Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 Қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi


      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi туралы epeжe;

      2) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.29 N 1802 Қаулысымен;

      3) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.29 N 1802 Қаулысымен;

      4) Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.29 N 1802 Қаулысымен.

      2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.03.28 N 300 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      3. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 N 904 қаулысымен.

      4. Қоса беріліп отырған:

      1) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.03.28 N 300 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Қаулысымен;

      2) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.03.28 N 300 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Қаулысымен);

      3) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.08.02 N 900 Қаулысымен;

      4) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.03.28 N 300 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Қаулысымен);

      4-1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.29 N 1802 Қаулысымен;

      5) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.29 N 1802 Қаулысымен;

      6) (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.03.28 N 300 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Қаулысымен)

      7) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.29 N 1802 Қаулысымен.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.03.28 N 300 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз), 2011.08.02 N 900, 2012.01.13 № 34, 2012.12.29 N 1802 Қаулыларымен.

      5. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.03.28 N 300 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      7. Осы қаулы Қазақстан Республикасының "Стандарттау туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 5 қазандағы заңдарына сәйкес 2019 жылғы 11 сәуірде қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 140-3), 140-4), 140-5), 140-6), 140-7), 140-8) және 140-9) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 19.03.2019 № 131 қаулысымен.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі


      Қазақстан Республикасы

      Yкiметiнiң

      2004 жылғы 28 қазандағы

      N 1120 қаулысымен

      бекітiлген

      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.29 N 1802 Қаулысымен.

      1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2018 № 454 қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) өз құзыреті шегінде мемлекет қызметінің құқықтық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау көрсететін, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2018 № 454 қаулысымен.

      2. Министрліктің облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада, аудандарда, қалаларда және қалалардағы аудандарда аумақтық органдары бар.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 19.08.2019 № 608 қаулысымен.

      3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2018 № 454 қаулысымен.

      4. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2018 № 454 қаулысымен.

      5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы ретінде мемлекеттің атынан түсуге құқығы бар.

      7. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Министрліктің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Министрліктің орналасқан жері: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, "Есіл" ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 19.08.2019 № 608 қаулысымен.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Министрлік қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Министрлікке кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, мұндай қызметтен түсетін түсімдер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2018 № 454 қаулысымен.

      2-тарау. Министрліктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2018 № 454 қаулысымен.

      14. Министрліктің миссиясы:

      Елдің бәсекелестік қабілетін арттыру міндеттерін шешу үшін құқықтық инфрақұрылымды жаңғырту және қамтамасыз ету.

      15. Міндеттері:

      1) жалпымемлекеттік даму стратегиясын әзірлеу мен іске асыруға қатысу, заң жобалау жұмысын үйлестіру, сондай-ақ жүргізу, Қазақстан Республикасының заңнамасын талдау, жетілдіру, жүйелеу, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына заң сараптамасын жүргізу, ғылыми құқықтық және ғылыми лингвистикалық сараптамалар жүргізуді ұйымдастыру арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін, қазақстандық қоғам мен мемлекеттің орнықты және қарышты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысу;

      1-1) өз құзыреті шегінде мемлекеттің реттеушілік саясатын қалыптастыру мен іске асыруға қатысу;

      2) Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау және әлемдік қоғамдастықта Республиканың беделін нығайту мақсатында оның халықаралық аренадағы қызметін, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындау және жасасу арқылы құқықтық қамтамасыз ету;

      3) коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептiк тiркеуді, орталық мемлекеттiк органдар мен олардың ведомстволарының, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк есепке алуды қамтамасыз ету;

      3-1) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу, жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк техникалық зерттеп-қарау және жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiн жүргiзу саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру;

      4) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, заң көмегін ұйымдастыру және көрсету, құқықтық насихат саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;

      5) сот-сараптама қызметі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру, іске асыру және бақылауды жүзеге асыру;

      6) зияткерлік қызмет құқықтарын қорғау және сақтау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;

      7) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді заңға сәйкес жүзеге асыру;

      8) атқарушылық құжаттарды орындау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, сондай-ақ ондағы қызметті мемлекеттік реттеу.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1009 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз); 27.02.2016 № 122 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.07.2018 № 454; 28.08.2018 № 533 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 30.10.2018 № 695 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 26.07.2019 № 534 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.07.2021 № 511 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      16. Функциялар:

      Орталық аппараттың функциялары:

      1) ұлттық заңнаманы дамыту;

      2) шет мемлекеттердің тиісті ұйымдарымен халықаралық байланыстар орнату және қолдау;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шет мемлекеттермен құқықтық көмек және құқықтық ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар жасасуды дайындау, ұйымдастыру;

      4) Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру, біріздендіру, сондай-ақ Қазақстан таныған Қазақстан Республикасының заңнамасындағы халықаралық нормаларды имплементациялау мәселелері бойынша талдау жүргізу;

      5) Қазақстан Республикасының Үкіметіне құзыретті мемлекеттік органның ұсынуымен шетелдік инвесторлармен сот және төрелік талқылауларға бастамашылық ету туралы ұсыныстар енгізу;

      6) халықаралық шарттар жобаларының заң сараптамасы;

      7) басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдар берген мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді, сондай-ақ олар құпияландырған мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету;

      8) халықаралық шарттардың талаптарын іске асыруды қамтамасыз ету;

      9) заң жобалау жұмысы, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;

      9-1) Заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарын және заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарларын әзірлеу;

      10) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың заңнама саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестіру;

      10-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен заң жобаларын әзірлейтін орталық мемлекеттік органдардың заң жобалау жұмысын үйлестіру;

      10-2) заң жобасы бойынша ғылыми құқықтық, ғылыми лингвистикалық сараптамалар жүргізуді ұйымдастыру;

      10-3) ратификациялауға жататын Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми құқықтық сараптама және ғылыми лингвистикалық сараптамалар жүргізуді ұйымдастыру;

      11) өз қызметі саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану практикасын, оның ішінде "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі нәтижелерін талдау мен қорыту және оны жетілдіру, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде тиісті ұсыныстар енгізу;

      12) Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне ресми түсінік беру;

      13) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 N 904 қаулысымен;

      14) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 N 904 қаулысымен;

      15) орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу, мәслихаттардың, әкімдіктердің, әкімдердің, сондай-ақ тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу, құқықтық ақпараттандыруды, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін, Қазақстанда құқықтық ақпараттың бiрыңғай компьютерлiк жүйесiн жүргiзуді қамтамасыз ету;

      15-1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 23.07.2021 № 511 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16) Қазақстан Республикасының кепілдігімен жасалған қарыз шарттарының заң сараптамасы;

      17) заң қызметтерінің нарығын талдау, мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында әлеуетті консультанттар тізбесін қалыптастыру;

      18) Қазақтан Республикасының Үкіметі жасасатын инвестициялық шарттар жобаларын заңдық сараптау;

      19) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестіру;

      20) орталық атқарушы органдардың заң қызметтерінің қызметін үйлестіру және әдістемелік басқару, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының заң қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау;

      21) Премьер-Министрдің, оның орынбасарының немесе Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдарға сот талқылауларында құқықтық және консультациялық көмек көрсету;

      22) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 23.07.2021 № 511 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23) мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастыру;

      24) өз құзыретінің шегінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыру саласында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін қабылдау;

      25) заңнамаға түсінік беруге қатысу;

      26) адамның және азаматтың, ұйымдар мен мемлекеттің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау және қорғау;

      27) нормативтік құқықтық актілер жобаларының заң сараптамасы;

      27-1) заң жобасы бойынша заң жобасының жан-жақты пысықталуы фактісін айқындау мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша реттеу нысанасын ашуды қамтитын және ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасының жобасы бойынша қорытынды беру;

      28) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 03.09.2013 № 917 қаулысымен;

      29) заң жобалау, сараптамалық, ғылыми-зерттеу жұмыстарын және консультацияларды жүзеге асыруға осы мақсаттарда бюджеттік және өзге де қаражатты пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың мамандары мен сарапшыларын, оның ішінде шетелдік мамандар мен сарапшыларды тарту;

      30) төреліктерде, шетелдік төреліктерде, шетелдік мемлекеттік және сот органдарында, сондай-ақ дауларды төрелікте (сотта) реттегенге дейінгі процесте мемлекеттің мүдделерін қорғауды және білдіруді қамтамасыз ету;

      31) Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасының Үкіметіне, соның ішінде мемлекеттік органдарға сот және төрелік шағым-талаптарын беру себептерін талдау;

      32) Қазақстан Республикасының Үкіметі қатысатын шетелде өткізілетін сот немесе төрелік талқылаулардың перспективаларын бағалау және мемлекет мүдделерін қорғау жөнінде уақтылы шаралар қабылдау;

      33) уәкілетті мемлекеттік органдар жүргізетін дауларды шешу жөніндегі келіссөз процестеріне қатысу;

      34) мемлекеттік органдарға өз құзыретінің шегінде ғылыми-әдістемелік және құқықтық көмек көрсету;

      35) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсету;

      36) халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердің сот тапсырмалары мен өтініштерін орындау;

      37) басқа тұлғалардың өтініші бойынша сотқа олардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, сол сияқты Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 55-бабында белгіленген тәртіппен қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау туралы талап-арызбен сотқа жүгіну;

      38) бақылау және қадағалау функциялары берілген мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша ақпарат ұсыну;

      39) әділет органдарының ақпараттық қауіпсіздікті сақтауын қамтамасыз ету;

      40) бiрыңғай құқықтық ақпарат жүйесiн құру, орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарға анықтамалық-ақпараттық жұмыста көмек көрсету;

      40-1) "Е-заңнама" ақпараттық жүйесін жүргізу;

      41) орталық мемлекеттік органдарда, сондай-ақ мәслихаттарда және әкімдіктерде мемлекеттік тіркелуге жататын нормативтік құқықтық актілерді тексеруді жүзеге асыру;

      42) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 26.07.2019 № 534 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      43) мемлекеттік органдардың әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын, бірақ одан өтпеген нормативтік құқықтық актілеріне қатысты заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгізу;

      44) орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, әкімдердің өздері қолданатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес жариялануға міндетті, бірақ белгіленген тәртіппен жарияланбаған нормативтік құқықтық актілеріне қатысты заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгізу;

      45) мемлекеттік органдардың әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін нормативтік құқықтық актілеріне қатысты заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгізу;

      46) төреліктерде, шетелдік төреліктерде, шетелдік мемлекеттік және сот органдарында, сондай-ақ дауларды төрелікте (сотта) реттегенге дейінгі процесте мемлекеттің мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі тартатын шетелдік заң консультанттарының жұмысын үйлестіру;

      47) ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;

      48) әділет органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер сапасының сақталуын қамтамасыз ету;

      49) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;

      50) әділет органдары жүйесіндегі кадрларға деген қажеттілікті айқындау;

      51) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.02.2016 № 122 қаулысымен.

      51) мемлекет кепілдік берген заң көмегінің барлық түрлері бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болып табылады;

      52) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.02.2016 № 122 қаулысымен.

      53) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру;

      54) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау;

      55) реттелетін салада мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау;

      55-1) Ашық НҚА интернет-порталында заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру тәртібін әзірлеу және бекіту;

      56) Министрліктің стратегиялық жоспарын әзірлеу және бекіту;

      57) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау;

      58) эталондық заңнамалық актiлердi және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, ақпараттық және анықтамалық-әдiстемелiк материалдарды, оның iшiнде құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесiн пайдалана отырып шарт негiзiнде беру;

      59) құқықтық насихатты ұйымдастыруды ведомствоаралық үйлестіру;

      60) нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі жөніндегі уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру;

      61) Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 17.04.2020 № 219 қаулысымен.

      62) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.02.2016 № 122 қаулысымен.

      63) заңнамаға сәйкес атқарушылық құжаттардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету;

      64) мемлекеттік сот орындаушысының қызметін бақылауды жүзеге асыру;

      65) жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялауды жүзеге асыру;

      66) атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу

      құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешім қабылдау, сондай-ақ "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша жеке сот орындаушыларын лицензияларынан айыру туралы талап-арыздарға бастамашылық ету;

      67) өз құзыреті шегінде жеке сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылауды жүзеге асыру;

      68) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.02.2016 № 122 қаулысымен.

      69) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.02.2016 № 122 қаулысымен.

      70) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.02.2016 № 122 қаулысымен.

      71) атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқаулық және түсіндіру материалдарын әзірлеу;

      72) мемлекеттік органдармен жеке сот орындаушыларын жария тізілім мен электрондық дерекқорларға қосу туралы шарттар жасасу;

      72-1) тыйым салынған мүлікті өткізу бойынша бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауды жүзеге асыру тәртібін айқындау;

      72-2) сот орындаушылары қаулыларының үлгілік нысандарын әзірлеу және бекіту;

      72-3) жеке сот орындаушылары көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы есеп пен жиынтық есеп нысанын әзірлеу және бекіту;

      72-4) жеке сот орындаушыларының мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуі туралы келісім нысанын әзірлеу және бекіту;

      72-5) жеке сот орындаушысының алиментті және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауымен байланысты қызметіне ақы төлеу тәртібін белгілеу;

      72-6) жеке сот орындаушысының қызметтік үй-жайының орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;

      72-7) тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу тәртібі мен шарттарын белгілеу;

      72-8) жеке сот орындаушыларының куәлігі мен жеке мөрінің үлгілерін әзірлеу және бекіту;

      72-9) жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      72-10) жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасының мөлшерін әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекіту үшін ұсыну;

      72-11) жеке сот орындаушыларын есептік тіркеу тәртібін әзірлеу және бекіту;

      72-12) жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу жөніндегі комиссияның ережесін әзірлеу және бекіту;

      72-13) жеке сот орындаушысының алиментті және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша мәжбүрлеу шараларын қабылдаумен байланысты қызметіне ақы төлеу мөлшерін әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекіту үшін ұсыну;

      72-14) тыйым салынған мүлікті өткізудің, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізудің қағидаларын бекіту;

      72-15) ата-ананың алатын және алимент ұсталатын жалақысы және (немесе) өзге де кірісі түрлерінің тізбесін бекіту;

      72-16) жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру тәртібін әзірлеу және бекіту;

      72-17) жеке сот орындаушыларының іс жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      72-18) жеке сот орындаушылары өңірлік палаталарының өз қызметі туралы ақпарат беруінің нысаны мен мерзімдерін бекіту;

      72-19) жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық құжаттарды бөлу тәртібін айқындау;

      72-20) мемлекеттік сот орындаушыларының нысанды киімінің (погонсыз), жетоны және эмблемасының үлгілерін бекіту;

      72-21) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік сот орындаушыларын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту;

      72-22) атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстарды есептеу әдістемесін бекіту;

      72-23) жеке сот орындаушысының депозиттік кітапты жүргізу тәртібін белгілеу;

      72-24) жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін белгіленген тәртіппен жауапты деп танылған таратылатын заңды тұлғаның мүлкі жоқ немесе жеткіліксіз болған жағдайда осы зиянды өтеу жөніндегі тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру сомаларын мемлекеттен өндіріп алу жөніндегі атқарушылық іс жүргізу қағидаларын белгілеу;

      72-25) шет мемлекеттердің атқарушылық іс жүргізу қызметтерімен және халықаралық ұйымдармен атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы ынтымақтастық;

      73) заңнамада белгіленген тәртіппен зияткерлік меншік құқықтарын өзара қорғау туралы халықаралық шарттарды дайындауға және жасасуға, мұндай шарттарға қол қоюға қатысу;

      74) зияткерлік меншік құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық шарттардың және келісімдердің нормалары мен ережелерін іске асыру;

      75) зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу және басқа да жұмыстарына қатысу;

      76) топологияларды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне енгізу және тіркеу туралы куәліктерді, автор куәліктерін беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      76-1) Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде селекциялық жетiстiктерді тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, патенттердің күшін жою және қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      76-2) өнеркәсіптік меншік объектілерін Өнертабыстардың мемлекеттік тізілімінде, Пайдалы модельдердің мемлекеттік тізілімінде, Өнеркәсіптік үлгілердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, патенттерді жарамсыз деп тану және олардың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      76-3) тауар белгілерін және тауар шығарылған жерлердiң атауларын Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде және Тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, тіркеудің қолданысын тоқтату және оны жарамсыз деп тану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      77) топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқық табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      78) Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 17.10.2018 № 655 қаулысымен.

      79) селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      79-1) өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды тиісті мемлекеттік тізілімдерде тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      79-2) тауар белгісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға құқықты табыстауды тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      79-3) Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінен, тиісті мемлекеттік тізілімдерден, Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінен, Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен және Тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінен үзінділер беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      80) Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 17.10.2018 № 655 қаулысымен.

      81) тіркелген топологиялар туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялау тәртібін айқындау;

      81-1) селекциялық жетістіктерді, өнеркәсіптік меншік объектілерін, тауар белгілерін және тауар шығарылған жерлердiң атауларын тіркеуге жататын мәліметтерді бюллетеньде жариялау тәртібін айқындау;

      82) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес өнеркәсіптік меншік объектілеріне, селекциялық жетістіктерге, тауар белгілеріне арналған өтінімдерді қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      83) топологияларды тіркеу туралы өтінімдерге сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      83-1) селекциялық жетiстiктерге арналған өтінімдерге алдын ала сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      83-2) өнеркәсіптік меншік объектілеріне, тауар белгілеріне және тауар шығарылған жерлердiң атауларына арналған өтінімдерге сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      84) Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 17.10.2018 № 655 қаулысымен.

      85) авторлық құқықты ресми тізілімдерде тіркеуді ұйымдастыруды жүзеге асыру;

      86) ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын ұйымдарды

      аккредиттеу;

      87) патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу және оларды патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу;

      88) Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 17.10.2018 № 655 қаулысымен.

      89) аттестаттау комиссиясы, апелляциялық кеңес, апелляциялық комиссия, тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия туралы ережелерді әзірлеу және бекіту;

      89-1) аттестаттау комиссиясының, апелляциялық кеңестің, апелляциялық комиссияның және тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссияның қызметін ұйымдастыру;

      90) апелляциялық кеңестің қарсылықтарды қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      91) Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 17.10.2018 № 655 қаулысымен.

      92) тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, тауар шығарылған жер атауының немесе фирмалық атаудың пайдаланылуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      93) мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметін, сондай-ақ тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, тауар шығарылған жер атауының немесе фирмалық атаудың пайдаланылуын Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында мемлекеттік бақылау;

      94) патенттiк iс саласындағы сараптаманы және авторлық құқықты ресми тізілімдерде тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымның қызметiн бақылауды жүзеге асыру;

      94-1) зияткерлiк меншiкті сақтау мен қорғау саласындағы қызметті ведомствоаралық үйлестіру және осы саладағы уәкілетті органдарға, сондай-ақ мүдделі ұйымдарға әдістемелік көмек көрсетуді жүзеге асыру;

      94-2) зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;

      94-3) уәкілетті органдар мен ұйымдардың осы саладағы заңнаманы сақтауын және халықаралық шарттарды орындауын қоса алғанда, олардың зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруының мониторингі;

      94-4) қорғау құжаттарын беруге түскен өтiнiмдерге сараптама жүргiзудi ұйымдастыру, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнiң, селекциялық жетiстiктердiң, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттiк тiзiлiмдерiн жүргiзу, қорғау құжаттарын беру және оларды күшiнде ұстау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;

      94-5) "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда сыйақы мөлшерi мен оны төлеу шарттарын белгiлеу;

      95) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.02.2016 № 122 қаулысымен.

      96) аумақтық әділет органдарының қызметін қамтамасыз ету және оларға коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу мәселелері бойынша әдістемелік басшылық ету;

      96-1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;

      97) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.02.2016 № 122 қаулысымен.

      98) азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша аумақтық әділет бөлімшелеріне әдістемелік көмек көрсету;

      99) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету;

      100) азаматтық хал актілерін тіркеуге бақылауды жүзеге асыру және тиісті дерекқорлардының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      100-1) Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның агенттікті аккредиттеу туралы шешімін келісу;

      100-2) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібін айқындау;

      100-3) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалар негізінде берілетін куәліктердің нысандарын бекіту;

      100-4) некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтініштер, некеге құқық қабілеттілігі туралы, қайтыс болу туралы анықтамалар нысандарын белгілеу;

      101) коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу;

      101-1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      101-2) Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғаны анықталған жағдайда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс жіберу;

      101-3) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы іске асыратын коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу бойынша көрсетілетін қызметтердiң бағаларын келiсу;

      101-4) шағын, орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiлеріне жататын заңды тұлғалардың үлгілік жарғыларының мазмұнын айқындау;

      101-5) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгені (қайта тіркелгені), филиалдың (өкiлдiктiң) есептiк тiркелгені (қайта тiркелгені) туралы анықтамалар нысанын белгiлеу;

      101-6) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу), филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу (қайта тіркеу), жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы өтініштер нысанын белгілеу;

      101-7) жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлiк қоғам, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi жарғысының (ережесiнiң) телнұсқасын беру туралы өтініш нысанын белгілеу;

      101-8) заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тiркеу, филиалдың (өкiлдiктiң) қызметiн тоқтату туралы өтiнiштер нысанын белгілеу;

      102) өз құзыреті шегінде бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану жөніндегі нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз ету;

      103) бизнес-сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды орталықтан жүзеге асыру және тiркеушi органдар мен өзге де мемлекеттiк мекемелер өтiнiш жасаған кезден бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей, оларға ақпарат беру;

      104) бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізу;

      105) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу, жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк техникалық зерттеп-қарау және жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiн жүргiзу саласында мемлекеттiк реттеуді жүзеге асыру;

      105-1) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

      106) тіркеуші органның қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      107) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 28.08.2018 № 533 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      107-1) құқықтық кадастрды қолдауға қойылатын талаптарды және құқықтық кадастрға қол жеткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      107-2) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 28.08.2018 № 533 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      107-3) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы статистикалық және өзге де есептік ақпаратты ұсыну қағидаларын әзiрлеу және бекiту;

      107-4) жылжымайтын мүлікке құқықтарды, оның ішінде жеделдетілген тәртіппен мемлекеттік тіркегені және ғимараттарды, құрылысжайларды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарағаны үшін тіркеуші орган өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын келісу;

      107-5) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау;

      107-6) өз құзыреті шегінде "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау рәсімдерін жүргізуді үйлестіру;

      107-7) аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентiн (К айм.) келісу;

      107-8) жылжымайтын объектілерді мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау бойынша нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;

      107-9) құқықтық және өзге де кадастрларды жүргізу мақсатында ақпарат алмасу бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындау;

      107-10) құқықтық кадастрдан ақпарат беру тәртібін айқындау;

      107-11) ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізу, мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды жүргізу тәртібі мен мерзімін, бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмір беру тәртібін, сондай-ақ құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізу үшін міндетті мәліметтердің нысандарын, техникалық паспорттың нысандарын айқындау;

      107-12) екінші деңгейдегі банктермен жасалатын банктік қарыз шартын қамтамасыз етуге берілген кепілді электрондық тіркеу тәртібін айқындау;

      107-13) құқықтық кадастрда жүйелі тіркеуді жүргізу мерзімдері мен тәртібін айқындау;

      108) аумақтық әділет органдарының нотариустардың халыққа құқықтық қызмет көрсетуі саласында заңдылықты ұйымдастыру және қамтамасыз ету бойынша қызметіне басшылықты, үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру;

      108-1) мемлекеттiк нотариат кадрларын iрiктеу, аттестаттау және орналастыру;

      108-2) мемлекеттiк нотариат кеңселерiнiң қызметiне басшылық жасау, жеке нотариаттың дамуына жәрдемдесу, жасалған нотариаттық әрекеттердiң заңдылығы мен мемлекеттiк және жекеше нотариустардың iс жүргiзу қағидаларын сақтауын бақылау;

      109) өз құзыреті шегінде нотариат қызметін реттеуді жүзеге асыру;

      109-1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      109-2) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің тізілімдерін жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;

      109-3) Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе тізілімдерінің жұмыс істеуі туралы есептілікті ұсыну нысанын әзірлеу және бекіту;

      109-4) Қазақстан Республикасының архивтер және құжаттаманы басқарушы уәкiлеттi мемлекеттiк органымен келiсу арқылы Республикалық нотариаттық палатаның қатысуымен нотариаттық iс жүргiзу жөнiндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;

      109-5) Нотариустардың нотариаттық iс-әрекеттердi жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      109-6) Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасайтын лауазымды адамдарын аттестациялау туралы ережені әзірлеу және бекіту;

      109-7) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттiк тiзiлiмi туралы ереженi әзірлеу және бекіту;

      109-8) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссияларының дербес құрамын және олардың жұмыс регламентін әзірлеу және бекіту;

      109-9) тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды тестілеуден өткізу тәртібі мен шарттарын әзірлеу және бекіту;

      109-10) тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекiту;

      109-11) нотариустардың біліктілігін арттыру туралы ережені келісу;

      109-12) нотариустардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережені келісу;

      109-13) нотариустың үй-жайына қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;

      109-14) нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімдерінің (оның ішінде бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің электрондық тізілімінің), нотариаттық куәліктер мен қаулылардың, мәмілелердегі және куәландырылатын құжаттардағы куәландыру жазбаларының нысанын әзірлеу және бекіту;

      110) нотариат мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқамалық және түсіндірме материалдармен қамтамасыз ету;

      111) аумақтық әділет органдарының аумақтық нотариаттық палатамен бірлесе отырып берген ұсынымдарының негізінде әрбір нотариаттық округ бойынша нотариустардың ең аз санын бекіту;

      112) нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      113) нотариустардың қызметін лицензиялауды жүзеге асыру;

      114) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияны тоқтата тұру, күшiн тоқтату және қайта бастау туралы шешiм қабылдау, сондай-ақ нотариустарды лицензияларынан айыру туралы талаптарға бастама жасау;

      114-1) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы шешiмді лицензиардың интернет-ресурсына орналастыру;

      115) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиялардың мемлекеттік тізілімін жүргізу, сондай-ақ ведомстволық баспа басылымында лицензиялар берілген адамдар туралы мәліметтерді жариялау;

      116) адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиялар тізілімін

      жүргізу, интернет-ресурста тізілім мәліметтерінің, сондай-ақ адвокаттық қызметпен айналысатын лицензиаттар тізімдерінің және адвокаттар лицензияларының қолданылуын тоқтата тұру, қалпына келтіру, одан айыру және оны тоқтату туралы мәліметтердің орналастырылуын қамтамасыз ету;

      117) адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиялар беру;

      118) адвокаттардың, нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, заң консультанттарының жеке және заңды тұлғаларға көрсететін заңды көмегінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;

      118-1) адвокат көрсететін, мемлекеттік кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      118-2) адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу тәртібін әзірлеу және бекіту;

      118-3) заң консультанттары палаталарының қызметін бақылауды жүзеге асыру;

      118-4) заң консультанттары палатасының үлгілік жарғысын әзірлеу және бекіту;

      118-5) заң консультанттары палаталарының тізілімін жүргізу;

      118-6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша заң консультанттарының кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын әзірлеу және бекіту;

      118-7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша адвокаттардың кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын әзірлеу және бекіту;

      119) Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 29.06.2018 № 399 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      120) Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 29.06.2018 № 399 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      121) Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 29.06.2018 № 399 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      122) Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 29.06.2018 № 399 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      123) заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету;

      123-1) мемлекет кепілдік берген заң көмегі жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ету;

      123-2) мемлекет кепілдік берген көрсетілетін заң көмегінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;

      123-3) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;

      123-4) заң көмегін көрсету стандарттарын келісу;

      123-5) заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарын келісу;

      124) заң көмегін көрсету саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      125) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін адамдардың қызметін үйлестіру;

      126) Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасына, заң көмегін көрсету көлемінің толықтығы мен сапасына мониторинг жүргізу;

      127) халыққа заң көмегін көрсететін адамдар, заң көмегін көрсету тетіктері, негіздемелері мен шарттары туралы құқықтық ақпарат беруді қамтамасыз ету;

      128) Қазақстан Республикасының барлық аумағына таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жылына кемінде бір рет жариялануын және өзінің интернет-ресурсында мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетудің жүйесі және негізгі қорытындылары туралы ақпаратты орналастыруды қамтамасыз ету;

      129) әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою;

      130) сот-сараптама қызметін лицензиялауды жүзеге асыру;

      131) сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік емтихандарын қабылдау және сот сарапшысының біліктілік куәлігін беру;

      132) сот сараптамасы органы көрсететін сот-сараптамалық қызметтерге бағаларды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;

      133) сот сараптамасы органының құрылымын, оның қызметі туралы ережелерді, үлгілік штаттар мен штаттық нормативтерді, сот сараптамасы органы қызметкерлерінің біліктілік мінездемелерін әзірлеу және бекіту;

      134) сот-сараптама қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, сондай-ақ сот сарапшыларын кәсіби дайындау және біліктіліктерін арттыру;

      135) мемлекеттік сот-сараптамалық ұйымдарды материалдық техникалық қамтамасыз ету;

      136) сот сараптамасы саласында электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерін жасау және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес оларға жеке және заңды тұлғалардың қолжетімділігін ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

      136-1) сот сараптамасы органдары жүргізетін сот сараптамалары түрлерінің және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі біліктілік беретін сарапшылық мамандықтарының тізбесін әзірлеу және бекіту;

      136-2) сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      136-3) сот сараптамасы объектілерімен жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      136-4) сот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау қағидаларын, сот сараптамаларының күрделілік санаттарына қарай оларды жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібін, сондай-ақ сот сараптамаларын жүргізуді тоқтата тұрудың және мерзімін ұзартудың негіздері мен тәртібін әзірлеу және бекіту;

      136-5) сот сараптамасы органдары сот сарапшыларының жүктемелері нормативтерін әзірлеу және бекіту;

      136-6) сот сараптамасы органдарында сот сараптамасын жүргізудің құнын айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      136-7) сот-сараптамалық зерттеулердің әдістері мен әдістемелері валидациясының қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      136-8) сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерін әзірлеу, сынамадан өткізу және енгізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      136-9) Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      136-10) Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу;

      136-11) сот сараптамасын жүргізуге арналған арнайы жарақтандырылған үй-жайлардың стандарттары мен оларға қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;

      136-12) сот сарапшыларының біліктілік даярлығы қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      136-13) сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      136-14) сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі комиссия туралы ережені және оның құрамын әзірлеу және бекіту;

      136-15) сот сарапшыларын аттестаттау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      136-16) сот сарапшыларын аттестаттауды өткізу жөніндегі комиссия туралы ережені және оның құрамын әзірлеу және бекіту;

      136-17) сот сарапшыларын аттестаттау;

      136-18) сот сарапшыларының біліктілігін арттыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      136-19) Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      136-20) Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу;

      136-21) сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия туралы ережені және оның құрамын әзірлеу және бекіту;

      136-22) Сот сарапшысының әдеп кодексін әзірлеу және бекіту;

      136-23) сот сарапшылары кадрларын iрiктеу және орналастыру;

      136-24) сот сараптамасы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру;

      137) лицензиялық талаптарды сақтау бойынша лицензиаттардың қызметін бақылауды жүзеге асыру;

      138) өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және хаттамалар жасау, әкімшілік жазалау;

      139) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру дайындығын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      140) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы жоспарын және тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсетудің тиісті кезеңіне сәйкес жоспарын әзірлеуге қатысу;

      140-1) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапсырысы бойынша жүргізілетін талдамалық, консалтингтік, әлеуметтанушылық және өзге де зерттеулердің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулердің бірыңғай дерекқорын Қазақстан Республикасының Әділет министрі айқындайтын тәртіппен жүргізуді қамтамасыз ету.

      140-2) Министрлiк қабылдаған және (немесе) әзірлеушi болған не өздерінің құзыретiне жататын нормативтiк құқықтық актiлердiң мониторингiн жүргізу және оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөніндегі шараларды уақтылы қабылдау;

      140-3) техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшемдер тізбесін бекітеді;

      140-4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою туралы ұсыныстарды дайындауды және уәкілетті органға енгізуді жүзеге асырады;

      140-5) уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді жүзеге асырады;

      140-6) стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарайды;

      140-7) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;

      140-8) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады;

      140-9) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;

      140-10) пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімдер жобаларының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан құқықтық сараптама жүргізу;

      141) заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 03.09.2013 № 917; 08.11.2013 N 1185; 23.09.2014 № 1009 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз); 27.04.2015 № 346; 27.02.2016 № 122 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 29.12.2016 N 904; 29.06.2018 № 399 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 23.07.2018 № 454;17.10.2018 № 655; 30.10.2018 № 695 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 19.03.2019 № 131 (11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.07.2019 № 534 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.08.2019 № 608; 03.04.2020 № 166 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);17.04. 2020 № 219; 13.05.2021 № 319; 23.07.2021 № 511 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      17. Құқықтар мен міндеттері:

      Министрліктің өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) өзінің құзыреті шегінде орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға;

      2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқығы бар.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 27.02.2016 № 122 қаулысымен.

      3-тарау. Министрлiктің қызметiн ұйымдастыру

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 23.07.2018 № 454 қаулысымен.

      18. Министрлікке басшылық етуді жүзеге асыратын және өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына және олардың өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      19. Бірінші басшыны Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және Қазақстан Республикасының Президенті қызметтен босатады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.06.2017 № 350 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      20. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтен босатылатын және тағайындалатын бірінші басшының орынбасарлары (вице-министрлері) болады.

      21. Министрліктің бірінші басшының өкілеттігі:

      1) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастарының мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған Министрлік қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және босатады;

      2) заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік қызметкерлерін тәртіптік жазаға тартады және көтермелеу бойынша шаралар қолданады, өзінің құзыретіне жатқызылған еңбек қатынастарын шешеді;

      3) бұйрықтарға қол қояды;

      4) барлық мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;

      5) Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;

      6) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шаралар үшін дербес жауапты болады.

      Бірінші басшы болмаған кезде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 23.07.2018 № 454 қаулысымен.

      22. Бірінші басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының (вице-министрлерінің) өкілеттіктерін айқындайды.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 23.07.2018 № 454 қаулысымен.

      23. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.

            Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

            23-1. Аппарат басшысы аумақтық органдар басшыларының орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

            Ескерту. 3-тарау 23-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4-тарау. Министрліктің мүлкі

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 23.07.2018 № 454 қаулысымен.

      24. Заңнамада көзделген жағдайларда Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Министрліктің мүлкі оған меншік иесі берген мүліктің есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге көздерден және жеке қызметі нәтижесінде иеленген мүліктен (ақшалай табысты қоса алғанда) құрылады.

      Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 23.07.2018 № 454 қаулысымен.

      25. Министрлікке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      26. Министрліктің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен иеленген мүлікті, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

      Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 23.07.2018 № 454 қаулысымен.

      5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 23.07.2018 № 454 қаулысымен.

      27. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Министрліктің қарамағындағы ұйымдардын тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.12.2014 № 1384, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.12.2014 № 1403 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.01.2016 № 39 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.02.2017 № 34; 23.07.2018 № 454 қаулыларымен.

      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 23.03.2019 № 149 қаулысымен.

      2. алып тасталды - ҚР Үкіметінің 23.07.2018 № 454 қаулысымен.

      3. "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      4. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.01.2016 № 39 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 03.02.2017 № 34 қаулысымен.

      5. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

      Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 31.12.2019 № 1048 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ақмола облысының әдiлет департаментi.

      2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ақтөбе облысының әдiлет департаментi.

      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Алматы облысының әдiлет департаментi.

      4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Атырау облысының әдiлет департаментi.

      5. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Шығыс Қазақстан облысының әдiлет департаментi.

      6. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Жамбыл облысының әдiлет департаментi.

      7. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Батыс Қазақстан облысының әдiлет департаментi.

      8. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қарағанды облысының әдiлет департаментi.

      9. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қызылорда облысының әдiлет департаментi.

      10. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қостанай облысының әдiлет департаментi.

      11. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Маңғыстау облысының әдiлет департаментi.

      12. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Павлодар облысының әдiлет департаментi.

      13. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының әдiлет департаментi.

      14. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Түркістан облысының әділет департаменті.

      15. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының әділет департаменті.

      16. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Алматы қаласының әдiлет департаментi.

      17. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Шымкент қаласының әділет департаменті.

      18. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ақмола облысының әдiлет департаментi Ақкөл ауданаралық әділет басқармасы.

      19. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ақмола облысының әдiлет департаментi Есіл ауданаралық әділет басқармасы.

      20. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ақмола облысының әдiлет департаментi Целиноград ауданаралық әділет басқармасы.

      21. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ақмола облысының әдiлет департаментi Бурабай ауданаралық әділет басқармасы.

      22. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Алматы облысының әдiлет департаментi Ақсу ауданаралық әділет басқармасы.

      23. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Алматы облысының әдiлет департаментi Еңбекшіқазақ ауданаралық әділет басқармасы.

      24. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Алматы облысының әдiлет департаментi Қарасай ауданаралық әділет басқармасы.

      25. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Алматы облысының әдiлет департаментi Панфилов ауданаралық әділет басқармасы.

      26. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Алматы облысының әдiлет департаментi Қапшағай қаласының ауданаралық әділет басқармасы.

      27. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Алматы облысының әдiлет департаментi Текелі қаласының ауданаралық әділет басқармасы.

      28. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ақтөбе облысының әдiлет департаментi Мұғалжар ауданаралық әділет басқармасы.

      29. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ақтөбе облысының әдiлет департаментi Ойыл ауданаралық әділет басқармасы.

      30. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ақтөбе облысының әдiлет департаментi Хромтау ауданаралық әділет басқармасы.

      31. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ақтөбе облысының әдiлет департаментi Шалқар ауданаралық әділет басқармасы.

      32. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Атырау облысының әдiлет департаментi Жылыой ауданаралық әділет басқармасы.

      33. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Атырау облысының әдiлет департаментi Махамбет ауданаралық әділет басқармасы.

      34. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Атырау облысының әдiлет департаментi Құрманғазы ауданаралық әділет басқармасы.

      35. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Шығыс Қазақстан облысының әдiлет департаментi Алтай ауданаралық әділет басқармасы.

      36. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Шығыс Қазақстан облысының әдiлет департаментi Семей қаласының ауданаралық әділет басқармасы.

      37. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Шығыс Қазақстан облысының әдiлет департаментi Тарбағатай ауданаралық әділет басқармасы.

      38. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Шығыс Қазақстан облысының әдiлет департаментi Үржар ауданаралық әділет басқармасы.

      39. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Шығыс Қазақстан облысының әдiлет департаментi Шемонаиха ауданаралық әділет басқармасы.

      40. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Жамбыл облысының әдiлет департаментi Жамбыл ауданаралық әділет басқармасы.

      41. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Жамбыл облысының әдiлет департаментi Т. Рысқұлов ауданаралық әділет басқармасы.

      42. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Жамбыл облысының әдiлет департаментi Талас ауданаралық әділет басқармасы.

      43. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Жамбыл облысының әдiлет департаментi Шу ауданаралық әділет басқармасы.

      44. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Батыс Қазақстан облысының әдiлет департаментi Ақжайық ауданаралық әділет басқармасы.

      45. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Батыс Қазақстан облысының әдiлет департаментi Бөрлі ауданаралық әділет басқармасы.

      46. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Батыс Қазақстан облысының әдiлет департаментi "Бәйтерек" ауданаралық әділет басқармасы.

      47. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Батыс Қазақстан облысының әдiлет департаментi Казталов ауданаралық әділет басқармасы.

      48. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қарағанды облысының әдiлет департаментi Теміртау қаласының ауданаралық әділет басқармасы.

      49. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қарағанды облысының әдiлет департаментi Қарқаралы ауданаралық әділет басқармасы.

      50. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қарағанды облысының әдiлет департаментi Балқаш қаласының ауданаралық әділет басқармасы.

      51. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қарағанды облысының әдiлет департаментi Жаңаарқа ауданаралық әділет басқармасы.

      52. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қарағанды облысының әдiлет департаментi Жезқазған қаласының ауданаралық әділет басқармасы.

      53. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қостанай облысының әдiлет департаментi Әулиекөл ауданаралық әділет басқармасы.

      54. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қостанай облысының әдiлет департаментi Жiтiқара ауданаралық әділет басқармасы.

      55. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қостанай облысының әдiлет департаментi Меңдiқара ауданаралық әділет басқармасы.

      56. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қостанай облысының әдiлет департаментi Таран ауданаралық әділет басқармасы.

      57. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қостанай облысының әдiлет департаментi Арқалық қаласының ауданаралық әділет басқармасы.

      58. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қызылорда облысының әдiлет департаментi Арал ауданаралық әділет басқармасы.

      59. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қызылорда облысының әдiлет департаментi Қармақшы ауданаралық әділет басқармасы.

      60. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қызылорда облысының әдiлет департаментi Жаңақорған ауданаралық әділет басқармасы.

      61. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Маңғыстау облысының әдiлет департаментi Жаңаөзен қаласының ауданаралық әділет басқармасы.

      62. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Маңғыстау облысының әдiлет департаменті Бейнеу ауданының әдiлет басқармасы.

      63. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Маңғыстау облысының әдiлет департаментi Маңғыстау ауданаралық әділет басқармасы.

      64. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Павлодар облысының әдiлет департаментi Ақсу қаласының ауданаралық әділет басқармасы.

      65. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Павлодар облысының әдiлет департаментi Ақтоғай ауданаралық әділет басқармасы.

      66. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Павлодар облысының әдiлет департаментi Тереңкөл ауданаралық әділет басқармасы.

      67. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Павлодар облысының әдiлет департаментi Екібастұз қаласының ауданаралық әділет басқармасы.

      68. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының әдiлет департаментi Қызылжар ауданаралық әділет басқармасы.

      69. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының әдiлет департаментi Шал ақын атындағы ауданаралық әділет басқармасы.

      70. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының әдiлет департаментi Тайынша ауданаралық әділет басқармасы.

      71. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының әдiлет департаментi Ғабит Мүсірепов атындағы ауданаралық әділет басқармасы.

      72. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Түркістан облысының әдiлет департаментi Кентау қаласының ауданаралық әділет басқармасы.

      73. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Түркістан облысының әдiлет департаментi Жетісай ауданаралық әділет басқармасы.

      74. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Түркістан облысының әдiлет департаментi Ордабасы ауданаралық әділет басқармасы.

      75. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Түркістан облысының әдiлет департаментi Сайрам ауданаралық әділет басқармасы.

      76. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Түркістан облысының әдiлет департаментi Сарыағаш ауданаралық әділет басқармасы.

      Министрліктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      Ескерту. Тізбенің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1009 қаулысымен.

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.12.2014 № 1401 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 03.02.2017 № 34 қаулыларымен.

      Министрлік

      Ескерту. Бөлім алып тасталды – ҚР Үкіметінің 28.03.2019 № 149 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1120 қаулысымен
бекiтiлген

      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң
аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң
ТIЗБЕСI

      Ескерту. Тізбе алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.29 N 1802 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1120 қаулысымен
бекiтiлген

      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігiнiң
қарамағындағы ұйымдардың

ТIЗБЕСI

      Ескерту. Тізбе алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.29 N 1802 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1120 қаулысымен
бекiтiлген

      Ескерту. Ереже тізбемен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.13 № 34 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің аумақтық органдары — мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      Ескерту. Тізбе алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.29 N 1802 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1120 қаулысымен
бекiтiлген

      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешімдерiне
енгiзілетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.05.22 № 653 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.02 N 454 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1120 қаулысымен
бекiтiлген

      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң
Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк

қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетi туралы

ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Ереже алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.03.28 N 300 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1120 қаулысымен
бекiтiлген

      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің
Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет

көрсетуді ұйымдастыру комитетінің

құрылымы

      Ескерту. Құрылым алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.03.28 N 300 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1120 қаулысымен
бекiтiлген

      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті туралы

ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Ереже алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.03.28 N 300 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1120 қаулысымен
бекiтiлген

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң

құрылымы

      Ескерту. Құрылым алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.03.28 N 300 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1120 қаулысымен
бекiтiлген

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару
жүйесі комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік

мекемелерінің тізбесі

      Ескерту. Тізбе алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.08.02 N 900 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1120 қаулысымен
бекiтiлген

      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң
Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың

ТІЗБЕСI

      Ескерту. Тізбе алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.08.02 N 900 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1120 қаулысымен
бекiтiлген

      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң
Тiркеу қызметi комитетi туралы

ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Ереже алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.03.28 N 300 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1120 қаулысымен
бекiтiлген

      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің
Тiркеу қызметi комитетiнiң

құрылымы

      Ескерту. Құрылым алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.03.28 N 300 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1120 қаулысымен
бекiтiлген

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің

қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбе алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.29 N 1802 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1120 қаулысымен
бекiтiлген

      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің
Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi туралы

ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Ереже алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.03.28 N 300 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1120 қаулысымен
бекiтiлген

      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң
Зияткерлiк меншiк құқығы комитетінiң

құрылымы

      Ескерту. Құрылым алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.03.28 N 300 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1120 қаулысымен
бекiтiлген

      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң
Зияткерлiк меншiк құқығы комитетінiң

қарауындағы ұйымдардың

ТІЗБЕСІ

      Ескерту. Тізбе алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.29 N 1802 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1120 қаулысына
қосымша

      Қазақстан Республикасы Yкiметінiң күші жойылған

      кейбiр шешімдерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 8, 63-құжат).

      2. "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 сәуiрдегi N 487 қаулысының 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 15, 159-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 12 желтоқсандағы N 1278 және 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулыларына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 14 маусымдағы N 733 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 27, 250-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінiң Тiркеу қызметi комитетінiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 15 маусымдағы N 771 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 27, 260-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметі комитетiнiң Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 30 маусымдағы N 906 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасы.

      6. "Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 2 тамыздағы N 1093 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағының 2) және 3) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 40, 343-құжат).

      7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегі N 1301 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYKЖ-ы, 1999 ж., N 45, 403-құжат).

      8. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы N 1695 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 50, 490-құжат).

      9. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 4 ақпандағы N 163 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 66-құжат).

      10. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Заң шығару институты" мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 ақпандағы N 314 қаулысының 4-тармағы.

      11. "Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 5 маусымдағы N 852 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 25, 295-құжат).

      12. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң Бiлiктiлiктi арттыру институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 18 тамыздағы N 1278 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 36-37, 435-құжат).

      13. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 23 тамыздағы N 1295 қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 36-37, 439-құжат).

      14. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 151 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетін өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 45-құжат).

      15. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 29 наурыздағы N 411 қаулысының 2-тармағы және 7-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001ж., N 12, 139-құжат).

      16. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Сот қаулыларын атқару жөнiндегi комитетiн таратудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 14 сәуiрдегi N 494 қаулысының 3-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 14, 174-құжат).

      17. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 15 маусымдағы N 824 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 23, 284-құжат).

      18. "Мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 2 қарашадағы N 1389 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне енгiзілетін өзгерiстердiң 4 және 5-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 39, 490-құжат).

      19. "Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1750 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 49-50, 588-құжат).

      20. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1755 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне енгiзілетін өзгерiстер мен толықтырулардың 2-тармағының 1), 2) тармақшалары және 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 49-50, 590-құжат).

      21. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 23 сәуiрдегi N 461 қаулысының 1-тармағының бесiншi және алтыншы абзацтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 12, 122-құжат).

      22. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесi комитеті мемлекеттiк кәсіпорындарының жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 30 мамырдағы N 596 қаулысының 5-тармағының 2) тармақшасы.

      23. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 13 маусымдағы N 639 қаулысының 7-тармағы.

      24. "Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 және 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1755 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 14 маусымдағы N 644 қаулысының 1-тармағы, 2-тармағының екiншi және үшіншi абзацтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 17, 187-құжат).

      25. "Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 22 тамыздағы N 939 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 28, 316-құжат).

      26. "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетінің мемлекеттік мекемелерiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 қарашадағы N 1270 қаулысының 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 43, 431-құжат).

      27. "Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi басқармасының Күзет және қадағалау бөлiмi" мемлекеттік мекемесiн қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 23 шілдедегі N 731 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 30, 296-құжат).

      28. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгінің мемлекеттік мекемелерi - аумақтық органдарын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1369 қаулысының 2-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 49, 556-құжат).

      29. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетінің түзеу мекемелері "Еңбек-Астана" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Еңбек-Көкшетау" еншілес мемлекеттік кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнің 2004 жылғы 8 қаңтардағы N 14 қаулысының 5-тармағының 2) тармақшасы.

      30. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 9 қаңтардағы N 22 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 1, 13-құжат).

      31. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 наурыздағы N 260 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне енгiзілетін өзгерiстер мен толықтырулардың 2 және 4 тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 11, 138-құжат).

      32. "Қазақстан Республикасы Ішкі iстер министрлiгiнiң Қостанай заң институты" мемлекеттiк мекемесiн Қазақстан Республикасы Ішкі iстер министрлiгiнiң қарамағынан Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң қарамағына беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 30 шiлдедегi N 806 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметінің кейбiр шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 28, 373-құжат).

      33. "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнің кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2004 жылғы 12 тамыздағы N 843 қаулысының 6-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы 2004 ж., N 29, 394-құжат).