ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі – тізбе) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2027 жылғы 16 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 12-тармағының он сегізінші абзацын, 20-тармағының он үшінші, он төртінші, он сегізінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтарын, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 24-тармағының алтыншы және жетінші абзацтарын, 26-тармағының жетінші және сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі |
А. Куантыров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
| 2026 жылғы 30 қыркүйектегі № 220 бұйрығына қосымша |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы аумағындағы жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 25-03-01/82 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7492 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 258) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерінің есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерінің есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 258) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерінің есебін жүргізу тәртібін нақтылайды.".
2. "Аңшылық минимумын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 25-03-02/95 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7545 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 262) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аңшылық минимумында:
1-қатар мынадай редакцияда жазылсын:
"
1. |
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 629-бабы. | 12 |
".
3. "Қорықшылардың омырауға тағатын белгісінің нысаны мен айырым белгілері бар нысанды киімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 25-03-02/121 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7582 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Аңшылық шаруашылығы субъектілері қорықшысының омырау белгісінің және айырым белгілері бар арнайы киімінің нысандарын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 216) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес аңшылық шаруашылығы субъектілері үшін қорықшының омырау белгісінің нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес аңшылық шаруашылығы субъектілері үшін айырым белгілері бар арнайы киімнің нысаны бекітілсін.";
көрсетілген бұйрыққа 1 және 2-қосымшалар осы Тізбеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жазылсын.
4. "Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 363-Ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9203 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
11, 12, 13, 14, 15 және 16-қосымшалар алып тасталсын.
5. "Жануарлар дүниесін пайдалануға арналған биологиялық негіздеме дайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 104-Ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9307 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жануарлар дүниесін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) пайдалануға биологиялық негіздеме дайындау қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 245) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) пайдалануға биологиялық негіздеме дайындау қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесін пайдалануға биологиялық негіздеме дайындау қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) пайдалануға биологиялық негіздеме дайындау қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) пайдалануға биологиялық негіздеме дайындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 245) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) пайдалануға биологиялық негіздеме (бұдан әрі – биологиялық негіздеме) дайындау тәртібін айқындайды.".
6. "Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10168 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жануарлар дүниесін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 237) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) пайдалануға рұқсаттар беру қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) пайдалануға рұқсаттар беру қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) пайдалануға рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 237) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) пайдалануға рұқсаттар беру (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.".
7. "Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 18-03/57 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10415 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 263) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының аңшылық минимум бойынша емтихан өткізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының аңшылық минимум бойынша емтихан өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 263) тармақшасына сәйкес әзірленді және аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының (бұдан әрі – қауымдастық) аңшылық минимум бойынша емтихан өткізу тәртібін айқындайды.".
8. "Дериваттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 18-03/105 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10482 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Дериваттар тізбесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 222) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған дериваттар тізбесі (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген дериваттар тізбесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Дериваттар тізбесі (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда)";
3-бөлімінде Жануарлар туындысы:
2, 6 және 8-жолдар алып тасталсын.
9. "Зоологиялық коллекциялар жинау мен мемлекеттік есепке алу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 18-03/118 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10935 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 241) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Зоологиялық коллекциялар жинау мен мемлекеттік есепке алу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Зоологиялық коллекциялар жинау мен мемлекеттік есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 241) тармақшасына сәйкес әзірленді және зоологиялық коллекцияларды жинау және мемлекеттік есепке алу тәртібін айқындайды.".
10. "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын айырым белгілері бар (погондарсыз) нысанды киім киіп жүруге құқығы бар, жұмыскерлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 18-04/128 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10546 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) тікелей қорғауды жүзеге асыратын айырым белгілері бар (погондарсыз) нысанды киім киіп жүруге құқығы бар, жұмыскерлерінің тізбесін бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 217) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) тікелей қорғауды жүзеге асыратын айырым белгілері бар (погондарсыз) нысанды киім киіп жүруге құқығы бар, жұмыскерлерінің тізбесі бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) тікелей қорғауды жүзеге асыратын айырым белгілері бар (погондарсыз) нысанды киім киіп жүруге құқығы бар, жұмыскерлерінің тізбесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) тікелей қорғауды жүзеге асыратын айырым белгілері бар (погондарсыз) нысанды киім киіп жүруге құқығы бар, жұмыскерлерінің тізбесі.".
11. "Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/144 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10651 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 244) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 244) тармақшасына сәйкес әзірленді және аңшылықта пайдаланылатын жыртқыш құстарды есепке алу және тіркеу тәртібін айқындайды.".
12. "Жолдаманың үлгілік нысанын, сондай-ақ оны беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10702 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жолдаманың үлгілік нысанын, сондай-ақ оны аңшылық шаруашылығы субъектілеріне беру қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 219) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес аңшылық шаруашылығы субъектілеріне арналған жолдаманың үлгілік нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес аңшылық шаруашылығы субъектілеріне жолдаманы беру қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолдама беру қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Аңшылық шаруашылығы субъектілеріне жолдаманы беру қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Аңшылық шаруашылығы субъектілеріне жолдаманы беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 219) тармақшасына сәйкес әзірленді және аңшылық шаруашылығы субъектілері жолдамаларын беру тәртібін айқындайды.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Жолдаманы аңшылық шаруашылығы субъектісі жеке тұлғаларға олардың өтініші (ауызша немесе жазбаша) бойынша, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат болған кезде жануарлар дүниесі объектілерін алу мақсатында бекітіліп берілген аңшылық алқаптарға бару үшін береді.
Жолдама қағаз немесе электрондық нысанда, аңшылық шаруашылығы субъектісі жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат болған кезде жеке тұлғаларға олардың ауызша өтініші бойынша, сондай-ақ жануарлар дүниесін алып қою мақсатында бекітіліп берілген аңшылық шаруашылықтарына бару үшін қағаз немесе электрондық нысанда беріледі.
Бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесін пайдаланушылар лимиттелмейтін жануарлар түрлерін алып қойған жағдайда, жолдаманы аңшылық шаруашылығы субъектісі жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатсыз береді.
Жеке тұлға жолдаманы электрондық форматта алу үшін өтініш білдірген жағдайда, ол бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша автоматты түрде қалыптастырылады және оның жеке кабинетіне және (немесе) жеке тұлғаның электрондық поштасына (болған жағдайда) жіберіледі.".
13. "Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/146 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10700 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) мемлекеттік қорғау туралы ережені бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 238) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) мемлекеттік қорғау туралы ереже бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау туралы ережеде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) мемлекеттік қорғау туралы ереже";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 238) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау (бұдан әрі – жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы басқару, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган құрылымдарында (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұйымдастырылады."
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жеке және заңды тұлғалардан аң аулау құқығына арналған құжаттарды тексеруге;";
4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлік құралдарын, басқа да объектілер мен орындарды тоқтатуды және тексеруді (қарап тексеруді), ал қажет болған жағдайда – ұсталған адамдарды жеке тексеруді жүргізуге;
5) жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын және аулау құралдарын, олардың дериваттарын, сондай-ақ тыйым салынған аулау құралдарының түрлерін, заңсыз алынған жануарлар дүниесі объектілерін және олардың тіршілік ету өнімдерін алып қоюға және олардың ары қарайғы тиістілігі туралы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешуге;";
мынадай редакциядағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен арнайы құралдар мен қызметтік қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға.";
5-тармақ алып тасталсын.
14. "Аң аулау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11091 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 231) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аң аулау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Аң аулау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 231) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.";
4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 33-бабына сәйкес аң аулау құқығына:";
4-тармақтың 4) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Шетелдік азаматтарға Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау құқығы аңшылық шаруашылығы субъектісімен жасасқан аң аулауды ұйымдастыру шарты, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат, жолдама алу, сондай-ақ ішкі істер органдары аңшылық атыс қаруы мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге берген қорытынды негізінде туындайды.";
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) қозғалтқышы іске қосылған авиа-, авто-, мотокөлік құралдарын, қарда жүретін техниканы, шағын көлемді кемелерді, түнде көру аспаптарын (инфрақызыл, электрондық-оптикалық және жылу сәулелі аспаптарды, көздеуіштер мен қондырмаларды қоса алғанда), лазерлік нысана көрсеткіштерді, әртүрлі диапазондағы жарық беретін және дыбыстық электрлік аспаптарды, пилотсыз әуе кемелерін қолдана отырып әуесқойлық (спорттық) мақсатта;";
22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"22) торларды қолдана отырып; су құю арқылы іннен шығарып (уәкілетті органның ведомствосымен келісу бойынша жануарларды ен салу, сақиналау және сынамалар алу үшін аулап, кейіннен мекендеу ортасына шығаруды, интродукциялау, реинтродукциялау, будандастыру немесе еріксіз ұстау үшін аулауды қоспағанда);";
31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"31) тыныштық сақтау аймақтарында және өсiмiн молайту учаскелерінде аң аулауға;";
32) тармақшамен толықтырылсын:
"32) саңырау құрды үйірілу орнында қорықшының қатысуынсыз аулауға тыйым салынады.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Жануарлар популяцияларын сақтау, олардың өсімін молайту үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету және шаруашылық пайда алу мақсатында Қазақстан Республикасында осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес аң аулауды жүргізу мерзімдері (бұдан әрі – аң аулауды жүргізу мерзімдері) белгіленеді.
Ведомствоның аумақтық бөлімшелері аң аулауды ашу туралы және оны осы Қағидаларға 11-қосымшада көрсетілген аң аулауды жүргізудің белгіленген мерзімдерінен күнтізбелік 15 күнге дейін неғұрлым ерте немесе неғұрлым кеш мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдайды.
Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасында белгіленген ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда аң аулауды қоспағанда, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары өңірдің табиғи-климаттық жағдайларына байланысты уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша маусымның жалпы ұзақтығын сақтай отырып, аң аулаудың басталу және аяқталу мерзімдерін аң аулау қағидаларында белгіленген мерзімдерден бұрынырақ және (немесе) кешірек мерзімдерге (он бес күнтізбелік күнге дейін) ауыстыру туралы шешім қабылдайды.".
15. "Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/158 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10929 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 233) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшері бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиян өтемінің мөлшерлерінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшері".
16. "Аңшылық алқаптарын бекітіп беру жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11227 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аңшылық алқаптарын бекітіп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Аңшылық шаруашылығын жүргізу құқығына бастапқы бағасы мынадай формула бойынша айқындалады:
Р= T*V, мұндағы:
Р – аңшылық шаруашылығын жүргізу құқығын беруге бастапқы бағасы;
Т – Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 629-бабына сәйкес айқындалатын аңшылық жануардың ерекше түрі үшін төлемақы мөлшерлемесінің белгіленген мөлшері;
V – аңшылық жануардың паспортында көрсетілген жануарлардың аңшылық түрлерінің түрлік құрамының саны.";
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Ұйымдастырушы веб-порталдағы конкурсты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сейсенбіден жұмаға дейін айқындалады және тоқсанына бір реттен кем емес өткізіледі.";
50-тармақ алып тасталсын.
17. "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 18-03/271а бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11005 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жануарлар дүниесін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтерді бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 214) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын.
18. "Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды жасау мен берудің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 18-04/279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11592 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды жасау мен берудің қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 246) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған:
1) жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың акт нысандары:";
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тексеру актісі;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнама талаптарының бұзушылықтарын жою туралы ұйғарым;
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін кінәлі тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы;
осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып, пайдаланылған атыс қаруын, тыйым салынған олжалау құралдарын және заңсыз олжаланған жануарлар дүниесі объектілері (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) мен олардың өнімдерін сот шешімі шығарылғанға дейін уақытша сақтау үшін алып қою туралы қаулы;
2) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) мемлекеттік инспектордың актілерін жасау және берудің қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрыққа 2, 3, 5, 6 және 7-қосымшалар осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жазылсын.
19. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 18-03/404 "Аңшы куәліктерін беру жөніндегі есептіліктің нысанын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11735 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 224-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".
20. "Аңшылық шаруашылығын жүргiзу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 18-2/501 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11551 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 1-тармағының 58) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аңшылық шаруашылығын жүргiзу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Аңшылық шаруашылығын жүргiзу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабы 1-тармағының 58) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және аңшылық шаруашылығын жүргiзу тәртiбiн айқындайды.";
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Аңшылық шаруашылығы ұйымы "Аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-04/287 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10890 болып тіркелген) (бұдан әрі – Бұйрық) сәйкес әзірленген аңшылық шаруашылығы субъектісінің даму жоспарына сәйкес жануарлар дүниесі объектілерінің өсімін молайтуды қамтамасыз ететін қажетті іс-шараларды жүргізеді.
5. Аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарын аңшылық шаруашылығы ұйымы бекітеді, содан кейін ол орындалуға жатады.";
6-тармақ алып тасталсын;
6-1-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) аңшылық алқаптарын бекітіп беру жүргізілген жер учаскелері Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгілі тәртіппен мемлекеттік мұқтаж үшін алып қойылған жағдайларда тоқтатылады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Аңшылық объектілеріне жатқызылған жануарлар түрлерінің санын есепке алу нәтижелері оңтайлы және нақты саны көрсеткіштерінің арақатынасын ескере отырып, жануарлар дүниесі объектілерін, оның ішінде лимиттелетін жануарлар түрлерін алып қою лимиттерін айқындау үшін негіздердің бірі болып табылады.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Бекітіліп берілген аңшылық шаруашылықтарында жануарлар дүниесін өсімін молайту жөніндегі жұмыстардың тізбесі аңшылық шаруашылығы субъектісінің даму жоспарында көзделеді.
Аңшылық шаруашылығын жүргізу жоспарына түзету экономикалық құрамдас бөлік пен өңірлік жағдайлар өзгерген жағдайда қажеттілігіне қарай енгізіледі.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Аңшылық шаруашылығы субъектілері лимиттелетін жануарлар дүниесі объектілерін квота шегінде алып қою құқығын жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсатты алған кезден бастап, ал басқа жеке және заңды тұлғалар аңшылық шаруашылығы субъектілерінен жолдама алғаннан кейін немесе олармен аңшылықты жүзеге асыруға шарт жасасқаннан кейін алады.
Лимиттелмейтін жануарлар түрлерін алып қою жануарлар дүниесін пайдаланушылармен бекітіліп берілген аңшылық алқаптарында уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.".
21. "Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның кадастры мен мониторингiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 18-03/577 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11800 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) мемлекеттік есепке алу, кадастр және мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 240) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) мемлекеттік есепке алу, кадастр және мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның кадастры мен мониторингiн жүргiзу қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) мемлекеттік есепке алу, кадастр және мониторинг жүргізу қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алу, кадастр және мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 240) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік статистика туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) мемлекеттік есепке алу, кадастр және мониторинг жүргізуді ұйымдастыру тәртібін айқындайды.".
22. "Жануарлардың санын реттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 5 желтоқсандағы № 480 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16115 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жануарлардың (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) санын реттеу қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 141) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған жануарлардың (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) санын реттеу қағидаларын бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлардың санын реттеу қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жануарлардың (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) санын реттеу қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Жануарлар санының реттелу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 141) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарлардың (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) санын реттеу тәртібін айқындайды.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Жануарлар (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) түрлерінің санын реттеу биологиялық негіздемеге сәйкес өткізіледі.
Биологиялық негiздеменi әзірлеуді ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ретінде аккредиттелген тиісті ғылыми ұйымдар Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 104-Ө бұйрығымен (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9307 болып тіркелген) бекітілген Жануарлар дүниесін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) пайдалануға биологиялық негіздеме дайындау қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.".
23. "Аңшылық шаруашылығын жүргізуге жөніндегі шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 542 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18158 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 250) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған үлгілік шартта:
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) "Аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-04/287 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10890 болып тіркелген) сәйкес әзірленген аңшылық шаруашылығы субъектісін дамыту жоспарына сәйкес жануарлар дүниесі объектілерінің өсімін молайтуды қамтамасыз ететін қажетті іс-шараларды жүргізуге;";
12) және 14) тармақшалар алып тасталсын;
15-тармақ мынадай редакциядағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
"5) аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт талаптарын жүйелі түрде (жыл ішінде екі және одан да көп рет) бұзғанда;
6) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын жүйелі түрде (жыл ішінде екі және одан да көп рет) бұзғанда.".
24. "Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 28 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19960 болып тіркелген) мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидаларында:
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшада:
7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) өз филиалдары мен өкілдіктері арқылы қоса алғанда, өз филиалдары мен өкілдіктері арқылы аңшы куәлігін беру, белгіленген нысан бойынша аң аулаушының берілген куәлігі туралы есептемені уәкілетті органға ұсыну;";
мынадай редакциядағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
"11-1) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қорықшыларды тиісті даярлауды жүргізу;".
25. "Қазақы ит тұқымдарының стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 101 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32180 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 140-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".
26. "Аңшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 27 наурыздағы № 58 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38248 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 249) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аңшы және қорықшы куәліктерін беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Аңшы және қорықшы куәліктерін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) және "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 249) тармақшасына сәйкес әзірленді, "Аңшы куәлігін беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін және аңшы мен қорықшы куәлігін беру тәртібін айқындайды.";
3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) қорықшы – тиісті даярлықтан өткен және бекітіліп берілген аңшылық алқаптарында және (немесе) балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесін қорғауды жүзеге асыратын аңшылық және (немесе) балық шаруашылығы субъектісінің арнайы уәкілетті адамы;".
| Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне 1-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 25-03-02/121 бұйрығына 1-қосымша Нысан |
Қорықшының төсбелгісі
Аңшылық шаруашылығы субъектілері үшін

Ескерту:
Қорықшының төсбелгісі мырыш, алюминий және мыс қорытпасынан құйма әдісімен дайындалатын, өлшемі 72×56 миллиметр қалқан түрінде жасалады. Төсбелгінің жиегі бедерлі әдіспен 3 миллиметр етіп орындалып, кейіннен алтын түсті гальваникалық жабынмен қапталады.
Төсбелгінің жоғарғы орталық бөлігінде биіктігі 5 миллиметр, ені 1 миллиметр болатын алтын түсті "ҚОРЫҚШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТ" жазуы орналасады.
Қалқанның төменгі орталық бөлігінде өлшемі 35×9 миллиметр болатын алтын түсті тікбұрышты алаңша орналастырылады, ол төсбелгінің жеке нөмірін көрсетуге арналған. "№" белгісі мен нөмір цифрлары бедерлеу әдісімен жасалып, қара эмальмен қапталады.
Төсбелгінің орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының жасыл түсті карта контуры мен шығып келе жатқан күн бейнесі алтын түсті түрде бейнеленеді, карта фонында аңшылық шаруашылық субъектілері үшін марал бейнесі орналастырылады. Төсбелгі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының түсіне сәйкес көк эмальмен қапталады.
Төсбелгінің артқы бетінде бұрандалы бекітпе болады.
Төсбелгі қорықшының арнайы киіміндегі айырым белгілері бар киімнің кеуде тұсының сол жағына тағылады.
| Өзгерістер енгізілетін кейбір | |
| бұйрықтардың тізбесіне 2-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің |
|
| 2012 жылғы 26 наурыздағы № 25-03-02/121 бұйрығына 2-қосымша |
Айырым белгілері бар арнайы киімнің нысаны
Арнайы киім хаки түсті (қорғаныш түсті) қорықшыларға арналған жазғы және қысқы айырым белгілерімен келесі құрамнан тұрады:
1) жазғы киім: жеңілдетілген күртеше, шалбар, кепи, қара түсті етік және туфли.
2) қысқы киім: жылы күртеше мен шалбар, құлақшын (ушанка), қара түсті аяқ киім (етік, пима, унты).
Күртешелердің жағасы қайырмалы болып, оған бекітілген белгілік үлгідегі погондар мен айырым белгілері тігіледі. Сол жақ жеңнің сыртқы бетінде (иық тұсынан төмен) белгіленген үлгідегі шеврон тігіледі (бекітіледі).
Қорықшының айырым белгілері
Аға қорықшы | Параллелепипед пішінді, өлшемі 95×38×95×38 миллиметр болатын қою жасыл барқыттан жасалады, жиегі алтын түсті кесте әдісімен көмкеріледі. Погонның жоғарғы бөлігінде қорықшылардың эмблемасы орналасады. Погонның орталық бөлігінде өлшемі 22×6 миллиметр болатын бедерлі екі тікбұрыш бейнеленеді. |
Қорықшы | Петлицалар мен эмблема өзгеріссіз қалады. Петлицаның орталық бөлігінде өлшемі 22×6 миллиметр болатын бір ғана бедерлі тікбұрыш орналастырылады. |
Аға қорықшының мен қорықшының айырым белгілері

Қорықшының айырым белгілері мырыш, алюминий және мыс қорытпасынан құйма әдісімен дайындалады, әрі қарай алтын түсті гальваникалық жабынмен қапталады. Айырым белгілері бедерлі тікбұрыш түрінде (өлшемі 22×6 миллиметр) орындалады. Тікбұрыштардың кері жағында ортасында сымнан жасалған бекітпесі болады.
Жағаға тағылатын петлицалар (айырым белгілері)

Петлицаларға арналған түсіндірме:
Петлицалар параллелепипед нысанында, өлшемі 95×38×95×38 миллиметр болатын қою жасыл барқыттан дайындалады, жиегі алтын түсті кесте жіптерімен көмкеріледі. Петлицаның жоғарғы бөлігінде қорықшылардың эмблемасы бекітіледі, ал орталық бөлігінде қорықшылардың айырым белгілері орналастырылады. Петлицалар қорықшылардың арнайы киімінің жағасының төменгі жиектеріне тігіледі.
Эмблемалар (петлицаларға арналған)
аңшылық шаруашылығы субъектілері үшін

Ескерту:
Эмблемалар мырыш, алюминий және мыс қорытпасынан құйма әдісімен дайындалады және кейіннен алтын түсті гальваникалық жабынмен қапталады (өлшемі 22×19 миллиметр). Эмблема төменгі жағынан лентамен байланған жартылай дөңгелек емен (дуб) веногы түрінде орындалады. Эмблеманың орталық бөлігінде өлшемі 14×16 миллиметр болатын қалқан орналасады, онда аңшылық шаруашылығы субъектілері үшін жасыл фонда марал бейнесі беріледі. Эмблеманың төменгі бөлігінде, қалқан мен веноктың үстінен айқастырылған екі мылтықтың бейнесі орналасады (өлшемі 17×3,5 миллиметр).
Эмблемалардың кері жағында орталық бөлігінде сымнан жасалған бекітпесі болады.
Жеңге тағылатын шеврон
(аңшылық шаруашылығы субъектілері үшін)

Ескерту:
Қорықшылардың арнайы киімінің жеңіне тағылатын шеврон тығыз матадан дайындалады. Шевронның пішіні дөңгелек, сыртқы диаметрі 85 миллиметр, ішкі диаметрі 65 миллиметр. Сыртқы және ішкі диаметр аралығында аңшылық шаруашылықтың атауы мемлекеттік тілде сары түспен жазылады. Шевронның орталық бөлігінде сары фонда қорықшылардың эмблемасы орналастырылады, ол қалқан түрінде орындалады. Эмблеманың жоғарғы бөлігінде "ҚОРЫҚШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТ" деген жазу сары түспен берілген. Эмблеманың ортасында Қазақстан картасының жасыл контуры және шығып келе жатқан күннің алтын түсті бейнесі, сондай-ақ карта фонында марал бейнесі көрсетіледі. Шеврон арнайы киімнің сол жақ жеңіне, иық тігісінен 120 миллиметр төмен тігіледі.
Бас киімге арналған кокарда
(аңшылық шаруашылығы субъектілері үшін)

Ескерту:
Қорықшылардың арнайы киімінің бас киіміне арналған кокарда мырыш, алюминий және мыс қорытпасынан құйма әдісімен дайындалады, әрі қарай алтын түсті гальваникалық жабынмен қапталады.
Кокарданың өлшемі 55×43 миллиметр, ол көлденең эллипс түрінде орындалады. Оның ортасында тік орналасқан сопақ розетка (өлшемі 29×34 миллиметр) бар. Розетканың орталық бөлігінде (17×21 миллиметр) сегіз сәулелі созылыңқы жұлдыз бейнеленіп, ол эллипсті екі тең бөлікке бөледі. Эллипстің сол жағы жасыл эмальмен, оң жағы көк эмальмен қапталған.
Сопақ розетканың жиегі алтын түсті гофрленген (сәуле тәрізді) бедермен орындалған. Розетка екі жағынан лавр бұтақтарымен қоршалған (әр жағында бес жапырақтан). Төменгі бөлігінде лавр бұтақтары лентамен біріктірілген.
Розетка мен веноктың үстіне алтын түсті айқастырылған екі мылтық бейнесі орналастырылады (өлшемі 43×6 миллиметр).
Кокарданың кері жағында орталық бөлігінде сымнан жасалған бекітпесі болады.
| Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне 3-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 18-04/279 бұйрығына 2-қосымша |
Нысан
№_____ тексеру актісі/Акт проверки № _____
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі/
Министерство экологии и природных ресурсов Республики Казахстан
________________________________________________
______________________________________________________________
(ведомства атауы/наименование ведомства)
______________________________________________________________
(аумақтық бөлімшенің атауы/наименование территориального подразделения)
20____ жылғы "__" __________ "___" __________ 20___ года
_______________________________________________________________
(акті жасалған орын (ауыл, кент, қала/место составления акта (село, поселок, город)
Мен/Мною, ______________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)/ должность,фамилия, имя, отчество (при его наличии)
проведена проверка на основании ___________________________________
(бұйрық немесе басқа нормативтік құжат/ приказ или другой нормативный документ)
__________________ негізінде/на соблюдение законодательства в области
охраны, воспроизводства и использования животного мира в отношении
________________________________________________________________
(тексерілуші субъектінің атауы/наименование проверяемого субъекта)
_________________________________________________________________
(тексерілуші субъектінің басшысы, не оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)/фамилия, имя, отчество
(при его наличии) руководителя проверяемого субъекта, либо его представителя)
телефон: _________________ факс: _________________ қатысты, жануарлар
дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманы
сақтауға тексеріс жүргізілді.
Тескеру/Проверка проведена при участии
_________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, әкесінің аты (ол болған кезде)/должность, фамилия, имя, отчество (при его наличии)
в присутствии/қатысуларымен жүргізілді _____________________________
_________________________________________________________________
(тексерілуші субъекті өкілінің лауазымы, тегі аты, әкесінің аты (ол болған кезде)/должность, фамилия, имя, отчество (при его
наличии) представителя проверяемого субъекта)
Тексеру жүргізілді/Проверка проведена: ______________________________
_________________________________________________________________
(тексеру өткізу кезеңі және күні, орны/дата, место и период проведения проверки)
Тексеру кезінде мыналар анықталды/При проверке установлено следующее:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Актімен таныстым/
С актом ознакомлен(а): _____________________________________________
_________________________________________________________________
(тегі, аты-жөні, тексерілу өткізілген субъектінің қолы/фамилия, инициалы, подпись проверяемого субъекта)
________________________________________________________________
(таныстыру парағынан бас тартқан жағдайда себебін көрсету/в случае отказа от ознакомления указать причину)
_________________________________________________________________
Актімен таныстым/С актом ознакомлен (а): ____________________________
_________________________________________________________________
(қатысқандардың қолы, тегі, аты-жөні/фамилия, инициалы, подпись присутствовавших)
________________________________________________________________
(таныстыру парағынан бас тартқан жағдайда себебін көрсету/в случае отказа от ознакомления указать причину)
Қолдары/Подписи: Актіні жасаған лауазымды тұлға/
Должностного лица, составившего акт _______________________________
Тексеріліп отырған субъектінің уәкілетті өкілі/Уполномоченного
представителя проверяемого субъекта ___________________________________
2 данадан _____парақта жасалды /Составлено в 2 экземплярах на листах
____. бірінші дана/экземпляр первый ____________________________________
екінші дана/экземпляр второй _____________________________________
Актімен таныстым және бір данасын алдым/С актом ознакомлен и один экземпляр
получил: _________________________________________________
тексерілетін субъектінің, не оның өкілінің қолы, тегі,
аты, әкесінің аты (ол болған кезде)/подпись, фамилия,
имя, отчество (при его наличии) проверяемого субъекта
либо его представителя)
| Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 18-04/279 бұйрығына 3-қосымша |
Нысан
№ __________ Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін
молайту және пайдалану саласындағы заңнама талаптарының бұзушылықтарын жою
туралы ұйғарым
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
_________________________________________________________________
(ведомства атауы)
_________________________________________________________________
(аумақтық бөлімшенің атауы)
"___" _____________ 20___ жыл _____________________________________
(объектінің орналасқан жері (ауыл, кент, қала)
Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор (лар) мен:
_________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
20___ жылғы ______________ № _______________ тексеру актісі негізінде
"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының 53-бабының 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа ала
отырып, келесі іс-шараларды орындауды ұйғарамын:
№ | Ұйғарымның мазмұны | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 |
Осы ұйғарым міндетті орындауға жатады. Кәсіпорынның, мекеменің басшысы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның мекенжайына осы ұйғарымның орындалуы бойынша ақпарат жолдайды.
Ұйғарымды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін кінәлі тұлға Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 462-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Уәкілетті лауазымды тұлға _________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Ұйғарымды алдым ____________________________ "__"________ 20__ жыл
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Мөр орны
| Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 18-04/279 бұйрығына 4-қосымша |
Нысан
№ _____ Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін кінәлі тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы
20 __ жылғы "___" ______________ |
________________________________ |
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
_________________________________________________________________
(ведомство атауы)
_________________________________________________________________
(аумақтық бөлімшенің атауы, лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
_________________________________________________________________
жеке тұлғалар үшін: тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде),
_________________________________________________________________
туған күні, тұрғылықты жері, жеке басты куәләндыратын құжаттың атауы және
деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы
мәлімет, жұмыс орны; заңды тұлғалар үшін: атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны,
орналасқан жерi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу нөмiрi мен күнi,
сәйкестендіру нөмiрi және банк деректемелерi)
_________________________________________________________ қатысты
_________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің
баптарын көрсету) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап,
мыналарды анықтадым:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 738-
бабына сәйкес өндіріс тілін ________________________ белгілеймін.
Осы айтылғандардың негізінде, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы" кодексінің 821, 822, 823-баптарын басшылыққа ала отырып,
мемлекеттік инспектор
Қаулы етті:
Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің
_________-бабы __________-тармағы бойынша
_________________________________________________________________
(жеке тұлғалар үшін: әкімшілік жауапкершілікке тартылушының тегі, аты, әкесінің
аты (болған жағдайда);
_________________________________________________________________
заңды тұлғалар үшін: әкімшілік жауапкершілікке тартылушының атауы)
айлық есептік көрсеткіш _____________________________ сомада қайтарсын.
(сомасын жазып көрсету)
Айыппұл Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің
банкіндегі №__________ бюджеттік есепшотына заң күшіне енген күннен бастап
_____ жұмыс күннен кешіктірілмей енгізілуі, коды _____________ Мемлекеттік
табыстар комитеті _____________,
бизнес-сәйкестендіру номері ____________, банк бенифициары _____________,
банктіксәйкестендіру коды _____________.
Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 821-
бабына сәйкес қаралған істің нәтижелері бойынша қабылданған шешім түрі
көрсетілсін, сондай-ақ
___________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттары мен құжаттардың алынып
қойылғаны туралы мәселелердің және заңды тұлғаның меншігінен алынып қойған
құжаттар мен мүліктер туралы шешімдер)
Осы қаулыға Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы"
кодекстің 830, 832-баптарына сәйкес қаулы берілген күннен бастап, 10 тәулік ішінде,
ал істі қарауға қатыспаған тұлғаларға, оны алған күннен бастап, сол мерзімде шағым
жасалуы мүмкін.
Лауазымды тұлға: _________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
_________________________________________________________________
(уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімше ведомствосының атауы)
20 ___ жылғы "___" __________
Мөр орны
Жауапкершілікке тартылған тұлға қаулының бір данасын алды, құқықтарымен және
міндеттерімен танысты
_________________________________________________________________
(тегі, аты-жөні, қолы)
20 ___ жылғы "___" ______________
| Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы |
|
| № 18-04/279 бұйрығына 6-қосымша |
Нысан
№ _____ Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып, пайдаланылған атыс қаруын, тыйым салынған олжалау құралдарын және заңсыз олжаланған жануарлар дүниесі объектілері мен олардың өнімдерін сот шешімі шығарылғанға дейін уақытша сақтау үшін алып қою туралы қаулы
20 __ жылғы "____" ___________ | ___________________________________ |
(қаулы қабылданған жер) |
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
_______________________________________________________________
(ведомство атауы)
_________________________________________________________________
(аумақтық бөлімшенің атауы, лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған
жағдайда)
_________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), азаматтығы, туған күні және жері,
тұрғылықты жері,
_________________________________________________________________
(жұмыс орны, оның мекенжайы, жұмыс берушінің деректемелері)
___________________________________ қатысты _____________________
_________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің баптарын көрсету)
көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы 20___ жылғы "___"________
№______ хаттама негізінде қозғалған іс пен ұсынылған материалдарды қарап,
мыналарды анықтадым:
_________________________________________________________________
________________________________________________________________
(жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы
Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын,
тыйым салынған олжалау құралдарын және заңсыз олжаланған жануарлар дүниесі
объектілері мен олардың өнімдерін алып қою жағдайы)
_________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 738-
бабына сәйкес өндіріс тілін ____________________________ белгілеймін.
Осы айтылғандардың негізінде, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы" кодексінің 791-бабын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік
инспектор
_________________________________________________________________
(уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің атауы, лауазымды тұлғаның тегі, аты, болса әкесінің аты
(болған жағдайда)
Қаулы етті:
_________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза
отырып, пайдаланылған жануарлар дүниесінің объектілері мен олардың өнімдерін заңсыз аулау мен тыйым салынған құралдар,
алып тасталған дәрімен атылатын қару-жарақтардың нөмірі, маркасы, түрі) алынсын.
Осы қаулыға Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы"
кодекстің 830, 832-баптарына сәйкес қаулы берілген күннен бастап, 10 тәулік ішінде,
ал істі қарауға қатыспаған тұлғаларға, оны алған күннен бастап, сол мерзімде шағым
жасалуы мүмкін.
Лауазымды тұлға: _________________________________________________
(уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің атауы, лауазымды тұлғаның тегі, аты, болса әкесінің аты
(болған жағдайда)
20 ___ жылғы "___" _____________
Мөр орны
Жауаптылыққа тартылатын тұлға қаулының бір данасын алды,
құқықтарымен және міндеттерімен танысты _______________________________
(тегі, аты-жөні, қолы)
20___ жылғы "___" ________________
| Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 18-04/279 бұйрығына 6-қосымша |
Жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың актілерін жасау мен беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың актілерін жасау және беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 246) тармақшасына сәйкес әзірленді және оларды жасау және беру тәртібін айқындайды.
2. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі – уәкілетті орган), жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшелердің жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторларының Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнама талаптарының бұзушылықтарына байланысты мемлекеттік бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша құқықтық ықпал ету шараларын қолдану мақсатында мынадай актілер шығарылады:
1) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама;
2) тексеру актісі (бұдан әрі – акт);
3) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнама талаптарының бұзушылықтарын жою туралы ұйғарым;
4) қаулы:
Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін кінәлі тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы;
Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып, пайдаланылған атыс қаруын, тыйым салынған олжалау құралдарын және заңсыз олжаланған жануарлар дүниесі (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) объектілері мен олардың өнімдерін сот шешімі шығарылғанға дейін уақытша сақтау үшін алып қою туралы қаулы.
2-тарау. Жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың актілерін жасау мен беру тәртібі
3. Әкімшілік құқық бұзушылық фактісі анықталғаннан (айқындалғаннан) кейін жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 802, 803, 804-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама ресімдейді.
4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада алынатын жануарлар түрлері және (немесе) олардың бөліктері мен дериваттары туралы мәліметтер көрсетіледі.
Алынатын жануарлар және (немесе) олардың бөліктері мен дериваттары әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адамда қалдырылатын жағдайда хаттамада қалдыру себептері көрсетіліп, тиісті жазба жасалады.
Заңсыз олжаланған өнімде "Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысымен бекітілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің тізбесінде бар жануарлар болған жағдайда түр құрамы мен саны (көлемі) көрсетіліп тиісті жазба жасалады.
5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған адамға, заңды тұлғаның заңды өкіліне әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың көшірмесі ол толтырылғаннан кейін қол қойғызылып дереу тапсырылады.
6. Тексеру нәтижелері бойынша жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор екі данада акт толтырады. Актінің бір данасы тексерілетін субъектіге беріледі, ал басқасы жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторда болады. Тәртіп бұзушылық болмаған жағдайда актіде тиісті жазба жасалады.
7. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша жануарлар дүниесін қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарына байланысты құқықтық ықпал ету шараларын қолдану мақсатында жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының бұзушылықтарын жою туралы ұйғарым шығарады.
8. Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың әрекетіне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған органдарға және (немесе) сотқа шағым жасалуы мүмкін.