Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы N 303 Өкімі

Жаңартылған

Республикалық баспасөзде    
мазмұны жариялануға тиіс    

      Қазақстан Республикасы Құқықтық саясатының тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі және қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын және 1-қосымшаға сәйкес дербес құрамы бекітілсін.

      2. 2-қосымшаға сәйкес Кеңес туралы ереже бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) Үкіметтің бұрын шығарылған актілерін осы өкімге сәйкес келтірсін;
      2) осы өкімнен туындайтын қажетті ұйымдастырушылық және өзге де шараларды қабылдасын.
      3) алынып тасталды - ҚР Президентінің 2004.12.03. N 513 өкімімен .

      4. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қылмысқа қарсы күрестің жекелеген мәселелері бойынша" 2001 жылғы 29 мамырдағы N 214 өкімі 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.

     5. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

     Қазақстан Республикасының
     Президенті

Қазақстан Республикасы     
Президентінің          
2002 жылғы 19 ақпандағы     
N 303 өкімімен         
бекітілген           
1-қосымша            

          Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
                  Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің
                           ДЕРБЕС ҚҰРАМЫ

       Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2002.11.13 N 354 , 2003.04.11 N 374 , 2004.01.27
N 443 , 2004.12.15 N 1504 , 2005.11.11 N 575 , 2006.02.20 N 26 ,
2007.02.05 N 94 , 2007.07.03 N 137 , 2007.09.17 N 156 , 2007.11.28
N 449 , 2008.04.24 N 576 , 2008.11.12 N 689 , 2008.12.22. N 286 Өкімдерімен, 2009.05.22. N 815 Жарлығымен.

Донақов                   - Қазақстан Республикасы Президенті
Талғат Советбекұлы          Әкімшілігі Басшысының орынбасары,
                            Кеңестің төрағасы

Мәми                      - Қазақстан Республикасы Бас прокуроры,
Қайрат Әбдіразақұлы         Кеңес төрағасының орынбасары

Кеңес мүшелері:

Шабдарбаев Амангелді      - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Смағұлұлы                   қауіпсіздік комитетінің Төрағасы

Жолдасбаева               - Қазақстан Республикасы Парламенті
Нұрлығайым Шалданқызы       Сенатының Экономикалық және өңірлік
                            саясат комитетінің төрағасы
 
Имашев Берік Мәжитұлы     - Қазақстан Республикасы Парламенті
                            Сенатының Заңнама және құқықтық мәселелер
                            комитетінің төрағасы,

Қожамжаров Қайрат         - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Пернешұлы                   қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
                            күрес агенттігінің (қаржы полициясы)
                            төрағасы

Нәрікбаев                 - Қазақ гуманитарлық-заң
Мақсұт Сұлтанұлы            университетінің ректоры

Байділдинов               - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
Дәулет Лайықұлы             университеті заң факультетінің
                            деканы

Қайыржанов                - "Қайнар" университетінің
Елеген Ізтілеуұлы           проректоры

Қопабаев                  - Д.А.Қонаев атындағы университеттің
Өмірәлі Қожабайұлы          ректоры

Сәрсембаев                - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау
Марат Алдоңғарұлы           комиссиясының мүшесі

Әлімбеков                 - Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Мұсабек Тұрғынбекұлы        Сотының Төрағасы

Бәйішев Жолымбет          - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
Нұрахметұлы                 судьясы

Түсіпбеков                - Қазақстан Республикасының
Рашид Төлеутайұлы           Әділет министрі

Сүлейменов Майдан         - Қазақ гуманитарлық-заң университетінің
Күнтуарұлы                  Жеке құқық ғылыми-зерттеу институтының
                            директоры, заң ғылымдарының докторы,

Мәми Қайрат               - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
Әбдіразақұлы                Төрағасы

Мұқашев                   - Қазақстан Республикасы Парламенті
Рахмет Желдібайұлы          Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық
                            реформа комитетінің төрағасы
                            (келісім бойынша)

Түгел Әнуар               - Қазақстан Республикасы Адвокаттар
Құрманбайұлы                одағының президенті

Баймағанбетов             - Қазақстан Республикасының Ішкі
Серік Нұртайұлы             істер министрі

Бычкова                   - Қазақстан Республикасы Парламенті
Светлана Федоровна          Мәжілісінің депутаты

Тұрмағанбетова Жеміс      - "Адам құқықтары үшін хартиясы" қоғамдық
Өтегенқызы                  бірлестігінің атқарушы директоры

Шәкіров                   - Қазақстан Республикасындағы Адам
Асқар Оразұлы               құқықтары жөніндегі уәкіл       

  Қазақстан Республикасы    
Президентінің        
2002 жылғы 19 ақпандағы    
N 303 өкімімен       
бекітілген           
2-қосымша           

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентінің 2003.04.11. N 374 өкімімен.

            Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
             Құқықтық саясат жөніндегі кеңес туралы ереже

                          1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Кеңестің негізгі міндеттері

      Кеңестің негізгі міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі жұмысын үйлестіру;
      2) құқықтық жүйені дамытудың негізгі бағыттарын әзірлеу, жүргізіліп отырған құқықтық саясаттың әлеуметтік-экономикалық сала мен мемлекеттік құрылыстағы реформалармен үйлесімділігін қамтамасыз ету;
      3) стратегиялық міндеттерді айқындау, қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстарды талдап жасау;
      4) заңнаманы жетілдіру, мемлекеттік органдардың заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді орындауын бақылау жөнінде ұсыныстар әзірлеу және енгізу, неғұрлым маңызды заң жобаларының тұжырымдамасын айқындау;
      5) Қазақстан Республикасының Президентін елдегі заңдылық пен құқық тәртібінің жай-күйі туралы хабардар ету.

3. Кеңестің құқықтары

      Кеңестің өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын орындау үшін белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасының Құқықтық саясаты тұжырымдамасының іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттік органдардың осы саладағы норма түзушілік және құқық қолданушылық қызметі мәселелері жөніндегі жұмысын үйлестіруге;
      2) мыналар:
      заңнаманы жетілдіру;
      мемлекеттік органдардың заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді орындауына бақылауды күшейту;
      Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз етпеген құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдар басшылары мен өзге де лауазымды адамдарының жауаптылығы жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеуге;
      3) мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар мен ғылыми ұжымдар дайындаған нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге;
      4) халықаралық құқықтық ынтымақтастық мәселелерін қарауға қатысуға;
      5) норма түзушілік және құқық қолданушылық проблемаларын талдау мен зерделеуге қажет болған жағдайда мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мамандарын тартуға, неғұрлым маңызды нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу үшін жұмыс топтарын құруға;
      6) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан ақпарат сұратуға;
      7) қылмыстық қолсұғушылық пен құқық бұзушылықтан азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға байланысты құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдар қызметінің, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалған құқық тәртібінің өзекті мәселелерін қарауға;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқығы бар.

4. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру

      Кеңеске басшылықты оның төрағасы жүзеге асырады. Кеңестің дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Кеңес мүшелері отырыстарға ауысу құқығынсыз қатысады.
      Кеңестің жұмыс жоспарын Кеңес төрағасы Кеңес мүшелерінің пікірін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып бекітеді.
      Отырыстың күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша шешімдер ашық дауыс берумен қабылданады және оларға отырысқа қатысушы Кеңес мүшелері жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең түскен жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
      Кеңес шешімдері хаттамалармен ресімделіп, оларға төраға қол қояды және мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жіберіледі.
      Қажет болған жағдайда Кеңес шешімдері Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының актілерін шығаруға бастамашылық ету жолымен іске асырылуы мүмкін.
      Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгінің Мемлекеттік құқық бөлімі болып табылады, ол Кеңес отырыстарына хаттамалар мен басқа да қажетті материалдар дайындайды және белгіленген тәртіппен Кеңес қабылдаған шешімдердің орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 4-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2004.12.15. N 1504 , 2005.11.11. N 575 , 2006.02.20. N 26 ,  2007.02.05. N 94 , 2008.04.24 N 576 Өкімдерімен.