Қазақстан Республикасында бәсекелестiктi дамыту мен қорғаудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 1308 Қаулысы

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009.05.12 N 691 Қаулысымен .

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Қазақстан Республикасының спортшыларын кезектi 2006 жылғы Туриндегi (Италия Республикасы) XX қысқы және 2008 жылғы Пекиндегi (Қытай Халық Республикасы) XXIX жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға даярлау жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 30 наурыздағы N 286 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., N 13, 152-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:
      көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
      "1-орын - 200000 АҚШ доллары" деген жолдағы "200000" деген сандар "250000" деген сандармен ауыстырылсын;
      "3-орын - 50000 АҚШ доллары" деген жолдағы "50000" деген сандар "75000" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.

      Қазақстан Peспубликасы
      Премьер-Министрінің
      мiндетiн атқарушы