РҚАО-ның ескертпесі.
ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 161 бұйрығын қараңыз.
Ескерту. Тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.30 N 426 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесi бекiтiлсiн.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.30. N 426 Қаулысымен.
2. "Республикалық меншiктегi ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын ерекше маңызды топтық жүйелерден ауыз су беру қызметiнiң құнын субсидиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 76 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 2, 40-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 5 сәуірдегi
N 248 қаулысымен
бекiтiлген
Ескерту. Ережеде бүкіл мәтін бойынша "департаментіне (басқармасына)", "департаменті (басқармасы)" және "департаменттері (басқармалары)" деген сөздер тиісінше "басқармасына", "басқармасы" және "басқармалары" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2008.03.20 N 276 Қаулысымен.
Ескерту. Тақырыбында және барлық мәтін бойынша "топтық" деген сөзден кейін "және оқшау" деген сөздермен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.03.30 N 426 Қаулысымен.
Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын
сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесi
1. Осы Ереже тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат есебiнен және шегiнде ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
су берушi - ауыз су беру жөнiнде сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiне қызмет көрсететiн және су шаруашылығы жүйелерi қызметтерiн көрсету жөнiндегi табиғи монополия субъектiсi болып табылатын жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға;
су пайдаланушы – өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.17 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.08.23 N 943 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi) Қаулыларымен.
3. Субсидиялар су ресурстарын коммерциялық мүдделерге пайдалануды қоспағанда, өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін су пайдаланушыларға ауыз су беру жөнiндегi сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiне қызмет көрсететiн су берушiлердің шығындарын толық немесе iшiнара өтеуге (көрсетілген қызметтердiң құнын арзандатуға) арналады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2014 № 799 қаулысымен.
4. Әрбір облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) үшін субсидиялардың сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі (бұдан әрі – бюджеттік бағдарламаның әкімшісі) ұсынған, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстарына сәйкес қалыптастырылған сомалар негізінде бекітіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2014 № 799 қаулысымен.
5. Субсидиялар су берушiлерге елді мекендердегі бір тұрғынға белгіленген орташа тәуліктік үлестік су тұтыну шегінде субсидияларды ескере отырып, тарифтер бойынша су пайдаланушылардың бөлiнген нүктелерiне ауыз су беру жөнiнде нақты көрсетiлген қызметтер үшiн төленедi.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.17 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
6. Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың топтық су құбырлары және оқшау жүйелері бөлінісінде су берушілер үшін берілген ауыз судың 1 (бір) текше метріне бөлінетін, Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған, тиісті қаржы жылдарына арналған субсидиялар мөлшерін табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ауыз су беру жөнінде көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтің айырмасы ретінде:
1) үйлері немесе пәтерлері ішкі сумен жабдықталған, жеке су өлшеуіш құралдарымен жарақтандырылған су пайдаланушыларға берілген 1 (бір) текше метр ауыз суға 30 (отыз) теңгені;
2) теңгерімдік тиесілілігі шегінде орналасқан және бірыңғай су өлшеуіш құралдарымен жарақтандырылған сумен жабдықтау желілерін пайдаланатын су пайдаланушыларға берілген 1 (бір) текше метр ауыз суға 40 (қырық) теңгені;
3) бұдан әрі тазалауды және оны ауыз су су тұтыну жағдайына дейін жеткізуді қажет ететін, ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше топтық және оқшау жүйелерінен берілген 1 (бір) текше метр суға 0 (нөл) теңгені шегергенде белгіленген лимиттің шегінде кепілдік берілген сапада ауыз су беру жөнінде көрсетілген қызметтер үшін белгілейді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.23 N 943 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi) Қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.19 № 489 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.09.14 N 1201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
6-1. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі облыстардың және Астана, Алматы қалаларының әкімдері мен Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі арасындағы ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімнің, белгіленген тәртіппен бекітілген тиісті жылға арналған төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың жеке жоспарының негізінде облыстардың және Астана, Алматы қалалары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген субсидиялау көлемдеріне сәйкес облыстық бюджеттерге және Астана, Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударады.
Ескерту. 6-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2014 № 799 қаулысымен.
6-2. Сумен жабдықтаудың топтық, оқшау жүйелері бойынша облыстың, Астана және Алматы қалаларының бюджеттік бағдарлама әкімшісі тиісті жылға арналған төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес ауыз су беру жөнiнде нақты көрсетiлген қызметтерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген субсидиялау көлеміне сәйкес су берушілерге субсидиялар сомасын аударады.
Ескерту. Ереже 6-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.07.2014 № 799 қаулысымен.
7. Ауыз су беру жөніндегі қызметтерге субсидиялар алу үшін су беруші:
1) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органның аумақтық органымен және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерімен келісілген субсидияларды ескеріп, берілетін ауыз су көлемін, көрсетілетін қызметтерге ақыны және табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган ауыз су беру жөніндегі қызметтерге бекіткен тарифті көрсете отырып, тариф бойынша ауыз су беруге арналған шарт жасалатын су пайдаланушылардың тізбесін (бұдан әрі – су пайдаланушылардың тізбесі) ұсынады;
2) осы Ережеге қосымшаға сәйкес аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерімен келісілген және үш данада (су беруші, су пайдаланушы, облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы үшін) жасалған субсидияларды ескеріп, тарифтер бойынша ауыз су беру жөнінде қызметтер көрсету актілерімен қоса бере отырып, су пайдаланушылар бөлінісінде облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына ай сайын субсидиялауды ескере отырып, тарифтер бойынша ауыз су беру жөнінде нақты көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімін береді;
3) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.09.14 N 1201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.19 № 489 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен, өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.09.14 N 1201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.07.2014 № 799 қаулыларымен.
8. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы:
су пайдаланушылардың тiзбесiн алған күннен бастап он күн мерзiмде оны тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат шегiнде бекiтедi;
су пайдаланушылар бөлiнiсiнде ұсынылған субсидиялар ескерiле отырып, тарифтер бойынша ауыз су беру жөнiнде нақты көрсетiлген қызметтердiң жиынтық тiзiлiмiн, осы Ереженiң 7-тармағына сәйкес қызметтер көрсетудi негiздейтiн құжаттарды ай сайын тексередi және алған күнiнен бастап он күн мерзiмде бекiтедi;
ауыз су беру жөнiнде нақты көрсетiлген қызметтердiң жиынтық тiзiлiмiн және төлемге шоттарды алған күнiнен бастап он күн мерзiмде оларды субсидияларды төлеу үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдарына ұсынады;
есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiне дейiн субсидиялардың тиесiлi сомаларын су берушiлердiң есеп шоттарына аударады;
облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармалары ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күніне қарай, бірақ тиісті жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бекіткен нысан бойынша бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне төленген субсидиялар көлемі туралы есеп пен субсидиялардың нысаналы пайдаланылғанын көрсететін басқа да есептерді береді.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.30 N 426, 2012.04.19 № 489 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.07.2014 № 799 қаулыларымен.
9. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі нәтижелер туралы жасалған келісімдер негізінде төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттердің аударылмағаны үшін жауапты болады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2014 № 799 қаулысымен.
10. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің бірінші басшылары нысаналы трансферттерді нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келісімге сәйкес келмейтіндей пайдаланғаны, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізбегені, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті табыс етпегені үшін жауапты болады.
Ескерту. 10-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.03.30. N 426 Қаулысымен.
11. Қандай да бір облыс және Астана, Алматы қалалары бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиісті жылға арналған республикалық бюджетке көзделген қаражат шегінде субсидияларды облыстар бойынша қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2014 № 799 қаулысымен.
Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз
көзі болып табылатын сумен
жабдықтаудың ерекше маңызды топтық
және оқшау жүйелерінен
ауыз су беру жөніндегі қызметтердің
құнын субсидиялау ережесіне
қосымша
«БЕКІТЕМІН»
Облыстық (республикалық маңызы
бар қаланың, астананың)
энергетика және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығы басқармасы
________________________
20 ___ жылғы «___» _____
Су пайдаланушылар бөлінісінде ауыз су беру жөніндегі
нақты көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімі
________________________ 20 жылғы _____
(су берушінің атауы) (ай)
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.19 № 489 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Р/с № |
Су пайдаланушылардың атауы |
Су беру лимиті мың текше метр |
Берілген су, мың текше метр |
Бекітілген тариф 1000 текше метр үшін теңге |
|
Жыл басынан бері |
Оның ішінде есепті айда |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
кестенің жалғасы
Көрсетілген қызметтердің құны, теңге |
Субсидиялар мөлшері (тарифтік сметаларда ескерілген шығындардың %-ы) теңге |
Жыл басынан бері субсидиялар төленді, теңге |
Төленуге тиіс, теңге |
||
Жыл басынан бері |
Оның ішінде есепті айда |
Жыл басынан бері |
Оның ішінде есепті айда |
||
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
Су беруші ________________________________________________
Ескертпе: 2-бағанда су пайдаланушылар облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы бекіткен су пайдаланушылар тізбесіндегідей ретпен келтіріледі.