Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 шілдедегі N 1165 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 тамыздағы N 887 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 970 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 № 970 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Жастар ісі жөніндегі кеңесті құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 шілдедегі N 1165 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 31, 396-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:

      Рябченко              - Қазақстан Республикасының
      Олег Григорьевич        Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
                              келісім бірінші вице-министрі,
                              төрағаның орынбасары

      Оразов                - Қазақстан Республикасының
      Нұрай Нұрғожаұлы        Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
                              келісім министрлігі Жастар саясаты
                              департаментінің директоры, хатшы

      Құлекеев Жақсыбек     - Қазақстан Республикасының Білім
      Әбдірахметұлы           және ғылым министрі

      Әбдірахымов           - Қазақстан Республикасының
      Ғабидолла               Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі
      Рахматоллаұлы           агенттігі төрағасының орынбасары,
                              "Қазақстан Республикасы Президентінің
                              "Болашақ" халықаралық стипендиясы
                              бітірушілерінің қауымдастығы"
                              қоғамдық бірлестігінің президенті
                              (келісім бойынша)

      Әлжан                 - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
      Ақсәуле Қанатқызы       ұлттық университетінің студенті
                              (келісім бойынша)

      Бейсенов              - Қарағанды облыстық мәслихатының
      Арман Қадырбайұлы       депутаты, Қарағанды облыстарының
                              әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі
                              кеңестің мүшесі (келісім бойынша)

      Өрсариев              - Қазақстан Республикасы
      Арын Амангелдіұлы       Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат
                              бөлімінің аға сарапшысы, "Қазақстан
                              жастары конгресі" қауымдастық
                              нысанындағы заңды тұлғалардың
                              бірлестігі кеңесінің төрағасы
                              (келісім бойынша)

      Сыздықова             - Астана қаласы мәслихатының
      Бақыт Ахметқызы         депутаты, "Астана қаласының
                              Қазақстанның болашағы үшін" жастар
                              қозғалысы" қоғамдық бірлестігінің
                              төрайымы (келісім бойынша)

      Өтешев                - "Қазақстан жастары конгресі"
      Нұрлан Сүлейменұлы      қауымдастық нысанындағы заңды
                              тұлғалар бірлестігінің атқарушы
                              директоры (келісім бойынша)

      мына:
      "Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі, төрағаның орынбасары
      Кәлетаев Дархан Аманұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі жастар саясаты департаментінің директоры, атқарушы хатшы
      Алшанов Рахман Алшанұлы - Мемлекеттік емес білім беру мекемелері ассоциациясының президенті (келісім бойынша)
      Коржова Наталья Артемовна - Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі
      Конвисарева Любовь Петровна - "Мұрагер" балалар қоғамдық ұйымының төрайымы (келісім бойынша)"
      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құл-Мұхаммед         - Қазақстан Республикасының
      Мұхтар Абрарұлы         Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
                              келісім министрі, төраға

      Кәлетаев              - Қазақстан Республикасы
      Дархан Аманұлы          Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат
                              бөлімінің меңгерушісі (келісім
                              бойынша)

      Алшанов               - Қазақстан Республикасының
      Рахман Алшанұлы         жоғары оқу орындары қауымдастығының
                              президенті (келісім бойынша)

      Коржова               - Қазақстан Республикасының Экономика
      Наталья Артемовна       және бюджеттік жоспарлау вице-министрі

      Конвисарева           - Қостанай облысы балалар мен
      Любовь Петровна         жастар ұйымдары қауымдастығының
                              төрайымы (келісім бойынша)";

      көрсетілген құрамнан мыналар шығарылсын: Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжанов, Шәмша Көпбайқызы Беркімбаева, Алтыншаш Қайыржанқызы Жағанова, Әлихан Асханұлы Смайылов, Бақыт Нұртасұлы Адамсопиев, Мәди Қазбекұлы Бексұлтанов.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі