Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың топтық су құбырлар және оқшау сумен жабдықтау жүйелері үшін 2011 жылға арналған 1 (бір) текше метр берілген ауыз суға бөлінетін субсидия мөлшерлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а 2011 жылғы 05 тамыздағы № 14-1/449 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 15 тамызда № 7130 болып енгізілді

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес (бұдан әрі - қосымша)
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаменті (А. Искакбеков) осы бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне бір апталық мерзімде жіберсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы                      А. Бектұров 

      Қазақстан Республикасы    
Көлік және коммуникация    
министрінің міндетін атқарушының
2011 жылғы 6 тамыздағы     
№ 496 бұйрығының қосымшасы   

Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі бұйрықтарының тізбесі

      1) «Қазақстан Республикасы су қоймаларында шағын өлшемді кемелердің жүзу қауіпсіздігін белгілейтін құжаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 1998 жылғы 10 тамыздағы № 172 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 618 болып тіркелген);
      2) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларын меншіктеу және ресми электрондық мекен-жайлары анықтамалығын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 24 сәуірдегі № 147-1 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 2305 болып тіркелген);
      3) «Кеме құжаттарының тізбесін және Кеме құжаттарын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 152-1 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 2317 болып тіркелген);
      4) «Кемелердің авариялық жағдайларын тергеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 18 шілдедегі № 228-1 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 2459 болып тіркелген);
      5) «Жүргізушілердің еңбегі мен демалысын ұйымдастыру ережесін, автокөлік құралдарын еңбек және демалыс режимін тіркеудің бақылау құрылғыларымен (тахографтармен) жарақтандыру бойынша талаптарды бекіту туралы» Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 16-1 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 2708 болып тіркелген);
      6) «Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережесін бекіту туралы» Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2004 жылғы 10 наурыздағы № 113-1 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 2809 болып тіркелген);
      7) «Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдау ережесін бекіту туралы» Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы № 122-1 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 2810 болып тіркелген);
      8) «Қазақстан Республикасының теңіз көлігімен жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 6 шілдедегі № 265-1 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 2975 болып тіркелген; Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2005 жылғы мамыр, № 14, 84-құжат);
      9) «Авиациялық іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу ережесі туралы» Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті Төрағасының 2004 жылғы 26 қазандағы № 203 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3176 болып тіркелген);
      10) «Кеме капитанына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 19 қарашадағы № 416-1 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3271 болып тіркелген);
      11) «Темір жол көлігімен жүк тасымалдау ережесін бекіту туралы» Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы № 429-1 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3294 болып тіркелген; Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2005 жылғы мамыр, № 14, 86-құжат - 2005 жылғы қыркүйек, № 18, 156-құжат);
       12) «Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметті маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы № 429а-І бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3232 болып тіркелген; Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2005 жыл, № 3-8, 22-құжат);
      13) «Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 478-1 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3442 болып тіркелген; Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2005 жыл, № 20, 194-құжат);
       14) «Кеме капитанын аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2005 жылғы 10 қаңтардағы № 18-1 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3415 болып тіркелген; «Юридическая газета» газетінде 2006 жылғы 27 қаңтардағы № 13-14 (993-994) жарияланған);
      15) «Кеме экипаждарының ең аз құрамы туралы талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2005 жылғы 11 қаңтардағы № 21-1 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3410 болып тіркелген);
      16) «Кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйреу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 46-1 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3465 болып тіркелген; «Юридическая газета» газетінде 2005 жылғы 10 тамыздағы № 145 жарияланған);
      17) «Кеме құжаттарын беру және жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2005 жылғы 10 ақпандағы № 72-1 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3479 болып тіркелген; «Юридическая газета» газетінде 2006 жылғы 1 ақпандағы № 16 (996) жарияланған);
      18) «Кеме құжаттарының тізбесін, кеме құжаттарын беру және жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2005 жылғы 10 ақпандағы № 73-1 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3480 болып тіркелген; «Юридическая газета» газетінде 2006 жылғы 1 ақпандағы № 16 (996) жарияланған);
      19) «Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалдары кезінде рұқсат беру жүйесін қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2005 жылғы 17 ақпандағы № 84-1 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3507 болып тіркелген; Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2005 жылғы шілде, № 16, 119-құжат);
      20) «Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды,багажды және жүк багажын тасымалдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы № 122-1 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі № 162-1 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3664 болып тіркелген; «Юридическая газета» газетінде 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 235-236 жарияланған);
      21) «Кемелердің портқа кіру мен порттан шығу, порт акваториясы шегінде кемелердің жүзу мен портта тұру, сондай-ақ тасымалдаушылардың технологиялық байланысты пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 217-1 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3733 болып тіркелген; «Юридическая газета» газетінде 2005 жылғы 4 қарашадағы № 204-204 (938-939) жарияланған);
      22) «Қазақстан Республикасы су қоймаларында шағын өлшемді кемелердің жүзу қауіпсіздігін белгілейтін құжаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 1998 жылғы 10 тамыздағы № 172 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 24 маусымдағы № 220-1 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3713 болып тіркелген; «Юридическая газета» газетінде 2005 жылғы 14 қыркүйектегі № 168 жарияланған);
      23) «Қазақстан Республикасының ішкі су жолдары бойынша жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау, сатылатын жүктерді есепке алу мен олар үшін есеп айырысу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2005 жылғы 28 маусымдағы № 224-1 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3775 болып тіркелген);
      24) «Кемелердің, салдардың және өзге де жүзу объектілерінің айлаққа келуіне, арқандап байлануына және тоқтап тұруына арналған уақытша құрылғылар мен жүзбелі құрылыстарды орналастыру, жолаушыларды кемелерге отырғызу және кемелерден түсіру, жүктерді тиеу, түсіру және сақтау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің 2005 жылғы 15 маусымдағы № 208-а бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3728 болып тіркелген; «Юридическая газета» газетінде 2005 жылғы 8 қыркүйектегі № 164 жарияланған);
      25) «Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы № 429а-І бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы  9 қарашадағы № 341-1 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3936 болып тіркелген; «Юридическая газета» газетінде 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 230-231 жарияланған);
      26) «Қазақстан Республикасының теңіз порттары мен оларға кіреберістерде кемелердің жүзу және тұру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 10 қарашадағы № 346-1 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3958 болып тіркелген; «Юридическая газета» газетінде 2005 жылғы 5 желтоқсандағы № 237-238 жарияланған);
      27) «Жүк тасымалдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы № 429-1 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 22 желтоқсандағы № 409-1 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4000 болып тіркелген; «Юридическая газета» газетінде 2006 жылғы 17 наурыздағы № 47-48 (1027-1028) жарияланған);
      28) «Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы № 122-1 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2006 жылғы 21 ақпандағы № 54 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4125 болып тіркелген; «Юридическая газета» газетінде 2006 жылғы 7 сәуірдегі № 61-62 (1041-1042) жарияланған);
      29) «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 27 сәуірдегі № 103 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4234 болып тіркелген; «Юридическая газета» газетінде 2006 жылғы 16 маусымдағы № 109-110 (1089-1090) жарияланған);
      30) «Ішкі су жолдарында кемелермен, соның ішінде шағын өлшемді кемелермен болған көлік оқиғаларына тексеру, жіктеу және есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 23 маусымдағы № 153 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4308 болып тіркелген; «Юридическая газета» газетінде 2006 жылғы 11 тамыздағы № 147 (1127) жарияланған);
      31) «Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы № 429а-І бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 26 шілдедегі № 188 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4335 болып тіркелген; «Юридическая газета» газетінде 2006 жылғы 16 тамыздағы № 149 (1129) жарияланған);
      32) Теңіз қондырғылары радиооператорының, жер үсті радиооператорының және теңіз қондырғыларына тікұшақты қондыру жөніндегі технигінің лауазымдарына біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті Төрағасының 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 190 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4381 болып тіркелген; «Юридическая газета» газетінде 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 170 (1150) жарияланган);
      33) «Вагондар (контейнерлер) операторы қызметінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 345-1 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 6 қарашадағы № 284 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4467 болып тіркелген);
      34) «Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 10 наурыздағы № 113-1 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2006 жылғы 5 желтоқсандағы № 319 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4524 болып тіркелген; «Юридическая газета» газеті 2007 жылғы 16 ақпандағы № 25 (1228) және Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2007 жыл жарияланған);
      35) «Кеме экипажының ең аз құрамы талаптарын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 323 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4508 болып тіркелген; «Юридическая газета» газеті 2007 жылғы 2 ақпандағы № 17 (1220) және Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2006 жылғы желтоқсан - 2007 жылғы қаңтар жарияланған);
      36) «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 117 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4729 болып тіркелген; «Юридическая газета» газеті 2007 жылғы 22 маусымдағы № 94 (1297) және Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2007 жылғы маусым жарияланған);
      37) «Вагондар (контейнерлер) операторы қызметінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 345-I бұйрығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2007 жылғы 4 маусымдағы № 127 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4743 болып тіркелген; «Юридическая газета» газеті 2007 жылғы 6 шілдедегі № 102 (1305) және Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2007 жылғы маусым жарияланған);
      38) «Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы № 429а-І бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2007 жылғы 10 тамыздағы № 176 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4927 болып тіркелген; «Юридическая газета» газеті 2007 жылғы 4 қазандағы № 152 (1355) және Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2007 жылғы шілде-қыркүйек жарияланған);
      39) «Жүк тасымалдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы № 429-I бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № 252 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5048 болып тіркелген; Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2008 жылғы шілде, № 7, 323-құжат);
      40) «Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы № 429а-І бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2008 жылғы 23 қазандағы № 481 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5355 болып тіркелген; «Юридическая газета» газетінде 2008 жылғы 19 қарашадағы № 176 (1576) жарияланған);
      41) «Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 10 наурыздағы № 113-I бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 539 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5467 болып тіркелген; «Юридическая газета» 2009 жылғы 19 ақпандағы № 26 (1623) және «Заң газеті» газеттерінде 2009 жылғы 19 ақпандағы № 26 (1449) жарияланған);
      42) «Жүк тасымалдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы № 429-I бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 554 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5527 болып тіркелген; «Юридическая газета» 2009 жылғы 25 ақпандағы № 29 (1626), «Заң газеті» газеттері 2009 жылғы 25 ақпандағы № 29 (1452) және Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2009 жыл, № 5 жарияланған);
      43) «Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы № 122-1 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 29 шілдедегі № 337 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5758 болып тіркелген; «Юридическая газета» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 142 (1739), «Заң газеті» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 142 (1565), «Ресми газеті» газеттері 2009 жылғы 10 қазандағы № 41 (459) және Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2009 жыл, № 10 жарияланған);
      44) «Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметті маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы № 429а-І бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2009 жылғы 3 қарашадағы № 462 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5856 болып тіркелген; «Юридическая газета» 2009 жылғы 20 қарашадағы № 178 (1775) және «Заң газеті» 2009 жылғы 20 қарашадағы № 178 (1601) газеттерінде жарияланған);
      45) «Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметті маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы № 429а-І бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 11 мамырдағы № 228 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6285 болып тіркелген; «Егемен Қазақстан» 2010 жылғы 30 қарашадағы № 506-512 (26355) газеті және Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2010 жыл, № 15 (Тиражға шыққан уақыты 25.11.2010 ж.) жарияланған);
      46) «Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 10 наурыздағы № 113-1 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 3 маусымдағы № 262 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6342 болып тіркелген; «Казахстанская правда» 2010 жылғы 30 шілдедегі № 198-199 (26259-26260) және «Егемен Қазақстан» 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 366-367 (26210) газеттерінде жарияланған);
      47) «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 29 қыркүйектегі № 440 бұйрығына қосымшасының 4 және 5-тармақтары (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6605 болып тіркелген; «Казахстанская правда» 2010 жылғы 13 қарашадағы № 310-311 (26371-26372) және «Егемен Қазақстан» 2010 жылғы 30 қарашадағы № 506-512 (26355) газеттерінде жарияланған);
      48) «Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметті маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы № 429а-І бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 13 қарашадағы № 523 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6634 болып тіркелген; «Казахстанская правда» 2010 жылғы 23 қарашадағы № 318 (26379) және «Егемен Қазақстан» 2010 жылғы 19 қарашадағы № 493-494 (26337) газеттерінде жарияланған);
      49) «Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы № 122-1 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 541 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6692 болып тіркелген; «Казахстанская правда» 2011 жылғы 7 қаңтардағы № 3 (26424) және «Егемен Қазақстан» жылғы 31 наурыздағы № 116-119 (26521) газеттерінде жарияланған).