Экономиканы үдемелі индустриялық-инновациялық, дамытуды
қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру мақсатында Қазақстан
Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:
1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбековті Директорлар кеңесінің төрағасы етіп «Қазақстан инжиниринг (Kazakhstan Engineering)» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының;
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы Тимур Бекболатұлы Нұрашевты "Инвестициялық компания: Қазақстанның инвестициялық қоры" акционерлік қоғамының;
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің кеңесшісі Құралбай Сейітбайұлы Бұхарбаевты "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының;
4) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы Тимур Бекболатұлы Нұрашевты "Каzуnа Саріtаl Маnаgеmеnt" акционерлік қоғамының;
5) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Айдар Қалымтайұлы Қазыбаевты "Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" акционерлік қоғамының;
6) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Индустриялық-инновациялық даму департаментінің директоры Игорь Владимирович Цойды "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" акционерлік қоғамының;
7) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Индустриялық-инновациялық даму департаментінің директоры Игорь Владимирович Цойды "Біріккен химия компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорлар кеңестерінің (қадағалау кеңестерінің);
8) Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Павлович Рауды «Қазақстан инжиниринг (Kazakhstan Engineering)» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының құрамдарына сайлауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.04.28 № 357 Қаулысымен.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 14 шілдедегі
N 1068 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1247 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 49, 518-құжат):
осы қаулымен бекітілген "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
"ҚазАгро" холдингі" АҚ-ны басқару мәселелері" деген 5-бөлімде:
үшінші абзацта:
"бірінші басшылары" деген сөздер "өкілдері (бірінші басшының орынбасарынан төмен емес мәртебесі бар)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің," деген сөздермен толықтырылсын.
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.04.2014 N 377 қаулысымен.
3. "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қазандағы N 980 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Дұрмағамбетов - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Ерлан Дмитрийұлы және байланыс агенттігі төрағасының
орынбасары"
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Дәрібаев - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Мұрат Амангелдіұлы сауда министрлігі Өнеркәсіп
комитетінің төрағасы".
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.05 № 378 Қаулысымен.
5. "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы N 1102 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Өтепов - Қазақстан Республикасы Қаржы
Эдуард Карлович министрлігі Мемлекеттік мүлік
және жекешелендіру
комитетінің төрағасы"
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Бұхарбаев - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Құралбай Сейітбайұлы сауда министрінің кеңесшісі".