Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі 2002 жылғы 19 ақпан N 303

Қолданыстағы
                                                Республикалық баспасөзде 

мазмұны жариялануға тиіс


      Қазақстан Республикасы Құқықтық саясатының тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі және қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясы K951000_ 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат

жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын және 1-қосымшаға сәйкес 
дербес құрамы бекітілсін. 
     2. 2-қосымшаға сәйкес Кеңес туралы ереже бекітілсін. 
     3. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 
     1) Үкіметтің бұрын шығарылған актілерін осы өкімге сәйкес келтірсін; 
     2) осы өкімнен туындайтын қажетті ұйымдастырушылық және өзге де 
шараларды қабылдасын. 
     4. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қылмысқа қарсы күрестің 
жекелеген мәселелері бойынша" 2001 жылғы 29 мамырдағы N 214  

N010214_

  өкімі 
1-тармағының күші жойылды деп танылсын. 
     5. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы 
Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
                                                 Қазақстан Республикасы 
                                                     Президентінің 
                                                 2002 жылғы 19 ақпандағы 
                                                     N 303 өкімімен 
                                                       бекітілген 
                                                       1-қосымша 
     
             Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы 
                   Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің 
                            ДЕРБЕС ҚҰРАМЫ 
     
     Мұхаметжанов                 - Қазақстан Республикасы 
     Бауыржан Әлімұлы               Премьер-Министрінің 
                                    орынбасары, төраға 
     
     Тоқпақбаев                   - Қазақстан Республикасы 
     Сәт Бесімбайұлы                Президентінің кеңесшісі, 
                                    төрағаның орынбасары 
     
     Комиссия мүшелері: 
     
     Бұлғақбаев                   - Қазақстан Республикасы 
     Болатбек Ақылбайұлы            Қаржы полициясы агенттігінің 
                                    төрағасы 
     
     Жалыбин                      - Қазақстан Республикасы 
     Сергей Михайлович              Парламенті Мәжілісінің Заңдар 
                                    және сот-құқықтық реформа 
                                    жөніндегі комитетінің төрағасы 
     
     Жұмабаев                     - Қазақстан Республикасы 
     Ермек Жияншаұлы                Парламенті Сенатының Заңдар 
                                    және сот-құқықтық реформа 
                                    комитетінің төрағасы
     
     Жұмабеков                    - Қазақстан Республикасы Бас
     Оңалсын Ісләмұлы               прокурорының бірінші орынбасары
     
     Кәкімжанов                   - Қазақстан Республикасының
     Зейнолла Халидоллаұлы          Мемлекеттік кіріс министрі
     
     Келімбетов                   - Қазақстан Республикасының
     Қайрат Нематұлы                Қаржы бірінші вице-министрі
     
     Ким                          - Қазақстан Республикасының
     Георгий Владимирович           Әділет министрі
     
     Котлов                       - Қазақстан Республикасы
     Андрей Николаевич              Премьер-Министрі Кеңсесі
                                    Басшысының орынбасары
     
     Құл-Мұхаммед                 - Қазақстан Республикасының
     Мұхтар Абрарұлы                Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
                                    келісім министрі
     
     Нұриманов                    - Қазақстан Республикасы Ұлттық
     Мақсұт Әнуарбекұлы             қауіпсіздік комитеті төрағасының
                                    орынбасары
     
     Сүлейменов                   - Қазақстан Республикасының
     Қайырбек Шошанұлы              Ішкі істер министрі
     
     Тұрысбеков                   - Қазақстан Республикасы
     Зауытбек Қауысбекұлы           Мемлекеттік қызмет істері
                                    жөніндегі агенттігінің төрағасы
     
                                           Қазақстан Республикасы
                                               Президентінің
                                          2002 жылғы 19 ақпандағы
                                               N 303 өкімімен
                                                 бекітілген
                                                 2-қосымша
     
            Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
             Құқықтық саясат жөніндегі кеңес туралы ереже
     
                        1. Жалпы ережелер
     


      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын K951000_ және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

                  2. Кеңестің негізгі міндеттері

      Кеңестің негізгі міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Құқықтық саясаты тұжырымдамасын дайындау жөніндегі және норма түзушілік қызметі мәселелері жөніндегі жұмысын; заңдылықты нығайту, қылмысқа қарсы күресті күшейту, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі іс-қимылдарын үйлестіру;
      2) қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, қылмысқа қарсы күресті күшейтуге бағытталған ұйымдастыру шараларын қабылдау, оның пәрменділігін арттыру жөніндегі ұсынымдар мен ұсыныстарды талдап жасау;
      3) заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      4) мемлекеттік органдардың заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді орындауын бақылауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
      5) Қазақстан Республикасының Президентін және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін қылмысқа қарсы күрестің жай-күйі туралы хабардар ету әрі осы жұмыстың пәрменділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу болып табылады.

                      3. Кеңестің құқықтары

      Кеңестің өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамамен белгіленген тәртіппен:
      1) мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Құқықтық саясаты тұжырымдамасын дайындау және норма түзушілік қызметі мәселелері жөніндегі жұмысын; заңдылықты нығайту, қылмысқа қарсы күресті күшейту, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі іс-қимылдарын үйлестіруге;
      2) мыналар:
      заңнаманы жетілдіру;
      қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру,

қылмысқа қарсы күресті күшейтуге бағытталған ұйымдастыру шараларын 
қабылдау, оның пәрменділігін арттыру;
     мемлекеттік органдардың заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық 
актілерді орындауын бақылауды жетілдіру;
     Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық 
актілерінің орындалуын қамтамасыз етпеген құқық қорғау және өзге де 
мемлекеттік органдар басшылары мен лауазымды адамдарының жауаптылығы 
жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеуге;
     3) мемлекеттік органдар дайындаған нормативтік құқықтық актілер 
жобаларын қарауға;
     4) халықаралық құқықтық ынтымақтастық мәселелерін қарауға қатысуға;
     5) қылмысқа қарсы күрес және норма түзушілік проблемаларын талдау мен 
зерделеуге қажет болған жағдайда мемлекеттік органдардың мамандарын 
тартуға;
     6) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан ақпарат сұратуға;
     7) заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
     Кеңестің шешімдері оның төрағасы қол қоятын хаттамалармен ресімделеді.
     
                4. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
     


      Кеңеске басшылықты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары жүзеге асырады, ол оның төрағасы болып табылады.
      Кеңестің дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Кеңес мүшелері отырыстарға ауысу құқығынсыз қатысады.
      Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған жағдайда өткізіледі. Кеңестің жұмысы ағымдық және перспективалық негізде жүзеге асырылады.
      Отырыстың күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша шешімдер ашық дауыс берумен қабылданады және оларға Кеңес мүшелері жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданды деп есептеледі.
      Дауыстар тең түскен жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
      Кеңестің шешімдері қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының актілерін шығару арқылы іске асырылуы мүмкін.
      Кеңес отырыстарының хаттамаларын оның жұмыс органы белгіленген

тәртіппен дайындайды және қол қойылғаннан кейін барлық мүдделі мемлекеттік 
органдарға және өзге де ұйымдарға жіберіледі.
     Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі 
Кеңсесінің Қорғаныс және құқық тәртібі бөлімі болып табылады, ол Кеңес 
отырыстарының күн тәртібі бойынша ұсыныстар мен қажетті материалдарды 
дайындайды әрі Кеңес қабылдаған шешімдердің орындалуына бақылауды жүзеге 
асыруды белгіленген тәртіппен қамтамасыз етеді.
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А.