Қазақстан Республикасы Yкiметінiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2000 жылғы 23 тамыздағы N 1295 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 тамыздағы № 796 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
      1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi" бөлiмi мен реттiк нөмiрi 413-жол алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 106-3-жолмен толықтырылсын:
      "106-3. "Қазпатент" патенттер мен тауарлық
              белгiлер жөнiндегi республикалық
              мемлекеттiк кәсiпорын (шаруашылық
              жүргiзу құқығында)                  Алматы қаласы".
      2)<*>
      ЕСКЕРТУ. Қаулы күшiн жойды - ҚР Үкіметінің 2001.03.29. N 411  қаулысымен .
      3) <*>
       Ескерту. 3)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1120 қаулысымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасы
      Прмеьер-Министрінің
      бірінші орынбасары