Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мемлекеттік кәсіпорындарының жекелеген мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 30 мамыр N 596

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Мыналар: 
      1) қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері "Еңбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорындары оларды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері республикалық мемлекеттік кәсіпорындары етіп қайта құру арқылы қайта ұйымдастырылсын; 
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері "Еңбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Еңбек-Алматы" және "Еңбек-Ерменсай" еншілес мемлекеттік кәсіпорындары оларды қосу арқылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің "Еңбек-Алматы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны етіп қайта ұйымдастырылсын.

      2. Құрылатын кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органы болып Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті белгіленсін. <*>
       Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.12.29. N 1439   қаулысымен.

       3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің "Еңбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің "Еңбек-Астана" республикалық мемлекеттік кәсіпорны деп қайта аталсын.

      3-1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің, мемлекеттік кәсіпорындары қылмыстық-атқару жүйесінің ұйымдары үшін маңызды стратегиялық мәні бар ретінде олар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) жеткізуші болып белгіленсін. <*>
       Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.12.29. N 1439   қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті: 
      1) құрылатын кәсіпорындардың жарғыларын бекітсін; 
      2) құрылатын кәсіпорындардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және қайта аталған кәсіпорындардың қайта тіркелуін қамтамасыз етсін; 
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы       
Үкіметінің             
2002 жылғы 30 мамырдағы       
N 596 қаулысына          
қосымша                

        Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
   Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің
    республикалық мемлекеттік кәсіпорындары етіп қайта
   құрылатын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
      Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері
  "Еңбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының еншілес
                 мемлекеттік кәсіпорындарының
                          Тізбесі

1. "Еңбек-Ақтөбе" еншілес             "Еңбек-Ақтөбе" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны                 республикалық мемлекеттік кәсіпорны
________________________________________________________________________  
2. "Еңбек-Атырау" еншілес             "Еңбек-Атырау" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны                 республикалық мемлекеттік кәсіпорны
________________________________________________________________________  
3. "Еңбек-Өскемен" еншілес            "Еңбек-Өскемен" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны                 республикалық мемлекеттік кәсіпорны
________________________________________________________________________  
4. "Еңбек-Тараз" еншілес              "Еңбек-Тараз" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны                 республикалық мемлекеттік кәсіпорны
________________________________________________________________________  
5. "Еңбек-Орал" еншілес               "Еңбек-Орал" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны                 республикалық мемлекеттік кәсіпорны
________________________________________________________________________  
6. "Еңбек-Қарағанды" еншілес         "Еңбек-Қарағанды" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны                 республикалық мемлекеттік кәсіпорны
________________________________________________________________________  
7. "Еңбек-Қызылорда" еншілес         "Еңбек-Қызылорда" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны                 республикалық мемлекеттік кәсіпорны
________________________________________________________________________  
8. "Еңбек-Қостанай" еншілес          "Еңбек-Қостанай" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны                 республикалық мемлекеттік кәсіпорны
________________________________________________________________________  
9. "Еңбек-Ақтау" еншілес              "Еңбек-Ақтау" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны                 республикалық мемлекеттік кәсіпорны
________________________________________________________________________  
10. "Еңбек-Павлодар" еншілес          "Еңбек-Павлодар" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны                 республикалық мемлекеттік кәсіпорны
________________________________________________________________________  
11. "Еңбек-Қызылжар" еншілес          "Еңбек-Қызылжар" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны                 республикалық мемлекеттік кәсіпорны
________________________________________________________________________  
12. "Еңбек-Шымкент" еншілес            "Еңбек-Шымкент" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны                 республикалық мемлекеттік кәсіпорны
________________________________________________________________________  
13. "Еңбек-Алмас" еншілес              "Еңбек-Алмас" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны                 республикалық мемлекеттік кәсіпорны
________________________________________________________________________  
14. "Еңбек-Гранит" еншілес             "Еңбек-Гранит" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны                 республикалық мемлекеттік кәсіпорны
________________________________________________________________________  
15. "Еңбек-Семей" еншілес              "Еңбек-Семей" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны                 республикалық мемлекеттік кәсіпорны
________________________________________________________________________  
16. "Еңбек-Тас" еншілес                "Еңбек-Тас" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны                 республикалық мемлекеттік кәсіпорны