"Еңбек жағдайы үшін қосымша ақы белгіленетін ұйымдар мен қызметкерлер лауазымдарының тізбесін және Біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 29 қаңтардағы N 50 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 3 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4536 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 19 сәуірдегі № 271 Бұйрығымен. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 шілдедегі № 576 Бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
 

      1) "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Украина Министрлер Кабинетi арасындағы Еркiн сауда режимiнен алулардың күшiн кезең-кезеңiмен жою туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 30 наурыздағы N 218  қаулысында :
      2-тармақтағы "Владимир Сергеевич Школьникке" деген сөздер "Ғалым Iзбасарұлы Оразбақовқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
 

      2) "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Украина Министрлер Кабинетi арасындағы Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiру жөнiндегi келiссөздердегi өзара iс-қимыл туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 30 наурыздағы N 219  қаулысында :
      2-тармақтағы "Владимир Сергеевич Школьникке" деген сөздер "Ғалым Iзбасарұлы Оразбақовқа" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі