Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 шілдедегі N 1165 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 14 сәуір N 490. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 970 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін:

      1. Алматы облысының әкімшілік орталығы Алматы қаласынан Талдықорған қаласына көшірілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Алматы облысының әкімімен бірлесіп, осы Жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шаралар қолдансын.

      3. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті