Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі N 248 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесi бекiтiлсiн.

      2. "Республикалық меншiктегi ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын ерекше маңызды топтық жүйелерден ауыз су беру қызметiнiң құнын субсидиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 76 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 2, 40-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң    
2006 жылғы 5 сәуірдегi
N 248 қаулысымен  
бекiтiлген    

      Ескерту. Ережеде бүкіл мәтін бойынша "департаментіне (басқармасына)", "департаменті (басқармасы)" және "департаменттері (басқармалары)" деген сөздер тиісінше "басқармасына", "басқармасы" және "басқармалары" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2008.03.20 N 276 Қаулысымен.

Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын
сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық жүйелерiнен ауыз су
беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесi

      1. Осы Ереже тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат есебiнен және шегiнде ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау тәртiбiн айқындайды.

      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      су берушi - ауыз су беру жөнiнде сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық жүйелерiне қызмет көрсететiн және су шаруашылығы жүйелерi қызметтерiн көрсету жөнiндегi табиғи монополия субъектiсi болып табылатын жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға;
      су пайдаланушы - өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерiн қанағаттандыру үшiн сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық жүйелерiнен берiлетiн ауыз суды тұтынатын жеке немесе заңды тұлға.

      3. Субсидиялар су пайдаланушыларға ауыз су беру жөнiндегi сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық жүйелерiне қызмет көрсететiн су берушiлерге шығындарын iшiнара өтеуге (қызметтердiң құнын арзандатуға) арналады.

      4. Әрбiр облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) үшiн субсидиялардың сомасы заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi - Ауылшарминi) ұсынған, облыстардың (республикалық маңызы бар қала, астана) жергiлiктi атқарушы органдарының ұсыныстарына сәйкес қалыптастырылған сомалар негiзiнде бекiтiледi.

      5. Субсидиялар су берушiлерге олар үшiн белгiленген су тұтыну лимитi шегiнде субсидияларды ескере отырып, тарифтер бойынша су пайдаланушылардың бөлiнген нүктелерiне ауыз су беру жөнiнде нақты көрсетiлген қызметтер үшiн төленедi.

      6. Берiлген ауыз судың 1 (бiр) текше метрiне бөлiнетiн субсидиялар мөлшерiн Ауылшарминi табиғи монополиялар саласындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен ауыз су беру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтерге тарифтiк сметаларда ескерiлген шығындарға пайыздық ара қатынаста белгiлейдi.

      7. Ауыз су беру жөнiндегi қызметтерге субсидиялар алу үшiн су берушi:
      1) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы басқармасына су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органының аумақтық органымен және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) ауыл шаруашылығы бөлiмдерiмен келiсiлген субсидиялар ескерiле отырып, берiлетiн ауыз су көлемiн, көрсетiлген қызметтерге ақыны және ауыз су беру жөнiндегi қызметтерге табиғи монополиялар саласындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган бекiткен тарифтi көрсете отырып, тариф бойынша ауыз су беруге арналған шарт жасалатын су пайдаланушылардың тiзбесiн (бұдан әрi - су пайдаланушылардың тiзбесi) ұсынады;
      2) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес мыналармен:
      аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) ауыл шаруашылығы бөлiмдерiмен келiсiлген және үш данада (су берушi, су пайдаланушы, облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы басқармасы үшiн) жасалған субсидиялар ескерiле отырып, тарифтер бойынша ауыз су беру жөнiнде қызметтер көрсету актiлерiмен;
      ауыз су беру жөнiнде ақысы төленген қызметтер бойынша нөмiрi мен күнi белгiленген төлем құжаттарын су пайдаланушылармен салыстыру актiлерiмен қоса, су пайдаланушылар бөлiнiсiнде облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы басқармасына ай сайын субсидиялауды ескере отырып, тарифтер бойынша ауыз су беру жөнiнде нақты көрсетiлген қызметтердiң жиынтық тiзiлiмiн ауыз су беру жөнiндегi қызметтерге субсидиялар алу үшiн бередi;
      3) Ауылшарминi субсидиялар мөлшерiн бекiткеннен кейiн табиғи монополиялар саласындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органға көрсетiлетiн қызметтерге тариф бекiтуге өтiнiм жасайды.

      8. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы басқармасы:
      су пайдаланушылардың тiзбесiн алған күннен бастап он күн мерзiмде оны тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы  заңда көзделген қаражат шегiнде бекiтедi;
      су пайдаланушылар бөлiнiсiнде ұсынылған субсидиялар ескерiле отырып, тарифтер бойынша ауыз су беру жөнiнде нақты көрсетiлген қызметтердiң жиынтық тiзiлiмiн, осы Ереженiң 7-тармағына сәйкес қызметтер көрсетудi негiздейтiн құжаттарды ай сайын тексередi және алған күнiнен бастап он күн мерзiмде бекiтедi;
      ауыз су беру жөнiнде нақты көрсетiлген қызметтердiң жиынтық тiзiлiмiн және төлемге шоттарды алған күнiнен бастап он күн мерзiмде оларды субсидияларды төлеу үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдарына ұсынады;
      есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiне дейiн субсидиялардың тиесiлi сомаларын су берушiлердiң есеп шоттарына аударады;
      облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы басқармалары ай сайын есептi кезеңнен кейiнгi айдың 25-күнiне, бiрақ тиiстi жылдың 1 желтоқсанынан кешiктiрмей, Ауылшарминi бекiткен нысан бойынша Ауылшарминiне бюджеттiк бағдарламаны iске асыру туралы есеп бередi.

      9. Ауылшарминi өз құзыретi шегiнде қаражаттың тиiмдi, нәтижелi және мақсатты пайдаланылуына жауапты болады.

                                   Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз
                                       көзi болып табылатын сумен
                                  жабдықтаудың ерекше маңызды топтық
                                  жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi
                                     қызметтердiң құнын субсидиялау
                                            ережесiне 1 қосымша

                                                 "БЕКIТЕМIН"
                                     Облыстық (республикалық маңызы
                                       бар қаланың, астананың) ауыл
                                         шаруашылығы басқармасы
                                        __________________________
                                        "____"_____________2006 ж.

      Су пайдаланушылар бөлiнiсiнде ауыз су беру жөнiндегi
         нақты көрсетiлген қызметтердiң жиынтық тiзiлiмi
       __________________________        ____________________2006 ж.
         (су берушiнiң атауы)                     (ай)

Р/с
N

Су пайда-
ланушы-
лардың
атауы

Су беру
лимиті
мың текше
метр

Берiлген су, мың
текше метр

Бекiтiлген
тариф 1000
текше метр
үшін теңге

Жыл
басынан
бері

Оның
ішінде
есепті
айда

1

2

3

4

5

6

кестенің жалғасы

Көрсетілген
қызметтердің құны,
теңге

Субсидиялар мөлшері
(тарифтік сметаларда
ескерілген
шығындардың %-ы)
теңге

Жыл басынан
бері
субсидиялар
төленді,
теңге

Төленуге
тиіс,
теңге

Жыл
басынан
бері

Оның
ішінде
есепті
айда

Жыл
басынан
бері

Оның
ішінде
есепті
айда

7

8

9

10

11

12

Су беруші_____________________________________
______________________________________________
Ескерту: 2-бағанда су пайдаланушылар облыстық (республикалық
маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы басқармасы
бекiткен су пайдаланушылар тiзбесiндегiдей ретпен
келтiріледi