Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы N 141 Қаулысы

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қазандағы N 425  Жарлығын  іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті функцияларын, өкілеттіктерін және мүлкін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігіне (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі - Агенттік) бере отырып таратылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелері осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) өңіраралық инспекциялары - мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылсын.

      3. Қоса беріліп отырған:
      1) Агенттік туралы ереже;
      2) Агенттіктің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі;
      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      4. Агенттік және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы Агенттіктің жауапты хатшысы тағайындалған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін Агенттік туралы ереженің 20 және 21-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2008 жылғы 15 ақпандағы
N 141 қаулысына  
қосымша     

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің
(Монополияға қарсы агенттік) өңіраралық инспекциялары -
мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылатын
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің
аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      1. "Ақмола облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі, "Қарағанды облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі, "Астана қаласы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Ақмола, Қарағанды облыстары және Астана қаласы бойынша өңіраралық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі;
      2. "Ақтөбе облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі, "Батыс Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі;
      3. "Алматы облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі, "Алматы қаласы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша өңіраралық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі;
      4. "Атырау облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі, "Маңғыстау облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі;
      5. "Жамбыл облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі, "Қызылорда облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі, "Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Жамбыл Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі;
      6. "Қостанай облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі, "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы баскарма" мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы"   мемлекеттік мекемесі;
      7. "Шығыс Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма"
мемлекеттік   мекемесі, "Павлодар облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма" мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті корғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2008 жылғы 15 ақпандағы
N 141 қаулысымен  
бекітілген     

  Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі
(Монополияға қарсы агенттік) туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі - Агенттік) Үкіметтің құрамына кірмейтін тиісті тауар нарықтарында бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу және тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді және өзге де арнайы атқарушылық, рұқсат ету және бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
      Агенттіктің аумақтық бөлімшелері - өңірлік инспекциялары болады.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.08.22  N 763  Қаулысымен.

      2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының  Конституциясына , Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің органдарында шоттары болады.

      4. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Агенттіктің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      6. Агенттік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттік Төрағасының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Агенттіктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      8. Агенттіктің заңды мекен-жайы:
      010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, "Транспорт Тауэр" ғимараты.

      9. Агенттіктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау   агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)" мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Агенттіктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет
қаражаты   есебінен жүзеге асырылады.

      12. Агенттікке кәсіпкерлік субъектілерімен Агенттіктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Агенттікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

  2. Агенттіктің негізгі міндеттері мен функциялары

      13. Агенттіктің негізгі міндеттері:
      1) бәсекелестікті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыру және монополистік қызметке жол бермеу, жосықсыз бәсекелестікті болдырмау және жою;
      2) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
      3) мемлекеттік органдардың бәсекелестікті дамыту және монополистік қызметті шектеу жөніндегі қызметтерін өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыру;
      4) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      5) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.

      14. Агенттік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) бәсекелестікті дамыту және монополистік қызметті шектеу    саласындағы   мемлекеттік саясатты қамтамасыз етеді және іске асырады;
      2) мемлекеттік органдардың бәсекелестікті шектеуге бағытталған актілерінің,   іс-әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) жолын кеседі;
      3) монополияға қарсы заңнаманың талаптарына қайшы келетін экономикалық   шоғырлануды болдырмау жөніндегі шараларды қабылдайды;
      4) тиісті тауар нарығындағы үстем (монополиялық) жағдайды теріс пайдаланудың   алдын алады және жояды;
      5) бәсекелестікке қарсы келісімдерді, жосықсыз бәсекелестікті болдырмайды   және олардың жолын кеседі;
      6) бәсекелестікті және кәсіпкерлікті дамыту негізінде нарықтық катынастарды қалыптастыруға жәрдемдеседі;
      7) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын жетілдіру жөніндегі шараларды әзірлейді және оны қолдану тәжірибесін жинап қорытады;
      8) тауар нарықтарының жұмыс істеуі, бәсекелестікті дамыту және монополистік қызметті шектеу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі;
      9) тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің баға белгілеу мониторингін жүзеге асырады;
      10) шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды және ынтымақтастықты, сондай-ақ өзінің өкілеттігіне жататын мәселелер бойынша халықаралық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруға қатысуды ұйымдастырады;
      11) тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің Мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
      12) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
      13) Қазақстан Республикасының Үкіметіне:
      бәсекелестікті дамыту және монополистік қызметті шектеу саласындағы негізгі бағыттар;
      реттеуші органмен бірлесіп мемлекет реттейтін бағаны енгізу қажет тауарлар номенклатурасы бойынша ұсыныстар енгізеді;
      14) бәсекелестікті дамыту және монополистік қызметті шектеу мәселелері бойынша ақпараттық-таныстыру іс-шараларын, сондай-ақ кеңестер ұйымдастырады және өткізеді;
      15) монополиялық кірісті айқындау, монополиялық жоғары (төмен) бағаларды белгілеу ережесін бекітеді;
      16) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзуға монополияға қарсы ден қою шараларын қолдану ережесін бекітеді;
      17) бәсекелестікті шектейтін нарық субъектілерінің келісімдерін (келісілген іс-әрекеттерін) анықтау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
      18) тауар нарығындағы бәсекелі ортаның жай-күйін талдау және бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекітеді;
      19) мемлекеттік органдардың, нарық субъектілерінің Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын сақтау мәселелері бойынша монополияға қарсы заңнамада белгіленген тәртіппен тексеру жүргізеді;
      20) нарық субъектілеріне:
      монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды тоқтату және (немесе) оның салдарын жою;
      бастапқы жағдайды қалпына келтіру;
      монополияға қарсы заңнамаға қайшы келетін шарттарды бұзу немесе өзгерту;
      нарықтың басқа субъектісімен шарт жасасу;
      тұтынушыларға келтірілген залалдарды өтеу және (немесе) монополиялық кірісті бюджетке аудару туралы орындалуға міндетті    нұсқамалар   береді;
      21) мемлекеттік органдарға өздері қабылдаған актілерді жою немесе өзгерту туралы, бұзушылықтарды тоқтату, сондай-ақ монополияға қарсы заңнамаға қайшы өздері жасаған келісімдерді бұзу немесе өзгерту туралы орындалуға міндетті нұсқамалар береді;
      22) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу
саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде бекітілген   тәртіппен әкімшілік жазалар қолданады;
      23) талап-арыздармен және өтініштермен сотқа жүгінеді, сондай-ақ Республикасының монополияға қарсы заңнамасын қолданумен және оны бұзумен   байланысты істерді соттар қараған кезде процестерге қатысады;
      24) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының байланысты қылмыстардың белгілері бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін құқық қорғау органдарына материалдар жібереді;
      25) мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының тауар нарықтарындағы бәсекелестікті дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізу жөнінде ұсынымдар береді;
      26) мемлекеттік органдардың, нарық субъектілерінің және олардың лауазымды тұлғаларының Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзуларына   тергеу жүргізеді;
       27) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, нарық субъектілерінің үй-жайлары мен аумақтарына кедергісіз кіруге рұқсат алады;
       28) мемлекеттік органдардан, нарық субъектілерінен, олардың лауазымды адамдарынан Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияларды мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, ақпарат сұратады және   алады;
       29) монополияға қарсы заңнаманы бұзуға жол берген нарық  субъектілеріне реттеуші органға тіркелген бағаларды енгізу туралы ұсыныс енгізеді;
      30) жыл сайын, 1 маусымнан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және монополистік кызметті шектеу жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы жылдық есеп жібереді;
      31) тауар нарығының жай-күйін, ондағы бәсекелестіктің деңгейін зерделейді және оның негізінде монополистік қызметтің алдын алу, шектеу және жолын кесу жөнінде шаралар әзірлейді;
      32) Қазақстан Республикасының тауар нарықтарында Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      33) тиісті тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерін анықтау мақсатында талдау жүргізеді;
      34) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы мәселелері бойынша түсініктеме береді;
      35) олардың өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде өтініш берушілерге қабылданған шешімдер туралы хабарлайды;
      36) коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын, алынатын мәліметтердің, сондай-ақ өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде алынған басқа ақпараттың сақталуын қамтамасыз етеді;
      37) тиісті тауар нарықтарының шекараларын айқындайды;
      38) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында көзделген жағдайларда нарық субъектілерін мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді алдын ала келіседі;
      39) экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтініштерді беру және қарау тәртібін белгілейді және экономикалық шоғырлануға рұқсат береді;
      40) тауар нарықтарын талдау бойынша мемлекеттік органдар, нарық субъектілері және олардың бірлестіктері ұсынатын деректер нысандарын белгілейді.

  3. Агенттіктің қызметін ұйымдастыру

      15. Агенттік және оның аумақтық бөлімшелері Агенттіктің біртұтас жүйесін құрайды.

      16. Агенттікті Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
      Төрағаның ұсынысы бойынша Төрағаның Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
      Төраға Агенттікке басшылық жасауды жүзеге асырады және Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауап береді.

      17. Агенттіктің Төрағасы:
      1) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Агенттіктің атынан өкілдік етеді;
      2) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және қол қояды;
      3) өз құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

      18. Агенттік аппаратын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.

      19. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Агенттік Төрағасының қызметтен кетуі жауапты хатшы өкілеттіктерінің тоқталуына әкеп соқпайды.

      20. Жауапты хатшы:
      1) Агенттік Төрағасы қалыптастыратын саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді және оның актілері мен тапсырмаларын орындайды;
      2) Агенттік аппаратына басшылық жасауды жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
      3) Агенттіктің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастыру-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      4) Агенттік Төрағасымен келісілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Агенттіктің штат санының лимиті шегінде Агенттіктің және аумақтық бөлімшелерінің құрылымы мен штат санын бекітеді;
      5) Агенттік Төрағасымен келісілгеннен кейін Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
      6) Агенттіктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссиясының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауды, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
      7) Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастырады;
      8) Агенттік Төрағасымен келісілгеннен кейін Агенттік департаменттері мен басқармалары басшыларын, сондай-ақ Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      9) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Агенттіктің қызметкерлерін қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
      10) Агенттік Төрағасының келісімімен Агенттіктің қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар мен сыйақы төлеу мәселелерін шешеді;
      11) Агенттік Төрағасының келісімі бойынша еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Агенттік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
      12) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Агенттік Төрағасы бекітетін Агенттіктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
      13) Агенттіктің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есебін әзірлеуді қамтамасыз етеді және Төрағаға бекітуге ұсынады;
      14) Агенттіктің бюджеттік өтінімін дайындауды, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін Агенттік Төрағасына бюджеттік өтінімді ұсынуды, сондай-ақ бюджеттік үдерістің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
      15) Агенттіктің қаржыландыру жоспарлары мен қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және Төрағамен келісілгеннен кейін бекітеді;
      16) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
      17) Агенттіктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
      18) Агенттікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
      19) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынаста Агенттікті білдіреді;
      20) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      21. Жауапты хатшы:
      1) Агенттік аппаратының қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
      2) өзге де мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан жауапты хатшының құзыретіне жататын мәселелерді шешуге қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
      3) жеке қолданылатын құқықтық актілерді қабылдауға құқылы.

      22. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты болады.

      23. Агенттік Төрағасының жанынан консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқа құрылады. Алқаның сандық және дербес құрамын Агенттіктің Төрағасы Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелері басшыларының қатарынан бекітеді.

      24. Агенттіктің қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттіктері Агенттіктің жұмыс регламентінде және құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерінде белгіленеді.

  4. Агенттіктің мүлкі

      25. Агенттіктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
      Агенттіктің мүлкі оған мемлекет берген мүлік, сондай-ақ құны Агенттіктің теңгерімінде көрініс табатын өзге де мүлік есебінен қалыптасады.

      26. Агенттікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      27. Агенттіктің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өздігінен иеліктен айыруға немесе өзге тәсілмен билік етуге, егер заңда өзгеше белгіленбесе, құқығы жоқ.

  5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату

      28. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2008 жылғы 15 ақпандағы
N 141 қаулысымен  
бекітілген     

  Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің
(Монополияға қарсы агенттік) аумақтық бөлімшелері -
мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Ақмола, Қарағанды облыстары және Астана қаласы бойынша өңіраралық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы.
      2. "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі, Ақтөбе қаласы.
      3. "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша өңіраралық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі, Талдықорған қаласы.
      4. "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі, Ақтау қаласы.
      5. "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы.
      6. "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі, Қостанай қаласы.
      7. "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі, Семей қаласы.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2008 жылғы 15 ақпандағы
N 141 қаулысымен  
бекітілген     

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

         1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 47, 586-құжат):
      6-тармақта:
      9-1) тармақшасы алып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі туралы ережеде:
      1-тармақта:
      бірінші абзацта "және қаржы ұйымдары бәсекелестігін қорғау мен олардың монополиялық қызметін шектеу саласын қоспағанда, бәсекелестікті қорғау" деген сөздер алып тасталсын;
      үшінші абзацта ", Бәсекелестікті қорғау комитеті" деген сөздер алып тасталсын; 
      12-тармақтың 1) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау;";
      13-тармақтың 134), 135), 136), 137), 138), 139), 140), 141), 142), 143), 144), 145), 146), 147), 148) тармақшалары алып тасталсын;
      14-тармақтың 108), 109), 110), 111), 112), 113), 114), 115), 116), 117), 118), 119), 120), 121), 122), 123), 124) тармақшалары алып тасталсын.

      2. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 50, 648-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
      13 "Басқалар" функционалдық тобында:
      9 "Басқалар" кіші функциясында:
      мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламаларымен және кіші бағдарламаларымен бірге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      "602 Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік):
      001 Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету:
      001 Орталық органның аппараты
      002 Аумақтық органдардың аппараттары
      007 Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру
      009 Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру
      017 Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету;
      100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізу:
      022 Резервтің есебінен іс-шаралар
      023 Мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер;
      101 Өкілдік шығындарға арналған қаражат есебінен іс-шаралар өткізу;
      105 Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптау;
      109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу:
      022 Резервтің есебінен іс-шаралар
      023 Мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер".

      3. "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1223  қаулысында :
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      II "Шығындар" бөлімінде:
      13 "Басқалар" функционалдық тобында:
      09 "Басқалар" кіші функциясында:
      233 "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі" бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бойынша "2 365 199" деген сандар "2 142 470" деген сандармен ауыстырылсын;
      001 "Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасындағы "2 128 959" деген сандар "1 906 230" деген сандармен ауыстырылсын;
      001 "Орталық органның аппараты" бюджеттік кіші бағдарламасындағы "1 218 952" деген сандар "1 149 115" деген сандармен ауыстырылсын;
      002 "Аумақтық органдардың аппараттары" бюджеттік кіші бағдарламасындағы "359 605" деген сандар "241 460" деген сандармен ауыстырылсын;
      007 "Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру" бюджеттік кіші бағдарламасындағы "35 545" деген сандар "34 295" деген сандармен ауыстырылсын;
      009 "Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру" бюджеттік кіші бағдарламасындағы "109 884" деген сандар "105 364" деген сандармен ауыстырылсын;
      017 "Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету" бюджеттік кіші бағдарламасындағы "231 624" деген сандар "202 647" деген сандармен ауыстырылсын;
      09 "Басқалар" кіші функциясында:
      мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламаларымен және кіші бағдарламаларымен бірге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      "602 Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) 222 729
      001 Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету 222 729
      001 Орталық органның аппараты 69 837
      002 Аумақтық органдардың аппараттары 118 145
      007 Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру 1 250
      009 Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру 4 520
      017 Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету 28 977".

      4. "2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1224  қаулысында :
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "28-1)  372-1-қосымшаға  сәйкес "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттігі)";
      көрсетілген қаулыға  315-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 1 906 230 мың теңге (бір миллиард тоғыз жүз алты миллион екі жүз отыз мың теңге).";
      2-тармақта "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы;" деген сөздер алып тасталсын;
      5-тармақтың 8) тармақшасында "және бәсекелестікті қорғау, оның ішінде монополистік қызметті шектеу және жосықсыз бәсекелестіктің жолын кесу жолымен" деген сөздер алып тасталсын;
      7-тармақтың 15) тармақшасында "140" деген сандар "88" деген сандармен ауыстырылсын, "42" деген сандар "20" деген сандармен ауыстырылсын;
      осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 372-1-қосымшамен толықтырылсын.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2008 жылғы 15 ақпандағы
N 141 қаулысына  
1-қосымша     

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына  
372-1-қосымша   

602  Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі
(Монополияға қарсы агенттігі)
      Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2008 жылға арналған
"Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның
қызметін қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны:  222 729 мың теңге (екі жүз жиырма екі миллион жеті жүз жиырма тоғыз мың теңге).
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының  21-24-баптары ; "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі  Заңы ; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қазандағы N 425  Жарлығы ; "Мемлекеттік қызметшілерді оқыту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қарашадағы N 1706  қаулысы ; "Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту мен қорғаудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 1308  қаулысы ; "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1223  қаулысы .
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:  бәсекелестікті қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:  бәсекелестікті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты, оның ішінде монополистік қызметті шектеу және жосықсыз бәсекелестіктің жолын кесу жолымен қалыптастыру және жетілдіру; өзінің қызметтік міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес кәсіптік қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, іскерлікті және дағдыны жаңарту.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

Р/с
N

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші бағ-
дар-
лама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдар-
ламаның) атауы

Бағдарламаны
(кіші бағдарла-
маны) іске асыру
жөніндегі іс-ша-
ралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

001

 

Бәсекелестік-
ті қорғау са-
ласындағы уәкілетті ор-
ганның қызме-
тін қамтама-
сыз ету

 

 

 

2

 

001

Орталық
органның
аппараты

Бәсекелестікті
дамыту және мо-
нополистік қыз-
метті шектеу са-
ласындағы мемле-
кеттік саясатты
әзірлеу және
іске асыру. Олар
қаржылық қызмет-
терді ұсынуы
кезіндегі қаржы
ұйымдарын қос-
пағанда, бәсеке-
лестікті қорғау
және монополис-
тік қызметті
шектеу саласын-
дағы нормативтік
құқықтық акті-
лерді әзірлеу,
бекіту.
Мемлекеттік ор-
гандардың бәсе-
келестікті дамы-
ту және монопо-
листік қызметті
шектеу жөніндегі
қызметін үйлес-
тіру.
Олар қаржылық
қызметтерді ұсы-
нуы кезіндегі
қаржылық ұйым-
дарды қоспаған-
да, тиісті тауар
нарығында үстем
(монополиялық)
жағдайға ие на-
рық субъектіле-
рінің Мемлекеттік ті-
зілімін жүргізу.
Олар қаржылық қызметтерді ұсы-
нуы кезіндегі
қаржы ұйымдарын
қоспағанда, тауар нарығының
жай-күйін, онда-
ғы бәсекелестік-
тің деңгейін зерделеу және
оның негізінде
монополистік
қызметтің алдын
алу, шектеу және
жолын кесу жө-
нінде шаралар
әзірлеу.
Олар қаржылық
қызметтерді ұсы-
нуы кезіндегі
қаржы ұйымдарын
қоспағанда, тиі-
сті тауар нарық-
тарында үстем
(монополиялық)
жағдайға ие на-
рық субъектіле-
рін анықтау мақ-
сатында талдау
жүргізу.
Қазақстан Рес-
публикасының мо-
нополияға қарсы
заңнамасының сақталуына мем-
лекеттік бақы-
лауды жүзеге
асыру.
Олар қаржылық қызметтерді ұсы-
нуы кезіндегі
қаржы ұйымдарын
қоспағанда, эко-
номикалық шоғыр-
лануға бақылауды
жүзеге асыру

Қаңтар-желтоқ-
сан

Қазақстан Республи-
касы Бә-
секелес-
тікті қорғау
агенттігі
(Монопо-
лияға қарсы агенттігі

3

 

002

Аумақтық ор-
гандардың ап-
параттары

Олар қаржылық
қызметтерді ұсы-
нуы кезіндегі
қаржылық ұйымда-
рды қоспағанда,
тиісті тауар на-
рығында үстем
(монополиялық)
жағдайға ие на-
рық субъектіле-
рінің Мемлекет-
тік тізілімін
жүргізу. Олар
қаржылық қызмет-
терді ұсынуы ке-
зіндегі қаржы
ұйымдарын қоспа-
ғанда, тауар на-
рығының жай-күй-
ін, ондағы бәсе-
келестіктің дең-
гейін зерделеу
және оның негі-
зінде монополис-
тік қызметтің
алдын алу, шек-
теу және жолын
кесу жөнінде
шаралар әзірлеу.
Олар қаржылық қызметтерді
ұсынуы кезінде-
гі қаржы ұйымда-
рын қоспағанда,
тиісті тауар
нарықтарында
үстем (монопо-
лиялық) жағдай-
ға ие нарық
субъектілерін
анықтау мақса-
тында талдау
жүргізу.
Қазақстан Рес-
публикасының
монополияға қар-
сы заңнамасының
сақталуына мем-
лекеттік бақы-
лауды жүзеге
асыру.
Олар қаржылық
қызметтерді ұсы-
нуы кезіндегі
қаржы ұйымдарын
қоспағанда, эко-
номикалық шоғыр-
лануға бақылау-
ды жүзеге асыру

Қаңтар-желтоқ-
сан

Қазақстан Республи-
касы Бә-
секелес-
тікті қорғау
агенттігі
(Монопо-
лияға қарсы агенттігі)

4

 

007

Мемлекеттік қызметшілер-
дің білікті-
лігін арттыру

Мемлекеттік
тілін оқыту

Қаңтар-желтоқ-
сан

Қазақстан Республи-
касы Бә-
секелес-
тікті қорғау
агенттігі
(Монопо-
лияға қарсы агенттігі)

5

 

009

Мемлекеттік
органдарды
материалдық-
техникалық
жарақтандыру

Орталық аппарат
пен оның аумақ-
тық бөлімшелерін
материалдық-тех-
никалық жарақ-
тандыру

Қаңтар-желтоқ-
сан

Қазақстан Республи-
касы Бә-
секелес-
тікті қорғау
агенттігі
(Монопо-
лияға қарсы агенттігі)

6

 

017

Ақпараттық
жүйелердің
жұмыс істеуін
қамтамасыз
ету және мем-
лекеттік ор-
гандарды ақ-
параттық-тех-
никалық қам-
тамасыз ету

Техникалық құ-
ралдарды, шығыс
материалдарын,
жинақтаушы және
қосалқы бөлшек-
терді сатып алу;
Интернет желісі-
не ену қызмет-
терін сатып алу;
есептеу техника-
сының құралдары-
на қызмет көр-
сету; ақпараттық
жүйелерді және
веб-сайтты сүйе-
мелдеу; лицен-
зиялық бағдарла-
малық өнімдерді
сатып алу

Қаңтар-желтоқ-
сан

Қазақстан Республи-
касы Бә-
секелес-
тікті қорғау
агенттігі
(Монопо-
лияға қарсы агенттігі)

      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:  Тікелей нәтиже:
      1) Бәсекелестікті қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және оның негізгі бағыттарын іске асыру;
      2) тауар нарықтарын зерттеу;
      3) кемінде 50 мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тілге, оның ішінде аумақтық бөлімшелердің кемінде 35 адамын оқыту;
      4) орталық аппарат және оның аумақтық органдары мемлекеттік қызметшілерінің кәсіби деңгейін арттыру;
      5) Агенттікті материалдық-техникалық жарақтандыру;
      6) техникалық құралдарды,, шығыс материалдарын, жинақтаушы және қосалқы бөлшектерді сатып алу; Интернет желісіне ену қызметтерін сатып алу; есептеу техникасының құралдарына қызмет көрсету; ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу; лицензиялық бағдарламалық өнімдерді сатып алу.
      Түпкі нәтиже: тауар нарықтарының шоғырлану деңгейін, тауар нарықтары құрылымдарының көрсеткіштерін айқындау, тауар нарығына кіру және шығу кедергілерін айқындау, бәсекелестікті қорғау саласындағы саясатты жетілдіру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу, ақпараттық жүйе техникасына қызмет көрсету.
      Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тілге оқытуға кететін орташа шығын 25 000 теңгені құрайды, саны 30 бірлік жиһазды сатып алу, саны 6 бірлік көшіру-көбейту аппараттарын сатып алу, құрал-жабдықты ағымдық жөндеу және техникалық қызмет көрсету, ДЭЕМ алдын алу шаралары.
      Уақытылығы: жасалған шарттарға және бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес уақтылы орындау.
      Сапасы: бәсекелестікті қорғау саласындағы саясатты жетілдіру, кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру, қазіргі экономикалық талаптарға сәйкес материалдық-техникалық жарақтандыру.