Жастар ісі жөніндегі Кеңесті құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 31 шілде N 1165

Жаңартылған

     Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын тиімді үйлестіру және жүзеге асыру, жастардың саяси-әлеуметтік белсенділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан консультативтік-кеңесші орган ретінде Жастар ісі жөніндегі Кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
     2. Қоса беріліп отырған Кеңестің Ережесі және Құрамы бекітілсін.
     3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің    
2000 жылғы 31 шілдедегі N 1165     
қаулысымен бекітілген          

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы
Жастар ісі жөніндегі кеңес туралы
Ереже

       Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.06.06. N  517  қаулысымен.

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Жастар iсi жөнiндегi кеңес (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

      2. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының  Конституциясын , өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, Мемлекеттiк жастар саясаты тұжырымдамасын, сондай-ақ осы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Жастар iсi жөнiндегi кеңес туралы ереженi басшылыққа алады.

      3. Кеңес өз қызметiн Кеңестiң мақсаттары мен мiндеттерiне қызметi қайшы келмейтiн халықаралық ұйымдарды қоса алғанда, мемлекеттiк органдармен, қоғамдық бiрлестiктермен және басқа да заңды тұлғалармен өзара iс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.

  2. Кеңестiң мiндеттерi, функциялары мен құқықтары

      4. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi:
      мемлекеттiк жастар саясатының:
      жастардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау;
      жастарға көмек пен әлеуметтiк қызметтер көрсету;
      жастардың әлеуметтiк маңызды бастамаларын iске асыру жөнiндегi мiндеттерiн iске асыруды талдау;
      мемлекеттiк жастар саясатының басым бағыттарын iске асыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.

      5. Кеңестiң функциялары:
      мемлекеттiк жастар саясатын одан әрi iске асыру және жетiлдiру;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты мәселелерi жөнiндегi заңнамасын жетiлдiру;
      мемлекеттiк органдар мен жастар ұйымдарының өзара iс-қимылы;
      жастар мен жастар ұйымдарының халықаралық ынтымақтастығына жәрдем көрсету;
      Қазақстан жастарының Жалпы республикалық форумын өткiзу жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.

      6. Кеңес өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн:
      мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан Кеңес мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi ақпарат пен материалдарды белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға;
      Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдарына мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру мәселелерi бойынша ұсыныстар енгiзуге;
      қажеттілiкке қарай Кеңес жұмысына ғалымдарды және мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын тартуға;
      орталық мемлекеттiк және жергіліктi атқарушы органдар мен басқа да ұйымдардың өкiлдерiн Кеңес отырыстарында Кеңестiң құзыретiне енетiн мәселелер бойынша тыңдауға құқылы.

  3. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру

      7. Кеңес төрағасы оның жұмысына басшылық жасайды, Кеңестiң отырыстарына төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Кеңес iске асыратын қызметке, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестiруге дербес жауапты болады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады.

      8. Кеңес хатшысы Кеңестiң жұмысын ұйымдастырады, қажеттi материалдарды дайындауды жүзеге асырады және отырыстар хаттамаларын ресiмдейдi. Хатшы Кеңес мүшесi болып табылмайды.

      9. Кеңес отырыстарына материалдар оның өткiзiлуiне дейiн кемiнде 3 күн қалғанда Кеңес мүшелерiне жiберiледi. Отырыстың күн тәртiбiн, сондай-ақ оның өткiзiлетiн орны мен уақытын Кеңес мүшелерiнiң келiсiмi бойынша Кеңес төрағасы айқындайды.

      10. Кеңес отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бiрақ кемiнде жарты жылда бiр рет өткiзіледi. Кеңес мүшелерi Кеңес қызметiне алмастыру құқығынсыз қатысады.
      Кеңес шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады.
      Кеңес отырыстарын өткiзу нәтижелерi бойынша оның барлық мүшелерi мiндеттi түрде қол қоятын хаттама толтырылады.
      Кеңес мүшелерi айрықша пiкiр құқығына ие, ол бiлдiрiлген жағдайда, жазбаша түрде баяндалуға және хаттамаға қоса тiркелуге тиiс.

      11. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

  4. Кеңес қызметiн тоқтату тәртiбi

      12. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметі шешiмiнiң негiзiнде тоқтатады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің     
2000 жылғы 31 шілдедегі N 1165       
қаулысымен бекітілген              

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы
Жастар ісі жөніндегі кеңестің
Құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2001.04.14. N  490 , 2002.04.03. N  397 , 2003.08.029 N  887 , 2004.04.13. N  413 , 2004.07.30. N  807 , 2005.05.03. N  420 , 2005.11.30. N  1176 ,  2006.06.06. N  517  қаулыларымен.

Әйтімова               - Қазақстан Республикасының Білiм және ғылым
Бiрғаным Сарықызы        министрi, төрайым 

Әбдіманапов            - Қазақстан жоғарғы оқу орындары ректорлары
Сәрсенғали Әбдiғалиұлы   кеңесiнiң төрағасы (келiсiм бойынша)      

Өтешев                 - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
Нұрлан Сүлейменұлы       министрлiгi Жастар саясаты департаментiнiң
                         директоры, хатшы  

Кеңес мүшелері:

Баймұқанов             - "Қайсар" республикалық қоғамдық-саяси
Нұрбол Болатұлы           жастар қозғалысының төрағасы

Алтынбаев              - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi
Мұхтар Қапашұлы

Қарағұсова             - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлжан Жанпейісқызы      халықты әлеуметтiк қорғау министрi

Әбдірахымов            - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Ғабидолла                қызмет істері жөніндегі агенттігі
Рахматоллаұлы            төрағасының бірінші орынбасары, "Қазақстан
                         Республикасы Президентінің "Болашақ"
                         халықаралық стипендиясы бітірушілерінің
                         қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің
                         президенті (келісім бойынша)

Досаев                 - Қазақстан Республикасының
Ерболат Асқарбекұлы      Денсаулық сақтау министрi

Тупицын                - Павлодар қалалық мәслихатының депутаты,
Сергей Геннадьевич       әлеуметтiк саясат жөнiндегi тұрақты
                         комиссияның төрағасы (келiсiм бойынша)

Әбдiмомынов            - Қазақстан Республикасының Білiм және ғылым
Азамат Құрманбекұлы      вице-министрі, төрағаның орынбасары

Қуанғанов              - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
Фархат Шаймұратұлы       Кеңсесi Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң
                         меңгерушiсi

Бердiоңғаров           - Қазақстан Республикасының Парламентi
Тәңiрберген Маратұлы     Мәжiлiсiнiң депутаты (келiсiм бойынша)

Бобрышева              - "Шығыс Қазақстан облыстық жастар және
Ольга Александровна      балалар ұйымдарының қауымдастығы" заңды
                         тұлғалар бiрлестiгiнiң директоры
                         (келiсiм бойынша)

Палаев                 - "Қазақстан ауыл жастары одағы" қоғамдық
Василий Владимирович     жастар бiрлестiгiнiң төрағасы (келiсiм
                         бойынша)

Әукенов                - "21 ғасыр көшбасшысы" жастар орталығы"
Ерлан Мұратұлы           республикалық жастар бiрлестiгiнің
                         төрағасы (келiсiм бойынша)

Дәулетжанов            - Батыс Қазақстан облысы облыстық
Мұхтар Серiкұлы          мәслихатының депутаты,
                         "Батыс Қазақстан облысы жастар
                         қауымдастығы" қоғамдық бiрлестiгiнiң
                         төрағасы /келiсiм бойынша/

Хаматдинова            - "Жастар таңдауы" қоғамдық бiрлестігiнiң
Алина Наильевна          тең төрағасы (келiсiм бойынша)

Сәдуақасов             - халықаралық гроссмейстер, 1998 жылғы
Дәрмен Қанатұлы          20 жасқа дейiнгi бозбалалар арасындағы
                         әлем чемпионы (келiсiм бойынша)

Шпекбаев               - Қазақстан Республикасының
Алик Жатқамбайұлы        Ішкі істер вице-министрі

Бабақұмаров             - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Ержан Жалбақұлы           ақпарат вице-министрi

Досжан                  - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Ардақ Дүкенбайұлы         Әкiмшiлiгi Әлеуметтiк-саяси бөлiмнiң
                          меңгерушiсi

Көтербеков              - Қазақстан Республикасы Көлiк және
Дулат Қазистайұлы         коммуникация министрлiгi Көлiктiк
                          инфрақұрылымды дамыту комитетiнiң төрағасы

Құрманғалиева           - Қазақстан Республикасы Экономика және
Аида Дәденқызы            бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Әлеуметтiк
                          сала шығыстарын жоспарлау департаментiнiң
                          директоры

Орсариев                - "Астана қаласының Iшкi саясат
Арын Амангелдiұлы         департаментi" мемлекеттiк мекемесiнiң
                          директоры

Жумин                   - "Қазақстан жастары конгресi" қауымдастық
Данат Есболұлы            нысанындағы заңды тұлғалар бiрлестігінің
                          атқарушы директоры

Жүнiспаев               - Қазақстан студенттерi альянсының
Алмас Серiкқажыұлы        көшбасшысы

Жүсіпов                 - "Жасыл ел" республикалық штабының
Жанат Ермекұлы            төрағасы

Қалауи                  - "Атырау облысы жастар қоғамдық
Мейiрiм Жоламанұлы        бірлестіктерi қауымдастығы" заңды
                          тұлғалар бірлестігінің төрағасы, "Отан"
                          республикалық саяси партиясының "Жас Отан"
                          Атырау облыстық бөлiмшесiнiң төрағасы,
                          Атырау қаласы әкімінің жастар iсi
                          жөнiндегі штаттан тыс кеңесшісі,
                          "Жасыл ел" облыстық штабының басшысы

Қалымов                 - "Отан" республикалық саяси партиясының
Ерiк Бекболатұлы          "Жас Отан" Ақмола облыстық бөлiмшесiнiң
                          төрағасы, Ақмола облысы әкімдігiнiң
                          жанындағы жастар iсi жөнiндегі үйлестiру
                          кеңесiнiң мүшесi

Кәрiмбаев               - Студенттiк құрылыс және жастардың еңбек
Нұрсұлтан Тұрлыбекұлы     жасақтары республикалық штабының төрағасы

Новодворская            - Қостанай облысының Балалар және жастар
Наталия Борисовна         ұйымдары қауымдастығының төрайымы

Сатыбалдиев             - Батыс Қазақстан облысы әкiмiнiң жастар iсi
Марс Қадырғалиұлы         жөнiндегi штаттан тыс кеңесшiсi