Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы N 141 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 қазандағы N 1540 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 245-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. "Мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелері туралы есептілік нысандарын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2007 жылғы 23 ақпандағы N 10 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 ақпандағы N 61 бірлескен бұйрығының (2007 жылғы 4 сәуірде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4601 нөмірмен тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы бірлескен бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің назарына жеткізсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Республикалық бюджеттің               Қазақстан Республикасының
атқарылуын бақылау жөніндегі          Қаржы министрі
есеп комитетінің Төрағасы             _______________Б.Жәмішев
______________О. Өксікбаев