Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 1287 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2289 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 377 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 683-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі туралы ережеде:
      19-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) Агенттіктегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдағаны үшін дербес жауап береді;».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов