Аңшылық минимумын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 25-03-02/95 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 сәуірде № 7545 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 262) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 30.09.2026 № 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған аңшылық минимумы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (Нысанбаев Е.Н.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Мамытбеков

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 13 наурыздағы
№ 25-03-02/95 бұйрығымен
бекітілген

Аңшылық минимумы

      Ескерту. Аңшылық минимумы жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 05.12.2019 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 30.09.2026 № 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с №

Тақырып атауы

Сабақтар сағатының саны

1

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 629-бабы.
"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 " Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" қаулысы.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 "Жануарлар дүниесiн (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы" бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10168 болып тіркелген).
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 18-03/106 "Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесін бекіту туралы" бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10494 болып тіркелген).
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 "Аң аулау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11091 болып тіркелген).
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/158 "Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін бекіту туралы" бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10929 болып тіркелген).
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық.

12

2

Қауіпсіздік техникасы:
аң аулауды жүзеге асыру кезінде;
аң аулау құралдарын қолдану кезінде;
зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету.

4


Барлығы сағат

16