Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N 172 Заңымен.
1-бап.
Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) жасырын тексеру - адамның жеке басын анықтамай, АҚТҚ жұқтыруын медициналық тексеру;
1-1) ЖҚТБ-мен ауыратын науқас - жұқтырылған қорғаныш тапшылығы салдарынан осы аурудың органдар мен жүйелердi жаппай зақымдай отырып өлiмге апаратын үдемелi дамуымен сипатталатын АҚТҚ инфекциясының терминалды сатысындағы адам;
2) АҚТҚ - адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы;
3) АҚТҚ инфекциясы - АҚТҚ-дан туындаған ауру;
4) АҚТҚ инфекциясын жұқтырушы - АҚТҚ жұқтырған адам;
4-1) диспансерлеу - денсаулық сақтау ұйымдарында АҚТҚ жұқтырған адамның және ЖҚТБ-мен ауыратын науқастың денсаулық жағдайын байқау және оған емдеу-алдын алу көмегiн көрсету;
4-2) құпия медициналық куәландыру - тексерiлетiн адамның жеке басы мен куәландыру нәтижелерiнiң дәрiгерлiк құпиясын медициналық қызметкердiң сақтауына негiзделген, адамның АҚТҚ жұқтыруына тексеру жүргiзу;
4-3) медициналық куәландыру - адамның АҚТҚ жұқтыруына медициналық тексеру жүргiзу;
5) ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеудi жүзеге асыратын ұйымдар - негiзгi қызметi халыққа медициналық көмек пен медициналық қызмет көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымдары;
6) ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу жөнiндегi iс-шаралар ұйымдастыруды жүзеге асыратын органдар - өз құзыретiндегi мәселелер бойынша ЖҚТБ-ның алдын алу жөнiндегi мемлекеттiк, салалық және өңiрлiк бағдарламаларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары;
7) ЖҚТБ - жұқтырылған қорғаныш тапшылығы белгiсi - адамның қорғаныш жүйесiнiң АҚТҚ-дан қатты зақымдануынан болған патологиялық белгiлер байқалатын АҚТҚ инфекциясының соңғы сатысы;
8) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрiлiк заттар айналымы, медициналық қызметтер көрсету сапасына бақылау жасау саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2006.07.07.
N 172
Заңдарымен.
1-1-бап. Қазақстан Республикасының АҚТҚ инфекциясының
және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу туралы
заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының
Конституциясына
негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Ескерту. 1-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.07.07.
N 172
Заңымен.
1-2-бап. АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын
алу мен емдеу саласындағы мемлекеттiк
реттеу
АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу саласындағы мемлекеттiк реттеудi Қазақстан Республикасының Үкiметi, уәкiлеттi орган, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
Ескерту. 1-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.07.07.
N 172
Заңымен.
Ескерту. 2-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
2-1-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын айқындайды;
2) АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу саласындағы бағдарламаларды бекiтедi;
3) орталық атқарушы органдардың АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу мәселелерi бойынша қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады.
Ескерту. 2-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), өзгерту енгізілді - 2006.07.07.
N 172
Заңдарымен.
2-2-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
Уәкiлеттi орган:
1) АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзедi;
2) Қазақстан Республикасының Үкiметiне республикада ЖҚТБ iндетi таралуынан сақтандыру жөнiндегi ұсыныстар енгiзедi;
3) АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу саласында нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлейдi және бекiтедi;
4) АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу бойынша мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiредi;
5) салааралық үйлестiрудi, сондай-ақ мемлекеттiк және салалық бағдарламаларды iске асыру бойынша қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара ic-қимылды жүзеге асырады;
6) АҚТҚ инфекциясын тiркеу, АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу мәселелерi бойынша есепке алудың, есептiлiктiң тәртiбiн және құжаттама нысандарын айқындайды;
7) ЖҚТБ-ға қарсы күрес саласындағы мемлекеттiк және салалық бағдарламаларды iске асыру мониторингiн ұйымдастырады;
8) АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу жөнiндегi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
9) AҚTҚ инфекциясын эпидемиологиялық қадағалауды және алдын алу мен емдеу iс-шараларының мониторингiн жүзеге асырады;
10) АҚТҚ жұқтырғандарға және ЖҚТБ-мен ауыратын науқастарға тегiн медициналық және дәрi-дәрмектiк көмек көрсету, сондай-ақ жасырын тексеру мен құпия медициналық куәландыру тәртiбiн белгiлейдi.
Ескерту. 2-2-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2006.07.07.
N 172
Заңдарымен.
2-3-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы
органдарының құзыретi
1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары:
1) АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу саласындағы өңiрлiк бағдарламаларды бекiтедi;
2) АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу саласындағы жұмыстың жай-күйi туралы жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдардың ақпаратын тыңдайды.
2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:
1) АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу саласындағы өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлейдi;
2) АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
3) өңiрде АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеудi қамтамасыз ету жөнiнде шешiмдер қабылдайды;
4) өңiрлiк бағдарламаларды iске асыру мониторингiн ұйымдастырады;
5) салааралық үйлестiрудi, сондай-ақ өңiрлiк бағдарламаларды iске асыру бойынша қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
6) мемлекеттiк органдар мен қоғамдық ұйымдардың АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу саласындағы өзара iс-қимылын қамтамасыз етедi.
Ескерту. 2-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), өзгерту енгізілді - 2006.07.07.
N 172
Заңдарымен.
2-4-бап. АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу
мен емдеу мәселелерiндегi мемлекет
кепiлдiктерi
Мемлекет:
1) тегiн негiзде жасырын тексерудiң, ерiктi, құпия медициналық куәландырудың қолжетiмдiлiгi мен сапасына, АҚТҚ жұқтырғандарды және ЖҚТБ-мен ауыратын науқастарды диспансерлеудi, психологиялық-әлеуметтiк, заңдық және медициналық консультациялар берудi қамтамасыз етуге;
2) ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi орталықтар мен денсаулық сақтау ұйымдарында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шегiнде АҚТҚ жұқтырғандарға және ЖҚТБ-мен ауыратын науқастарға тегiн медициналық және дәрi-дәрмектiк көмек көрсетуге;
3) АҚТҚ жұқтырғандар мен ЖҚТБ-мен ауыратын науқастарды әлеуметтiк және құқықтық қорғауға;
4) АҚТҚ жұқтырғандар мен ЖҚТБ-мен ауыратын науқастарды ауруының сипатына байланысты қандай да бiр кемсiтушiлiк нысандарына жол бермеуге;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шегiнде АҚТҚ инфекциясы мен ЖҚТБ кезiнде қоздырғыштарға қарсы тегiн әрi арнайы емдеуге;
6) AҚTҚ инфекциясының анадан ұрыққа берiлу қаупiн азайту жөнiндегi алдын алу iс-шараларын жүзеге асыруға;
7) АҚТҚ инфекциясы проблемалары жөнiндегi ғылыми зерттеулердi дамытуға, АҚТҚ инфекциясының таралуының алдын алу жөнiндегi шараларды iске асыру үшiн мамандар даярлауға;
8) АҚТҚ инфекциясы таралуының алдын алудың халықаралық бағдарламалары шеңберiнде халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және ұдайы ақпарат алмасып отыруға кепiлдiк бередi.
Ескерту. 2-4-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.07.07.
N 172
Заңымен.
2-5-бап. АҚТҚ инфекциясының алдын алу жөнiндегi
iс-шаралар
1. Қазақстан Республикасында АҚТҚ инфекциясының алдын алу жөнiндегi iс-шаралар осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген негiзде және тәртiппен жүргiзiледi.
2. АҚТҚ инфекциясының алдын алу жөнiндегi iс-шаралар мынадай принциптермен жүзеге асырылады:
1) АҚТҚ жұқтырғандарға денсаулық сақтау ұйымдарында берiлетiн медициналық көмектiң қолжетiмдiлiгi;
2) АҚТҚ инфекциясының алдын алуға қатысты ақпараттың қолжетiмдiлiгi;
3) ведомствоаралық (сектораралық) өзара iс-қимыл;
4) халықтың арасында АҚТҚ инфекциясының алдын алу мақсатында қоғамдық ұйымдарды тарту.
3. АҚТҚ инфекциясының алдын алу жөнiндегi iс-шаралар:
1) халықтың әртүрлi топтарына арналған нысаналы алдын алу және бiлiм беру бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру;
2) халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы АҚТҚ инфекциясы бойынша эпидемиялық ахуал және оның алдын алу шаралары туралы хабардар ету;
3) халықтың әр түрлi топтары үшiн ақпараттық материалдар әзiрлеу және тарату;
4) АҚТҚ инфекциясының жыныстық қатынас пен қан арқылы жұғуынан қорғау жөнiндегi бағдарламаларды iске асыру;
5) сенiм, жасырын тестiлеу, психологиялық, заңдық және медициналық консультациялар беру пункттерiн ашу;
6) халыққа терi қабаттары бүтiндiгiнiң бұзылуына байланысты қызметтер көрсету кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылады.
Ескерту. 2-5-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.07.07.
N 172
Заңымен.
3-бап. ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы
күрес жөнiндегi орталықтар
ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi республикалық, облыстық, қалалық орталықтар ЖҚТБ ауруын уақтылы анықтауға, емдеуге және оның таралуының алдын ала сақтандыруға бағытталған емдеу-анықтау, алдын алу, iндетке қарсы шаралар кешенiн орындайтын ерекше үлгiдегi мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемелерi болып табылады.
3-1-бап. ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес
жөнiндегi республикалық орталықтың құзыретi
ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi республикалық орталық:
1) республикада АҚТҚ инфекциясын эпидемиологиялық қадағалауды және алдын алу iс-шараларын жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi, есепке алу мен есептiлiк нысандарын әзiрлеуге қатысады;
3) ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi орталықтардың қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады;
4) бағдарламаларды iске асыру бойынша қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылды ұйымдастырады;
5) ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi өңiрлiк орталықтарға, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарына АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеудi ұйымдастыруға қатысты өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетедi;
6) АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзедi;
7) АҚТҚ инфекциясын зертханалық зерттеулердiң сапасын тексерудi жүзеге асырады;
8) дәрiгерлердi, орта медицина қызметкерлерiн мамандандыру мен олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асыруға қатысады;
9) АҚТҚ инфекциясы мен ЖҚТБ-ға ұқсас инфекцияларды зертханалық зерттеулердi жүзеге асырады.
Ескерту. 3-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), өзгерту енгізілді - 2006.07.07.
N 172
Заңдарымен.
3-2-бап. ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес
жөнiндегi өңiрлiк орталықтардың құзыретi
ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi өңiрлiк орталықтар:
1) халықтың түрлi топтары үшiн алдын алу жұмыстарын ұйымдастырады және жүргiзедi;
2) АҚТҚ-ны жұқтырған адамдарға, ЖҚТБ-мен ауыратын науқастарға, халықтың түрлi топтарына медициналық, консультациялық көмек көрсетедi;
3) мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдарға ЖҚТБ-ның алдын алу мәселелерi бойынша әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетедi;
4) АҚТҚ инфекциясын диагноз қоюды, иммунологиялық, басқа да зертханалық зерттеу түрлерiн жүзеге асырады;
5) ЖҚТБ iндетiнiң алдын алу жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеуге қатысады;
6) өңiрлiк бағдарламаларды iске асыру мониторингiн жүргiзедi;
7) өңiрде АҚТҚ инфекциясын эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады;
8) халық арасында ЖҚТБ-ның алдын алу жөнiндегi санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргiзудi жүзеге асырады.
Ескерту. 3-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
4-бап. ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес
жөнiндегi шараларды қаржыландыру
ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi шараларды қаржыландыру бюджет қаражаты, сондай-ақ меншiк нысандарына қарамастан кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң, қоғамдық бiрлестiктер мен азаматтардың ерiктi жарналары, қайырмалдық қаржылар, қайырымдылық көмектер, сондай-ақ халықаралық қорлар қаражаттары есебiнен жүзеге асырылады.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
5-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының,
шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың
медициналық куәландырудан өту құқығы
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын немесе онда жүрген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың денсаулық сақтау ұйымдарында тегiн жасырын тексерiлуге, ерiктi, құпия медициналық куәландырудан өтуге және АҚТҚ жұқтыру мәселелерi бойынша консультация алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде ұсталатын азаматтар АҚТҚ инфекциясына арналған мiндеттi құпия медициналық куәландырудан өтуге тиiс.
2. Он сегiз жасқа дейiнгi балалар мен әрекет қабiлетi жоқ адамдарды куәландыру олардың заңды өкiлдерiнiң келiсiмiмен немесе олардың қалауы бойынша жүргiзiледi.
3. Медициналық куәландырудан өткен адамның өз қалауы бойынша сол немесе басқа денсаулық сақтау ұйымында қайта медициналық куәландырудан өтуге құқығы бар.
4. Медициналық куәландыру кезiнде АҚТҚ жұқтырған адамды анықтаған денсаулық сақтау ұйымдары оған тексеру нәтижелерi туралы жазбаша түрде хабар берiп, өз денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын сақтауға бағытталған сақтық шараларын орындау қажеттiлiгi туралы ұғындырады, сондай-ақ емделуден жалтарып, басқа адамдарға жұқтырғаны үшiн әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiгi туралы ескертедi.
5. AҚTҚ жұқтырғандар мен ЖҚТБ-мен ауыратын науқастардың диагностикасына, оларды емдеуге, зертханалық зерттеу нәтижелерiне қатысты мәлiметтер құпия болып табылады және тек тiкелей бұл мәлiметтердiң қатысы бар адамға, оның заңды өкiлiне немесе денсаулық сақтау, прокуратура, алдын ала тергеу, анықтау және сот органдарының сұрауы бойынша ғана берiлуi мүмкiн.
Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.07.07.
N 172
, өзгерту енгізілді - 2007.03.26.
240
Заңдарымен.
6-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының,
шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың
медициналық куәландырудан өту жөнiндегi
мiндеттерi
1. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар олар AҚTҚ жұқтырған болуы мүмкiн деген жеткiлiктi негiздер болған ретте денсаулық сақтау, прокуратура, тергеу мен сот органдарының сұрауы бойынша медициналық куәландырудан өтуге мiндеттi.
Куәландырудан өтуден немесе алдын алу бақылауынан жалтарған Қазақстан Республикасының аумағында тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге аластатылады.
Қазақстан Республикасының аумағында дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттi пайдаланатын шет мемлекеттердiң дипломатиялық, өкiлдiк және консулдық мекемелерiнiң қызметкерлерi мен өзге де адамдары куәландырудан тек өздерiнiң келiсiмдерiмен ғана өтедi. Оларды куәландырудан өткiзу қажеттiгi туралы ұсынысты уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен алдын ала келiседi.
2. Қан және оның компоненттерiнiң, тiндер мен органдардың донорлары мiндеттi түрде медициналық куәландыруға жатады.
Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.07.07.
N 172
Заңымен.
7-бап. Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын
жұқтырған адамдарды әлеуметтiк қорғау
1. Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтырып алған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарында тегiн дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етiлуге, амбулаторияда және тұрақты көмек алуға әрi емдеу орнына барып, қайтуымен байланысты шығындарды тұрғылықты жерi бойынша денсаулық сақтау ұйымдары есебiнен өтеуге құқығы бар.
2. Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтырған немесе ЖҚТБ-мен ауырған он сегіз жасқа дейiнгi балаларды күтуге байланысты ата-аналардың бiрi еңбек шартын бұзған жағдайда оның үзiлiссiз еңбек стажы сақталады.
3. Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтырған немесе ЖҚТБ-мен ауырған балалар мен жеткiншектердiң мектепте және басқа оқу орындарында оқуы қамтамасыз етiледi.
4. Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтырған немесе ЖҚТБ-мен ауырған адамдарды жұмыстан шығаруға, жұмысқа, мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерiне және оқу орындарына қабылдаудан бас тартуға, сондай-ақ олардың өзге де құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiруге, сонымен қатар олардың туысқандары мен жақындарының тұрғын үй және өзге де құқықтарына қысым жасауға жол берiлмейдi.
Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.11.16. N 477
Заңымен
, 2006.07.07.
N 172
Заңдарымен.
Ескерту. 8-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N 172 Заңымен.
Ескерту. 9-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N 172 Заңымен.
Ескерту. 10-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N 172 Заңымен.
11-бап. Дәрiгерлiк құпияны сақтау
АҚТҚ жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауырған адамдар туралы мәлiметтердi өздерiнiң қызмет мiндеттерiн орындаумен байланысты бiлетiн медицина қызметкерлерi мен басқа да адамдар заңмен қорғалатын осы мәлiметтердi құпия сақтауға мiндеттi.
Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07.
N 172
Заңымен.
12-бап. Еңбек қызметi АҚТҚ жұқтыру қаупiмен
байланысты адамдар
1. АҚТҚ жұқтырылған материалмен жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау ұйымдарының медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң қызметтiк және кәсiби мiндеттерiн орындау кезiнде АҚТҚ жұқтыруы кәсiби ауруларға жатады.
2. Осы баптың 1-тармағында тiзiлген адамдарға кәсiби ауруына байланысты жұмысқа уақытша жарамсыздығы кезеңiне Қазақстан Республикасының
еңбек туралы
заңнамасына сәйкес әлеуметтiк жәрдемақы тағайындалады.
Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.07.07.
N 172
Заңымен.
13-бап. Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын кәсiби
жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауырған жағдайда
медициналық және басқа қызметкерлердi
сақтандыру
Қызмет мiндеттерiн атқару ЖҚТБ-мен кәсiби ауруға шалықтыруы мүмкiн медициналық және басқа да қызметкерлер мiндеттi мемлекеттiк сақтандыруға жатады.
Медицина қызметкерлерi мен тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерiнiң өз мiндеттерiн тиiсiнше атқармауы салдарынан адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтырған немесе ЖҚТБ-мен ауырған адамдардың да аталған жәрдемақыны алуға құқығы бар.
Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07.
N 172
Заңымен.
14-бап. ЖҚТБ ауруының алдын алу және емдеумен
айналысатын медицина қызметкерлерiнiң
жеңiлдiктерi
ЖҚТБ-ның алдын алу, емдеу-анықтау және ғылыми-зерттеу жұмысымен тiкелей айналысатын ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi орталықтар, басқа да денсаулық сақтау мекемелерi мен ведомстволары, медицина және ғылыми-зерттеу институттары медицина қызметкерлерiнiң, қызметшiлерi мен техник қызметкерлерiнiң қысқартылған алты сағаттық жұмыс күнiне, ұзақтығы күнтiзбелiк жиырма төрт жұмыс күн төленетiн қосымша демалысқа, кәсiби зияндылық үшiн белгiленген жалақының 60 процентi мөлшерiнде қосымша еңбекақы алуға құқығы бар.
Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07.
N 172
Заңымен.
15-бап. АҚТҚ жұқтырғандардың және ЖҚТБ-мен
ауыратындардың құқықтары мен мiндеттерi
1. АҚТҚ жұқтырғандардың және ЖҚТБ-мен ауыратындардың:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы ратификациялаған тиiстi халықаралық шарттарда көзделген Қазақстан Республикасы азаматтарының барлық құқықтарын пайдалануға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шегiнде диспансерленуге және тегiн емделуге құқығы бар.
2. АҚТҚ жұқтырғандар мен ЖҚТБ-мен ауыратындар өз денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын сақтау жөнiнде сақтық шараларын орындауға мiндеттi.
АҚТҚ жұқтырғандарға қан және оның компоненттерiнiң, тiндер мен органдардың донорлары болуға тыйым салынады.
Ескерту. 15-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.07.07.
N 172
Заңымен.
16-бап. Қазақстан Республикасының АҚТҚ инфекциясының
және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу туралы
заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу туралы заңнамасын бұзушылық Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Ескерту. 16-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.07.07.
N 172
Заңымен.
Қазақстан Республикасының
Президентi