Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449  Жарлығын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi туралы epeжe;
      2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң аумақтың органдары - мемлекеттiк мекемелерінің тiзбесi;
      3) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
      4) Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрiне екi вице-министрi болуына рұқсат етілсiн.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.02.27. N  134  қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетi құрылсын.

      4. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
      2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
      3) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетінiң аумақтық бөлiмшелерi - мемлекеттік мекемелерiнiң және оның қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
      4) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
      5) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметі комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
      6) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
      7) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Зияткерлiк меншiк құқығы комитетінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.

      5. Мыналарға:
      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына;
      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң төрағасына төрт орынбасары болуына;
      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi комитетiнiң төрағасына үш орынбасары болуына;
      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлiк меншiк құқығы комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына рұқсат етiлсiн.

      6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң       
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1120 қаулысымен  
бекітiлген      

  Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі туралы
ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде оның құзыретiне жатқызылған қызмет саласындағы салааралық үйлестірудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
      Министрліктің негізгі міндеті мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимін қолдау, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
      Министрлiктiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, аудандарда, қалаларда және қалалардағы аудандарда аумақтық органдары және ведомстволары бар: Тiркеу қызметi комитеті, Зияткерлiк меншiк құқығы комитеті, Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi, Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетi, Дiни iстер комитетi.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.08.  N 120 , 2005.12.30. N  1319  (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясы  мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзiнiң атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      Министрлiктiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттiң атынан түсуге құқығы бар.
      4. Министрлiк өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртiппен министрдің бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      5. Министрліктің штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Министрлiктiң құрылымын, штат санын, материалдық-техникалық қамтамасыз ету шарттарын министр белгiлейдi.
      6. Министрліктiң заңды мекен-жайы:
      473000, Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 45.
      7. Министрлiктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесi;
      8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
      9. Министрліктiң қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      Министрлiкке кәсіпкерлiк субъектілерiмен Министрлiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiс келтiретін қызметтi жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.

  2. Министрлiктің функциялары мен құқықтары

      10. Министрлiк заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) мынадай салаларда мемлекеттік саясаттың қалыптастырылуын қамтамасыз ететін стратегиялық функциялар:
      ұлттық заңнаманы дамытуды;
      заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыруды, заңнаманы талдауды, жетiлдiрудi, жүйелеудi, нормативтік құқықтық кесiмдердiң заң сараптамасын жүргізуді;
      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындауды және жасасуды құқықтық қамтамасыз етудi, шетелдiк құқықтық көмек берумен байланысты iс-шараларды үйлестiрудi;
      Қазақстан Республикасының заңнамасын өз қызметi саласында қолдану практикасын талдау мен қорытуды және оны жетiлдiру, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою жөнiнде тиiстi ұсыныстар енгiзудi;
      халыққа құқықтық көмек ұйымдастыру мен заң қызметтерiн көрсетудi;
      зияткерлiк меншік құқықтарын қорғауды;
      қылмыстық жазалардың және тергеу изоляторларында уақытша оқшаулаудың орындалуын;
      заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлiкке құқықтар мен онымен жасалған мәмілелердi, нормативтік құқықтық кесiмдердi, азаматтық хал актілерiн мемлекеттік тiркеудi, азаматтарды, жылжитын мүлiк кепілдігін есепке алуды және тiркеудi, Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыруды, олардың жеке куәлiктерi мен төлқұжаттарын дайындауды және бepудi;
      мемлекеттің мүлiктік құқықтарын қорғауды;
      сот-сараптамасы қызметін, анықтау мен әкiмшілік iс жүргiзудi ұйымдастыруды;
      бағалау қызметiн ұйымдастыруды;
      азаматтардың дiни сенiм және дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл бостандығына құқықтарын қамтамасыз етудi;
      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң халыққа қызмет көрсету орталықтарында "жалғыз терезе" қағидаты бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру;
      сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды және сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізуді;
      2) мынадай салаларда мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын қамтамасыз ететiн функциялар:
      заң жобалау жұмысын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкiметiнiң, Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша және өз бастамашылығы бойынша өзге де нормативтік құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеудi;
      халықаралық шарттардың, заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдердiң жобаларын заңдық сараптауды жүргiзудi;
      Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Премьер-Министрiнiң тапсырмасы бойынша және өз бастамашылығы бойынша Үкiметтiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiн ресми түрде түсiндiрудi;
      заңнаманы жүйелеудi, нормативтік құқықтық кесімдердiң мемлекеттiк есебiн жүргiзудi, құқықтық ақпараттың бiрыңғай жүйесiн құруды;
      шетел мемлекеттерiмен құқықтық көмек және құқықтық ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарды дайындау және оларды жасасуды ұйымдастыруды;
      зияткерлiк меншiк құқықтарын өзара қорғау туралы халықаралық шарттарды дайындауды және жасасуды;
      Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Премьер-Министрiнiң тапсырмасы бойынша мемлекеттiң құқықтық мәселелер жөнiндегi мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етудi;
      мемлекеттiң мүлiктік құқықтарын қорғауды ұйымдастыруды;
      заңнама саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестірудi;
      халықаралық шарттарға сәйкес шетелдiк мемлекеттердiң соттық тапсырмалары мен қолдау хаттарын орындауды;
      жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу;
      Қазақстан Республикасы мен шетелдiк мемлекеттердiң заңнамаларын үйлестiру, бiрiздендiру, сондай-ақ Қазақстан таныған халықаралық нормаларды Қазақстан Республикасының заңнамасына имплементациялау мәселелерi бойынша талдау жүргізуді;
      шетелдiк мемлекеттермен құқықтық көмек және құқықтық ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарды орындаумен байланысты iс-шараларды үйлестірудi;
      Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң мемлекеттік тiзілiмiн жүргiзу және мемлекеттiк органдардың тiркелген нормативтік құқықтық кесiмдерiнiң тiзбесiн көпшілiктің назарына ұсыну үшiн жариялауды;
      Қазақстан Республикасының кепiлдiгiмен жасасылған заем шарттарын заңдық сараптауды;
       аумақтық әдiлет органдарының қызметіне олардың құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыруды;
      өз құзыретiнiң шегiнде мемлекеттiк құпияларды қорғауды және жұмылдыру жұмысын қамтамасыз етудi;
      орталық мемлекеттiк органдардың, мәслихаттардың, әкiмдiктер мен әкiмдердiң нормативтік құқықтық кесiмдерiн мемлекеттік тiркеудi жүзеге acырады;
      азаматтар мен заңды тұлғалардың Әдiлет министрлiгiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өтiнiштерiн қабылдауды, қарауды және өтiнiш берушiлерге Қазақстан Республикасының  заңнамасында  белгiленген тәртiппен және мерзiмде қабылданған шешiмдер туралы хабарлауды;
      стратегиялар мен бағдарламаларды iске асыруды қамтамасыз етудi;
      өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдарға ғылыми-әдiстемелiк және құқықтық көмек көрсетуді;
      сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасауды және жүргізуді, сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды, сондай-ақ өз құзыретінің шегінде сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін құру, жүргізу және пайдалану жөнінде нормативтік құқықтық актілер әзірлеуді.
       Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.02.  N 549 , 2005.12.30. N  1319  (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.01.05.  N 1 , 2007.01.29.   N 64 ,  2007.04.30. N  352  (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      11. Министрлiктiң:
      жалпы ұлттық мемлекеттік даму стратегиясын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      өз құзыретiнiң шегiнде орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдауға;
      Министрлiктiң құзыретіне кiретiн мәселелер бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыруға;
      орталық мемлекеттiк органдарда, сондай-ақ мәслихаттар мен әкiмдiктерде мемлекеттiк тiркеуге жататын нормативтiк құқықтық кесiмдердi тексеруді жүзеге асыруға;
      заң жобалау, сараптама, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен консультацияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың оның iшінде шетелдiктердің мамандары мен сарапшыларын тартуға;
      заңнамада көзделген жағдайларда заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгізуге;
      заңнамада белгіленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
      өзiне берiлген мүлiктi басқаруды жүзеге асыруға;
      ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқығы бар.

  3. Министрлiктің мүлкi

      12. Министрлiктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
      Әдiлет министрлігінің мүлкі оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптастырылады және негiзi және айналым қаражатынан, сондай-ақ құны теңгерiмде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады.
      13. Министрлiктің мүлкi республикалық меншiкке жатады.
      14. Министрлiктiң өзiне бекiтілген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
      Министрлiкке заңда белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке иелік ету құқығы берiлуi мүмкiн.

  4. Министрлiктің қызметiн ұйымдастыру

      15. Министрлiк, оның органдары мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдары әдiлет органдарының бiрыңғай жүйесін құрайды.
      Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын министр басқарады.
      Министрдiң Қазақстан Республикасының Үкiметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын вице-министрлерi болады.
       Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.02.27. N  134  қаулысымен.
      16. Министр Министрлiктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауаптылықта болады.
      17. Осы мақсатта министр:
      Министрлiктiң құрылымын бекiтедi, сондай-ақ вице-министрлердiң, Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкілеттіктер ауқымын белгілейдi;
      қызметке тағайындалуы және қызметтен босатылуы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құзыретіне жатқызылған адамдарды қоспағанда, заңнамада белгiленген тәртiппен Министрлiктiң қызметкерлерiн, Министрлiктiң комитеттерi басшыларының орынбасарларын, облыстық, Астана және Алматы қалалары аумақтық әдiлет органдарының, Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi аумақтық органдарының, Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын, сондай-ақ олардың орынбасарларын, аудандық, қалалық және қалалардағы аудандық аумақтық әділет органдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдары туралы ережелердi бекiтедi;
      мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Министрлiкті білдiредi;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнайы атақтар бередi;
      Министрлiктiң аумақтық органдары, сондай-ақ Министрлiктiң қарамағындағы ұйымдар басшылары кесiмдерінің күшiн жояды, не толығымен, не бөлігінде тоқтата тұрады;
      заңнамада белгіленген тәртiппен қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiнде айрықша жағдайлар режимiн енгiзедi;
      мемлекеттік тiркеуге жататын, бiрақ одан өтпеген мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық кесiмдерiн жарамсыз деп тану туралы талап-арызбен сотқа шағымданады;
      әділет органдары орындауға мiндетті кесiмдердi, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде өзге де мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар орындауға мiндетті кесiмдер шығарады;
      Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде көзделген жағдайларда заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгiзедi.
       Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.08.  N 120  қаулысымен.
      18. Министрлiктiң министрдің жанындағы консультациялық-кеңесшi орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын, сондай-ақ ол туралы ереженi министр бекiтедi.

  5. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату

      19. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1120 қаулысымен  
бекiтiлген      

  Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң
аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң
ТIЗБЕСI 

       Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.02.08.  N 120  қаулысымен.

      1. Ақмола облысының Әдiлет департаментi
      2. Ақтөбе облысының Әдiлет департаментi
      3. Алматы облысының Әдiлет департаментi
      4. Атырау облысының Әдiлет департаментi
      5. Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi.
      6. Жамбыл облысының Әдiлет департаментi
      7. Батыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi
      8. Қарағанды облысының Әдiлет департаментi
      9. Қызылорда облысының Әдiлет департаментi
      10. Қостанай облысының Әдiлет департаментi
      11. Маңғыстау облысының Әдiлет департаменті
      12. Павлодар облысының Әдiлет департаментi
      13. Солтүстік Қазақстан облысының Әдiлет департаменті
      14. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаменті
      15. Астана қаласының Әдiлет департаментi
      16. Алматы қаласының Әдiлет департаментi
      17. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Ақмола облысының Әдiлет департаментi Ақкөл ауданының Әдiлет басқармасы
      18. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Ақмола облысының Әділет департаментi Аршалы ауданының Әдiлет басқармасы
      19. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Ақмола облысының Әділет департаментi Атбасар ауданының Әдiлет басқармасы
      20. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Ақмола облысының Әділет департаментi Астрахан ауданының Әдiлет басқармасы
      21. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Ақмола облысының Әділет департаментi Бұланды ауданының Әдiлет басқармасы
      22. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Ақмола облысының Әділет департаментi Егіндiкөл ауданының Әдiлет басқармасы
      23. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Ақмола облысының Әділет департаментi Ерейментау ауданының Әдiлет басқармасы
      24. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ақмола облысының Әдiлет департаментi Еңбекшiлдер ауданының Әдiлет басқармасы
      25. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Ақмола облысының Әдiлет департаменті Есiл ауданының Әдiлет басқармасы
      26. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Ақмола облысының Әділет департаментi Жарқайың ауданының Әдiлет басқармасы
      27. Қазақстан -Республикасы Әдiлет министрлiгi Ақмола облысының Әдiлет департаментi Жақсы ауданының Әдiлет басқармасы
      28. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Ақмола облысының Әдiлет департаментi Зерендi ауданының Әдiлет басқармасы
      29. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Ақмола облысының Әдiлет департаментi Қорғалжын ауданының Әдiлет басқармасы.
      30. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Ақмола облысының Әдiлет департаментi Степногор қаласының Әділет басқармасы
      31. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Ақмола облысының Әдiлет департаментi Сандықтау ауданының Әдiлет басқармасы
      32. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Ақмола облысының Әдiлет департаменті Целиноград ауданының Әдiлет басқармасы
      33. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Ақмола облысының Әдiлет департаменті Шортанды ауданының Әділет басқармасы.
      34. Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгi Ақмола облысының Әдiлет департаменті Щучье ауданының Әділет басқармасы
      35. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Ақмола облысының Әдiлет департаментi Көкшетау қаласының Әдiлет басқармасы
      36. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Алматы облысының Әдiлет департаментi Ақсу ауданының Әдiлет басқармасы
      37. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Алматы облысының Әдiлет департаменті Алакөл ауданының Әдiлет басқармасы
      38. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Алматы облысының Әдiлет департаментi Балқаш ауданының Әдiлет басқармасы
      39. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Алматы облысының Әдiлет департаментi Жамбыл ауданының Әдiлет басқармасы
      40. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Алматы облысының Әдiлет департаментi Еңбекшiқазақ ауданының Әдiлет басқармасы
      41. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Алматы облысының Әдiлет департаменті Ескелдi ауданының Әдiлет басқармасы
      42. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Алматы облысының Әдiлет департаменті Iле ауданының әдiлет басқармасы
      43. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Алматы облысының Әдiлет департаменті Қарасай ауданының Әдiлет басқармасы
      44. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Алматы облысының Әдiлет департаментi Қаратал ауданының Әдiлет басқармасы
      45. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Алматы облысының Әдiлет департаментi Кербұлақ ауданының Әдiлет басқармасы
      46. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Алматы облысының Әдiлет департаментi Көксу ауданының Әдiлет басқармасы
      47. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Алматы облысының Әдiлет департаментi Райымбек ауданының Әдiлет басқармасы
      48. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Алматы облысының Әдiлет департаментi Панфилов ауданының Әдiлет басқармасы
      49. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Алматы облысының Әдiлет департаментi Сарқант ауданының Әдiлет басқармасы
      50. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Алматы облысының Әдiлет департаментi Талғар ауданының Әдiлет басқармасы
      51. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Алматы облысының Әдiлет департаментi Ұйғыр ауданының Әдiлет басқармасы
      52. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Алматы облысының Әдiлет департаментi Қапшағай қаласының Әдiлет басқармасы
      53. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Алматы облысының Әдiлет департаментi Текелi қаласының Әдiлет басқармасы
      54. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Алматы облысының Әдiлет департаментi Талдықорған қаласының Әдiлет басқармасы
      55. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Ақтөбе облысының Әдiлет департаментi Әйтеке би ауданының Әдiлет басқармасы
      56. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Ақтөбе облысының Әдiлет департаментi Алға ауданының Әдiлет басқармасы
      57. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Ақтөбе облысының Әдiлет департаменті Байғанин ауданының Әдiлет басқармасы
      58. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Ақтөбе облысының Әдiлет департаментi Ырғыз ауданының Әдiлет басқармасы
      59. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Ақтөбе облысының Әдiлет департаментi Қарғалы ауданының Әдiлет басқармасы
      60. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Ақтөбе облысының Әдiлет департаментi Қобда ауданының Әдiлет басқармасы
      61. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Ақтөбе облысының Әдiлет департаментi Мәртөк ауданының Әдiлет басқармасы
      62. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Ақтөбе облысының Әдiлет департаментi Мұғалжар ауданының Әдiлет басқармасы
      63. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Ақтөбе облысының Әдiлет департаментi Темiр ауданының Әдiлет басқармасы
      64. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Ақтөбе облысының Әдiлет департаментi Ойыл ауданының Әдiлет басқармасы
      65. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Ақтөбе облысының Әдiлет департаментi Хромтау ауданының Әдiлет басқармасы
      66. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Ақтөбе облысының Әдiлет департаментi Шалқар ауданының Әдiлет басқармасы
      67. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Ақтөбе облысының Әдiлет департаментi Ақтөбе қаласының Әдiлет басқармасы
      68. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Атырау облысының Әдiлет департаментi Жылыой ауданының Әдiлет басқармасы
      69. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Атырау облысының Әдiлет департаментi Махамбет ауданының Әдiлет басқармасы
      70. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Атырау облысының Әдiлет департаментi Исатай ауданының Әдiлет басқармасы
      71. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Атырау облысының Әдiлет департаментi Қызылқоға ауданының Әдiлет басқармасы
      72. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігi Атырау облысының Әдiлет департаментi Индер ауданының Әдiлет басқармасы
      73. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Атырау облысының Әдiлет департаментi Мақат ауданының Әдiлет басқармасы
      74. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Атырау облысының Әдiлет департаменті Құрманғазы ауданының Әдiлет басқармасы
      75. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Атырау облысының Әдiлет департаменті Атырау қаласының Әдiлет басқармасы
      76. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi Абай ауданының Әдiлет басқармасы
      77. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi Аягөз ауданының Әдiлет басқармасы
      78. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi Бесқарағай ауданының Әдiлет басқармасы
      79. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi Бородулиха ауданының Әдiлет басқармасы
      80. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi Глубокое ауданының Әдiлет басқармасы
      81. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi Жарма ауданының Әдiлет басқармасы
      82. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi Зайсан ауданының Әдiлет басқармасы
      83. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi Зырян ауданының Әдiлет басқармасы
      84. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi Катон-Қарағай ауданының Әдiлет басқармасы
      85. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi Күршім ауданының Әдiлет басқармасы
      86. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi Көкпекті ауданының Әдiлет басқармасы
      87. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi Курчатов қаласының Әдiлет басқармасы
      88. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаменті Риддер қаласының Әдiлет басқармасы
      89. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаменті Семей қаласының Әдiлет басқармасы
      90. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаменті Тарбағатай ауданының Әдiлет басқармасы
      91. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаменті Ұлан ауданының Әдiлет басқармасы
      92. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi Yржар ауданының Әдiлет басқармасы
      93. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi Шемонайха ауданының Әдiлет басқармасы
      94. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi Өскемен қаласының Әдiлет басқармасы
      95. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Жамбыл облысының Әдiлет департаментi Байзақ ауданының Әдiлет басқармасы
      96. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Жамбыл облысының Әдiлет департаментi Жамбыл ауданының Әдiлет басқармасы
      97. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Жамбыл облысының Әдiлет департаментi Жуалы ауданының Әдiлет басқармасы
      98. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Жамбыл облысының Әділет департаментi Қордай ауданының Әділет басқармасы
      99. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Жамбыл облысының Әдiлет департаменті Тұрар Рысқұлов ауданының Әдiлет басқармасы
      100. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Жамбыл облысының Әдiлет департаменті Мерке ауданының Әдiлет басқармасы
      101. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Жамбыл облысының Әдiлет департаментi Мойынқұм ауданының Әділет басқармасы
      102. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Жамбыл облысының Әдiлет департаменті Сарысу ауданының Әдiлет басқармасы
      103. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Жамбыл облысының Әдiлет департаменті Талас ауданының Әдiлет басқармасы
      104. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Жамбыл облысының Әдiлет департаментi Шу ауданының Әдiлет басқармасы
      105. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Жамбыл облысының Әдiлет департаменті Тараз қаласының Әдiлет басқармасы
      106. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Батыс Қазақстан облысының Әдiлет департаменті Ақжайық ауданының Әдiлет басқармасы
      107. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Батыс Қазақстан облысының Әдiлет департаменті Бөрлі ауданының Әдiлет басқармасы
      108. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Батыс Қазақстан облысының Әдiлет департаменті Сырым ауданының Әдiлет басқармасы
      109. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Батыс Қазақстан облысының Әдiлет департаменті Жаңғалы ауданының Әдiлет басқармасы
      110. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Батыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi Жәнiбек ауданының Әдiлет басқармасы
      111. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Батыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi Зеленов ауданының Әдiлет басқармасы
      112. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Батыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi Казталовка ауданының Әдiлет басқармасы
      113. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Батыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi Тасқала ауданының Әдiлет басқармасы
      114. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Батыс Қазақстан облысының Әдiлет департаменті Бөкей ордасы ауданының Әдiлет басқармасы
      115. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Батыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi Tepeкті ауданының Әдiлет басқармасы
      116. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Батыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi Қаратөбе ауданының Әдiлет басқармасы
      117. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Батыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi Шыңғырлау ауданының Әдiлет басқармасы
      118. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Батыс Қазақстан облысының Әдiлет департаменті Орал қаласының Әдiлет басқармасы
      119. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қарағанды облысының Әдiлет департаментi Саран қаласының Әдiлет басқармасы
      120. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қарағанды облысының Әдiлет департаменті Темiртау қаласының Әдiлет басқармасы
      121. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қарағанды облысының Әдiлет департаментi Шахтинск қаласының Әдiлет басқармасы
      122. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қарағанды облысының Әдiлет департаментi Абай ауданының Әдiлет басқармасы
      123. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қарағанды облысының Әдiлет департаментi Бұқар жырау ауданының Әдiлет басқармасы
      124. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қарағанды облысының Әдiлет департаментi Қарқаралы ауданының Әдiлет басқармасы
      125. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қарағанды облысының Әдiлет департаменті Нұра ауданының Әдiлет басқармасы
      126. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қарағанды облысының Әдiлет департаментi Осакаров ауданының Әдiлет басқармасы
      127. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қарағанды облысының Әдiлет департаментi Балқаш қаласының Әдiлет басқармасы
      128. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қарағанды облысының Әдiлет департаментi Ақтоғай ауданының Әдiлет басқармасы
      129. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қарағанды облысының Әдiлет департаментi Жаңаарқа ауданының Әдiлет басқармасы
      130. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қарағанды облысының Әдiлет департаментi Ұлытау ауданының Әдiлет басқармасы
      131. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қарағанды облысының Әдiлет департаменті Шет ауданының Әдiлет басқармасы
      132. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қарағанды облысының Әдiлет департаментi Жезқазған қаласының Әдiлет басқармасы
      133. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қарағанды облысының Әдiлет департаментi Сәтбаев қаласының Әдiлет басқармасы
      134. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қарағанды облысының Әдiлет департаментi Қаражал қаласының Әдiлет басқармасы
      135. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қарағанды облысының Әдiлет департаментi Қарағанды қаласының Әдiлет басқармасы
      136. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қостанай облысының Әділет департаментi Алтынсарин ауданының Әдiлет басқармасы
      137. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қостанай облысының облысының Әдiлет департаментi Амангелдi ауданының Әдiлет басқармасы
      138. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қостанай облысының Әдiлет департаментi Әулиекөл ауданының Әдiлет басқармасы
      139. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қостанай облысының облысының Әдiлет департаментi Денисов ауданының Әдiлет басқармасы
      140. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қостанай облысының Әдiлет департаментi Жангелдин ауданының Әдiлет басқармасы
      141. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қостанай облысының Әдiлет департаментi Жiтiқара ауданының Әдiлет басқармасы
      142. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қостанай облысының Әдiлет департаментi Қамысты ауданының Әдiлет басқармасы
      143. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қостанай облысының Әдiлет департаментi Қарабалық ауданының Әдiлет басқармасы
      144. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қостанай облысының Әдiлет департаментi Қарасу ауданының Әдiлет басқармасы
      145. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қостанай облысының Әдiлет департаментi Қостанай ауданының Әдiлет басқармасы
      146. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қостанай облысының Әдiлет департаментi Меңдiқара ауданының Әдiлет басқармасы
      147. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қостанай облысының Әдiлет департаментi Наурызым ауданының Әдiлет басқармасы
      148. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қостанай облысының Әдiлет департаментi Сарыкөл ауданының Әдiлет басқармасы
      149. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қостанай облысының Әдiлет департаментi Таран ауданының Әдiлет басқармасы
      150. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қостанай облысының Әдiлет департаментi Ұзынкөл ауданының Әдiлет басқармасы
      151. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қостанай облысының Әдiлет департаментi Федоров ауданының Әдiлет басқармасы
      152. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қостанай облысының Әдiлет департаментi Арқалық қаласының Әдiлет басқармасы
      153. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қостанай облысының Әдiлет департаменті Лисаков қаласының Әдiлет басқармасы
      154. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қостанай облысының Әдiлет департаментi Рудный қаласының Әдiлет басқармасы
      155. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қостанай облысының Әділет департаментi Қостанай қаласының Әдiлет басқармасы
      156. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қызылорда облысының Әділет департаментi Арал ауданының Әдiлет басқармасы
      157. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қызылорда облысының Әдiлет департаменті Қазалы ауданының Әдiлет басқармасы
      158. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қызылорда облысының Әдiлет департаменті Қармақшы ауданының Әдiлет басқармасы
      159. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қызылорда облысының Әдiлет Департаменті Жалағаш ауданының Әдiлет басқармасы
      160. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қызылорда облысының Әдiлет департаменті Сырдария ауданының Әдiлет басқармасы
      161. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қызылорда облысының Әдiлет департаментi Шиелi ауданының Әдiлет басқармасы
      162. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қызылорда облысының Әдiлет департаментi Жаңақорған ауданының Әдiлет басқармасы
      163. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қызылорда облысының Әдiлет департаменті Байқоңыр қаласының Әдiлет басқармасы
      164. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қызылорда облысының Әдiлет департаменті Қызылорда қаласының Әдiлет басқармасы
      165. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Маңғыстау облысының Әділет департаменті Жаңаөзен қаласының Әдiлет басқармасы
      166. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Маңғыстау облысының Әдiлет департаменті Бейнеу ауданының Әдiлет басқармасы
      167. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Маңғыстау облысының Әділет департаменті Түпқараған ауданының Әдiлет басқармасы
      168. Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгi Маңғыстау облысының Әдiлет департаментi Қарақия ауданының Әдiлет басқармасы
      169. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Маңғыстау облысының Әдiлет департаменті Маңғыстау ауданының Әдiлет басқармасы
      170. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Маңғыстау облысының Әділет департаменті Ақтау қаласының Әдiлет басқармасы
      171. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Павлодар облысының Әдiлет департаменті Ақсу қаласының Әдiлет басқармасы
      172. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Павлодар облысының Әдiлет департаменті Ақтоғай ауданының Әдiлет басқармасы
      173. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Павлодар облысының Әдiлет департаменті Баянауыл ауданының Әдiлет басқармасы
      174. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Павлодар облысының Әдiлет департаменті Железин ауданының Әдiлет басқармасы
      175. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Павлодар облысының Әдiлет департаментi Ертiс ауданының Әдiлет басқармасы
      176. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Павлодар облысының Әдiлет департаменті Қашыр ауданының Әдiлет басқармасы
      177. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Павлодар облысының Әдiлет департаментi Лебяжi ауданының Әдiлет басқармасы
      178. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Павлодар облысының Әдiлет департаментi Май ауданының Әділет басқармасы
      179. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Павлодар облысының Әдiлет департаментi Павлодар ауданының Әділет басқармасы
      180. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Павлодар облысының Әдiлет департаменті Успен ауданының Әдiлет басқармасы
      181. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Павлодар облысының Әдiлет департаментi Шарбақты ауданының Әдiлет басқармасы
      182. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Павлодар облысының Әдiлет департаментi Екiбастұз қаласының Әдiлет басқармасы
      183. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Павлодар облысының Әдiлет департаментi Павлодар қаласының Әділет басқармасы
      184. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаменті Аққайың ауданының Әдiлет басқармасы
      185. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Әдiлет департаменті Айыртау ауданының Әділет басқармасы
      186. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаменті Ақжар ауданының Әдiлет басқармасы
      187. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Солтүстік Қазақстан облысының Әдiлет департаменті Мағжан Жұмабаев ауданының Әділет басқармасы
      188. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Солтүстік Қазақстан облысының Әдiлет департаменті Есiл ауданының Әдiлет басқармасы
      189. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаменті Жамбыл ауданының Әдiлет басқармасы
      190. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi Қызылжар ауданының Әдiлет басқармасы
      191. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаменті Мамлют ауданының Әдiлет басқармасы
      192. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаменті Шал ақын атындағы ауданның Әділет басқармасы
      193. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігi Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаменті Тайынша ауданының Әдiлет басқармасы
      194. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Солтүстiк Қазақстан облысының Әділет департаментi Тимирязев ауданының Әдiлет басқармасы
      195. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті Уәлиханов ауданының Әдiлет басқармасы
      196. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаменті Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның Әдiлет басқармасы
      197. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаменті Петропавл қаласының Әдiлет басқармасы
      198. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi Арыс қаласының Әдiлет басқармасы
      199. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментi Кентау қаласының Әділет басқармасы
      200. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментi Түркiстан қаласының Әділет басқармасы
      201. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi Бәйдiбек ауданының Әділет басқармасы
      202. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының Әдiлет департаменті Қазығұрт ауданының Әділет басқармасы
      203. Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгi Оңтүстік Қазақстан облысының Әдiлет департаментi Мақтаарал ауданының Әділет басқармасы
      204. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi Ордабасы ауданының Әдiлет басқармасы
      205. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi Отырар ауданының Әдiлет басқармасы
      206. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi Сайрам ауданының Әділет басқармасы
      207. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігi Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi Сарыағаш ауданының Әділет басқармасы
      208. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының Әдiлет департаментi Созақ ауданының Әділет басқармасы
      209. Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгi Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi Төле би ауданының Әдiлет басқармасы.
      210. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Оңтүстiк Қазақстан облысының Әділет департаментi Түлкібас ауданының Әділет басқармасы
      211. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының Әдiлет департаментi Шардара ауданының Әдiлет басқармасы
      212. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Оңтүстік Қазақстан облысының Әдiлет департаментi Шымкент қаласының Әдiлет басқармасы
      213. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Астана қаласының Әдiлет департаменті Алматы ауданының Әдiлет басқармасы
      214. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Астана қаласының Әдiлет департаменті Сарыарқа ауданының Әділет басқармасы
      215. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Алматы қаласының Әдiлет департаментi Алмалы ауданының Әдiлет басқармасы
      216. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі Алматы қаласының Әдiлет департаментi Әуезов ауданының Әдiлет басқармасы
      217. Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгi Алматы қаласының Әдiлет департаментi Бостандық ауданының Әдiлет басқармасы
      218. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Алматы қаласының Әдiлет департаментi Жетiсу ауданының Әдiлет басқармасы
      219. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Алматы қаласының Әдiлет департаментi Медеу ауданының Әділет басқармасы
      220. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Алматы қаласының Әдiлет департаментi Түрксіб ауданының Әдiлет басқармасы 

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1120 қаулысымен  
бекiтiлген      

  Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігiнiң
қарамағындағы ұйымдардың
ТIЗБЕСI

      Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.02. N  552 , 2007.01.05.  N 1 , 2007.01.30.  N 72  қаулыларымен.

      1. "Cот сараптамасы орталығы" мемлекеттік мекемесi
      2. "Қазақстан Республикасының Заң шығару институты" жабық акционерлiк қоғамы
      3. "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны
      4. "Судьялар мен әдiлет қызметкерлерiнің біліктiлігін арттыру институты" ашық акционерлiк қоғамы
      5. "Заң" медиа-корпорациясы" жауапкерлігі шектеулі серіктестігі
      6. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны
      7. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Дiн мәселелерi жөнiндегi ғылыми-зерттеу және талдау орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      7. "Астана қаласы Алматы ауданының N 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      8. "Астана қаласы Алматы ауданының N 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi 
      9. "Астана қаласы Сарыарқа ауданының N 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      10. "Астана қаласы Сарыарқа ауданының N 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      11. "Алматы қаласы Алмалы ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      12. "Алматы қаласы Түрксiб ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      13. "Алматы қаласы Әуезов ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      14. "Алматы қаласы Жетiсу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      15. "Алматы қаласы Бостандық ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      16. "Алматы қаласы Медеу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      17. "Көкшетау қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      18. "Ақтөбе қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      19. "Талдықорған қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      20. "Атырау қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      21. "Орал қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      22. "Тараз қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      23. "Қарағанды қаласының N 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесi
      24. "Қарағанды қаласының N 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      25. "Қарағанды қаласының N 3 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      26. "Қарағанды қаласының N 4 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi 
      27. "Қостанай қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      28. "Қызылорда қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      29. "Ақтау қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      30. "Шымкент қаласының N 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      31. "Шымкент қаласының N 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      32. "Павлодар қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      33. "Петропавл қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      34. "Өскемен қаласының N 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      35. "Өскемен қаласының N 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      36. "Өскемен қаласының N 3 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1120 қаулысымен  
бекiтiлген     

  Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешімдерiне
енгiзілетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтің түрлерiне, лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиярлардың) тiзбесінде:
      3-бағандағы реттiк нөмiрi 17-жолдағы "адвокаттық қызмет, нотариустардың қызметі" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 17-2-жолмен толықтырылсын:
      "17-2. Қазақстан Республикасы   адвокаттық қызмет;
             Әділет министрлiгiнiң    нотариустардың қызметi".
             Халыққа құқықтық көмек 
             және заңгерлiк қызмет
             көрсетуді ұйымдастыру
             комитетi

      2. "Адвокаттық және нотариалдық қызметпен айналысу құқығына арналған мемлекеттiк лицензиялардың нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 1325  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 49, 446-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына арналған мемлекеттiк лицензияның нысанында:
      "Әдiлет министрлiгi" деген сөздер "Әділет министрлiгінiң Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Әділет министрі" деген сөздер "Комитеттің төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Нотариалдық қызметпен айналысу құқығына арналған мемлекеттiк лицензияның нысанында: "Әділет министрлігі" деген сөздер "Әділет министрлiгінің Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Әділет министрі" деген сөздер "Комитеттің төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3. "Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қыркүйектегi N 1235  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы 2001 ж., N 33, 433-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекітілген Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдардың аттестациядан өту ережесiнде:
      2-тармақта:
      бiрiншi абзацта "Әдiлет министрлiгi" деген сөздер "Әдiлет министрлігінің Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртіншi абзацта "Әдiлет министрі" деген сөздер "Әдiлет министрлігінiң Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетiнiң төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтың бiрiнші абзацында "Әдiлет министрлiгiнiң" деген сөздерден кейiн "Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетiлген қаулының 1-қосымшасында:
      1-тармақта "1." деген сан алынып тасталсын;
      2-тармақ алынып тасталсын.

      4. "Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметін лицензиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 27 ақпандағы N 254  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 6, 60-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметін лицензиялау ережесiнде:
      2-тармақта "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      14, 15-тармақтардағы "Әдiлет министрінің", "Әдiлет министрi" деген сөздер тиiсiнше "Әділет министрлігінiң Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетi төрағасының", "Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетiнiң төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1120 қаулысымен  
бекiтiлген     

  Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң
Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк
қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетi туралы
ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің (бұдан әрi - Министрлiк) өз құзыретiнің шегiнде құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру саласында iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
      Комитеттiң негiзгi мiндетi құқықтық көмектi, құқықтық түсiндiру жұмыстарын және халыққа заңгерлiк қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк саясатты iске асыру болып табылады.
      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясына  және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкiметiнің кесiмдерiне, осы Ережеге және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегі бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      Комитеттiң егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттілiк берiлсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болуға құқығы бар.
      4. Комитет өз құзыретіндегi мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртiппен бұйрықтар шығарады.
      5. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметі бекiтедi.
      6. Комитеттің заңды мекен-жайы:
      473000, Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 45.
      7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
      8. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
      9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлермен оның функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне шарттық қатынастарға түсуiне тыйым салынады.
      Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер келтiретiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

  2. Комитеттiң функциялары мен құқықтары

      10. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) мынадай салаларда мемлекеттік саясаттың iске асырылуын қамтамасыз ететiн функциялар:
      аумақтық әдiлет органдарының құқықтық көмектi, құқықтық насихатты ұйымдастыру және заңгерлiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестірудi;
      мемлекеттiк органдардың заң қызметтерiмен құқықтық насихат және жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру мәселелерi бойынша жұмысты үйлестiрудi және өзара iс-қимыл жасауды;
      Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң, ведомстволық бағынысты ұйымдарының құқықтық насихат және заңнаманы түсiндiру мәселелерi жөніндегi жұмысын үйлестiрудi;
      әдiстемелiк және түсiндiру материалдарын әзiрлеудi, құқық қолдану практикасын қорытуды және реттеудi, сондай-ақ құқықтық түсiндiру жұмыстарын ұйымдастыруды, халыққа құқықтық қызмет көрсету мен заң қызметiн көрсетудің проблемалық мәселелерi жөнiндегі iс-шараларды ұйымдастыруды;
      нотариустық қызметпен айналысу құқығына берiлетiн лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзудi;
      адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілетін лицензиялардың Мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзудi;
      аумақтық әдiлет органдарының халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi әрекеттерiне, сондай-ақ нотариустар мен адвокаттардың олар ұсынған қызметтердiң сапасы мәселелерi жөнiндегi әрекеттерiне шағымдарды қарауды;
      өз құзыретiнiң шегiнде құқықтық көмектi және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруды;
      өз құзыретiнiң шегiнде құқықтық көмектi ұйымдастыру және заңгерлiк қызмет көрсету, құқықтық түсiндiру жұмыстары, құқықтық оқыту және тәрбиелеу мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдармен, үкiметтік емес ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара iс-қимыл жасауды;
      әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудың өткізілуін ұйымдастыруды;
      стратегиялар мен бағдарламаларды iске асыруды қамтамасыз етудi;
      өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдарға ғылыми-әдiстемелiк және құқықтық көмек көрсетудi;
      оған басқа мемлекеттiк органдар мен ұйымдар берген мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ олар құпияландырған мәлiметтердi қорғауды қамтамасыз етудi;
      азаматтар мен заңды тұлғалардың Әдiлет министрлiгiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өтiнiштерiн қабылдауды, қарауды және өтiнiш берушiлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде қабылданған шешiмдер туралы хабарлауды;
      2) бақылау функцияларын:
      аумақтық әдiлет органдарының халыққа құқықтық көмектi ұйымдастыру және заңгерлік қызмет көрсету саласында заңдылықты ұйымдастыру мен қамтамасыз ету жөнiндегі қызметін;
      халыққа нотариаттық және адвокаттық қызмет көрсету сапасын, соның ішінде нотариустар мен адвокаттардың лицензияларын қайтарып алуды, қолданысын тоқтата тұруды және тоқтатуды;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен адвокаттық және нотариустық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады.
       Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.02.  N 549  қаулысымен.
      11. Комитеттің заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) өз құзыретiнің шегiнде халыққа құқықтық көмектi ұйымдастыру және заңгерлік қызмет көрсету саласында нормативтік құқықтық кесiмдер қабылдауға;
      2) өз құзыретiнің мәселелері бойынша заңнаманы жетілдiруге ұсыныстар дайындауға;
      3) заңнамада белгіленген тәртiппен мемлекеттік органдардағы құқықтық насихат пен жалпыға бірдей құқықтық оқыту жөнiндегi жұмыстың жай-күйіне тексерiстердi жүзеге асыруға;
      4) құқықтық көмектi ұйымдастыру және заңгерлік қызметтер көрсету, сондай-ақ олардың нотариустар мен адвокаттардың кәсiптiк қызметiн жүзеге асыруының заңдылығына бақылауды жүзеге асыруы мәселелерi бойынша аумақтың әдiлет органдарына әдістемелік көмек көрсетуге;
      5) заңнамада белгiленген тәртіппен аумақтық әділет органдарынан, нотариаттық палаталар мен адвокаттар алқаларынан, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан және азаматтардан ақпарат пен материалдар, сондай-ақ құқықтық көмектi ұйымдастыру және заңгерлік қызметтер көрсету үшiн қажетті басқа да мәліметтерді сұратуға және алуға;
      6) өзiнiң құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсініктер беруге;
      7) нотариустық (адвокаттық) қызметпен айналысу құқығына берiлген лицензияларды керi қайтарып алу туралы республика соттарына талап-арыз беруге және аумақтық әділет органдарына сот органдарында лицензиярдың мүдделерін білдiрудi тапсыруға;
      8) құқықтық көмектi ұйымдастыру және заңгерлік қызметтер көрсету мәселелерi бойынша халықаралық шарттар жасасу және оларға қосылу туралы ұсыныстар eнгізуге;
      9) кеңестер, семинарлар, конференциялар өткiзуге, сондай-ақ халықаралық конференциялар мен кеңестерде өзiнің құзыретіне кiретiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасын білдiруге және олардың жұмысына қатысуға;
      10) құқықтық тақырып бойынша баспа қызметiн жүзеге асыруға құқығы бар.
       Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.02.  N 549  қаулысымен.
 

  3. Комитеттің мүлкі

      12. Комитеттің жедел басқару құқығында республикалық меншiкке жататын оқшауланған мүлкі болады.
      Комитеттiң мүлкі оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптастырылады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Комитеттiң теңгерімiнде көрсетілетiн өзге де мүлiктен тұрады.
      13. Комитеттің өзiне бекiтiлген мүлiктi өздiгiнен иелiктен айыруға немесе өзге тәсiлдерiмен иелiк етуге құқығы жоқ. Комитетке заңнамалық кесiмдерде белгіленген жағдайларда және шектерде мүлiкке иелік ету құқығы берiлуi мүмкiн.

  4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру

      14. Комитетті Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
      Комитет төрағасының заңнамаға сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      Комитет төрағасы орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      15. Комитет төрағасы комитеттің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауаптылықта болады.
      16. Осы мақсатта Комитеттің төрағасы:
      1) өзiнiң орынбасарларының және Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкілеттiктерiн белгілейдi;
      2) заңнамаға сәйкес Комитет қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлерiн көтермелейдi, оларға тәртiптік жаза қолданады және алып тастайды;
      4) бұйрықтарға қол қояды;
      5) Комитеттiң құрылымдық бөлімшелерi туралы ереженi бекiтедi;
      6) Комитеттi мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бiлдiредi;
      7) өз құзыретіне қатысты басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.

  5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      17. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1120 қаулысымен  
бекiтiлген      

  Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің
Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет
көрсетуді ұйымдастыру комитетінің
құрылымы

      Басшылық
      Заң қызметiн ұйымдастыру басқармасы
      Құқықтық түсiндiру жұмыстары бөлімi
      Лицензиялау және әділет аттестаттау комиссиясы қызметін қамтамасыз ету бөлімі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1120 қаулысымен  
бекiтiлген      

  Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті туралы
ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi (бұдан әрi - Комитет) өз құзыретiнiң шегiнде қылмыстық-атқару қызметi саласында iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң ведомствосы болып табылады.
      Комитеттің негiзгi мiндетi қылмыстық жазаны орындау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, қылмыстық жазаны орындайтын органдар мен мекемелерде құқық тәртiбi мен заңдылықты қамтамасыз ету болып табылады.
      Комитеттің облыстарда және Астана мен Алматы қалаларында аумақтық органдары, сондай-ақ қылмыстық жазаларды орындауды және күдiктiлер мен айыпталушыларды тергеу изоляторларында уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететiн мекемелерi мен органдары, сотталғандарды күзетудi және олардың мiнез-құлқын қадағалауды жүзеге асыратын саптық бөлiмшелерi, оқу орындары және кәсiпорындары болады.
      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясы  мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комитет мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      Комитеттiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттiк берілсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      4. Комитет өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен бұйрықтар шығарады.
      5. Комитеттің құрылымы және штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтедi.
      6. Комитеттің заңды мекен-жайы:
      473000, Астана қаласы, N 3 шағын аудан, N 32 үй.
      7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесі комитетi" мемлекеттік мекемесi.
      8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
      9. Комитеттің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      Комитетке кәсіпкерлiк субъектiлермен Комитеттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.
      Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер келтiретін қызметті жүзеге асыру құқығы берiлген болса онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.

  2. Комитеттің функциялары мен құқықтары

      10. Комитет заңнамада белгiленген:
      1) мынадай салаларда мемлекеттік саясаттың iске асырылуын қамтамасыз ететiн функциялар:
      сотталғандарға қатысты сот үкiмдерiн, қаулыларын және ұйғарымдарын орындауды;
      соттардың үкiмдерiне, қаулыларына және ұйғарымдарына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде сотталғандардың орналасуын ұйымдастыруды, жазаны өтеудiң заңнамада белгіленген тәртiбi мен шарттарының сақталуын қамтамасыз етудi;
      сотталғандарды тергеу изоляторларынан, сондай-ақ жазалауды орындайтын мекемелер мен органдардан басқаларына ауыстыруды ұйымдастыруды;
      қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiн, органдары мен кәсiпорындарын, күзетуді, сотталғандардың, қызметкерлер мен олардың аумағындағы өзге де адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi, қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдарды айдауылдауды, iшкi қауiпсiздiкті, қылмыс көрiнiстерiн, соның iшiнде ұйымдасқан қылмысты бейтараптандыруды және оның жолын кесудi қамтамасыз етудi;
      рақымшылық және кешiрiм жасау кесiмдерiнiң орындалуын ұйымдастыруды;
      сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазалауды орындау, жазаның осы түрін өтеуден жалтарушы сотталғандарға қатысты бастапқы iздестiру іс-шараларын уақытылы жүргiзу жөнiндегі жұмысты ұйымдастыруды;
      қылмыстық жазаны өтеп жүрген адамдар арасында тәрбие жұмысын ұйымдастыруды;
      сотталғандарды босатуға дайындау жөнiндегі жұмыстарды ұйымдастыру, қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарының басқа да құқық қорғау органдарымен, атқарушы билiк органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен сотталғандарды түзеудiң нәтижелерiн бекiтудi, оларды еңбекке және тұрмыста орналастыру жөнiндегi өзара iс-қимылын;
      қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдарды азық-түлiкпен, заттай және интенданттық мүлiкпен материалдық-тұрмыстық жағынан қамтамасыз етудi ұйымдастыруды;
      мемлекеттiк сатып алуларды жүргiзудi ұйымдастыруды;
      Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарындағы құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуы туралы арыздарын қарау, оларды есепке алу мен тiркеудi жүзеге асыруды;
      төтенше жағдайлар кезiнде қызметтік мiндеттердi орындау жөнiндегi iс-әрекеттердiң жедел жоспарларын әзiрлеу және iске асыру, қылмыстық-атқару жүйесінің қажетті күштерi мен құралдарын тартуды және олардың құқық қорғау органдарымен және басқа да ведомстволармен өзара iс-әрекетiн қамтамасыз етудi;
      қылмыстық-атқару жүйесi кәсiпорындары мен мекемелерiнде, мемлекеттiк ұйымдарда немесе өзге де меншiк нысандарындағы ұйымдарда сотталғандардың еңбек етуiн ұйымдастыруды, сотталғандардың жеке еңбек қызметiне жағдайлар жасауды;
      сотталғандардың жалпы орта, бастауыш кәсiптік бiлiм алуын немесе кәсiби даярлығын ұйымдастыруды;
      қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын сотталғандарға, күдiктiлер мен айыпталушыларға емдеу-алдын алу көмегiн ұйымдастыруды;
      кадрларды iрiктеу, орналастыру, оқыту және тәрбиелеу жөнiндегі жұмысты жүзеге асыруды, қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметкерлерiн құқықтық және әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, оларды кәсiби даярлауды ұйымдастыруды;
      қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру және ұйымдастыру, оны жетілдiру жөнiндегі шараларды қабылдауды, қылмыстарды анықтауда, олардың алдын алуда, жолын кесуде және ашуда өзге де органдардың тиiстi қызметтерiмен өзара iс-қимыл жасауды;
      түзеу мекемелерiнде және тергеу изоляторларында дайындалатын және жасалатын қылмыстарды және жазаны өтеу мен күзетте ұстаудың белгіленген тәртiбiн бұзушылықтарды анықтауды, ашуды, жолын кесудi және алдын алуды ұйымдастыруды;
      тергеу изоляторларында күдiктілердiң, айыпталушылар мен сотталғандардың ұсталуын ұйымдастыруды;
      анықтауды жүзеге асыруды ұйымдастыруды;
      қылмыстық-атқару жүйесiн дамыту және нығайту бағдарламаларын iске асыруды;
      мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қылмыстық жазалауды орындау саласындағы ғылыми зерттеулерiн үйлестiрудi;
      сотталғандарға түзету ықпалын, оның iшiнде психологиялық-педагогикалық әдiстердi қолдана отырып жүзеге асыруды ұйымдастыруды;
      қылмыстық жазасын өтеген адамдардың әлеуметтiк бейiмделуi мен оңалуын ұйымдастыруды және жүзеге асыруды;
      қоғамдық және дiни бiрлестiктердi қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметiне тартуды;
      басқа мемлекеттiк органдар мен ұйымдар қылмыстық-атқару жүйесi органдарына (мекемелерiне) берген мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ олар құпияландырған мәлiметтердi қорғауды қамтамасыз етудi;
      Қазақстан Республикасының заңнамасын қылмыстық-атқару қызметi саласында қолдану практикасын талдау мен қорытуды және оны жетiлдiру, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою жөнiнде тиiстi ұсыныстар енгiзудi;
      азаматтар мен заңды тұлғалардың Комитеттiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өтiнiштерiн қабылдауды, қарауды және өтiнiш берушiлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде қабылданған шешiмдер туралы хабарлауды;
      2) бақылау-қадағалау функциялары:
      сотталғандарға қатысты сот кесiмдерінің, сондай-ақ рақымшылық және кeшipiм жасау кесiмдерінің орындалуын;
      қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарында режимдiк талаптардың орындалуын;
      қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерiнде ұсталатын адамдардың құқықтарының, олардың материалдық-тұрмыстық жағынан қамтамасыз ету нормаларының сақталуын;
      қылмыстық жазаны өтеп жүрген сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізуді;
      бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаны өтеп жүрген адамдарды;
      қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде режимдi қамтамасыз ету мақсатында сотталғандарды;
      қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ететiн санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы талаптардың орындалуын;
      қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiндегi жедел жағдайды;
      тергеу изоляторларында қамауда ұстау мерзiмдерінің сақталуын;
      медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қамтамасыз ету бөлiгіндегi соттар үкімдерінің уақытылы орындалуын және сотталғандарды ауруына байланысты жазаны өтеуден босату үшiн сотқа материалдардың ұсынылуын жүзеге асырады.
       Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.02.  N 549  қаулысымен.
      11. Комитеттiң өз құзыретінің шегінде:
      1) аумақтық органдарға және ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты әкiмшілiк-өкімгерлiк және бақылау функцияларын орындауға;
      2) мемлекеттiк органдардан және өзге де ұйымдардан қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
      3) нормативтік құқықтық кесiмдердi әзiрлеу және жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;
      4) сотталғандардың топтасып бағынбау, сондай-ақ түзеу мекемелерiндегi жаппай тәртiпсiздiк оқиғаларына қызметтік тексерулер жүргізуге, олардың себептерiн анықтауға және талдауға, мұндай жағдайларды болдырмау жөнiндегі шараларды қабылдауға;
      5) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрiне қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ерекше жағдай режимiн енгiзу туралы ұсыныс енгізуге;
      6) кеңестер, семинарлар, конференциялар өткiзуге;
      7) қылмыстық-атқару жүйесінде қызметін жүзеге асыратын мекемелердi, органдарды және ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, көшiру және тарату туралы ұсыныстар әзірлеуге;
      8) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға құқығы бар.

  3. Комитеттің мүлкi

      12. Комитеттің жедел басқару құқығында республикалық меншiкке жататын оқшауланған мүлкi болады.
      Комитеттiң мүлкі оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптасады және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны дербес теңгерімде көрсетілетін өзге де мүлiктен тұрады.
      13. Комитеттiң өзiне бекiтiлiп берілген мүлікті өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.

  4. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру

      14. Комитеттi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
      Комитет төрағасының заңнамаға сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      Комитет төрағасы орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      15. Комитеттің төрағасы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауаптылықта болады.
      16. Комитеттің төрағасы осы мақсаттарда белгіленген тәртiппен:
      1) өзiнiң орынбасарларының, Комитеттің аумақтық органдары мен құрылымдық бөлiмшелерi, сондай-ақ Комитетке ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының мiндеттерi мен өкілеттіктерiн белгiлейдi;
      2) Комитеттің, қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарының, оқу орындарының қызметкерлерiн, сондай-ақ Комитетке ведомстволық бағынысты кәсiпорындардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) әділет подполковнигіне дейiн қоса алғандағы кезектi арнайы атақтарды береді;
      4) Комитеттiң, аумақтық органдардың, қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарының, оқу орындарының қызметкерлерiн, сондай-ақ ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың басшыларын көтермелейдi, оларға тәртіптік жаза қолданады;
      5) Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi, аумақтық органдары туралы ережелердi, сондай-ақ Комитетке ведомстволық бағынысты ұйымдардың Жарғыларын бекiтедi;
      6) Комитетті мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда білдiредi;
      7) белгіленген тәртiппен Комитеттің қызметкерлерін ведомстволық бағынысты ұйымдарға практикалық көмек көрсету және олардың қызметін тексерудi жүргiзу, басқа да қызметтік мәселелердi шешу үшін іссапарларға жiбередi;
      8) Комитеттiң, сондай-aқ қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарының жеке құрамы арасында тәрбие жұмысын, олардың тәртіпті, заңдылықты және құпиялылық режимiн, қызметтiк және жауынгерлiк даярлығын сақтауын ұйымдастырады;
      9) азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады, шағымдар мен өтініштердi қарайды, олар бойынша шешім қабылдайды, тәртiп пен заңдылықты бұзу фактілерi бойынша қызметтiк тексерулер жүргiзедi;
      10) өз құзыретiне қатысты басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.

  5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату

      17. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1120 қаулысымен  
бекiтiлген      

  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң
құрылымы

      Басшылық
      Жедел басқармасы
      Кадр басқармасы
      Медициналық қамтамасыз ету басқармасы
      Сотталғандардың еңбегiн ұйымдастыру басқармасы
      Тәрбие жұмысы жөнiндегi басқарма
      Қылмыстық-атқару инспекцияларын басқару басқармасы
      Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық басқармасы
      Режим, қадағалау және қорғау басқармасы
      Ресурстық қамтамасыз ету басқармасы
      Тергеу изоляторлары мен арнайы есепке алу басқармасы
      Қаржы-экономикалық басқарма
      Штаб-Басқарма
      Ақпарат және жұртшылықпен байланыс бөлiмi
      Мемлекеттік құпияны қорғау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру бөлiмi
      Мемлекеттiк тiлдi дамыту бөлiмi
      Өз қауiпсiздігі бөлiмi

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1120 қаулысымен  
бекiтiлген      

  Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң
Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң аумақтық
  органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң
ТIЗБЕСI

      1. Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнің Ақмола облысы бойынша басқармасы
      2. Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы
      3. Қылмыстық-атқару жүйесi комитетінiң Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша басқармасы
      4. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетiнiң Атырау облысы бойынша басқармасы
      5. Қылмыстың-атқару жүйесi комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы
      6. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінiң Жамбыл облысы бойынша басқармасы
      7. Қылмыстық-атқару жүйесi комитетінiң Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы
      8. Қылмыстық-атқару жүйeci комитетінiң Қарағанды облысы бойынша басқармасы
      9. Қылмыстық-атқару жүйесi комитетінiң Қызылорда облысы бойынша басқармасы
      10. Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң Қостанай облысы бойынша басқармасы
      11. Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң Маңғыстау облысы бойынша басқармасы
      12. Қылмыстық-атқару жүйесi комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасы
      13. Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнің Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша басқармасы
      14. Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша басқармасы
      15. Қылмыстық-атқару жүйесi комитетінің Астана қаласы бойынша басқармасы
      16. Қылмыстық-атқару жүйесi комитетінiң Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша басқармасының қорғау және бақылау бөлiмi

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1120 қаулысымен  
бекiтiлген      

  Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң
Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың
ТІЗБЕСI 

       Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.10.  N 126 , 2007.01.24.  N 53  қаулыларымен.

  1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар

      1. Түзеу мекемелерінің "Еңбек-Астана" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны
      2. Түзеу мекемелерiнiң "Еңбек-Ақтөбе" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны
      3. Түзеу мекемелерінің "Еңбек-Атырау" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны
      4. Түзеу мекемелерінің "Еңбек-Өскемен" республикалық мемлекеттiк кәсiпорыны
      5. Түзеу мекемелерiнiң "Еңбек-Тараз" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны
      6. Түзеу мекемелерінің "Еңбек-Орал" республикалық мемлекеттік кәсiпорны
      7. Түзеу мекемелерінің "Еңбек-Қарағанды" республикалық мемлекеттік кәсіпорны
      8. Түзеу мекемелерінің "Еңбек-Қызылорда" республикалық мемлекеттік кәсiпорны
      9. Түзеу мекемелерінің "Еңбек-Қостанай" республикалық мемлекеттiк кәсiпорыны
      10. Түзеу мекемелерінің "Еңбек-Ақтау" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
      11. Түзеу мекемелерінің "Еңбек-Павлодар" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны
      12. Түзеу мекемелерінің "Еңбек-Қызылжар" республикалық мемлекеттік кәсіпорны
      13. Түзеу мекемелерінің ""Еңбек-Шымкент" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны
      14. Түзеу мекемелерінің "Еңбек-Алмаз" республикалық мемлекеттік кәсіпорны
      15. Түзеу мекемелерінің "Еңбек-Гранит" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
      16. Түзеу мекемелерінің "Еңбек-Семей" республикалық мемлекеттік кәсiпорны
      17. Түзеу мекемелерінің "Еңбек-Алматы" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны
      18. Түзеу мекемелерiнiң "Еңбек-Tac" республикалық мемлекеттік кәсіпорны
      19. Түзеу мекемелерiнiң "Еңбек-Көкшетау" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны

  2. Мемлекеттiк мекемелер

      1. Павлодар заң колледжi
      2. Қостанай заң институты
      2-1. Оқу орталығы
      3. ЕЦ-166/4 мекемесi
      4. ЕЦ-166/5 мекемесi
      5. ЕЦ-166/10 мекемесi
      6. ЕЦ-166/11 мекемесi
      7. ЕЦ-166/13 мекемесi
      8. ЕЦ-166/18 мекемесi
      9. алынып тасталды
      10. ЕЦ-166/22 мекемесi
      11. ЕЦ-166/24 мекемесі
      12. ЕЦ-166/25 мекемесi
      13. ЕЦ-166/26 мекемесi
      14. КA-168/2 мекемесі
      15. КA-168/3 мекемесi
      16. КA-168/4 мекемесi
      17. КA-168/5 мекемесi
      18. ЛА-155/4 мекемесi
      19. ЛА-155/6 мекемесi
      20. ЛА-155/12 мекемесі
      21. ЛА-155/13 мекемесi
      22. ЛА-155/14 мекемесi
       23.   алынып тасталды
      24. УГ-157/9 мекемесi
      25. УГ-157/10 мекемесi
      26. ОВ-156/2 мекемесi
      27. OB-156/3 мекемесi
      28. OB-156/6 мекемесi
      29. ОВ-156/13 мекемесi
      30. OB-156/14 мекемeci
      31. OB-156/15 мекемесi
      32. ОВ-156/16 мекемесi
      33. OB-156/17 мекемесi
      34. OB-156/18 мекемесi
      35. OB-156/20 мекемесi
      36. OB-156/21 мекемесi
      37. OB-156/22 мекемесi
      38. ЖД-158/2 мекемесi
      39. ЖД-158/5 мекемесi
       40. (Алып тасталды - 2005.02.10. N 126 қаулысымен.)
       41. РУ-170/2 мекемесi
      42. РУ-170/3 мекемесi
      43. AК-159/5 мекемесi
      44. АК-159/6 мекемесi
      45. AК-159/7 мекемесi
      46. AК-159/9 мекемесi
      47. AК-159/11 мекемесi
      48. AК-159/17 мекемесi
      49. AК-159/18 мекемесi
      50. AК-159/20 мекемесi
      51. AК-159/21 мекемесi
      52. AК-159/22 мекемесi
      53. ЗК-169/4 мекемесi
      54. УК-161/2 мекемесi
      55. УК-161/3 мекемесi
      56. УК-161/4 мекемесi
      57. УК-161/11мекемесi
      58. УК-161/12 мекемесi
      59. ГМ-172/1 мекемесi
      60. ГМ-172/6 мекемесi
      61. ГМ-172/8 мекемесi
      62. AП-162/2 мекемесi
      63. АП-162/3 мекемесi
      64. AП-162/4 мекемесi
      65. AП-162/5 мекемесi
      66. AП-162/10 мекемесi
      67. ЕС-164/3 мекемесi
      68. ЕС-164/4 мекемесi
      69. ЕС-164/6 мекемесi
      70. ЕС-164/8 мекемесi
      71. ЕС-164/9 мекемесi
      72. ИЧ-167/2 мекемесi
      73. ИЧ-167/3 мекемесi
      74. ИЧ-167/9 мекемесi
      75. ИЧ-167/10 мекемесi
      76. УЛ-154/4 мекемесi
      77. ЛА-155/8 мекемесi
      78. ЖД-158/4 мекемесi
      79. ЖД-158/7 мекемесi
      80. ЗК-169/5 мекемесi
      81. АК-159/1 мекемесi
      82. AК-159/24 мекемесi
      83. АП-162/1 мекемесі
      84. ЕЦ-166/1 мекемесi
      85. ЕЦ-166/23 мекемесi
      86. ЕС-164/1 мекемесi
      87. ЖД-158/1 мекемесi
      88. ЗК-169/1 мекемесi
      89. ИЧ-167/1 мекемесi
      90. ИЧ-167/11 мекемесi
      91. КА-168/1 мекемесі
      92. ЛА-155/1 мекемесi
      93. ЛА-155/16 мекемесi
      94. ЛА-155/18 мекемесi
      95. ОВ-156/1 мекемесi
      96. OB-156/19 мекемесi
      97. РУ-170/1 мекемесi
      98. УГ-157/1 мекемесi
      99. УГ-161/1 мекемесi
      100. ГМ-172/10 мекемесi

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1120 қаулысымен  
бекiтiлген      

  Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң
Тiркеу қызметi комитетi туралы
ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетi (бұдан әрi - Комитет) өз құзыретінің шегінде жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi, дiни бiрлестiктердi қоспағанда, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерін мемлекеттік тiркеу, Қазақстан Республикасының азаматтарын (бұдан әрi - азаматтар), жылжымалы мүлiк кепiлiн есепке алу және тiркеу, азаматтарға жеке куәлiктер мен төлқұжаттарды құжаттамалау, дайындау және беру саласында iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң ведомствосы болып табылады.
      Комитеттiң негiзi мiндетi жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi, дiни бiрлестiктердi қоспағанда, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, азаматтарды, жылжымалы мүлiк кепiлiн есепке алу және тіркеу, азаматтарға жеке куәлiктер мен төлқұжаттарды құжаттамалау, дайындау және беру болып табылады.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.02.  N 549 , 2005.12.30. N  1319  (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясы  мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      4. Комитет өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен бұйрықтар шығарады.
      5. Комитеттің құрылымын және штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      6. Комитеттiң заңды мекен-жайы:
      473000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 21.
      7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің Тiркеу қызметi комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
      8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
      9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      Комитеттiң кәсіпкерлiк субъектiлерімен оның функциялары болып табылатын мiндеттерiн орындау мәнiне шарттық қатынастарға түсуiне тыйым салынады.
      Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетін қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен түскен кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

  2. Комитеттiң функциялары мен құқықтары

      10. Комитет заңнамада белгiленген:
      1) мынадай салаларда мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын қамтамасыз ететін функциялар:
      дiни бiрлестіктерді қоспағанда, заңды тұлғаларды, дiни бiрлестiктердiң филиалдары мен өкілдіктерін қоспағанда мемлекеттік тiркеудi, филиалдар мен өкілдiктердi, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелердi, азаматтық хал актерлерiн есептік тiркеудi, азаматтарды, жылжымалы мүлiк кепілiн есепке алу және тiркеудi, азаматтарға жеке куәлiктер мен төлқұжаттарды құжаттамалау, дайындау және беру жөніндегi қызметке басшылық жасауды;
      аумақтық әдiлет органдарының заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу, азаматтарға жеке куәлiктер мен төлқұжаттарды құжаттамалау, дайындау және беру, азаматтарды есепке алу және тiркеу, жылжымалы мүлiк кепілiн тiркеу мәселелерi жөнiндегі қызметін үйлестiрудi және әдiстемелiк көмек көрсетудi;
      Комитетке ведомстволық бағынысты мемлекеттiк кәсiпорындарға жылжымайтын мүлiк объектілерiн сәйкестендiру, техникалық және құндық сипаттамаларын айқындау, жылжымалы мүлiк кепiлдiгiн тіркеу жөнiндегi қызметтi жүзеге мәселелерi бойынша қызметті үйлестіру және әдiстемелiк көмек көрсету;
      заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттік тiркелiмiн, филиалдар мен өкiлдiктердiң тiзiлімін және жылжымалы мүлік кепiлiнiң тiзiлiмiн жүргiзудi;
      дiни бiрлестіктерді қоспағанда, заңды тұлғаларды, дiни бiрлестiктердiң филиалдары мен өкілдіктерін қоспағанда мемлекеттiк тiркеудi және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеудi;
      әдiлет органдарынан және өзге де мемлекеттiк органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қоюды;
      құқықтық кадастрды жүргiзу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыруды;
      жеке тұлғаларға меншiк құқығында тиесiлi және кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын олардың салық салу объектiлерiн бағалау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыруды;
      стратегиялар мен бағдарламаларды iске асыруды қамтамасыз етудi;
      өз құзыретi шегінде мемлекеттiк органдарға ғылыми-әдiстемелiк және құқықтық көмек көрсетудi;
      оған басқа мемлекеттiк органдар мен ұйымдар берген мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ олар құпияландырған мәлiметтердi қорғауды қамтамасыз етудi;
      азаматтар мен заңды тұлғалардың Әділет министрлігiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өтiнiштерiн қабылдауды, қарауды, және өтiнiш берушілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде қабылданған шешiмдер туралы хабарлауды;
      өз құзыретінің шегінде сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін құру, жүргізу және пайдалану жөнінде нормативтік құқықтық актілер әзірлеуді;
      сәйкестендіру нөмірін қалыптастыруды орталықтандырып жүзеге асыруды әрі тіркеуші және басқа да мемлекеттік органдар мен өзге де мемлекеттік мекемелерге ақпарат ұсынуды;
      сәйкестендіру нөмірі бар құжаттардың дайындалуын ұйымдастыруды
жүзеге асыруды;
      сәйкестендіру деректерінің, олардың құрылымдарының, құрамы мен форматының жіктемелері мен анықтамаларын жүргізу тәртібін белгілеуді;
      2) бақылау және қадағалау функциялары:
      дiни бiрлестіктерді қоспағанда, заңды тұлғаларды, дiни бiрлестiктердiң филиалдары мен өкілдіктерін қоспағанда мемлекеттiк тiркеу, филиалдар мен өкiлдiктердi, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi, азаматтық хал актілерiн есептік тiркеу, азаматтарды, жылжымалы мүлiк кепiлiн eceпкe алу және тiркеу, азаматтарға жеке куәлiктер мен төлқұжаттарды құжаттамалау, дайындау және беру жөнiндегі қызметтi;
      заңнамада белгiленген тәртiппен мүлiкті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөнiндегi қызметті лицензиялауды жүзеге асырады.
       Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.02.  N 549 , 2005.07.25.  N 773 , 2005.12.30. N  1319  (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.01.29.   N 64 ,  2007.04.30. N  352  (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.05.25. N  419  (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      11. Комитеттiң заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан және азаматтардан қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
      2) өз құзыретінің шегiнде бағалау қызметiнiң мәселелерi бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға;
      3) өзiне берiлген мүлiктi басқаруды жүзеге асыруға;
      4) Комитеттің құзыретіне жататын салалардағы заңнаманы жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      5) Комитеттің құзыретiне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға құқығы бар.

  3. Комитеттің мүлкi

      12. Комитеттің жедел басқару құқығында республикалық меншiкке жататын оқшауланған мүлкі болады.
      Комитеттiң мүлкі оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптасады және негізгi қорлар мен айналымдық қаражаттан, сондай-ақ құны Комитеттiң балансында көрсетiлген өзге де мүлiктен тұрады.
      13. Комитеттің өзiне бекiтiлген мүлiктi өз бетiнше иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. Комитетке заңнамада белгіленген жағдайлар мен шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.

  4. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру

      14. Комитеттi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
      Комитет төрағасының заңнамаға сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      Комитет төрағасы орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының Үкiметі белгілейдi.
      15. Комитеттің төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауаптылықта болады.
      16. Комитет төрағасы осы мақсатта:
      1) өзінiң орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкілеттіктерiн белгілейдi;
      2) заңнамаға сәйкес Комитеттің қызметкерлерiн, Комитетке ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсiпорындардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитеттің қызметкерлерi мен оған ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттiк кәсіпорындардың басшыларына тәртіптiк жазалар қолданады;
      4) бұйрықтарға қол қояды;
      5) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi, сондай-ақ Комитетке ведомстволық бағынысты мемлекеттiк кәсiпорындардың жарғыларын бекiтедi;
      6) Комитеттi мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда бiлдiредi;
      7) өзiнің құзыретiне қатысты басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

  5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату

      Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1120 қаулысымен  
бекiтiлген      

  Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің
Тiркеу қызметi комитетiнiң
құрылымы

      Басшылық
      Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеудi ұйымдастыру және бақылау басқармасы
      Заңды тұлғаларды тiркеу басқармасы
      Халықты тiркеу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру басқармасы
      Құжаттандыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру басқармасы
      Лицензиялау бөлiмi
      Азаматтық хал актілерiн тiркеу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру бөлiмi
      Апостильдеу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру бөлiмi
      Ұйымдастыру-талдау және кадр жұмысы бөлiмi

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1120 қаулысымен  
бекiтiлген      

  Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің
Тiркеу қызметi комитетiнiң   қарауындағы ұйымдардың
ТIЗБЕСI 

       Ескерту. Тізбе 17-жолмен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.12.14. N  1317  қаулысымен.

      1. "Астана қаласы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық" республикалық мемлекеттік кәсіпорны
      2. "Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегi орталық" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны
      3. "Алматы облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталық" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны
      4. "Ақтөбе облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталық" республикалық мемлекеттік кәсiпорны
      5. "Атырау облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегі орталық" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны
      6. "Шығыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегі орталық" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны
      7. "Жамбыл облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны
      8. "Батыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегі орталық" республикалық мемлекеттік кәсіпорны
      9. "Қарағанды облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық" республикалық мемлекеттік кәсіпорны
      10. "Қостанай облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны
      11. "Қызылорда облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны
      12. "Маңғыстау облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөнiндегi орталық" республикалық мемлекеттік кәсіпорны
      13. "Павлодар облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны
      14. "Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық" республикалық мемлекеттік кәсіпорны
      15. "Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны
      16. "Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық" республикалық мемлекеттік кәсіпорны
      17. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі Тiркеу қызметі комитетiнің Ақпараттық-өндiрiстік орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1120 қаулысымен  
бекiтiлген      

  Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің
Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi туралы
ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi (бұдан әрi - Комитет) өз құзыретiнің шегінде зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласында iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң ведомствосы болып табылады.
      Комитеттiң негiзгi мiндетi зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру, Қазақстан Республикасының бiрыңғай патенттік жүйесiн дамытуды қамтамасыз ету болып табылады.
      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметінің кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiде бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Егер Комитеттiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болуға құқығы бap.
      4. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен өз құзыретiндегі мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады.
      5. Комитеттің құрылымын және штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      6. Комитеттің заңды мекен-жайы:
      473000, Астана қаласы, Қарталы көшесi, 1/1.
      7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
      8. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
      9. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      Комитетке кәсіпкерлiк субъектілерiмен оның функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетін қызметтi жүзеге асыру құқығы берілген болса мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберіледi.

  2. Комитеттің функциялары мен құқықтары

      10. Комитет заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) мынадай салаларда мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын қамтамасыз ететін функциялар:
      туындыларға және сабақтас құқықтар объектілерiне, өнеркәсiптiк меншiк объектілеріне (өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауар таңбаларына, қызмет көрсету таңбаларына, тауар шығарылған жерлердiң атауларына), селекциялық жетiстіктерге, интегралдық микросхема топологияларына құқықтарды қорғауды;
      өз құзыретiнiң шегiнде зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау және пайдалану мәселелерi бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруды;
      зияткерлiк меншік объектілерін құқықтық қорғау және пайдалану саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды;
      Қазақстан Республикасында жасалған өнеркәсіптiк меншік объектілерін шет елдерде патенттеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруды;
      өнеркәсіптік меншік объектілерiне, селекциялық жетiстіктерге, интегралдық микросхема топологияларына қорғау құжаттарын беруге өтінiмдердi қабылдауды және тiркеудi қамтамасыз етудi;
      қорғау құжаттарын беруге өтiнімдерге сараптама жасауды және өнеркәсiптiк меншiк объектілерінің, селекциялық жетiстіктердiң, интегралдық микросхема топологияларының мемлекеттік тiзiлiмдерiн жүргізудi ұйымдастыру, қорғау құжаттарын беру және оларды күшінде ұстау жөнiндегi шараларды қамтамасыз етудi;
      авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілеріне куәлiктердi, өнеркәсiптiк меншік объектілеріне, селекциялық жетiстiктерге, интегралдық микросхема топологияларына қорғау құжаттарын берудi;
      қорғау құжаттарын беруге өтiнiмдер бойынша сараптама шешімдеріне қарсылықтарды және қорғау құжаттарын беруге қарсылықтарды қарауды ұйымдастыруды;
      ғылым, әдебиет және өнер туындыларын, оның iшiнде шет елдерде де пайдалану кезiнде қазақстандық және шетелдiк авторлардың, сабақтас құқық иеленушiлерінің, олардың құқықтық мирасқорларының зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтауды қамтамасыз етуді;
      ғылым, әдебиет және өнер туындыларының қолжазбаларын және көшiрмелерiн сақтауды;
      автордың авторлыққа қайтыс болғаннан кейiнгі құқығын, атына құқығын, беделiн қорғау құқығын, сондай-ақ жеке мүлiктiк емес құқықтарын қорғауды заңнамада белгiленген жағдайларда жүзеге асыруды;
      зияткерлік меншік объектiлерiн бағалаудың әдiснамасын жүзеге асыруды;
      авторлық құқықты ресми тiзiлiмдерде тiркеудi;
      туындыларды және сабақтас құқықтар объектілерiн пайдалануға лицензиялық шарттарды тiркеу, мемлекеттiк тiркеу куәлiктерiн берудi;
      өнеркәсiптiк меншік объектілерiн, селекциялық жетістіктердi, интегралдық микросхема топологияларын пайдалануға лицензиялық шарттарды, ашық лицензияларды және қорғау құжаттарын басқаға беру шарттарын тiркеудi;
      патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттауды жүргiзудi;
      басқа мемлекеттiк органдар мен ұйымдар Комитетке берген мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ олар құпияландырған мәлiметтерді қорғауды қамтамасыз етуді;
      Қазақстан Республикасының заңнамасын зияткерлік меншiк саласында қолдану практикасын талдау мен қорытуды және оны жетiлдiру, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою жөнінде тиістi ұсыныстар енгізудi;
      азаматтар мен заңды тұлғалардың Комитеттiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өтiнiштерiн қабылдауды, қарауды және өтiнiш берушiлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде қабылданған шешiмдер туралы хабарлауды;
      стратегиялар мен бағдарламаларды iске асыруды қамтамасыз етуді;
      2) бақылау және қадағалау функциялары:
      мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың қызметiн;
      авторлық құқық және сабақтас құқықтар, өнеркәсiптiк меншiк объектілерiн, селекциялық жетістiктердi, интегралдық микросхема топологияларын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiн;
      патент iсi саласында сараптама жасауды жүзеге асырушы мемлекеттiк ұйымдардың қызметін;
      туындыларды пайдаланушылардың авторлық құқық пен сабақтас құқықтардың нормаларын сақтауын әрi авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы халықаралық келісімдердің орындалуын жүзеге асырады.
       Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.02.  N 549  қаулысымен.
      11. Комитеттiң заңнамада белгiленген тәртіппен:
      1) зияткерлiк меншiктi қорғау саласындағы заңнаманы жетiлдiру бойынша ұсыныстар дайындауға;
      2) өз өкiлеттіктерінің шегiнде зияткерлiк меншiк объектілерiн қорғау мәселелерi жөнiнде түсiніктемелер беруге;
      3) өнертапқыштық қызметтi, сондай-ақ тұтастай алғанда техникалық шығармашылықты дамыту жөнiнде шаралар қабылдауға;
      4) зияткерлiк меншікті қорғау мәселелерi жөнiнде халықаралық шарттарды жасасу және оларға қосылу туралы ұсыныстар енгізуге;
      5) зияткерлiк меншіктi қорғау мәселелерi бойынша халықаралық конференциялар мен кеңестердiң жұмысына қатысуға;
      6) шетелдiк авторлық-құқықтық ұйымдармен келiсiмдер жасасуға;
      7) мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды адамдардан және азаматтардан авторлық құқықтар мен сабақтас құқықтарды, өнеркәсiптiк меншiк объектілерiн, селекциялық жетiстiктерi, интегралдық микросхема топологияларын пайдалану фактiлерi туралы ақпаратты, сондай-ақ мүлiктік құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың қызметі туралы ақпаратты сұратуға және алуға;
      8) өз құзыреті шегiнде әкiмшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға және iстердi қарауға әкімшілік жаза қолдануға;
      9) авторлық құқықтар, өнеркәсіптік меншiк объектілерін, селекциялық жетістіктерді, интегралдық микросхема топологияларын қорғау саласында ақпараттық-баспа қызметiн ұйымдастыруға ресми бюллетеньдердi, сондай-ақ зияткерлiк меншіктi қорғау мәселелерiне арналған әдістемелік құралдарды, жарнамалық және ақпараттық материалдарды басып шығаруды қамтамасыз етуге;
      10) өзге де мемлекеттiк органдарға ғылыми-әдiстемелiк көмек көрсетуге;
      11) жеке және заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасының зияткерлік меншiк саласындағы заңнамасын сақтау мәнiне тексерудi жүзеге асыруға құқығы бар.
       Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.02.  N 549  қаулысымен.

  3. Комитеттің мүлкi

      12. Комитеттің жедел басқару құқығында республикалық меншікке жататын оқшауланған мүлкінің болуына құқығы бар.
      Комитеттiң мүлкі оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптасады және негiзгi қорлар мен айналымдық қаражаттан, сондай-ақ құны Комитеттiң теңгерiмiнде көрсетiлген өзге де мүліктен тұрады.
      13. Комитеттің өзiне бекiтілген мүлiктi өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
      Комитетке заңнамада белгiленген жағдайлар мен шектерде мүлікке билік ету құқығы берiлуi мүмкiн.

  4. Комитеттiң қызметін ұйымдастыру

      14. Комитетті Қазақстан Республикасы Әділет министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
      Комитет төрағасының заңнамаға сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      Комитет төрағасы орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының Үкiметі белгілейдi.
      15. Комитет төрағасы Комитет жұмысын ұйымдастырады және басқарады әрi Комитетке жүктелген міндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауаптылықта болады.
      16. Комитет төрағасы осы мақсаттарда:
      1) төрағаның орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының мiндеттерi мен өкілеттiктерін белгiлейдi;
      2) заңнамаға сәйкес Комитет қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және босатады;
      3) заңнамада белгіленген тәртiппен Комитет қызметкерлерiне тәртiптік жазалар қолданады;
      4) бұйрықтарға қол қояды;
      5) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
      6) Комитеттi мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда білдiредi;
      7) өзiнiң құзыретіне жататын басқа да мәселелер жөнiнде шешiмдер қабылдайды.

  5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      17. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1120 қаулысымен  
бекiтiлген      

  Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң
Зияткерлiк меншiк құқығы комитетінiң
құрылымы

      Басшылық
      Авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру басқармасы
      Өнеркәсiптiк меншік саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру басқармасы
      Халықаралық және қоғамдық ұйымдармен байланыс бөлiмi

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1120 қаулысымен  
бекiтiлген      

  Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң
Зияткерлiк меншiк құқығы комитетінiң
қарауындағы ұйымдардың
ТІЗБЕСІ

      "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1120 қаулысына   
қосымша        

  Қазақстан Республикасы Yкiметінiң күші жойылған
кейбiр шешімдерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 8, 63-құжат).

      2. "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 сәуiрдегi N 487  қаулысының  5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 15, 159-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 12 желтоқсандағы N 1278 және 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулыларына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 14 маусымдағы N 733  қаулысының  1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 27, 250-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінiң Тiркеу қызметi комитетінiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 15 маусымдағы N 771  қаулысының  1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 27, 260-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметі комитетiнiң Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 30 маусымдағы N 906  қаулысының  5-тармағының 3) тармақшасы.

      6. "Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 2 тамыздағы N 1093  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағының 2) және 3) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 40, 343-құжат).

      7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегі N 1301  қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYKЖ-ы, 1999 ж.,  N 45, 403-құжат).

      8. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы N 1695  қаулысының  1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 50, 490-құжат).

      9. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 4 ақпандағы N 163  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 66-құжат).

      10. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Заң шығару институты" мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 ақпандағы N 314  қаулысының  4-тармағы.

      11. "Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 5 маусымдағы N 852  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 25, 295-құжат).

      12. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң Бiлiктiлiктi арттыру институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 18 тамыздағы N 1278  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 36-37, 435-құжат).

      13. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 23 тамыздағы N 1295  қаулысының  1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 36-37, 439-құжат).

      14. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 151  қаулысымен  бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетін өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 45-құжат).

      15. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 29 наурыздағы N 411  қаулысының  2-тармағы және 7-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001ж., N 12, 139-құжат).

      16. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Сот қаулыларын атқару жөнiндегi комитетiн таратудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 14 сәуiрдегi N 494  қаулысының  3-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 14, 174-құжат).

      17. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 15 маусымдағы N 824  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 23, 284-құжат).

      18. "Мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 2 қарашадағы N 1389  қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне енгiзілетін өзгерiстердiң 4 және 5-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 39, 490-құжат).

      19. "Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1750  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 49-50, 588-құжат).

      20. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1755  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне енгiзілетін өзгерiстер мен толықтырулардың 2-тармағының 1), 2) тармақшалары және 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 49-50, 590-құжат).

      21. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 23 сәуiрдегi N 461  қаулысының  1-тармағының бесiншi және алтыншы абзацтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 12, 122-құжат).

      22. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесi комитеті мемлекеттiк кәсіпорындарының жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 30 мамырдағы N 596  қаулысының  5-тармағының 2) тармақшасы.

      23. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 13 маусымдағы N 639  қаулысының  7-тармағы.

      24. "Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 және 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1755 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 14 маусымдағы N 644  қаулысының  1-тармағы, 2-тармағының екiншi және үшіншi абзацтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 17, 187-құжат).

      25. "Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 22 тамыздағы N 939  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 28, 316-құжат).

      26. "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетінің мемлекеттік мекемелерiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 қарашадағы N 1270  қаулысының  4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 43, 431-құжат).

      27. "Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi басқармасының Күзет және қадағалау бөлiмi" мемлекеттік мекемесiн қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 23 шілдедегі N 731  қаулысының  3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 30, 296-құжат).

      28. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгінің мемлекеттік мекемелерi - аумақтық органдарын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1369  қаулысының  2-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 49, 556-құжат).

      29. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетінің түзеу мекемелері "Еңбек-Астана" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Еңбек-Көкшетау" еншілес мемлекеттік кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнің 2004 жылғы 8 қаңтардағы N 14  қаулысының  5-тармағының 2) тармақшасы.

      30. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 9 қаңтардағы N 22  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 1, 13-құжат).

      31. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 наурыздағы N 260  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне енгiзілетін өзгерiстер мен толықтырулардың 2 және 4 тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 11, 138-құжат).
      32. "Қазақстан Республикасы Ішкі iстер министрлiгiнiң Қостанай заң институты" мемлекеттiк мекемесiн Қазақстан Республикасы Ішкі iстер министрлiгiнiң қарамағынан Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң қарамағына беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 30 шiлдедегi N 806  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметінің кейбiр шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 28, 373-құжат).
      33. "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнің кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2004 жылғы 12 тамыздағы N 843  қаулысының  6-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы 2004 ж., N 29, 394-құжат).