"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлiк қоғамы Директорлар кеңесiнiң құрамы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы N 1287 Қаулысы

Жаңартылған

       Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.07.20 N 1101 Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 220 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1247 қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:
      қосымшаға сәйкес құрамдағы "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлiк қоғамының Директорлар кеңесiн;
      Асылжан Сарыбайұлы Мамытбековті "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы етіп сайлауды қамтамасыз етсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.01.15 N 19, 2008.11.21 N 1078, 2009.07.20 N 1101 Қаулыларымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      мiндетiн aтқарушы

                                          Қазақстан Республикасы
                                                Yкiметiнiң
                                        2006 жылғы 26 желтоқсандағы
                                             N 1287 қаулысына
                                                 қосымша

       Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - 2008.11.07 N 1024, өзгерту
енгізілді - 2008.11.21 N 1078, 2009.03.25 N 399, 2009.07.14 N 1068,
2009.07.20 N 1101, 2009.12.30 № 2289, 2010.12.20 N 1378, 2011.03.01 N 206 Қаулыларымен.

"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлiк қоғамы
Директорлар кеңесiнiң құрамы

Шөкеев                   - Қазақстан Республикасы
Өмірзақ Естайұлы           Премьер-Министрінің бірінші орынбасары,
                           төраға

Төлеуханов               - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Дәурен Айтмұхаметұлы       Кеңсесі Басшысының орынбасары

Жәмішев                  - Қазақстан Республикасы Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы

Күрішбаев                - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Ақылбек Қажығұлұлы         министрі

Бишімбаев                - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Қуандық Уәлиханұлы         даму және сауда вице-министрі

Мамытбеков               - "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі"
Асылжан Сарыбайұлы         акционерлік қоғамының басқарма төрағасы

Джорджо Понци            - «Agrotehnica S.r.l.» компаниясының
                           президенті, Италия Республикасы, тәуелсіз
                           директор

Розинов                  - "Иволга-Холдинг" ЖШС бас директоры,
Василий Самойлович         тәуелсіз директор

Тілеубаев                - «Қазақстанның астық одағы» заңды тұлғалар
Нұрлан Сақтапбергенұлы     бірлестігінің президенті, тәуелсіз
                           директор

Баймұратов               - «Баян-Сұлу» акционерлік қоғамы Директорлар
Ерлан Оразгелдіұлы         кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор