Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі N 248 Қаулысы

Жаңартылған

       Ескерту. Тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.30 N 426 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесi бекiтiлсiн.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.30. N 426 Қаулысымен.
      2. "Республикалық меншiктегi ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын ерекше маңызды топтық жүйелерден ауыз су беру қызметiнiң құнын субсидиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 76 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 2, 40-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң    
2006 жылғы 5 сәуірдегi
N 248 қаулысымен  
бекiтiлген    

      Ескерту. Ережеде бүкіл мәтін бойынша "департаментіне (басқармасына)", "департаменті (басқармасы)" және "департаменттері (басқармалары)" деген сөздер тиісінше "басқармасына", "басқармасы" және "басқармалары" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2008.03.20 N 276 Қаулысымен.
      Ескерту. Тақырыбында және барлық мәтін бойынша "топтық" деген сөзден кейін "және оқшау" деген сөздермен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.03.30 N 426 Қаулысымен.

Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын
сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесi

      1. Осы Ереже тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат есебiнен және шегiнде ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау тәртiбiн айқындайды.
      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      су берушi - ауыз су беру жөнiнде сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiне қызмет көрсететiн және су шаруашылығы жүйелерi қызметтерiн көрсету жөнiндегi табиғи монополия субъектiсi болып табылатын жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға;
      су пайдаланушы – өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.17 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.08.23 N 943 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi) Қаулыларымен.
      3. Субсидиялар су пайдаланушыларға ауыз су беру жөнiндегi сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiне қызмет көрсететiн су берушiлерге шығындарын толығымен немесе iшiнара өтеуге (қызметтердiң құнын арзандатуға) арналады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.23 N 943 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi) Қаулысымен.
      4. Әрбір облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) үшін субсидиялардың сомасы заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) ұсынған, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстарына сәйкес қалыптастырылған сомалар негізінде бекітіледі.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.19 № 489 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      5. Субсидиялар су берушiлерге елді мекендердегі бір тұрғынға белгіленген орташа тәуліктік үлестік су тұтыну шегінде субсидияларды ескере отырып, тарифтер бойынша су пайдаланушылардың бөлiнген нүктелерiне ауыз су беру жөнiнде нақты көрсетiлген қызметтер үшiн төленедi.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.17 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      6. Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың топтық су құбырлары мен оқшау жүйелері бөлінісінде су берушілер үшін берілген ауыз судың 1 (бір) текше метріне бөлінетін, Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған, тиісті қаржы жылдарына арналған субсидиялар мөлшерін Агенттік табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ауыз су беру жөнінде көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтің айырмасы ретінде:
      1) үйлері немесе пәтерлері ішкі сумен жабдықталған, жеке су өлшеуіш құралдарымен жарақтандырылған су пайдаланушыларға берілген 1 (бір) текше метр ауыз суға 30 (отыз) теңгені;
      2) теңгерімдік тиесілілігі шегінде орналасқан және бірыңғай су өлшеуіш құралдарымен жарақтандырылған сумен жабдықтау желілерін пайдаланатын су пайдаланушыларға берілген 1 (бір) текше метр ауыз суға 40 (қырық) теңгені;
      3) бұдан әрі тазалауды және оны ауыз су су тұтыну жағдайына дейін жеткізуді қажет ететін, ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше топтық және оқшау жүйелерінен берілген 1 (бір) текше метр суға 0 (нөл) теңгені шегергенде белгіленген лимиттің шегінде кепілдік берілген сапада ауыз су беру жөнінде көрсетілген қызметтер үшін белгілейді.
       Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.23 N 943 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi) Қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.19 № 489 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
       6-1. Агенттік бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде тиісті жылға арналған төлемдер бойынша бағдарламаны қаржыландыру жоспарларына және облыстар мен Астана, Алматы қалаларының әкімдері және Агенттік төрағасы арасындағы ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімге сәйкес облыстар мен Астана, Алматы қалалары бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген субсидиялау көлемдеріне сәйкес облыстық бюджеттерге және Астана, Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударады.
      Ескерту. 6-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.19 № 489 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      7. Ауыз су беру жөніндегі қызметтерге субсидиялар алу үшін су беруші:
      1) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органның аумақтық органымен және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) тұрғын үй-коммуналдық бөлімдерімен келісілген субсидиялар ескеріле отырып берілетін ауыз су көлемін, ұсынылған қызметтерге ақыны және ауыз су беру жөніндегі қызметтерге табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен тарифті көрсете отырып, тариф бойынша ауыз су беруге арналған шарт жасал атын су пайдаланушылардың тізбесін (бұдан әрі - су пайдаланушылардың тізбесі) ұсынады;
      2) осы Ережеге қосымшаға сәйкес аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) тұрғын үй-коммуналдық бөлімдерімен келісілген және үш данада (су беруші, су пайдаланушы, облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы үшін) жасалған субсидиялар ескеріле отырып, тарифтер бойынша ауыз су беру жөнінде қызметтер көрсету актілерімен қоса, су пайдаланушылар бөлінісінде облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына ай сайын субсидиялауды ескере отырып, тарифтер бойынша ауыз су беру жөнінде нақты көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімін береді;
      3) Агенттік субсидиялар мөлшерін бекіткеннен кейін табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органға көрсетілетін қызметтерге арналған тарифті бекітуге өтінім жасайды.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.19 № 489 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      8. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы:
      су пайдаланушылардың тiзбесiн алған күннен бастап он күн мерзiмде оны тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы  заңда көзделген қаражат шегiнде бекiтедi;
      су пайдаланушылар бөлiнiсiнде ұсынылған субсидиялар ескерiле отырып, тарифтер бойынша ауыз су беру жөнiнде нақты көрсетiлген қызметтердiң жиынтық тiзiлiмiн, осы Ереженiң 7-тармағына сәйкес қызметтер көрсетудi негiздейтiн құжаттарды ай сайын тексередi және алған күнiнен бастап он күн мерзiмде бекiтедi;
      ауыз су беру жөнiнде нақты көрсетiлген қызметтердiң жиынтық тiзiлiмiн және төлемге шоттарды алған күнiнен бастап он күн мерзiмде оларды субсидияларды төлеу үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдарына ұсынады;
      есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiне дейiн субсидиялардың тиесiлi сомаларын су берушiлердiң есеп шоттарына аударады;
      облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармалары ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күніне, бірақ тиісті жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей, Агенттік бекіткен нысан бойынша Агенттікке төленген субсидиялар көлемі туралы есеп пен субсидиялардың нысаналы пайдаланылғанын көрсететін басқа да есептер береді.
       Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.30 N 426, 2012.04.19 № 489 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      9. Агенттік нәтижелер туралы жасалған келісімдер негізінде төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттердің аударылмағаны үшін жауапты болады.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.19 № 489 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

       10. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің бірінші басшылары нысаналы трансферттерді нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келісімге сәйкес келмейтіндей пайдаланғаны, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізбегені, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті табыс етпегені үшін жауапты болады.
       Ескерту. 10-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.03.30. N 426 Қаулысымен.
      
      11. Қандай да бір облыс және Астана, Алматы қалалары бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда Агенттік заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиісті жылға арналған республикалық бюджетке көзделген қаражат шегінде субсидияларды облыстар бойынша қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.19 № 489 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

                                   Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз
көзі болып табылатын сумен     
жабдықтаудың ерекше маңызды топтық
және оқшау жүйелерінен     
ауыз су беру жөніндегі қызметтердің
құнын субсидиялау ережесіне     
қосымша           

«БЕКІТЕМІН»        
Облыстық (республикалық маңызы
бар қаланың, астананың)     
энергетика және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығы басқармасы     

________________________
20 ___ жылғы «___» _____

      Су пайдаланушылар бөлінісінде ауыз су беру жөніндегі
нақты көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімі
________________________ 20 жылғы _____
   (су берушінің атауы)            (ай)

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.19 № 489 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Р/с №

Су пайдаланушылардың атауы

Су беру лимиті мың текше метр

Берілген су, мың текше метр

Бекітілген тариф 1000 текше метр үшін теңге

Жыл басынан бері

Оның ішінде есепті айда

1

2

3

4

5

6

     кестенің жалғасы

Көрсетілген қызметтердің құны, теңге

Субсидиялар мөлшері (тарифтік сметаларда ескерілген шығындардың %-ы) теңге

Жыл басынан бері субсидиялар төленді, теңге

Төленуге тиіс, теңге

Жыл басынан бері

Оның ішінде есепті айда

Жыл басынан бері

Оның ішінде есепті айда

7

8

9

10

11

12







      Су беруші ________________________________________________

      Ескертпе: 2-бағанда су пайдаланушылар облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы бекіткен су пайдаланушылар тізбесіндегідей ретпен келтіріледі.