"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлiк қоғамы Директорлар кеңесiнiң құрамы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы N 1287 Қаулысы

Жаңартылған

       Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.07.20. N 1101 Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 220 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1247 қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:
      қосымшаға сәйкес құрамдағы "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлiк қоғамының Директорлар кеңесiн;
      Асылжан Сарыбайұлы Мамытбековті "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы етіп сайлауды қамтамасыз етсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.01.15 N 19 , 2008.11.21. N 1078 , 2009.07.20. N 1101 Қаулыларымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      мiндетiн aтқарушы

                                          Қазақстан Республикасы
                                                Yкiметiнiң
                                        2006 жылғы 26 желтоқсандағы
                                             N 1287 қаулысына
                                                 қосымша

       Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - 2008.11.07 N 1024 , өзгерту енгізілді - 2008.11.21. N 1078 , 2009.03.25. N 399 , 2009.07.14. N 1068 , 2009.07.20. N 1101 Қаулыларымен.

"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлiк қоғамы
Директорлар кеңесiнiң құрамы

Шөкеев                   - Қазақстан Республикасы
Өмірзақ Естайұлы           Премьер-Министрінің бірінші орынбасары,
                           төраға

Төлеуханов               - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Дәурен Айтмұхаметұлы       Кеңсесі Басшысының орынбасары

Жәмішев                  - Қазақстан Республикасы Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы

Күрішбаев                - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Ақылбек Қажығұлұлы         министрі

Сұлтанов                 - Қазақстан Республикасы Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы          бюджеттік жоспарлау министрі

Мамытбеков               - Қазақстан Республикасының Индустрия
Еділ Құламқадырұлы         және сауда вице-министрі

Мамытбеков               - "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі"
Асылжан Сарыбайұлы         акционерлік қоғамының басқарма төрағасы

Джеймс Пенни             - Darwin Strategy Consulting Ltd басқарушы
                           директоры, Лондон, тәуелсіз директор

Розинов                  - "Иволга-Холдинг" ЖШС бас директоры,
Василий Самойлович         тәуелсіз директор

Тілеубаев                - "Қазақстанның астық одағы" заңды тұлғалар
Нұрлан Сақтапбергенұлы     бірлестігінің президенті, тәуелсіз
                           директор