Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы N 141 Қаулысы

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қазандағы N 425 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті функцияларын, өкілеттіктерін және мүлкін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігіне (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі - Агенттік) бере отырып таратылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелері осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) өңіраралық инспекциялары - мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылсын.

      3. Қоса беріліп отырған:
      1) Агенттік туралы ереже;
      2) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 № 1818 қаулысымен;
      2-1) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 № 1818 қаулысымен;
      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.12.2008 N 1127; 29.12.2012 № 1818 қаулыларымен.

      4. Агенттік және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы Агенттіктің жауапты хатшысы тағайындалған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін Агенттік туралы ереженің 20 және 21-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің   
2008 жылғы 15 ақпандағы
N 141 қаулысына 
қосымша    

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің
(Монополияға қарсы агенттік) өңіраралық инспекциялары -
мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылатын
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің
аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелерінің
тізбесі

      1. "Ақмола облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі, "Қарағанды облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі, "Астана қаласы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Ақмола, Қарағанды облыстары және Астана қаласы бойынша өңіраралық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі;
      2. "Ақтөбе облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі, "Батыс Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі;
      3. "Алматы облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі, "Алматы қаласы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша өңіраралық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі;
      4. "Атырау облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі, "Маңғыстау облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі;
      5. "Жамбыл облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі, "Қызылорда облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі, "Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі;
      6. "Қостанай облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі, "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы баскарма" мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі;
      7. "Шығыс Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма"
мемлекеттік мекемесі, "Павлодар облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті корғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2008 жылғы 15 ақпандағы
N 141 қаулысымен 
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгi (Монополияға қарсы агенттiк) туралы ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 № 1818 қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгi (Монополияға қарсы агенттiк) (бұдан әрi – Агенттiк) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кiрмейтiн, тиiстi тауар нарықтарында бәсекелестiктi қорғау және монополистік қызметтi шектеу саласындағы басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылауды және реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестiрудi және өзге де арнайы атқарушылық, рұқсат ету және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1538 қаулысымен.
      2. Агенттіктің ведомстволары жоқ.
      3. Агенттік өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Агенттік мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      6. Егер Агенттікке заңнамаға сәйкес өкiлеттiк берiлсе, оның мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Агенттік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Агенттік төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешiмдер қабылдайды.
      8. Агенттіктің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері:
      010000, Астана қаласы, Сол жағалау, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 4-кiреберiс.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)» мемлекеттiк мекемесі.
      11. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Агенттіктің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      13. Агенттікке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Агенттіктің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.
      Егер Агенттікке заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Агенттiктiң миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

      14. Агенттіктің миссиясы: бәсекелестiктi қорғау, монополиялық қызметтi шектеу, жосықсыз бәсекеге жол бермеу арқылы нарық субъектiлерiнің әл-ауқатын арттыру.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1538 қаулысымен.
      15. Мiндеттері:
      1) адал бәсекелестiктi дамытуға жәрдемдесу;
      2) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын құқықтық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және тергеу, жолын кесу;
      3) экономикалық шоғырлануға бақылау;
      4) бәсекелестiктi шектейтiн нарық субъектiлерiн монополиясыздандыру.
      16. Функциялары:
      1) бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру;
      2) бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу саласындағы мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдарды салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
      3) монополияға қарсы орган құзыретінің мәселелерi бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      4) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
      5) мемлекеттiк органдардың бәсекелестiктi шектеуге және (немесе) жоюға бағытталған актiлерiнiң, iс-әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) жолын кесу;
      6) экономикалық шоғырлануға бақылауды жүзеге асыру;
      7) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы заңнамасында көзделген бұзушылықтарды қоспағанда, тиiстi тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайды терiс пайдаланудың алдын алу және оны жою;
      8) нарық субъектiлерiнiң бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерiн және келiсiлген iс-әрекеттерiн, жосықсыз бәсекенi болдырмау және олардың жолын кесу;
      9) бәсекелестiктi дамыту, монополиялық қызметтi шектеу және тауар нарықтарының жұмыс iстеуi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу және келісу;
      10) тауар нарығындағы бәсекелі ортаның жай-күйiн талдауды және бағалауды жүзеге асыру;
      11) тиiстi тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң қызметiн талдауды және оның мониторингiн жүзеге асыру;
      12) Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн (бұдан әрi – тiзiлiм) қалыптастыруды және жүргiзудi жүзеге асыру;
      13) бәсекелестiктi қорғау және монополиcтік қызметтi шектеу саласындағы саясатты қалыптастыру жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша тауарлардың өзара алмастырылу өлшемдерін, оларды сатып алуға қолжетiмдiлiктi, сондай-ақ қаржы нарығының және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша қаржылық ұйымдарға қатысты тауар нарығының шекараларын айқындай отырып, тауар нарығындағы бәсекелі ортаның жай-күйiне талдау және бағалау жүргiзу жөнiндегi әдiстеменi әзiрлеу және бекiту;
      14) тауарларын реттелетiн нарықтарда өткiзетiн нарық субъектiлерiн қоспағанда, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiсi белгiлеген монополиялық жоғары (төмен), монопсониялық төмен бағаларды айқындау;
      15) бәсекелестiктi қорғау және монополиcтік қызметтi шектеу саласындағы саясатты қалыптастыру жөнiндегi уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша монополиялық жоғары (төмен) және монопсониялық төмен бағаларды анықтау жөнiндегi әдiстеменi әзiрлеу және бекiту;
      16) нарық субъектiлерi мен мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылық фактiлерi бойынша Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгiленген тәртiппен тергеу жүргiзу;
      17) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында көзделген өкiлеттiгiн жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан, оның iшiнде мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi органнан, салық және кеден органдарынан, нарық субъектiлерiнен, сондай-ақ лауазымды және өзге де жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпаратты, оның iшiнде коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәлiметтердi сұрату және алу;
      18) нарық субъектiлерiне:
      Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтарды және олардың салдарларын жою;
      бастапқы жағдайды қалпына келтiру;
      Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасына қайшы келетiн шарттарды бұзу немесе өзгерту;
      егер белгiлi бiр сатушылармен (өнiм берушiлермен) не сатып алушылармен шарт жасасудан негiзсiз бас тарту не жалтару бұзушылық болып табылса, нарықтың өзге субъектiсiмен шарт жасасу туралы орындалуға мiндеттi нұсқамалар шығару;
      19) мемлекеттiк органдарға өздерi қабылдаған актiлердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы, бұзушылықтарды тоқтату, сондай-ақ өздерi жасаған Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасына қайшы келетiн келiсiмдердi бұзу немесе өзгерту туралы орындалуға мiндеттi нұсқамалар енгiзу;
      20) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау және әкiмшiлiк жазаларды қолдану;
      21) сотқа талап қойып және өтiнiшпен жүгiну, сондай-ақ соттар Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының қолданылуы мен бұзылуына байланысты iстердi қараған кезде процестерге қатысу;
      22) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына байланысты қылмыс белгiлерi бойынша қылмыстық iс қозғау туралы мәселенi шешу үшiн құқық қорғау органдарына материалдар жiберу;
      23) мемлекеттiк органдарға Қазақстан Республикасының тауар нарықтарындағы бәсекелестiктi қорғауға және дамытуға бағытталған iс-шаралар өткiзу жөнiнде ұсынымдар беру;
      24) жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестiктiң жай-күйi және монополистiк қызметтi шектеу жөнiнде қолданылатын шаралар туралы жылдық есептi жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне және Қазақстан Республикасының Үкiметiне 1 маусымнан кешiктiрмей жiберу;
      25) мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк кәсiпорындарды, акцияларының (үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларды және олармен аффилиирленген тұлғалар құруды алдын ала келiсу;
      26) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 05.07.2013 № 694 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
      27) тауар нарықтарын талдау қорытындылары бойынша реттеушi органдармен және бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу саласындағы саясатты қалыптастыру жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесiп, тауар нарығын реттелетiн нарықтарға жатқызу бойынша, оның iшiнде мемлекет реттейтiн бағалар енгiзу орынды болатын өнiмдер, тауарлар және көрсетiлетiн қызметтер номенклатурасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзу;
      28) тауар нарығын реттелетiн нарықтарға жатқызған кезде реттеушi органдарға және осы нарықта үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiсiне тiзiлiмнен үзiндi көшiрме жiберу;
      29) реттеушi органдарға табиғи монополиялар субъектiлерiнiң немесе қызметiн реттелетiн нарықтарда жүзеге асыратын нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы заңнамасын бұзуының анықталған белгiлерi туралы хабарлау және ақпаратты немесе материалдарды беру;
      30) реттеушi органдармен бiрлесiп, нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы заңнамасын бұзуының жолын кесу жөнiнде бiрлескен iс-шаралар жүргiзуге қатысу;
      31) құқық қорғау органдарына монополияға қарсы құқық бұзушылықтардың анықталған фактiлерi туралы хабарлау;
      32) құқық қорғау органдарына тауар нарықтарындағы бәсекелестiктiң жай-күйi туралы талдамалы ақпарат пен мониторинг деректерiн ұсыну;
      33) құқық қорғау органдарының сұрату салуы бойынша өз құзыретi шегiнде зерттеулер, сараптамалар жүргiзу және Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының мәселелерi бойынша қорытындылар беру;
      34) құқық қорғау органдарының, оның аумақтық бөлiмшелерiнiң қаулылары мен сұрату салуы бойынша өз қызметкерлерiн Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеу жөнiндегi iс жүргiзу әрекеттерi мен iс-шараларына қатысуы үшiн сарапшылар ретiнде жiберу;
      35) тиiстi тауар нарықтарының шекараларын айқындау;
      36) мыналардың:
      экономикалық шоғырландыруды жүзеге асыру туралы өтiнiшхаттың;
      мемлекеттiк кәсiпорынды, акцияларының (үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаны және олармен аффилиирленген тұлғаларды құру туралы өтiнiшхаттың;
      нарық субъектiлерi ұсынатын өнiмнiң монополиялық түрлерi бойынша өндiру мен өткiзу көлемдерi, өткiзiлетiн монополиялық тауарлардың босатылу бағалары мен табыстылық деңгейi туралы тоқсан сайынғы ақпараттың үлгi нысандарын әзiрлеу және бекiту;
      37) нұсқаманы (өзiнiң немесе аумақтық органның) өз бастамасы бойынша не мүдделi тұлғаның өтiнiшi бойынша қайта қарау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгiленген жағдайда монополияға қарсы органның аумақтық органдары қабылдаған нұсқамаларды тексеру;
      38) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгiленген жағдайларда нарық субъектiсiн мәжбүрлеп бөлу немесе оның құрамынан құрылымдық бөлiмшелерi базасында бiр немесе бiрнеше заңды тұлғаларды бөлiп шығару туралы талап қою, сондай-ақ бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер мен келiсiлген iс-әрекеттер жасау салдарынан алған монополиялық табысын алып қоюдан босату туралы өтiнiшхатпен сотқа жүгiну;
      39) тiркеушi органдарға тиiстi тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң тiзiлiмiн және мемлекеттiк кәсiпорындардың, акцияларының (үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың және монополияға қарсы органның келiсiмi бойынша құрылған, олармен аффилиирленген тұлғалардың тiзбесiн табыс ету;
      40) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында көзделген жағдайларда мәмiлелердi (iс-әрекеттердi) жүзеге асыруға, нарық субъектiлерiн, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеуге, қайта тiркеуге алдын ала жазбаша келiсiмiн ұсыну;
      41) - 45) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1538 қаулысымен;
      45-1) мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға баға сараптамасын жүргізу;
      45-2) мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыру;
      45-3) мемлекеттік монополия субъектілерінің «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген шектеулерді сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
      46) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.07.2013 № 694 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.12.2013 № 1538 қаулыларымен.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) монополияға қарсы орган мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және өз қызметтерін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, олармен аффилиирленген тұлғалар құру туралы өтінішхаттарды қарау барысында шешім қабылдау үшін қажетті қосымша ақпарат сұратуға құқылы;
      2) монополияға қарсы орган тиісті тауар нарықтарын талдау негізінде аталған нарықтар үшін мәмілелерді жүзеге асыруға монополияға қарсы органның келісімі қажет болатын активтер құны мен тауарлар өткізу көлемінің неғұрлым жоғары мөлшерін белгілеуге құқылы;
      3) монополияға қарсы орган Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы туралы мәліметтерді келіп түскен күнінен бастап бір айдан аспайтын мерзімде алдын ала қарауды жүргізеді. Монополияға қарсы органға Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылу белгілерінің болуы туралы немесе болмауы туралы шешім шығаруға мүмкіндік беретін нақты деректер жеткізіліксіз болған жағдайда, монополияға қарсы орган қосымша нақты деректерді жинау және талдау үшін алдын ала қарау мерзімін ұзартуға құқылы. Монополияға қарсы орган өтініш берушіні өтінішті немесе материалдарды алдын ала қарау мерзімін ұзарту туралы жазбаша нысанда хабардар етеді;
      4) монополияға қарсы орган бұзушылықтар туралы мәліметтерді алдын ала қарау барысында жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан ақпарат пен құжаттарды жазбаша немесе ауызша нысанда сұратуға құқылы;
      5) монополияға қарсы орган:
      монополияға қарсы орган, сот, алдын ала тергеу органдары Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеу үшін маңызы бар басқа істі қараған;
      Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына сол тергеу объектісіне қатысты басқа тергеу жүргізілген;
      сараптама жүргізілген жағдайларда Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеуді тоқтата тұруға құқылы;
      6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, монополияға қарсы орган өзінің өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын ақпаратты жария етпеуге міндетті;
      7) монополияға қарсы орган «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен және мерзiмде жеке және заңды тұлғалардан өтiнiштер қабылдауға және оларды қарауға міндетті.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.07.2013 № 694 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

3. Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру

      18. Агенттікке басшылықты Агенттікке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Төраға жүзеге асырады.
      19. Агенттік төрағасын Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Агенттік төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. Агенттік төрағасының өкілеттігі:
      1) Қазақстан Республикасының Парламентiнде, өзге де мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда Агенттіктің атынан өкiлдiк етедi;
      2) нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын келiседi және бұрыштама қояды;
      3) өз құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды;
      4) Агенттіктегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
      Агенттік төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
      22. Агенттік төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.
      23. Агенттік аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады.
      24. Монополияға қарсы орган басқармасының өкiлеттiктерi:
      Монополияға қарсы орган басқармасының құзыретiне мынадай:
      1) бәсекелестiк саясатын қалыптастыру және дамыту саласындағы басымдықтарды айқындау;
      2) монополияға қарсы органның құзыретiне жатқызылған әдiстемелердi бекiту;
      3) экономикалық шоғырлануға келiсiм беру немесе тыйым салу туралы, осы шешiмдердi қайта қарау немесе күшiн жою туралы шешiмдер қабылдау;
      4) жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестiктiң жай-күйi және монополиялық қызметтi шектеу жөнiнде қабылданатын шаралар туралы жыл сайынғы жылдық есептi мақұлдау;
      5) нарық субъектiсiн мәжбүрлеп бөлу немесе оның құрамынан құрылымдық бөлiмшелер базасында бiр немесе бiрнеше заңды тұлғаларды бөлiп шығару туралы талап қойып, сотқа жүгiну туралы шешiм қабылдау;
      6) бұзушылықтар туралы мәлiметтердi алдын ала қарау нәтижелерi туралы қорытындыға жасалған шағымдарды қарау;
      7) тергеу мерзiмiн ұзарту туралы шешiм қабылдау;
      8) Монополияға қарсы орган басқармасының жұмыс регламентiн бекiту;
      9) монополияға қарсы органның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша шешiмдi қарау және қабылдау мәселелерi кiредi.
      Монополияға қарсы орган басқармасының отырыстары қажеттілігіне қарай, бiрақ айына кемiнде бiр рет оның мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi болған кезде өткiзiледi. Монополияға қарсы орган басқармасының отырыстарын Басқарма төрағасы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлға жүргiзедi.
      Монополияға қарсы орган қызметiнiң мәселелерiн талқылау үшiн Басқарманың кезектен тыс отырысын өткiзудi Басқарма төрағасы не Басқарма мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен бiрi талап етуге құқылы.
      Басқарма шешiмдерi Басқарма мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi дауыс беруге қатысқан жағдайда Басқарма мүшелерiнiң жай көпшiлiк дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде, Басқарма төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
      Шешiм Басқарма төрағасы болмаған кезде қабылданған жағдайда, ол бiр апта мерзiмінен кешiктiрмей Басқарма шешiмiн өзiнiң қарсылықтарымен қоса қайта талқылау және дауыс беру үшiн қайтаруға құқылы. Басқарма төрағасының қарсылықтары Басқарма мүшелерi жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен еңсерiлуi мүмкiн.
      Басқарма өзiнiң құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қаулы қабылдайды.
      Басқарма отырысында хаттама жүргiзiледi. Төраға Басқарма хатшысының функцияларын Басқарманың кез келген мүшесіне немесе монополияға қарсы органның қызметкерiне жүктей алады.
      Басқарманың отырысында қарауға арналған құжаттар Басқарма отырысы басталғанға дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей енгiзiледi. Басқарма төрағасы материалдарды алдын ала қараудың өзге де мерзiмдерiн белгiлеуге құқылы.
      25. Агенттік төрағасының жанынан консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын алқа құрылады. Алқаның сандық және дербес құрамын Агенттік төрағасы Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлiмшелерi басшыларының қатарынан бекiтедi.

4. Агенттiктiң мүлкi

      26. Агенттіктің заңнамада көзделген жағдайда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
      Агенттіктің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      27. Агенттікке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
      28. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Агенттік өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату

      29. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Агенттіктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» акционерлік қоғамы 49%».

Агенттіктің және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың тiзбесi

      1. «Ақмола облысы бойынша монополияға қарсы инспекция» мемлекеттiк мекемесi.
      2. «Ақтөбе облысы бойынша монополияға қарсы инспекция» мемлекеттiк мекемесi.
      3. «Алматы қаласы бойынша монополияға қарсы инспекция» мемлекеттiк мекемесi.
      4. «Алматы облысы бойынша монополияға қарсы инспекция» мемлекеттiк мекемесi.
      5. «Астана қаласы бойынша монополияға қарсы инспекция» мемлекеттiк мекемесi.
      6. «Атырау облысы бойынша монополияға қарсы инспекция» мемлекеттiк мекемесi.
      7. «Батыс Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы инспекция» мемлекеттiк мекемесi.
      8. «Жамбыл облысы бойынша монополияға қарсы инспекция» мемлекеттiк мекемесi.
      9. «Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы инспекция» мемлекеттiк мекемесi.
      10. «Қостанай облысы бойынша монополияға қарсы инспекция» мемлекеттiк мекемесi.
      11. «Қызылорда облысы бойынша монополияға қарсы инспекция» мемлекеттiк мекемесi.
      12. «Маңғыстау облысы бойынша монополияға қарсы инспекция» мемлекеттiк мекемесi.
      13. «Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы инспекция» мемлекеттiк мекемесi.
      14. «Павлодар облысы бойынша монополияға қарсы инспекция» мемлекеттiк мекемесi.
      15. «Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы инспекция» мемлекеттiк мекемесi.
      16. «Шығыс Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы инспекция» мемлекеттiк мекемесi.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2008 жылғы 15 ақпандағы
N 141 қаулысымен 
      бекітілген   

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) аумақтық бөлімшелері — мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      Ескерту. Тізбе алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 № 1818 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2008 жылғы 15 ақпандағы
N 141 қаулысымен 
бекітілген    

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

       1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 47, 586-құжат):
      6-тармақта:
      9-1) тармақшасы алып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі туралы ережеде:
      1-тармақта:
      бірінші абзацта "және қаржы ұйымдары бәсекелестігін қорғау мен олардың монополиялық қызметін шектеу саласын қоспағанда, бәсекелестікті қорғау" деген сөздер алып тасталсын;
      үшінші абзацта ", Бәсекелестікті қорғау комитеті" деген сөздер алып тасталсын;
      12-тармақтың 1) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау;";
      13-тармақтың 134), 135), 136), 137), 138), 139), 140), 141), 142), 143), 144), 145), 146), 147), 148) тармақшалары алып тасталсын;
      14-тармақтың 108), 109), 110), 111), 112), 113), 114), 115), 116), 117), 118), 119), 120), 121), 122), 123), 124) тармақшалары алып тасталсын.

      2. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 50, 648-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
      13 "Басқалар" функционалдық тобында:
      9 "Басқалар" кіші функциясында:
      мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламаларымен және кіші бағдарламаларымен бірге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      "602 Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік):
      001 Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету:
      001 Орталық органның аппараты
      002 Аумақтық органдардың аппараттары
      007 Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру
      009 Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру
      017 Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету;
      100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізу:
      022 Резервтің есебінен іс-шаралар
      023 Мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер;
      101 Өкілдік шығындарға арналған қаражат есебінен іс-шаралар өткізу;
      105 Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптау;
      109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу:
      022 Резервтің есебінен іс-шаралар
      023 Мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер".

      3. "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1223 қаулысында :
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      II "Шығындар" бөлімінде:
      13 "Басқалар" функционалдық тобында:
      09 "Басқалар" кіші функциясында:
      233 "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі" бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бойынша "2 365 199" деген сандар "2 142 470" деген сандармен ауыстырылсын;
      001 "Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасындағы "2 128 959" деген сандар "1 906 230" деген сандармен ауыстырылсын;
      001 "Орталық органның аппараты" бюджеттік кіші бағдарламасындағы "1 218 952" деген сандар "1 149 115" деген сандармен ауыстырылсын;
      002 "Аумақтық органдардың аппараттары" бюджеттік кіші бағдарламасындағы "359 605" деген сандар "241 460" деген сандармен ауыстырылсын;
      007 "Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру" бюджеттік кіші бағдарламасындағы "35 545" деген сандар "34 295" деген сандармен ауыстырылсын;
      009 "Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру" бюджеттік кіші бағдарламасындағы "109 884" деген сандар "105 364" деген сандармен ауыстырылсын;
      017 "Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету" бюджеттік кіші бағдарламасындағы "231 624" деген сандар "202 647" деген сандармен ауыстырылсын;
      09 "Басқалар" кіші функциясында:
      мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламаларымен және кіші бағдарламаларымен бірге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      "602 Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) 222 729
      001 Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету 222 729
      001 Орталық органның аппараты 69 837
      002 Аумақтық органдардың аппараттары 118 145
      007 Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру 1 250
      009 Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру 4 520
      017 Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету 28 977".

      4. "2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1224 қаулысында :
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "28-1) 372-1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттігі)";
      көрсетілген қаулыға 315-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 1 906 230 мың теңге (бір миллиард тоғыз жүз алты миллион екі жүз отыз мың теңге).";
      2-тармақта "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы;" деген сөздер алып тасталсын;
      5-тармақтың 8) тармақшасында "және бәсекелестікті қорғау, оның ішінде монополистік қызметті шектеу және жосықсыз бәсекелестіктің жолын кесу жолымен" деген сөздер алып тасталсын;
      7-тармақтың 15) тармақшасында "140" деген сандар "88" деген сандармен ауыстырылсын, "42" деген сандар "20" деген сандармен ауыстырылсын;
      осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 372-1-қосымшамен толықтырылсын.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2008 жылғы 15 ақпандағы
N 141 қаулысына 
1-қосымша    

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына 
372-1-қосымша  

602 - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі
(Монополияға қарсы агенттігі)
      Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2008 жылға арналған
"Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның
қызметін қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 222 729 мың теңге (екі жүз жиырма екі миллион жеті жүз жиырма тоғыз мың теңге).
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 21-24-баптары ; "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы ; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қазандағы N 425 Жарлығы ; "Мемлекеттік қызметшілерді оқыту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қарашадағы N 1706 қаулысы ; "Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту мен қорғаудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 1308 қаулысы ; "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1223 қаулысы .
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бәсекелестікті қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: бәсекелестікті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты, оның ішінде монополистік қызметті шектеу және жосықсыз бәсекелестіктің жолын кесу жолымен қалыптастыру және жетілдіру; өзінің қызметтік міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес кәсіптік қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, іскерлікті және дағдыны жаңарту.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

Р/с
N

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші бағ-
дар-
лама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдар-
ламаның) атауы

Бағдарламаны
(кіші бағдарла-
маны) іске асыру
жөніндегі іс-ша-
ралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

001


Бәсекелестік-
ті қорғау са-
ласындағы уәкілетті ор-
ганның қызме-
тін қамтама-
сыз ету




2


001

Орталық
органның
аппараты

Бәсекелестікті
дамыту және мо-
нополистік қыз-
метті шектеу са-
ласындағы мемле-
кеттік саясатты
әзірлеу және
іске асыру. Олар
қаржылық қызмет-
терді ұсынуы
кезіндегі қаржы
ұйымдарын қос-
пағанда, бәсеке-
лестікті қорғау
және монополис-
тік қызметті
шектеу саласын-
дағы нормативтік
құқықтық акті-
лерді әзірлеу,
бекіту.
Мемлекеттік ор-
гандардың бәсе-
келестікті дамы-
ту және монопо-
листік қызметті
шектеу жөніндегі
қызметін үйлес-
тіру.
Олар қаржылық
қызметтерді ұсы-
нуы кезіндегі
қаржылық ұйым-
дарды қоспаған-
да, тиісті тауар
нарығында үстем
(монополиялық)
жағдайға ие на-
рық субъектіле-
рінің Мемлекеттік ті-
зілімін жүргізу.
Олар қаржылық қызметтерді ұсы-
нуы кезіндегі
қаржы ұйымдарын
қоспағанда, тауар нарығының
жай-күйін, онда-
ғы бәсекелестік-
тің деңгейін зерделеу және
оның негізінде
монополистік
қызметтің алдын
алу, шектеу және
жолын кесу жө-
нінде шаралар
әзірлеу.
Олар қаржылық
қызметтерді ұсы-
нуы кезіндегі
қаржы ұйымдарын
қоспағанда, тиі-
сті тауар нарық-
тарында үстем
(монополиялық)
жағдайға ие на-
рық субъектіле-
рін анықтау мақ-
сатында талдау
жүргізу.
Қазақстан Рес-
публикасының мо-
нополияға қарсы
заңнамасының сақталуына мем-
лекеттік бақы-
лауды жүзеге
асыру.
Олар қаржылық қызметтерді ұсы-
нуы кезіндегі
қаржы ұйымдарын
қоспағанда, эко-
номикалық шоғыр-
лануға бақылауды
жүзеге асыру

Қаңтар-желтоқ-
сан

Қазақстан Республи-
касы Бә-
секелес-
тікті қорғау
агенттігі
(Монопо-
лияға қарсы агенттігі

3


002

Аумақтық ор-
гандардың ап-
параттары

Олар қаржылық
қызметтерді ұсы-
нуы кезіндегі
қаржылық ұйымда-
рды қоспағанда,
тиісті тауар на-
рығында үстем
(монополиялық)
жағдайға ие на-
рық субъектіле-
рінің Мемлекет-
тік тізілімін
жүргізу. Олар
қаржылық қызмет-
терді ұсынуы ке-
зіндегі қаржы
ұйымдарын қоспа-
ғанда, тауар на-
рығының жай-күй-
ін, ондағы бәсе-
келестіктің дең-
гейін зерделеу
және оның негі-
зінде монополис-
тік қызметтің
алдын алу, шек-
теу және жолын
кесу жөнінде
шаралар әзірлеу.
Олар қаржылық қызметтерді
ұсынуы кезінде-
гі қаржы ұйымда-
рын қоспағанда,
тиісті тауар
нарықтарында
үстем (монопо-
лиялық) жағдай-
ға ие нарық
субъектілерін
анықтау мақса-
тында талдау
жүргізу.
Қазақстан Рес-
публикасының
монополияға қар-
сы заңнамасының
сақталуына мем-
лекеттік бақы-
лауды жүзеге
асыру.
Олар қаржылық
қызметтерді ұсы-
нуы кезіндегі
қаржы ұйымдарын
қоспағанда, эко-
номикалық шоғыр-
лануға бақылау-
ды жүзеге асыру

Қаңтар-желтоқ-
сан

Қазақстан Республи-
касы Бә-
секелес-
тікті қорғау
агенттігі
(Монопо-
лияға қарсы агенттігі)

4


007

Мемлекеттік қызметшілер-
дің білікті-
лігін арттыру

Мемлекеттік
тілін оқыту

Қаңтар-желтоқ-
сан

Қазақстан Республи-
касы Бә-
секелес-
тікті қорғау
агенттігі
(Монопо-
лияға қарсы агенттігі)

5


009

Мемлекеттік
органдарды
материалдық-
техникалық
жарақтандыру

Орталық аппарат
пен оның аумақ-
тық бөлімшелерін
материалдық-тех-
никалық жарақ-
тандыру

Қаңтар-желтоқ-
сан

Қазақстан Республи-
касы Бә-
секелес-
тікті қорғау
агенттігі
(Монопо-
лияға қарсы агенттігі)

6


017

Ақпараттық
жүйелердің
жұмыс істеуін
қамтамасыз
ету және мем-
лекеттік ор-
гандарды ақ-
параттық-тех-
никалық қам-
тамасыз ету

Техникалық құ-
ралдарды, шығыс
материалдарын,
жинақтаушы және
қосалқы бөлшек-
терді сатып алу;
Интернет желісі-
не ену қызмет-
терін сатып алу;
есептеу техника-
сының құралдары-
на қызмет көр-
сету; ақпараттық
жүйелерді және
веб-сайтты сүйе-
мелдеу; лицен-
зиялық бағдарла-
малық өнімдерді
сатып алу

Қаңтар-желтоқ-
сан

Қазақстан Республи-
касы Бә-
секелес-
тікті қорғау
агенттігі
(Монопо-
лияға қарсы агенттігі)

      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
      1) Бәсекелестікті қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және оның негізгі бағыттарын іске асыру;
      2) тауар нарықтарын зерттеу;
      3) кемінде 50 мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тілге, оның ішінде аумақтық бөлімшелердің кемінде 35 адамын оқыту;
      4) орталық аппарат және оның аумақтық органдары мемлекеттік қызметшілерінің кәсіби деңгейін арттыру;
      5) Агенттікті материалдық-техникалық жарақтандыру;
      6) техникалық құралдарды,, шығыс материалдарын, жинақтаушы және қосалқы бөлшектерді сатып алу; Интернет желісіне ену қызметтерін сатып алу; есептеу техникасының құралдарына қызмет көрсету; ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу; лицензиялық бағдарламалық өнімдерді сатып алу.
      Түпкі нәтиже: тауар нарықтарының шоғырлану деңгейін, тауар нарықтары құрылымдарының көрсеткіштерін айқындау, тауар нарығына кіру және шығу кедергілерін айқындау, бәсекелестікті қорғау саласындағы саясатты жетілдіру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу, ақпараттық жүйе техникасына қызмет көрсету.
      Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тілге оқытуға кететін орташа шығын 25 000 теңгені құрайды, саны 30 бірлік жиһазды сатып алу, саны 6 бірлік көшіру-көбейту аппараттарын сатып алу, құрал-жабдықты ағымдық жөндеу және техникалық қызмет көрсету, ДЭЕМ алдын алу шаралары.
      Уақытылығы: жасалған шарттарға және бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес уақтылы орындау.
      Сапасы: бәсекелестікті қорғау саласындағы саясатты жетілдіру, кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру, қазіргі экономикалық талаптарға сәйкес материалдық-техникалық жарақтандыру.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2008 жылғы 15 ақпандағы
N 141 қаулысымен   
бекітілген        

"Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің
(Монополияға қарсы агенттік) қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбе алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 № 1818 қаулысымен.