Мүлікті бағалау жөніндегі қызметті лицензиялаудың мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 қарашадағы N 1389 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.08.27. N 1260 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатында, жеке басын куәландыратын құжаттарда және басқа да ресми құжаттарда елдiң ағылшын тiлiндегi атауының бiрыңғай жазылуына қол жеткiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1) (күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008.12.24 N 1235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен);

      2) "Қазақстан Республикасында шетел азаматының тұру ықтиярхаты мен азаматтығы жоқ адамдардың куәлiгiнiң үлгiлерiн (сипаттамасын) бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 23 қаңтардағы N 87 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 16, 29-құжат):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген азаматтығы жоқ адамның куәлiгiнiң үлгiсiнде (сипаттамасы):

      2-тармақтың а) тармақшасында "KAZAKSTAN" деген сөз "KAZAKHSTAN" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3 және 8-тармақтарда "Каzакstаn" деген сөз "Kazakhstan" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Елдің ағылшын тілінде жазылған бұрынғы атауы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттары және азаматтығы жоқ адамдардың куәліктері, сонда көрсетілген мерзімі аяқталғанға дейін күшін сақтайды.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі