымен.
78. Тапсырыс беруші кемінде екі өзара аффилиирленбеген әлеуетті өнім берушіден баға ұсыныстарды сұратады және түскен барлық ұсыныстарды қарайды.
Әрбір әлеуетті өнім беруші жазбаша түрде ресімделген тек бір ғана баға ұсынысты береді.
Сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім беруші осы Ереженің 8-тармағында белгіленген біліктілік талаптарға сәйкес болуы тиіс.
Сатып алу туралы шартты осы Ереженің 4-тарауында белгіленген талаптарға сәйкес келетін ең төменгі баға бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы ұсынған әлеуетті өнім берушімен тапсырыс беруші жасайды.
7-тарау. Бір көзден сатып алу және оны қолдану шарттары
79. Бір көзден сатып алу - бұл мынадай жағдайларда:
1) тендер жарамсыз деп танылған жағдайларды қоспағанда тендер өтпей қалды деп танылғанда;
2) балама болмаған кезде дәрілік заттар, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар немесе медициналық техника тек бір өнім берушіде ғана бар болғанда;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте төтенше жағдайларды хабарлау салдарынан осы дәрілік заттарға және медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға жедел қажеттілік туындайды, бұл тендерлер өткізу мүмкіндігін болдырмағанда;
4) қалдық жоқ болған кезде, тендердің қорытындысы шыққанға дейінгі кезеңге күнделікті және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен фармацевтикалық қызметті сатып алуды жүзеге асыру қажеттілігі болғанда жүргізілетін сатып алу тәсілі.
80. Бір көзден сатып алуды жүзеге асыру кезінде сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіден:
1) баға ұсыныстарына;
2) әлеуетті өнім берушінің осы Ереженің 8-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарға;
3) ұсынылатын дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың осы Ережеде көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарға сұрау салады.
81. Бір көзден сатып алуды жүзеге асыру кезінде сатып алуды ұйымдастырушы мынадай ақпараттан тұратын хаттаманы жасауы тиіс:
1) бір көзден сатып алу тәсілін қолдану негіздемесі;
2) сатып алынатын дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың, фармацевтикалық қызметінің қысқаша сипаттамасы;
3) сатып алу туралы шарт жасалатын өнім берушінің атауы мен орналасқан жері және осындай шарттың бағасы.
Осы Ереженің 5-тарауы 7-бөлігінің талаптарын ескере отырып, тапсырыс беруші сатып алу туралы шарт жасасады.
8-тарау. Бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша сатып алу
82. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тапсырыс берушілерді дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және медициналық техникамен жыл сайын бірінші қыркүйектен кешіктірмей қамтамасыз ету мақсатында келесі күнтізбелік жылға бірыңғай дистрибьютордың тізімін бекітеді. Бірыңғай дистрибьютордың тізімі ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған дәрілік заттарды толық, ал мемлекеттік бюджет есебінен сатып алынатындар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға бөлуге жоспарланатын қаражатынан кемінде жетпіс пайызын қамтуы тиіс. Бірыңғай дистрибьютордың тізімін уәкілетті орган әрбір атау бойынша шектеулі бағаны көрсете отырып, бірыңғай дистрибьюторға жолдайды, бірыңғай дистрибьюторда бұдан жоғары бағаға сатып алуды жүргізуге құқығы жоқ.
83. Тапсырыс берушілер бірыңғай дистрибьютордың тізіміне кіретін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды тек бірыңғай дистрибьютордан ғана сатып алуды жүзеге асыруы тиіс.
84. Тапсырыс берушілер жыл сайын тізімді бекіткен күнінен бастап жиырма күнтізбелік күнінен кешіктірмей бірыңғай дистрибьюторға және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға келесі күнтізбелік жылға алдын ала өтінімді ұсынады, онда мыналар қамтылуы тиіс:
1) дәрілік заттар (халықаралық патенттелмеген атауларымен) мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауы;
2) алдыңғы аяқталған күнтізбелік жылы пайдаланылған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың нақты саны;
3) тапсырыс берушілердің толық атауы, олардың деректемелері, мекен-жайы (почта және заңды), байланыс телефондары, факстары, электрондық почтасының мекен-жайы, бірінші басшының немесе оны ауыстыратын адамның лауазымы және Т.А.Ә., сатып алуды жүзеге асыруға жауапты адамның Т.А.Ә., бағдарламаның, кіші бағдарламаның, ерекшеліктің атауы шеңберінде сатып алу жоспарланады;
4) алдыңғы жылғы нақты тұтынуды және келесі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына болжамды қалдықты ескере отырып, дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрқайсысының атауы бойынша келесі жылға қажеттілік есебі.
85. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды жүргізу рәсімдерін бірыңғай дистрибьютор осы Ереженің 3-бөлімінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.
86. Бірыңғай дистрибьютор сатып алуды өткізгеннен кейін және келесі жылға өнім берушілерді айқындағаннан кейін тапсырыс берушілерге тиісті күнтізбелік жылға бюджетті қалыптастыру (түзету) үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрқайсысының атауы бойынша бағасы мен ең аз қаптамадағы санын ұсынады.
Бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушілерге тіркелген бағасына өзінің үстеме бағасын ескере отырып (он бес пайыздан көп емес), бағаларды ұсынады. Үстеме баға саясатын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісімі бойынша бірыңғай дистрибьютор айқындалды.
87. Тапсырыс берушілер жыл сайын тиісті қаржы жылына бюджетті бекіткен күнінен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмей бірыңғай дистрибьюторға және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға бірыңғай дистрибьютордың тізімімен көзделген келесі күнтізбелік жылға дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға өтінімді береді, онда мыналар қамтылуы тиіс:
1) дәрілік заттардың атауы мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі;
2) бекітілген бюджетке сәйкес дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың саны;
3) тапсырыс берушілердің толық атауы, тапсырыс берушілердің толық деректемелері, мекен-жайы (почта және заңды), байланыс телефондары, факстары, электрондық почтасының мекенжайы, бірінші басшының немесе оны ауыстыратын адамның лауазымы және Т.А.Ә., сатып алуды жүзеге асыруға жауапты адамның Т.А.Ә., бағдарламаның, кіші бағдарламаның, ерекшеліктің атауы шеңберінде сатып алу жоспарланады.
Соңғы өтінімдерді қалыптастыру кезінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың саны алдын ала өтінімде көрсетілген санынан кемінде 25 %-ға (жиырма бес пайызға) арттырылуы немесе азаю жағына қарай өзгертілуі мүмкін.
Соңғы өтінімді қалыптастыру кезінде тапсырыс беруші сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың санын олардың сапасын сақтау мақсатында осы Ереженің 86-тармағына сәйкес ең аз қаптамаға дейін жинақтайды.
88. Тапсырыс берушілер осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс берушінің арасындағы дәрілік заттарды сатып алу үлгі шартына сәйкес әзірленген және жасалған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың соңғы өтінімдері мен сатып алу шарттарының (бұдан әрі - сатып алу шарты) негізінде бірыңғай дистрибьютордан дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырады.
Бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушілерден соңғы өтінімді алған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде сатып алу шартын қабылдау-беру актісі бойынша тапсырыс берушілерге қол қоюға береді.
Тапсырыс берушілер бірыңғай дистрибьютордан сатып алу шартын алған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей толық көлемде оларға қол қоюға міндетті.
9-тарау. Отандық тауар өндірушіні қолдау
89. Егер осы Ереженің 7-тармағы 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көзделген тәсілдермен дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алған жағдайда әлеуетті өнім берушілер ретінде бір және тек сол лот бойынша екі және одан көп отандық тауар өндірушілер қатысса, онда тапсырыс беруші осы лот бойынша тек отандық тауар өндірушілердің баға ұсыныстарын қарайды.
90. Өзге жағдайларда, сатып алу жеңімпазын айқындау кезінде отандық тауар өндірушінің бағасы шартты түрде жиырма пайызға азайтылады.
3-бөлім. Бірыңғай дистрибьютордың дәрілік заттар мен
медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды жүзеге асыру
тәртібі
10-тарау. Екі кезеңді рәсімдерді пайдалану арқылы тендер
өткізу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
91. Екі кезеңді рәсімдерді пайдалану арқылы тендер тәсілімен сатып алу мынадай реттік кезеңдердің жиынтығын білдіреді:
1) бірінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
бірыңғай дистрибьютордың комиссия құруы;
қажет болған жағдайда бірыңғай дистрибьютордың сараптама комиссиясын құруы;
екі кезеңді рәсімдерді пайдалану арқылы тендер өткізу туралы хабарландыру;
әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қабылдау, ашу және қарау;
әлеуетті өнім берушілердің қосымша өтінімдерін қабылдау, ашу және қарау;
әлеуетті өнім берушілерге ең төмен бағаны айқындау рәсіміне рұқсатнама;
2) екінші кезеңде ең төмен бағаны айқындау бойынша іс-шаралар жүзеге асырылады.
1. Екі кезеңді рәсімдерді пайдалану арқылы тендер
өткізуді ұйымдастыру
92. Екі кезеңді рәсімдерді пайдалану арқылы тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін бірыңғай дистрибьютор тендерлік комиссиясын құрады және оның құрамын әр тендерге жеке бекітеді.
93. Комиссия құрамына төраға, төрағаның орынбасары және комиссия мүшелері кіреді. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ сан болуы тиіс және үш адамнан кем болмауы тиіс. Комиссияның хатшысы комиссияның мүшесі болып табылмайды және тендерлік комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы болмайды.
Комиссия оны құру туралы шешім қабылданған сәттен бастап сатып алу туралы шарты күшіне енгенге дейін жұмыс істейді.
Егер тендер өтпей қалды деп танылса немесе оның нәтижелері жойылса, онда комиссия өзінің қызметін тоқтатады.
94. Комиссияның құрамына бірыңғай дистрибьютордың бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бірыңғай дистрибьютордың қызметкерлері, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның өкілдері енгізіледі.
95. Комиссияның төрағасы бірыңғай дистрибьютор басшысының орынбасарынан төмен емес, оның қызметін басқаратын, комиссия отырыстарында төрағалық ететін, жұмысты жоспарлайтын және оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асыратын адам болып табылады.
96. Комиссияның хатшысы бірыңғай дистрибьютордың қызметкері болып табылады. Комиссияның хатшысы әлеуетті өнім берушілерден тендерлік өтінімдермен конверттерді қабылдайды, комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды және материалдарды дайындайды, комиссияның отырысы өткізілгеннен кейін хаттамаларды ресімдейді, түскен тендерлік өтінімдерді және ашық тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуеттік өнім берушілерді, әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (тендерлік өтініммен конвертті ұсынған және конверттерді ашу рәсімдері кезінде қатысқан адамдар), әлеуетті өнім берушілер ұсынған конверттердің уақыты мен күні көрсетілген тіркеу журналдарын жүргізеді. Келіп түскен тендерлік өтінімдерді және ашық тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналдары тігілген, парақтары нөмірленген болуы тиіс, соңғы парағы бірыңғай дистрьюбитердің мөрімен куәландырылған болуы тиіс.
97. Комиссияның отырысы комиссия мүшелерінің жалпы санынан кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда ғана өткізіледі. Комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және қатысқан комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілігі дауыс бергенде ғана қабылданды деп есептеледі.
98. Комиссия мүшелерінің біреуі өндірістік немесе басқа себепке байланысты болмаған жағдайда комиссия отырысының хаттамасында оның болмау себебі және осы фактіні дәлелдейтін құжатқа сілтеме көрсетіледі.
Егер комиссияның жұмыс регламентінде оның төрағасы немесе төрағасының орынбасары бекіткен (бұдан әрі - Регламент) көрсетілген уақытта комиссия мүшелерінің қажетті саны болмаса, онда бірыңғай дистрибьютор комиссияның құрамына мұндай ауыстыру себебін көрсете отырып комиссияның жоқ мүшелерін ауыстыру бөлігінде өзгерістер енгізеді.
99. Комиссия отырысының хаттамасына қатысқан барлық комиссияның мүшелері, оның төрағасы, орынбасары және хатшысы қол қояды.
100. Қажет болған жағдайда Бірыңғай дистрибьютор клиникалық фармакологтардан және денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарынан не аккредиттелген ұйымдардың сарапшыларынан тұратын сараптама комиссиясын құра алады, және дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға сараптаманы жүзеге асыра алады.
101. Сарапшылар (сараптама комиссиясы, оны құрған жағдайда) бірыңғай дистрибьютордың тізіміне сәйкес әлеуетті өнім берушілер ұсынып отырған дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың техникалық сипаттамасының талаптарына сәйкестігі жөнінде сараптама қорытындысын береді. Сараптама қорытындысы жазбаша түрде ресімделеді, сарапшылар (сараптама комиссиясының мүшелері) қол қояды және комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі. Сарапшылардың (сараптама комиссиясы) сараптама қорытындысы ең төменгі бағаны айқындау рәсіміне әлеуетті өнім берушінің өтініміне рұқсат беру туралы мәселені шешу кезінде комиссия қарайды.
102. Екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен тендер өткізу туралы әлеуетті өнім берушілер өтінімдерді қабылдауды аяқтау күніне дейін жиырма күнтізбелік күнінен кешіктірмей мемлекеттік және орыс тілдеріндегі хабарландыруды республикалық мерзімдік баспа басылымдарында және (немесе) бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсында жариялау жолымен хабарланады.
103. Екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен тендерді өткізу туралы хабарландыруда мынадай мәліметтер қамтылуы тиіс:
1) бірыңғай дистрибьютордың атауы, мекенжайы және банк деректемелері;
2) дәрілік заттардың (халықаралық патенттелмеген атауларымен), медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауы;
3) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың техникалық сипаттамасы (техникалық сипаттамалар туралы мәліметтер көлемі ауқымды болған жағдайда бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсында ғана орналастырылуы мүмкін);
4) Тапсырыс берушілердің соңғы өтінімдерін ескере отырып, қажеттілікке қарай дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың көлеміне түзетулер енгізілуі мүмкін;
5) жеткізу шарттары;
6) жеткізу сәтінде сатып алынатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың қалған жарамдылық мерзімдері;
7) ашық тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдауды тоқтату күні, уақыты және орны;
8) ашық тендерді өткізуді бастау күні, уақыты және орны;
9) әрбір лот бойынша сатып алу үшін бөлінген сома.
Әрбір лот бойынша сатып алу үшін бөлінген соманы есептеу кезінде бірыңғай дистрибьютор бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің алдын ала өтінімдеріне сәйкес уәкілетті орган анықтаған дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың шекті бағаларын он бес пайызға азайтады.
2. Тендерлік өтінімдердің қолданылу мерзімі, мазмұны, ұсынылуы,
өзгерту және кері қайтару
104. Екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін бірыңғай дистрибьюторға екі Кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерге қатысуға тендерлік өтінімді ұсынады.
105. Тендерлік өтінімдердің қолданылу мерзімі, мазмұны, ұсыну тәртібі, өзгерту және тендерлік өтінімдерді кері қайтару ұсынылмаған бағалар кестесін қоспағанда, осы Ереженің 5-тарауының 2-бөлігінде белгіленген тәртіпке ұқсас.
106. Әлеуетті өнім беруші осы Ереженің 5-тарауында айқындалған тәртіппен тендерлік өтінімнің кепілдікті қамтамасыз етуін енгізеді.
Әлеуетті өнім беруші екі кезеңді рәсімдерді пайдалану арқылы тендер өткізу туралы хабарландыруда көзделген нысанда, тәсілмен және шарттарда оның тендерлік өтінімінде ұсынылған сатып алынатын дәрілік заттар, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника құнының үш пайызы мөлшерінде кепілдікті қамтамасыз етуді енгізеді.
Ескерту. 106-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.02.25 № 122 Қаулысымен.
107. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді бірыңғай дистрибьютор, егер әлеуетті өнім беруші:
1) тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін тендерлік өтінімді кері қайтарып алса;
2) егер әлеуетті өнім беруші екі кезеңді ресімдер пайдаланылатын тендердің жеңімпазы деп танылса, бірақ жеткізу шартын уақтылы жасамаса;
3) жеткізу шартын жасап, шартты орындауды кепілдікті қамтамасыз ету бойынша талаптарды орындамаса немесе уақтылы орындамаса;
4) ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне қатысуға жіберіліп, бірақ рұқсат беру хаттамасында көрсетілген мерзімдерде баға ұсыныстарын ұсынбаса, қайтармайды.
108. Бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушінің жазбаша өтініші бойынша оған тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуге берілген 5 (бес) жұмыс күні ішінде мынадай жағдайлардың бірі болғанда қайтарады:
1) осы әлеуетті өнім беруші өзінің тендерлік өтінімін өтінімдерді қабылдау мерзімінің соңғы мерзіміне дейін кері қайтарып алса;
2) екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендердің қорытындысы туралы хаттамаға қол қойса (көрсетілген жағдай жеңімпаз белгілеген екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерге қатысушыға қолданылмайды);
3) жеткізу шартының күшіне енуі және екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер жеңімпазының жеткізу шартының орындалуын қамтамасыз ету рәсімдерін енгізуі;
4) әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімінің қолданылу мерзімінің аяқталуы.
4. Тендерлік өтінімдерді ашу және қарау
109. Комиссия әлеуеті өнім берушілердің тендерлік өтінімдері салынған конверттерді екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерді өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген уақытта, мерзімде және орында ашады.
Комиссия конверттерді ашу кезінде осы Ереженің 113 - 115 және 120-тармақтарына сәйкес рәсімдерді өткізу орны, уақыты мен күні көрсетіле отырып, әлеуетті өнім берушілердің назарына Регламент жеткізіледі. Регламент бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсында да орналастырылады.
110. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатысуға құқылы.
111. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде комиссияның хатшысы барлық қатысушы адамдарға ашық тендерге қатысушы әлеуетті өнім берушілердің атауын және мекенжайын, өтінімдерді құрайтын ұсынылған құжаттар туралы ақпаратты хабарлайды. Бұл ақпарат тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасында көрсетіледі.
112. Комиссия тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашқан сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушілердің ұсынған тендерлік өтінімдерінің біліктілік талаптарына және осы Ереженің талаптарына сәйкестігін қарайды.
113. Комиссия Регламентке сай күні мен уақытына сәйкес тендерлік өтінімдерді қараудың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей ашу хаттамасын (отырыс өткізу және бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсында орналастыру жолымен) әлеуетті өнім берушілердің назарына ұсынады, онда мынадай ақпарат көрсетілуі тиіс:
1) әлеуетті өнім берушілердің әрқайсысы қатысатын лоттардың нөмірлерін көрсете отырып, тендерлік өтінімдерді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атауы;
2) әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерінің мазмұны;
3) тендерлік өтінімдері толықтырулар мен өзгерістерді қажет етпейтін әлеуетті өнім берушілердің атауы;
4) тендерлік өтінімдеріне ескертулер бар әлеуетті өнім берушілердің атауы;
5) комиссия көрсеткен ескертулерді жою үшін толықтырулар енгізу мерзімі ашу хаттамасын хабарлау күнін қоспағанда 3 (үш) жұмыс күнін құрауға тиіс;
6) екіден аз тендерлік өтінім ұсынылған лоттардың нөмірі;
7) отандық тауар өндірушілер ұсынған тендерлік өтінімдер лоттарының нөмірі.
114. Ескертулер жойылғаннан кейін тендерлік өтінім беру кезінде қойылған талаптарға сәйкес ресімделген толықтыру түріндегі өзгертілген тендерлік өтінім ашу хаттамасында көрсетілген өзгерістерді енгізу мерзімінің соңғы жұмыс күнінің 15 сағатына дейін комиссияның хатшысына ұсынылады.
115. Толықтырулары бар конверттерді ашу өзгерістер енгізу мерзімінің аяқталу күнінде 15 сағат 30 минутта комиссия жүзеге асырады. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері тендерлік өтінімдерге толықтырулар салынған конверттерді ашу кезінде қатысуға құқылы.
116. Өзгерістер енгізуге ұсынылған тендерлік өтінімдердің толықтыруларын зерделегеннен кейін комиссия Регламентке сәйкес күні мен уақытында, бірақ толықтырулар салынған конверттерді ашу күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей, ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін хабарлайды.
117. Әлеуетті өнім берушілерді ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне рұқсат беру хаттамасына комиссия ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін хабарлау күні қол қоюы тиіс. Рұқсат беру хаттамасын бірыңғай дистрибьютор қол қойылған күнінен 3 (үш) жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында орналастырады. Рұқсат беру хаттамасы мынадай ақпараттан тұруы тиіс:
1) тендерлік өтінімдерді ұсынған әрбір әлеуетті өнім берушілердің әрқайсысы қатысатын лоттардың нөмірлері көрсетілген әлеуетті өнім берушілердің атауы;
2) әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерінің мазмұны;
3) тендерлік өтінімдеріне ескертулер болмаған әлеуетті өнім берушілердің атауы;
4) тендерлік өтінімдеріне комиссияның ескертулері болған әлеуетті өнім берушілердің атауы, сондай-ақ өтінімдерге толықтырулар ұсыну туралы ақпарат;
5) отандық тауар өндірушілердің тендерлік өтінімдері ұсынылған лоттардың нөмірлері;
6) ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне әлеуетті өнім берушілерді қатыстыру туралы комиссияның шешімі.
118. Егер екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерде екі және одан да көп отандық тауар өндірушілер бір лот бойынша қатысатын болса және осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін болса, комиссия осы лот бойынша ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне қатысуға тек қана отандық тауар өндірушілерді қатыстырады (өтінім берілген көлемдер бойынша).
Егер екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерде оның қандай да бір лоты бойынша отандық тауар өндіруші болып табылатын және осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушінің бір ғана өтініші берілсе, комиссия осы лот бойынша (өтінім берілген көлемнің шеңберінде) екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер өткізуді тоқтатады, ал бірыңғай дистрибьютор осы әлеуетті өнім берушіден бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға көшеді.
Осы тармақтың талаптары әлеуетті өнім берушінің өтініш берілген оның өндірістік қуаттылығынан шығатын көлемге қолданылады.
119. Комиссия ұсынылған өзгерістерді зерделегеннен кейін, егер:
1) әлеуетті өнім беруші осы Ережеде көзделген нысанда, көлемде және жағдайларда өтінімдерді кепілдікті қамтамасыз етуді енгізбесе;
2) әлеуетті өнім беруші ұсынатын дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар Кодекске және денсаулық сақтау саласында уәкілетті орган белгілеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік тіркеу тәртібіне сәйкес сатып алынатын дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға қойылатын талаптарға сай келмесе;
3) әлеуетті өнім беруші (өнім берушілердің) жосықсыз әлеуеттік өнім берушілердің тізбесіне енсе;
4) осы Ереженің 118, 123 және 126-тармақтарында көзделген жағдайларда тендерлік өтінімді қарамайды.
120. Рұқсат беру хаттамасына қол қойылған күнінен кейінгі жұмыс күні сағат 10-да (Астана қаласының уақытымен) комиссия ең төменгі бағаны анықтауға қатысатын әлеуетті өнім берушілерден баға ұсыныстарын қабылдауды бастайды.
121. Бастапқы баға ұсыныстарын қабылдау уақыты 5 минутты құрайды. Әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарын беруге уәкілетті тұлғаның қатысуын қамтамасыз етеді.
Ескерту. 121-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.25 № 122 Қаулысымен.
122. Осы Ереженің 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің бастапқы баға ұсыныстары лот бойынша әлеуетті өнім берушінің мөрімен бекітілген және бірінші басшының немесе мұндай баға ұсынысына қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолы қойылған бағалар көрсетіле отырып, жазбаша ұсынылады.
Әлеуетті өнім беруші тендердің қандай да бір лоты бойынша бастапқы баға ұсынысын ұсынбаған жағдайда әлеуетті өнім беруші осы лот бойынша келесі баға ұсынысын ұсыну мүмкіндігінен айырылады және тендердің жеке лоты бойынша ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне қатысудан шеттетіледі.
Ескерту. 122-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.25 № 122 Қаулысымен.
123. Комиссия, егер лот бойынша сатып алу үшін бөлінген сомадан асатын болса баға ұсынысын қарамайды және мұндай баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімін қарамайды. Бұл ретте, егер осы лот бойынша ең төмен бағаны анықтау рәсіміне қатысуға екіден аз тендерлік өтінім қалса, комиссия лот бойынша екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерді өтпей қалды деп таниды.
124. Комиссия хатшысы әлеуетті өнім берушілердің барлық ұсынылған баға ұсыныстарын, оның ішінде лот бойынша ең төмен баға ұсыныстарын жариялайды және оларға бастапқы ұсынылған баға ұсыныстарын азайтуды ұсынады.
Келесі баға ұсыныстарын қабылдау уақыты осындай ұсыныстарды қабылдаудың басталуы туралы комиссия хатшысының хабарлау сәтінен бастап 5 минутқа дейін болады. Егер бастапқы баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім беруші келесі баға ұсынысын ұсынбаған жағдайда комиссия оның бастапқы ұсынған баға ұсынысын келесі ұсыныс ретінде қабылдайды.
Ең төменгі баға ұсынысы біреу ғана болған жағдайда ең төменгі бағаны анықтау рәсімі түпкілікті болып табылады.
Екі немесе одан да көп бірдей ең төменгі бағамен баға ұсыныстары болған кезде ең төменгі бір баға ұсынысы анықталғанға дейін анықтау рәсімі жалғастырылады.
125. Баға ұсынысы басқа баға ұсыныстарына қарағанда ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім беруші екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер жеңімпазы болып танылады.
126. Егер бірдей ең төменгі баға ұсыныстарын берген әлеуетті өнім берушілер өздерінің бұрын берген баға ұсыныстарын азайтудан бас тартқан жағдайда, екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер өтпей қалды деп танылады.
127. Өткізілген екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер қорытындысы бойынша комиссия екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер қорытындысы туралы хаттамаға қол қояды, онда мынадай ақпарат болуы тиіс:
1) ең төменгі бағаны анықтау рәсімінің күні, басталу және аяқтау уақыты;
2) комиссияның құрамы;
3) ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне қатысқан әлеуетті өнім берушілердің атауы және орналасқан жері;
4) лоттардың атауы және қысқаша сипаттамасы;
5) екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер қорытындысы бойынша анықталған ең төменгі баға;
6) әр лот бойынша екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер жеңімпаздарының атауы және орналасқан жері;
7) егер екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер нәтижесінде жеңімпаз анықталмаса - Комиссияның мұндай шешім қабылдау негіздемесі;
8) жеткізу шартына қол қойылуы тиіс мерзім.
128. Ең төменгі бағаны анықтау рәсімінің аяқталу сәтінен бір жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай дистрибьютор лот бойынша екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер жеңімпазының атауын интернет-ресурста жариялайды.
129. Екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерге қатысқан әлеуетті өнім берушінің жазбаша талабы бойынша оған екі кезеңді рәсімдерді пайдаланатын тендер қорытындысы туралы хаттаманың көшірмесі беріледі.
130. Комиссия екі кезеңді рәсімдерді пайдаланатын тендерді, егер:
1) осы Ережеде белгіленген жағдайларды қоспағанда, ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне қатысуға жіберілген кемінде екі әлеуетті өнім берушінің екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерге қатысуға тендерлік өтінімдерін берген;
2) барлық берілген өтінімдер қабылданбаған;
3) осы Ережеде 123 және 126-тармақтарында көзделген жағдайда тұтастай немесе қандай да бір лот бойынша өтпей қалды деп таниды.
Екі кезеңді рәсімдерді пайдаланатын тендер нәтижесі бойынша жеткізу шарты осы Ереженің 12-тарауының талаптарын ескере отырып, бірыңғай дистрибьютормен жасалады.
11-тарау. Бір көзден сатып алу және оны қолдану шарттары
131. Бір көзден сатып алуды бірыңғай дистрибьютор мынадай жағдайларда жүзеге асырады:
1) екі кезеңді рәсімдерді тұтасымен пайдаланып немесе оның қандай да бір болмаған лоты бойынша тендерді тану кезінде;
2) дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу бойынша екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерде отандық тауар өндіруші болып табылатын әлеуетті өнім берушінің қандай да бір лот бойынша бір өтінімі ғана берілгенде. Бұл жағдайда бірыңғай дистрибьютор аталған отандық тауар өндірушіден бір көзден сатып алуды жүзеге асырады.
3) дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар көлемін көбейтуге қатысты сол қаржы жылында тапсырыс берушінің қосымша өтінімі түскен кезде. Бұл жағдайда бірыңғай дистрибьютор белгіленген баға бойынша өнім берушілерден бір көзден сатып алуды жүзеге асырады;
4) екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер жеңімпазы болып табылған әлеуетті өнім беруші бірыңғай дистрибьюторға келіспеушіліктердің болғаны туралы хабарламай, осы Ереженің 135-тармағында белгіленген мерзімде жеткізу шартына қол қоймаған жағдайда. Бұл жағдайда бірыңғай дистрибьютор ашық тендер жеңімпазының бағасынан аспайтын бағамен осы Ереженің біліктілік талаптарына сәйкес келетін заңды тұлғадан немесе дара кәсіпкерден бір көзден сатып алуды жүзеге асыруға құқылы. Аталған тармақтың талаптары, егер тендер жеңімпазы отандық тауар өндіруші болып белгіленген жағдайда, қолданылмайды;
5) өнім беруші жеткізу шартының талаптарын орындамағандықтан, тиісінше орындамағандықтан жеткізу шарты бұзылғанда. Бұл жағдайда бірыңғай дистрибьютор бұзылған жеткізу шартының белгіленген бағасынан аспайтын баға бойынша дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың қалдық көлеміне осы Ереженің біліктілік талаптарына сәйкес келетін заңды тұлғадан немесе дара кәсіпкерден бір көзден сатып алуды жүзеге асыруға құқылы. Аталған тармақтың талаптары, егер тендер жеңімпазы отандық тауар өндіруші болып белгіленген жағдайда, қолданылмайды;
6) ұзақ мерзімді жеткізу шартын жасасқан кезде. Шартты жасасу мерзіміне жасалатын ұзақ мерзімді жеткізу шартын шеңберінде дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға болжанатын көлемдер есебін бірыңғай дистрибьютор соңғы аяқталған күнтізбелік жылдың тапсырыс берушілердің нақты пайдаланған қажеттілігі негізінде жүзеге асырады, бұл ретте сатып алынатын дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың көлемдері бірыңғай дистрибьютордың тізіміне сәйкес және тиісті қаржы жылына арналған Тапсырыс берушілердің өтінімдері негізінде бірыңғай дистрибьютор нақтылайды.
Ескерту. 131-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.25 № 122 Қаулысымен.
132. Осы Ереженің 131-тармағының 1) - 5) тармақшаларына сәйкес бір көзден сатып алуды жүзеге асыру кезінде бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушіден:
1) баға ұсынысын;
2) әлеуетті өнім берушінің осы Ереженің 8-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды;
3) дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың осы Ереженің 4-тарауында көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар сұратады.
133. Бірыңғай дистрибьютор бір көзден сатып алуды жүзеге асыру кезінде мынадай ақпараттан тұратын хаттама толтырады:
1) бір көзден сатып алу тәсілін қолданудың негіздемесі;
2) сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қысқаша сипаттамасы;
3) жеткізу шарты жасалатын әлеуетті өнім берушінің атауы және орналасқан жері және мұндай шарттың бағасы.
Жеткізу шарты бір көзден сатып алу тәсілін пайдалану нәтижесі бойынша осы Ереженің 12-тарауының талаптарын ескере отырып, бірыңғай дистрибьютормен жасалады.
12-тарау. Жеткізу шартын жасасу және орындау
134. Бірыңғай дистрибьютор екі кезеңді рәсімдер пайдаланатын тендердің қорытындысын шығарғаннан кейін бес күнтізбелік күн ішінде осы Ереженің 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған, қол қойылған жеткізу шартын әлеуетті өнім берушіге жібереді.
Жеткізу шарты, егер Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.
135. Екі кезеңді рәсімдер пайдаланатын тендердің жеңімпазы қол қойылған жеткізу шартын алған сәтінен бастап он жұмыс күні ішінде қол қояды немесе бірыңғай дистрибьюторды болған келіспеушіліктер немесе шартқа қол қоюдан бас тарту туралы жазбаша хабарлайды.
136. Өнім берушіні таңдауға негіз болған (баға, сапа) ұсыныстар мазмұнын өзгерте алатын жеткізу шартының жобасына немесе қол қойылған жеткізу шартына қандай да бір өзгерістер және (немесе) жаңа талаптар (бағаны азайтуды қоспағанда) енгізуге жол берілмейді.
Өнім берушіні таңдау үшін негіз болған баға мен сапасын өзгертпеген жағдайда және басқа жағдайларда сатып алу туралы шарттың жобасына немесе қол қойылған сатып алу туралы шартқа сатып алу көлемін өзгерту бойынша өзгерістер енгізуге жол беріледі.
137. Бірыңғай дистрибьютор жеткізу шартына қол қойғанға дейін екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендердің жеңімпазы болып танылған әлеуетті өнім берушімен келіссөздер жүргізуге құқылы. Әлеуетті өнім беруші мұндай азайтуға келіспеуге құқылы, бұл ретте бірыңғай дистрибьютор екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендердің жеңімпазы болып танылған әлеуетті өнім берушімен шартқа қол қоюдан бас тартуға құқығы жоқ.
138. Заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттерді бекіткеннен кейін бірыңғай дистрибьюторға тапсырыс берушілердің соңғы өтінімінде ұсынған сатып алынатын дәрілік заттар көлемі азайған жағдайда жеткізу шартына жеткізу көлемін тиісті азайту бойынша және шарт сомасының қосалқы мөлшеріне өзгерістер енгізіледі.
139. Жеңімпаз болып белгіленген әлеуетті өнім беруші жеткізу шартына қол қойылған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Бірыңғай дистрибьюторға осы Ереженің 5-тарауында белгіленген тәртіппен шартты орындауды кепілдікті қамтамасыз етуді енгізуді растайтын құжаттың түпнұсқасын жібереді.
140. Сатып алу туралы шартты орындау үшін салынған қамтамасыз ету (жеткізу шарты) шартта көрсетілген мерзімде осы шарт бойынша өз міндеттемелерін өнім берушілер толық және тиісінше орындағаннан кейін, егер шартта бұл мерзім көрсетілмесе немесе өнім беруші міндеттемелерді толық орындаған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өнім берушіге қайтарылады.
141. Егер өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаса немесе тиісінше орындамаса (жеткізу мерзімінің бұзылуы, сапасыз дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жеткізу, басқа да шарт талаптарын бұзу) және (немесе) шартта көзделген айыппұл санкцияларын төлемесе, онда сатып алуды ұйымдастырушы (бірыңғай дистрибьютор) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өнім берушінің енгізген шартты орындауды қамтамасыз етуді ұстап қалады.
142. Сатып алуды өткізу кезінде бұзушылықтар анықталған жағдайда, сатып алуды ұйымдастырушының (бірыңғай дистрибьютордың) басшысы мұндай сатып алуды жарамсыз деп тануға құқылы.
143. Ашылған тендерлік өтінімдер әлеуетті өнім берушілерге қайтарылмайды. Ерекшелік ретінде банк кепілдігінің түпнұсқасы болуы мүмкін, бұл ретте тендерді ұйымдастырушы (бірыңғай дистрибьютордың) тендерді ұйымдастырушы (бірыңғай дистрибьютордың) растаған осы құжаттың көшірмесін сақтауға міндетті.
144. Өткізілген сатып алу материалдары сатып алуды ұйымдастырушының (бірыңғай дистрибьютордың) тиісті іс номенклатурасында белгілеген тәртіппен сақталады.
145. Екі кезеңді рәсімдерді тұтасымен пайдаланып немесе оның қандай да бір болмаған лоты бойынша тендерді тану жағдайында әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерінің болмауына орай және бір көзден сатып алуды жүзеге асыру кезінде сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға баға ұсыныстарының болмауына байланысты бірыңғай дистрибьютор уәкілетті органға дәрілік заттардың және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымдардың шекті бағасын арттыру жағына қарай өзгертіп, Бірыңғай дистрибьютор тізіміне тиісті өзгерістер енгізуді ұсынады.
Бірыңғай дистрибьютор тізіміне өзгерістер енгізілген жағдайда дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу осы Ереженің 10-тарауында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 145-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.02.25 № 122 Қаулысымен.
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілетін көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу
ережесіне 1-қосымша
Алдағы тендер туралы хабарландыру нысаны
_______________________________________________
(тендерді ұйымдастырушының атауы)
мынадай тауарларды сатып алу бойынша тендер жүргізу туралы хабарлайды: ________________________________________________________
(тауарлардың қысқаша сипаты және олардың саны (көлемі, сатып алу үшін бөлінетін сома)); (тендерді ұйымдастырушы сатып алынатын тауарлардың толық тізбесі, олардың саны мен егжей-тегжейлі өзіндік ерекшеліктер тендерлік құжаттамада көрсетілгеніне сілтеме жасауға құқылы).
Тауар жеткізілуі тиіс: (тауарларды беру орнын көрсету).
Тауарларды берудің талап етілетін мерзімі ____________________
Тендерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 200 _ жылғы " " ____ N ____ қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілетін көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінің 8-9-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарға сай келетін барлық әлеуетті өнім берушілер жіберіледі.
Тендерлік құжаттама пакетті ____ жылғы "___" _________ дейінгі мерзімді қоса алғанда (тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашқанға дейін 24 сағат бұрын уақыт пен күні көрсетілген) мына мекен-жай бойынша: _______, бөлме N _____ сағат____ -дан_____ -ге дейін және/немесе мекен-жай бойынша ______ электрондық почтамен алуға болады.
Тендерлік өтінімдерді берудің соңғы мерзімі___ (уақыты мен күні) дейін.
Тендерлік өтінімдер салынған конверттер _______________ (уақыты мен күні көрсетілсін) мына мекенжай бойынша ашылады: (толық мекенжайы, бөлменің N көрсетілсін).
Әлеуетті өнім берушілерге тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатысуына болады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: (қаланың коды мен телефон нөмірі көрсетілсін).
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілетін көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу
ережесіне 2-қосымша
(Кімге)
_________________________________________________________________
(тендерді ұйымдастырушының атауы)
(Кімнен)
_________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
Тендерге қатысуға өтінім
(жеке және заңды тұлғалар үшін)
___________________________________________ тендерді жүргізу бойынша
(тендердің атауы) тендерлік құжаттаманы қарап,
осы арқылы алуды куәландыратын __________________________________
_________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
мына лоттар бойынша тендерлік құжаттамаға сәйкес тауарларды беруі жүзеге асыруды ұсынады: _____
_________________________________________________________________
(тауарларды егжей-тегжейлі сипаттау)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Осы тендерлік етінім мыналарды қамтиды:
1. ________________________________________________________
2. ________________________________________________________
3. ________________________________________________________
4. ________________________________________________________
5. ________________________________________________________
6. ________________________________________________________
7. ________________________________________________________
8. ________________________________________________________
9. ________________________________________________________
10.________________________________________________________
Мен (біз) егер менің (біздің) тендерлік өтінімім(із) ұтты деп танылған жағдайда, шартқа қол қойылған күнінен бастап _______ күн ішінде (толық жазу) тауарларды беруді бастауды және осы тендерлік өтінімде көрсетілген барлық тауарларды ________________ дейін (толық жазу) (күні көрсетілсін) беруді аяқтауды міндетіме аламын (мыз).
Егер менің (біздің) тендерлік өтінімім(із) ұтты деп танылған жағдайда, мен (біз) келісімдегі жалпы соманың _____________ пайызын құрайтын сомада сатып алу туралы шартты* орындауды қамтамасыз етемін (міз).
Осы тендерлік өтінім тендерлік өтінім салынған конверттерді ашқан күннен бастап _____________ күн ішінде (толық жазу) жарамды.
Сатып алу туралы шарт жасасқан сәттен бастап осы тендерлік өтінім оны ұтып алды деп тану туралы сіздің хабарламаңызбен бірге арамыздағы міндетті шарттың қызметі орындалатын болады.
__________ ___________________________________
(қолы, күні) (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
МО
_________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы) атынан және тапсырмасы бойынша тендерлік өтінімге қол қоюға барлық өкілеттілігі бар
*егер шартты орындауды қамтамасыз ету тендерлік құжаттамада көзделген болса көрсетіледі.
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілетін көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу
ережесіне 3-қосымша
Әлеуетті өнім берушінің өтініміне қоса берілетін құжаттардың
тізімін толтыру нысаны
N |
Құжаттың атауы |
Күні және нөмірі |
Қысқаша мазмұны |
Құжатқа кім қол қойды |
Түпнұсқа, Көшірме, Нотариалды расталған көшірме |
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілетін көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу
ережесіне 4-қосымша
Берешектің жоқтығы туралы анықтама
Банк (атауы) ___________ жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 30 шілдедегі N 275 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгілік жоспарына сәйкес осы банкте қызмет көрсетілетін банк алдында анықтама берілген айдың алдыңғы үш айдан созылған мерзімі өткен берешегінің жоқтығын растайды (заңды тұлғаның толық атауы, мекен-жайы, СТН, БСК және т.б. көрсету қажет).
Күні
Қолы
МО
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілетін көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу
ережесіне 5-қосымша
Әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінім
бағасының кестесі
(әлеуетті өнім берушінің атауы, әрбір лотқа жеке толтырылады)
N |
Мазмұны |
Тауарлардың атауы |
1 |
2 |
3 |
1. |
Қысқаша сипаты |
|
2. |
Шығарылған елі |
|
3. |
Жасаушы зауыт |
|
4. |
Өлшем бірлігі |
|
5. |
Баға____ бірлікке _______ |
|
6. |
Саны (көлемі) |
|
7. |
Барлық бағасы = ______ |
|
8. |
Жалпы бағасы,_________ ИНКОТЕРМС 2000 шарттары бойынша __________ белгіленген пункті, әлеуетті өнім берушінің тасымалдауға арналған, кеден бажын, ҚҚС және басқа төлемдер мен алымдарды, жинақтаушы бөлшектер мен міндетті қосалқы бөлшектер бағасын, бір өлшем бірлігіне пайдаланудың бастапқы мерзімі ішінде қызмет көрсетуге арналған барлық шығыстарды қоса алғанда, басқа да шығыстар. |
|
9. |
Жеңілдіктер берілген жағдайда оларды ұсыну мөлшері |
Мен (Біз) Сіздердің тендерлік құжаттамада айтылған төлем шарттарыңызға келісе(мін) (міз). Төлемнің мынадай балама шарттарын ұсынамыз
____________________________________________________________
(егер олар болса)
____________________________________________________________
(төлемнің балама шарттары көрсетіледі)
немесе басқа шарттар (санамалау қажет:___________ __________)
бұл ретте__________________ мөлшерде жеңілдіктер ұсынамыз
____________________________________________________________
(ақшалай мәнде жазбаша түрде көрсету қажет)
_________________________________ __________
(лауазымы, тегі, әкесінің аты) (Қолы)
М.О.
Ескертпе: әлеуетті өнім беруші 8-жолда көрсетілген жалпы бағаның құрауыш бөліктерін көрсетпеуі де мүмкін, бұл ретте осы жолда көрсетілген бағаны әлеуетті өнім берушінің барлық шығындарын ескере отырып тендерлік комиссия қарайды және қайта қарауға жатпайды.
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілетін көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу
ережесіне 6-қосымша
Банктік кепілдік
Банктің атауы:___________________________________________________
(банктің атауы мен деректемелері)
Кімге:___________________________________________________________
(сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен деректемелері)
N__________ кепілдік міндеттеме
____________________________ ___ жылғы "____" _________
(орналасқан жері)
Біз бұдан әрі "Өнім беруші" деп аталатын,_________________,
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
___________________________________ ұйымдастырған _______________
(сатып алуды ұйымдастырушының атауы)
сатып алу жөніндегі тендерге қатысатындығынан және жалпы сомасы __________ теңгеге ______________________________________________
(жазумен) (тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің атауы мен көлемі)
беруді (жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді) жүзеге асыруға дайындығынан хабардармыз.
_________ жылғы "___" ________________ жоғарыда аталған сатып алуды өткізу жөніндегі тендерлік құжаттамада/баға ұсыныстарға сұрау салу тәсілімен сатып алу шарттарында әлеуетті өнім берушілердің банктік кепілдік түрінде тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді енгізуі көзделген.
Осыған байланысты біз ____________________ осымен өзімізге
(банктің атауы)
Сіздің талап өтуіңіз бойынша Сіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды, сондай-ақ Өнім беруші:
тендерлік өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі өткеннен кейін тендерлік өтінімді кері қайтарып алғандығын немесе өзгерткендігін;
белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қоймағандығын;
тендерлік құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылғаннан кейін мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбегендігін жазбаша растауды алғаннан кейін ____________________________________
(сомасы цифрмен және жазумен)
тең соманы төлеуге қайтарымсыз міндеттемені өзімізге аламыз.
Бұл кепілдік міндеттеме тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашқан күннен бастап күшіне енеді.
Бұл кепілдік міндеттеме Өнім берушінің тендерге қатысуға тендерлік өтінімінің қолданылуының соңғы мерзіміне дейін қолданылады және, егер Сіздің жазбаша талабыңызды біз __________ аяғына дейін алмасақ, осы құжат бізге қайтарылатыңдығына немесе қайтарылмайтындығына қарамастан, толық және автоматты түрде күшін жояды. Егер тендерлік өтінімнің мерзімі ұзартылған болса, онда бұл кепілдік міндеттеме сондай мерзімге ұзартылады.
Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттемелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Кепілгердің қолы және мөрі Күні және мекен-жайы
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілетін көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу
ережесіне 7-қосымша
Сатып алу туралы үлгілік шарт
____________________ _____ жылғы "___" ___________
(Орналасқан жері)
Бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын __________________
(тапсырыс берушінің
толық атауы)
атынан,_________________________________________________________,
(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
бір тараптан және бұдан әрі "Өнім беруші" деп аталатын,
___________________________________________________________
(өнім беруші - тендер жеңімпазының толық атауы)
атынан ___________________________________ негізінде әрекет ететін
(Жарғы, Ереже және т.с.с.)
___________________________________________________________
(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
екінші тараптан, Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесі және ___ жылғы "__" ________ өткен (затты сатып алу) сатып алу __________________________ (тәсіл көрсетілсін) тәсілмен сатып алу қорытындысы туралы N_____ хаттамасының негізінде сатып алу туралы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты және мына төмендегі келісімге келді:
1. Өнім беруші Шарттың талаптарына сәйкес тауарды осы Шарттың қосымшаларында анықталған санда және сапада беруді, ал Тапсырыс беруші оны қабылдауды және Шарттың талаптарына сәйкес төлеуді міндетіне алады.
2. Тауарлардың жалпы құны (ММ үшін бюджеттік бағдарламаға/ерекшелігіне сәйкес тауарлардың атауы көрсетілсін) (сома санмен цифрмен және жазумен көрсетілсін) (бұдан әрі - шарттың жалпы сомасы) құрайды.
3. Осы Шартта төменде санамаланған ұғымдарға мынадай түсінік беріледі:
1) "Шарт" - Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету үшін дәрілік заттарды сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесіне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалған, жазбаша нысанда тіркелген, тараптар оған барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ шартта сілтеме бар барлық құжаттамамен бірге қол қойған азаматтық-құқықтық акт;
2) Шарттың бағасы тапсырыс беруші Шарттың шеңберінде Өнім берушіге өзінің шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін төленуге тиіс соманы білдіреді;
3) тауарлар - өнім беруші Тапсырыс берушіге Шарт шеңберінде жеткізуі тиіс тауарлар және ілеспе көрсетілетін қызметтер;
4) ілеспе көрсетілетін қызметтер - тауарларды беруді қамтамасыз ететін қызметтерді, мәселен, тасымалдау және сақтандыру және мәселен, монтаждау, іске қосу, техникалық жәрдем көрсету, оқыту қамтылатын кез келген басқа да көмекші қызметтер және Өнім берушінің осы Шартта көзделген басқа да осыған ұқсас міндеттерін білдіреді;
5) Тапсырыс беруші - акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ олармен аффилиирленген заңды тұлғалар;
6) Өнім беруші - шартта көрсетілген шарттарда тауарларды беруді жүзеге асыратын және тапсырыс берушімен сатып алу туралы жасасқан шартта оның агенті ретінде әрекет ететін заңды және жеке тұлға.
4. Төменде санамаланған құжаттар және оларда баяндалған талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:
1) осы Шарт;
2) сатып алынатын тауарлардың тізбесі;
3) техникалық ерекшелігі;
4) Шарттың орындалуын қамтамасыз ету (бұл тармақша егер тендерлік құжаттамада көрсетілсе, шартты орындауды қамтамасыз ету көзделеді).
5. Төлем нысаны ___________________________________________
(қолма-қол есептесулер үшін ақша аударулар, акредиттер және т.б.)
6. Төлем мерзімі
_________________________________________________________________
(мысалы: % белгіленген пунктте тауарды қабылдау немесе алдын ала
төлеу және т.б.)
7. Алдағы төлемде қажетті құжаттар:
________________________________________________________________
(шот-фактура немесе қабылдау-тапсыру акті немесе т.б.)
8. Осы Шарт шеңберінде берілетін тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес келуге немесе олардан жоғары болуға тиіс.
9. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын адамға Шарттың мазмұнын немесе оның қандай да бір ережелерін, сондай-ақ тапсырыс беруші немесе осы Шартты орындау үшін өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, оның атынан басқа адам берген техникалық құжаттаманы, жоспарларды, сызбаларды, модельдерді, үлгілерді немесе ақпаратты ашпауға тиіс. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындау үшін қажетті шамада берілуге тиіс.
10. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын жоғарыда санамаланған құжаттарды немесе ақпаратты Шартты іске асыру мақсатынан басқа, пайдаланбауға тиіс.
11. Өнім беруші Тендерлік құжаттамаға 1-қосымшада көрсетілген белгіленген соңғы пунктке тасымалдау уақытына олардың бұзылуын немесе бүлінуін болдырмауы, тауардың қаптамасын қамтамасыз етуі тиіс. Қаптама қандай да болмасын шектеулерсіз қарқынды көтергіш-көлік өңдеуіне және тасымалдау кезіндегі өзгермелі температураның, тұз бен жауын-шашынның, сондай-ақ ашық сақтаудың әсеріне төзуге тиіс. Оралған жәшіктердің габаритін және олардың салмағын анықтау кезінде жеткізу пунктінің алыстығы және тауарларды алып жүрудің барлық пункттерінде қуатты жүк көтергіш құралдардың болуы ескерілуі қажет.
12. Жәшіктерді орау мен таңбалау, сондай-ақ ішінен және сыртынан құжаттамалау Тапсырыс беруші белгілеген арнайы талаптарға қатаң сәйкес келуге тиіс.
13. Тауарларды беруді Өнім беруші сатып алынатын тауарлардың тізбесінде айтылған Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес (1-қосымша) жүзеге асырады.
14. Өнім беруші Тендерлік құжаттамаға 1-қосымшада көрсетілген белгіленген пунктке дейін тауарды беруі тиіс. Осы тауарларды белгіленген пунктке дейін тасымалдау жүзеге асырылады және өнім беруші төлейді, ал осымен байланысты шығыстар шарттың бағасына енеді.
15. Осы Шарттың шеңберінде Өнім беруші тендерлік құжаттамада көрсетілген қызметтерді ұсынуы тиіс.
16. Ілеспе қызметтерге арналған бағалар Шарттың бағасына енгізілуі тиіс.
17. Тапсырыс беруші Өнім берушіден өнім беруші дайындайтын немесе сататын қосалқы бөлшектер туралы ақпаратты ұсынуды, атап айтқанда Тапсырыс беруші Өнім берушіден сатып алу үшін таңдап алатын және кепілдік берілген мерзімнен кейін оларды пайдаланатын қосалқы бөлшектердің құны және номенклатурасын талап етуі мүмкін.
18. Өнім беруші оларға қосалқы бөлшектерді шығаруды тоқтатқан жағдайда:
а) Тапсырыс берушіні оған қажетті санда қажетті сатып алуды жүргізе алуына мүмкіндік беру үшін өндірістің алдағы уақыттағы тоқтауы туралы алдын ала хабарлауға;
б) қажет болған жағдайда өндіріс тоқтағаннан кейін артынша Тапсырыс берушіге қосалқы бөліктерге жоспарларды, сызбалар мен техникалық құжаттаманы тегін беруге тиіс.
19. Өнім беруші Шарт шеңберінде берілген Тауарлар, егер Шартта өзгеше көзделмесе, жаңа, пайдаланылмаған, конструкциялар мен материалдардың барлық соңғы түрленулері көрсетілген жаңа не сериялық модель болып табылатындығына кепілдік береді. Өнім беруші, бұдан әрі, осы Шарт бойынша берілген Тауарлар Тапсырыс берушінің елі үшін әдетте қолайлы жағдайларда берілген Тауарларды қалыпты пайдаланған кезде конструкцияларына, материалдары мен жұмысына байланысты ақаулары болмайтындығына бұдан әрі кепілдік береді. Тапсырыс беруші берген техникалық ерекшелікке қатаң сәйкестікте Өнім беруші дайындаған конструкцияларда, материалдарда ақау пайда болған жағдайда Өнім беруші Тапсырыс берушінің оның (Тапсырыс берушінің) техникалық ерекшелігінде жіберген қателігі үшін жауап бермейді.
20. Бұл кепілдік Тауарлардың бүкіл партиясын немесе оның бөлігін нақтылы жағдайға және оларды Шартта көрсетілген тағайындалған нақты пунктіне қабылдағанға орай ___________________________________
(кепілдіктің талап етілетін мерзімі көрсетілсін) ішінде жарамды.
21. Тапсырыс беруші Өнім берушіні осы кепілдікке байланысты барлық талап қоюлар туралы жазбаша түрде жедел хабардар етуге міндетті.
22. Осындай хабарламаны алғаннан кейін Өнім беруші ақау шыққан Тауарды немесе оның бөлігін Тапсырыс берушінің тарапынан қандай да болмасын шығынсыз жедел жөндеуге немесе алмастыруға тиіс.
23. Егер Өнім беруші хабарлама алып, Тапсырыс беруші талап еткен мерзімде ақауды(ларды) жөндемесе, Тапсырыс беруші Өнім беруші есебінен және Тапсырыс беруші Өнім берушіге қатысты Шарт бойынша иеленуі мүмкін басқа да құқықтарға қандай да болмасын залалсыз ақауларды жөндеу жөніндегі қажетті санкциялар мен шараларды қолдана алады.
24. Өнім берушіге берілген Тауарларға ақы төлеу осы Шарттың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген нысанда және мерзімде жүргізілетін болады.
25. Тапсырыс беруші Шартта көрсеткен баға Тапсырыс берушінің тендерлік өтінімінде ол көрсеткен бағаға сәйкес келуге тиіс.
26. Екі тарап қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда, Шарттың құжаттарына ешқандай ауытқуларға немесе өзгерістерге (сызбалар, жобалар немесе техникалық ерекшеліктер, тиеу, орау әдістері, жеткізу орны немесе өнім беруші көрсететін қызметтер және т.б.) жол жіберілмейді.
27. Егер кез келген өзгеріс Өнім берушіге Шарт бойынша тауарлардың кез келген бөлігін беру үшін қажетті құнның немесе мерзімнің азаюына әкелетін болса, Шарттың бағасы немесе беру кестесі немесе сол немесе өзгелері тиісті түрде түзетіледі, ал Шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Осы бап шеңберінде Өнім берушінің түзету жүргізуге барлық сауалдары Өнім беруші Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкім алған күнінен бастап 30 (отыз) күн ішінде көрсетілуге тиіс.
28. Өнім беруші қандай да болмасын біреуге осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз не толық не ішінара бермеуге тиіс.
29. Тауарларды беруді және Қызметтерді көрсетуді Өнім беруші бағалар кестесінде көрсетілген кестеге сәйкес жүзеге асыруға тиіс.
30. Тапсырыс беруші тарапынан беруді орындауды кешіктіру оған жүктелетін мынадай санкцияларға әкелуі мүмкін: Шартты орындауды қамтамасыз етуді ұстап немесе тұрақсыздық айыбын төлеп Шарттың күшін жою.
31. Егер Шартты орындау кезеңінде Өнім беруші немесе оның қосалқы мердігері (лері) кез келген сәтте тауарларды уақтылы беруге және қызметтерді көрсетуге кедергі келтіретін жағдайларға тап болса, Өнім беруші Тапсырыс берушіге тез арада кешігу фактісі, оның шамамен ұзақтығы және себебі (тері) туралы жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Өнім берушіден хабарлама алғаннан кейін Тапсырыс беруші жағдайды бағалауға тиіс және өзінің қалауы бойынша Өнім берушінің Шартты орындау мерзімін ұзарта алады: бұл жағдайда мұндай ұзартуды тараптар Шарттың мәтініне түзетулер енгізу жолымен ратификациялануы тиіс.
32. Форс-мажор жағдайларын қоспағанда, егер Өнім беруші тауарларды Шартта көзделген мерзімде бере алмайтын не қызметтерді көрсете алмайтын болса, Тапсырыс беруші өзінің басқа құқықтарына зиян келтірместен, Шарт шеңберінде әрбір мерзімі өткен күн үшін Шарттың бағасынан 0,1 % соманы тұрақсыздық айыбы түрінде шегеріп тастайды.
33. Өнім беруші, егер Шартты орындауды кешіктіру форс-мажор жағдайларының нәтижесі болса, өзінің Шартты орындауды қамтамасыз етуден айырылмайды және Шарттың талаптарын орындамауына орай тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе оны бұзуға жауапкершілік жүктемейді.
34. Осы Шарттың мақсаты үшін "форс-мажор" Өнім берушінің есебіне және салақтығына байланысты емес және күтпеген сипаттағы Өнім беруші тарапынан бақылауға бағынбайтын оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар әскери іс-қимылдар, табиғи немесе зілзала апаттары, індет, карантин мен тауарларды беруге эмбарго сияқты іс-қимылдарды қамтуы мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.
35. Форс-мажор жағдайлары туындаған кезде Өнім беруші Тапсырыс берушіге мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы тез арада жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер Тапсырыс берушіден өзгеше жазбаша нұсқаулықтар түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауды ол орынды болғанынша жалғастырады және форс-мажор жағдайларына байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін жүргізеді.
36. Тапсырыс беруші, егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, Шартты бұза алады. Бұл жағдайда бұзу тез арада жүзеге асады және Тапсырыс беруші, егер Шартты бұзу іс-әрекеттерді жасауға немесе Тапсырыс берушіге қойылған немесе қойылатын санкцияларды қолдануға залал әкелмесе немесе қандай да болмасын құқықтарды қозғамаса Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндеттемелер жүктемейді.
37. Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, оның бұдан әрі орындалуының орынсыздығына орай кез келген уақытта Шартты бұза алады. Хабарламада Шартты бұзудың себебі көрсетілуге тиіс, күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ Шарттың бұзылуы күшіне енген күн айтылуға тиіс.
38. Шарт жойылған кезде, өнім беруші Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күнгі іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы талап етуге құқылы. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші тікелей келіссөздер процесінде олардың арасында Шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешуге бар күш-жігерін жұмсауға тиіс.
39. Егер осындай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауды шеше алмаса, тараптардың кез келгені осы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.
40. Шарт мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде жасалады. Егер екінші тарап шетел ұйымы болса, онда екінші дана Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңнамасына сәйкес тілге аударылуы мүмкін. Шартты төрелікте қарау қажет болған жағдайда, Шарттың мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі данасы қаралады. Шартқа қатысты барлық хат алмасу немесе тараптар алмасатын басқа құжаттама осы талаптарға сәйкес келуге тиіс.
41. Шартқа сәйкес тараптардың бірі екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама кейіннен түпнұсқасын бере отырып, хат, жеделхат, телекс немесе факс түрінде жіберіледі.
42. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне ену көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе) күшіне енеді, ол бұл күндердің қайсысы кеш болатындығына байланысты.
43. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленуге тиіс.
44. Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді тендерлік құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда енгізуге міндетті.
45. Осы Шарт оны Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық аумақтық органында тіркелген күнінен бастап (мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер үшін) және Өнім беруші Шартты қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін күшіне енеді.
46. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері:
Аумақтық қазыналық органда тіркелген күні (мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер үшін) _________________________________
Осы Сатып алу туралы шарт Тапсырыс берушінің дәрілік заттарды, медициналық мақсаттығы бұйымдарды және медициналық техниканы сатып алуды жүзеге асыруы үдерісінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді. Осы Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына, тапсырыс берушінің тендерлік құжаттамасына, өнім берушінің тендерлік өтініміне және тендердің қорытындысы туралы хаттамаға сәйкес болуы тиіс. Осы Шартта курсивпен бояп көрсетілген түсіндірмелерді Тапсырыс беруші толтыруға тиіс.
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілетін көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу
ережесіне 8-қосымша
Фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған үлгі шарт
__________________ _____ ж. "___" ______________
(Орналасқан жері)
бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын
____________________________________________________________ атынан,
(бюджеттік бағдарлама әкімшісінің толық атауы)
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің, " " ______ жылы өткізілген фармацевтикалық қызметтерді сатып алу қорытындылары, әкімдіктің қаулысымен бекітілген департамент (басқарма) туралы Ереже негізінде әрекет ететін
__________________________________________________________________
(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
бір тараптан және бұдан әрі "Өнім беруші" деп аталатын,
____________________________________________________________ атынан
_________________________________________________________________
(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________________ негізінде әрекет ететін
(Жарғының, Ереженің және т.б.)
_________________________________________________________________
(өнім берушінің атауы меншік нысанына қарамастан)
екінші тараптан мына төмендегілер туралы, осы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты:
1. Өнім беруші Шартқа 1-қосымшада көрсетілген елді мекендерде фармацевтикалық қызмет көрсетеді.
2. Тапсырыс беруші осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес тарифтер бойынша Өнім берушінің шығындарының орнын толтырады.
3. Шарттың сомасы ___________ жылға ________________ теңгені құрайды.
4. Тапсырыс беруші Өнім берушінің іс жүзінде көрсетілген қызметтерінің шығындарын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларында көзделген қаражат шегінде өтейді.
5. Қызметтерді өтеу ай сайын, орындалған жұмыс актілеріне сәйкес, ұсынылған рецептер тізілімін салыстыру негізінде жүргізіледі.
6. Өнім берушіге Шарттың жалпы сомасынан 30 %-ы мөлшерінде аванс беруге рұқсат етіледі.
7. Шарттың сомасы көрсетілген фармацевтикалық қызметтерді ескере отырып түзетілуі тиіс.
Тараптардың міндеттері мен құқықтары
8. Өнім беруші:
азаматтарға Тапсырыс беруші белгілеген тізбе бойынша елді мекендерде фармацевтикалық қызметтер көрсетуге;
азаматтарға ауру түрлерінің тізбесі және амбулаториялық емдеген кезде дәрілік заттар мен арнайы емдік тағамдар ақысыз және жеңілдікті шарттармен берілетін азаматтардың жекелеген санаттары туралы, сатылатын бағасы мен дәрілік заттардың құнын өтеу сомалары туралы көрнекі ақпарат беруге;
амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету бойынша деректер базасына деректер енгізуге;
Тапсырыс берушіге ай сайын осы Шартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәрілік заттарды босату жүзеге асырылған рецептер тізілімін қағаз түрінде және электрондық нұсқада беруге;
Тапсырыс берушіге осы Шарттың орындалуына тексеру жүргізу үшін қажетті барлық құжаттаманы беруге міндетті.
9. Тапсырыс беруші:
көрсетілген фармацевтикалық қызмет үшін Өнім берушінің шығындарын уақтылы өтеуге;
Өнім берушіні ақысыз және жеңілдікті шарттармен рецепттер беруді жүзеге асыратын дәрігерлер мен емдеу-профилактикалық ұйымдары туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге;
Қазақстан Республикасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету мәселелері жөнінде халықты ақпараттандыруға бағытталған қажетті ұйымдастыру іс-шараларын өткізуге міндеттенеді.
10. Өнім беруші:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халыққа фармацевтикалық қызмет көрсету бойынша жіберілген бұзушылық жағдайлары (Тапсырыс беруші белгілеген дәрілік заттармен қамтамасыз етуден бас тарту, сапасыз препарттарды босату) үшін;
дәрілік заттарды өткізуге рұқсаты (құқығы) жоқ объектілерден дәрілік заттардың өткізілгені үшін;
заңнамада белгіленген тәртіппен Тапсырыс берушіден алынған қаражатты мақсатсыз пайдаланғаны үшін;
амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету бойынша деректер базасына енгізілетін деректердің дұрыстығы үшін;
Тапсырыс берушіге ай сайын дәрілік заттарды босату жүзеге асырылған рецепттер тізілімін беруге жауапты болады.
11. Тапсырыс беруші:
Өнім берушіні ақысыз және жеңілдікті шарттармен рецепттер беруді жүзеге асыратын дәрігерлер мен емдеу-профилактикалық ұйымдары туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылған рецептер тізілімін салыстыру негізінде Өнім берушінің іс жүзінде көрсеткен медициналық көмектің көлемі үшін шығындарды өтеуге ақша қаражатын уақтылы аударуға;
амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету бойынша автоматтандырылған деректер базасын жүргізуге жауапты болады.
12. Өнім берушінің тарапынан Фармацевтикалық қызмет көрсету жөніндегі шарттың талаптарын бұзу мынадай санкцияларға әкелуі мүмкін: Шартты жоюға немесе орындалмаған не тиісті орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,01 %-ы мөлшерінде тұрақсыздық төлемін төлеуге әкелуі мүмкін.
13. Осы Шарттың талаптары тараптардың жазбаша келісімі бойынша өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін.
14. Шартты мерзімінен бұрын тоқтату ниеті туралы тараптар Шартты тоқтатудың болжанған күніне дейін кемінде 30 күн бұрын бірін-бірі хабардар етуге міндетті.
15. Шарттың талаптарын бұзғаны үшін Тапсырыс беруші міндеттемелерді орындамағаны туралы Өнім берушіге жазбаша хабарлама жолдай отырып, осы Шартты бір жақты тәртіппен бұза алады.
16. Форс-мажор мән-жайлары туындаған кезде Өнім беруші Тапсырыс берушіге кідіртпей осы мән-жайлар мен олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жіберуі тиіс.
17. "Форс-мажор" мән-жайларына Өнім беруші тарапынан бақылауға бағынбайтын, оның жаңсақтығына немесе салақтығына байланысты емес және күтпеген сипаттағы жағдайлар жатады. Мұндай оқиғаларға соғыс қимылдары, табиғи немесе дүлей зілзалалар, індет, карантин сияқты мән-жайларды жатқызуға болады, бірақ іс-қимылдармен шектелмейді.
18. Тараптардың ешқайсысының екінші тараптың жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін үшінші тарапқа беруге құқығы жоқ.
19. Осы Шарт бірдей заңды күші бар екі данада жасалған, бір дана Тапсырыс берушіде, екіншісі Өнім берушіде болады.
20. Осы Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің аумақтық органында тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 200__ жылғы "___" ________ дейін қолданылады.
Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері:
Фармацевтикалық қызметтер
көрсетуге арналған
үлгі шартқа
1-қосымша
Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді жүзеге асыратын дәрілік
заттарды бөлшек саудада сату объектілерінің тізбесі
Елді мекеннің атауы |
Бөлшек саудада сату объектісінің атауы (дәріхана, дәріхана пункті, дәріхана |
Мекен-жайы |
Фармацевтикалық қызметтер
көрсетуге арналған
үлгі шартқа
2-қосымша
________ жылы амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде халықты белгілі бір аурулармен (жағдайлармен) және арнайы емдік өнімдермен тегін қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбесі
р/с |
Ауру түрлері немесе азаматтардың жекелеген санаттары |
Дәрілік заттардың атауы |
Шығару дозасы мен нысаны |
Босату бағасы, теңге |
Құнын өтеу сомасы, теңге |
_________ жылы амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде халықты белгілі бір аурулармен (жағдайлармен) және арнайы емдік өнімдермен жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбесі
р/с |
Ауру түрлері немесе азаматтардың жекелеген санаттары |
Дәрілік заттардың атауы |
Шығару дозасы мен нысаны |
Босату бағасы, теңге |
Құнын өтеу коэффициентін есепке алғандағы құнын өтеу сомасы, теңге |
Фармацевтикалық қызметтер
көрсетуге арналған
үлгі шартқа
3-қосымша
___________________ тапсырыс беруші бойынша
200__ жылғы___________ бастап 200_____________ дейінгі кезеңдегі
амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету бойынша рецепттердің жиынтық
тізілімі
Рецептердің |
Тегін және (немесе) жеңілдікті шарттармен рецептер жазып берген медициналық ұйымның атауы |
Дәрілік заттардың атауы |
Шығару дозасы мен нысаны |
Саны |
Босату бағасы |
Құнын өтеу сомасы |
Құрастырды:
Басшы 200________ ж. "___" _________
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілетін көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу
ережесіне 9-қосымша
Бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс беруші арасындағы
дәрілік заттарды сатып алу шарты
____________ жылғы "_______"
____________________
Бұдан әрі "Бірыңғай дистрибьютер" деп аталатын_____________
бір тараптан ______________________________________________, негізінде әрекет өтетін
екінші тараптан "Өнім беруші" деп аталатын,
__________________________________________________________________
___________________________________________ негізінде әрекет ететін
Бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталып, Бірыңғай дистрибьютор мен Тапсырыс беруші арасында төмендегідей дәрілік заттарды сатып алу шартын (бұдан әрі - Шарт) жасасты:
1-тарау. Шартта қолданылатын терминдер
1. Осы Шартта төменде санамаланған ұғымдар төмендегіше түсіндіріледі:
1) Шарт - Тапсырыс беруші мен Бірыңғай дистрибьютор арасында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалған, жазбаша нысанда тіркелген, тараптар оған барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ шартта сілтеме бар барлық құжаттамамен бірге қол қойған азаматтық-құқықтық акт;
2) Шарттың сомасы - Тапсырыс беруші Шарттың шеңберінде Бірыңғай дистрибьюторға өзінің шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін төленуге тиіс сомасы;
3) Тауарлар - Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушіге Шарт шеңберінде жеткізуі тиіс дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және ілеспе қызметтер (сақтау, тасымалдау және басқа да осыған ұқсас қызметтер);
4) Тапсырыс беруші - Осы Ережеге сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын денсаулық сақтау және денсаулық сақтау ұйымдарының республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламаларының әкімшіліктері;
5) дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және қамтамасыз ету жөніндегі Бірыңғай дистрибьютор (бұдан әрі - Бірыңғай дистрибьютор) - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде сатып алуды, оның нәтижелері бойынша өнім берушілермен жеткізу шарттарын жасауды, сондай-ақ дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және Тапсырыс берушіге жеткізу бойынша қызметтерді қамтамасыз етуді ұйымдастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға.
2. Төменде санамаланған құжаттар және оларда келісілген талаптар Осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:
1) Осы Шарт;
2) сатып алынатын тауарлардың ерекшеліктері (Шартқа 1-қосымша);
3) беру кестесі (Шартқа 2-қосымша).
Бірыңғай дистрибьютор осы Шартқа қосымшаларға сәйкес тауарды жеткізуді (ММ үшін бюджеттік бағдарламаларға/ерекшеліктерге сәйкес тауарлардың атауы көрсетілсін), ал Тапсырыс беруші оны қабылдауды және Шартта белгіленген шартқа сәйкес төлеуді міндетіне алады.
Тараптар осы Шартта жасау және орындау үшін барлық өкілеттілікке ие екендігін, үшінші тұлғаның талаптары қиын соқпайтынын және кейіннен үшінші тұлға тарапынан даулар туындаған жағдайда оларды өздігінен реттейтіндігін хабарлайды және кепілдік береді.
3-тарау. Тараптардың міндеттері
3. Бірыңғай дистрибьютор:
Тауарды Тапсырыс берушінің өтініміне сәйкес санда және сапада және Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын (Шартқа 1-қосымша) сатып алынатын тауарлардың ерекшеліктерінде көзделген баға бойынша беруге;
Тауарды Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын (Шартқа 2-қосымша) беру кестесіне сәйкес беруге. Кестеде беру тізімі және әрбір атаудың саны көрсетілуі тиіс.
Тапсырыс берушіге тауар партиясымен бірге Бірыңғай дистрибьютордың мөрімен бекітілген, тауардың шығу тегі мен сапасын растайтын құжаттың көшірмесін беруге;
Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушінің келісімі бойынша тауарды уақытынан бұрын беруді жүзеге асыруға міндетті.
Тапсырыс беруші:
Берілген тауарды Тапсырыс берушінің өтініміне сәйкес санда және сапада қабылдауға;
Берілген тауарды беру кестесіне сәйкес қабылдауға;
Тауарға осы Шартта көрсетілген шарттарға сәйкес төлем жүргізуге;
Бірыңғай дистрибьюторға берілген тауардың сәйкес еместігі анықталғаннан кейін 24 сағаттан кешіктірмей алынған тауардың сапасына байланысты барлық дауларды жазбаша түрде шұғыл хабарлауға міндетті.
4-тарау. Шарттың сомасы және төлемі
4. Шарттың сомасы____теңгені құрайды.
Осы шарт бойынша тауардың төлемі мынадай жолмен жүргізіледі:
1) Шарт күшіне енген күнінен бастап 10 банктік күні ішінде Тапсырыс беруші Шарт бағасының 50 %-на (елу пайыз) дейінгі мөлшерінде алдын ала төлем жүргізеді.
2) одан кейінгі төлемдер Бірыңғай дистрибьютор шот-фактураны беруі негізінде 10 банктік күні ішінде беру фактісі бойынша Шарт бағасының 50 %-на (елу пайыз) дейінгі мөлшерінде жүргізіледі.
Салықтар және басқа да міндетті төлемдерді бюджетке Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес тиісті Тараптар - салық төлеушілер төлеуі тиіс.
Осы Шарт бойынша сома сатып алу үшін бөлінген сомаға тең немесе одан артық болмайды.
5-тарау. Тауарды беру және қабылдау шарттары
5. Тауарды беру оның белгіленген соңғы пунктке тасымалдау уақытына олардың бұзылуын немесе бүлінуін болдырмауы, тауардың қаптамасын қамтамасыз етуі тиіс. Қаптама қандай да бір шектеулерсіз қарқынды көтергіш көлік өңдеуіне және тасымалдау кезіндегі экстремалды температураның, тұз бен жауын-шашынның, сондай-ақ ашық сақтаудың әсеріне төзуге тиіс.
Қаптама және ыдыстарды таңбалау, сондай-ақ құжаттаманың іші және сырты Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамамен анықталған арнайы талаптарға сәйкес болуы тиіс.
Тауарды саны және сапасы бойынша қабылдауды Тапсырыс берушінің және Бірыңғай дистрибьютор өкілдері берген сәтте жүргізеді, қабылдау нәтижелері тауарды қабылдау-тапсыру актісі бойынша ресімделеді. Беру күні тауарды қабылдау-тапсыру актісін толтыру күні болып саналады. Шарт бойынша берілетін тауар мыналар бойынша Бірыңғай дистрибьютор тапсырды және Тапсырыс беруші қабылдады деп саналады:
- саны бойынша: тауарды қабылдау-тапсыру актісінде көрсетілгенге сәйкес;
- сапасы бойынша: техникалық ерекшелікте көрсетілген (Шартқа 1-қосымша) және егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды ұсыну міндетті болса тауардың шыққан жерін және сапасын растайтын Бірыңғай дистрибьютордың мөрімен бекітілген құжаттардың көшірмелеріне сәйкес.
Тауарды саны және сапасы бойынша қабылдауды Тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілінен оны қабылдау сәтінде жүргізеді. Тауарды беру күні Тараптардың өкілдері тауардың саны мен сапасын тексеруі тиіс.
Жеткізілген тауардың саны мен сапасы, ілеспе құжаттары бойынша сәйкессіздік анықталған жағдайда, бұл сәйкессіздіктер қабылдау-тапсыру актісінде көрсетіледі, осындай анықталған мезеттен бастап 24 сағаттан кешіктірілмей ол туралы осы Шарттың 8-тармағына сәйкес қабылдау-тапсыру актісінің көшірмесін қоса отырып, Бірыңғай дистрибьюторға хабарлама жіберіледі. Бұл ретте Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушінің берілген тауарға барлық ескертулерін 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жоюға міндеттенеді, олай болмаған жағдайда осы Шарттың 6-тармағына сәйкес Тапсырыс беруші Бірыңғай дистрибьютордың әрекетін тауарды уақтылы жеткізбеу ретінде бағалайтын болады.
Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушінің хабарламасын алғаннан кейін келесі күннен кешіктірмей (егер хабарламада өзге мерзім көрсетілмесе) тауардың саны мен сапасын тексеруге қатысу үшін өзінің өкілін жіберуге тиіс.
Берілетін тауарды немесе оның бөлшектерін саны мен сапасын жақсарту, сондай-ақ бағасын, көлемін және осындай тауарды беру мерзімін сақтай отырып тауардың басқа атауымен алмастыруға рұқсат етіледі.
Тауарды немесе оның бөлшектерін алмастыру осы тармақта жазылған тәртіпте Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушімен осындай алмастыруды жазбаша келіскеннен кейін жүзеге асырылады, бұл ретте Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушіге тауардың сапасы мен санын жақсарту, сондай-ақ бағасын, көлемі мен осындай тауарды беру мерзімін сақтау туралы білікті мамандардың тиісті негіздемесін және қорытындысын ұсынуға тиіс.
Тапсырыс беруші тауарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда, тауарды қабылдаудан бас тарту туралы акті жасалады, мұндай жағдайда тауарды беру күні тауар құжаттамасында көрсетілген күн болып саналады. Бұл ретте Тапсырыс беруші берілген тауардың барлық көлеміне, оның ішінде Тапсырыс беруші қабылдамаған тауарға ақы төлеуге міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші тауарға ақы төлеуден бас тартқан жағдайда, Тараптар осы Шарттың 8-тармағының ережелерін басшылыққа алатын болады.
Егер Шартты орындау барысында Бірыңғай дистрибьютор кез-келген мезетте тауарды уақтылы беруге кедергі келтіретін жағдайларға тап болатын болса, Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушіге жедел кідірту фактісі, оның болжалды ұзақтығы мен себебі (тері) туралы жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Бірыңғай дистрибьютордан хабарлама алғаннан кейін Тапсырыс беруші 5 жұмыс күні ішінде ахуалды бағалауы тиіс және Бірыңғай дистрибьютордың міндеттемелерді орындау мерзімін ұзартуы тиіс; мұндай жағдайда осындай ұзартуды Тараптар қосымша келісімге қол қою жолымен ресімдеуге тиіс.
Жалпы жарамдылық мерзімі кемінде екі жыл тауарды беру сәтіне қалдық жарамдылық мерзімі беру сәтіне жалпы жарамдылық мерзімінің кемінде алпыс пайызын құрауы тиіс. Жарамдылық мерзімі екі жылдан артық тауар үшін беру сәтіне қалдық жарамдылық мерзімі кемінде он төрт айды құрауы тиіс.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.25 № 122 Қаулысымен.
6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
Тараптар жауапкершіліктен еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда босатылады (форс-мажор мән-жайлары).
Осы Шарттың мақсаттары үшін форс-мажор Тараптар жағынан бақылауға бағынбайтын, Тараптардың жаңсақтығына немесе салақтығына байланысты емес және күтпеген сипаттағы жағдайды білдіреді. Бұндай жағдайлар әскери іс-қимылдарды, табиғи және дүлей зілзалаларды, індеттерді, тауарды беруге карантинді және эмбаргоны қамтуы мүмкін, бірақ осындай әрекеттермен шектелуі мүмкін емес.
Форс-мажор мән-жайлары пайда болған кезде, осы жағдай туындаған Тарап басқа Тарапқа осындай мән-жайлар және оның себептері туралы жазбаша хабарлама жібереді және оның туындауын тиісті құжаттармен растайды. Мұндай жағдайда Шарттың әрекеті форс-мажор мән-жайлары аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады және Шарттың қолданылу мерзімі форс-мажор мән-жайлары әрекетінің мерзіміне сай ұзартылады. Хабарламау немесе уақтылы хабарламау Тарапты Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде жоғарыда көрсетілген кез келген мән-жайларға сүйену құқығынан айырады.
Егер форс-мажор мән-жайлары күнтізбелік бір айдан асатын болса, Тараптар бұл туралы жазбаша келісім жасау жолымен Шарттың қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы. Бұл ретте Тараптар нақты берілген тауарға ғана өзара есеп жүргізеді.
Форс-мажор мән-жайларды қоспағанда, егер Бірыңғай дистрибьютор тауарды беру кестесін сақтамаған болса, Тапсырыс беруші өзінің басқа құқықтарына зиян келтірместен, Шарт шеңберінде кешіктірілген әр күні үшін уақтылы берілмеген тауар сомасының 0,01 % мөлшерінде Шарт сомасынан тұрақсыздық төлемі ретінде кемітуге құқылы, бірақ уақтылы берілмеген тауар құнының 5 % -нан артық болмауы тиіс.
7. Тараптардың басқа Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз Шарттың немесе оның ережелерінің кез-келгенінің мазмұнын, сондай-ақ Тараптар немесе олардың атынан басқа тұлғалар ұсынған ақпаратты, осы Шартты орындау үшін Тараптар тартқан қызметкерлерді қоспағанда, біреуге ашуға құқығы жоқ. Көрсетілген ақпарат осы қызметкерге құпия және Шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті мөлшерде ұсынылуы тиіс.
8. Осы Шарт қол қойылған күнінен бастап немесе қажет болған жағдайда Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркегеннен кейін күшіне енеді. Шарттың 200_ жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей Тараптар өз міндеттемелерін орындауды аяқтағанға дейін күші бар.
Шарт өз күшін мынадай жағдайларда жояды:
1) Шарттың қолданылу мерзімінің өтуі;
2) Тараптардың бірінің банкрот болып танылуы.
Тапсырыс беруші мен Бірыңғай дистрибьютор олардың арасындағы Шарт бойынша немесе онымен байланысты пайда болатын барлық келіспеушіліктер мен дауларды тікелей келіссөздер процесінде шешуге күш салуға тиіс. Барлық келіссөздер жазбаша хаттамалармен ресімделеді.
Егер мұндай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен Бірыңғай дистрибьютор Шарт бойынша дауларды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы мәселенің шешімін талап ете алады.
Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады. Шарттың сотта қаралу қажеттілігі жағдайында Шарттың орыс тіліндегі данасы қаралады. Шартқа қатысты барлық хат алмасулар мен Тараптар алмасатын басқа да құжаттама осы шарттарға сәйкес келуі тиіс.
Шарт бойынша қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларымен реттеледі.
Шартқа сәйкес бір Тарап екінші Тарапқа жолдайтын кез келген хабарлама кейіннен түпнұсқасын беру арқылы хат, жедел хат, телекс немесе факс түрінде жолданады.
Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне енетіні көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілген болса) осы күндердің қайсысы кейінірек келетініне байланысты күшіне енеді.
Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері:
Бірыңғай дистрибьютор мен
Тапсырыс беруші арасындағы
дәрілік заттарды сатып алу шартына
1-қосымша
Сатып алынатын тауарлардың ерекшеліктері
р/с |
Халықаралық патенттелмеген атауы |
Саудадағы атауы |
Шығарылу нысаны |
Өлшем бірлігі |
Бағасы |
Саны |
Сомасы |
Барлығы: |
Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері:
Бірыңғай дистрибьютор мен
Тапсырыс беруші арасындағы
дәрілік заттарды сатып алу шартына
2-қосымша
Беру кестесі
р/с |
Саудадағы атауы |
Өлшем бірлігі |
Жалпы саны |
Ай сайынғы қажеттілік * |
|||||||||||
қаңтар |
ақпан |
наурыз |
сәуір |
мамыр |
маусым |
шілде |
тамыз |
қыркүйек |
қазан |
қараша |
желтоқсан |
*- беру басталатын күнге байланысты толтырылады. Беру жоспарланбаған графаларда "0" немесе "-" қойылады.
Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері:
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілетін көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу
ережесіне 10-қосымша
Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысының нысаны
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
(әр лотқа жеке толтырылады)
Лот N__
р/с |
Мазмұны |
|
1. |
Дәрілік заттың қысқаша сипаты (халықаралық патенттелмеген атауы және саудадағы атауы) |
|
2. |
Шығарылған елі, медициналық мақсаттағы бұйым |
|
3. |
Жасаушы - зауыт |
|
4. |
Өлшем бірлігі |
|
5. |
Баға ________ бірлікке ________ DDP ИНКОТЕРМС 2000 шарттары бойынша ________ (белгіленген пункті) |
|
6. |
Саны (көлем) |
|
7. |
Жалпы бағасы, ___________ DDP ИНКОТЕРМС 2000 шарттары бойынша _____________, белгіленген пункті, әлеуетті өнім берушінің тасымалдауға, сақтандыруға, кеден бажын, ҚҚС және басқа салықтарды, төлемдер мен алымдарды төлеуге арналған барлық шығыстарды қоса алғанда, басқа да шығыстар |
_________________ М.О. __________________________
(қолы) (лауазымы, А.Т.Ә.)
Ескертпе: әлеуетті өнім беруші жалпы бағаның құрамдас бөліктерін көрсетпеуіне болады, бұл ретте осы жолда көрсетілген бағаны Комиссия әлеуетті өнім беруші барлық шығындарды ескере отырып анықтаған баға ретінде қарайды.
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілетін көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу
ережесіне 11-қосымша
Беру үлгі шарты
_________ қ. N_________ 20__ жылғы "__" ______________
Бұдан әрі "Сатып алушы" деп аталатын ________________________ атынан,
_____________________________________________ негізінде әрекет ететін
_________________________________________________________________
бір тараптан және бұдан әрі "Өнім беруші" деп аталатын
_____________________________________________________________ атынан,
_____________________________________________ негізінде әрекет ететін
_____________________________________________ екінші тараптан, бұдан
әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатын төмендегі туралы осы беру шартты
(бұдан әрі - Шарт) жасасты:
Өнім беруші Сатып алушыға Шартқа 1-қосымшада көрсетілген саны, бағасы бойынша, қабылдау орны мен мерзімінде тізбеге сәйкес дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы өнімдерді (бұдан әрі - өнім) жеткізіп беруге міндеттенеді және Сатып алушы Шарттың талаптарына қарай өнімді қабылдауға және құнын төлеуге міндеттенеді.
1. Шарттың құны ____ теңгені құрайды. Осы Шарт бойынша жеткізілетін өнім бірлігінің құны теңгемен Шартқа 1-қосымшада көрсетілген.
2. Шарттың құнына салықтар, алымдар және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да міндетті төлемдер, өнімді орауға және таңбалауға арналған шығындар, сондай-ақ Өнім берушінің өнімді Сатып алушыға беруге байланысты барлық шығыстары жатады.
3. Шарттың құны мен өнімнің бір бірлігінің құны белгіленіп қойылады және Тараптардың Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанына дейін көбейту жағына қарай өзгертуге жатпайды.
Ескерту. 3-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.25 № 122 Қаулысымен.
4. Шарт бойынша жеткізілген өнім үшін төлемді Сатып алушы теңгемен жүргізеді. Өнімнің әр партиясы үшін төлем мерзімі осы Шарттың 2-тармағының 3-бөлігінде көрсетілген құжаттар алынған және қол қойылған күнінен бастап 60 (алпыс) банк күнінен аспауы тиіс.
5. Шарт бойынша төлем Сатып алушыға өнімді жеткізгенін растайтын мына құжаттардың тиісті ресімделген (Шартқа міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс) түпнұсқаларын уақтылы тапсырған кезде жүргізіледі:
Өнім берушінің салық шот фактуралары;
Сатып алушының немесе оның заңды өкілінің саны мен сапасы бойынша енімді қабылдағаны туралы белгісі бар Өнім берушінің тауар көлік құжаттамасы;
Сатып алушының немесе оның заңды өкілінің саны мен сапасы бойынша өнімді қабылдағаны туралы белгісі бар Өнім берушінің қаптама қағаздары;
Өнімнің сапа сертификаты;
Өнімнің тіркеу куәлігі (нотариалды куәландырылған көшірмесі);
қабылдау-беру орнында жасалған Тараптардың немесе олардың заңды өкілдерінің белгілері бар қабылдау-тапсыру актілері;
Сатып алушы Өнім беруші алдындағы расталған берешекті төлеуге міндетті мерзім көрсетіле отырып Тараптар қол қойған өзара есеп айырысуды салыстыру актісі (осы құжатты Өнім беруші өнімнің соңғы партиясымен бірге береді).
Ескерту. 4-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.25 № 122 Қаулысымен.
6. Өнім Сатып алушыға оны темір жол және/немесе автомобиль көлігі арқылы тасымалдау, тиеу, ауытқуды қоса алғанда, түсіру кезінде өнімді бүлінуден сақтауды қамтамасыз ететін тиісті қаптамада жеткізілуі тиіс.
7. Өнімді орау және таңбалау шарттары Шартқа 2-қосымшаның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Ескерту. 5-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.25 № 122 Қаулысымен.
8. Шартты орындауды қамтамасыз ету мақсатында Өнім беруші Сатып алушыға 1-тармақтың 2-бөлігінде белгіленген Шарттың құнынан 3 %-ы мөлшерінде Шарт бойынша өз міндеттемелерін сапалы және уақтылы орындауға осы Шартқа қол қойылған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде кепілдік қамтамасыз етуді ұсынады.
9. Өнім беруші күн сайын Сатып алушыға қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылғанға дейін осы Шарттың барлық орындалу сатылары (өндіру, сақтау, тиеу) туралы ақпарат беріп отыруға міндетті.
10. Өнімді тиеуді бастауға 24 сағат қалғанда Өнім беруші Сатып алушыға мынаны көрсете отырып, жазбаша түрде факс немесе телекс арқылы алдағы тиеу туралы ақпарат беруге міндетті:
Шарттың нөмірі мен күнін;
берілетін Өнімнің атауын;
көліктің нөмірін (вагонның, контейнердің);
тиеу күнін;
орындар саны мен салмағын;
тиелген өнімнің құнын.
11. Өнім тиелгеннен кейін үш күнтізбелік күннен кешіктірмей Өнім беруші Сатып алушыға Шарттың 2-тармағындағы 3-бөлікте көрсетілген тиеуге қатысты құжаттарды толық көлемде ұсынуға міндетті.
12. Өнімді беру күні болып Шартқа 1-қосымшада көрсетілген жеткізу орнында Тараптар арасында қабылдау актісі жасалған күн болып саналады.
13. Шарт бойынша жеткізілетін өнім Өнім беруші тапсырған және Сатып алушы қабылдаған болып саналады:
Екі тарап қол қойған Өнімді қабылдау-тапсыру актісінде көрсетілген саны бойынша;
өндірушінің сапа сертификатында және шығарылу сертификатында көрсетілген сапаға сай сапасы бойынша, егер оны ұсыну Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген сәйкестік сертификаты бар болғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сай міндетті болса.
14. Сатып алушы немесе оның заңды өкілі өнімнің жетіспеушілігін, жиынының толық еместігін немесе тиісті сапасының болмауын анықтаған жағдайда, анықталған сәттен бастап 24 сағаттан кешіктірмей Өнім берушіге өнімнің санын, жиынының толықтығын және сапасын тексеруге қатысу үшін өзінің өкілін жіберуді ұсынып факсимильді байланыспен хабарлама жіберуге тиіс.
15. Өнім беруші Сатып алушының шақыруын алғаннан кейін Шарттың 7-тармағындағы 5-бөлікте көзделген келесі күннен кешіктірмей (егер хабарламада басқа мерзім көрсетілмесе) өнімнің санын, жиынының толықтығын және сапасын тексеруге қатысу үшін өзінің өкілін жіберуге міндетті. Өнімнің жетіспеушілігін, жиынының толық еместігін және тиісті сапасының болмауын бірлесіп тексеру нәтижесі бойынша ескертулерді жою үшін мерзімдері (15 күнтізбелік күннен артық емес) көрсетіле отырып, екі Тарап қол қоятын тексеру актісі жасалады.
16. Шарттың 7-тармағының 5-бөлігінде белгіленген мерзімде Өнім берушінің уәкілетті өкілі келмеген жағдайда, Сатып алушы Шарттың 10-тармағында белгіленген тәртіппен кейіннен оны Өнім берушіге жіберу арқылы ескертулерді жою үшін мерзімдерін (15 күнтізбелік күннен артық емес) көрсете отырып, Өнімнің жетіспеушілігін, жиынының толық еместігін және тиісті сапасының болмауын бір жақты тексеру актісін жасайды. Өнім беруші Шарттың 8-тармағында көзделген, актіде көрсетілген ескертулерді жоймаған жағдайда, Сатып алушы Шарттың 1-тармағының 7-бөлігіне сәйкес Өнім берушінің әрекетін өнімді уақтылы жеткізбеу ретінде бағалайтын болады.
17. Бұрын Тараптар қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған, Сатып алушы немесе оның заңды өкілі сақтау орнына қабылдап алған өнімде ақаулар анықталған жағдайда Сатып алушы немесе оның заңды өкілдері 3 жұмыс күні ішінде Өнім берушіге жазбаша хабарлауы тиіс және Өнім беруші өкілінің өнімді сақтау орнына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуі тиіс.
18. Сатып алушы немесе оның заңды өкілі өнімде ақауларды анықтаған жағдайда, егер осы алмастыру өнімнің сапасы мен басқа техникалық сипаттамасының төмендеуіне алып келмейтін болса және техникалық әзірлемелерге сай келетін болса Өнім беруші бұзылған және/немесе ақаулы өнімді тегін алмастыруы тиіс. Өнім беруші өз еркімен ақау анықталған күнінен бастап 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей, Өнім қабылданған сақтау орнынан барлық ақауы бар өнімді толығымен алуды (қайтаруды) қамтамасыз етуге міндетті.
19. Өнім беруші Сатып алушының жеткізілген өнімге жасаған ескертулерін 15 күнтізбелік күн ішінде жоюға міндеттенеді, олай болмаған жағдайда осы Шарттың 1-тармағының 7-бөлігіне сәйкес Сатып алушы өнім берушінің әрекетін тауарды уақтылы жеткізбеу ретінде бағалайтын болады.
6. Өнімге берілетін кепілдіктер
Ескерту. 6-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.25 № 122 Қаулысымен.
20. Өнім беруші өнімге берілетін таңбаға немесе өзге де танып айыратын деректеріне сай оның жарамдылық мерзімі ішінде өнімнің барлық көлеміне кепілдік береді.
21. Кепілдік мерзімі шеңберінде Өнім беруші өз есебінен және тәуекелінен Сатып алушыдан кепілдік міндеттемелерін орындау жағдайының туындағаны туралы жазбаша хабарлама алған сәттен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде денсаулық сақтау ұйымындағы сапасыз өнімді алмастыруды жүзеге асыруға міндеттенеді.
22. Жеткізілетін өнімнің сапасы МЕМСТ-қа, ОСТ-қа, өнімге берілетін техникалық шарттарға сәйкес келуі және тиісті құжаттамамен расталуы тиіс.
23. Өнім беруші Сатып алушыға өзі жеткізген өнімнің үшінші бір тұлғалардың кез келген құқығынан және тәуелдіктерінен еркін екеніне және еркін болатынына кепілдік береді.
24. Жарамдылық мерзімі кемінде екі жыл тауарды беру сәтіне қалдық жарамдылық мерзімі беру сәтіне жалпы жарамдылық мерзімінен кемінде алпыс пайызды құрауы тиіс. Жарамдылық мерзімі екі жылдан артық өнім үшін беру сәтіне қалдық жарамдылық мерзімі кемінде он төрт айды құрауы тиіс.
7. Міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілік
Ескерту. 7-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.25 № 122 Қаулысымен.
25. Өнім беруші беру, жеткізілген өнімді алмастыру мерзімін немесе ескертулерді жою мерзімін бұзған жағдайда, Өнім беруші мерзімі өткен әр күн үшін мерзімінде жеткізілмеген өнім сомасының 0,1 %-ы мөлшерінде, бірақ өнімнің құнынан 10 % артық емес өсімақы төлейді. Өсімақыны төлеу Өнім беруші Сатып алушыдан тиісті шотты алған сәттен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
26. Өнім беруші барлық өнімді немесе бір бөлігін беруден бас тартқан жағдайда, ол Сатып алушыға осы Шарттың сомасының 10 %-ы мөлшерінде бір реттік айыппұл төлеуге міндетті. Сатып алушы бір реттік айыппұл төлеуге шотты Шартқа 1-қосымшада көрсетілген өнімді берудің соңғы күнінен кейін 10 (он) күнтізбелік күн ішінде өнімді беру орындалмаған жағдайда берілуі мүмкін.
27. Сатып алушы Өнім берушіге өсімақы және/немесе айыппұл төлеу үшін берген шот, өсімақы және/немесе айыппұл төлеу және жеткізілген өнімге төлем жасау бойынша біртектес екі жақты талаптарды есептеуді жүргізу мақсатында өзара есеп айырысуды салыстыру актісіне енгізілуі мүмкін.
28. Сатып алушы осы Шарттың 1-тармағының 5-бөлігіне сәйкес шартты орындауды қамтамасыз ету сомасын Шарттың 1 және 2-тармақтарының 7-бөлігіне сәйкес өсімақы және/немесе айыппұл сомалары бойынша Өнім берушінің міндеттемелерін өтеу шотына ұстауға құқылы.
29. Егер өнімді беруді кідірту 30 (отыз) күнтізбелік күннен асып кеткен және/немесе өсімақы және/немесе айыппұл төлеу 15 (он бес) күнтізбелік күннен асып кеткен жағдайда, Сатып алушы бір жақты тәртіппен Өнім берушіге кез келген шығыстары мен шығындарын өтеместен Шартты бұзуға құқылы.
30. Жеткізілген өнімге төлемді негізсіз кідірткен жағдайда, Сатып алушы Өнім берушіге кешіктірілген әр күні үшін кешіктірілген сомадан 0,1 % мөлшерде, бірақ берешек сомадан 5 % артық емес өсімақы төлейді.
31. Өсімақы немесе айыппұл төлеу Тараптарды Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
32. Өнім беруші Шарттың 1-тармағының 5-бөлігінде белгіленген міндеттемелерді уақтылы немесе толық орындамаған жағдайда, Сатып алушы Шартты бір жақты тәртіппен бұзуға құқылы. Бұл ретте осылай бұзу туралы әлдебір қосымша келісімнің бар болуы талап етілмейді.
8. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары (форс-мажор)
Ескерту. 8-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.25 № 122 Қаулысымен.
33. Тараптар Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін толықтай немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады, егер бұл еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдарынан болса (топан су, жер сілкіну, тыйым салатын не қандай да бір себептерден жұмыстың орындалуына кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың нормативтік актілерінің немесе өкімдерінің шығуы), бұл мән-жайлар кез келген Тараптардың Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауына мүмкіндік бермесе.
34. Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш мән-жайлары әрекет еткен, сондай-ақ осы мән-жайлардан туындаған жағдайлар болатын уақытқа дейін ұзартылады.
35. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары пайда болған кезде осындай жағдай туындаған кез келген Тарап басқа Тарапқа 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде осы мән-жайлар туралы жазбаша хабарлама жібереді. Осы мән-жайлар Қазақстан Республикасының мемлекеттік уәкілетті органымен немесе Қазақстан Республикасының Сауда палатасымен расталуы тиіс.
36. Хабарламау немесе уақтылы хабарламау Тарапты Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде жоғарыда көрсетілген кез келген мән-жайларға сүйену құқығынан айырады.
37. Егер Тараптардың міндеттемелерін толықтай немесе ішінара орындай алмау мүмкіндігі 2 (екі) айдан артық болса, онда Тараптар Шартты бұзуға және өзара есеп айырысуға құқылы.
Ескерту. 9-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.25 № 122 Қаулысымен.
38. Тараптар арасында туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер Шарт бойынша келіссөздер жолымен шешіледі.
39. Тараптар арасындағы даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда, кез келген Тарап осы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сатып алушының орналасқан орны бойынша шешуді талап ете алады.
40. Осы Шартпен реттелмеген Тараптардың өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Ескерту. 10-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.25 № 122 Қаулысымен.
41. Шарт бойынша барлық коммуникативтік құжаттарда Шарттың нөмірі көрсетілген Тараптардың деректемелері болуы тиіс.
42. Шарт бойынша Тараптардан талап етілетін кез келген хабарлама немесе мәлімдеме жазбаша түрде беріледі және тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен жіберіледі. Жедел болған жағдайда көрсетілген хат-хабар кейіннен оны міндетті түрде тапсырыс хат немесе курьер қызметінің көмегімен жіберу арқылы, оның жеткізілгенін тіркеуді қарастыратын факс, электрондық почта немесе басқа да телекоммуникациялық байланыс құралдары арқылы берілуі мүмкін.
43. Шарт бойынша хат-хабар Тараптарға немесе олардың заңды өкілдеріне Шартқа 3-қосымшада көрсетілген деректемелер бойынша жіберілуі тиіс.
44. Тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен жіберілген хат-хабар екінші Тарапта почта бөлімшесінің немесе курьер қызметінің оны жеткізгенін растайтын мөртабаны бар хабарламасы болса, хат-хабар жіберілген Тарап оны алған күні (сағатта) жеткізілген болып саналады. Хат-хабардың жеткізілуін тіркеуді қарастыратын факс, электрондық почта немесе өзге де телекоммуникациялық байланыс құралдары арқылы жіберілген хат-хабар Шарттың 2-тармағы 10-бөлігінің талаптары сақталған жағдайда, Тарапқа оның берілген күнінде (сағатта) жеткізілген болып саналады.
Ескерту. 11-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.25 № 122 Қаулысымен.
45. Егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, онда Сатып алушы Өнім берушіге тиісті хабарлама жіберу арқылы Шартты бір жақты тәртіппен бұзуға құқылы.
46. Сатып алушы болжалды бұзу күнінен 30 күнтізбелік күн бұрын Өнім берушіге тиісті хабарлама жіберу арқылы Шартты бір жақты тәртіппен бұзуға құқылы. Хабарламада Шартты бұзу себебі, күшін жойған шарттық міндеттемелердің көлемі жазылуы тиіс, сондай-ақ Шартты бұзудың күшіне енетін күні көрсетілуі тиіс.
47. Сатып алушы Шарттың 2-тармағы 11-бөлігінің талаптарын сақтаған жағдайда, Өнім беруші Шартты бұзуға байланысты іс жүзіндегі шығыстар үшін ақы төлеуді ол бұзылған күні талап етуге құқылы.
Шарттың ажырамас бөлігі:
1) N 1-қосымша - жеткізілетін өнім тізбесі;
2) N 2-қосымша - өнімнің қаптамасына және таңбасына қойылатын талаптар;
3) N 3-қосымша - Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі Сатып алушының заңды өкілдерінің тізімі.
48. Шартқа жасалған барлық өзгерістер мен толықтырулар, егер олар жазбаша нысанда, Тараптардың осыған уәкілетті өкілдерінің қолы қойылса, және Тараптардың мөрлерімен куәландырылса олардың күші болады.
49. Тараптардың заңды құқық иеленушісін қоспағанда, Өнім беруші Сатып алушының оған алдын ала жазбаша келісімі болмаса, өзінің Шарт бойынша міндеттерін үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
50. Кез келген Тараптың заңды мекен-жайлары және басқа да деректемелері өзгерген жағдайда, ол осындай өзгерістер сәтінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде екінші Тарапты бұл туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.
51. Шарт Өнім берушіге және Сатып алушыға бір данадан 2 данада жасалды.
52. Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 200__ жылғы 31 желтоқсанға дейін, өзара есеп айырысу бөлігінде оларды Тараптар толық орындағанға дейін қолданылады.
12. Заңды мекен-жайлары, банк деректемелері
және Тараптардың қолдары
Жеткізілетін өнімнің тізбесі
N |
Атауы |
Өлшем бірлігі |
Саны |
Бағасы |
Сомасы |
Жеткізу орны |
Жеткізу мерзімі |
Ерекше жағдайлар:
1.______________
2.______________
3.______________
Өнімнің қаптамасына және таңбасына қойылатын талаптар
1. Әрбір жәшіктің немесе қаптаманың сыртқы жағында қаптама қағазының көшірмесі бар су өткізбейтін қағаздан жасалған конверт жапсырылады. Конверт жәшікке бекітілетін метал пластинкамен жабылуы тиіс. Қаптама қағаздың екінші көшірмесі өнім салынған жәшікке салынуы тиіс. Егер өнім қаптамасыз жіберілетін болса, онда конверт өнімнің тікелей жұмыс істемейтін бөліктеріне бекітіледі.
2. Егер техникалық құжаттама көзделген болса, атап айтқанда өнімді пайдалану жөніндегі нұсқаулар өнім салынған жәшікке немесе қаптамаға қажет жеріне салынады.
3. Таңба өнімі бар әрбір жәшіктің немесе қаптаманың үш жағынан (әр жәшіктің қақпағына, алдыңғы және сол жағына) жуылмайтын бояумен орыс тілінде жазылады. Өнімі бар әрбір жәшік мынадай үлгіде таңбалануы тиіс:
Жіберушінің атауы - ____________________
Алушының атауы - хххххххххххх
- шарт N
- брутто салмағы - _____________________
- таза салмағы - _______________________
- жәшік немесе қаптама N __________________________
Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі
Сатып алушының заңды өкілдерінің тізімі