Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі N 248 Қаулысы

Жаңартылған

       Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.30 N 426 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесi бекiтiлсiн.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.30. N 426 Қаулысымен.
      2. "Республикалық меншiктегi ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын ерекше маңызды топтық жүйелерден ауыз су беру қызметiнiң құнын субсидиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 76 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 2, 40-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң    
2006 жылғы 5 сәуірдегi
N 248 қаулысымен  
бекiтiлген    

      Ескерту. Ережеде бүкіл мәтін бойынша "департаментіне (басқармасына)", "департаменті (басқармасы)" және "департаменттері (басқармалары)" деген сөздер тиісінше "басқармасына", "басқармасы" және "басқармалары" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2008.03.20 N 276 Қаулысымен.
      Ескерту. Тақырыбында және барлық мәтін бойынша "топтық" деген сөзден кейін "және оқшау" деген сөздермен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.03.30 N 426 Қаулысымен.

Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын
сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесi

      1. Осы Ереже тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат есебiнен және шегiнде ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау тәртiбiн айқындайды.
      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      су берушi - ауыз су беру жөнiнде сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiне қызмет көрсететiн және су шаруашылығы жүйелерi қызметтерiн көрсету жөнiндегi табиғи монополия субъектiсi болып табылатын жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға;
      су пайдаланушы – өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.17 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.08.23 N 943 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi) Қаулыларымен.
      3. Субсидиялар су пайдаланушыларға ауыз су беру жөнiндегi сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiне қызмет көрсететiн су берушiлерге шығындарын толығымен немесе iшiнара өтеуге (қызметтердiң құнын арзандатуға) арналады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.23 N 943 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi) Қаулысымен.
      4. Әрбiр облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) үшiн субсидиялардың сомасы заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi - Ауылшарминi) ұсынған, облыстардың (республикалық маңызы бар қала, астана) жергiлiктi атқарушы органдарының ұсыныстарына сәйкес қалыптастырылған сомалар негiзiнде бекiтiледi.
      5. Субсидиялар су берушiлерге елді мекендердегі бір тұрғынға белгіленген орташа тәуліктік үлестік су тұтыну шегінде субсидияларды ескере отырып, тарифтер бойынша су пайдаланушылардың бөлiнген нүктелерiне ауыз су беру жөнiнде нақты көрсетiлген қызметтер үшiн төленедi.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.17 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      6. Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың топтық су және оқшау жүйелері бөлінісінде су берушілер үшін берілген ауыз судың 1 (бір) текше метріне бөлінетін, Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған, тиісті қаржы жылдарына арналған субсидиялар мөлшерін Ауылшармині табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ауыз су беру жөнінде көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтің айырмасы ретінде:
      1) үйлері немесе пәтерлері ішкі сумен жабдықталған, жеке су өлшеуіш құралдарымен жарақтандырылған су пайдаланушыларға берілген 1 (бір) текше метр ауыз суға 30 (отыз) теңгені;
      2) теңгерімдік тиесілілігі шегінде орналасқан және бірыңғай су өлшеуіш құралдарымен жарақтандырылған сумен жабдықтау желілерін пайдаланатын су пайдаланушыларға берілген 1 (бір) текше метр ауыз суға 40 (қырық) теңгені;
      3) бұдан әрі тазалауды және оны ауыз су су тұтыну жағдайына дейін жеткізуді қажет ететін, ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше топтық және оқшау жүйелерінен берілген 1 (бір) текше метр суға 0 (нөл) теңгені шегергенде белгіленген лимиттің шегінде кепілдік берілген сапада ауыз су беру жөнінде көрсетілген қызметтер үшін белгілейді.
       Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.23 N 943 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi) Қаулысымен.
       6-1. Ауылшармині бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде тиісті жылға арналған төлемдер бойынша бағдарламаны қаржыландыру жоспарларына және облыстар мен Астана, Алматы қалаларының әкімдері және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі арасындағы ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімге сәйкес облыстар мен Астана, Алматы қалалары бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген субсидиялау көлемдеріне сәйкес облыстық бюджеттерге және Астана, Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударады.
       Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.03.30.  N 426 Қаулысымен.

      7. Ауыз су беру жөнiндегi қызметтерге субсидиялар алу үшiн су берушi:
      1) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы басқармасына су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органымен және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) ауыл шаруашылығы бөлiмдерiмен келiсiлген субсидиялар ескерiле отырып, берiлетiн ауыз су көлемiн, ұсынылған қызметтерге ақыны және ауыз су беру жөнiндегi қызметтерге табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекiткен тарифтi көрсете отырып, тариф бойынша ауыз су беруге арналған шарт жасалатын су пайдаланушылардың тiзбесiн (бұдан әрi – су пайдаланушылардың тiзбесi) ұсынады;
      2) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес мыналармен:
      аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) ауыл шаруашылығы бөлiмдерiмен келiсiлген және үш данада (су берушi, су пайдаланушы, облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы басқармасы үшiн) жасалған субсидиялар ескерiле отырып, тарифтер бойынша ауыз су беру жөнiнде қызметтер көрсету актiлерiмен;
      ауыз су беру жөнiнде ақысы төленген қызметтер бойынша нөмiрi мен күнi белгiленген төлем құжаттарын су пайдаланушылармен салыстыру актiлерiмен қоса, су пайдаланушылар бөлiнiсiнде облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы басқармасына ай сайын субсидиялауды ескере отырып, тарифтер бойынша ауыз су беру жөнiнде нақты көрсетiлген қызметтердiң жиынтық тiзiлiмiн ауыз су беру жөнiндегi қызметтерге субсидиялар алу үшiн бередi;
      3) Ауылшарминi субсидиялар мөлшерiн бекiткеннен кейiн табиғи монополиялар саласындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органға көрсетiлетiн қызметтерге тариф бекiтуге өтiнiм жасайды.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.30 N 426, 2009.07.15 N 1071, 2011.08.23 N 943 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi) Қаулыларымен.

      8. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы басқармасы:
      су пайдаланушылардың тiзбесiн алған күннен бастап он күн мерзiмде оны тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы  заңда көзделген қаражат шегiнде бекiтедi;
      су пайдаланушылар бөлiнiсiнде ұсынылған субсидиялар ескерiле отырып, тарифтер бойынша ауыз су беру жөнiнде нақты көрсетiлген қызметтердiң жиынтық тiзiлiмiн, осы Ереженiң 7-тармағына сәйкес қызметтер көрсетудi негiздейтiн құжаттарды ай сайын тексередi және алған күнiнен бастап он күн мерзiмде бекiтедi;
      ауыз су беру жөнiнде нақты көрсетiлген қызметтердiң жиынтық тiзiлiмiн және төлемге шоттарды алған күнiнен бастап он күн мерзiмде оларды субсидияларды төлеу үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдарына ұсынады;
      есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiне дейiн субсидиялардың тиесiлi сомаларын су берушiлердiң есеп шоттарына аударады;
      облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы басқармалары ай сайын есептi кезеңнен кейiнгi айдың 25-күнiне, бiрақ тиiстi жылдың 1 желтоқсанынан кешiктiрмей, Ауылшарминi бекiткен нысан бойынша Ауылшарминiне төленген субсидиялар көлемі мен субсидиялардың нысаналы пайдаланылғанын көрсететін басқа да есептер туралы есеп бередi.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.30. N 426 Қаулысымен.

      9. Ауылшармині нәтижелер туралы жасалған келісімдер негізінде төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттердің аударылмағаны үшін жауапты болады.
       Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.03.30. N 426 Қаулысымен.

       10. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің бірінші басшылары нысаналы трансферттерді нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келісімге сәйкес келмейтіндей пайдаланғаны, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізбегені, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті табыс етпегені үшін жауапты болады.
       Ескерту. 10-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.03.30. N 426 Қаулысымен.
      
      11. Қандай да бір облыс және Астана, Алматы қалалары бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда Ауылшармині заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиісті жылға арналған республикалық бюджетке көзделген қаражат шегінде субсидияларды облыстар бойынша қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.
       Ескерту. 11-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.03.30. N 426 Қаулысымен.

                                   Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз
                                       көзi болып табылатын сумен
                                      жабдықтаудың ерекше маңызды
                                    топтық жүйелерiнен ауыз су беру
                                     жөнiндегi қызметтердiң құнын
                                        субсидиялау ережесiне
                                               1 қосымша

                                                 "БЕКIТЕМIН"
                                     Облыстық (республикалық маңызы
                                       бар қаланың, астананың) ауыл
                                         шаруашылығы басқармасы
                                        __________________________
                                        "____"_____________20__ ж.

      Су пайдаланушылар бөлiнiсiнде ауыз су беру жөнiндегi
         нақты көрсетiлген қызметтердiң жиынтық тiзiлiмi
       __________________________        ____________________20__ ж.
         (су берушiнiң атауы)                     (ай)

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.23 N 943 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi) Қаулысымен.

Р/с

Су пайдаланушылардың атауы

Су беру лимитi мың текше метр

Берiлген су, мың текше метр

Бекiтiлген тариф 1000 текше метр үшiн теңге

Көрсетiлген қызметтердiң құны, теңге

Субсидиялар мөлшерi (тарифтiк сметаларда ескерiлген шығындардың %-ы) теңге

Жыл басынан берi субсидиялар төлендi, теңге

Төленуге тиiс, теңге

Жыл басынан берi

Оның iшiнде есептi айда

Жыл басынан берi

Оның iшiнде есептi айда

Жыл басынан берi

Оның iшiнде есептi айда

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













Су берушi_____________________________________________________________________
Ескертпе: 2-бағанда су пайдаланушылар облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы басқармасы бекiткен су пайдаланушылар тiзбесiндегiдей ретпен келтiрiледi