"Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 489 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1034 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 48-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мерзiмдi қызметтiң әскери қызметшiлерiне, әскери оқу орындарының бiрiншi және екiншi курстарының курсанттарына пошта жөнелтiлiмдері үшiн ақшалай өтемақы мөлшерi айына 130 теңге сомасында бекiтiлсiн.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Мерзiмдi қызметтiң әскери қызметшiлерiне және әскери (арнаулы) оқу орындарының бiрiншi және екiншi курстарының курсанттарына почталық жөнелтiлiмдер үшiн ақшалай өтемақы мөлшерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 желтоқсандағы № 1365 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 46, 467-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 31 тамыздағы № 912 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 31, 430-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтырулар мен өзгерiстердің 3-тармағы.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов