Жастар ісі жөніндегі Кеңесті құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 31 шілде N 1165

Жаңартылған

     Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын тиімді үйлестіру және жүзеге асыру, жастардың саяси-әлеуметтік белсенділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан консультативтік-кеңесші орган ретінде Жастар ісі жөніндегі Кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
     2. Қоса беріліп отырған Кеңестің Ережесі және Құрамы бекітілсін.
     3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.    

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің         
2000 жылғы 31 шілдедегі N 1165          
қаулысымен бекітілген              

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы
Жастар ісі жөніндегі кеңес туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, басқа да нормативтік құқықтық кесімдерді, Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
      3. Кеңес өз қызметін мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, сондай-ақ қызметі Кеңестің мақсаттары мен міндеттеріне қайшы келмейтін халықаралық және басқа мемлекеттердің өзге де ұйымдарымен өзара іс-қимылда жүзеге асырады.
      4. Кеңестің шешімдері ұсыныстық сипатта болады.

2. Кеңестің мақсаты мен міндеттері

      5. Кеңестің мақсаты елдегі мемлекеттік жастар саясатының аса маңызды мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
      6. Кеңестің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
      1) жастар проблемаларын жан-жақты және әділ зерделеу, қорыту және талдау;
      2) мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      3) жастар мәселелері бойынша заңдық және өзге де нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын талдау және сараптау;
      4) халықаралық жастар ынтымақтастығының басым бағыттарын әзірлеу;
      5) мемлекеттік жастар саясатының жағдайы мен іске асырылу перспективасы туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдарын хабардар ету.

3. Кеңесті ұйымдастыру және қызметінің тәртібі

      7. Кеңес мүшелері оның жұмысына қоғамдық негізде қатысады.
      8. Кеңес отырысы кемінде жарты жылда бір мәрте өткізіледі. Кеңестің кезектен тыс отырысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Кеңес төрағасының немесе Кеңес мүшелері жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасымен шақырылады.
      9. Кеңес отырысы Кеңес мүшелері жалпы санының кемінде төрттен үші қатысқан жағдайда ғана құқылы болып саналады.
      10. Кеңес шешімі ашық дауысқа салынып қабылданады және егер оған Кеңес мүшелері жалпы санының көпшілік дауысы берілген жағдайда қабылданған болып саналады. Дауыс теңдігі жағдайында төраға дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
      11. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда мыналарға құқылы:
      1) белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
      2) Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы
органдары жастар мәселелері бойынша шешімдер қабылдауы кезінде ұсыныстар енгізуге;
      3) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті атқарушы органдарының ақпараттық деректер банкін пайдалануға;
      4) ғылыми ұйымдарды, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда жұмыс істейтін ғалымдар мен мамандарды жұмысқа тартуға.  

4. Кеңестің қызметін қамтамасыз ету

      12. Кеңестің қызметін ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігіне жүктеледі. <*>
      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.04.13. N 413 қаулысымен .   

5. Кеңестің қызметін тоқтату тәртібі

      13. Кеңестің қызметін тоқтату туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің    
2000 жылғы 31 шілдедегі N 1165      
қаулысымен бекітілген             

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы
Жастар ісі жөніндегі кеңестің
Құрамы

     ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінiң 2001.04.14. N 490
қаулысымен .
     Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.03. N 397
қаулысымен .
     Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.08.029 N 887
қаулысымен .
     Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2004.04.13. N 413
қаулысымен .

Марченко               - Қазақстан Республикасы
Григорий Александрович   Премьер-Министрiнiң бiрiншi
                         орынбасары, төраға

Қасейiнов              - Қазақстан Республикасының
Дүйсен Қорабайұлы        Мәдениет министрi, төрағаның
                         орынбасары

Дияров                 - Қазақстан Республикасының
Дәурен Кеңесұлы          Мәдениет министрлігі Жастар
                         саясаты департаментiнiң
                         директоры, хатшы

Кеңес мүшелері:

Баймұханов            - Маңғыстау облыстық мәслихатының
Нұрбол Болатұлы         депутаты (келісім бойынша)

Гусак Дмитрий         - Соколов-Сарыбай тау-кен
Георгиевич              өндірістік бірлестігі жастар саясаты
                        бөлімінің бастығы, Қостанай облыстық
                        мәслихатының депутаты (келісім бойынша)

Деймунд Виктор        - Қазақстан скауттері қозғалысының
Георгиевич              президенті (келісім бойынша)

Дьяченко Сергей       - Қазақстан Республикасы Парламенті
Александрович           Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Тупицын Сергей        - Павлодар қалалық мәслихатының депутаты,
Геннадьевич             тұрақты комиссияның төрағасы (келісім
                        бойынша)

Фукс Ирина            - Қазақстан неміс жастары одағының төрайымы
Владимировна           (келісім бойынша)

Алтынбаев             - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi
Мұхтар Қапашұлы

Досқалиев             - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Жақсылық Ақмырзаұлы     министрi

Қарағұсова            - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлжан Жанпейісқызы     халықты әлеуметтiк қорғау министрi

Құдайбергенов         - Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту
Арман Білімұлы          мемлекеттiк қорының директоры (келiсiм
                        бойынша)

Тұрлыханов            - Қазақстан Республикасының Туризм және
Дәулет Болатұлы         спорт жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасы

Құлекеев Жақсыбек     - Қазақстан Республикасының Білім
Әбдірахметұлы           және ғылым министрі

Әбдірахымов           - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Ғабидолла               қызмет істері жөніндегі агенттігі
Рахматоллаұлы           орынбасары, "Қазақстан Республикасы
                        Президентінің "Болашақ" халықаралық
                        стипендиясы бітірушілерінің
                        қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің
                        президенті (келісім бойынша)

Әлжан                 - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
Ақсәуле Қанатқызы       университетінің студенті (келісім бойынша)

Бейсенов              - Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты,
Арман Қадырбайұлы       Қарағанды облыстарының әкімі жанындағы
                        жастар ісі жөніндегі кеңестің мүшесі
                        (келісім бойынша)

Өрсариев              - Қазақстан Республикасы Президентінің
Арын Амангелдіұлы       Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің аға
                        сарапшысы, "Қазақстан жастары конгресі"
                        қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалардың
                        бірлестігі кеңесінің төрағасы (келісім
                        бойынша)

Сыздықова             - Астана қаласы мәслихатының депутаты,
Бақыт Ахметқызы         "Астана қаласының Қазақстанның болашағы
                        үшін" жастар қозғалысы" қоғамдық
                        бірлестігінің төрайымы (келісім бойынша)

Өтешев                - "Қазақстан жастары конгресі" қауымдастық
Нұрлан Сүлейменұлы      нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің
                        атқарушы директоры (келісім бойынша)

Кәлетаев              - Қазақстан Республикасы Президентінің
Дархан Аманұлы          Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің
                        меңгерушісі (келісім бойынша)

Алшанов               - Қазақстан Республикасының жоғары оқу
Рахман Алшанұлы         орындары қауымдастығының президенті
                       (келісім бойынша)

Коржова               - Қазақстан Республикасының Экономика
Наталья Артемовна       және бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Конвисарева           - Қостанай облысы балалар мен жастар
Любовь Петровна         ұйымдары қауымдастығының төрайымы (келісім
                        бойынша)

Тұрысбеков            - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Зауытбек Қауысбекұлы    министрi

Аманшаев              - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ермек Әмiрханұлы        вице-министрi

Шәуеев                - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Азат Сәдметұлы          Кеңсесiнiң бас сарапшысы

Иванов                - Солтүстiк Қазақстан облыстық жастармен
Денис Олегович          жұмыс жөнiндегі комитеттің бастығы

Рябченко              - Қазақстан Республикасының Ақпарат
Олег Григорьевич        бiрiншi вице-министрi