Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 37-1 бабының 8-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Е. Досаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
_____________ Мамытбеков А.
2015 жылғы 8 мамыр
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 161 бұйрығымен бекiтiлген |
Ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 27.07.2021 № 394 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Су кодексі) 37-1-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Су кодексінің 37-бабының 1-тармағының 7-9) тармақшасына және 39-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес тиісінше су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті орган немесе облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізбелер бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен (бұдан әрі – сумен жабдықтау жүйелері) ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын республикалық бюджет туралы заңнамада немесе мәслихаттардың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттер туралы шешімдерінде көзделген қаражат, республикалық бюджетте бекітілген сомалар шегінде республикалық бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге берілетін бюджеттік субвенциялар есебінен және шегінде субсидиялау (бұдан әрі – субсидиялар) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) әкімші – облыстың жергілікті атқарушы органының тұрғын үй-коммуналдық қатынастар саласына жетекшілік ететін, облыс әкімі айқындайтын құрылымдық бөлімшесі;
2) бюджет қаражатын алушылар – бюджет қаражатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі арқылы алатын және оларды бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;
3) жергілікті сумен жабдықтау жүйелері – бір елді мекеннің тұтынушыларына ауызсу беруді қамтамасыз ететін жүйелер;
4) коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган – елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) өтінім – әкімшіге субсидиялауға қажеттілікке ұсынылған табиғи монополия субъектісінің өтініші.
6) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті орган – елді мекендерден тыс жерлерде су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласында басқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
7) су пайдаланушы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз мұқтаждарын және (немесе коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға);
8) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым – елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалануды жүзеге асыратын су шаруашылығы ұйымы;
9) табиғи монополия субъектісі – тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтер ұсынатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
10) табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган – табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
11) топтық сумен жабдықтау жүйелері – тұтынушыларға екі және одан да көп елді мекендерден ауызсу беруді қамтамасыз ететін сумен жабдықтау жүйелері;
3. Субсидиялар сумен жабдықтау жүйелеріне қызмет көрсететін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдарға ауызсу бойынша өз мұқтаждықтарын қанағаттандыруға өткізілген ауызсу беру жөніндегі қызметтердің құнын арзандатуға арналады.
4. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым үшін сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың 1 (бір) текше метріне бөлінетін субсидиялардың мөлшері:
табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті органның аумақтық департаментінің сумен жабдықтау қызметтеріне бекітілген тарифі мен Су кодексінің 37-1-бабының 8-9) тармақшасына сәйкес ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың 1 (бір) текше метрі үшін халықтың төлемақы мөлшері арасындағы айырма ретінде айқындалады;
бұдан әрі тазартуды және оны ауызсу тұтыну жағдайына дейін жеткізуді талап ететін берілген судың 1 (бір) текше метрі үшін 0 (нөл) теңге.
2-тарау. Субсидия алу тәртібі
5. Жергілікті атқарушы органдар Су кодексінің 39-бабы екінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органға ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы, оның ішінде есепті жылдың қорытындылары бойынша 20 қаңтарға дейінгі мерзімде оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде ақпарат береді.
6. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым субсидия алу үшін әкімшіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға қажеттілік жөніндегі өтінімді (бұдан әрі –Өтінім) мынадай құжаттарды қоса бере отырып ұсынады:
1) табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті органның аумақтық департаментінің пайдаланушы ұйымды жергілікті табиғи монополиялар бөліміне енгізу туралы бұйрығының көшірмесі;
2) табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті органның аумақтық департаментінің ауызсу беру тарифін бекіту туралы бұйрығының көшірмесі;
3) тиісті бассейн аумағында су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесімен (екі және одан көп облыстың аумағында қызметі жүзеге асырылатын және өкілеттіктері қолданылатын) келісім бойынша тиісті жергілікті атқарушы органның бір және одан көп облыстарының аумағына ауызсу беруді жүзеге асыратын топтық су тартудың баламасы жоқ екені туралы қорытындылар;
4) аудандар мен ауылдық округтер әкімдерінің жергілікті су тартқышқа балама жоқ екенін растау туралы анықтамалары;
5) аудандар мен ауылдық округтер әкімдерінің ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу алатын халықтың саны туралы растайтын анықтамалар;
6) тиісті бассейн аумағында су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі (екі және одан көп облыстың аумағында қызметі жүзеге асырылатын және өкілеттіктері қолданылатын) берген арнайы су пайдалануға рұқсаттың көшірмесі;
7) сумен жабдықтау жөніндегі ұйымның заңды немесе жеке тұлғасының мәртебесін растайтын құжаттар (Жарғының көшірмесі, жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), бизнес сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі (немесе жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәліктің көшірмесі), қосылған құн салығын қою туралы куәлік (бар болса).
7. Әкімші Өтінімді тіркейді және алынған құжаттар негізінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес он жұмыс күні ішінде бюджеттік өтінімді қалыптастырады.
8. Алдағы жылға арналған бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде төленетін субсидия мөлшері өткен жылға 1 (бір) адамға су тұтынудың орташа жылдық мөлшерлемесін ескере отырып анықталады.
9. Әкімші сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым бөлінісінде қалыптастырылған бюджеттік өтінімді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органға енгізеді.
3-тарау. Субсидияларды есептеу тәртібі
10. Берілген ауызсуға субсидия көлемі мынадай формула бойынша есептеледі:
S= V*T*R,
мұндағы:
S – субсидия көлемі (теңгемен);
V – халыққа берілетін ауызсудың жылдық көлемі (текше метрмен);
Т – табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган бекіткен сумен жабдықтау қызметтеріне 1 (бір) текше метр үшін бекітілген тариф (қосылған құн салығымен) (теңгемен);
R – субсидия мөлшері (%).
11. Халыққа берілген ауызсудың жылдық көлемі мынадай формула бойынша есептеледі:
V= N * Vтәу.* K,
мұндағы:
V – халыққа берілетін ауызсудың жылдық көлемі (текше метрмен);
N – сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйыммен шарт жасаған халықтың саны;
Vтәу. – жергілікті атқарушы орган бекіткен 1(бір) адамға шаққанда тұтынылған ауызсудың тәуліктік көлемі;
K – субсидиялар есептелетін күндер саны.
12. Субсидиялар мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:
R= (T-P)/T*100,
R – субсидия мөлшері (%);
Т – табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган бекіткен сумен жабдықтау қызметтеріне 1 (бір) текше метр үшін бекітілген тариф (қосылған құн салығымен) (теңгемен);
P – жергілікті өкілді орган бекіткен сумен жабдықтау қызметтеріне 1 (бір) текше метр үшін халықтың төлемақы мөлшері.
13. Ауызсуды есепке алу аспабы болған кезде субсидиялар 1 (бір) адамға арналған тұтыну нормативі кезінде тәулігіне 140 (бір жүз қырық) литр мөлшерінде төленеді.
Осы нормадан асқан жағдайда тұтынушы сумен жабдықтау қызметтеріне толық тариф төлейді.
14. Ауызсуды есепке алу аспабы болмаған кезде субсидиялар "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес әкімші бекітетін норматив бойынша төленеді.
4-тарау. Субсидияларды төлеу тәртібі
15. Субсидиялар сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі ұйымдарға елді мекендердегі 1 (бір) тұрғынға белгіленген үлестік орташа тәуліктік су тұтыну шегінде субсидиялауды ескере отырып, сумен жабдықтау жүйелерінен су пайдаланушыларды бөлу нүктелеріне тарифтер бойынша ауызсу беру жөнінде нақты көрсетілген қызметтер үшін төленеді.
16. Сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі ұйымы сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру жөніндегі қызметтерге субсидия төлемдерін алу үшін:
1) 1 ақпанға дейін әкімшіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органның аумақтық органымен және аудандық құрылыс немесе тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (облыстық маңызы бар қалалар) бөлімдерімен келісілген, ауызсу беруге шарттар жасалатын су пайдаланушылардың (халықтың) тізбесін (су ресурстарын коммерциялық мүдделерде пайдаланатын су пайдаланушыларды қоспағанда) ұсынады;
2) ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне әкімшіге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша су пайдаланушылар бөлінісінде ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру жөнінде нақты көрсетілген қызметтер үшін жиынтық тізілімді (бұдан әрі – жиынтық тізілім) (аудандық құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (облыстық маңызы бар қалалар) бөлімдерімен келісілген және екі данада (сумен жабдықтау және (немесе).
17. Әкімші:
1) ұсынылған жиынтық тізілімдерді ай сайын осы Қағидалардың 16-тармағының 2) тармақшасына сәйкес сегіз жұмыс күні ішінде тексереді және бекітеді;
2) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның шотына тиесілі субсидиялар сомасын есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне дейін аударады.
5-тарау. Субсидиялау жөнінде есеп беру
18. Әкімші тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төленген субсидиялардың көлемі туралы есеп береді.
Өтінім
__________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің атауы)
20 жылға арналған ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауды алу үшін мынадай құжаттар тізбесін ұсынады.
1)________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________;
2)________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________;
3)________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________;
4)________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________;
5)________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________;
6)________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________;
7)________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________;
Күні: 20__ жылғы "__" ____________
__________________________________________________________________________
Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы
Мөр орны (бар болса)
Ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
"КЕЛІСІЛДІ"
Сумен жабдықтау, су бұру су қорын
пайдалану және қорғау саласындағы
аумақтық орган
________________________________
20__ жылғы "__" ____________
"КЕЛІСІЛДІ"
аудандық құрылыс немесе тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық
(облыстық маңызы бар қалалар) бөлімді
_____________________________
20__ жылғы "__" ____________
Р/с № | Су пайдаланушылардың атауы | Су беру лимиті мың текше метр | Сумен жабдықтау қызметтеріне бекітілген тариф, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 |
Су беруші _____________________________________________________
Су пайдаланушылар бөлінісінде ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру жөнінде 20____ жылғы _______________ ішінде нақты көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімі ____________________________________________________________________________ (сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның атауы) (ай)
Р/с № | Су пайдаланушылардың атауы | Су беру лимиті мың текше метр | Су берілді, мың текше метр | Халық үшін сумен жабдықтау қызметтерінің бекітілген тарифі, 1 текше метр үшін, теңге | |
жыл басынан бастап | оның ішінде есепті айда | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
кестенің жалғасы
Көрсетілген қызметтердің құны, теңге | Субсидия мөлшері (тарифтік сметаларда ескерілген шығындардың ___%), теңге | Жыл басынан бастап субсидия төленді, теңге | Төлеуге жатады, теңге | ||
Жыл басынан бастап | Оның ішінде есепті айда | жыл басынан бастап | оның ішінде есепті айда | ||
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Су беруші _____________________________________________________
Ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Төленген субсидиялардың көлемі туралы есеп
20_ жылғы "__" ____________
Мемлекеттік органның атауы: ____________________________________________
Нысаналы трансферттің атауы: ағымдағы нысаналы трансферттер
Есеп беру кезеңі: _______ жыл
Жоғары тұрған бюджеттен алынған қаражат сомасы: ____________________ мың теңге
Бюджеттік бағдарламаның атауы және коды: ____________________________________
Р/с № | Тікелей нәтиже | |||||
Көрсеткіштердің атауы (жоспарланған іс-шаралар) | Іс-шаралардың іс жүзінде орындалуы, нәтижелерге қол жеткізу сатысы | Нәтижелерге қол жеткізбеу себептері | Жоспар мың теңге | Нақты мың теңге | Ауытқу мың теңге | |
Республикалық бюджет | ||||||
Жергілікті бюджет | ||||||
1 | 1 ____ мың текше метр ауызсу көлемінде субсидиялауға төлемақы мөлшері бойынша ауызсуды үздіксіз беру |
Р/с № | Түпкілікті нәтиже | ||
Тәртіп бойынша жоспарланған көрсеткіштер (іс-шаралар) | Нәтижелерге нақты қол жеткізу | Нәтижелерге қол жеткізбеу себептері | |
1 | _________________________облысы _____________ елді мекенінің тұрғындарын сапалы ауызсумен және қажетті мөлшерде (қолайлы бағамен) қамтамасыз ету) | ||
2 | Халық үшін ауызсу беру жөніндегі қызметтердің құнын төмендету___________ саны __________ адам халықты қамтумен |
Мөрдің орны (бар болса)
Облыс әкімі _____ _____ ( қолы)
Бірінші басшысы
Төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі
_________ (қолы)