Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 31 шілдедегi N 1165 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы N 420 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 970 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы  10-бабының  5-тармағына және Қазақстан Республикасының Жер кодексі   108-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Павлодар облыстық мәслихаты мен Павлодар облысы әкімдігінің Ақсу қаласының шекарасынан 1490 гектар жерді алып тастау жолымен Павлодар облысы Ақсу қаласының шекарасын өзгерту туралы шешімімен келісілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі