Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын тиімді үйлестіру және жүзеге асыру, жастардың саяси-әлеуметтік белсенділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан консультативтік-кеңесші орган ретінде Жастар ісі жөніндегі Кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Кеңестің Ережесі және Құрамы бекітілсін.
3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 31 шілдедегі N 1165
қаулысымен бекітілген
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, басқа да нормативтік құқықтық кесімдерді, Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Кеңес өз қызметін мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, сондай-ақ қызметі Кеңестің мақсаттары мен міндеттеріне қайшы келмейтін халықаралық және басқа мемлекеттердің өзге де ұйымдарымен өзара іс-қимылда жүзеге асырады.
4. Кеңестің шешімдері ұсыныстық сипатта болады.
2. Кеңестің мақсаты мен міндеттері
5. Кеңестің мақсаты елдегі мемлекеттік жастар саясатының аса маңызды мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
6. Кеңестің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
1) жастар проблемаларын жан-жақты және әділ зерделеу, қорыту және талдау;
2) мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
3) жастар мәселелері бойынша заңдық және өзге де нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын талдау және сараптау;
4) халықаралық жастар ынтымақтастығының басым бағыттарын әзірлеу;
5) мемлекеттік жастар саясатының жағдайы мен іске асырылу перспективасы туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдарын хабардар ету.
3. Кеңесті ұйымдастыру және қызметінің тәртібі
7. Кеңес мүшелері оның жұмысына қоғамдық негізде қатысады.
8. Кеңес отырысы кемінде жарты жылда бір мәрте өткізіледі. Кеңестің кезектен тыс отырысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Кеңес төрағасының немесе Кеңес мүшелері жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасымен шақырылады.
9. Кеңес отырысы Кеңес мүшелері жалпы санының кемінде төрттен үші қатысқан жағдайда ғана құқылы болып саналады.
10. Кеңес шешімі ашық дауысқа салынып қабылданады және егер оған Кеңес мүшелері жалпы санының көпшілік дауысы берілген жағдайда қабылданған болып саналады. Дауыс теңдігі жағдайында төраға дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
11. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда мыналарға құқылы:
1) белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
2) Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы
органдары жастар мәселелері бойынша шешімдер қабылдауы кезінде ұсыныстар енгізуге;
3) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті атқарушы органдарының ақпараттық деректер банкін пайдалануға;
4) ғылыми ұйымдарды, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда жұмыс істейтін ғалымдар мен мамандарды жұмысқа тартуға.
4. Кеңестің қызметін қамтамасыз ету
12. Кеңестің қызметін ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігіне жүктеледі. <*>
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.04.13. N
413
қаулысымен
.
5. Кеңестің қызметін тоқтату тәртібі
13. Кеңестің қызметін тоқтату туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 31 шілдедегі N 1165
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы
Жастар ісі жөніндегі кеңестің
Құрамы
ЕСКЕРТУ. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2001.04.14. N 490 , 2002.04.03. N 397 , 2003.08.029 N 887 , 2004.04.13. N 413 , 2004.07.30. N 807 , 2005.05.03. N 420 , 2005.11.30. N 1176 қаулыларымен.
Әйтімова - Қазақстан Республикасының Білiм және ғылым
Бiрғаным Сарықызы министрi, төрайым
Әбдіманапов - Қазақстан жоғарғы оқу орындары ректорлары
Сәрсенғали Әбдiғалиұлы кеңесiнiң төрағасы (келiсiм бойынша)
Өтешев - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
Нұрлан Сүлейменұлы министрлiгi Жастар саясаты департаментiнiң
директоры, хатшы
Кеңес мүшелері:
Баймұханов - Маңғыстау облыстық мәслихатының
Нұрбол Болатұлы депутаты (келісім бойынша)
Алтынбаев - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi
Мұхтар Қапашұлы
Қарағұсова - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлжан Жанпейісқызы халықты әлеуметтiк қорғау министрi
Әбдірахымов - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Ғабидолла қызмет істері жөніндегі агенттігі
Рахматоллаұлы төрағасының бірінші орынбасары, "Қазақстан
Республикасы Президентінің "Болашақ"
халықаралық стипендиясы бітірушілерінің
қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің
президенті (келісім бойынша)
Әлжан - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
Ақсәуле Қанатқызы университетінің студенті (келісім бойынша)
Бейсенов - Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты,
Арман Қадырбайұлы Қарағанды облыстарының әкімі жанындағы
жастар ісі жөніндегі кеңестің мүшесі
(келісім бойынша)
Сыздықова - Астана қаласы мәслихатының депутаты,
Бақыт Ахметқызы "Астана қаласының Қазақстанның болашағы
үшін" жастар қозғалысы" қоғамдық
бірлестігінің төрайымы (келісім бойынша)
Алшанов - Қазақстан Республикасының жоғары оқу
Рахман Алшанұлы орындары қауымдастығының президенті
(келісім бойынша)
Досаев - Қазақстан Республикасының
Ерболат Асқарбекұлы Денсаулық сақтау министрi
Кәлетаев - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Дархан Аманұлы Әкiмшiлiгi Әлеуметтiк-саяси бөлiмiнiң
меңгерушiсi (келiсiм бойынша)
Шәуеев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Азат Сәдметұлы Кеңсесi Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң
бас сарапшысы
Тупицын - Павлодар қалалық мәслихатының депутаты,
Сергей Геннадьевич әлеуметтiк саясат жөнiндегi тұрақты
комиссияның төрағасы (келiсiм бойынша)
Әбдiмомынов - Қазақстан Республикасының Білiм және ғылым
Азамат Құрманбекұлы вице-министрі, төрағаның орынбасары
Исаев - Қазақстан Республикасының Экономика және
Батырхан Арысбекұлы бюджеттiк жоспарлау вице-министрi
Қуанғанов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
Фархат Шаймұратұлы Кеңсесi Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң
меңгерушiсi
Бердiоңғаров - Қазақстан Республикасының Парламентi
Тәңiрберген Маратұлы Мәжiлiсiнiң депутаты (келiсiм бойынша)
Қожахмет - "Қазақстан жастары конгресi" қауымдастық
Мадияр Қожахметұлы нысанындағы заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң
атқарушы директоры (келiсiм бойынша)
Бобрышева - "Шығыс Қазақстан облыстық жастар және
Ольга Александровна балалар ұйымдарының қауымдастығы" заңды
тұлғалар бiрлестiгiнiң директоры
(келiсiм бойынша)
Палаев - "Қазақстан ауыл жастары одағы" қоғамдық
Василий Владимирович жастар бiрлестiгiнiң төрағасы (келiсiм
бойынша)
Әукенов - "21 ғасыр көшбасшысы" жастар орталығы"
Ерлан Мұратұлы республикалық жастар бiрлестiгiнің
төрағасы (келiсiм бойынша)
Дәулетжанов - Батыс Қазақстан облысы облыстық
Мұхтар Серiкұлы мәслихатының депутаты,
"Батыс Қазақстан облысы жастар
қауымдастығы" қоғамдық бiрлестiгiнiң
төрағасы /келiсiм бойынша/
Хаматдинова - "Жастар таңдауы" қоғамдық бiрлестігiнiң
Алина Наильевна тең төрағасы (келiсiм бойынша)
Сәдуақасов - халықаралық гроссмейстер, 1998 жылғы
Дәрмен Қанатұлы 20 жасқа дейiнгi бозбалалар арасындағы
әлем чемпионы (келiсiм бойынша)
Байжанов - Қазақстан Республикасының
Ерлан Сапарұлы Мәдениет, ақпарат және спорт
бірінші вице-министрі
Шпекбаев - Қазақстан Республикасының
Алик Жатқамбайұлы Ішкі істер вице-министрі