Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.04.2014 N 377 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕTEДІ:
1. "ҚазАгро" ұлттық холдингi" акционерлiк қоғамы Директорлар кеңесiнiң құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 26 желтоқсандағы N 1287 қаулысына мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
1-тармақта:
"белгiленген тәртіппен қосымшаға сәйкес құрамдағы "ҚазАгро" ұлттық холдингi" акционерлiк қоғамы Директорлар кеңесiн сайлауды қамтамасыз етсiн" деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын:
"белгiленген тәртiппен:
қосымшаға сәйкес құрамдағы "ҚазАгро" ұлттық холдингi" акционерлiк қоғамының Директорлар кеңесiн;
Әлихан Асханұлы Смайыловты "ҚазАгро" ұлттық холдингi" акционерлiк қоғамының басқарма төрағасы етiп сайлауды қамтамасыз етсiн";
"ҚазАгро" ұлттық холдингi" акционерлiк қоғамы Директорлар кеңесiнің құрамында:
"Смайылов - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-
Әлихан Асханұлы министрi
Ысқақов - "ҚазАгро" ұлттық холдингi" акционерлiк
Санат Қасымұлы қоғамының басқарма төрағасы"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Смайылов - "ҚазАгро" ұлттық холдингi" акционерлiк
Әлихан Асханұлы қоғамының басқарма төрағасы
Ысқақов - "ҚазАгро" ұлттық холдингi" акционерлiк
Санат Қасымұлы қоғамының тәуелсіз директоры".
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі