Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 N 854 қаулысымен (01.09.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi үшiн кадрларды кәсiби даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң "ЖД-158/6 мекемесi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң "Оқу орталығы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Оқу орталығы) құрылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Оқу орталығы Жарғысының бекiтiлуiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн;
2) Мекеменiң ол таратылғаннан кейiнгi қалған мүлкiнiң Оқу орталығына берiлуiн;
3) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсiн.
4. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы
N 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 41, 532-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi:
"Мемлекеттiк мекемелер" деген 2-бөлiмде:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 2-1-жолмен толықтырылсын:
"2-1. Оқу орталығы";
реттiк нөмiрi 40-жол алынып тасталсын.
5. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 2-тармақты қоспағанда, қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі