"ҚазАгро" ұлттық холдингi" акционерлiк қоғамы Директорлар кеңесiнiң құрамы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы N 1287 Қаулысы

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 220 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1247  қаулысын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:
      қосымшаға сәйкес құрамдағы "ҚазАгро" ұлттық холдингi" акционерлiк қоғамының Директорлар кеңесiн;
      Әлихан Асханұлы Смайыловты "ҚазАгро" ұлттық холдингi" акционерлiк қоғамының басқарма төрағасы етiп сайлауды қамтамасыз етсiн.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.01.15  N 19  Қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      мiндетiн aтқарушы

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң        
2006 жылғы 26 желтоқсандағы
N 1287 қаулысына     
қосымша         

"ҚазАгро" ұлттық холдингi" акционерлiк қоғамы Директорлар
кеңесiнiң құрамы

Күрішбаев               - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Ақылбек Қажығұлұлы        министрі, төраға

Сұлтанов                - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы        бюджеттік жоспарлау министрі

Смайылов                - "ҚазАгро" ұлттық холдингi" акционерлiк
Әлихан Асханұлы           қоғамының басқарма төрағасы
 
Жәмішев                 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы

Джеймс                  - "ҚазАгро" ұлттық холдингi" акционерлiк
Пенни                     қоғамының тәуелсiз директоры

Сауэр                   - "ҚазАгро" ұлттық холдингi" акционерлiк
Иван Адамович             қоғамының тәуелсiз директоры

       Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.01.15
N 19 , 2007.06.27 N  538 , 2007.09.24  N 829 , 2008.03.28  N 298 ,
2008.06.11  N 576  Қаулыларымен.