Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар мен мамандандырылған емдік тағам рецептер бойынша тегін әрі жеңілдікті шарттармен босатылатын аурулардың түрлері мен халықтың жекелеген санаттарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 21 маусымдағы N 376 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 14 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4805 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі N 446 Бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы Президенті 
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
және республикалық баспасөзде   
жариялануға тиіс         

      Қазақстан Республикасы Конституциясының  44-бабының 2) тармақшасына,  63-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының  85,   87-баптарына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Үшінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі таратылсын.

      2. Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2007 жылғы 18 тамызға тағайындалсын.

      3. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2007 жылғы 20 тамызға тағайындалсын.

      4. Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2007 жылғы 22 маусымда басталып, 2007 жылғы 11 шілдеде аяқталатын болып белгіленсін.

      5. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындауды және өткізуді ұйымдастырсын.

      6. Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдасын.

      7. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті