"ҚазАгро" ұлттық холдингi" акционерлiк қоғамы Директорлар кеңесiнiң құрамы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы N 1287 Қаулысы

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 220 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1247  қаулысын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:
      қосымшаға сәйкес құрамдағы "ҚазАгро" ұлттық холдингi" акционерлiк қоғамының Директорлар кеңесiн;
      Әлихан Асханұлы Смайыловты "ҚазАгро" ұлттық холдингi" акционерлiк қоғамының басқарма төрағасы етiп сайлауды қамтамасыз етсiн.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.01.15.  N 19  қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      мiндетiн aтқарушы

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң        
2006 жылғы 26 желтоқсандағы
N 1287 қаулысына     
қосымша         

"ҚазАгро" ұлттық холдингi" акционерлiк қоғамы Директорлар кеңесiнiң құрамы

Айтжанов                - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Дулат Нулиұлы             вице-министрi, төраға

Супрун                  - Қазақстан Республикасының Экономика және
Виктор Васильевич         бюджеттiк жоспарлау вице-министрi

Смайылов                - "ҚазАгро" ұлттық холдингi" акционерлiк
Әлихан Асханұлы           қоғамының басқарма төрағасы
 
Ерғожин                 - Қазақстан Республикасының Қаржы
Дәулет Еділұлы            вице-министрі

Сартбаев                - "ҚазАгро" ұлттық холдингi" акционерлiк
Медет Мақсұтұлы           қоғамының тәуелсiз директоры

Джеймс                  - "ҚазАгро" ұлттық холдингi" акционерлiк
Пенни                     қоғамының тәуелсiз директоры

Сауэр                   - "ҚазАгро" ұлттық холдингi" акционерлiк
Иван Адамович             қоғамының тәуелсiз директоры
       Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.01.15.  N 19 , 2007.06.27. N  538  қаулыларымен.