Жастар ісі жөніндегі Кеңесті құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 31 шілде N 1165

Жаңартылған

     Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын тиімді 
үйлестіру және жүзеге асыру, жастардың саяси-әлеуметтік белсенділігін 
арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан консультативтік-кеңесші 
орган ретінде Жастар ісі жөніндегі Кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
     2. Қоса беріліп отырған Кеңестің Ережесі және Құрамы бекітілсін.
     3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
                                         Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                          2000 жылғы 31 шілдедегі N 1165
                                              қаулысымен бекітілген
     
             Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы
                 Жастар ісі жөніндегі кеңес туралы
                            Ереже
     
                    1. Жалпы ережелер
     


      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, басқа да нормативтік құқықтық кесімдерді, Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
      3. Кеңес өз қызметін мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, сондай-ақ қызметі Кеңестің мақсаттары мен міндеттеріне қайшы келмейтін халықаралық және басқа мемлекеттердің өзге де ұйымдарымен өзара іс-қимылда жүзеге асырады.
      4. Кеңестің шешімдері ұсыныстық сипатта болады.

                     2. Кеңестің мақсаты мен міндеттері

      5. Кеңестің мақсаты елдегі мемлекеттік жастар саясатының аса маңызды мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
      6. Кеңестің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
      1) жастар проблемаларын жан-жақты және әділ зерделеу, қорыту және талдау;
      2) мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      3) жастар мәселелері бойынша заңдық және өзге де нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын талдау және сараптау;
      4) халықаралық жастар ынтымақтастығының басым бағыттарын әзірлеу;
      5) мемлекеттік жастар саясатының жағдайы мен іске асырылу перспективасы туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдарын хабардар ету.

               3. Кеңесті ұйымдастыру және қызметінің тәртібі

      7. Кеңес мүшелері оның жұмысына қоғамдық негізде қатысады.
      8. Кеңес отырысы кемінде жарты жылда бір мәрте өткізіледі. Кеңестің кезектен тыс отырысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Кеңес төрағасының немесе Кеңес мүшелері жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасымен шақырылады.
      9. Кеңес отырысы Кеңес мүшелері жалпы санының кемінде төрттен үші қатысқан жағдайда ғана құқылы болып саналады.
      10. Кеңес шешімі ашық дауысқа салынып қабылданады және егер оған Кеңес мүшелері жалпы санының көпшілік дауысы берілген жағдайда қабылданған болып саналады. Дауыс теңдігі жағдайында төраға дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
      11. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда мыналарға құқылы:
      1) белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан қажетті

ақпаратты сұратуға және алуға;
     2) Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы 
органдары жастар мәселелері бойынша шешімдер қабылдауы кезінде ұсыныстар 
енгізуге;
     3) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президенті 
Әкімшілігінің, Премьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы орталық 
және жергілікті атқарушы органдарының ақпараттық деректер банкін 
пайдалануға;
     4) ғылыми ұйымдарды, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда жұмыс 
істейтін ғалымдар мен мамандарды жұмысқа тартуға.
     
                    4. Кеңестің қызметін қамтамасыз ету
     
     12. Кеңестің қызметін ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз ету Қазақстан 
Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне 
жүктеледі.
     
                     5. Кеңестің қызметін тоқтату тәртібі
     
     13. Кеңестің қызметін тоқтату туралы шешімді Қазақстан 
Республикасының Үкіметі қабылдайды.
     
                                       Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                        2000 жылғы 31 шілдедегі N 1165
                                             қаулысымен бекітілген
     
                 Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы
                        Жастар ісі жөніндегі кеңестің
                                  Құрамы
     ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінiң 2001.04.14. N 490              
              қаулысымен. 

P010490_

 
     Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.03. N 397 қаулысымен.  
               

P020397_

  
     
Мұхаметжанов                       - Қазақстан Республикасы Премьер-
Бауыржан Әлiмұлы                     Министрiнiң орынбасары, төраға
     
Құл-Мұхаммед                       - Қазақстан Республикасының
Мұхтар Абрарұлы                      Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
                                     келiсiм министрi, төрағаның
                                     орынбасары
Кәлетаев                           - Қазақстан Республикасының
Дархан Аманұлы                       Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
                                     келiсiм министрлiгi жастар саясаты
                                     департаментiнiң директоры, атқарушы
                                     хатшы    
     
                            Кеңес мүшелері:
     
Адамсопиев                         - Қазақстан Жастар одағының
Бақыт Нұртасұлы                      бірінші хатшысы (келісім бойынша)
<*>

     
Баймұханов                         - Маңғыстау облыстық мәслихатының
Нұрбол Болатұлы                      депутаты (келісім бойынша)
<*>

     
Алшанов Рахман Алшанұлы            - Мемлекеттік емес білім беру           
                                     мекемелері ассоциациясының президенті 
                                     (келісім бойынша)     
     
Бексұлтанов Мәди Қазбекұлы         - "Қазақстанның болашағы үшін"          
                                     республикалық жастар қозғалысының     
                                     төрағасы (келісім бойынша)
     
Гусак Дмитрий Георгиевич           - Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік    
                                     бірлестігі жастар саясаты бөлімінің   
                                     бастығы, Қостанай облыстық            
                                     мәслихатының депутаты (келісім        
                                     бойынша)     
     
Деймунд Виктор Георгиевич          - Қазақстан скауттері қозғалысының      
                                     президенті (келісім бойынша)     
     
Дьяченко Сергей Александрович      - Қазақстан Республикасы Парламенті     
                                     Мәжілісінің депутаты (келісім         
                                     бойынша)      
     
Коржова Наталья Артемовна          - Қазақстан Республикасының Қаржы       
                                     вице-министрі
     
Конвисарева Любовь Петровна        - "Мұрагер" балалар қоғамдық ұйымының   
                                     төрайымы (келісім бойынша)
     
Тупицын Сергей Геннадьевич         - Павлодар қалалық мәслихатының         
                                     депутаты, тұрақты комиссияның         
                                     төрағасы (келісім бойынша)     
     
Фукс Ирина Владимировна            - Қазақстан неміс жастары одағының      
                                     төрайымы (келісім бойынша)     
     
Алтынбаев                          - Қазақстан Республикасының
Мұхтар Қапашұлы                      Қорғаныс министрi
     
Беркімбаева                        - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Шәмша Көпбайқызы                     және ғылым министрi
      
Жағанова                           - Қазақстан Республикасы Көшi-қон
Алтыншаш                             және демография жөнiндегi
Қайыржанқызы                         агенттiгiнiң төрайымы
     
Досқалиев                          - Қазақстан Республикасының
Жақсылық Ақмырзаұлы                  Денсаулық сақтау министрi
        
Қарағұсова                         - Қазақстан Республикасының Еңбек
Гүлжан Жанпейісқызы                  және халықты әлеуметтiк қорғау
                                     министрi
     
Құдайбергенов                      - Алматы қаласы Жастар саясатын
Арман Білімұлы                       дамыту мемлекеттiк қорының
                                     директоры (келiсiм бойынша)
     
Смайылов                           - Қазақстан Республикасының
Әлихан Асханұлы                      Статистика жөнiндегi агенттiгiнiң
                                     төрағасы
     
Сүлейменов                         - Қазақстан Республикасының Iшкi
Қайырбек Шошанұлы                    iстер министрi
     
Тұрлыханов                         - Қазақстан Республикасының Туризм
Дәулет Болатұлы                      және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң
                                     төрағасы     
     
     Оқығандар:
    Қобдалиева Н.М.
    Орынбекова Д.К.