Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы N 141 Қаулысы

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қазандағы N 425 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті функцияларын, өкілеттіктерін және мүлкін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігіне (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі - Агенттік) бере отырып таратылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелері осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) өңіраралық инспекциялары - мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылсын.

      3. Қоса беріліп отырған:
      1) Агенттік туралы ереже;
      2) Агенттіктің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі;
      2-1) Агенттіктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі;
      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.02 N 1127 Қаулысымен.

      4. Агенттік және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы Агенттіктің жауапты хатшысы тағайындалған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін Агенттік туралы ереженің 20 және 21-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің   
2008 жылғы 15 ақпандағы
N 141 қаулысына 
қосымша    

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің
(Монополияға қарсы агенттік) өңіраралық инспекциялары -
мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылатын
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің
аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      1. "Ақмола облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі, "Қарағанды облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі, "Астана қаласы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Ақмола, Қарағанды облыстары және Астана қаласы бойынша өңіраралық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі;
      2. "Ақтөбе облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі, "Батыс Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі;
      3. "Алматы облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі, "Алматы қаласы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша өңіраралық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі;
      4. "Атырау облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі, "Маңғыстау облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі;
      5. "Жамбыл облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі, "Қызылорда облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі, "Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі;
      6. "Қостанай облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі, "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы баскарма" мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі;
      7. "Шығыс Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма"
мемлекеттік мекемесі, "Павлодар облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті корғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2008 жылғы 15 ақпандағы
N 141 қаулысымен 
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі
(Монополияға қарсы агенттік) туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі - Агенттік) Үкіметтің құрамына кірмейтін тиісті тауар нарықтарында бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді және өзге де арнайы атқарушылық, рұқсат ету және бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
      Агенттіктің аумақтық бөлімшелері - өңірлік инспекциялары болады.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.08.22 N 763, 2010.12.20 N 1372 Қаулыларымен.

      2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына , Қазақстан Республикасының заңдарына , Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің органдарында шоттары болады.

      4. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Агенттіктің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      6. Агенттік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттік Төрағасының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Агенттіктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      8. Агенттіктің заңды мекен-жайы:
      010000, Астана қаласы, Сол жағалау, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, 4-кіреберіс.
       Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2008.02.09. N 124 Қаулысымен.

      9. Агенттіктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)" мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Агенттіктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет
қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      12. Агенттікке кәсіпкерлік субъектілерімен Агенттіктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Агенттікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Агенттіктің негізгі міндеттері мен функциялары

      13. Монополияға қарсы органның міндеттері:
      1) адал бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу;
      2) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын құқықтық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және тергеу, жолын кесу;
      3) экономикалық шоғырлануға бақылау;
      4) бәсекелестікті шектейтін нарық субъектілерін монополиясыздандыру болып табылады.
       Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 9 ақпандағы N 124 Қаулысымен.

      14. Агенттік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
      2) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
      3) монополияға қарсы орган құзыретінің мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      4) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      5) мемлекеттік органдардың бәсекелестікті шектеуге және (немесе) жоюға бағытталған актілерінің, іс-әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) жолын кеседі;
      6) экономикалық шоғырлануға бақылауды жүзеге асырады;
      7) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында көзделген бұзушылықтарды қоспағанда, тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланудың алдын алады және оны жояды;
      8) нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісімдерін және келісілген іс-әрекеттерін, жосықсыз бәсекені болдырмайды және олардың жолын кеседі;
      9) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.10.25 № 1204 Қаулысымен;
      10) бәсекелестікті дамыту, монополистік қызметті шектеу және тауар нарықтарының жұмыс істеуі салаларында нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және келіседі;
      11) тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйін талдауды және бағалауды жүзеге асырады;
      12) тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметін талдауды және оның мониторингін жүзеге асырады;
      13) Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі - тізілім) қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;
      14) бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласындағы саясатты қалыптастыру жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша тауарлардың өзара алмастырылу критерийлерін, оларды сатып алуға қолжетiмдiлiктi, сондай-ақ тауар нарығының мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсiмі бойынша - қаржылық ұйымдарға қатысты тауар нарығының шекараларын айқындай отырып, тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйiне талдау және бағалау жүргiзу жөніндегі әдiстемені әзірлейді және бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу саласындағы саясатты қалыптастыру жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша бекiтедi;
      15) тауарларын реттелетін нарықтарда өткізетін нарық субъектілерін қоспағанда, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілеген монополиялық жоғары (төмен), монопсониялық төмен бағаларды айқындайды;
      16) монополиялық жоғары (төмен) және монопсониялық төмен бағаларды анықтау жөнiндегi әдiстеменi әзірлейді және бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу саласындағы саясатты қалыптастыру жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша бекiтедi;
      17) нарық субъектілері мен мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылық фактілері бойынша Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген тәртіппен тергеу жүргізеді;
      18) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында көзделген өкілеттігін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, оның ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан, салық және кеден органдарынан, нарық субъектілерінен, сондай-ақ лауазымды және өзге де жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді сұратады және алады;
      19) нарық субъектілеріне:
      Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтарды және олардың салдарларын жою;
      бастапқы жағдайды қалпына келтіру;
      Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасына қайшы келетін шарттарды бұзу немесе өзгерту;
      егер белгілі бір сатушылармен (өнім берушілермен) не сатып алушылармен шарт жасасудан негізсіз бас тарту не жалтару бұзушылық болып табылса, нарықтың өзге субъектісімен шарт жасасу туралы орындалуға міндетті нұсқамалар шығарады;
      20) мемлекеттік органдарға өздері қабылдаған актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы, бұзушылықтарды тоқтату, сондай-ақ өздері жасаған Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасына қайшы келетін келісімдерді бұзу немесе өзгерту туралы орындалуға міндетті нұсқамалар енгізеді;
      21) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және әкімшілік жазаларды қолданады;
      22) сотқа талап қойып және өтінішпен жүгінеді, сондай-ақ соттар Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының қолданылуы мен бұзылуына байланысты істерді қараған кезде процестерге қатысады;
      23) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.10.25 № 1204 Қаулысымен;
      24) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына байланысты қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін құқық қорғау органдарына материалдар жібереді;
      25) мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының тауар нарықтарындағы бәсекелестікті қорғауға және дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізу жөнінде ұсынымдар береді;
      26) жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және монополистік қызметті шектеу жөнінде қолданылатын шаралар туралы жылдық есепті жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне 1 маусымнан кешіктірмей жібереді;
      27) мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен аффилиирленген тұлғаларды құру, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, алдын ала келіседі;
      28) мемлекеттік органдардың нарық субъектілеріне мемлекеттік көмек беруін келіседі;
      29) тауар нарықтарын талдау қорытындылары бойынша реттеушi органдармен және бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу саласындағы саясатты қалыптастыру жөніндегі уәкілетті органмен бiрлесiп, тауар нарығын реттелетiн нарықтарға жатқызу бойынша, оның iшiнде мемлекет реттейтiн бағалар енгiзу орынды болатын өнiмдер, тауарлар және көрсетiлетiн қызметтер номенклатурасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзедi;
      30) тауар нарығын реттелетін нарықтарға жатқызған кезде реттеуші органдарға және осы нарықта үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісіне тізілімнен үзінді көшірме жібереді;
      31) реттеуші органдарға табиғи монополиялар субъектілерінің немесе қызметін реттелетін нарықтарда жүзеге асыратын нарық субъектілерінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұзуының анықталған белгілері туралы хабарлайды және ақпаратты немесе материалдарды береді;
      32) реттеуші органдармен бірлесіп, нарық субъектілерінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұзуының жолын кесу жөнінде бірлескен іс-шаралар жүргізуге қатыса алады;
      33) құқық қорғау органдарына монополияға қарсы құқық бұзушылықтардың анықталған фактілері туралы хабарлайды;
      34) құқық қорғау органдарына тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі туралы талдамалы ақпарат пен мониторинг деректерін ұсынады;
      35) құқық қорғау органдарының сауал салуы бойынша өз құзыреті шегінде зерттеулер, сараптамалар жүргізеді және Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының мәселелері бойынша қорытындылар береді;
      36) құқық қорғау органдарының, оның аумақтық бөлімшелерінің қаулылары мен сауал салуы бойынша өз қызметкерлерін Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеу жөніндегі іс жүргізу әрекеттері мен іс-шараларына қатысуы үшін сарапшылар ретінде жібереді;
      37) тиісті тауар нарықтарының шекараларын айқындайды;
      38) мыналардың:
      экономикалық шоғырландыруды жүзеге асыру туралы өтінішхаттың;
      мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаны және олармен аффилиирленген тұлғаларды құру туралы өтінішхаттың;
      нарық субъектілері ұсынатын өнімнің монополиялық түрлері бойынша өндіру мен өткізу көлемдері, өткізілетін монополиялық тауарлардың босатылу бағалары мен табыстылық деңгейі туралы тоқсан сайынғы ақпараттың үлгі нысандарын әзірлейді және бекітеді;
      39) нұсқаманы (өзінің немесе аумақтық органның) өз бастамасы бойынша не мүдделі тұлғаның өтініші бойынша қайта қарайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген жағдайда монополияға қарсы органның аумақтық органдары қабылдаған нұсқамаларды тексереді;
      40) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген жағдайда нарық субъектісін мәжбүрлеп бөлу немесе оның құрамынан құрылымдық бөлімшелері базасында бір немесе бірнеше заңды тұлғаларды бөліп шығару туралы талап қойып, сондай-ақ бәсекелестікке қарсы келісімдер мен келісілген іс-әрекеттер жасау салдарынан алған монополиялық табысын алып қоюдан босату туралы өтінішхатпен сотқа жүгінеді;
      41) тіркеуші органдарға тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тізілімін және мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және монополияға қарсы органның келісімі бойынша құрылған, олармен аффилиирленген тұлғалардың тізбесін табыс етеді;
      42) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында көзделген жағдайларда мәмілелерді (іс-әрекеттерді) жүзеге асыруға, нарық субъектілерін, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге, қайта тіркеуге алдын ала жазбаша келісімін ұсынады;
      42-1) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
      42-2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізеді;
      42-3) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
      42-4) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды;
      42-5) тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерімен, қауымдастықтармен (одақтармен) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында өзара іс-қимыл жасасады;
      43) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
       Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2008.02.09 N 124 Қаулысымен, өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 600, 2010.12.20 N 1372, 2011.07.18. N 820 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.10.25 № 1204 Қаулыларымен.

3. Агенттіктің қызметін ұйымдастыру

      15. Агенттік және оның аумақтық бөлімшелері Агенттіктің біртұтас жүйесін құрайды.

      16. Агенттікті Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
      Төрағаның ұсынысы бойынша Төрағаның Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
      Төраға Агенттікке басшылық жасауды жүзеге асырады және Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауап береді.

      16-1. Монополияға қарсы органның басшысы болып табылатын төраға басқаратын Басқарма монополияға қарсы органның алқалы басқару органы болып табылады.
      Басқарма бес адамнан тұрады.
      Басқарманың құрамына монополияға қарсы органның басшысы, оның орынбасарлары және Қазақстан Республикасының Үкіметінен екі өкіл кіреді.
      Қазақстан Республикасының Үкіметінен Басқарма мүшелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайды және босатады.
       Ескерту. 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 9 ақпандағы N 124 Қаулысымен.

       16-2. Монополияға қарсы орган басқармасының өкілеттіктері Монополияға қарсы орган басқармасының құзыретіне:
      1) бәсекелестік саясатын қалыптастыру және дамыту саласындағы басымдықтарды айқындау;
      2) монополияға қарсы органның құзыретіне жатқызылған әдістемелерді бекіту;
      3) экономикалық шоғырлануға келісім беру немесе тыйым салу туралы, осы шешімдерді қайта қарау немесе күшін жою туралы шешімдер қабылдау;
      4) жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және монополистік қызметті шектеу жөнінде қабылданатын шаралар туралы жыл сайынғы жылдық есепті мақұлдау;
      5) нарық субъектісін мәжбүрлеп бөлу немесе оның құрамынан құрылымдық бөлімшелер базасында бір немесе бірнеше заңды тұлғаларды бөліп шығару туралы талап қойып сотқа жүгіну туралы шешім қабылдау;
      6) бұзушылықтар туралы мәліметтерді алдын ала қарау нәтижелері туралы қорытындыға жасалған шағымдарды қарау;
      7) тергеу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдау;
      8) монополияға қарсы орган Басқармасының жұмыс регламентін бекіту;
      9) монополияға қарсы органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдерді қарау және қабылдау мәселелері кіреді.
      Монополияға қарсы орган Басқармасының отырыстары қажет болуына қарай, бірақ айына кемінде бір рет оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі болған кезде өткізіледі. Монополияға қарсы орган басқармасының отырыстарын - Басқарма төрағасы, ал ол болмаған жағдайда, оны алмастыратын адам жүргізеді.
      Монополияға қарсы орган қызметінің мәселелерін талқылау үшін Басқарманың кезектен тыс отырысын өткізуді Басқарманың төрағасы не Басқарма мүшелері жалпы санының кемінде үштен бірі талап етуге құқылы.
      Басқарма шешімдері Басқарма мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі дауыс беруге қатысқан жағдайда Басқарма мүшелерінің жай көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде Басқарма төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Шешім Басқарма төрағасы болмаған кезде қабылданған жағдайда ол бір апта мерзімнен кешіктірілмей Басқарма шешімін өзінің қарсылықтарымен қоса қайта талқылау және дауыс беру үшін қайтаруға құқылы. Басқарма төрағасының қарсылықтары Басқарма мүшелері жалпы санының үштен екісінің дауысымен еңсерілуі мүмкін.
      Басқарма өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қаулы қабылдайды.
      Басқарманың отырысында хаттама жүргізіледі. Төраға Басқарма хатшысының функциясын Басқарманың кез келген мүшесіне немесе монополияға қарсы органның қызметкеріне жүктей алады.
      Басқарманың отырысында қарауға арналған құжаттар Басқарма отырысы басталғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей енгізіледі. Басқарма төрағасы материалдарды алдын ала қараудың өзге де мерзімдерін белгілеуге құқылы.
       Ескерту. 16-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 9 ақпандағы N 124 Қаулысымен.

      17. Агенттіктің Төрағасы:
      1) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Агенттіктің атынан өкілдік етеді;
      2) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және қол қояды;
      3) өз құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
      4) Агенттіктегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.10.07 N 1540 Қаулысымен.

       18. Агенттік аппаратын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.

      19. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Агенттік Төрағасының қызметтен кетуі жауапты хатшы өкілеттіктерінің тоқталуына әкеп соқпайды.

      20. Жауапты хатшы:
      1) Агенттік Төрағасы қалыптастыратын саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді және оның актілері мен тапсырмаларын орындайды;
      2) Агенттік аппаратына басшылық жасауды жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
      3) Агенттіктің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастыру-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      4) Агенттік Төрағасымен келісілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Агенттіктің штат санының лимиті шегінде Агенттіктің және аумақтық бөлімшелерінің құрылымы мен штат санын бекітеді;
      5) Агенттік Төрағасымен келісілгеннен кейін Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
      6) Агенттіктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссиясының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауды, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
      7) Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастырады;
      8) Агенттік Төрағасымен келісілгеннен кейін Агенттік департаменттері мен басқармалары басшыларын, сондай-ақ Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      9) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Агенттіктің қызметкерлерін қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
      10) Агенттік Төрағасының келісімімен Агенттіктің қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар мен сыйақы төлеу мәселелерін шешеді;
      11) Агенттік Төрағасының келісімі бойынша еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Агенттік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
      12) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Агенттік Төрағасы бекітетін Агенттіктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
      13) Агенттіктің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есебін әзірлеуді қамтамасыз етеді және Төрағаға бекітуге ұсынады;
      14) Агенттіктің бюджеттік өтінімін дайындауды, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін Агенттік Төрағасына бюджеттік өтінімді ұсынуды, сондай-ақ бюджеттік үдерістің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
      15) Агенттіктің қаржыландыру жоспарлары мен қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және Төрағамен келісілгеннен кейін бекітеді;
      16) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
      17) Агенттіктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
      18) Агенттікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
      19) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынаста Агенттікті білдіреді;
      20) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      21. Жауапты хатшы:
      1) Агенттік аппаратының қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
      2) өзге де мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан жауапты хатшының құзыретіне жататын мәселелерді шешуге қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
      3) жеке қолданылатын құқықтық актілерді қабылдауға құқылы.

      22. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты болады.

      23. Агенттік Төрағасының жанынан консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқа құрылады. Алқаның сандық және дербес құрамын Агенттіктің Төрағасы Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелері басшыларының қатарынан бекітеді.

      24. Агенттіктің қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттіктері Агенттіктің жұмыс регламентінде және құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерінде белгіленеді.

4. Агенттіктің мүлкі

      25. Агенттіктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
      Агенттіктің мүлкі оған мемлекет берген мүлік, сондай-ақ құны Агенттіктің теңгерімінде көрініс табатын өзге де мүлік есебінен қалыптасады.

      26. Агенттікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      27. Агенттіктің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өздігінен иеліктен айыруға немесе өзге тәсілмен билік етуге, егер заңда өзгеше белгіленбесе, құқығы жоқ.

5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату

      28. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2008 жылғы 15 ақпандағы
N 141 қаулысымен 
      бекітілген   

       Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 9 ақпандағы N 124 Қаулысымен.        

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің
(Монополияға қарсы агенттік) аумақтық бөлімшелері -
мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Ақмола, Қарағанды облыстары және Астана қаласы бойынша өңіраралық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы.
      2. "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі, Ақтөбе қаласы.
      3. "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша өңіраралық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы.
      4. "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі, Атырау қаласы.
      5. "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы.
      6. "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі, Қостанай қаласы.
      7. "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі, Өскемен қаласы.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2008 жылғы 15 ақпандағы
N 141 қаулысымен 
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

       1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 47, 586-құжат):
      6-тармақта:
      9-1) тармақшасы алып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі туралы ережеде:
      1-тармақта:
      бірінші абзацта "және қаржы ұйымдары бәсекелестігін қорғау мен олардың монополиялық қызметін шектеу саласын қоспағанда, бәсекелестікті қорғау" деген сөздер алып тасталсын;
      үшінші абзацта ", Бәсекелестікті қорғау комитеті" деген сөздер алып тасталсын;
      12-тармақтың 1) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау;";
      13-тармақтың 134), 135), 136), 137), 138), 139), 140), 141), 142), 143), 144), 145), 146), 147), 148) тармақшалары алып тасталсын;
      14-тармақтың 108), 109), 110), 111), 112), 113), 114), 115), 116), 117), 118), 119), 120), 121), 122), 123), 124) тармақшалары алып тасталсын.

      2. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 50, 648-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
      13 "Басқалар" функционалдық тобында:
      9 "Басқалар" кіші функциясында:
      мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламаларымен және кіші бағдарламаларымен бірге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      "602 Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік):
      001 Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету:
      001 Орталық органның аппараты
      002 Аумақтық органдардың аппараттары
      007 Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру
      009 Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру
      017 Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету;
      100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізу:
      022 Резервтің есебінен іс-шаралар
      023 Мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер;
      101 Өкілдік шығындарға арналған қаражат есебінен іс-шаралар өткізу;
      105 Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптау;
      109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу:
      022 Резервтің есебінен іс-шаралар
      023 Мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер".

      3. "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1223 қаулысында :
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      II "Шығындар" бөлімінде:
      13 "Басқалар" функционалдық тобында:
      09 "Басқалар" кіші функциясында:
      233 "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі" бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бойынша "2 365 199" деген сандар "2 142 470" деген сандармен ауыстырылсын;
      001 "Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасындағы "2 128 959" деген сандар "1 906 230" деген сандармен ауыстырылсын;
      001 "Орталық органның аппараты" бюджеттік кіші бағдарламасындағы "1 218 952" деген сандар "1 149 115" деген сандармен ауыстырылсын;
      002 "Аумақтық органдардың аппараттары" бюджеттік кіші бағдарламасындағы "359 605" деген сандар "241 460" деген сандармен ауыстырылсын;
      007 "Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру" бюджеттік кіші бағдарламасындағы "35 545" деген сандар "34 295" деген сандармен ауыстырылсын;
      009 "Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру" бюджеттік кіші бағдарламасындағы "109 884" деген сандар "105 364" деген сандармен ауыстырылсын;
      017 "Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету" бюджеттік кіші бағдарламасындағы "231 624" деген сандар "202 647" деген сандармен ауыстырылсын;
      09 "Басқалар" кіші функциясында:
      мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламаларымен және кіші бағдарламаларымен бірге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      "602 Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) 222 729
      001 Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету 222 729
      001 Орталық органның аппараты 69 837
      002 Аумақтық органдардың аппараттары 118 145
      007 Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру 1 250
      009 Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру 4 520
      017 Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету 28 977".

      4. "2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1224 қаулысында :
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "28-1) 372-1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттігі)";
      көрсетілген қаулыға 315-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 1 906 230 мың теңге (бір миллиард тоғыз жүз алты миллион екі жүз отыз мың теңге).";
      2-тармақта "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы;" деген сөздер алып тасталсын;
      5-тармақтың 8) тармақшасында "және бәсекелестікті қорғау, оның ішінде монополистік қызметті шектеу және жосықсыз бәсекелестіктің жолын кесу жолымен" деген сөздер алып тасталсын;
      7-тармақтың 15) тармақшасында "140" деген сандар "88" деген сандармен ауыстырылсын, "42" деген сандар "20" деген сандармен ауыстырылсын;
      осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 372-1-қосымшамен толықтырылсын.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2008 жылғы 15 ақпандағы
N 141 қаулысына 
1-қосымша    

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына 
372-1-қосымша  

602 - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі
(Монополияға қарсы агенттігі)
      Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2008 жылға арналған
"Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның
қызметін қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 222 729 мың теңге (екі жүз жиырма екі миллион жеті жүз жиырма тоғыз мың теңге).
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 21-24-баптары ; "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы ; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қазандағы N 425 Жарлығы ; "Мемлекеттік қызметшілерді оқыту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қарашадағы N 1706 қаулысы ; "Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту мен қорғаудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 1308 қаулысы ; "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1223 қаулысы .
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бәсекелестікті қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: бәсекелестікті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты, оның ішінде монополистік қызметті шектеу және жосықсыз бәсекелестіктің жолын кесу жолымен қалыптастыру және жетілдіру; өзінің қызметтік міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес кәсіптік қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, іскерлікті және дағдыны жаңарту.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

Р/с
N

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші бағ-
дар-
лама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдар-
ламаның) атауы

Бағдарламаны
(кіші бағдарла-
маны) іске асыру
жөніндегі іс-ша-
ралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

001


Бәсекелестік-
ті қорғау са-
ласындағы уәкілетті ор-
ганның қызме-
тін қамтама-
сыз ету




2


001

Орталық
органның
аппараты

Бәсекелестікті
дамыту және мо-
нополистік қыз-
метті шектеу са-
ласындағы мемле-
кеттік саясатты
әзірлеу және
іске асыру. Олар
қаржылық қызмет-
терді ұсынуы
кезіндегі қаржы
ұйымдарын қос-
пағанда, бәсеке-
лестікті қорғау
және монополис-
тік қызметті
шектеу саласын-
дағы нормативтік
құқықтық акті-
лерді әзірлеу,
бекіту.
Мемлекеттік ор-
гандардың бәсе-
келестікті дамы-
ту және монопо-
листік қызметті
шектеу жөніндегі
қызметін үйлес-
тіру.
Олар қаржылық
қызметтерді ұсы-
нуы кезіндегі
қаржылық ұйым-
дарды қоспаған-
да, тиісті тауар
нарығында үстем
(монополиялық)
жағдайға ие на-
рық субъектіле-
рінің Мемлекеттік ті-
зілімін жүргізу.
Олар қаржылық қызметтерді ұсы-
нуы кезіндегі
қаржы ұйымдарын
қоспағанда, тауар нарығының
жай-күйін, онда-
ғы бәсекелестік-
тің деңгейін зерделеу және
оның негізінде
монополистік
қызметтің алдын
алу, шектеу және
жолын кесу жө-
нінде шаралар
әзірлеу.
Олар қаржылық
қызметтерді ұсы-
нуы кезіндегі
қаржы ұйымдарын
қоспағанда, тиі-
сті тауар нарық-
тарында үстем
(монополиялық)
жағдайға ие на-
рық субъектіле-
рін анықтау мақ-
сатында талдау
жүргізу.
Қазақстан Рес-
публикасының мо-
нополияға қарсы
заңнамасының сақталуына мем-
лекеттік бақы-
лауды жүзеге
асыру.
Олар қаржылық қызметтерді ұсы-
нуы кезіндегі
қаржы ұйымдарын
қоспағанда, эко-
номикалық шоғыр-
лануға бақылауды
жүзеге асыру

Қаңтар-желтоқ-
сан

Қазақстан Республи-
касы Бә-
секелес-
тікті қорғау
агенттігі
(Монопо-
лияға қарсы агенттігі

3


002

Аумақтық ор-
гандардың ап-
параттары

Олар қаржылық
қызметтерді ұсы-
нуы кезіндегі
қаржылық ұйымда-
рды қоспағанда,
тиісті тауар на-
рығында үстем
(монополиялық)
жағдайға ие на-
рық субъектіле-
рінің Мемлекет-
тік тізілімін
жүргізу. Олар
қаржылық қызмет-
терді ұсынуы ке-
зіндегі қаржы
ұйымдарын қоспа-
ғанда, тауар на-
рығының жай-күй-
ін, ондағы бәсе-
келестіктің дең-
гейін зерделеу
және оның негі-
зінде монополис-
тік қызметтің
алдын алу, шек-
теу және жолын
кесу жөнінде
шаралар әзірлеу.
Олар қаржылық қызметтерді
ұсынуы кезінде-
гі қаржы ұйымда-
рын қоспағанда,
тиісті тауар
нарықтарында
үстем (монопо-
лиялық) жағдай-
ға ие нарық
субъектілерін
анықтау мақса-
тында талдау
жүргізу.
Қазақстан Рес-
публикасының
монополияға қар-
сы заңнамасының
сақталуына мем-
лекеттік бақы-
лауды жүзеге
асыру.
Олар қаржылық
қызметтерді ұсы-
нуы кезіндегі
қаржы ұйымдарын
қоспағанда, эко-
номикалық шоғыр-
лануға бақылау-
ды жүзеге асыру

Қаңтар-желтоқ-
сан

Қазақстан Республи-
касы Бә-
секелес-
тікті қорғау
агенттігі
(Монопо-
лияға қарсы агенттігі)

4


007

Мемлекеттік қызметшілер-
дің білікті-
лігін арттыру

Мемлекеттік
тілін оқыту

Қаңтар-желтоқ-
сан

Қазақстан Республи-
касы Бә-
секелес-
тікті қорғау
агенттігі
(Монопо-
лияға қарсы агенттігі)

5


009

Мемлекеттік
органдарды
материалдық-
техникалық
жарақтандыру

Орталық аппарат
пен оның аумақ-
тық бөлімшелерін
материалдық-тех-
никалық жарақ-
тандыру

Қаңтар-желтоқ-
сан

Қазақстан Республи-
касы Бә-
секелес-
тікті қорғау
агенттігі
(Монопо-
лияға қарсы агенттігі)

6


017

Ақпараттық
жүйелердің
жұмыс істеуін
қамтамасыз
ету және мем-
лекеттік ор-
гандарды ақ-
параттық-тех-
никалық қам-
тамасыз ету

Техникалық құ-
ралдарды, шығыс
материалдарын,
жинақтаушы және
қосалқы бөлшек-
терді сатып алу;
Интернет желісі-
не ену қызмет-
терін сатып алу;
есептеу техника-
сының құралдары-
на қызмет көр-
сету; ақпараттық
жүйелерді және
веб-сайтты сүйе-
мелдеу; лицен-
зиялық бағдарла-
малық өнімдерді
сатып алу

Қаңтар-желтоқ-
сан

Қазақстан Республи-
касы Бә-
секелес-
тікті қорғау
агенттігі
(Монопо-
лияға қарсы агенттігі)

      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
      1) Бәсекелестікті қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және оның негізгі бағыттарын іске асыру;
      2) тауар нарықтарын зерттеу;
      3) кемінде 50 мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тілге, оның ішінде аумақтық бөлімшелердің кемінде 35 адамын оқыту;
      4) орталық аппарат және оның аумақтық органдары мемлекеттік қызметшілерінің кәсіби деңгейін арттыру;
      5) Агенттікті материалдық-техникалық жарақтандыру;
      6) техникалық құралдарды,, шығыс материалдарын, жинақтаушы және қосалқы бөлшектерді сатып алу; Интернет желісіне ену қызметтерін сатып алу; есептеу техникасының құралдарына қызмет көрсету; ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу; лицензиялық бағдарламалық өнімдерді сатып алу.
      Түпкі нәтиже: тауар нарықтарының шоғырлану деңгейін, тауар нарықтары құрылымдарының көрсеткіштерін айқындау, тауар нарығына кіру және шығу кедергілерін айқындау, бәсекелестікті қорғау саласындағы саясатты жетілдіру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу, ақпараттық жүйе техникасына қызмет көрсету.
      Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тілге оқытуға кететін орташа шығын 25 000 теңгені құрайды, саны 30 бірлік жиһазды сатып алу, саны 6 бірлік көшіру-көбейту аппараттарын сатып алу, құрал-жабдықты ағымдық жөндеу және техникалық қызмет көрсету, ДЭЕМ алдын алу шаралары.
      Уақытылығы: жасалған шарттарға және бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес уақтылы орындау.
      Сапасы: бәсекелестікті қорғау саласындағы саясатты жетілдіру, кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру, қазіргі экономикалық талаптарға сәйкес материалдық-техникалық жарақтандыру.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2008 жылғы 15 ақпандағы
N 141 қаулысымен   
бекітілген      

       Ескерту. Қаулы қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008.12.02 N 1127 Қаулысымен.

"Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің
(Монополияға қарсы агенттік) қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      "Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы" акционерлік қоғамы 100%".