Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы N 303 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 ақпандағы N 94 Өкімі

 Қазақстан Республикасы Президенті 
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
жариялануға тиіс         

      "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы N 303  өкіміне  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 6, 44-құжат; N 39, 369-құжат; 2003 ж., N 18, 180-құжат; 2004 ж., N 4, 50-құжат; N 51, 671-құжат; 2005 ж., N 44, 578-құжат; 2006 ж., N 7, 51-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің дербес құрамына мыналар енгізілсін:

Жұмабеков                 - Қазақстан Республикасы Президенті
Оңалсын Исламұлы            Әкімшілігі Басшысының орынбасары,
                            Кеңес төрағасы,

Шабдарбаев                - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Амангелді Смағұлұлы         қауіпсіздік комитетінің Төрағасы;

      2) мына жол:

"Сәрсембаев               - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау
Марат Алдоңғарұлы           комиссиясының Халықаралық қатынастар
                            бөлімінің меңгерушісі"

      мынадай редакцияда жазылсын:

"Сәрсембаев               - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау
Марат Алдоңғарұлы           комиссиясының мүшесі";

      3) аталған Кеңестің құрамынан Б.М.Имашев, Т.К.Айтмұхамбетов, З.Х.Баймолдина, Н.Н.Дүтбаев шығарылсын;

      4) аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңес туралы ереженің 4-тарауының екінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Кеңестің жұмыс жоспарын Кеңес төрағасы Кеңес мүшелерінің пікірін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып бекітеді.".

       Қазақстан Республикасының
      Президенті